Астықты сақтауға арналған қоймалар мүмкіндігінше механикаландырылуы, желдеткіш қондырғылар орнатылуы, уақы- тында жөнделуі, дезинсекция жүргізілуі және барлық техникалық- санитарлық талаптарға сай болуы тиіс. Ол үшін жөндеу барысында қойманың шатыры мен қабыр- ғаларының су ақпайтындай бүтін болуы, есік-терезелері тығыз жабылуы ескеріледі. Едені жер асты суы көтерілмейтіндей етіп ағаш төселеді немесе асфальтталады. Қабырғасы кірпіштен қаланған қоймалардың ішкі жағы міндетті түрде тегіс етіп сыланып, әктеледі. Терезелер әйнектеліп, ішкі жағынан "әйнек ұстағыш» ұсақ металл тор тұтылады. Электр лампаларының сыртынан қорғаныш-қалқаншалар кигізіледі. 4 Қойма ауласы мен оның маңайы барлық кокыс- қалдықтардан тазаланып, қоршалады және астықты алғашқы өңдеуге арналған алаң асфальтталады. Тұқымды сақтауға дайындау алғашқы өңдеу, кептіру, қайталап өңдеу және белсенді желдету секілді жұмыстарды камтиды. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты - астықты талапқа сай деңгейге жеткізу, сол арқылы оның сақтау мерзімін ұзартып, жұмсалатын шығынның мөлшерін азайту.