«Ақтөбе» командасы мен Қостанайдың «Тобылы» арасында жолдастық кездесу өтіп жатыр. Нұркеннің әкесі футбол десе ішкен асын жерге қоятындардың бірі.
Бұл жолы «Тобылға» жанкүйер болып отыр. Нұркен футбол біткенше әкесіне қарады да отырды. Біресе көзі бақырайып кетеді, біресе орнынан көтеріліп барып, қайтадан отырады. Енді бірде санын бір соқса , тағы бірде теледидарға қарай еңкейе түсді. Ал доп қақпа торын бүлк еткізгенде орнынан ыршып тұрып, жас балаша қуанады. Сосын қайтадан сабырлы қалпына түседі. Қақпаға бағытталған доп қиыс кеткенде «үуҺ» деп жеңіл күрсінеді. Ойын қорытындысында «Тобыл» 2:1 есебімен жеңіл кетті. Кешкі ас үстінде әкесіне қарап еді, қабағы ашылып, жадырап отыр екен.
*Қас қабағына қарап, адамның көңіл-күйін айтқызбай білуге бола ма екен? Мысалы, Нұркеннің әкесінің көңіл-күйі қалай-қалай өзгерді?
Достарыңызбен бөлісу: