V.Сабақты қорытындылау.
12 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тыңдай білуді уйренейік.
Мақсаты:1.Сөйлеу кезіндегі сөздердің лексикалық мағынасын аша отырып, оның оқу, сөйлеу нормасына тән құбылыс екенін түсіндіру және білу;өзгелерді тыңдай білуге үйрену.
2.Берілген тапсырмалар арқылы білімді үйренуге, әдебиетті сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу
3.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: тыңдай білуді үйренеді.
Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Жаңа сабақ.
Сөйлеуші болған жерде міндетті түрде тыңдаушы болады.
Жазушы бар жерде оқырман болады.
Біреу сөйлегенде екінші біреу оны тыңдайды.
Біреудің жазғанын екінші біреу оқиды.
Сол арқылы қарым-қатынас қалыптасады.
Тікелей кездеспей-ақ, хат арқылы да қарым-қатынас жасауға болады.
Ертегі кейіпкерлерімен ойша кездесу де қарым – қатынасқа жатады.
Кітап оқығанда кіммен немесе кімдермен қарым-қатынас жасаймыз?_______________________________________________________________
Теледидар көргенде ше?____________________________________________________
Мұның адаммен тікелей сөйлесуден айырмашылығы қандай?__________________________________________________________________
Құлақ салып, мұқият дыбыс тыңдауды тың тыңдау деп айтады. Мысалы, «Алыстан иттің үрген даусы естілді. Жұман қария құлағын түріп, тың тыңдады». Енді осы үлгімен төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіріп жаз.
Мұқият тыңдау дегеніміз-_________________________________________________
Тыңдамау-______________________________________________________________
Ақылын тыңдау-_________________________________________________________
Айтқанын тыңдау-_______________________________________________________
Атүсті тыңдау-___________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |