Кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «шешендік өнер әліппесі»



бет8/11
Дата28.01.2018
өлшемі3,98 Mb.
#34398
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

23-сабақ
Тақырыбы: Мәтіннің көркем тұстары

Мақсаты: Мәтіннің тұстарын анықтауға үйрету.

Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, дәлелдеу.

Көрнекілігі: журнал, схема

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мынау менің жүрегім- 
Бәрі осыдан басталған. 
Мынау ақылды басым- 
Бәрін-бәрін ойлаған. 
Мынау менің оң қолым, 
Мынау менің сол қолым- 
Барлық істі атқарған. 
Қолымыздан ұстайық, 
Жылуымызды сыйлайық. 
Бір-бірімізге жылуымызды сыйлап, 
сабағымызды бастайық.

ІІ. Қызығушылығын ояту


ІІІ. Жаңа сабақ

Дәптермен жұмыс

1- тапсырма

С.Мұхтарұлының «Щоқан және өнер» деген зерттеуінен Қозы Көрпеш- Баян сұлу кешені жайындағы мағлұматтарды мән беріп оқы. Осы сөйлемнен мәтіннің бақырыбын, бастапқы бөлімін, негізгі бөлімін тауып құрастыр. Мәтіннің айтайын деген ойын дәл жеткізетіндей қылып мәтінді түйіндейтін сөйлеммен аяқта.



ІV. Қортынды

Тест тапсырмалары:

Мәтін неше сөйлемнен тұрады?

А) екі


Ә) бір

Б) бірнеше

2) Мәтіннің түрлерін белгілеңдер.

А) басы, соңы, әңгімелеу.



Ә) әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.

Б) хабарлау, аяқтау, жазу.



3) Артық сөзді табыңдар.

А) Астана

Ә) Алматы

Б) саябақ

4) Мәтін дегеніміз...

А) бір нәрсе жайында айтылатын сөйлем



Ә) өзара мағыналық байланыста айтылатын екі не одан да көп сөйлемнен құралады.

Б) бір ғана сұраққа жауап беретін сөздер.



5) Мәтінге ат қойыңдар.

Кітап –адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың рухани байлығы, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, өнер-білім бұлағы, оқу-тәрбие құралы.

А) байлық

Ә) өнер


Б) кітап

Рефлексия

  • Балалар, бүгін біз не үйрендік?

24-25-сабақ

Тақырыбы: Азат жол

Мақсаты: Мәтін туралы мағлұмат бере отырып, азат жол туралы мағлұмат беру

Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, машықтық жұмыс

Көрнекілігі: журнал, схема

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.



ІІ. Қызығушылығын ояту

Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.






ІІІ. Жаңа сабақ:

Азат жол (абзац  нем. absatz - шегініс) - қара сөздегі мәтіннің әр бөлімінің алдыңғы жолын тұтас қатардан сәл шегіндіріп бастау.

Бұл мәтіннің мағына жағынан бірыңғай тиянақты бөліктерін бір-бірінен ажырату үшін қажет. Логикалық мазмұн тұрғысынан мәтіннің бір тынысты кезеңін бөліп алып отыру, ой желісін дұрыс ширатып, өрбіте жүйелеуге өте ыңғайлы. Азат жол мәтіннің түсінікті, түйінді, тұжырымды болуына септігін тигізеді.

Сонымен қатар Абзац сөзі мынадай мағыналарды білдіреді:

Бір азат жолдан екінші азат жолға дейінгі бір мағынаны білдіретін мәтін бөлігі;

Азат жол. Жаңа жолдан бастап жазуда оңға қарай жасалған шегініс.

Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма

Г.Бельгердің мәтінін оқи отырып, төрт азат жлды тап. Оларды Z таңбасымен белгіле.



2-тапсырма

Мәтіннің тұсындағы торкөзге азат жолдарды: басын- Б, негізгі ойды- Н, соңын- С әріптерімен белгіле.



  • Бірінші және соңғы азат жолдардағы мәтін қандай сөздермен өзара байланысқан?

  • Автордың мақсаты неде: өзінің көзқарасын білдіру; бір нәрсені әңгімелеу; оқырманның көңіл- күйіне әсер ету?

3-тапсырма

Азат жолдарды рет- ретімен орналастырып, мұхтар Әуезовтың әңгімесінен ұзіндіні қалпына келтір. Азат жолдың орналасу тәртібін тұсындағы торкөздерге цифрлармен көрсет.



4-тапсырма

  • Кіріспе азат жолдардың қайсысы өнердің қай саласы туралы айтылады?

  • Қайсысы белгілі бір ұғымды (термин) түсіндіреді?

5-тапсырма

Ж.Аймауытовтың ертегісінің, Д.Матайқызы мен Е.Дүйсенбайдың әңгімелерінің бастапқы азат жолдарын оқы.



  • Қайсысы мазмұндауға болады?

  • Ал қайсысы оқиғаның желісін анықтауға болады?

6- тапсырма

Ділдә Матайқызы әжелерінің өсиет

сөздеріндегі алғашқы азат жолды толықтыр.
7- тапсырма

Соңғы азат жолдан ойды қорытындылаған сөйлемді тап.



  • Е.Е.Каменева «Жартастағы таңбалар» деген мақаласында өзінің ойын қалай дамытып, жеткізген?

ІV. Қортынды

Оқушыларға карточкалар үлестіріп беріледі.

Мәтінде неше азат жол бар? Мәтіннің басын- қызыл, негізгі ойды- сары, соңын- көк бояумен бояңдар.

«Екі дос»

 Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.

   Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.



   Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.

Сонда досы:  «Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.
Рефлексия

26-27- сабақ

Тақырыбы: Тыйым салу- сақтандыру

Мақсаты: Оқушыларды жол ережесін білуге үйрету. Бағдаршам белгілері бойынша білетіндерін дамыту. Жол ережесін сақтауға, жарақат алған адамдарға көмек көрсетуге, әрдайым сақ болуға, абай болуға тәрбиелеу. Әдісі : ойын әдісі , топтық жұмыс.

Көрнекілігі: журнал, ырым – тыйым сөздер.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.



ІІ. Қызығушылығын ояту

Қазақ халқы бала тәрбиесіне мән беріп, оның ырым – тыйымдарын, салт – дәстүрін ерекше сақтаған. Ырым – жақсылықтан өнеге алып, оған жету үшін жасалатын әрекет. Ал, тыйым рәсімдері жас ұрпақты, аруақты сыйлауға, табиғатты қорғауға, әдепті болуға, қарапайымдылыққа, инабаттылыққа баулиды. Халқымыздың әдет – ғұрпын, салт- санасын жақсы біліп, оны іс жүзінде орындай білу – әрбір перзенттің борышы. Ол – мәдениеттің белгісі.

(оқушыларды топқа бөлу)

Қазақ ырымдары: (Әр топ ырымдарды айтып мағынасын түсіндіреді)

Ит ұлыса, жамандық болады.

Баланың желкесінен сүйсе, қырсық болады.

Қазақ үйіне келген адамға дәм таттырып шығарады.

Түнде үй сыпырмайды, тырнақ алмайды , т.б.
 Тыйым сөздер: (Әр топ тыйым сөздерді айтып мағынасын ашады)

Босағаны керме , құшақтама.

Жұлдызды , адамды санама .

Тұзды , күлді шашпа.

Бейуақытта жылама, ұйықтама .

Жағыңды таянба т.б.



ІІІ. Жаңа сабақ

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма

Тыйым- тәрбиенің бір түрі. Ата- бабамыз тыйым арқылы жас ұрпақты жаман әдеттен сақтандырып отырған. Халқымыздың ежелден келе жатқан тыйымдарының себебін тап. Оларды сызық арқылы қос. Тыйымдарды жаттап ал.



Ереже__Тыйым'>Ереже

Тыйым - тәлім-тәрбиеүлгі-өнегеақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі.

Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады. «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю» деген мақал осыған байланысты шыққан. «Бүйірін таяну –қайғының, жағын таяну - мұң-шердің, жүресінен отыру - әдепсіздіктің белгісі» деп танып, оған тыйым салған. Демек, тыйым - халықтық педагогиканың құрамдас бөлігі. Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп.



2-тапсырма

Сен жазбаша және ауызша тыйымдарды кездестіріп жүрген шығарсың. Олардың кейбіруі бұйрық райда естіледі, ал кейбіреуі өтініш түрінде айтылады.



  • Есікті қатты жаппа!

  • Есікті ақырын жабуыңды сұраймын.

3-тапсырма

Сынып бөлмесіне, асханаға, мектептің кіре берісіне, бақылау жұмысы боғанда, үзіліс кезінде қандай тыйым белгілері іліну керек деп ойлайсың? Суретін сал және жазып көр.



4-тапсырма

Сен бірде таулы және орманды жерге тап болдың делік. Ол жерден әртүрлі тыйым салынған хабарландырулар оқыдың. Тыйым салғандардың аты- тауып жаз. Тыйым сөздердің астын сыз.



5-тапсырма

Мұражайдағы хабарландыруды оқы. Олардың қайсысы ең сыпайлы түрде жазылған және оны астарлы айтылған хабарландырудеуге бола ма?



6-тапсырма

Қоғамдық орындарда тағы қандай тыйым салған хабарландыруларды көріп жүресің, жаз.



ІV. Қортынды

«Құнды сөз» ойыны

Берілген тыйым сөздерді толықтыру.



  • Дастарқанды ------------------баспа. (тамақты)

  • Үйді айнала ----------------------жүгірме.

  • Тізеңді ------------------құшақтама

  • Құстың ------------------бұзба (ұясын)

  • Жұрт көзінше ----------------кекірме , керілме.

Ойынның қорытындысы бойынша осы тыйым сөздердің құндылығы бар екенін дәлелдейді.

Рефлексия

28-29-сабақ

Тақырыбы: Айналамыздағы белгілер

Мақсаты: Оқушыларды күнделікті өмірде кездесетін белгілер мен жол ережесіне арналған белгілерді білуге үйрету. Бағдаршам белгілері бойынша білетіндерін дамыту. Жол ережесін сақтауға, жарақат алған адамдарға көмек көрсетуге, әрдайым сақ болуға, абай болуға тәрбиелеу.

Әдісі : түсіндіру, ой қозғау, әңгімелесі, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: журнал, бағдаршам, белгілер.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.



 Балалар бір-бірімен құшақтасып жылы лебіздерін білдіріп, тілек тілейді.

ІІ. Қызығушылығын ояту

Жұмбақтар жасыру
1.Арқаным бар тым ұзын,

 Ала алмайсың бір үзім

 Тапшы мұны мысығым. (Жол)

 

2.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,



 Ескеріп ешбір адам емдемейді.

 Жүк емес жануарға жүз адам да,

 Шылбырын сымға байлап тез жөнейді. (трамвай)

 

 3.Екі ағасы қашады,



 Екеуі қуады.Бұл не? (машина дөңгелектері)

 

 4.Бұйырмапты бас та, ауыз, құлақта,



 Бақырайған үш көзі бар бірақта. (бағдаршам)
ІІІ. Жаңа сабақ:

Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма

Сен қандай белгілерді білесің?

Төмендегі шартты белгілердің тұсына оның қай кезде, не үшін керектігін жаз.

Ереже

2-тапсырма

Мыны шартты белгілердің мағынасын жаз.



3-тапсырма

Сенің киіп жүрген киімнің астарында киімді қалай дұрыс күту керектігін көрсетілген белгілер барын білесіңдер ме? Осы белгілерге белгілеген түсініктердің дүрысын таңдап алып, әрқайсысының астына сәйкес әріптерді жаз.


Сөйлейтін белгілер

1.Жол белгілері нешеге бөлінеді? (4)

2.Негізгілерінің аттарын ата

 1.ескерту белгілері.

 2.басымдылық белгілері.

 3.тыйым салу белгілері.

 4.нұсқау белгілері.

 

Ескерту белгілерінің белгіленуі. (қызыл жиекті, ақ түсті үшбұрыш).



Басымдылық белгілері:( үшбұрыш, ромб, квадрат, дөңгелек,

 алтыбұрыш).



Тыйым салу белгілері.(шеті қызылмен жиектелген қызыл, ақ, көк дөңгелектер)

Нұсқау белгілері. (көгілдір түсті дөңгелектер)

1-тапсырма

Суреттегі әртүрлі жол белгілердің қасына (А), (Т) немес (Е) әріптерін жаз. Неге тыйым салынғанын, неден ескертетіндерін және қандай ақпарат беретіндерін түсіндір. Суретті боя. Шартты белгілер ережеге сәйкес болсын.



2-тапсырма

Төмендегі жол белгілері нені білдіреді№ Әрқайсысының тұсына жаз.


Қорытынды:  Бүгінгі сабағымыздан не үйрендік?

Ия, дұрыс балалар, жаяулар жүретін жол туралы көп балалар біле бермейді, бірақ біз енді білеміз және ұмытпайтындарыңа сенеміз.  Жолда жүру ережесін білу әр адамға міндет пен талап.



Тест

1.Жаяу жүргінші- бұл:

 а.Жолда жұмыс істеп жатқан адам.

 б.Тротуармен жүріп келе жатқан адам.

  2.Қай жағдай жол апатына әкеліп соғуы мүмкін?

 а.Жолда ойнау.

 б.Машина жүретін жермен жүру.

  3.Жаяу жүргіншілер колоннасы жолда қалай жүру керек?

 а. Келе жатқан транспортқа қарсы жолдың сол жағымен.

 б. Келе жатқан транспорт бағытымен, жолдың оң жағымен.

  4.Шананы, шаңғыны қай жерде тебуге болады?

 а. Жаяу жүргіншілерге арналған жолда.

 б.Парк, стадион, жолға шығып кетпейтіндей жерлерде.

 5.Тротуар дегеніміз не?

 а. Көлік жүретін жол.

 б.Велосипед жүретін жол.

 в.Жаяу жүргіншілер жолы.

 6.Тротуар шетімен жүрген қауіпті ма?

 а.Қауіпті емес, себебі тротуар жаяу жүретін жол.

 б.Қауіпті емес, себебі көлік тротуарға жақын жүрмейді.

 в.Қауіпті, себебі тротуарға жақын келе жатқан машина сүйкеп өтуі мүмкін.

 Рефлексия



Сурет бойынша әңгіме құраңдар


Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет