Кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «шешендік өнер әліппесі»



бет7/11
Дата28.01.2018
өлшемі3,98 Mb.
#34398
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Рефлексия

17-18-сабақ

Тақырыбы:  Жұбату – жебеу

Мақсаты: Оқушыларға сөйлеудің жұбату-жебеу ерекшеліктерімен таныстыру.

Сөйлеу ерекшеліктері туралы білімдерін арттыру



Әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу

Көрінекілігі: слайд, үлестірмелі қима қағаздар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Сен мұңайсаң-

Өртенгендей өзегі,

Бұтақтағы әнші құстар безеді.

Не істеу керек?

Күлу керек, балақай!

Сонда тіпті жұмсарады қалақай!
ІІ. Қызығушылығын ояту

-Қандай жұбату сөздерін білеміз?

-Құрап келген ертегілерінде кейіпкерге қандай жұбату сөзін арнадыңдар?

ІІІ. Жаңа сабақ 

Ертегілер елінің асханасы

Ертегілер елінің асханасындабарлық ертегінің кейіпкерлері түскі ас ішуге жиналды.Осы кезде төрт жердегі Электронда тақтаға төрт түрлі хабарландыру шықты.Олардың қайсысы кейіпкерлерді жұбатады? Хабарландырудағы қай сөз олардың көңілін аулайды?Ал қай сөзге олардың көңілдері толмай, шыдамсыздық танытады?
Дәптермен жұмыс

1-тапсырма

Өзіңе ұнаған хабарландыруды  хабарлаушының  дауыс ырғағына салып, дауыстап оқы.
2-тапсырма

Ертегінің кейіпкерлері бірін бірі жұбата бастады.Кім не айтқанынтапсаң, төмендегі сөздердің жанына аттарын жаз.
2-тапсырма

Суретте ренжіп тұрғандардың қайсысын қалай жұбатар едің?
4-тапсырма

Кімді қандай сөздермен жұбатар едің? Жаз.

Қорытындылау

 Рөлдік ойын

Рефлексия

19-сабақ

Тақырыбы: Мен қандай тыңдаушымын

Мақсаты: Оқушыларға дауыс ырқағымен оқылған шығарманы мұқият тыңдауға, мазмұнына мін беруге үйрету.

Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру, топтастыру

Көрнекілігі: журнал, тест, мағыналы суеттер

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.



ІІ. Қызығушылығын ояту

Оқушылар тыңдаушы сөзін қалай түсінеді, топтастырып жазады.






ІІІ. Жаңа сабақ:

Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма

  • Қандай тыңдаушы екеніңді білгің келе ме?

  • Тест сұрақтарына жауап беріп көрші.

«иә»-2 ұпай

«кейде»-1ұпай

«жоқ»- ұпай
20 ұпайдан жоғары: саған әлі тыңдай білуге үйрену керек;

13тен 20 ұпайға дейін: сен әркез жақсы тыңдай білесің;

0-ден 12 ұпайға дейін: сен жақсы тыңдаушысың. Жарайсың!
2-тапсырма

XVIII ғасырда өмір сүрген батыр, қолбасшы, би, шешен Сырым Датұлының бала күніндегі тапқырлығы жайында айтылатын аңыз- әңгімені мұғалім дауыстап оқиды. Бір рет оқылғаннан кейін мына сұраққа жауап бер:



  • Жолаушылар қай сөздің астарын түсінбеді?

  • Оның мағынасын бала Сырым қалай түсіндірді деп ойлайсың?

3-тапсырма

Екі рет тыңда. Мәтіннің мазмұнын бала Сырымның берген жауабымен қосып айту үшін 5-6 тірек сөздерді жазып ал. Асты сызылған сөздерге мән бер.



4-тапсырма

Ғ.Дүйсековтың «Абайдың үш сезімді қатар қабылдауы» деген әңгімесінен үзінді оқы.



  • Абай қандай тыңдарман?

  • Ол үшін адамға қандай мінез қажет деп ойлайсың?

  • Сен де Абай атаңа ұқсап өзіңді жан-жақты жаттықтырып көр.

ІV. Қортынды

Рефлексия

20-21-сабақ

Тақырыбы: Мен оқырманмын

Мақсаты: Оқушыларға дауыс ырқағымен шығармаларды өз бетінше оқуға дағдыландыру.

Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру, машықтық.

Көрнекілігі: журнал, кітаптар, суреттер

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.



Қуан кітап, қуанатын күн бүгін
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Кел, оқырман тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

ІІ. Қызығушылығын ояту

Өлең сөздерін қалай түсінесің?

Артық ғалым кітапта,

Ерінбей оқып көруге. Абай Құнанбаев

ІІІ. Жаңа сабақ

Кітап арабтың  «жазу» деген сөзінен шыққан.Ол тарих шежіресі,оқу тәрбие құралы болып табылады. «Оқымасан ой тоқырайды» деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз,санасы төмен,өмірі қараңғы болатыны дәлелдейді.Алғашқы кітаптар осыдан бірнеші жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағы еш ұқсамайды.Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған.Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып,оны кептіріп,кейін күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған.Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған.Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып,кітап соған жазылған.Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды.Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.

Дәптермен жұмыс

2- тапсырма

Анкетаның сұрақтарына жауап бер.


3- тапсырма

Анкетаның сұрағына жауап жаз.


4-тапсырма

Мақалалардың тақырыбынан мазмұнын анықта.


5- тапсырма

Есте сақтау қабілетіңді тексеріп көр. Кестедегі жазуларды 30-50 секунд шамасында мұқият ұарап, неше сөз бар екенін және сол сөздерді жаттап ал. Енді кестені жауып қойып, есіңде қалған сөзді ата.


*Сөздік жұмыс

Картотека- кітаптық мәліметтерін (кітаптың атығ авторы, шыққан жылы, басылымы, тіркелу номері т.б) жазған карточкалардың жүйесі және оларды сақтайтын жер.
Каталог- (тізімдеме) кітаптардың белгілі бір тәртіппен жасалған тізімі

6-тапсырма

Е.Шаймерденовтың «Кітап- өзін- өзі жетілдіру құралы, рухани баюдың бірден-бір жолы» деген мақаласының әр абзацының бірінші сөйлемін оқы. Осы сөйлемдер бойынша жазушының айтайын деген ойын анықта. Оны өз сөзіңмен ата.

 7- тапсырма

Дауыстап оқы. Жылдамдығыңды тексер.

Кестені толтыру

ІV. Қортынды

 

Мақал-мәтелдер


1.Оқу  - білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.
Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.
2.Кітап білім бұлағы-білім өмір шырағы
3.Кітап-ақыл ойдың айдыны
4.Кітапсыз үй-терезесіз бөлме
5.Кітап жинай берген мұрат емес,оқыған мұрат
6.Көп жасаған білмейді,көп оқыған  біледі
7. Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Ілім - жанып тұрған шырақ.
8.Кітап - алтын қазына.
9.Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім.

Кітап туралы ой-толғаныстар

**Кітап оқымай ми толмайды, көз көрмей, көңіл тыңбайды.


**Оқырмандарға айтарым: көңіліңе ұнаған кітапты күн сайын оқу керек, тіпті жылына бір рет қайталап оқу керек, сонда одан бұрын аңғармаған көптеген пікірлерді табасың.

**Кітап алып күш қана емес, күркіреп-күрсініп жатқан өмірдің өзі.
**Кітапты көп оқыған кенже қалмайды.
**Адам өледі, кітап жасарып жасай береді.
**Кітаптың берер сабағы, ойы ғарыштан да шексіз, жарық, нұрлы, қуатты.
**Сезімтал, сергек жасқа ұлы ұстаз — кітап.
Рефлексия

  • Балалар, бүгін біз не үйрендік?

22-сабақ

Тақырыбы: Мәтін типтері

Мақсаты: Мәтін туралы берілген түсініктерді кеңейте түсу. Мәтін түрлерін ажырату  дағдыларын жетілдіре түсу. Жоспар құру арқылы мәтін құрастыру қабілеттерін арттыру.

Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру.

Көрнекілігі: журнал, схема

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.



Қуан кітап, қуанатын күн бүгін
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Кел, оқырман тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

ІІ. Қызығушылығын ояту



ІІІ. Жаңа сабақ



Дәптермен жұмыс

1- тапсырма

Сызбаны қарастыр. Нені бұрыннан білесің, немен енді таныстың? Дәйекті немесе дәйексіз мәтіндерге қай сұрақтар қойылатынын тауып жаз.



  • Неге?

  • Қандай?

  • Қалай?

2- тапсырма

Басталған үш мәтінді аяқта. Мәтіндер пайымдауға, суреттеуге, әңгімелеуге арналсын. Мәтіннің соңына мән бер.



ІV. Қортынды

Рефлексия



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет