Кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «шешендік өнер әліппесі»



бет3/11
Дата28.01.2018
өлшемі3,98 Mb.
#34398
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ІІІ.Ширату.

1.Дауыс ырғанына салып айт.

«Мәссаған!» деген сөзді қуанғанда қалай айтамыз?

Қорыққанда ше?

Таңғалғанда ше?

ІV. Сабақты қорытындылау.

Жүйелі сөз — Жүйесін табар;
Жүйесіз сөз — Иесін табар.

Мақалдың мағынасын ашу.



6-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Біз қалай сөйлейміз?

Мақсаты: 1. Ырғақ туралы түсінік беру. Оқушылардың сөйлеу мәдениеті туралы түсініктерін кеңейту.

2.Cөзді түсіне білу, мәдени сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорларын молайту.

3. Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасауға, сыйластыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Сөйлеу мәдениеті туралы білімдері кеңейеді, жағымды қарым-қатынас жасауға үйренеді.

Қолданылатын көрнекіліктер: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»
Әдістер: сұрақ- жауап, диалог.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.

Қандай жағдайда асықпай сөйлейміз?

Ал қандай жағдайда әдеттегіден жылдам сөйлейміз?


  1. Мысалдарға назар аудар.

– Әке, әке! Қатты дауыл соғып жатыр, сіздің көлігіңіздің үстіне қарағаш құлағалы тұр!

  • Әже, маған ертегі айтып беріңізші.

*Қайсысын ақырын, қайсысын жылдам айтасың? Неліктен?

2. Өлеңді көтеріңкі көңіл-күймен оқы.

Балақай-ау, балақай,

Жаз келеді-ау, алақай.

Жалаң аяқ жүреміз,

Балақты да түреміз.

Көлден балық сүземіз,

Жалтылдатып тіземіз.

Тау мен тасты кеземіз,

Сан қызықты көреміз,

Сайдан жидек тереміз.

Тайға мініп желеміз,

Алтыбақан тебеміз.

Сөздік жұмыс.

Жидек – таңқурай, бүлдірген, құлпынай сияқты жемістердің жалпы атауы.

Тай- екі жасқа әлі толмаған жылқы төлі.

Алтыбақан – қазақтың ұлттық ойыны, бірнеше адам бірге тербелетін әткеншек.

3.Ақын Төлепберген Ақыпбеков ағаларың қос буыны да бір сөзден тұратын жұмбақтар жазған екен. Тауып көрейік.

Өте ұқсас бұл сырттай

Күнбағысқа құп-құрттай.

Сарғыш гүлі біртіндеп,

Шарланады үлпілдеп.

Бақта өседі ол қаптап,

Бұл не?


Ойлан, бол, тап, тап!

  • ?

  • -Бұл кәдімгі ....

ІІІ.Сергіту сәті.

4.Суретті және берілген сөздерді пайдаланып, жаңылтпашты толықтырып жаз және дауыстап оқы.

_________________________ ет асатар,

_________________________ бес асатар



ІV.Сабақты қорытындылау.

7-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөздің ырғағын келтіріп сөйлеу.

Мақсаты: 1. Ырғақ туралы түсініктерін кеңейте отырып, оқушылардың сөйлеу мәдениеті туралы білімдерін арттыру.

2.Cөзді түсіне білу, мәдени сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорларын молайту.

3. Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасауға,сыйластыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Ырғақ туралы түсініктері кеңейеді, мәдени сөйлеу дағдылары артады.

Қолданылатын көрнекіліктер: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»
Әдістер: сұрақ- жауап, диалог.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.

-Қандай жағдайда ақырыпн сөйлейсің?

Қандай жағдайда қатты сөйлейсің? Есіңе түсір.

1.Оқы және ойлан.

Мектепте жүгіруден жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа жиырма бала қатысты. Төрешілікті Мұхтар атқарды. Мектепішілік жарыс дегенмен, балалар жан алысып, жан берісті. Мәре сызығын бірінші кесу үшін балалар жанын салды. Алға шыққан Мақсатты көріп тұрған балалар: «Мирас, Мирас! Алға, алға!» - деп айқайлап, қолдап тұр.

*Осы жарыс жөнінде әңгімелеу керек болса, қандай дауыс ырғағымен айтар едің?

Төмендегі тірек сөздерді пайдалана отырып, жарыс туралы әңгімелеп бер.

Бірінші айналым, Мақсат, мәре, бірінші, сыйлық.

2.Бір нәрсеге ренжісең, ақырын сөйлейсің бе, қатты сөйлейсің бе? Жылдам айтасың ба, баяу жеткізесің бе? Бір нәрсеге қуансаң ше?



  • Сен мектепте жүгіруден бірінші орын алдың. Бұл қуанышыңды әкеңе қалай жеткізер едің?

  • Математика пәнінен берілген тапсырманы орындай алмай, «екілік» алып қалдың. Бұл жөнінде анаңа қалай айтасың?

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

3.Суретке қарап отырып, әңгіме құрастыр. Әңгімеге ат қой.

4.Есіңе түсір.

Қатты қуанғанда аузымызға қандай сөз түседі?

Қорыққанды білдіретін сөздер қандай?

Жаз _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



V.Сабақты қорытындылау.

Жадынама.

  • Дауыстың ырғағы орташа, баяу, аздап баяу, жылдам, өте жылдам, жаңылтпаш сияқты болады.

  • Дауыс әдеттегіден қатты, әдеттегіден ақырын, қатты, өте қатты шығады. Одан да қатты шықса, ол айқай болып есептеледі.

  • Екпін байыпты, сенімді, қуанышты, ашулы болуы мүмкін.

Адамның әлденеден қорқып тұрғанын да, күйгелектеніп тұрғанын да сөз сарынынан байқауға болады.
8 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу барысында екпінді сақтау.

Мақсаты:1. Екпіннің лексикалық мағынасын сақтай отырып, оның оқу, сөйлеу нормасына тән құбылыс екенін білу;

2.Берілген тапсырмалар арқылы білімді үйренуге, әдебиетті сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу

3.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Екпін туралы түсінік алады, қолдана біледі

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.


Екпін дегеніміз – сөз ішіндегі белгілі бір буынның көтеріңкі айтылып, айқын естілуі.



  1. Мысалдарды оқы.

– Едіреңдемей көзіңе қарап жүрмейсің бе? – деді Әсет өзін қағып кеткен балаға жаратпай қарап.

  • Өй, сен өзің қалай-қалай сөйлейсің? – деді ана бала да сасып қалып.

  • Көзіңе қарамайсың ба деймін, - деді Әсет тағы да.

  • Байқамай қалдым. Кешір, бірақ сен де дөрекі сөйлеме! – деді бейтаныс бала.

***

  • Бәлі, өзің шебер екенсің ғой! Қандай әдемі! – деді Маржан Жазираның тіккен кестесінен көз алмай.

  • Рақмет! – деді Жазира досының мақтағанына қуанғанын жасыра алмай күлімдеп.

*Мұндағы қай сөздерге екпін түсіріп айтасың? Неліктен?

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

  1. «Тышқандар» деген ертегі естерінде бар ма?

  • «Тышқандар» ертегісінен үзінді оқу.

*Тышқандардың өзара әңгімесін дауыстап оқып көр.

*Қай жерінде дауыс кекесінмен шығуы керек?

*Қай тұста тышқандардың қуанғанын аңғаруға болады?

3.Мысалды оқы.

Ата-анаң демалыс күні сені саябаққа апаруға уәде берген. Бір апта бойы жексенбіні асыға күтіп жүрдің. Саябаққа жиналып жатқан уақытта үйге досың келді.

Ол математикадан есеп шығаруға көмектесуіңді өтінді.



  • Досыңа қалай жауап берер едің?

  • Қандай жауап досыңды ренжітуі мүмкін?

  • Қандай жауап екеуіңнің достығыңды нығайта түседі деп ойлайсың?

V.Сабақты қорытындылау.

Жадынама.

  • Сөзге екпін түсірудің де өзіндік мәні, мағынасы бар. Мысалы, «жарайсың!» деген сөзді тек мақтау үшін ғана емес, керісінше мағыгасында да айтуға болады. «Құтты болсын!» деген әдемі ниетті сәл кекесінмен айтсақ, оның да мағынасы өзгеріп кетеді.


9 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеушінің көңіл-күйі мен ішкі сезімі

Мақсаты: 1.Лексикалық мағынасын түсініп, сөйлеушінің көңіл-күйімен ішкі сезімін білдіріп, оны қолдана білуі;

2.Берілген тапсырмалар арқылы білімді үйренуге, әдебиетті сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу

3.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: сөйлеу мәдениетін және көңілін жеткізе білуі.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.


  1. Мысалды рөлге бөліп оқыңдар.

Бір шымшық торға түсті соры қайнап,

Барды ма, кім біледі, ажал айдап.

Бәлені қаза менен қайда деме,

Ғаріп боп отыр сорлы көзі жайнап.

Жанына жас көгершін ұшып келді:

«Не қара басты торға түсіп? – деді. –

Тал түсте торды көрмей соқыр ма едің,

Есалаң, ақылың жоқ, күшік», - деді.

Десе де: «Ақыл серік қонған баққа»,

Ем болмас баста бағың таяр шақта.

Пысықсып көгершінім отырғанда,

Қалыпты өзі түсіп қыл тұзаққа.

-Ақылың қайда кетті, данышпаным,

Серт етіп түспеске қол алысқаның?



(Ахмет Байтұрсыновтың аудармасы)

  • Мысалдан қандай ой түйдің?

  • Мысалда айтылған жайтқа төмендегі үш мақалдың қайсысы сай келеді деп ойлайсың?

«Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар»;

«Ит үреді, керуен көшеді»;

«Күлме досқа, келер басқа».


  1. Үзінділерді оқып шық. Жасылмен берілген сөздер қандай көңіл-күйді аңғартады?

  • Машинасын тез қайтарып бер! Ал аяғыңды далаға шығып сүрт! – деп әмір еттім. Ол шығып кетті. (Машқар Гумеров)

***

  • Жоқ ата... – Беріктің үні дүрілдеп кеткен, көз шарасы да жасқа толы: мөлтілдеп тұр. – Ата, ондай тұлпар болады әлі. Болуы керек. Өзіңіз айтатын едіңіз ғой; «Ат тұяғын тай басар» деп.

  • Кім білсін, балам,- деп күрсінді Жұман қария. (Жанабек Шағатай)


Бұрық беру, шарасыздық таныту, ашу шақыру

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

*2-тапсырмадағы жасылмен берілген сөздердің қайсысы бұйрық беруге, қайсысы шарасыздық танытуға жатады?



3.Хайуанаттар бағынан, суреттен, теледидардан талай аң-құстарды көрген боларсыңдар.

-Қандай жануар сендерді айрықша таңғалдырды?

-Қайсысы аяушылық сезімін тудырды? Неліктен?

4.Ойлан және өз ойыңды жаз.


  • Автобуста өзің қатарлы бір бала балалы әйелге орын бермейді. Сен не дер едің? Жаз_________________________________________________________________

  • Ауылдағы арқалығы бар орындыққа балалардың бірі балшық-балшық аяғымен шығып отырғанын көрдің. Оны қалай жөнге шақырасың?

Жаз _________________________________________________________________

V.Сабақты қорытындылау.

10 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ыммен түсіндіру және ишарамен білдіру

Мақсаты: 1.Ым мағынасын аша отырып, оның оқу, сөйлеу мәдениетінде қолдана білуі;

2.Берілген тапсырмалар арқылы білімді үйренуге, әдебиетті сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу

3.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және ыммен түсіндіруі.

Күтілетін нәтиже: Ым мен ишара туралы түсінік алады.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.


Ым деген – көзбен көрсетілетін дыбыссыз, ишарат белгі. Ал түрлі белгілерді тұспалдап, ыммен білдіруді ишара дейміз.

1.Мысалдарға мән бер.

Көзін қысып, бас бармағын шошайтып, жылы жымиып, басын жеңіл ғана изеді.

*Осындай тәсілді өзің пайдаланып көріп пе едің?

*Әсияның анасы ыммен түсіндірді ме, ишарамен білдірді ме?


«Ымды білмеген дымды білмейді» деген сөз бар. Ол ым мен ишараны дұрыс түсінбейтін адамдарға қатысты айтылады.




ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

2.Ертегіні рөлге бөліп оқыңдар. Түлкі мен қырғауылдың көңіл-күйін дауыс ырғағымен және ыммен білдіріңдер.

-Әй, достым, қорықпа! Жаңа ғана естідім, бұйрық шығыпты, ешкім ешкімге зорлық қылмауы керек екен. Мұнан былай қой мен қасқыр, түлкі мен тауық бірге жүретін болыпты, - дейді түлкі құлығын асырамақ болып.

-Жақсы хабар екен! Рақмет, достым,- деді қырғауыл сенген кейіп танытып. – Мына жақта бір топ ит келе жатыр, оларға да айтайық жақсы жаңалықты, қуанып қалсын!

Ит дегенді естіген түлкі алды-артына қарамай қаша жөнеледі.

-Қайда барасың, түлкім? Бұйрық қайда қалды? – дейді қырғауыл қулана.

-Кім біледі, иттер бұйрықты естімеген шығар, - депті сонда түлкі міңгірлеп.
*Жасылмен берілген сөздерге назар аудар. Мұндай жағдайда сөйлеушінің кескін-келбеті қалай өзгеретінін келтір.

Дұрыс сөйлеп үйренейік.

Қазан пісті

Қазандағы тамақ пісті

Қазан қайнады

Қазан тасыды

Қазан төгілді

*Шайдың қайнағанын қалай айтамыз? Сүтті ше?

V.Сабақты қорытындылау.


Бір нәрсені айтқан уақытта қалай айту керектігін ойлан. Сөйлеп тұрған адамның қас-қабағына, дауыс ырғағына назар аудар. Өзін қалай ұстайтынына мән беріп қара.

11 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қас-қабағынан білу және айтқызбай түсіну

Мақсаты: 1.Сөйлеу кезіндегі адамның көңіл-күйін айтқызбай түсінуін үйрену;

2. Берілген тапсырмалар арқылы білімді үйренуге, әдебиетті сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу

3.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: адамның көңіл-күйін айтқызбай байқауға үйренеді.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.

1.Мысалдарға назар аудар.


  • Әсел демалыс күні абыржулы болды. Ауладағы балалармен ойнауға да зауқы соқпады. Бар ойы ертеңгі бақылау жұмысында еді. Бақылау жұмысына бола сонша уайымға салынғаны анасына да ұнамады. Таңертең де Әселдің жүзі шаршаңқы болды. «Бәрі жақсы болады, уайымдама» деп шығарып салды анасы. Расында да, Әсел бақылаудан «бес» алды. Қуанышы қойныңа сыймай, үйге жүгіріп келді. Анасы есіктің аузынан қарсы алды. «Бес алдың ба, балапаным? Құтты болсын!» - деді.


Әсел бақылауды жақсы тапсырғанын анасына айтып үлгерген жоқ. Анасы оның жақсы тапсырғанын қуанышты жүзінен білді. Яғни, айтқызбай түсіну дегеніміз осы.




  • «Ақтөбе» командасы мен Қостанайдың «Тобылы» арасында жолдастық кездесу өтіп жатыр. Нұркеннің әкесі футбол десе ішкен асын жерге қоятындардың бірі.

Бұл жолы «Тобылға» жанкүйер болып отыр. Нұркен футбол біткенше әкесіне қарады да отырды. Біресе көзі бақырайып кетеді, біресе орнынан көтеріліп барып, қайтадан отырады. Енді бірде санын бір соқса , тағы бірде теледидарға қарай еңкейе түсді. Ал доп қақпа торын бүлк еткізгенде орнынан ыршып тұрып, жас балаша қуанады. Сосын қайтадан сабырлы қалпына түседі. Қақпаға бағытталған доп қиыс кеткенде «үуҺ» деп жеңіл күрсінеді. Ойын қорытындысында «Тобыл» 2:1 есебімен жеңіл кетті. Кешкі ас үстінде әкесіне қарап еді, қабағы ашылып, жадырап отыр екен.
*Қас қабағына қарап, адамның көңіл-күйін айтқызбай білуге бола ма екен? Мысалы, Нұркеннің әкесінің көңіл-күйі қалай-қалай өзгерді?

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

  1. Оқы және ойлан.

Дүкенде балалар кезек күтіп тұр еді, бір балалы әйел келді.

-Айналайын, мені кезексіз кіргізіп жібересің бе?- деді әлгі әйел кезегі жетіп қалғап балаға қарап.

-Кіріңіз! –деді бала түйіліп.

Балалы әйел басын шайқап, күрсінді.

* «Кіріңіз!» деген сөз балалы әйелге неліктен ұнамады?

Осы сөзді басқа көңіл-күймен айтып көр. Балалы әйел риза болуы үшін сен қалай айтар едің?

*Буын сөздерді орын-орнына қойсаң, бір мақалды оқуға болады:

АС ҰР ҒАН ПЕН ТАС ДЫ ҰР ПЕН

Мақалды жаз:______________________________________________________________

V.Сабақты қорытындылау.
12 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тыңдай білуді уйренейік.

Мақсаты:1.Сөйлеу кезіндегі сөздердің лексикалық мағынасын аша отырып, оның оқу, сөйлеу нормасына тән құбылыс екенін түсіндіру және білу;өзгелерді тыңдай білуге үйрену.

2.Берілген тапсырмалар арқылы білімді үйренуге, әдебиетті сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу

3.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: тыңдай білуді үйренеді.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.


  • Сөйлеуші болған жерде міндетті түрде тыңдаушы болады.

  • Жазушы бар жерде оқырман болады.

  • Біреу сөйлегенде екінші біреу оны тыңдайды.

  • Біреудің жазғанын екінші біреу оқиды.

  • Сол арқылы қарым-қатынас қалыптасады.

  • Тікелей кездеспей-ақ, хат арқылы да қарым-қатынас жасауға болады.

  • Ертегі кейіпкерлерімен ойша кездесу де қарым – қатынасқа жатады.




  • Кітап оқығанда кіммен немесе кімдермен қарым-қатынас жасаймыз?_______________________________________________________________

  • Теледидар көргенде ше?____________________________________________________

  • Мұның адаммен тікелей сөйлесуден айырмашылығы қандай?__________________________________________________________________

  1. Құлақ салып, мұқият дыбыс тыңдауды тың тыңдау деп айтады. Мысалы, «Алыстан иттің үрген даусы естілді. Жұман қария құлағын түріп, тың тыңдады». Енді осы үлгімен төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіріп жаз.

Мұқият тыңдау дегеніміз-_________________________________________________

Тыңдамау-______________________________________________________________

Ақылын тыңдау-_________________________________________________________

Айтқанын тыңдау-_______________________________________________________

Атүсті тыңдау-___________________________________________________________

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

* «Оң құлағынан кіріп, сол құлағынан шығып кету» деген сөзді қай уақытта айтады?

2. Мысалдарды мұқият оқы

Иә, тыңдап тұрмын дегендей; Иә,иә дегендей бас изеп; айта беріңіз; жеңіл жымиды; қабағын шытты.

*Тыңдаушының көңіл-күйін бұдан басқа қандай қимылдармен білдіруге болады?

*Сағатқа немесе есікке қарағыштай беру ненің белгісі?



3.Суретке назар аудар.

*Кім мұқият тыңдап отыр? Қайсысы мүлдем тыңдамай отыр?



4.Сөйлемдерді оқы. Жасылмен берілген сөздердің қандай көңіл-күйді аңғартатынын айт.

  • «Әсеттің екі езуі екі құлағына жетті».

  • «Ол жеңіл күрсінді де, орындыққа отыра кетті».

  • «Әлия амалсыздан орнынан тұрып, есікті жауып келді»

  • «Әкем маған сұраулы жүзбен қарады»

  • «Көзінің қиығын да салмастан отыра берді»

  • «Қарсы алдынан шыға келгенде екі көзі тас төбесіне шықты»

  • «Қуаныштан жүзі бал-бұл жанды»

* «Екі көзі тас төбесіне шықты» деген қандай мағынаны білдіреді?

Жаз: _____________________________________________________________________________



V.Сабақты қорытындылау

5. Өткен тапсырмаларды есіңе түсіре отырып, кроссвордты шеш.

1. Түлкі жарлық шықты деп кімді алдағысы келді?

2.Көгершін құстардан не үшін жәрдем сұрады?

3.Ішкі сезімімізді дауыстың қандай қасиеті арқылы білдіруге болды?



13 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тыңдаймыз және естиміз

Мақсаты: 1.Тыңдау және есту қабілеттерін дамыту арқылы өй-өрісін қалыптастыру.

2.Тапсырмаларды орындау арқылы әдебиетті сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Оқушылардың тыңдау және есту мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: мұқият тыңдау сөйлеп отырған адамға деген құрметті білдіру дегенді түсінеді.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.


  • Мұқият тыңдау арқылы жаңа, қызғылықты нәрселер туралы білеміз. Мұқият тыңдау сөйлеп отырған адамға деген құрметті де білдіреді.




  1. Мұқият оқы.(Өтен Ахметовтің әңгімесінен үзінді)

  • Ораз мұғалімнің соңғы сұрағына неліктен «мен емес!» деп дауап берді?

  • Мұқият тыңдамаудың кесірінен күлкіге қалған кезің болды ма?

  • Оның қалай болғанын әңгімелеп бер.

2.Үзіндіні оқып шық.

Ондағы кейіпкерлердің әңгімені қалай қабылдағанына назар аудар.



  • Қарқ-қарқ күлді, жанын қоярға жер таппай, өңбекшіді, сықылықтап кеп күлді.

*Дауыс ырғағы мен кейіпкерлердің көңіл-күйін көрсете отырып оқыңдар.

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

3.Өзіңді-өзің тексеріп көр. Ол үшін төмендегі мәтінді бір рет тыңдап, мағынасын түсінуге тырыс.

Торсық

Торсық дегеніміз – сусын құятын ыдыс. Ол теріден жасалады. Торсықты әдетте түйенің, бұғының және өгіздің мойын терісінен жасайды. Кішкене торсықтарға үш литр сұйықтық сыяды. Ал үлкен торсықтарға сегіз литрге дейін сусын құйып алып жүруге болады. Малшылар торсыққа шалап, қымыз, шұбат, айран құйып алып жүреді.



  1. «Қасқыр мен кірпі» ертегісін бірге оқиық

  • Кірпі неге олай жауап берді?

«Қасекесі» дегені кірпінің қасқырды қатты сыйлайтынын білдіре ме?

Әлде оның басқа себебі бар ма?




Біздің анықтама

  • Озбыр – зәбір көрсетуші, қатігез, зұлым, рақымсыз




  • Жай ғана тыңдау жеткіліксіз

  • Айтылған әңгіменің не туралы екенін түсіну аса маңызды.

  • Ең маңызды мәселені ажырата білген жөн.

V.Сабақты қорытындылау

Жадынама

Айтылып жатқан әңгімені түсініп тыңдау үшін не істеу керек?



  • Әр нәрсеге ойыңды бөлмей, мұқият тыңдау керек.

  • Әңгіменің тақырыбын біліп, не туралы екенін ұғу қажет.

  • Тыңдап отырғанда ең маңызды нәрсені анықтап алу қажет.

  • Егер негізгі ойды түсінбесең, қайтадан тыңдаған жөн.


14 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тыңдаймыз және түсініксіз сөзді анықтаймыз

Мақсаты: 1.Тыңдай отырып, түсініксіз сөздердің мағынасын анықтауға үйрету;

2.Берілген тапсырмалар арқылы білімді үйренуге, әдебиетті сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу

3.Оқушылардың тыңдау және есту мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: тыңдап отырып, бұрын естімеген сөздердің мағынасын анықтауға үйренеді.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.


  • Кейде тыңдап отырғанда бұрын естімеген сөздер, ұғымдар кездесіп қалады. Мұндайда қысылмай сол сөздің мағынасын сұраған жөн.

Оны сұраудың бірнеше тәсілі бар. Мысалы:

  • «...» деген сөздің қандай мағынаны білдіретінін айтыңызшы.

  • Кешіріңіз, «...» деген не деген сөз?

  • «...» деген не екенін түсіндіріп бересіз бе?




1.Мұғалім жұмбақ жасырып, шешуін сұрады.

Жұмбақтың ішінде түсініксіз сөздер көп екен.

Жұмбақтың шешуін жаттап алып айта саласың ба, әлде мұғалімнен түсінбеген сөздеріңді сұрайсың ба?

Ат басты,

Арқар мүйізді,

Бөрі кеуделі,

Бөкен санды.

Қос қанатты,

Құмырсқа ізді,

Бота тірсекті.

Жұмбақта қандай түсініксіз сөздер бар?____________________________________________________________________________

Олардың мағынасын сұрастырып біл.



2.Мәтінді мұқият оқы.

  • «Иек астында тұрған жер ғой, қазір –ақ жетіп барамыз»,- деді ақсақал немересіне.

  • «Ит өлген жерде екен, шаршап зорға жеттік», - деп Қадір әңгімесін айтып отырды.

  • «Таяқ тастам жерде тұрып, кешігіп келгеніңе таңғалып отырмын».

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс


Біздің анықтама

  • Иек асты – өте жақын жер.

  • Ит өлген жер – өте алыс жер.

  • Таяқ тастам – тым жақын жер.

(Жәрдем Кейкін)



  • Баламаларын пайдаланып, жаңа сөйлем құрап көр.

3.Жасырын сөздерді тап. Сонда мағынасы мүлдем басқа сөздерді оқуға болады.

1.Құс атауы ЫҚ ІР АҚ АН

2.Түс ҚАТ ҒАЙ ҒАНДЫ ТОРҒАЙ

3.Адамның дене мүшесі ТЫҚ ПА ПАНА ПАҚ

*Жаңа сөздердің арасында саған таныс емес сөздер бар ма? Олардың мағынасын түсіндіріп бер.


  • Әңгімелеп отырған адамның қалай сөйлеп жатқанын түсіну аса маңызды.

  • Сөйлеушінің бет-әлпетінің өзгеруін де қадағалап отыру керек.

  • Бұл айтылған әңгіменің мағынасын ұғуға көмектеседі.

4.Адам тез, баяу, қатты, ақырын сөйлейді. Тағы қалай сөйлейді? Жаз:_________________________________________________________________________

  1. Үзіндіні мұқият оқы.

Ауыздары бұртиып, қабақтары түсіп, жымиып, жүздеріне күлкі үйірілді.

- Адамдардың көңіл-күйі неліктен өзгереді?

- Көңіл-күйдің және бет-әлпеттің өзгеруін білдіретін тағы қандай сөздерді білесіңдер?

V.Сабақты қорытындылау

15 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сабақты мұқият тыңдаймыз

Мақсаты: 1. Оқушыларға сабақты түсіндіру кезінде мұқият тыңдау керек екенін ұғындыру;

2.Тапсырмаларды орындату арқылы тақырыпты меңгерту, әдебиетті сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу;

3.Оқушылардың тыңдау мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: сабақты мұқият тыңдауға дағдыланады.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.


1.Суретке қарап, әңгіме құрастырыңыз. Балаларға әңгімелеп бер.

* Балалар сабақ айтқанда мұқият тыңдау керек деп есептейсің бе?

Неге олай деп ойлайсың?

2.Өз-өзінді тексеріп көр. Ол үшін төмендегі сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап бер.


  • Бір айтылғанды қайталап сұрайтын кезің жиі бола ма?

  • Дұрыс естімей қалатын сәттерің көп пе?

  • Дұрыс түсінбейтін кезің ше?

  • Сабақта ойың бөліне бере ме?

  • Біреумен әңгімелесіп тұрғанда ше?

  • Тыңдап отырғандай кейіп танытып, тыңдамай отыратын кезің көп бола ма?

*Енді жауаптарыңды сана. Егер «жоқ» деген жауабың көп болса, онда сен жақсы тыңдаушысың. Ал егер «иә» деген жауабың көп болса, онда мұқият тыңдауға дағдылануың керек. Сонымен, сен қандай тыңдаушы екенсің? Жаз:________________________________________________________

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

3.Күні бойы құлағымыз түрік жүреді.

Таңертең тұрғаннан бастап, жатқанға дейін көп нәрсе естиміз.

Кімді тыңдайсың?

Қалай тыңдайсың? Есіңе түсіріп көр.



Таңертең:

  • Мектепке кетіп бара жатқанда ата-анаң не деді?

  • Егер жақсы тілек айтса, оны есіңнен шығарма.

  • Өтініш айтса, ұмытпа. Ұмытпау үшін не өтінгенін қайтала.

Сабақта:

  • Мұғалімді мұқият тыңдадың ба?

  • Айтқанының бәрін түсіндің бе?

  • Қазақ тілі сабағында мұғалім не туралы айтты? Нені түсіндеірді?

  • Түсініксіз жерін қайталап сұрадың ба?

  • Өткен сабақтағы ең маңызды нәрсе есінде қалды ма?

Кешкілік:

  • Сабақтан келгенде үйдегілер саған не деді?

  • Әкеңмен не туралы сөйлестіңдер?

  • Теледидар көрдің бе?

  1. «Бас десе құлақ дейді» деген мәтел қандай жағдайда айтылады? Өз ойынды жаз:_________________________________________________________________________

V.Ширату.

Ойлан, тап.

Қасқырдың күшігін «бөлтірік» дейміз.

Ал иттікін ше?

Мысықтың баласын «марғау» дейміз.

Қой мен ешкінің баласын қалай атайтынын білесің бе?

Жылқының төлі қалай аталады?

Түйенікі ше?
Адамның аяғын «аяқ» дейміз.

Малдікін ше?



  • Жауаптарын жаз.

  • __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

VІ.Сабақты қорытындылау

16 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сыпайы өтініш.

Мақсаты: 1.Оқушыларға сыпайы өтініш туралы түсінік беру;

2.Тапсырмаларды арқылы оқушыларды өтінішті сыпайы түрде жеткізуге үйрету;

3.Оқушылардың сыпайы өтініш білдіру мәдениетін қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже: сыпайы өтініш туралы түсінік алады.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.


  • Өтініш дегеніміз - арыз, тілек, шағым.

1.Мысалды мұқият оқы.

* Берекенің тасбақа жөніндегі ұсынысына анасы неге бірден келісім бермеді?



2.Мысалдарды мұқият оқы.

  • «Мен келгенде мына жер жарқырап жататын болсын! Қоқым қалдырмай сыпырыңдар». –Мұғалім сенбілікке жиналған балаларға осылай деді.

  • «Балалар, сендерден үлкен өтініш, күл-қоқыс қалдырмай тазалңдар», - деді мұғалім.

  • «Балалар, көрші ауланы да тазалап тастауға қарсы емессіңдер ме?» -Мұғалім осылай деп балаларға сұраулы жүзбен қарады.

*Көңіліңнен шыққан өтінішті көк түсті қарындашпен белгіле.

Бұйрық түріндегі өтінішті қызыл түсті қарындашпен белгіле.



ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

3.Мысалдарды мұқият оқы.

  • -Әже, маған ертегі айтып беріңізші.

  • -Айнұр, маған есеп шығаруға көмектесе аласың ба?

  • -Айжан, сабағыңды оқы!

  • -Әсет, сенің кітабыңды үйге тастап кетіппін. Кешірші мені!

*Мысалдардың қайсысы өтініш?

Қайсысы бұйрық?

Қайсысы кешірім өтінуге жатады?

4.Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар.

*Қарамен белгіленген сөздер талап етуге жата ма, әлде өтініш пе?



5.Атаңмен базарға барғанда әдемі күшік сатып отырғанын көрдің. Күшікті асырап алғың келді. Өтінішіңді атаңа қалай жеткізесің? Төмендегі үш жауаптың қайсысын таңдайсың?

  • Ата, мен мына күшікті аламын.

  • Ата, мына күшікті алып беріңізші.

  • Ата, әдемі күшік екен, алайықшы. Мен өзім бағып-қағуға уәде беремін.

V.Сабақты қорытындылау

Жадынама

  • Өтінішіңді орындасын десең сыпайы түрде жеткіз.

  • «Сиқырлы сөздерді» пайдалан.

  • Не үшін өтініп жатқаныңды түсіндіру де маңызды.

17 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өтіне білу де өнер.

Мақсаты: 1.Оқушыларға өтінішті ашық айтпай, сұрақ түрінде де жеткізуге болатынын түсіндіру;

2.Оқушыларға тапсырмаларды орындату арқылы білімдерін кеңейту;

3.Оқушылардың сыпайы өтініш мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.


  1. «Мақта қыз бен мысық» ертегісін еске түсірейікші. Мысық неше рет өтініш айтады.

  • Мақта қыз, Мақта қыз, құйрығымды берші!

  • Сиыр, сиыр, маған қатық берші!

  • Ағаш,ағаш, жапырағынды берші!

  • Қыздар,қыздар, маған су беріңдерші!

  • Дүкенші, дүкенші, маған сағыз берші!

  • Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші!

*Бұлардың бірде-бірі мысықтың өтінішін бірден орындай қоймайды.

Сөзі жерде қалмауы үшін мысық қалай сұрауы керек еді?

Ертегі желісін өзгертіп, жаңа ертегі құрастырып көріңдер.

2.Оқы және ойлан.(Мәтінді оқу)

Ғазиз трамвайда келе жатыр еді. Аялдамадан балалы жолаушы кірді.

-Айып болмаса, балалы жолаушыға орын бермес пе екенсіз?-деді жас жігітке.

Сөйтсе ол жігіттің аяғына гипс салынған екен. Сосын әріректе отырған өзі қатарлы баланың қасына барды.

-Достым, мына кісіге орын бересің бе?

Бала естімеген кейіп танытып отыра берді.

- Мына кісіге орын берейші. Жас баламен кіргенін көрмейсің? – деді Ғазиз шыдай алмай.

*Ғазиздің сыпайы өтінішін көк түспен, ал дөрекі айтқан сөзін қызыл түспен белгіле.



ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

  • Өтінішті ашық айтпай, сұрақ түрінде де жеткізуге болады.

*Мысалы:

  • Жексенбі күні біздің үйге келесің бе?

  • Мүмкін жексенбі күні біздікіне келерсің?

  • Жексенбіде біздің үйге келе алмайсың ба?

  • Жексенбіде біздікіне келе аласың ба?

  • Жексенбіде біздікіне келсең, қиналып қалмайсың ба?

*Қалай ойлайсың, ашық өтініш пе, жанама өтініш пе?

Ширату.

1.Жұмбақты шеш.

Өзі жап-жас, мұрты бар,

Ет пен сүтке ұмтылар.

Тастамайды жылы үйде,

Түкті тонын шұп-шұбар.

*Жұмбақтың шешуін суреттен тауып, белгіле.

V.Сабақты қорытындылау

18 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Оқуды және жазуды үйренеміз

Мақсаты: 1.Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру;

2.Берілген тапсырмаларды орындату арқылы әдебиетті сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу

3.Оқушылардың оқу мен жазу дағдыларын арттыру.

Күтілетін нәтиже: мәтіндегі шартты белгілер, кестелер және сызбалардың маңызын түсінеді.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.


  • Кез келген кітап тек қана сөзден тұрмайды.

Кітапта суреттер, фотосуреттер, кестелер және сызбалар болады. Олар мәтінді толықтырып, мазмұнын аша түсу үшін керек. Кітаптағы әріптер әртүрлі болып келеді. Қалай ойлайсың, бір кітапта неліктен бірнеше түрлі қаріп болады?

А а О р Е

Ата бала Домбыра Үй Гүл

1.Қазақ тілі оқулығын қолыңа ал.

Сөйлемдер мен сөздердің барлығы бірдей қаріппен берілген бе, әртүрлі қаріппен бе? Соған назар аудар. Қандай сөздердің үлкен әрі қара әріптермен жазылғанын тап.

Мысалы:

1.ӘЛІППЕ ЖӘНЕ ӘЛІПБИ

«Әліпби» сөзі нені білдіреді?

Әліпби дегеніміз –қазақ тілінің жазу жүйесіне арналған әріптер жиыны. Ал «әліп» деген – араб сөзі. Арабша әліпби «әліп» деген әріптен басталады. Оқу мен жазуды үйрететін бірінші кітапты «әліппе» деп атаймыз.



2.Қазақ тілі оқулығында қандай қаріптер бар?

Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде деп ойлайсың?



Суреттер, фотосуреттер, кестелер және сызбалар

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

  • 3.Оқулықтардағы суреттер мен фотосуреттер не үшін қажет деп ойлайсың?

Математика және Қазақ тілі оқулықтарынан бір-бір суретті таңдап ал.

Суреттен көргенің бойынша әңгіме құрастыр. Әңгімеге ат қой.



  • 4.Қолдарындағы «Шешендік өнердің әліппесі» атты оқу құралында да біраз шартты белгілер бар. Олар нені білдіреді?




  • 5.Дыбыстық талдауды аяқта. Оны сызбамен көрсет. Қазақ тілінде дауысты және дауыссыз дыбыстар бар. Дауыссыз дыбыстар қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді.

Дыбыс

Дауысты Дауыссыз



  • Оқулықтарда түрлі суреттер мен фотосуреттер кездеседі. Шартты белгілер, кестелер және сызбалар болады. Олар мәтінді түсінуге көмектеседі.

2 тап. Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?

  • Қасық құлап түсті

  • Қасық құлады

  • Қасық жерге түсті

  • Қасық түсті

  • Қасық жерге түсіп кетті

*Дұрыс жауапты көк түсті қарындашпен белгіле.

V.Сабақты қорытындылау

19 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мәтін.

Мақсаты: 1.Оқушылардың мәтін туралы түсініктерін кеңейту;

2.Берілген тапсырмаларды орындату арқылы мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын таба білуге үйрету;

3.Оқушылардың оқу және жазудағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: мәтіннің негізгі ойын анықтауға үйренеді.

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.


  • Ертегі, әңгіме, жыр, жарнама бәрі жиналып келіп, мәтін деп аталады. Мәтін мен қарапайым сөйлемдер жиынтығын шатастыруға болмайды.

Мәтіннің басы және аяғы болады. Ол белгілі бір ойды білдіреді.

Әрқайсысы әртүрлі ойды білдіретін болса, ол біртұтас мәтін емес.

Оны сөйлемдер жиынтығы дейміз.


1.Мұқият оқы және ойлан. Мәтінге тақырып қой.

Қарлығаш деген кішкентай құс. Ол өзінің ұясын балшық пен шөпті араластырып жасайды. Балшық деп лайды айтамыз. Лай құрылыс жұмыстарында да пайдаланады. Балшықпен ойнауға болмайды. Құстар жұмыртқа басады. Олардың жұмыртқасын жаруға болмайды. Құстың жұмыртқасын жаруға болмайды. Құстың жұмыртқасын жарған адамның бетіне секпіл түседі. Ал секпілді кетіру өте қиын.

* Жоғарыдағы екі жазабаның қайсысы біртұтас ойды білдіреді?

Қайсысы әрқайсысы әртүрлі ойды білдіретін сөйлемдерден тұрады?

Қай жазбаға мазмұнды сурет салуға болады деп ойлайсың?

Мәтінде белгілі бір адам туралы немесе нақты зат туралы айтылады.

Ол мәтіннің тақырыбы болып есептеледі.

Тақырып мәтіннің атауында да көрініс беруі мүмкін.

Тақырып біреу болғанымен, мәтіннің атауы әртүрлі бола береді.

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс


  • Мысалы, тақырып қарлығаш. Мәтінде қарлығаш туралы айтылады.

Ал ол мәтіннің атауы бірнеше түрлі болуы мүмкін. Мәселен:

Қарлығаш;

Қарлығаш-жыл құсы;

Қарлығаш-адамға үйірсек құс;

Қарлығаш-қасиетті құсы.

2.Өлеңдерді оқы. Екеуінің тақырыбы бір ме, әлде әртүрлі ме?

Бір күн келіп алмастырып бір күнді,

Көктем келіп айналамыз құлпырды.

Қос қарлығаш тыным таппай тағатсыз,

Жөндеп жатыр ескі ұясын былтырғы.

(Бақытжан Ауданбаев)

*Бұл екі өлеңнің де аты бар. Бірі «Қос қарлығаш», екіншісі «Қарлығаштар» деп аталады. Қай өлеңге қай атау сәйкес келеді? Жаз.__________________________________________________


  • Мәтінді түсіну – оның негізгі айтар ойын түсіну деген сөз. Негізгі ой мәтіннің өн бойынан көрінеді. Кейде ол мәтін ішіндегі бір сөйлеммен беріледі. Негізгі ой әңгіменің басныда немес аяғында болады. Кейде атынан –ақ көрініп тұрады.

3.Өтебай Тұрманжановтың әңгімесін оқы.

*Әңгіменің тақырыбы қандай?

Мұндағы негізгі ой қайсысы?

4.Ертегіні мұқият оқып, негізгі ойды тап. Мәтінге ат қой.

Қоян-ата көжектеріне кеп сәбіз әкеп, бір-бірден бөліп берді. Ең кенжесі сұр көжек:

-Маған қотыр сәбіз бердің, жемеймін, - деп ұртын тұртитты. Сәбіздің түп жағында бұршақтың үлкендігіндей екі-үш бүртігі бар екен. Оны басқа бір көжек қағып алды да, бір-ақ асады. Сұр көжек аш қалды.

Атасы оған;

-Солай, балам... «Өкпелеген үлесінен құр қалады» - деді.

(Мұзафар Әлімбаев)

*Мұндағы негізгі ой «сұр көжек аш қалды» ма? Әлде «өкпелеген үлесінен құр қалады» деген сөз бе? Әңгімеге ат қой.

Ширату.

Мақалдың мәнін біл.

Бақа көлінде патша,

Балық суында патша,

Жігіт елінде патша.

*Бұл мақалдың айтар ойы қандай?

Түсіндіріп бер және жаттап ал.

V.Сабақты қорытындылау

20 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тірек сөздер

Мақсаты: 1.Оқушыларға тірек сөздер туралы білімдерін кеңейте отырып, тірек сөздер негізгі ойды жеткізуге көмектесетінін түсіндіру;

2.Берілген тапсырмаларды орындату кезінде тірек сөздер арқылы әңгіменің негізгі ойын анықтауға үйрету;

3.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: тірек сөздер туралы түсінік алады.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.


1.Мәтінді мұқият оқып, не туралы екенін анықта. Қарамен белгіленген сөздерді дауыстап оқы. Ол сөздерді оқып, мәтіннің не туралы екенін білуге бола ма?

Өсімдіктердің оң мыңдай түрі улы болып келеді екен. Мұны өсімдіктер әлемін зерттейтін ғалымдар айтып отыр. Алайда, улы өсімдіктердің бәрі бірдей қатерлі емес. Олардан бағалы дәрі-дәрмек жасалады. Улы өсімдіктер гүлімен ғана емес, хош иісімен де назар аудартады. Мысалы, маржангүлдің (ландыш) хош иісіне елдің бәрі қызығады. Бірақ, маржангүл салынған суды ішкен адам уланып қалады.Мендуана да өте улы өсімдік.


Тірек сөздер негізгі ойды жеткізуге көмектеседі.

Сол арқылы әңгіменің мазмұнын еске түсіруге болады.

Олар маңызды мәселені есте сақтап қалуға көмектеседі.

Тірек сөздерді кілт сөздер немесе негізгі сөздер деп те айтады.


2.«Менің інім» деп аталатын әңгіменің тірек сөздері беріліп отыр. Оларды пайдалана отырып, әңгіме құрастыр.

Менің інім

Анам, бөпе, перзентхана, әкем, іні, бесік, кіп-кішкентай, тербетемін, жыламайды.

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

  • 3.Әңгімені мұқият оқы. Тірек сөздердің астын сыз.

Аңқау

Баяғыда бір аңқау кісі есегіне мініп, сапарға шығады. Тауға шығарады есегін аяп, жетектеп етпекші болады. Мұны көріп тұрған екі ұры есекті ұрламаққа әрекеттенеді. Екеуі білдірмей басып аңқаудың арт жағына келеді. Біреу есектің ноқтасын басына киіп алады. Екіншісі есекті алып кетеді. Аңқау білмейді, өлеңін айтып жүре береді. Біраздан кейін әлгі ұры тартынып, жүрмей қояды. Артына қараған аңқау есекті емес, адамды көреді. «Бұл қалай, сен қайдан келдің?»- деп таңғалады.

Ұры: «Мен сенің есегің болып жүрген кісі едім. Бала кезімде тентек болғанмын. Шешем «есек болғыр» деп қарғап еді. Содан есекке айналып кеттім. Бүгін қайтадан адам болдым», - дейді.

Аңқау бұған сеніп, ұрыны босатып жібереді.

*Әңгіменің негізгі айтар ойы қандай деп ойлайсың?

V.Сабақты қорытындылау


21 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мазмұнын айту. Егжей-тегжейлі мазмұндау

Мақсаты: 1. Оқушыларға егжей –тегжейлі мазмұндау туралы түсінік беру;

2. Мәтіннің мазмұнын айту үшін алдымен оны түсіну керектігін ұғындыру;

3.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөздік қорларын молайту.

Күтілетін нәтиже: мәтіннің мазмұнын түсініп, ондағы негізгі ойды анықтауға үйренеді.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.


  • Мәтінді жаттап алу оны сөзбе-сөз қайталау деген сөз. Ал мазмұнын айту деген не?

Әңгіменің мазмұнын айтқанда сөздер немесе сөйлемдер өзгереді. Әр әңгімелеуші әңгімені өзінше жеткізеді. Бірақ, бастапқы мағына сақталады. Бір ертегіні немесе әңгімені әркімнің әрқалай баяндайтыныны содан.

1.Ертегінің түпнұсқасын және оның мазмұнын оқы.

Арыстан күшігін асыраған мысық

Ертегінің мазмұны.

Бір мысық өліп жатқан арыстанның баласын бағып алыпты. Асырап өсіріпті№ Азуы шыққан арыстан бірде мысықтың өзін жеп қоймаққа әрекеттеніпті. Мысық ағаштың басына шығып кетіп құтылыпты. Сонда арыстан:

-О, менің ақ сүтін емізген асыраушым! Бәрін үйреткенде неге ағашқа өрмелеуді үйретпедің? – депті.

Мысық: «Мен сені кішкентайыңнан бақтым. Бар білгенімді үйреттім. Бірақ, құлқыныңнан қорқып ағашқа өрмелеуді үйреткен жоқпын. Үйретпегенім дұрыс болған екен», - депті.

*Не өзгергенін байқадың ба?

Одан ертегінің мағынасы өзгерді ме?

Ертегінің мазмұнына көңілің тола ма?

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс


  • 2. Мәтінді мұқият оқы.

Жүгіріп келе жатқан түлкі терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрса, су іздеп жүрген ешкі келе қалаыпты. Апанның ішінде неғып тұрғанын сұраса, түлкі салқындап тұрғанын айтыпты. «Іші салқын, әрі суы тұнық екен. Сенбесең түсіп көр, ке, көмектесейін», - депті. Мұны естіп, ешкі апанға секіріп түсіпті. Түлкі болса, ешкінің мүйізіне мініп, сыртқа шығып кетіпті.

*Бұл «Түлкі мен ешкі» ертегісінің мазмұны. Ертегі сендерге жақсы таныс болар. Дегенмен, мұнда бір артық сөйлем бар сияқты. Ертегінің түпнұсқасында жоқ нәрсені тауып, астын сыз.




Мазмұнын айтқанда мәтіннің мағынасын өзгертуге болмайды. Мазмұнын дұрыс үшін алдымен оны түсіну керек.

Оқулықтағы ережелердің мазмұнын нақпа-нақ айту керек.

Оларды өзгертуге болмайды.


3.Дауыссыз дыбыстар туралы ереженің мазмұнына назар аударыңыз.

Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді. Қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстар болады.

*Не байқадың? Ереженің мазмұны толыққанды берілген бе?

Әлде бір нәрсе ұмыт қалды ма?

Ереженің мазмұнын сен қалай жеткізер едің?

Жаз:____________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

V.Сабақты қорытындылау

Жадынама

Мәтіннің мазмұнын барынша анық жеткізу үшін:



  • Алдымен мәтінді мұқият оқы

  • Мағынасын түсінуге тырыс

  • Ондағы негізгі ойды анықта

  • Мәтінді бөлімдерге бөліп, әрқайсысына тақырып қой

  • Жоспар бойынша мәтінді ауызша айтып шық

*Жадынамаға тағы не қосуға болады? Жаз: _____________________________________________
22 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қысқаша мазмұнын айту

Мақсаты: 1.Оқушыларға мәтінді қысқаша баяндауға болатынын түсіндіру;

2.Берілген тапсырмаларды орындату, жоспар бойынша әңгімені рет-ретімен баяндауға үйрету. 3.Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорларын молайту.



Күтілетін нәтиже: мәтінді қысқаша мазмұндауға, негізгі ойды табуға үйренеді.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.

  • Мәтінді қысқаша баяндауға болады. Онда мәтіндегі ең басты мәселе ғана қамтылады.

1.Түпнұсқаны оқып, қысқаша мазмұнымен салыстыр.

Ұзын тілдің бәлесі

Қысқаша мазмұны.

Жұмаш бірде аяғын ауыртып алды. Тағыф бірде байқамай сүтті төгіп алды. Інісі мұны апасына айтып қоя бергесін «тілің ұзын екен» деп ренжіді Жұмаш. Інісі ойланып қалды. Айнаға барып қараса, тілі ұзын емес сияқты. Содан самаурынға көзі түсіп, тілін шығарып көрді. Ұзын секілді. Жақындап қараймын деп, тілін күйдіріп алды. Самаурын қайнап тұрған екен. Ол «тілім шынында да ұзын екен ғой» деп ойлады. Содан бастап көп сөйлемейтін болды.

*Түпнұсқа мен қысқаша мазмұнының арасында айырмашылық көп пе:

Қысқаша мазмұнында айтылмай қалған сөйлемдердің астын сыз.



ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

Байқаған боларсыңдар, қысқаша мазмұндау оңай емес екен. Ол үшін әңгімені түсініп оқу керек. Негізгі ойды жеткізуге баса назар аудару керек.


2.Өлеңді оқып, мазмұнын өз сөзіңмен айт.

Бойы қызып, дерт қысып,

Аю жатты бүк түсіп.

Рецептін оқып ап,

Дәрі берді Тоқылдақ.

Мынау дәрі ем, - деді,

Ішкеніңіз жөн, - деді.

Бірақ, аю көнбейді,

Тоқылдаққа сенбейді,

Титтей болып бұл неме

Мені қалай емдейді?!



(Әбіш Кекілбаев)

Жоспар

  • Кейде көлемді әңгіменің қысқаша мазмұнын айту керек болады. Күрделі мәтінді түсініп, мазмұнын айтып беруге тура келеді. Ойды жүйелі жеткізу үшін тарауларға бөлінген жоспарға сүйенген жөн. Кітап дүкенінде сөредегі кітапқа көзің түседі. Оның не туралы екенің білу үшін жоспар-тарауларға назар аудару керек. Жоспар- тарау дегеніміз – мәтіннің негізгі мазмұнының ең қысқа түрі.

3.Неміс қаламгері Армин Граймның «Әминнің арыстан ттуралы ертегісі» деген ертегі-повесі бар. Ертегі қысқы-қысқа он төрт тараудан тұрады. Әр тараудың басында қысқаша мазмұны беріледі. Мысалы:

Бірінші тарау

Бұл тарауда біз ешбір елдің картасына түспеген лагерь қалаға сапар шегеміз.



Екінші тарау

Бұл тарауда біз Әминнің балалық шағы мен оның ата-бабалары өмір сүрген қалаға сапар шегеміз.



Үшінші тарау

Бұл тарау Палестина мен Әминнің өміріндегі ең сұмдық күн туралы.



Төртінші тарау

Бұл тарау Әминнің және жүздеген мың басқа адамдардың үйлерінен қуылғаны туралы



Бесінші тарау

Бұл тарауда кішкентай Әмин нан ұрлайды, соған қарамастан ол өзін батырмын деп ойлайды...



  1. «Бауырсақ» ертегісіндегі негізгі оқиғаларды есіңе түсір. Суреттерді пайдаланып, жоспарды жалғастырып жаз.

Жоспар

1.Кемпір бауырсақ пісірді

2.Баурсақ терезенің алдынан домалап кетті.

3.

4.



Ширату

1.Жұмбақтың шешуін суреттен тап.

Ортасында «шегесі»,

Жіп-жіңішке денесі. (Қарындаш-ине)

2.Ойлан

Түйенің төлін бота дейді, ал жылқынікін құлын дейді.

Қоянның баласы қалай аталады?____________________________________________________

Аюдікі ше?______________________________________________________________________



5.Мәтінді мұқяит оқыңдар. Әңгіме төрт бөлікке бөлінген. Ал олардың реті ауысып кеткен. Жоспарға назар аударып, әңгімені рет-ретімен «жина».

Жоспар

1.Иттің көзі шұжыққа түсті

2.Шұжыққа қалай қол жеткізуге болады?

3.Айлалы жоспар

4. «Итіміз неткен ақылды еді?!»

6. Нығмет Ғабдуллиннің «Бозша торғай» әңгімені оқыңыз.

*Енді осы әңгіменің жоспарын құр.

Жоспар

___________________________________________________________________________________

Біздің анықтама


  • Бозша- бозғылт түс

V.Сабақты қорытындылау

23 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Келісу немесе бас тарту.

Мақсаты: 1.Оқушыларға келісу немесе бас тарту ұғымдары туралы түсінік беру.

2.Берілген тапсырмаларды орындату арқылы қандай жағдайда келісу немесе бас тарту керек екенін түсіндіру.

3.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: келісу және бас тарту деген ұғымдар туралы түсінік алады.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.


  1. «Ақ тиін мен қасқыр» ертегісін бірге оқиық.

Ақ тиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді.

Ақ тиін жалынып:

-Мені жеме, жібер! – дейді.

- Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған мынаны айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер?

Сонда ақ тиін:


  • Мені жіберіңіз, содан соң айтайын. Әйтпесе дірілдеп, сөйлей алатын еместпін, - дейді.

Қасқыр ақ тиінді босатады. Ақ тиін ағаш басына шығып алып:

-Сен қасқыр, залымсың. Залымдық ішіңді күйдіреді. Сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз. Сол үшін де әрқашан шат болып жүреміз,- депті.

*Ақ тиін қасқырға қандай өтініш айтты?

Қасқыр оның өтінішін орындады ма?



2.Мысалдарға назар аудар. Осы үш жағдайдың қайсысында бас тартуға болмайды? Осындай өтініштерді өзіңе айтса, қалай жауап бересің?

  • -Балам, дүкенге барып, нан әкеліп қойшы.

  • -Әсет, Ақмарал құлап аяғын жаралап алыпты. Жүгіріп барып үй-ішіне айтып келесің бе?

  • -Еркін, кешке біздің үйге кел. Бірге ойын ойнаймыз.

3.Мысалды оқы.

-Әртүрлі өсімдіктер мен гүлдер бөлмеміздің ажарын аша түсер еді. Әрі олардың тозаңды ұстайтын да қасиеті бар. Қалай, балалар, бәріміз бір-бір гүл әкеле аламыз ба?- депмұғалім балаларға сұраулды жүзбен қарады.

Балалар «иә!» деп жамырай шуласты. Сосын әр тұстан балалардың дауысы шығып жатты:

-Әрине, алып келеміз!

-Міндетті түрде.

-Жарайды, алып келейік.

-Айтсаңыз болды!

-Қуана-қуана келісеміз.

*Мұғалімнің сауалына сен қалай жауап бере едің?

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

4.Өлеңді рөлге бөліп оқыңдар.

Құлық


Күнде келер жер емес,

Тұрасыңдар қашықта.

Мына ініңе бер кеңес:

Бір қонып кет, асықпа,-

Деді апам ағайға,

Асықпай қайт, жарай ма?

Уақыт қайда тыныстар

Бастан асқан жұмыс бар,-

Деп көнбейді ағайым,

Айтып себеп жағдайын.

Мен отырмын алайда,

Қулығымды асырып,

Ағайымның сарайға

Туфлиін жасырып.


(Совет Әлімқұлов)

*Өтініш айтқан кім?

Өтініш орындалды ма?



V.Сабақты қорытындылау
24 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сыпайы және дөрекі бас тарту

Мақсаты: 1.Сыпайы және дөрекі бас тарту туралы түсінік беру.

2. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

3. Оқушыларды мейірімділікке, сыпайылылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: сыпайылық және дөрекілік деген ұғымдар туралы түсінік алады.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.


1.Өлеңді мәнерлеп оқы.

Киікті атшы, балақай.

Ата алмаймын.

Елікті атшы, балақай.

Бата алмаймын.

Қасқырды атшы, балақай.

Құп болады!

Көкжал бөрің, ағатай,

Жоқ болады.

(Есентай Ерботин)

*Бала елік пен киікті атудан неге бас тартты деп ойлайсың?

Ал қасқырды атуға неліктен келісім берді?

Дөрекі бас тартты ма, сыпайы бас тартты ма?


Өтінішті орындай алмайтын болсаң, себебін айтып бас тарту керек. Бас тартудың да сыпайы және дөрекі түрі болады.


2.Мысалдарды мұқият оқы. Өтінішті орындаудан үзілді-кесілді бас тартқан сөйлемнің астын сыз.


  • -Әсия, тағы бір кесе айран іше ғой.

-Рақмет, мен тойып тұрмын.

  • -Бақтияр, бақылау жұмысын сенен көшіріп алайыншы.

-Жоқ, бере алмаймын. Өзің шығар.

*Осы сауалдар өзіңе қойылса, қалай жауап берер едің?




Өтінішті орындай алмасаң, сыпайы ғана бас тартуға болады. Жағымды сөздерді тауып, оны орнымен қолдана біл. Себебін айтсаң және келесі жолы орындауға уәде берсең, өтініш білдірген адам ренжімеуге тиіс.

Мысалы:


  • Қатты асығып тұрмын, әйтпесе қуана-қуана көмектесер едім.

  • Туған күніңе келе алмаймын, ренжіме. Ертең біз ауылға кетеміз.

  • Қолымнан келмейтін сияқты, айып етпе. Келесі жолы міндетті түрде көмектесемін.

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

3.Сыпайы және дөрекі бас тартуға қатысты бірнеше мысалдар келтір.

4. Мысық, күшік, тауық және тышқан төртеуі сиқыршыға кез болды. Төртеуі сиқыршыға төрт түрлі өтініш айтты:

Сиқыршы, сиқыршы! Маған көп нәрсенің керегі жоқ. Қамбада қаптар көп болса, қап толы бидай болса. Сол қамбаға емін-еркін кіріп-шығатын кішкентай ғана есігім болса, шіркін!

Сиқыршы, сиқыршы! Маған жылы ұя керек! Майлы жілік керек! Сосын...сен ұдайы менің тілегімді орындайтын бол.

Сиқыршы-ау, сиқыршы! Сенің қолыңнан бәрі келеді ғой. Жеңсік асым аузыма өзі келіп түсетін болсыншы.

Сиқыршы, сиқыршы! Үй иесінің қолы ашық болсын, бізге көп-көптен тары шашып тұрсын!

*Қай өтініштің иесі кім екенін суреттен тап. Жанына жаз._______________________________________________________________________________

5.Сиқыршы төртеуінің де өтінішін орындаудан бас тартты. Бас тарту себебін былайша жеткізді:

1. «Қанағат қарын тойғызады» дейді, сен тым қанағатсыз екенсің. Ренжіме, мен сенің тілегіңді орындай алмаймын.

2.Жалқаулық жарға жығатынын ұмытпа. Жалқауларды жаным сүймейді, айып етпе.

3.Еңбекпен тапқан астың дәмі бөлек болады. Үй иесіне иек арта бермей, өзің де еңбектенсең қайтеді? Сонда ғана мен саған көмектесуім мүмкін.

4.Зиянкестік жасау жақсы нәрсе емес. Сондықтан, мен сенің өтінішіңді орындай алмаймын. Ренжіме.

*Бұл жауаптардың қайсысы кімге арналған? Жаз:

1.________________________________

2.________________________________

3.________________________________

4.________________________________



V.Сабақты қорытындылау
25 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сен қалай жауап берер едің?

Мақсаты: 1.Оқушыларды қойылған сауалға сыпай түрде жауап беруге үйрету;

2. Өтінішті орындамаған адамға түсіністікпен қарауға дағдыландыру;

3.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже: сөз және сөйлеу мәдениеті туралы түсінік алады.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.



Өтінішті орындамаған адамға ренжисің немесе түсіністікпен қарайсың.

1.Мысалға назар аудар.

Балалар демалыс күні тауға барған. Мақсат шахмат алып шығатын болған. Дайындап-ақ қойып еді, бірақ тарс есінен шығып кетіпті. Балалардың бірі ренжіді, екінші біреулері түсіністікпен қарады....

-Өкінішті-ақ...Енді не істесек екен?...-деді бірі.

-Жарайды, бір амалын табармыз, - деді екіншісі.

-Саған сеніп қалдық қой, әйтпегенде ала шығар едік,- деді үшіншісі.

-Ұмытып кететінің бар, неге мойныңа аласың?- деді тағы бірі.

-Асығып жүріп ұмытып кеткен болар. Соға бола, сонша неге ашуланасыңдар? Жарайды, бүгінше басқа ойын ойнармыз,- деп сыныптың старостасы балаларды сабырға шақырды.



*Балалардың қайсысы түсіністікпен қарады? Қайсысы ренжіді?

2.Мағынасын түсін.

Айрылмаста досыңа,

Қайрылмастай сөз айтпа.

*Мұндай сөз қандай жағдайда айтылады деп ойлайсың?

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

Ширату

1.Жатта және есте сақта.

Әкенің сабағы

Әкеге келіп баласы

Көрсетті қолы іскенін.

Әке,сен, міне қарашы,

Масалар мені тістеді.

Әкесі күліп түзетті:

Тістеді деме

Шақты де.

Шақпайды иттер

Қапты де,

Қаппайды мысық

Тырнайды...

Қайтеді жүйрік атты де:

Атты жүгендейді.

Атты ауыздықтайды.

Атты қамшылайды.

Атты жаратады.

Атты жарыстырады.

Атты ерттейді.

Атты жемдейді.

Атты жабулайды.

Атты жегеді.

Атты мінеді...

Тағысын-тағы, тағы бар,

Бәрін де біліп, қағып ал.

(Ескен Елубаев)

V.Сабақты қорытындылау

26 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өтінішті орындаудан бас тарту.

Мақсаты: 1. Оқушыларға өтінішті орындаудан сыпай түрде бас тартуды үйрету;

2.Тапсырмаларды орындату арқылы өтініштері жерде қалмау үшін қалай сұрау керектігіне жол сілтеу;

3.Әдептілікке, сыпайылылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: өтініш білдіру деген ұғым туралы түсінік қалыптасады.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.


1.Мысалға назар аудар.

Ертеде бір шал мен кемпірдің жалғыз немересі болыпты. Шал мен кемпір нашар тұрады екен. Егін егіп, балық аулап күнелтіпті. Бірақ, немерелерін қатты жақсы көріпті. Бар тапқандарын сол баланың аузына тосыпты. Күндердің күнінде бала ойнап жүріп, адасып қалыпты. Оны бір балаға зар болып жүрген бай тауып алыпты. Бай баланы үйіне апарып, «маған бала бол » депті. Алдына бар жақсыны тосыпты, аяғын жерге тигізбепті. Бала атасы мен апасын сағыныпты. Бірақ, мұны байға қайтіп айтарын білмепті.

*Егер баланың орнында болсаң, байға не дер едің? Жаз:______________________________________________________________________________



2.Жауаптар:

1.Маған қисапсыз кәмпиттің де, есепсіз ойыншықтың да керегі жоқ. Үйіме кеткім келеді.

2.Байеке, маған деген көңіліңізге рақмет. Бірақ, менің кетуім керек.

3.Аса құрметті байеке! Барлық сый-құрметіңізге разымын. Бірақ, мені үйде кәрі атам мен апам күтіп отыр. Соларға барғаным жөн.

4.Байлығыңның қажеті жоқ! Мен кетемін!

*Бұл жауаптардың қайсысы көңіліңе қонады? Сол жауапты белгіле. Қайсысы байдың ашу-ызасын тудыруы мүмкін?

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

3. «Сауысқан» ертегісін бірге оқиық.

Тыным таппай сөйлей бергендіктен, сауысқанның тілі аузына сыймай, ісіп кетіпті. Ас-су ішуден қалған ол ешбір амалын таба алмапты. Ақыры тырнаға жалыныпты:

-Тырна, тырна! Менің тілімді емдеп бере гөр! Шөптен дәрі жасайды екенсің. Барлық дертті емдейді екенсің, - дейді.

-Саған шипа боларлықтай шөбім жоқ! Көмектесе алмаймын, - дейді тырна.

Тырнаны бір тілдеп алған сауысқан әрі қарай кетеді. Қабанға арыз айтып барады.

-Саған енді менің көмегім қажет болған екен ғой! Ендеше, бері келе ғой. Сүйреңдеген тіліңді суырып алайын. Өзіңе де жақсы, біздің де құлағымыз тынышталады, - дейді қабан шабынып.

Сауысқанның үні өшіпті. «Сауысқанның тіліне түйнеме шығыпты» деген сөз бүкіл орманға тарапты. Ақыр аяғында сауысқан мүлдем сөйлей алмай қалыпты. «Енді саған ешкім көмектесе алмайды. Өз-өзіңе берік бол», - дейді оған үкі.

-Неге? –дейді сауысқан мұңая қырылдап.

-О баста тіліңе ие болуың керек еді. «Сатып алған ауруға ем табылмас» деген осы, - дейді оған үкі.

Содан бері сауысқан мағынасыз шықылықтайды екен.

*Тырна мен қабан неліктен сауысқанға көмектесуден бас тартты?

Ол екеуін әдепсіз деуге бола ма?

Өтініші жерде қалмауы үшін сауысқан қалай сұрауы керек еді?

4.Өтінішті айту және оны орындауға қатысты көрініс көрсетіңдер. Ол үшін бір –бірлеріңе өтініш айтып, соған жауап беріңдер.

V.Сабақты қорытындылау

27 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің түрлері

Мақсаты: 1.Мәтін туралы түсініктерін кеңейте отырып, мәтіннің түрлерімен таныстыру; сөйлемдерді толық және дұрыс жазуын түсіндіру;

2.Берілген тапсырмаларды орындату арқылы мәтіннің түрлерін анықтауға үйрету;



3.Оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.

Күтілетін нәтиже: мәтіннің түрлерімен танысады.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

І

  • Әртүрлі мәтіндер болады.

Кейбір мәтіндер болған жағдайды баяндайды.

Сөзбен «сурет салады».

Кей мәтіндерде маңызды, қызықты нәрселер туралы айтылады.

Тағы бірінде дау-дамай , талас-тартыс болады.


І.Жаңа сабақ.



1.Мәтінді мұқият оқып, не туралы екенін анықта.

Алатаудың бауырында тәкаппар бір терек өсіп тұрды. Ол ешкімді менсінбеді. Төңірегіндегі жеміс ағаштары мен бәйшешектерді көзге ілгісі келмеді. «Дүниеде маған тең келер ешкім жоқ. Мен тамырларыммен жерді ұстап тұрмын. Ұшар басым көкті құлатпай тіреп тұр», - деп лепірді терек. Оның асқақтағы шектен шығып кетті. Төбесіндегі күнге қарап: «Осының не керегі бар? Жапырағымды сырғайтып бітіретін болды-ау», - деп тыжырынды.

«Су тамырларымды шірітіп жіберетін болды», - деп суға налынды. «Тыныштық бермеді» деп желге де мін тақты.

Бір күні теректің бұтағына ьұлбұл келіп қонды. Тамылжыта ән салған бұлбұлды терек өзінің жапырағы екен деп қалды.

-Естіп тұрсыңдар ма? Қайсыларыңда осынадй жыршы жапырақ бар? – деп екіленді терек.

Мұны естіген бұлбұл намыстанып, ұшып кетті...



(Төлеміш Әбсәлімов)


Оқиға туралы айтатын, кейіпкерлердің іс-әрекеті туралы әңгімелейтін мәтін болады. Ондай мәтінді баяндау деп атайды.

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

2.Мәтінді мұқият оқы. Ол не туралы? Бұл мәтінді оқығанда көз алдарыңызға қандай көрініс келеді?

... Күн қайтып терекке шұғыласын төкпеді. Бұлақ оның тамырын нәрлендірмейтін ьолды. Сөйтіп терек күн нұрынсыз, сусыз, желсіз, ауасыз қалды. Аз күнде-ақ қуатынан айырылып, қалжырай бастады. Жапырақтары сарғайып, сау-сау төгілді. Тамыры солып, діңі кеберсіп, бұрынғы көркінен жұрдай болды. Бір күні азынаған дауыл келіп:

-Өзінен басқа ешкімді көзге ілгісі келмейтін даңғой қотыр терек сенбісің?- деп оны жұлып алып, лақтырып жіберді.


(Төлеміш Әбсәлімов)

Адамды, табиғатты, қоршаған ортаны суреттейтін мәтін болады.

Мұндай мәтіндер суреттеу деп аталады.





3.Мәтінді оқы. Не туралы түсіндірмек болғанына назар аудар.

Терек өзінің тәкаппарлығынан опық жеді. Өркөкіректік – орға жығатын нәрсе. Егер ол асқақтық танытпағанда, күн де , жел де, су да одан теріс айналмас еді. Адамдарға сая болып тұра беретін еді. Өзін өзгелерден жоғары ұстайтындар өз арамызда да аз емес. Ендеше, олар теректің тағдырынан сабақ алуы тиіс.




Оқиғаның немесе құбылыстың себебін түсіндіріп, бір нәрсені дәлелдейтін мәтіндер болады. Ондай мәтіндер пайымдау деп аталады.

4. Төмендегі үш мәтін беріліп отыр. Олардың қайсысы баяндау, қайсысы суреттеу, ал қайсысы пайымдау екенін анықта. Ат қой.

V.Сабақты қорытындылау

Ширату.

1.Мәнерлеп оқы және жаттап ал.

Үстінде үйдің

Тұр еді мысық.

Қасына келді

Бір торғай ұшып.

Бас салмақ болып,

Ыршыды мысық,

Жалт берді торғай,

Пыр етіп ұшып.

Биіктен жерге,

Топ ете түсіп,

Мысықтың қалды,

Жамбасы ісіп.



(Бердібек Соқпақбаев)

2.Жұмбақтың шешуін суреттен тауып, белгіле.

Көп, көп ине, көп ине,

Бір сабағы жоқ ине,

Іс тікпейді, әрине.



(кірпі, ине)

3.Өзіңе ұнайтын үй жануарларының суретін сал.
28 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Пайымдау

Мақсаты: 1.Оқушыларға пайымдау туралы түсінік беру;

2.Пайымдаудың екі бөлігі болатынына тоқталып, дәлелдей білуге дағдыландыру;

3.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: пайымдау туралы түсінік алады.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ



«Неге, неге?» ...Бұл сендердің ең көп қоятын сауадарың. «Неге?» деген «жұмбақ» сұрақ бар: неге құстар ұшады да, адамдар ұша алмайды? Неге қыста қар жауады? Сондай-ақ, ашулы «неге?» бар: неге «екілік» алдың? Неге сабағыңды оқымадың? Адамға көңіл аударатын «негелер» бар. Мысалы: неге көңіл-күйің жоқ? Неге сабаққа келе алмадың? Дау тудыратын да «неге?» бар. «Неге сенікі дұрыс та, менікі дұрыс емес?».



1.Өлеңді мәнерлеп оқы.
Маралдың сұрақтары

Таңертеңмен ойнайтын,

Ойынға бір тоймайтын

Марал деген баланың,

Сұрағы жоқ қоймайтын.

Жаңбыр қалай тұр құйып,

Неге ысиды күн күйіп?

Аспан неге көкпеңбек?

Таулар неге тым биік?

Осылайша апасын,

Мамасы мен папасын

Шаршатады. Қарасң,

Бір қызыққа батасың.

Марл! Мұның ұят тым!

Тұрар бұған шыдап кім?!

Кейде, тіпті, сұрайсың:

«Аты кім, - деп , - Мұраттың».



(Қайрат Жұмағалиев)

*Маралдың сұрақтарының астын сыз. Оларға сен қалай жауап бересің?

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

2.Төмендегі үш сұрақтың жауабы беріліп отыр. Балалар қандай сұраққа жауап берді деп ойлайсың? Қалдырып кеткен сызықтың үстіне жаз.

Сұрақ:________________________________________________________________________

Жауап: Дәптерім үйде қалып қойыпты, соған барамын деп кешігіп қалдым.

Сұрақ:________________________________________________________________________

Жауап: Мен оны ренжітейін деп ойлаған жоқпын, өзі бастады.

Сұрақ:________________________________________________________________________

Жауап: Суға шомылуға бара алмаймын, себебі тамағым ауырып жүр.

***

Шағын пайымдаулар екі бөліктен тұрады.

Бір бөлігінде түсіндірілетін, дәлелденетін мәселе туралы айтылады.

Екіншісінде соның дәлелі, түсіндірмесі беріледі.

Мысалы: Мақсат күшігін Ақтабан деп атады (І бөлік), өйткені оның табаны әппақ болатын (ІІ бөлік).

***

3.Ертегілерді есіңе түсіре отырып, сөйлемдердің жалғасын жаз:



1.Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алды, өйткені ______________________________

2.Түлкі де, құмыра да суға кетті, себебі,____________________________________



V.Сабақты қорытындылау

29 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мысал келтіре отырып пайымдау.

Мақсаты: 1.Оқушыларды мысал келтіре отырып пайымдауға үйрету;

2.Ережені толықтай пайдалану арқылы пайымдауды дәлелдеуге төселдіру;

3. Оқушылардың ойларын ашық айтуға, толық жеткізуге ықпал ету.

Күтілетін нәтиже: мысал келтіре отырып пайымдауды үйренеді.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.


  • Түсіндірмеде белгілі бір оқиғаны немесе қанатты сөзді негізге ала отырып, мысал келтіруге де болады. Ол ойды дәлелдей түсуге көмектеседі.

1.Мысалды мұқият оқы.

Әсел: Әже, білім мен байлықтың қайсысы артық?

Әжесі: Бір ғұлама білімнің артықшылығын бірнеше дәлелмен көрсеткен екен.

Біріншіден, білім даналардан қалған мирас, ал байлық бақырлардан қалған мұра.

Екіншіден, білім сені бағады, ал байлықты сен бағасың.

Үшіншіден, білім досыңды көбейтеді, ал байлық дұшпаныңды арттырады.

Төртіншіден, білім іздеген сайын көбейе береді, жұмсағанмен азаймайды, ал байлық жұмсасаң азаяды.

Бесіншіден, білімді ұрыдан қорғаудың қажеті жоқ, ал байлықты ұрылардан күнде қорғайсың.

Алтыншыдан, білімдіні ел құрмет тұтады, ал байлығың мол болса қызғанады.

Жетіншіден, білімге есеп-қисап жүргізбейсің, ал байлығыңды күнде есептеп отыруың қажет...



(Ділда Матайқызы)

*Енді ой қорытайық. Білім артық па, байлық па?

Білім несімен артық? Өз ойынды жаз:_________________________________________________

Мысалы, бір күні, күндердің күнінде , бұл оқиға былай болған екен деген көмекші сөздерді пайдалана отырып та мысал келтіруге болады.____________________________________________

2.Бәріміздің де достарымыз бар. Олардың әрқайсысының өз орны болады. Дегенмен, «Менің ең жақын досым» деген тақырыпта пайымдау жазып көрелік.

Мысалы: Мен Әселді өзімнің ең жақын досым деп санаймын. Өйткені, ___________________________________________________________________________________

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

Заңға және ережеге сілтеме жасау

  • Ережеге сүйену пайымдауды дәлелдей түседі.

  • Ойды жеткізу үшін ережені толықтай пайдалануға болады.

  • Ереженің жекелеген бөліктеріне сүйенуге де болады.

3.Қазақ тілі сабағы. Тақтада тұрған оқушы былай деді:

«Мағжан» деген сөзді бас әріппен жазу керек, өйткені ол адам аты. Ал адам аттары мен қала-ауыл атаулары бас әріппен жазылады.

*Бұл нені дәлелдейді?

Ережені жеткізу үшін келесі сөздерді пайдаланамыз:



Ережеге сай;

Ереже бойынша;

Ол жөнінде мынадай ереже бар.

4.Мысалдарды мұқият оқы.

1.Мен «Алматы» деген сөзді бас әріппен жаздым, өйткені тақтада бас әріппен жазылып тұр екен.

2. «Алматы» деген сөзді бас әріппен жазу керек.

3. «Алматы» деген сөзді бас әріппен жазу керек, өйткені ол қала аты. Ал қала-ауыл, өзен-көл атаулары бас әріппен жазылады.

4. Мен «алматы» деген сөзді кіші әріппен жаздым.

*Балалардың қайсысы дұрыс атты?



Қайсысынікі бұрыс?

Қай бала ойын нанымды, дәлелді етіп жеткізеді?

Бұл жауаптардың қайсысы пайымдауға жатпайды?

5.Төмендегі берілген сөз тіркестерінің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?Бес кітаптар

Алты дәптер

Тауларға шықтық

Суға шомылдық

Көлдің суы

*Дұрыс не бұрыс екенін дәлелде.

V.Сабақты қорытындылау
30 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Дәйекті және дәйексіз.

Мақсаты: 1.Дәйекті және дәйексіз ұғымдары туралы түсінік беру;

2. Ойды жеткізу үшін дәйекті түрде түсіндіру керектігін түсіндіру;

3.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру.

Күтілетін нәтиже: дәйекті және дәйексіз сөздер туралы түсінік алады.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.


  • Ойды жеткізу үшін дәйекті түрде түсіндіру керек.

1.Мәтінді мұқият оқы.

Көп адамдар күзде күн суытатындықтан, құстар жылы жаққа ұшып кетеді деп ойлайды. Негізі, суықта тұрған түк те жоқ.

Құстардың жылы жаққа кететін себебі, қыста оларға қорек табылмайды. Жәндіктер, дәнді –дақылдар болмайды.

*Мәтін не туралы? Мұндағы қай түсіндірме дәйекті, қайсысы дәйексіз?



2.Пайымдаудың алғашқы бөлігін оқы. Барынша нақты түсіндірмені пайдалану арқылы, сөйлемді аяқта.

1.Ботаника бағында ақша ағашы өсіріледі. Оның ақша ағаша деп аталуының себебі:

-бұл ағашты өсірсе, ақша мол болады деген сенім бар.

-оның бұтақтарында тиын өседі.

2.Кемпір мен шал қызға «Түймеқыз» деп ат қойды, өйткені:

-оны түймелердің арасынан тауып алды.

-оның үлкендігі түймедей-ақ еді.

3.Ойнап жүріп жылауға болмайды, өйткені:

-ойын болғанна кейін бәрі болады.

-шашың түсіп қалады.



ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

Ширату

1.Өлеңді мәнерлеп оқы және жаттап ал.

Көзің неге қысық?

Мысық! Мысық! Мысық!

Көзің неге қысық?

Ұйқыдағы пенде

Қауіпті ме елге?!

Етпетімнен түсіп,

Жатам көзім қысып.

Тышқандардың момын,

Қайнатамын сорын...

Ғұмыр бойы қысып,

Содан көзім қысық...

(Мұзафар Әлімбаев)


2.Есте сақта

Маса ызыңдайды;

Шыбын ызылдайды;

Сауысқаг шықылықтайды;

Тауық қыт-қыттайды;

Тырна тыраулайды;

Торғай шырылдайды.



3.Жаңылтпашты жаңылмай айт.

Қай тай лақтай,

Қай лақ тайлақтай.

V.Сабақты қорытындылау

31 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ойша елестете отырып суреттеу.

Мақсаты: 1. Оқушыларды ойша елестете отырып суреттеуге үйрету;

2.Берілген тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту;

3.Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: ойша елестету арқылы суреттеуге үйренеді.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.


  • Көзіңмен көрмеген нәрсені қалай көз алдыңа әкелуге болады?

Мысалы, бірқазан деген құстың қандай болатынын білесің бе? Олай болса, мәтінді оқып шық та, ойша елестете отырып, суретін сал.

Бірқазан ұзын тұмсықты құс. Оның тұмсығы өте ұзын болып келеді. Ал оның астында қалтасы болады. Ол су құсы. Дене тұрқы үйрекке келеді. Бірақ мойны үйректікіндей тік емес, аққуға ұқсас имек. Құйрық жағы да аққуға ұқсайды. Ал аяғы тура үйректікіндей, бірақ қысқа болып келеді.

Бірқазан ірі құстардың қатарына жатады. Оның дене тұрқы 1,8 метрдей болады, ал салмағы 13 келіге дейін жетедй.

Қызыл бірқазан және бұйрабас бірқазан болады. Бұйрабас бірқазанның шүйде тұсындағы қауырсыны ұзын әрі бұйра болып келеді. Бұйрабас бірқазанның тұмсығының астындағы қалтасы әдетте ақшыл сары болады. Ал кейбір кезде қызғылт болып кетеді.



*Суреттегі бірқазанды боя. Мәтінге қарап отырып, өзің бірқазанның суретін сал.

1.Мәтінді мұқият оқы. Оның тақырыбын және негізгі ойын анықта. Қарамен берілген сөздерге назар аудар.

Құраған ағашқа тоқылдақ келіп қонды.

Өзі бір ерекше тоқылдақ екен. Басы мен арқасы қап-қара. Шүйдесінде ашық қызыл түсті ноқаты бар. Ал қара қанаттарында ақ сызықтар мен ноқаттар бар екен.

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

2.Суретке мұқият қара. Тоқылдақтарды суретте көрсетілгендей етіп боя. Саған қай тоқылдақ көбірек ұнады?

1.Шұбар-ала тоқылдақ

Басы қызыл

Қанаттары ақ-қара

Кеудесі ақ

2.Жасыл тоқылдақ

Басы қызыл

Қанаты қоңыр

Кеудесі ақшыл жасыл

3.Қара тоқылдақ

Басы қызыл

Қанаты қараша

Кеудесі де қара

*Енді осы тоқылдақтардың бірін жұрт қызыға қарайтындай етіп суретте.__________________________________________________________________________



V.Сабақты қорытындылау

32 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Заттың нышаны

Мақсаты: 1. Оқушыларға белгілі бір заттың нышаны туралы түсінік беру;

2.Берілген тапсырмаларды орындау барысында заттың нышанын табуға үйрету;

3.Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: заттың нышаны туралы түсінік алады.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.


Белгілі бір затты суреттегенде оның белгілерін көрсетесін. Немесе оны нышан деп те айтады.

Сол арқылы суреттеу пайда болады.

Айрықша белгілер «қандай?» деген сұраққа жауап береді.

Кез келген затты суреттегенде ең маңызды белгілерді таңдап ал.

Ол негізгі ойды ашуға көмектеседі.

1.Мәтінді мұқият оқып, негізгі ойды анықта. Оны табуға қандай белгілер көмектесті?

Аң патшасы арыстан салтанатты кеш ұйымдастырыпты. Оған ормандағы жан-жануарлар тайлы-тұяғы қалмай жиналыпты. Төрге арыстан отырыпты. Оның қасына қасқыр, түлкі, аю және қоян жайғасыпты.

Арыстан басына тәж киіпті. Онысы неше түрлі асыл тастармен көмкерілген екен. Жан-жағына қараған сайын ол тастар жылт-жылт етіп, неше түрлі сәуле шашаыпты. Үстіндегі шапанының өзі жылт-жылт етіп, көздің жауын алыпты.

Әншейінде сұп-сұр болып жүретін қасқыр да барынша сәнденіпті. Ақ көйлек, қара костюм-шалбар киіп, мойнына қызыл галстук тағыпты. Бойын тік ұстаған қасқыр түлкі бикешті биге шақырыпты.

Қашаннан сылқым түлкі бүгін тіптен түрленіп кетіпті. Етегі желбір-желбір қызыл көйлек киіпті. Мойнына қызыл моншақ, құлағына қызыл сырға тағыпты. Ал көйлегінің белдігі жып-жылтыр екен.

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

2.Мәтіндегі негізгі ойдан шықпай, аю мен қоянның киімін суреттеп жаз:_______________________________________________________________________________

3. Мәтінді мұқият оқы.

Әтеш аулаға қыдыруға шыққын. Айналадағылардың барлығы ұсқынсыз әтешті мазақтай бастады.

-Қайғырма, - деді көлеңкеде жатқан Ит. Бояуларға бар, олар саған көмектеседі.

Әтеш түрлі-түсті бояуларға келіп, көмек сұрады.

-Мен саған көмектесемін, - деді қызыл бояу. Сөйтті де, Әтештің айдары мен сақалын қып-қызыл етіп бояп берді.

Көк бояу құйрығының бояуларын бояды.

Қанаттарына жасыл бояу , ал кеудесіне сары түс көмектесті.

Әтеш айнаға қарады да, өз-өзін танымай қалды.

Осылайша, Әтеш түрленіп шыға келді.

(Владимир Суттеевтен аударылған)

*Әтешті суретте. Ал суретті соған қарай боя._______________________________________________________________________________

V.Сабақты қорытындылау


33 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Хабарландырудағы суреттеу

Мақсаты: 1.Хабарландыру туралы түсініктерін кеңейту;

2.Берілген тапсырмаларды орындау барысында суреттеу түріндегі жұмбақтарды шешуге үйрету;

3.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже: сурет түріндегі жұмбақтарды шешуге үйренеді.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ

1.Аялдамада тұрып, хабарландыруға көзің түсті. Онда былай деп жазылыпты:

Кеше кешкілік осы арада ит жоғалып кетті. Аласа бойлы, құйрығы бұйра-бұйра қара ала күшік. Кеуде тұсы әппақ. Аты Ақтөс. Мойнында қарғыбауы бар. Егер көрген-білгендер болса, хабарласуларыңызды өтінеміз.



*Жоғалған иттің айрықша белгілерін жаз. Қалған иттерді суретте.

Иттің аты:________________________________________

Түсі:_____________________________________________

Құйрығы:_________________________________________

Бойы:____________________________________________
*Енді суреттен осы итті тап.

ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

Ширату.

1.Өлеңді мәнерлеп оқы және жаттап ал.

Тұрған аяқ,

Қашұан аяқ.

Оңға, солға

Басқан аяқ.

Үлкен аяқ,

Кішкене аяқ.

Ара шағып,

Іскен аяқ.

Қисық аяқ,

Түзу аяқ.

Шолақ аяқ,

Ұзын аяқ.

Бүтін аяқ,

Сынық аяқ.

Жүреміз біз

Мұны да аяп.

(Қадыр Мырза Әлидің аудармасы)
2.Суретте.

Қашқан аяқ қандай болады?

Ал ұзын аяқты қалай суреттейсің?

3.Жұмбақты шеш.

Қаласы бар, үйі жоқ; өзені бар, суы жоқ.

Орманы бар, бүрі жоқ; бақшасы бар, гүлі жоқ.

(Географиялық карта)
V.Суреттеу түріндегі жұмбақ.

1.Жұмбақты шеш.

Бүктегенде бір уыс,

Шаңырақтай жайғанда,

Қолтығына тығылып,

Жүреміз күн жауғанда.


  1. Суреттегі жәндіктердің неге ұқсайтынын суретте. Сол сенің жұмбағың болсын.


. Өзің жұмбақ құрастыр.

Жұмбақтың үш түрлі құпиясы болады.

- жасырылып отырған заттың аты аталмайды;

- оған ұқсас зат туралы айтылады;

-жасырылып отырған затты тез табу үшін оның айрықша белгілері суреттеледі.

4.Жұмбақтарды жалғастырып жаз. Ол үшін берілген суреттерді пайдалан.

Көк темірден ілгегі,

Бір кереге түймелі.

Оңай ашып-жабады,

Үлкен-кіші ________
Оң жағымда бес сарбаз,

___________бес сарбаз.


Көк ала костюм _______

Күннің көзін сүйеді.



VІ.Сабақты қорытындылау
34 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Болған оқиға. Болған оқиға ма, ойдан шығарылған әңгіме ме?

Мақсаты: 1.Оқушыларға болған оқиға мен ойдан шығарылған әңгіме туралы түсінік беру; 2.Тапсырмаларды орындату арқылы отырып, олардың айырмашылығын таба білуге үйрету;

3.Оқушылардың тіл байлықтарын дамыту.




Күтілетін нәтиже: Екпін туралы түсінік алады.

Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.

  • Егер шын мәнінде не болғаны туралы айтылса, ол болған оқиға.

Мұндай оқиға әдетте бірінші жақтан баяндалады.

Ал ойдан шығарылған әңгіме көбінесе үшінші жақтан баяндалады. Кейде бірінші жақпен баяндалуы да мүмкін. Әңгіме қызықты болу үшін ойдан шығарылады



1.Екі мысалды оқы. Қайсысы ойдан шығарылған? Қайсысы шын мәнінде болған оқиға? Оларға ат қой.

Үйге жаттап келуге тақпақ берілген еді. Қас қарайғанша ойнап жүріп, тарс есімнен шығып кетіпті. Енді қайтпек керек? Екі көзімді уқалап –уқалап қызарттым. Аузыма жарты парақ қағазды умаждап-умаждап салып алдым. Тісі ауырып, ісіп кеткен баланың дәл өзі болып шыға келдім.

Апай менің «жағдайымды» көрді де:

-Ерлан, тісің ауырып отырса, қиналмай-ақ қой. Келесі сабақта айтарсың, - деді. Ой қуанғанымды көрсең!

***

Алмас пен Ернұр сөйлесіп отыр.



-Кеше біз тауға бардық, - деді Алмас. Әкем түлкі соғып алды.

-Біз әкеммен көлге бардық. Әкемнің қармағына кит ілінді. Үлкеееееен болғанда үлкен , - деді Ернұр да қалыспай.



ІІІ.Сергіту сәті.

ІV.Дәптермен жұмыс

Ширату.

1.Өлеңді мәнерлеп оқы және жаттап ал.

Үсті –басы кір,

Бұл-бір.

Сөзі дөрекі,

Бұл-екі.

Аяқ-қолы күс,

Бұл-үш.

Бергіш-ақ серт,



Бұл-төрт.

Айтқанға көнбес,

Бұл –бес.

Осындай Аман,

Сондықтан жаман

(Ермек Өтетілеуов)

2.Суретте.

Аман секілді баланы қалай суреттейсің?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Мақалдың мәнін біл.

Көп ақылды жиналса,

Қиын істі бітірер.

Көп ақымақ жиналса,

Оңай істі бүлдірер.


  • Басы бар әңгіменің соңы болады.

Ал осы екеуінің ортасында негізгі бөлік жатады.

2.Әңгімені мұқият оқы. Басын, негізгі бөлігін, соңын белгіле.

«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» (Ыбырай Алтынсарин)

3.Суретке мұқяит қара. Қайсысы басы, қайсысы аяғы?

V.Сабақты қорытындылау

3-сынып





Өтілетін сабақ тақырыбы

Сағат

саны


Уақыты


Ітоқсан

1

Шешендік өнер нені үйретеді?

1




2

Жазда не байқадың?

1




3

Жақсылық пен жамандық

1




4

Сенің сөйлеу мүмкіндігің

1




5

Қарым – қатынас әліппесі

1




6

Сөйлеу мәдениеті

1




7

Тіл және сөйлеу

1




8

Шежірені білесің бе?

1




9

Жаттап алмай, еркін әңгімеле

1




II тоқсан

1

Қысқа да нұсқа сөйлейміз

1




2

Мақтау және мадақтау

1




3

Тыңдаймыз және түсінеміз

1




4

Тыңдаймыз және тереңіне бойлаймыз

1




5

Кітап оқимыз

1




6

Жаңа ойды жаңа жолдан жаз

1




7

Шығарманы өңдеудің тәсілдері

1




ІІІ тоқсан

1

Әдемі сөйлеп үйренейік

1




2

Сыпайылық деген не?

1




3

Әдепті деген кім, әдепсіз деген кім?

1




4

Сәлем - сөздің атасы

1




5

Сыпайы сөйлеуді үйренейік

1




6

Сауатты жаза біл!

1




7

Сөздерді дұрыс айта біл!

1




8

Сөздерді дұрыс қолдана біл

1




9

Өз сөзіңмен айтып бер

1




10

Кітап – алтын қазына

1




IV тоқсан

1

Керек жерін таңдай біл

1




2

Диалог

1




3

Монолог

1




4

Құттықтау және тілек айту

1




5

Мәтіннің түрлері

1




6

Салыстыру

1




7

Пайымдау

1




8

Өзіндік пікір

1




Барлығы

34 сағат

Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет