Кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «шешендік өнер әліппесі»



бет6/11
Дата28.01.2018
өлшемі3,98 Mb.
#34398
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дәптермен жұмыс

(Шартты белгілер схемасын мұғалім көрсетіп түсіндіреді)


1-тапсырма

Мұғалім математика сабағында балаларға есеп берді. Есепті шығару үшін есептің негізгі және маңызды сөздеріне логикалық екпінді пайдаланады. Мұғалім қай сөздерді қалай белгіледі?


2-тапсырма

Есептің негізгі бөлігін тауып, логикалық екпінмен оқылатын жерлерге шартты белгілер қой.


3 тапсырма

Төмендегі өлеңді оқы. Өлең қандай екпінмен оқылады? Мұз, мұрын сөзін негізге алып, ауызекі тілдесу құралдағы дауыс ырғағын, екпін, бет-әлпет қимылын, ишараны, кідірісті пайдалан .



(Қ.Мырза Әли туралы қысқаша айтып кетуге болады)
4-тапсырма

«Буратино бұзылды» өлеңін тағы бір оқы.

Басыңнан өткен қызықты бір оқиғаны есіңе түсіріп көр.


  • Әңгімелеп бере аласың ба?

  • Мүмкін тақпақтап айтарсың?


5-тапсырма

М.Төреановтың әңгімесін логикалық екпіндерді ескере отырып, дауыстап оқы. Оқығаны өзіңнің басыңнан өткендей елестетіп, бас кейіпкері болып айт.


ІV. Қортынды

Оқушыларға оқыту



Рефлексия

  • Балалар, бүгін біз не үйрендік?



13-сабақ

Тақырыбы: Шартты белгілер

Мақсаты: Оқушыларға дауыс ырғағына байланысты шартты белгілер туралы мағлұмат беру арқылы шартты белгілерді мәтінге түсіруді үйрету.

Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру, машықтық.

Көрнекілігі: журнал, мағыналы плакаттар

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.



ІІ. Қызығушылығын ояту

(Оқушыларға оқыту)



ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма

Мұқағали Мақатаевтың өлеңін асқақ сезіммен,

тебіреніспен, көтеріңкі көңілмен оқы.

«Үш бақытым»

2-тапсырма


  • Жәмила жаңылтпашты айта ала ма?

  • Неге?

  • Қандай ұқсас сөздер жаңылдырып тұр?

  • Ол сөздердің айырмашылығы қандай?

  • Жалбыз бен Жәмиланы сөзбен суреттеп бер. Бұл жаңылтпашты қандай екпінмен айтуға болады?

3-тапсырма

Жаратылыстан, табиғаттан тілейтін тағы қандай балалар тілегін білесің? Ежелден келе жатқан малшы баласының тілегінің бір сөлігін өзің таңдап оқы, ауызекі сөйлеудің құралдары: ырғақты, дауыс қаттылығын, бет-әлпет қимылын, ым-ишараны пайдалануды ұмытпа.

«Малшы баласының тілегі»

ІV. Қортынды
Рефлексия


  • Балалар, бүгін біз не үйрендік?



14-15-сабақ

Тақырыбы: Жылы сөз жан жадыратады

Мақсаты: Оқушыларға сөз құдіретін ұғындыру, сөздің қасиетін бағалай білуге және сөйлеу әдебін сақтай білуге үйрету.

Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру, машықтық, топтастыру

Көрнекілігі: журнал, мағыналы плакаттар, смайликтер

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.

Шаттық шеңбері.

Қуан, шаттан, алақай,

Қаунатын келді күн.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күліп шықты бүгін күн!

ІІ. Қызығушылығын ояту

Ә.Дүйсенбиевтің «Не деу керек?» өлеңін балалармен бірге айтады.



ІІІ. Жаңа сабақ

Ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлық, тамаша тәлім - тәрбие берерлік өсиет сөздер бар. Бүгінгі таңдағы жас ұрпақ, сіздердің міндеттеріңіз осы қасиетті сөздермен танысып, оның мән - мағынасын жете ұғынатын дәрежеге жету болып табылады. 

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма

Адамға керегі алдымен жылы сөз. Жылы сөз адамның көңіл күйін көтеріп, қуантады.

«Ай» деген өлеңді оқы.

  • Айға не болған екен?

  • Ақын айды қалай жұбатты?

  • Өлеңнің сол бөлігін дауыс ырғағын түсіністікпен, көңілін көтеретіндей қылып оқы.


2-тапсырма

Өзіңді ең Мейірімді періштедей сезін. Періште мына сөздерді жиі айтады:

  • Қапаланба....

  • Ренжіме...

  • Мазасызданба...

  • Қайғырма....

  • Қамықпа....

  • Ашуыңды баса ғой....


3-тапсырма

Ертегілердің кейіпкері Түлкі қай кейіпкерлерін төмендегідей сөздермен жұбатып, көңілін алады? Үзінді қандай ертегілерден алынған?
ІV. Қортынды

  • Әдептілік, ақылдылық, жақсылық туралы мақал-мәтелдер айту

Жақсының соңынан көп ереді,

Жаманның соңынан шөп ереді.

Адамгершілікке арналған үш сауал бар:

Шөлге құдық қазған бір сауап,

Өзенге көпір салған бір сауап,

Жолға ағаш еккен бір сауап.

Өзін ғана ойлаған,

Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған,

Адамдықтың белгісі.

Рефлексия

 -Оқушылар бір- бірлеріне сүйіспеншілік жүректерін әдепті сөздермен сыйлайды.

Көңілдеріңіз әрқашан көтеріңкі болсын!

Көңілдеріңіз жеткен биікке, қолдарыңыз жетсің!

Пейілдеріңіз ақ моншақтай төгілсін!

Армандарыңыз алып шыңға көтерілсін!

Жүректеріңіздегі жылулық оты өшпесін!

16-сабақ

Тақырыбы: Жұбату- көмектесу

Мақсаты: Оқушыларға сөз құдіретін ұғындыру, сөздің қасиетін бағалай білуге және сөйлеу әдебін сақтай білуге, «жұбату», «көмектесу» сөздерінің мағанасын ашу.

Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру

Көрнекілігі: журнал, мағыналы плакаттар

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.



Шаттық шеңбері.

Қуан, шаттан, алақай,

Қаунатын келді күн.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күліп шықты бүгін күн!

ІІ. Қызығушылығын ояту

«Мен саған көмектесуге дайынмын.»

(оқушылар өз ойларын айтады)

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма


  • «Сен мұңайсаң» өлеңіндегі баланы қалай жұбатты?

  • Өлеңді біреуді жұбатқандағы дауыспен, жұмсап арғақпен оқы.


2-тапсырма

Сенің қолыңа жазбаның қиындылары түсті. Осы қиындылардың ішінен Мақтақыздың құйрығынан айырылған мысығына жұбату хатын құрастыр.


3-тапсырма

Жылдан құр қалған түйені Мейірімді періште қалай жұбатты? Сөзбен бе әлде іспен бе? Түйені тағы қалай жұбатуға болады?


ІV. Қортынды

Мына бұлттың ішіне жұбату сөздерді тауып жаз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет