Курстық жұмысының мақсаты – . Жарнамалық ұйым сайтының дизайны жасаудың алгоритмін анықтау
Курстық жұмысының міндеттері:
Дизайн туралы жалпы ұғымды анықтау;
Жарнама түрлерін анықтау;
Стильдік сайт ұғымы мен жасалуын анықтау;.
Жарнамалық ұйым сайтының дизайны жасау алгоритмі анықтау;
Жарнамалық ұйым сайтының сыртқы көрінісін басқару
Курстық жұмысының зерттеу әдістері: концептуалды талдау әдісі, салыстырмалы әдіс, компонентті талдау әдісі.
Курстық жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер.
Дизайн және жарнама туралы ұғым
Дизайн тарихы және түсініктемесі.
Дизайнның нақты пайда болу мерзімін айту қиын. Қазіргі түрдегі дизайн XX ғасырдың басында, өнеркәсіп өндірісі дамығанда пайда болған. Өнеркәсіптік дизайн (немесе дизайн) ұғымы бүкіл әлемде 1959 жылы қолданыс тапқан.
«Классикалық» дизайнда екі негізгі бағытты атап өтуге болады: неміс (Баухаус) және Ресейлік (ВХУТЕМас). «Баухаус» құрылыс және мәдениет құрылымының жоғарғы мектебі Германияда 1919 жылдан 1933 жыл аралығында болған, бірақ оның идеяларының ықпалы қазіргі дизайнда сақталып келеді. Мәскеу мемлекеттік жоғарғы мәдениеттік- техникалық шеберханалары (қысқаша ВХУТЕМас, (қаз. ММЖМТШ)) 1920 жылы құрылған.
Дизайн әлеміндегі толық төңкеріс компьютерлердің пайда болуына ықпал жасады. Бірінші графикалық бағдарламалар «Амигте» болған (Мыс, Graficraft), бірақ олардың аспаптары шектеулі болатын. Одан кейін күрделі
графикалық пакеттер пайда бола Компьютерлік графиканың дамуына Ulead компаниясы үлкен үлес қосты. 90-шы жылдардың басында ДК үшін Photostyler бағдарламасы алғашқы болды, бірақ оны бірнеше жылдан кейін Photoshop бағдарламасы
Дизайн дегеніміз - заттық ортаны қалыптастыру бойынша жобалық пәнаралық көркемдік-техникалық іскерліктің түрі. Дизайн дегеніміз - форманы мазмұнынан нақты объектілерді формальді (немесе абстракты) объектілермен алмастырып бөлу.
Дизайнның 3 түрі бар:
графикалық дизайн;
өндірістік дизайн;
архитектуралық ортаның дизайны.
Графикалық дизайнның жобалау объектілері пиктограммалар, фирмалық стильдер, түрлі визуалды коммуникациялар және т.б. болып табылады. Өндірістік дизайнның жобалау объектілері машиналар, құрылғылар, жиһаз, ыдыс, киім болып табылады. Архитектуралық ортаның дизайнын жобалау объектілері интерьер дизайнымен қоса, үй салу және олардың комплекстері болып табылады.
Футородизайн дегеніміз - қазіргі таңда қандайда бір себепті қолданыла алмайтын болашақтық жобалардың дизайны. Технологиялардың дамуы сайттарды жетілдіре түсті, web-беттің көркемделуіне үлкен көңіл бөліне бастады. Сурет графикасы әдемі, сапалы жасалуы бағалана бастады. Осылармен бірге web-дизайн дами түсті. Web-дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады. Қазіргі таңда web-дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т.б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік
графикамен жұмыс жасайтын ,бағдарлама-құралдарының кең таңдауын, html және java кодтарын қолданады. Бұл оның әлі де даму үстінде екенін көрсетеді. Web-дизайн білім мен өнердің қосылысы.
Веб-дизайн (Web page design) – пайдаланушының веб–браузер басқа да графикалық веб–интерфейсімен технологияларды қолданып, веб жүйесі арқылы электронды мазмұнын жеткізетін жобалау, жоспарлау, модельдеу немесе жүзеге асыру үрдісі.
Веб-дизайнның негізгі аспектілері мыналар:
Мазмұны.Сайт тақырыбының ақпараты толық болуы керек.
Қолдану қолайлығы.Сайттың ыңғайлы, қарапайым болуы керек.
Сыртқы түрі. Сайттың барлық беттерінде графика мен мәтін бір стильде орналасуы керек. Безендіру стилі кәсіби, тартымдытүрде болуы керек.
Көрінісі. Сайт көптеген іздеу жүйелері және жарнамалық аудандарда оңай табылуы тиіс.
Стильдік сайт – ол әрбір бет өзінше айрықшаланған көптеген немесе барлық дерлік сайттар үшін қажетті көркемділікке ие. Қай уақытта бағытталу жеңіл және ақпараттарды іздеу негізінен адасып қалу және уақытты көптеп жоғалту қаупі болады. Бұл негізінен әрбір бет минуттан кіші уақыт ішінде жылдам жүктелетін кезде жеңіл және қауіптігі аз болып саналады. Сайттың стильділігі бірнеше тәсілдермен жүзеге асырылады. Стильді құру кезінде қатысатын келсі элементтерді бөліп көрсетуге болады:
Шрифт – басылым көлемінде ол бірдей сипаттамаларие болуы қажет – атап айтатын болсақ, гарнитурасы (сызылуы), кегель (биіктігі) және түсі.
Азат жол – мүмкіндігінше беттегі теңестірудің түрлрінің бір болуы қазжет, мысалы, басылым сол жақ шеттен оң жаққа қарай теңестірілген болуы мүмкін.
Сайттың түстік схемасы – ол қарапайым мәтінді, сілтемелерді және келіп кетушілер сілтемелерін ұсыну үшін пайдаланатын үш түсті таңдап алудан басталады. Барлық осы аталған параметрлер тэгте көрсетіледі. Мұндағы түстік схема өз кезегінде басылымның барлық беттерінде қайталанатын болады, ол негізінен келушілерде сайттың бір бірімен байланыстылығы туралы сезім ұяландырады.
Сайттың графикалық безендірілуі жалпы түстік схемаға сүйенуі тиіс. Барлық графикалық элементтерді екі үлкен класқа бөлуге болады: суреттелген және фотошынайы суреттер. Негізі осы екі типті безендіру барысында араластырмаған жақсы болады. Егер сайтта фотографияларды пайдаланатын болсаңыз, онда оны пайдаланардан алдын немесе сайтқа орналастырудан алдын өңдеуден өткізіңіз – ең жақсысы мүмкіндігінше тондық және түстік коррекциялаудан өткізіп, кадрлауды жүргізіп, өлшемді таңдап және фотографияның шеттерін өңдеу жолын табыңыз. Одан ары алынған безендіруді барлық сайт бойынша пайдаланыңыз. Міндетті түрде фотографияларға ALT параметрінде және тэга IMG түрінде түсіндірмелер берңізі – ол фотографиядағы қойылған қол сияқты қабылданады және одан басқа пайдаланушыны сол бет қызықтырып отырған болса, онда оның күткен ойынан арылуына көмек тигізеді.
Барлық уақытта келіп көрушілерге басты бетке өту мүмкіндігін жасаңыз. Көптеген келіп көрушілер сіздің бетіңізге іздеу жүйесі арқылы түсіп кететінін, яғни басқаша айтқанда бірінші бетке емес басқа беттерін түсуі және ол жерден басты бірінші бетке өту алу мүмкіндігін қалдырыңыз. Егер навигациялық панельді графикалық құралдармен толтыратын болсаңыз, онда міндетті түрде оның мәтіндік көшірпмесін жасап және оны қандайда бір төменгі жаққа орналастырыңыз (мәтін графикаға қарағанда жылдам қосылады:).
Сіздің келіп көрушілеріңіздің монитор экранының көрсету қабілеттері бойынша статистиканы міндетті түрде қарап көріп және пайдаланушылардың көпшілігінің көңілінен шығуға тырысыңыз.
Сілтемелердің дұрыс құрылымдануына үлкен назар аударпыңыз. Осы аталған жағдайда негізінен сілтемеге келіп етушілердің назар аударуының шоғырлануы көп байланысты болады: Дұрыс емес құрылған сілтеменің мысалы: «Жақсы тәртіп немесе жақсы қарым қатынас жасаудың ережелерін жақсылап білу үшін «мұнда» сілтемесін басыңыз. Ақпараттылық тұрғысынан алғанда сілтемені келесідей жасаған дұрыс: «Жақсы әрекет ету ережелері бойынша сіз осы жерде жақсы біле аласыз».
Осы қу емес ережелерді сақтау негізінен сіздің беттеріңізге кәсіби көрініс беруге мүмкіндік береді және ондағы ақпаратты, басқаша айтқанда сіздің сайтыңызды жеңіл таба алатын және жеңіл көре алатын етеді.
Бет макеті негізінен таңдалып алынған ақпараттық құрылымға байланысты және модульдік торлар негізінде құрылады.
Модульдік тор – веб – беттер блогының белгілі бір тәртіпте және композицияда орналасуы.
Әлемдік тәжірибеде беттер құрылымын түзудің бірнеше жалпы схемалары жасалынған және іс жүзінде барлық сайттар барлық мүмкін болатын модуляяцияларымен бірге түрлердің ішіндегі бірін ана пайдаланады.
Модульдік торлар түрлері. Мұндағы жеке блоктардың өлшемдері негізінен жалпы кестеге және өзінің арналуына байланысты тағайындалады. Көпшілік жағдайда колонналар ені үшін модульдік өлшем ретінде баннерлерді стандартты өлшемдеріне жақындатылған өлшем пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |