Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет27/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

Ағауыз. Тіл астының сары сулы ісігі. Тіл асты сілекей бездері түтіктерінің жарақаттануынан, қабыну салдарынан болатын ауру. Кей жерде итемшек деп те аталады.

Адырақ көз. Ауру-сырқат салдарынан сыртына шығыңқы келген көз.

Айкезбе. Ай сәулесінен қозатын жүйке дерті. Аспандағы ай толысқан кезде кейбір сезімтал адамдардың өз-өзінен мазасызданып, ұйқысы келмей, ерекше шабыттанып, түн ішінде ұйқысырап тұрып кетіп, үйдің шатырына шығып, көше кезіп кететін ауруы. Айға байланысты халық жадында сақталған наным-сенім, аңыз-әңігмелер көп-ақ: 1. Адам денесіндегі кейбір жара, сүйелдерді айға көрсетіп емдейтін ырым болған; 2. Айға қарап ұйықтауға, бесіктегі баланың бетін ашық-шашық қалдырып, айдың жарық сәулесін тікелей түсіруге тыйым салынған. Әйтпесе, есі ауып, аузы қисайып қалады, айдың шалығы тиеді деп санаған. 3. Айға қарап қол шошайтуға болмайды.

Ақдақ. Тіл мен ұртқа, ерін мен таңдайда шырышты қабығының созылмалы қабынып ауыратын ауру түрі. Алғашқы пайда болған ақ нүктелер бір-бірімен қосылып жайылып, ақ таңбаға айналады. Кейде ақтаңба деп те аталады.

Аққан. Қанның ісік сипатындағы ауруы. Мұнда қан құрайтын органдар зақымдалады.

Ақноғала. Бұл адамның көз жанарына ақ шел, жұқа ақ май қабыршығы өсіп, оның көруін нашарлататын ауру. Кей жерлерде ақшел, көздің ағы, көз сүйелі деп те аталады.

Ақтаңдақ. Денеге түскен ақ түсті теңбіл.

Ақшамсоқыр. Көздің кешке қарай мүлдем көрмей қалуы. Кей жерде тауықкөз деп те аталады. Бұл аурумен ауырған адамның жай уақытта көрсе де, кеш бата, ел орынға отырар елең-алаң шақта тауықтар сияқты көзінің көруі нашарлай қалатын жағдайы бар. Мұндағы ақшам сөзі көне түркі тілінде «кеш, кешкі мезгіл» деген мағынаны береді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «ақшам» сөзін «іңір, апақ-сапақ кез» деп көрсеткен. Яғни, мұндай мезгілде қап-қара түнек болмай, күңгірт тартып сәл-пәл көрінетін уақыт. Осыған байланысты ақшам соқыр ауруы кезінде жоғарыда айтылғандай көздің тіптен көрмей қалуы емес, сәл де болса көру қабілеті бар екендігін аңғартады.

Ақшел. Көз бұршағы мен оның капсуласының бұлдырауы.

Ақшешек. 10 жасқа дейінгі балаларда жиі кездесетін, теріде және шырышты қабаттарда ұсақ көпіршіктердің пайда болатын, улану белгілерімен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Кейде желшешек, ұлпашешек деп те аталады.

Алапес. Емдеуге қиын жұқпалы созылмалы ауру. Кейде құлғана, мақау, қотыржелдену деп те аталады.

Алқымы ісу. кейде бұғақ ауруы, жемсау, тамақтағы ұры деп те аталады.

Апат. Вирустар қоздыратын аса қатерлі мал мен хайуандар тудыратын жұқпалы ауру. Кейде тырыспай, оба деп те атайды.

Асқазан ауруы. Асқазанның кілегей қабығының қабынуы. Көбіне дұрыс тамақтанбаудан болады.

Асқазанның жаман ісігі. Қышқылдығы төмен асқазанның созылмалы қабынуымен, ойық жарамен ұзақ мезгіл сырқаттанушыларда жиі пайда болады. Басқаша атауы – жаман ауру.

Асқазанның қабынуы. Өңеш пен он екі елі ішек аралығындағы асқорыту органының қалыпты қызметінің бұзылуы.

Асқазанның қыжылдауы. Организмдегі қышқыл мен сілті ара қатынасының бұзылып, қышқыл аниондарының артық түзілуі салдарынан пайда болатын ауру.

Ауыздық. Жұқпалы ауру салдарынан еріннің сырты, ауыздың шырышты қабатының шетінің қабынуы, қан ағып, құрғап, тілінуі. Езуге ауыздық шықса жүгеннің ауыздығымен емдейді. Бұл атаудың ауыздық деп аталуы осы ауыздықпен емдеуіне байланысты шықса керек.

Ауыз уылуы. Ауыз шырышты қабығының қабынуы. Кейде құрқұлақ деп те аталады. Медицинада ашытқы тәрізді қоздырғыштың өсіп-өнуге ыңғайлы жағдай туғанда патогендік жағдайға ие болып, паразиттік күйге көшіп, сырқаттық үрдіс тудыруы.

Ашу. Қандай бір себептерден болып терідегі ұсақ жүйке талшықтарының қозып, тері қышып, оның әсерінен қызып аурудың пайда болу. Қышыма деп те аталады.

Ашығу. Ас, тамақты қабылдауды шектеу, энергетикалық шығынды толықтыруға қажетті азықтың организмге мүлде келмеуі, жеткіліксіз келуі немесе сіңбеуі нәтижесінде пайда болатын күй.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет