Кіріспе тақырыптық жоспар Технологиялық практика мазмұны



бет7/9
Дата24.01.2022
өлшемі47,51 Kb.
#129735
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Зарина БАҚ КАФЕСІ ОТЧЕТ ПРАКТИКА

А ля карт бұл қонақтар мәзір карталарынан өздері қалаған сусын мен тағам түрлерін таңдайтын қызмет көрсету түрі. Тапсырыс аспазханаға беріледі және сол арада тағам пісіріле бастайды. Мұндай қызмет көрсету түрінде тұтынушы даяшыдан кеңес ала алады. Ал даяшы болса, қонаққа тағам мен сусын таңдауға белсенді түрде көмк беруі қажет.

А парт қонақтар алдын ала тапсырыс беріліп белгілі бір уақыт кезеңі өткеннен кейін қызмет көрсетулерді алады. Бұл қызмет көрсету тәсілі курорттар мен емдік санаторияларға тән.

Табльдот бұл қонақтардың барлығына бірдей және бір уақыт аралығында қызмет көрсету. Бұл әдіс көбінесе пансионаттар мен демалыс үйлерінде, басқа да құралдар мен аспазхана мүмкіндіктері шектеулі орналастыру орындарында жүзеге асырылады.

Швед үстелі бұл басқару түрі кең тағам ассортиментімен сипатталады. Мұнда үстел асынан қалаған тағам түрін алуға мүмкіндік болады. Бұл үстел тамақтану орнының категориясына байланысты бай немесе тапшы болуы мүмкін.

Буфетті қызмет көрсету;

Қонақ үй номерінде қызмет көрсету бұл жерде персоналдың ерекше дайындығы қаже болады. Номерлерде жұмыс істейтін персонал үстел сервировкасымен қатар тағамдардың берілу кезектігін, қызмет көрсету техникасын, номердегі тәртіп ережелерін де білуі қажет. «Нөмірлерде қызмет көрсету» ұғымы бұрын қонақүйлердің тұрғындар бөлімінде қызмет жасау деп түсіндіріледі. Ал қазіргі кезде ол өте қысқа ұғымда – нөмірлерге сусын және тағам тасымалдаумен түсіндіріледі. Қонақүйдің тамақтану кешенінің бұл бөлігінің сапасын көтеру үшін екі бағытта жұмыс істеу керек:

Біріншіден – түскен сұраныстардың уақытын оздырмау, әсіресе таңертеңгі қонақтар арасында үлкен сұранысқа ие. Екіншіден – үнемі мұндай қызмет үшін бағаның төмен болуына ұсыныс жасау. Қоғамдық тамақтану кәсіпорнының басты аспектілерінің біріне қызмет көрсету жатады. Қызмет көрсету кез келген әрекет секілді белгілі бір ережелер мен нормаларға сай болуы керек. Қызмет көрсетудің де өз алдына мәдениеті мен қағидалары бар.

Қызмет көрсету мәдениеті тәжірибелік тәлімдер мен ережелерге сүйене отырып белгілі бір нормамен қызмет көрсетуге бағытталған қоғамдық орынның басты элементі.

Қызмет көрсету мәдениеті кешенді ұғым, ол мыналарға сүйенеді:

- қызмет көрсету кезіндегі экологиялық тазалық пен қауіпсіздік;

- интерьердің эстетикасы мен ыңғайлылық пен қызмет көрсету шарттарын жасау;

- қызмет көрсету процессі мен жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін білу;

- қызмет көрсетудің этикалық нормаларын персоналдың біліп сақтауы;

- сусындар мен тағамдардың берілу кезектілігін білу мен сақтау;

- үстел сервировкасының негізгі ережелерін білу. [10,26-42б.].

Тамақтану орнындағы негізгі қызмет көрсетушілерге мыналар жатады:

Шеф повар өндірістік прцесстерге жауап беретін, тамаөтану орнының аспазханасында болып жатқан жағдайды толық мойнына алады. Өзінің қызметімен қоса ол мынадай шешім қабылдаулар мен кедесідей сұрақтарды шешеді:

- өндірістік процесстердің дұрыс ұйымдастырылуы мен жаңа прогрессивті технологияның қолданылуы, жаңа еңбек тәсілдерін енгізу;

- операцияларды басқарып, тағам дайындау мен сервировкалау үлгісіне жауап береді;

- тағамнаң өз уақытымен, қажетті сапада пісірілуін қамтамасыз етеді;

- үнемі тағам пісірілуі мен норма бойынша сервиздеуден өткенін қадағалап отырады;

- аспазханадағы технология мен құрал жағдайына жауап береді;

- ереже мен норма бойынша аспазхананың қажетті санитарлық жағдайын бақылап отырады;

- тағамға кететін шикізат шығынығ қадағалап, артық қор жағдайын бақылайды;

- аспазхананың басқа да жұмысшыларыныңоқытылуы мен квалификациясының жоғарылауына жауап береді;

- аспазханан жұмысшылары арасында жауапкершіліктерді бөледі және ас дайындау инструктажын жасайды;

-қауіпсіздік пен еңбек қорғанысы нормаларының есебін жасайды.

Бұл қызметкер өз қарамағындағы кез келген персоналда жұмыстан босату құқығына ие.



Белгілі бір аймақ аспазшысы мынадай қызметтер атқарады:

- өзіне тиесілі аймаққа жауап береді;

- тағам дайындайды және оның безендіруіне де жауап береді;

- өз аймағындағы персоналды толық оқытады және олардың әрекетін бақылайды;

- өзінің аймағындағы шикізат пен азықтың қолданысқа сай болуын қадағалап отырады;

- өзі қызмет ететін аймақтың тазалығы мен саитарлық нормаларына жауап береді.

Ол шефповар немесе оның көмекшісінің бақылауында болады. Ол шикізат жұмсаудың нормаларын, есеп ережелерін, шикізат сақтау ережелерін, техникалық шарттар мен қауіпсіздік ережелерін білу қажет.

Аспазхана стюарды:

- асханадағы барлық құралдар мен ыдыстардың, техника мен технологияладың тазалығына жауап береді;

- аспазхананы толығымен еден мен жарды қоса жуып, үнемі тазалап отырады;

- тоңазытқыштар мен шкафтарды, плиталар мен тамақ сақтайтын сөрелерді үнемі тазалықта сақтап отырады;





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет