Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі


Сабақ жоспарына қалыптастырушы бағалауды енгізу



бет11/30
Дата07.09.2022
өлшемі1,56 Mb.
#148899
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Байланысты:
А.Ж.Алмағанбетова

Сабақ жоспарына қалыптастырушы бағалауды енгізу
Барлық сабақтың аяасында нәтижелері жазылып отырлатын қалыптастырушы бағалау жүргізіле бермейді. Оқушылар баға алмас бұрын,оқытылған пәнді түсініп, ондағы дағдылырды меңгеруге мүмкіндік алу керек.Оқу мақсатының күрделігіне қарай оқыту мен бағалау бір сабақ барысында немесе бірнеше сабақ бойында өту мүмкін.
Мысал ретінде алынған біздің оқу мақсатымызды пайдалана отырып,бағалау жөніндегіәдістемелік нұсқаулықтың оқу мақсатына қалай бағалауға болатыны туралы мәлімет білуге болады. Бұл мәлімет нұсқаулықтың «Бағалауға арналған ұсыныс» атты бағанында беріледі, төменде сол кеңестен үзінді келтірілген:
Қалыптастырушы бағалау үшін қолданылатын жаттығуды таңдаған соң мұғалім жөніндегі әдістемелік нұсқаулыққа сүйене отырып, оқушылардың оқу мақсатына «жеткенін» немесе әлі де «талпынуда» екен анықтауға арналған табыс критерийлерін анықтайды. Оқу мақсатында «талпынуда» оқушылар үшін өте пайдалы ақпарат болып табылады. Себебі күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылар сол ақпараттың негізінде бұдан кейінгі сабақтарды бейімдей алады.



Оқушы оқу мақсатына жетті, себебі

Оқушы оқу мақсатына талпынады, себебі

Оқушылар сәлемдесу түрін біледі.
Түрлі қимыл ым-ишараны қолдана отырып амандаса алады.
Заттарды сипатттау үшін сөз тіркестерін қоладана алады.
Сәлемдесу тақырыбына қатысты әңгімелер, өлеңдер айта алады.
Сөзді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оған сәйкес дұрыс әрекет ете алады.

Сәлемдесудің жаңа түрін кезектесе орындай алады.
Түрлі эмоцияда сәлемдесу түрлерін айта алады.
Берілген заттарды сипаттауда қиналады.
Бұл заттарды не үшін қолданылатынын біле бермейді.
Қай кезде қолдануға болатынын білмейді.
Сұрақтарға мұғалімнің көмегімен жауап бере алады.
Бұл заттардың өмірдегі маңыздылығын түсінуде қиналады.



Сабақты өткізбес бұрын бұл ақпаратты жинақтап, жазбаша жоспарда қарастыру тиімді шара болып табылады. Рефлексия жасау кезінде бұл жоспарды үнемі көз алдында ұстап оған түсніктеме жазып отыру да мұғалімнің жұмысын жетілдіруге септігін тигізеді. Бұл мұғалімге келесі сабақты жақсартып, онда қолданылатын ресурстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл басқа мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдермен ақпарат алмасып, озық тәжірибемен бөлісуге жол ашады. Сабақ жоспарында мұғалім:


• Сәйкес оқу мақсаттарын нақты тұжырымдау;
• Сабақ жоспарының әртүрлі құрамдас бөліктерінің тиісті мәліметтерін қосу (оқу жоспарындағы сабақ жоспарының үлгісін қараңыз);
• Логикалық реттелген және оқушыларға және сабақтың мақсаттарына сәйкес келетін кезеңдер, жаттығулар мен тапсырмалар туралы толық ақпарат беру;
• Мақсатты білім мен дағдыларды қалыптастырудың сәйкес стратегияларын анықтау, проблемаларды болжау және анықталған дағдыларды шешу жолдарын ұсыну;
• Тиісті материалдар мен ресурстарды пайдалануды жоспарлау.
Қай сабақ болмасын, оқушыларды ізденіске баулу керек. Оны жүзеге асырудың бірден-бір жолы – сабақ процесінде ойын түрлерін тиімді пайдалану. Сабақта ойынды тиімді пайдалану оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, сонымен қатар олардың талабын ұштап, ой-өрісін кеңейтуге, іздену қабілеттерін дамытуға әсерін тигізеді.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша әдебиеттік оқу пәнін оқытуда күнделікті сабақта ШИРАТУ жаттығулары орындалады.
Мысалы. 2-сыныптағы «Мәтін түрлері» тақырыбына байланысты оқу мақсатын орындау барысында берілетін ширату жаттығуы. Берілген суретті сипаттау, өз ойларын бейнелеу, айтылған ойлары мен салған суреттеріне талдау жасау.
Ширату жаттығулары:
№1-жаттығу.

  • Жұптар бір-біріне арқа түйістіріп отырады. Олар артына қарамаулары керек.

  • 1-тыңдаушыға сурет немесе зат көрсетіледі. 2-тыңдаушыға қағаз бен қалам/қарындаш беріледі.

  • 1-тыңдаушы суретті немесе затты сипаттайды, ал 2-тыңдаушы көлемі, мөлшерін және т.б. мүмкіндігінше егжей-тегжейлі ескере отырып, оның суретін салады.

  • 2-тыңдаушы қажетіне қарай қанша сұрақ қойғысы келсе, сонша қояды.

  • Белгіленген уақыт өткен соң, 1-тыңдаушы 2-тыңдаушы салған суретті өзіндегі суретпен немесе затпен салыстырады.

  • Содан соң тыңдаушылар рөлдерін ауыстырады.

№2-жаттығу.
Өзіңіз жақсы көретін киіміңіздің/ аксессуарыңыздың суретін салыңыз.
Оны қасыңыздағы әріптесіңізге сипаттап беріңіз және неліктен оны жақсы көретініңізді түсіндіріңіз.

  • Талқылау: Сіз өзіңіздің сүйікті киіміңізді/ акссесуарыңызды қайда киіп барасыз? Сіз оны қай мезгілде киесіз?

  • Өз суретіңізді топқа көрсетіп, неліктен дәл осы киімді/ аксессуарды таңдаған себебін түсіндіру.

№3-жаттығу.Бүкіл топпен жұмыс. Мәтіннің негізгі ерекшеліктерін пысықтау кезінде қолданатын белсенді оқу жаттығулары .

  • Киім туралы журналдар немесе киім туралы каталог беттерін қараңыздар (егер бұл мүмкін болмаса, онлайн дереккөзді қолданыңыз).



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет