ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбатберу.
«Əдебиеттік оқу» пəнінен оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
көз жүгірте, шолу жасай отырыпоқу;
кітапқа ауызша жəне жазбаша шолужасау;
мəтіннің негізгі ойы мен бөлімдерін анықтай отырыпоқу;
ақпаратты табу үшіноқу;
өз көзқарасын айту жəне дəлелдеу үшіноқу;
интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар, жобалардайындау);
мəтіннің тақырыбы мен бастапқы бөліміне сүйене отырып, оқиғаның дамуына болжамжасау;
сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау.
«Əдебиеттік оқу» пəнінен жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
оқушыларға таныс ертегі, əңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазғызу;
əдеби шығармадан алынған көркем, бейнелегіш сөздердіжаздыру;
əдеби шығармадан қысқа үзінділержаздыру;
тыңдалған жəне оқылған мəтіннің, фильм немесе кітаптың қысқаша мазмұнын жəне алған əсерінжазу;
əдеби шығармадағы жаңа сөздерден сөздікқұрастыру;
сыныптың қабырға газетіне шағын хабарлама/мақалажазу;
əдеби шығарма мəтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіпаяқтау;
ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру.
«Əдебиеттік оқу» пəнін оқып үйренудің нəтижелерінбағалау критериалды бағалау жүйесін қолданумен жүзегеасырылады.
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін қалыптастыруға көмектесетін бастауыш білім беру мазмұны мен мақсаттарына сəйкес нақты анықталған, ұжымдасып жасалған үдеріске қатысушылардың (оқушылар, мектеп əкімшілігі, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар жəне басқа заңды өкілдер) барлығына алдын ала белгілі критерийлермен бірге оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген бағалау үдерісі.
Критериалды бағалау оқыту, оқу жəне бағалаудың өзара байланысына негізделген. Оның нəтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін пайдаланылады.
Бастауыш сыныптарда критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы
(ағымдық) бағалау (ҚБ) жəне ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.
Қалыптастырушы бағалау сабақта жəне немесе үйдегі күнделікті жұмыс барысында білім алушылардың меңгерген білімдерімен қалыптасқан дағдыларының ағымдағы деңгейін айқындайтын жəне ол оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын, білім алушыларға жаңа материалды меңгеру кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын жəне оқыту мақсаттарына қол жеткізгенін түсінуге мүмкіндік беретін бағалау.
Ішкі жиынтық бағалау - оқу тоқсанының соңында оқу бағдарламасының бөлімдерін оқып аяқтағаннан кейін білім алушылардың меңгерген білімі мен қалыптасқан дағдылары деңгейін айқындайтын бағалау Ішкі жиынтық бағалау мектеп мұғалімдері тарапынан жүзеге асырылады.
2-сыныпта ішкі жиынтық бағалау енгізіледі. 1-4 тоқсандарда тоқсандық баға қалыптастырушы бағалау нəтижесі бойынша қойылады. Ішкі жиынтық бағалау жыл соңында бір рет өткізіледі жəне жылдық баға қалыптастырушы мен ішкі жиынтық бағалаудың белгілі пайыздық үлесіне байланысты қойылады.
3, 4 – сыныптарда оқушылардың оқу нəтижесі төмендегідей түрде көрсетіледі:
қалыптастырушы жəне ішкі жиынтық бағалаудың нəтижесі бойынша тағайындалған пайыздық арақатынастың есебімен əр тоқсанның соңында қойылатын тоқсандық баға түрінде;
төрт тоқсандағы қалыптастырушы жəне ішкі жиынтық бағалаудың нəтижесі бойынша тағайындалған пайыздық арақатынастың есебімен пəн бойынша қойылатын жылдық баға түрінде.
«Əдебиеттік оқу» пəні мазмұны Оқу бағдарламасын меңгерту оқытудың «Біз пəн бойынша не білеміз жəне білімді қалай меңгереміз?» ұстанымы аясында ұйымдастыруды талап етеді. «Əдебиеттік оқу» пəні бойынша білім мазмұны қатысымдық дағдыларды қалыптастыру мақсатына сəйкес құрылған. Пəн бойынша ұсынылатын білім мазмұнының ішкі бөлімдері жинақталған білім, түсінік пен дағдыларды қалыптастыруды көздейтін кіші бөлімшелерге бөлінген. Əрбір бөлімше өзара сабақтаса отырып, оқыту мақсаттарын айқындайды. Бұл мұғалім мен оқушыға алдағы қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндікбереді.
Бағдарламаның бұл бөлімінде оқу мақсаттары кодтық белгілермен белгіленді: бірінші белгі – сыныбын, екінші жəне үшінші белгі – бөлімнің жəне бөлімшенің реттік санын, төртінші белгі оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 2.1.2.1. кодында «2» - сыныбы, «1.2» - бөлімше, «1» – оқу мақсатының реттік саны.