«Клиникалық дағдылар негіздері»пәні бойынша білімгердің оқытушының бақылауымен өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік өңдеу жинағы


SAS қабылдаушыға: критерийді қолдана отырып, студенттің дағдысын бағалаңыз



бет8/18
Дата14.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#162687
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
BXAORDUQKLLW22102022102531

SAS қабылдаушыға: критерийді қолдана отырып, студенттің дағдысын бағалаңыз
Студенттің аты-жөні:______________________________________________курсы________
Тобы_____________ күні ____________ Мамандығы________________________________



Құзіреттілік



Сигма тәрізді ішекке және өрлеме ішекке терең пальпация жүргізу

Бағалау критерийі

Жоқ

Ия, бірақ әлі жетілдіру керек

Ия

0

1

2

Б.2.1

1.

Науқаспен амандасып, өзін таныстырды.










2

Науқасты шалқасынан жатқызды.










3

Аяқтарын тізесінде бүгіп жатуын сұрады.










4

Пациенттің жамбас деңгейінде орындықты қойып отырды.










Б.2 Дәрігер – клиницист Б.2.2 Науқастарды жүргізу

5

Сигма тәрізді ішекке пальпация жасау үшін кіндік пен сол жақ мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы өскіні арасын ойша сызықпен қосып,ол сызықты үшке бөлді.












6

Cызықтың сыртқы және ортаңғы бөлігінің арасына оң қолдың төрт саусағын біріктіріп, ішектің ұзындығына перпендикуляр орналастырды (I кезең).












7

Саусақтардың алдына қарай тері қатпарын жасады (II кезең).












8

Пациенттің ішпен дем алуын сұрап,әр дем шығарған сайын саусақтарды іштің артқы іргесіне жеткенше енгізіп отырды (III кезең).












9

Іштің артқы іргесіне жеткенде 3-4 рет сырғыту жасады. (IV кезең).












10

Өрлеме ішекке терең пальпация жүргізу үшін сол қолын фиксация жасау мақсатында бел маңайына саусақтарының ұшы омыртқаларға тиіп тұратындай етіп орналастырды.












11

Оң қолын оң жақта кіндік деңгейінде іштің тік бұлшық етінің сыртқы қырына төрт саусағын біріктіріп орналастырды (I кезең).












12

Саусақтардың алдына қарай тері қатпарын жасады (II кезең).












13

Пациенттің ішпен дем алуын сұрап,әр дем шығарған сайын саусақтарды іштің артқы іргесіне жеткенше енгізіп отырды (III кезең).












14

Іштің артқы іргесіне жеткенде фиксацияны күшейте отырып,3-4 рет сырғыту жасады. (IV кезең).












15

Сигма тәрізді ішектің және өрлеме ішектің терең пальпациясына сипаттама берді:пішіні, диаметрі, консистенциясы, беті, жылжымалылығы, құрыл-шұрыл бар-жоғы, ауырсыну бар-жоғы.












Тапсырмаға берілген уақыт - 5 мин.


Ұпайдың максимум саны: 30 (100%), жинаған ұпай саны: _______ ( _____%).



Қзіреттілік





Ұйқы безінің пальпациясы және ауырсыну нүктелеріндегі ауырсынуды анықтау

Бағалау критерийі

Жоқ

Ия, бірақ әлі жетілдіру керек

Ия

0

1



2

Б.2.1

1.

Пациентпен сәлемдесті.










2

Пациентке ұйқы безіне пальпация жүргізетінін және оны ашқарынға жүргізетіндігін айтты.










3

Пациенттің жоғарғы киімдерін шешуін сұрады.










4

Қолдарын дене бойымен төмен қарай қойып, аяқтарын тізе деңгейінде бүгіп жатуын сұрады.










5

Пациенттің оң жағына, жамбас деңгейінде орындықты қойып, пациентке қарама-қарсы қарап отырды.










Б.2 Дәрігер – клиницист Б.2.2 Науқастарды жүргізу

6

Ұйқы безіне пальпация жүргізу үшін, алдымен асқазанның төменгі шекарасын перкуссия әдісімен семсер тәрізді өскіннің астынан бастап, кіндікке қарай жәй перкуссиялап, асқазанның төменгі шекарасын анықтап, келген жағынан белгіледі.










7

Белгілеген жерден 1-2см жоғары қолды ортаңғы медиальді сызыққа билатеральді қойды.










8

Образцов-Стражеско әдісі бойынша 1-ші момент-төрт саусақтың басын бүгіп, екі қолды ақ сызыққа жақын қойды.










9

Саусақтардың сыртына қарай қатпар жасады.










10

Пациентке ішпен бірнеше рет еркін тыныс алып, тыныс шығаруын өтінді.










11

Әр тыныс шығарған сайын, қолды терең енгізіп отырды.










12

Тыныс шығарған кезде саусақтарды жоғары төмен сырғытып, пальпация жасады.










13

Пальпация нәтижесіне сипаттама берді: ұйқы безі анықталған жағдайда- оның беті - тегіс не кедір-бұдыр, консистенциясы – жұмсақ не тығыз, ауырсынудың бар-жоғына.










14

Қалыптыда ұйқы безінің пальпацияланбайтынын айтып өтті.










15

Кіндіктен қолтыққа дейін лентамен сызық жүргізіп, 6см кіндіктен белгілеп алып, Де-Жарден нүктесін анықтады.










16

Сол нүктені бір саусақпен басып тексеріп, ауырсынудың бар-жоғына сипаттама берді (ұйқы безінің басы сәйкес келетіндігін айтты).










17

Кіндіктен ақ сызық бойымен вертикальді және горизонтальді сызық жүргізіп, осы бұрыштың биссектрисасын кіндіктен жоғары 5 см белгілеп алды, осы бұрыштан Шоффар зонасын анықтап, сол зона аймағын саусақпен сипалап, ауырсынудың бар-жоғын анықтады (ұйқы безінің басы сәйкес келетіндігін айтты).










18

Сол жақтан кіндіктен қолтыққа қарай лентамен сызық жүргізіп, 6см өлшеп алып, Губергриц-Скульский нүктесін тауып, бір саусақпен басып тексеріп, ауырсынудың бар-жоғын анықтады ( ұйқы безінің денесіне сәйкес келетінін айтты).










19

Сол жақтан кіндіктен вертикальді және горизонтальді сызық жүргізіп, биссектрисасын кіндіктен жоғары 5см белгілеп, Губергриц-Скульский зонасын тауып, ауырсынудың бар-жоғын анықтады.










20

Сол жақ қабырға доғасының бойымен сызық жүргізіп, осы сызықтың қақ ортасынан белгілеп, белгілеген жерден кіндікке қарай сызық жүргізді.










21

Осы сызықты теңдей үш бөлікке бөліп, сыртқы және ортаңғы бөлігін қосатын сызықты белгілеп, Мейо-Робсон нүктесін тауып, ауырсынудың бар-жоғын бір саусақпен басып тексерді (ұйқы безінің құйрықты бөлігі сәйкес келетінін айтып өтті).










22

Арқасынан 9-10-11ші кеуде омыртқаларының маңында гиперэстезия байқалса, Кач симптомы оң мәнділігін айтып өтті.










Тапсырмаға берілген уақыт - 5 мин.
Ұпайдың максимум саны: 44 (100%), жинаған ұпай саны: _______ ( _____%).
Тест сұрақтары
1. Асқазан қалтқысының пальпациясын қай жерде жүргізеді?
А. l. umbilico-iliacae dextrae-ның ортаңғы және сыртқы бөліктерінің арасында
В. қабырға доғаларының төменгі қырларын қосатын көлденең сызық, іштің ақ сызығы және сол жақ қабырға доғасымен құрылған үшбұрыштың бисектрисасына перпендикуляр түсіргенде, осы сызықтың үстіне жасалады
С. l. umbilico-iliacae sinistrae-ның ортаңғы және сыртқы бөліктерінің арасында
D. іштің ортаңғы сызығы бойымен, кіндіктен 2-3 см жоғары
E іштің ортаңғы сызығы бойымен, кіндікдің деңгейінде
2. Ас қорыту жүйесінің патологиясы бар науқастарды тексергенде эпигастрий аймағында кеш (тамақтан 5-6 сағаттан кейін) шалпыл шуының анықталуы неге тән?
А. гастритке
В. метеоризмге
С. пилоростенозға
D. асқазанның жарасына
E. асцитке
3. Іштің беткей пальпациясында қайсысын анықтайды?
А. іш қуысындағы ағзалардың өлшемін
В. іш жарығының бар-жоқтығын
С. іш қуысындағы ағзалардың орналасуын
D. іш қуысындағы ағзалардың консистенциясын
E. іш қуысындағы ағзалардың қозғалғыштығын
4. Асқорыту жүйесінің патологиясы бар науқастарды тексергенде эпигастрий аймағында кеш (тамақтан 5-6 сағаттан кейін) шалпыл шуының анықталуы неге тән?
А. гастритке
В. метеоризмге
С. пилоростенозға
D. ас қазанның жарасына
E. асцитке
5. Пальпацияда ауырмайтын, шұрылдамайтын, “қалыңдығы қазының қауырсынындай”, цилиндр тәрізді болуы қай ішекке сипатты?
А. көлденең ішекке
B. төмендеуші өрлеме ішекке
C. соқыр ішектің өсіндісіне
D. сигма тәрізді ішекке
E. жоғарлаушы өрлеме ішекке
6. Көлденең ішекті пальпациялағанда қалыпты жағдайда қандай көрсеткіштер анықталады?
А. беті тегіс, тығыз, ауырмайды, шұрылдамайды, цилиндр тәрізді, диаметрі 1-2 см
B. цилиндр тәрізді, диаметрі 2-2,5 cм және одан жоғары, төмен қарай саусақтар аутқиды, ауырмайды, шұрылдамайды
C. цилиндр тәрізді, диаметрі 2 см, ауырады, шұрылдайды
D. беті кедір бұдырлы, цилиндр тәрізді, шұрылдайды, ауырмайды
E. төменге қарай алмұрт тәрізді кеңейген, диаметрі 3-4 см, ауырсынбайды, шұрылдайды
7. Сигма тәрізді ішектің пальпациясын қай жерде жүргізеді?
А. сол жақ мықын аймағында, l. umbilico-iliacae sinistrae-ның ортаңғы және сыртқы бөліктерінің арасында
B. алдын ала анықталған асқазанның шекарасынан 2-3 см төмен
C.оң жақ мықын аймағында, l. umbilico-iliacae dextrae-ның ортаңғы және сыртқы бөліктерінің арасында
D. іштің оң жақ бүйір аймағында
E. іштің сол жақ бүйір аймағында


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет