Клиникалық есеп №1



бет2/45
Дата24.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#198913
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
!АиГ экзамен (1)

5.Ем тағайындау:
Бірінші триместрде фолий қышқылы 0,4 мг күн сайын қабылдау.
Фолий қышқылының көзі болатын тағамдар: сүт өнімдері, сүт, лосось, ет және сиырдың бауыры, мен қой еті, бауыр және шошқа еті бар мал өнімдері.
Фолий қышқылы бар өсімдік өнімдері: асқабақ, тамыр көкөніс, жасыл жапырақты көкөністер, банандар, апельсиндер, ашытқылар.
40аптааға дейін 1г кальций кабылдау.
Преэклампсия каупі бар жүктілерге ацетилсалицилкышылын 75-125мг /тәулгне 36аптаға дейін кабылдау.
Клиникалық есеп №2
Клиникалық детальдар:сіз емханадағы акушер-гинеколог дәрігерсіз. Қабылдау үстінде, 8 қаңтар. Етеккірдің 2 айға тоқтау, жүрек айну, тәулігне 5 рет құсу шағымдарымен 19 жастағы әйел адам келді. Жүктілік бойынша тіркеуге тұрғысы келеді.
Ауру анамнезі: соңғы етеккірі 18 қарашада, жүктілікке сынама оң. Алғашқы жүктілік.
Өмір анамнезі: Боткин ауруы, туберкулез, соматикалық, аллергиялық және гинекологиялық аурулар, гемотрансфузия болмаған.
Гинекологиялық анамнезі: етеккірі 13 жастан бері, бірден қалыптасқан, 5 күннен 30 күн сайын. Соңғы етеккірі 18 қарашада келген. 19 жастан бері жыныстық қатынаста, тұрмыста.
Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене бітімі нормостеникалық. Бойы 150 см, салмағы 54 кг. Тері жамылғылары қалыпты, таза, ісінулер мен көктамыр кеңеюлер жоқ. Жүрек соғысы 78 рет минутына. АҚ 110/70 мм с.б.б., дене температурасы 36,3°С. Іші жұмсақ, пальпацияда ауырсынусыз, бауыры, көкбауыры ұлғаймаған. «Соққылау» симптомы теріс. Зәр шығаруы қалыпты, үлкен дәретке шығуы күн ара.
Гинекологиялық статус:
Тексеруде: сыртқы жыныс ағзалары дұрыс дамыған, уретра, парауретральді жолдар, бартоли бездері қалыпты.
Айнамен қарауда: қынап және жатыр мойны шырышыты қабаты таза, цианотикалық, жатыр мойны цилиндрлі, сыртқы аңқа нүктелі, ақ бөлінділер.
PV: қынап тар, жатыр мойны ұзындығы 3,5 см, сыртқы аңқа жабық, жатыр дұрыс орналасқан, жүктіліктің 7 аптасына дейін ұлғайған, жұмсақ, ауырсынусыз, қосалқылары анықталмайды, күмбездер бос, ауырсынусыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет