Клиникалық есеп №1



бет4/45
Дата24.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#198913
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
!АиГ экзамен (1)

Клиникалық есеп №3
Клиникалық мәліметтер: сіз емханадағы акушер-гинекологсыз. Қабылдауға 21 Наурызда 19 жастағы әйел келіп, етеккірдің 2 айға кешігуі, жүрек айнуы, күніне 20 рет құсу, дене салмағының 5 кг-ға төмендеуіне шағымданып қабылдауға келді.
Ауру анамнезі: соңғы етеккір 24 қаңтарда, Желтоқсанда жүктілік сынағы оң болады. Жүктілік – бірінші. Жүктілігі бойынша тіркеуде тұрғысы келеді.
Өмір анамнезі: Боткин ауруы, туберкулез, аллергиялық және гинекологиялық аурулармен ауырмаған. Гемотрансфузия болмаған. Соматикалық ауруы: созылмалы холецистит.
Гинекологиялық анамнез:етеккір 13 жаста басталған, 30 күннен кейін, 5 күннен кейін орнатылды. Соңғы етеккір 24 қаңтарда болды. 19 жастан бері жыныстық қатынаста.
Объективті:Жалпы жағдайы орташа, дене бітімі астеникалық. Бойы 150 см, салмағы 44 кг. Тері жамылғысы қалыпты түсте, құрғақ, ауыздың бұрыштарында жарықтар, ісіну және варикозды кеңеюлер жоқ. Тілі ақ жабынмен қапталған. Пульс 98 минутына 1. Қан қысымы 90/70 мм с.б.б., дене температурасы-36,3◦с. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. «Ұрғылау» симптомы теріс. Зәр шығару өздігінен, нәжіс 4 күн болған жоқ.
Гинекологиялық статус:
Қарап тексеру: сыртқы жыныс ағзалары қалыпты жетілген. Уретра, парауретральді өтіс, бартолиндік бездер өзгеріссіз.
Айнамен қарауда: шырышты қынап және жатыр мойны таза, цианотикалық, жатыр мойны цилиндрлі, сыртқы ернеу нүктелі, ақ бөлінді.
PV: Қынап тар, жатыр мойны биіктігі 3,5 см, сыртқы ернеу жабық, жатыр қалыпты орналасқан, жүктіліктің 8-аптасына дейін ұлғайған, жұмсақ, ауырсынусыз. Қосалқылар анықталмайды, күмбезі бос, ауырсынусыз.


1. Дене салмағының индексін анықтау.
Дене массасы индексі = Салмақ (кг):Бой (м2)=44:(1,50х1,50)=44:2,25=19,5
2.Менструация бойынша жүктілік мерзімін және босанудың болжамды күнін анықтаңыз.
Менструация бойынша жүктілік мерзімі 8 апта
Негель бойынша босанудың болжамды күні: 31 қазан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет