5.ҚР ДСМ хаттамасына сәйкес жүкті әйелді емдеу жоспары:
Жүргізу мақсаттары:
* біріншілік медико-санитарлық көмек деңгейінде преэклампсияның алдын алу мақсатында динамикалық бақылау.
* стационар деңгейінде жайылған ісіну кезінде дифдиагностика жүргізу үшін.
Медикаментозды емес емдеу:
* ұтымды тамақтану;
* емдеу-қорғау режимі;
* тәулігіне кемінде 2,0 л сұйықтық қабылдау.
Сұйықтықты қабылдауды шектеу негізделмеген, өйткені бұл гиповолемияның жоғарылауына әкеледі.
Дәрі-дәрмекпен емдеу қарастырылмаған.
Диуретиктерді қолдану негізделмеген, өйткені бұл сұйықтықтың тамырішілік көлемін азайтады және перифериялық тамыр кернелуі артады.
Клиникалық есеп №5
Клиниклық мәліметтер: Сіз емхананың акушер-гинеколог дәрігерісіз. 24 жастағы жүкті әйел 9 сәуір күні бірінішілік тексеру нәтижелерімен 2- рет қабылдауға келді. Шағымы жоқ.
Ауру анамнезі: Жүктіліктің 11аптасынан бері тіркеуде тұрады. Соңғы етеккірі 18 қарашада болды.
Қарап тексеру: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысының түсі қалыпты, таза, ісік және көк тамырдың варикоздық кеңеюі жоқ. Бойы 162 см, салмағы 62 кг. Пульс минутына 78 рет/мин. АҚ 100/70 с.б. Дене температурасы -36,3 . Іші жұмсақ, пальпацияда ауру сезімі жоқ, жатыр қозғалыссыз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. «Соққылау» симптомы теріс. Зәр шығару қалыпты, ауырсынусыз, нәжісі қалыпты.
Акушерлік статус: жатыр қозбаған, жатыр түбінің биіктігі (ЖТБ)-20 см.
Біріншілік тексеру нәтижелері:
-5 ақпан күні түсірілген жатыр УДЗ нәтижесі: 11 апталық бірұрықтық жүктілік.
-Биохимиялық генетикалық маркерлер: кауіп деңгейі төмен
- 5 ақпан күнгі жалпы зәр анализі: реакция –қышқыл, салыстырмалы тығыздығы- 1015, белок- abs, лейкоциттер- 2-3.
- 5ақпан күнгі зәрдің бактериологиялық себіндісі: E.coli 10*3, цефазолинге сезімтал.
- жалпы қан анализі: Нв-120 г/л, эритроциты– 4,0*1012/л, лейкоцит – 7,0*109/л, тромбоцит – 240,0, ЭТЖ – 18 мм/сағ
- қан тобы (0)- І бірінші, Rh(+), ВИЧ- теріс, RW- теріс, HBsAg –теріс.
- Терапевтпен консультация: Қорытынды: соматикалық аурулар анықталынбады.
1. ДСИ анықтау
ДМИ= 62/1,62х1,62=23,6
Жауабы: қалыпты
2. Жүктілік мерзімі мен болжамды босану күнің анықтау
Негель формуласы бойынша: соңғы етеккірдің күні – 3 ай + 7 күн = 18 қараша – 3 ай + 7 күн = 25 тамыз;
Жауабы: болжамды босану күні – 25 тамыз, жүктілің мерзімі – 20 апта
3. Әр зерттеудің интерпретациясын жасау
Қарап тексеру: қалыпты, патологиялық өзгерістер жоқ;
Акушерлік статус: қалыпты, жатыр түбінің деңгейі жүктілік мерзіміне сәйкес;
Біріншілік лабораториялық зерттеу:
5 ақпан күні жасалған УДЗ нәтижесі: бірұрықты жүктілік;
биохимиялық генетикалық маркерлер: қауіп деңгейі төмен;
жалпы қан анализі: патологиялық өзгерістер жоқ, қалыпты;
жалпы зәр анализі: қалыпты, патологиялық өзгерістер жоқ;
зәрді бактериологиялық себу: қалыпты, патологиялық өзгерістер жоқ (Е. coli 103, цефазолинге сезімтал)
қан тобы(0) –І бірінші, Rh (+0), ВИЧ – теріс, Вассерман реакциясы – теріс, гепатит В – теріс.
4. Клиникалық диагнозды қою
Жүктіліктің 20 аптасы
5. Жүктілікті жүргізу жоспарын құру. Келесі келу визитің белгілеу.
ІІІ келу визиті – жүктіліктің 24-25 аптасының мерзімінде, 7 мамыр
Консультациялау:
жүкті әйелде асқынуларды анықтау(преэклампсия, қан ағу, қағанақ суының әлсіз ағуы, ұрықтың қимылын);
қажет болған жағдайда жүктіліктің жүргізуін ауыстырып, жүкті әйелді акушер-гинекологтың консультациясына жіберу;
Мәселелерді талқылау және сұрақтар қою мүмкіндігімен ақпарат беру, сонымен қатар «Жүктілік кезінде қауіп қатер белгілері» туралы талқылау
Зерттеу:
АҚ өлшеу;
аяқтарды қарап тексеру(варикозды кеңеюілер);
жатыр түбі биіктігін өлшеу (гравидограммаға белгілеу);
ұрықтың жүрек соғу жиілігін тыңдау.
Лабораториялық зерттеу:
Зәр анализінде белокты анықтау;
УДЗ қайталамалы
Емдік-профилактикалық шаралар: жоқ
Достарыңызбен бөлісу: |