Клиникалық есеп №1



бет6/45
Дата24.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#198913
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
!АиГ экзамен (1)

Клиникалық есеп № 4
Клиникалық мәліметтер:Жүкті И., 25 жаста, жүктіліктің 33 аптасында + 5 күнде аяқтарындағы ісіну шағымдарымен босануға дейінгі клиникаға жүгінді.
Анамнезден: бірінші жүктілік. Бұрынғы аурулардан созылмалы пиелонефрит байқалады (нефрологтың диспансерлік есебінде тұрған, 2 жыл бұрын есептен шығарылған). Салмақ қосуы 14 кг құрады, соңғы аптада 1,0 кг.
Объективті:
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері және көзге көрінетін шырышты қабаттары қалыпты түсте. Пульс минутына 64 рет, толтырылуы және кернеулігі қанағаттанарлық. АҚ 120/80 және 115/80 мм.сын. Іші жұмсақ, ауыртпалықсыз. Диурез еркін, ауыртпалықсыз. Нәжіс бұзылмаған.
Іштің айналымы 88 см, жатыр түбінің биіктігі 35 см. жатыр кернеулі емес, пальпация кезінде ауыртпалықсыз. Ұрықтың қалпы ұзынынан, баспен келген, кіші жамбас бойында қозғалмалы. Ұрықтың жүрек соғысы айқын, ырғақты, минутына 140 соққы. Босану әрекеті жоқ. Аяқтардың ісінуі.
Сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған, түктенуі әйел типіне сәйкес. Уретра, паруретральды жолдар, бартолин бездері ерекшеліктерсіз.
Айналарда: қынап пен Жатыр мойнының шырышты қабаты цианотикалық, жатыр мойны таза.
Қынаптық зерттеу:босанбаған қынап. Мыс не достижим.
Жатыр қалыпты тонус жағдайында.
Лабараториялық зерттеулер:
- қанның жалпы талдауы: эритроциттер саны 4,6*1012 г/л, HB 115 г/л, гематокрит - 45%; тромбоциттер - 260 х 10*9/л, лейкоциттер - 13 х 10*9/л, эозинофилдер – 0-5%. нейтофилдер – 5%, лимфоциттер – 34%, моноциттер -10%, ЭТЖ-42 мм/сағ.
ЖЗА-түсі сабан сары, мөлдір, тығыздығы _ 1,022 г/л, ақуыз – abs, эритроциттер - abs, лейкоциттер көру аймағында 0-5 дейін.


1.Пациенттің жүктілік мерзіміне сәйкес іштің айналымы мен жатыр түбінің биіктігінің көрсеткіштеріне баға беріңіз.
Іштің айналымы 88 см, жатыр түбінің биіктігі 35 см.
Жүктілік мерзіміне іш айналымы мен жатыр түбі биіктігі сәйкес келеді.Жатыр түбі кіндік пен семсер тәрізді өсіндінің ортасында орналасады.Кіндігі тегістеліп, іш айналымы кіндік деңгейінде 80-85 см жетеді.Яғни, 8-інші акушерлік айдың соңына сәйкес келеді.
Жүкті әйелді 2-3 триместрде тексергенде, әйелді шалқасынан жатқызып, кіндік деңгейінде сантиметрлік лентамен іш айналымын және жатыр түбі биіктігін өлшеу керек.Бұл өлшемдер жүкті әйел тексерілуге әр келген сайын жүргізіледі және алынған мәліметтер гестациялық нормативпен салыстырылады.Қалыпты жағдайда жүктілік соңында іш айналымы 100см-ден аспайды, ал жатыр түбінің биіктігі 35-36 см құрайды.Іш айналымының 100 см-ден жоғары болуы суегіздікте, көп ұрықты және ірі ұрықты жүктілікте,ұрықтың көлденең орналасуында және семіруде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет