Клиникалық есеп №1 Клиникалық мәліметтер:сіз емханадағы акушер-гинеколог дәрігерсіз.4 ақпан күні қабылдауға 24 жастағы әйел етеккірдің 2 айға тоқтап қалғанына шағымданып келді. Жүктілік бойынша есепке тұрғысы келеді.
Ауру анамнезі: соңғы етеккірі 18 қарашада келген, желтоқсанда жүктілікке сынама оң нәтиже берген.
Өмір анамнезі: Боткин ауруы, туберкулез, соматикалық, аллергиялық және гинекологиялық аурулар болмаған, гемотрансфузия теріс.
Гинекологиялық анамнезі: етеккірі 13 жастан бері, 5 күннен 30 күн сайын келіп отырған. Соңғы етеккірі 18 қарашада. 23 жастан бері жыныстық қатынаста, тұрмыста.
Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Бойы 160 см, салмағы 64 кг. Тері жамылғылары қалыпты, таза, ісінулер мен көктамыр кеңеюлері жоқ. Жүрек соғысы 78 рет минутына. АҚ 110/70 мм с.б.б., дене температурасы 36,3°С. Іші жұмсақ, пальпацияда ауырсынусыз, бауыры, көкбауыры ұлғаймаған. «Ұрғылау» симптомы теріс. Зәр шығаруы қалыпты, үлкен дәретке шығуы қалыпты.
Гинекологиялық статус: Тексеруде: сыртқы жыныс ағзалары дұрыс дамыған, уретра, парауретральді жолдар, бартоли бездері қалыпты.
Айнамен қарауда: қынап және жатыр мойны шырышты қабаты таза, цианотикалық, жатыр мойны цилиндрлі, сыртқы ернеуі нүктелі, ақ бөлінділер. PV: қынап тар, жатыр мойны ұзындығы 3,5 см, сыртқы ернеу жабық, жатыр дұрыс орналасқан, жүктіліктің 11 аптасына дейін ұлғайған, жұмсақ, ауырсынусыз, қосалқылары анықталмайды, күмбездер бос, ауырсынусыз.
Жауаптары:
1. Дене салмағының индексін анықтау. ДСИ=64:(1,60х1,60)=64:2,56=25 Норма 2. Жүктілік мерзімі мен болжамды босану уақытын анықтау. Етеккір бойынша жүктілік мерзімі-11 апта Босанудың болжамды уақыты Негель бойынша 25 тамыз. 3. Болжамды диагноз қою. Физиологиялық Жүктілік 11 апта.
4.Жүктілікті тексеру жоспарын құру
I келу- (12 аптаға дейін ұсынылады)
Кеңес беру:анамнез жинау, қауіп-қатер факторын анықтау
- өткен жұқпалы ауруларды анықтау (қызамық, гепатит)
- Босануға дайындық жоспарын ұсыну
- Отбасы өкілімен маманға баруды ұсыну
- Мәселелерді талқылау және сұрақтар қою мүмкіндігі бар ақпарат беру; босануға дайындық сабақтарымен және баспа ақпараттарымен расталған ауызша ақпаратты ұсыну.
Қарап тексеру: - бой-салмақ көрсеткіштері (дене салмағының индексін есептеу;
ДСИ = салмағы (кг) / бойы (м)2:
- төмен ДСИ - <19,8
– қалыпты-19,9-26,0
– артық-26,1-29,0
- семіздік - >29.0
- қалыптыдан өзгеше ДСИ бар пациенттер акушер-гинеколог дәрігерге консультацияға жіберіледі
- АҚ өлшеу;
- аяқтарды тексеру (варикозды тамырлар)
- айнадағы тексеру-жатыр мойны мен қынаптың жағдайын бағалау (пішіні, ұзындығы ,тыртықтың деформациясы, варикозды тамырлар);
- ішкі акушерлік тексеру;
- онкопатологияны анықтау үшін сүт бездерін жоспарлы тексеру жүргізіледі;
- Жүктіліктің 10-14 аптасындағы УДЗ: пренатальды диагностика, жүктілік мерзімін нақтылау, бірнеше жүктілікті анықтау үшін.
Лабараториялық зерттеулер: - қанның және несептің жалпы талдауы
- 25,0-ден жоғары ДСИ кезінде қандағы қант деңгейі
- қан тобы және резус-фактор
- несепті бакпосев-ке тексеру -скрининг (жүктіліктің 16 аптасына дейін)
- тек клиникалық белгілері бар жыныстық инфекцияларға зерттеулер
- онкоцитологияға жағынды
- ВИЧ
- Вассерман реакциясы
- биохимиялық генетикалық маркерлер
- HBsAg гепатит В
Мамандардың кеңесі: - Терапевт / ВОП
- 35 жастан асқан болса, ұрықтың анамнезінде ВПРазвития, анасының анамнезінде 2 рет түсік тастау, қандас неке болса генетикке қаралу.