Клиникалық есеп №1



бет40/45
Дата24.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#198913
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
!АиГ экзамен (1)

26 Билет

Сіз перзентханының қабылдау бөлімінің гинеколог-дәрігерісіз.


Жүкті И., 29жаста, 39-40апта жүктілік мерзімінде стационарға ішінің төменгі бөлігіндегі 3сағаттан бері болған, толғақ тәрізді ауру сезімімен түсті.
Ауру тарихы: 3-4 сағат бойы ішінің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауру сезімі мазалайды.
Өмір тарихы: етеккірі 14жастан, бірден реттелді, тұрақты, әр 28күнде, 4-5күн, орташа, ауру сезімі жоқ. Жыныстық қатынас 21жастан. Жүктілік 2, тез(срочно) босану 1, асқынусыз. Басынан өткен аурулар: 2жыл бойы орташа анемия. Осы жүктілік орташа анемия фонында өтті, антианемиялық препараттар қабылдаған.
Объективті: Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындысы және көрінетін шырышты қабаттары табиғи түсті. Өкпесінде везикулярлы тыныс, қырыл жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс 76рет/мин, АҚ 110/70мм сбб. Іші жұмсақ, ауру сезімі жоқ. Көкбауыр мен бауыры ұлғаймаған. Ұрғылау симптомы екі жақтан теріс. Нәжіс тұрақты. Несеп шығару қалыпты(свободное), ауру сезімі жоқ.
Акушерлік статус: әр 10 минут сайын 2-3толғақ 25сек, орташа күштілікте. Іші жүктілікке қарай ұлғайған. Іш айналымы 102см, жатыр түбі биіктігі 35см. Ұрық қалпы ұзынша, басы жамбастың 3/5нде орналасқан. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 146рет/минутына.
Айнамен қарау: жатыр мойны мен қынап шырышты қабаты таза, шырышты бөлінулер.
Қынаптық зерттеу: Қынап туған әйелдікіндей, жатыр мойны жамбас осі бойынша орталықта орналасқан, тегістелген, жатыр мойны өзегінің ашылуы 2см. Қағанақ суы бүтін, құйылған. Басымен келген, жамбастың 3/5нде. Экзостоздар жоқ. Мүйске жетпейді.
4сағаттан кейін:
Әр 10 мин сайын 3-4толғақ 40секундтан, орташа күштілікте. Ұрық ұзынша қалыпта, жамбастың 3/5нде басы орналасқан. Ұрық жүрек соғысы анық, ырғақты, 146ретке дейін.
Қынаптық тексеру: жатыр мойны жамбас осі бойынша, тегістелген, жұмсарған, жатыр мойны өзегі 5см ашылған. Қағанақ суы бүтін, құйылуда. Басымен келген, кіші жамбас қуысында 2/5. Экзостоздар жоқ. Мүйіске жетпейді.
ТАПСЫРМА:

  1. Клиникалық диагноз қою:

Жүктілік 39-40апта, физиологиялық босанудың 1ші кезеңі, активті фазасы. Ұрық қалпы ұзынша, басымен келген. Жатыр мойны пісіп жетілген. Қағанақ суы бүтін. Орташа анемия.
Физиологиялық Босану – ұрықтың 37-41апта+4күн гестациялық кезеңінде, өздігінен басталған, босану қызметі басында және босану кезңінде қауіп фактолардың төмен болуы кезінде, ұрықтың шүйдемен келіп туылуы және босанғаннан кейінгі кезеңде босанған әйел мен нәресте жағдайының қалыпты болуы.

  1. ҰБС анықтау:

ҰБС=ІА*ЖТБ=102*35=3570гр

  1. Босану қарқынын анықтау:

Босанушы әйел перзентханаға босану қызметі басталғаннан 3 сағаттан кейін келді, яғни босанудың 1ші кезеңі латентті фазасында. Алғаш келгенде: әр 10 минут сайын 2-3толғақ 25сек, орташа күштілікте, жатыр мойны 2см ашылған. Ұрық басы жамбастың 3/5нде. 4 сағаттан кейін, активті фаза басталған: әр 10 мин сайын 3-4толғақ 40секундтан, орташа күштілікте, жатыр мойны 5см ашылған, қағанақ суы бүтін. Ұрық басы кіші жамбас қуысында 2/5.
Жатыр мойын ашылу жылдамдығы босанған әйелдікіне сай. Толғақтар жиілігі мен ұзақтығы қалыпты. Ұрық жылжуы қалыпты. Қағанақ суы бүтін.
Босану қарқыны қанағаттанаралық, қайталап босанушыға сай.

  1. Босануды жүргізу тактикасын анықтау:

Консервативті жүргізу:
Партограмма жүргізу(ұрық ЖСЖ, қағанақ суы, ұрық басының конфигурациясы, жатыр мойны ашылу дәрежесі, ұрық басының жамбас куысына түсу дәрежесі, толғақтар, окситоцин, дәрілік препараттар берілуі, босанушы әйел АҚ, температурасы, ЖСЖ, несеп мөлшері, белок ацетонды анықтау)
Ұрық ЖСЖ бақылау(1 кезеңде 30сайын, 2 кезеңде әр толғақ сайын)
Қынаптық тексеру(1кезеңде 4сағат сайын)
Босанушы әйел сұрауы бойынша медикаментозды/медикаментозды емес жансыздандыру жүргізу
2 кезеңде – АҚ мен ЖСЖ сағат сайын өлшеу; температураны 2сағат сайын өлшеу, қынаптық тексеру активті фазада 1сағат сайын, толғақты 30мин сайын тіркеу, ұрық жүрек соңығысын әр толғақтан кейін, қуықтың босау жиілігін бақылау, босанушы әйел жағдайын біліп отыру, әйелді босану қалпына орналастыру, 2кезеңде босанушыға барынша психо-эмоционалды көмек көрсету. Нәресті туылғанан кейін 1мин кейін кіндігін кесіп, анасының ішіне жатқызу.
3 кезеңде – активті жүргізу; нәресте туылғаннан кейін 10 ЕД окситоцин енгізу бұлшықетке, қан кету профилактиасы; Қол көмегімен плацента туылуын қадағалау(нормада 30мин ішінде туылу керек). Жатырдың сыртқы массажын жүргізу.

  1. Босанушы әйелді емізудің негізгі принциптерімен және артықшылықтарымен таныстыру:

Емізудің 10 принциптері:
1 емшекпен емізудің ережелерін қатаң ұстану және ережелерді мезгіл сайын медициналық қызметкерлерге және босандырушы әйелдерге таныстырып отыру
2 медициналық қызметкерлерге емшекпен емізу практикасына қажетті дағдыларды үйрету
3 барлық жүкті әйелдерде емшекпен емізу артықшылықтары мен техникасымен таныстыру
4 босанған әйелдерге босанғаннан кейін 30минут ішінде емшекпен емізуді бастауды үйрету
5 аналарға емшекпен қалай емізу керектігін, және баласынан алыста болсада лактацияны сақтап қалу әдісімен таныстыру
6 жаңа туылған балаларға ешқандай қосымша тамақтандыру, су, бермеу. Егер медициналық көрсеткіштері болмаса
7 анасы мен жаңа туылған баланың 24 сағат бойы бір палатада болуын қамтамасыз ету
8 нәрестені мезгілімен емесғ оның сұрауы бойынша емшекпен емізу
9 жаңа туылған балаларға тыныштандыру үшін соска, жасанды емізіктерді бермеу
10 емшекпен емізуді қолдайтын топтардың құрылуын қолдау, перзентханадан шыққаннан кейін сол топтарға жолдау
Емшекпен емізу артықшылықтары:
1 жаңа туылған нәресте үшін толыққанды тамақтану
2 жеңіл қортылады
3 нәрестенің өсіп, дамуына қажетті коректік заттардың жеткілікті мөлшері болады
4 нәресте иммунитетінің дамуына септеседі
5 диатез, анемия, рахит, дисбактериоз профилактикасы
6 анасы мен баласы арасындағы байланысты арттырады
7 анасы үшін жатырдан босанғаннан кейінгі кезеңде қан кету профилактикасы, жатыр тез жиырылуына әсер етеді
8 лактостаз, мастит профилактикасы
9 босанғаннан кейінгі табиғи контрацепцияя 6 айға
10 босанған әйел ағзасының тезірек қалпына келуіне әсер етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет