Қайталауға арналған сұрақтар?
Балауса саңырауқұлақтарды сезімдік тексеру әдістері
Балауса саңырауқұлақтарды зертханалық тексеру
Саңырауқұлақтардың химиялық құрамы және тағамдық маңызы
№15 зертханалық сабақ
“Кептірілген әр түрлі саңырауқұлақтардың сапасын санитариялық сараптау жәнен бағалау”
Сабақтың мақсаты: Кептірілген саңырауқұлақтарды зерттеу әдістерін меңгеру.
Жұмыс жоспары:
1.Кептірілген саңырауқұлақтарға зерттеулер жүргізу.
2.Сатуға түскен саңырауқұлақтардың аурулары мен ақауларын анықтау.
3.Зерттеулер нәтижелері бойынша қорытындылау
Кептірілген саңырауқұлақтарды сараптау.
Азыққа қолдану мүмкіндігіне байланысты саңырауқұлақтар, жеуге жарамды (ақ саңырауқұлақ, қызғылт сары саңырауқұлақ, қайық құлақ, арыш, маслята, және т.б.) шартты жарамды (нағыз, сары, қайық,қара груздь, ақ подгруздок, скрипица, белянка, волнушка, серушка,волуй, орхистая, дождевик шиповатый), жеуге жарамсыз (бұрышты саңырауқұлақтар, өтті саңырауқұлақтар) және улы (сатанинский гриб , опенек кирпичный – красный, мухаморлар,қызыл, қаражәне порфиралық, бозғыт поканкалар: жасыл,сары және ақ: кәдімгі жалған дождевик,свинушка,және т.б.) болып бөлінеді.
Сынған, мыжылған, босаңсыған, кеуіп кеткен, шырындалып кеткен, көгерген, бұзылған, сонымен қатар жартылай немесе толығымен аяғы кесілген қатпарлы саңырауқұлақтар, әртүрлі саңырауқұлақтар сатылуға жіберілмейді.
Кептірілген түтік тәрізді саңырауқұлақтар бүтін немесе жартылай, біркелкі, құрғақ, (біраз майысып, оңай сынады) ылғалдылығы 12-14%-дан, күймеген, түрі мен түсі әртүрлі, өзіне тән иісі мен дәмі бар болуы керек. Кептірілген саңырауқұлақтарды сатуға оларды кептіргеннен кейін 2-3 ай өткенде ғана жібереді. Сатуға ластанған, күйдірілген, көгерген, бортық, зиянкестермен зақымданған, қатты кептірілген саңырауқұлақтар жіберілмейді.
Саңырауқұлақтарды сараптау кезінде олардың түрін анықтаудың маңызы зор. Ол үшін анықтағыштар, муляждар, саңырауқұлақтардың, мұражайлық препараттары қолданылады.
Қайталауға арналған сұрақтар?
1.Кептірілген саңырауқұлақтарды сезімдік тексеру әдістері
2.Саңырауқұлақтардың химиялық құрамы және тағамдық маңызы
№ 16 зертханалық сабақ
Маринадталған саңырауқұлақтарды
санитарлық сараптау және бағалау
Сабақтың мақсаты: маринадталған саңырауқұлақтарды зерттеу.
Жұмыс жоспары:
1.Сезімдік зерттеу жүргізу
2.Өнімнің жалпы салмағына байланысты тұздықтың пайыздық құрамын анықтау.
3.Сүт қышқылы бойынша тұздықтың немесе маринадтың қышқылдылығын анықтау.
4.Тұздық пен маринадтағы тұздың құрамын анықтау.
5. Өткізілген зерттеу нәтижелері бойынша қорытындылау.
Керекті құрал-жабдықтар:
Сапасы әртүрлі маринадталған саңырауқұлақтар, технохимиялық таразылар, тарелка, скальпель, пинцет, шанашқы, 250 мл колба, 100-200 мл колбалар, дәке, фенофталеиннің 1 пайыздық спиртті ерітіндісі, 0,1 н күйдіргіш калии немесе натрии ерітіндісі, 10 пайыздық хром, қышқылды натрии ерітіндісі 0,1 н азот қышқылды күміс ерітіндісі немесе азот қышқылды күміс ерітіндісі.
Достарыңызбен бөлісу: |