Коуч Хасенова М. Б., ІІ деңгей мұғалімі Тақырыбы



Дата22.08.2017
өлшемі59,07 Kb.
#24317

Коуч

Хасенова М.Б., ІІ деңгей мұғалімі

Тақырыбы:

Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту жолдары

Мақсаты:

Түрлі  тапсырмалар  арқылы сыни ойлау дағдыларын дамыту,  өз тәжірибесінде тиімді пайдалануына ықпал жасау.

Күтілетін нәтиже

Қатысушылар сын тұрғыдан ойлау түсінігімен танысады, тапсырмалар орындау арқылы  сыни ойлау әдістерін мeңгeрeдi. Oқy мeн oқытyдa әдic тәciлдeрдi өз тәжiрибeciнe eнгiзyдe дaғды қaлыптacaды.

Түйінді идеялар

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.

Ресурстары

Маркер, постер, презентация, бейнеролик, стикерлер, тайм-менеджер

Қолданылған әдебиет

Нұсқаулық, «Обучение, как поиск и поиск, как обучение», ғаламтор дереккөздері

КОУЧИНГ САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

Коуч әрекеті

Қатысушылар әрекеті

Уақыты

Амандасу

Қайырлы күн, құрметті қонақтар!

Бүгінгі коучинг сабағымызға қош келдіңіздер!

Сіздердің алдарыңызда Көкшетау қаласы №15 жалпы негізгі білім беретін мектебінің ІІ деңгейлі мұғалімі – Хасенова Мәдина Белгібайқызы


1 минут

Ой шақыру

Сіздердің назарларыңызға 4 сурет, олар: сызғыш, скрепка, қарындаш және сіріңке.

Осы заттардың нақты пайдалану мақсатын бәріміз білеміз. Дегенмен де сіздерге қоятын сұрағым: осы заттарды өзінің тура мақсатынан басқа, қандай жағдайларда қолдануға болады?



Топтық жұмыс:

1-топ: сызғыш

2-топ: скрепка

3-топ: қарындаш

4-топ: сіріңке


2 минут

Ой бөлісу

Топ мүшелері жауаптарын ортаға салады.

Өзге топ мүшелері толықтырады.



4 минут

Рефлексия

Слайд бойынша: сіріңкеден – сурет салуға болады екен, қарындашпен шаш жинауға, скерпкамен шнурларды жинастырып қоюға болады екен.

Осылайша, біз өзіміздің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттеріміз жақсы деңгейде дамығандығын көрсеттік.



1 минут

Коучингтің тақырыбы мен мақсатын айту

Бүгінгі коучинг сабағымыздың тақырыбы: Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту жолдары.

Осы коучинг сессиямызда сабақ барысында оқушының сын тұрғысынан ойлау қабілетінің дамуына ықпал ететін тиімді стратегияларын қарастырамыз.



1 минут

Топқа бөліну

Әдеттегідей, қазір топқа бөлінейік.

Топқа бөлінудің маңызы неде?

Қалай ойлайсыздар?

Оқушыларды топқа бөлудің басты мақсаты: оқушы кез-келген ортада тез бейімделіп, жұмыс жасай білуі және ынтасы жоғары оқушылар ынтасы төмен оқушыларға көмек жасауы.

Сонымен, «Таға шығу» әдісі бойынша 4 топқа бөлінейік:


  • Кім менімен тауға шыққысы келеді?

– 4 адам

  • Сіз өзіңізбен бірге тағы кімді алар едіңіз?

  • 4 адам

  • Тауға барғанда өте қауіпті жолмен келе жатырсыз дейік, кімнің қолынан ұстар едіңіз?

– 4 адам

  • Тауға шыққанда ішетін суыңыз бітіп қалды дейік, кім сізге суын берер еді? Қалай ойлайсыз? – 4 адам

  • Сізде бір үлкен қызыл алма бар, сіз кіммен бөлісіп жер едіңіз? – 4 адам

  • т.б. сұрақтар

3 минут

Топтық жұмыс

1-топ: СТО деген не деп ойлайсыз?

2-топ: Мұғалімдер үшін сын тұрғысынан ойлаудың маңызы неде?

3-топ: Оқушының бойында сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін қалай дамытуға болады?

4-топ: Тәжірибеңізде СТО технологиясының қандай стратегияларын қолданасыз?

6 минут

«Постерді қорғау»

Топ мүшелері өз жұмыстарын қорғайды.

5 минут


Ой бөлісу

Топ мүшелері қалауынша өз ойларын айтады

1 минут

Ой тастау.

Топтарға теориялық материалды ұсыну

Теориялық материал

  • Сын тұрғысынан ойлай деген не?

  • Блум Таксономиясы деген не?

5 минут

«Телефонды сату»

Қатысушылар әркім өз ұялы телефонының жағымды-жағымсыз сипаттарын жазады. Ақпаратты ортаға салады, топ ішінен ең жақсы деген телефонды таңдап алып, сол телефонға жарнама жасап, сатады.
Қай топтың жарнамасы әсерлі болды?

Қай топтың телефонын сатып алар едіңіз?



4 минут
4 минут


Рефлексия

Бұл жаттығу арқылы оқушылар белгілі бір ақпараттың жағымды-жағымсыз жақтарын, шынайылығын анықтап, талдай алады.

1 минут

«Жәрмеңкеге барғанда»

Топтың әр қатысушысы қима қағаздарға өз пәніне байланысты сұрақтар, терминдер, жазушылардың, тарихи қайраткерлердің есімдерін жазады.

Ол қима қағаздарыңызда жүріп сатасыздар, өздеріңіз де өзгелерден сатып аласыздар.

Ендігі мәселе: сол сұрақтарыңызға жауап беру.


1 минут + 1+2

«Топтық стратегия»

Әр топтан бір қатысушы ортаңғы үстелге келіп, онда жатқан қағазға қарайды.

Тапсырма: қағазда бейнеленген заттар мен суреттерді толығымен өз қағазына салу.

Осылайша ортаңғы үстелге кезекпен топтың әр мүшесі келеді.

Үстел қасында бір секундтан артық бөгелуге болмайды.

Бірақ алдымен, сіздерге ұсынатын тапсырмам: топ ішінде белгілі бір алгоритм құрастырып, жоспар жасаңыз. Қандай стратегия арқылы осы жұмысты жасайсыздар?


2 минут

Рефлексия

Бұл тапсырманы орындау барысында қандай стратегия қолдандыңыз? Қандай алгоритм бойынша жұмыс жасадыңыз?
Топтар стратегияларын ортаға салып, бөліседі.

Қай топтың стратегиясы тиімді болды?



2 минут

Жалпы рефлексия

«Чемодан. Мясорубка. Корзина»

2 минут

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет