§1. Қылмыс және қылмыстылық
§2. Қылмыстылықты қоғамға қауіпті, жүйелік-құрылымдық құбылыс ретінде санау
§3. Қылмыстылықтың құрылымы, деңгейі, динамикасы
§4. Қылмыстың латенттілігі
§ 1. Қылмыс криминологиялық зерттеу объектісі ретінде
Қылмыстылық біздің санамызда, бәрінен бұрын, әртүрлі қылмыстар түрінде көрініс табады. Сондықтан, қылмыстылық туралы мәселені қарауды қылмыстан бастаған жөн.
Қылмысты, қылмыстық құқық тұрғысынан да, криминология және криминалистика тұрғысынан да қарауға болады.
Қылмыстық-құқықтық тәсілде қылмыс айыпты адамның қылмыстық тыйымды бұзған өзінше оқшауланған актісі ретінде талданады. Назар бұл жерде қылмыс құрамын оның төрт элементі арқылы талдау жағына аударылады. Ол элементтер: объект, объективтік жақ, субъект және субъективтік жақ. Қылмысты жасау сатылары қылмыстық-құқықтық критерийлер негізінде бөлініп алынады.
Криминологиялық тәсілде қылмыс, біріншіден, адам үшін сыртқы орта болып табылатын жағдайларда және адамның өзінің сипаттамаларымен бір мезгілде, екіншіден, бір кездік акт емес, кеңістік пен уақытта дамитын белгілі бір процесс ретінде талданады14.
Талдаудың бұл екі аспектісі тек теориялық емес, практикалық та маңызға ие. Қылмыстың қылмыстық-құқықтық талдамасы адам қылмыстық заңның нақты нормасында көзделген (тыйым салынған) іс-әрекетті жасады және соған сәйкес ол қылмыстық жауаптылық көтеруге жатады деп тану үшін қажетті және жеткілікті нышандар жүйесін анықтауға мүмкіндік береді.
Криминологиялық тәсіл қылмыстың себептері мен жағдайларын, қылмыс жасаған адамның мінездемесінің ерекшеліктерін, қылмыстық әрекеттің әлеуметтік салдарын анықтауға бағытталған. Мұның бәрі сол адамның жаңа қылмыстар жасауының және өзге адамдардың сондай қылмыстар жасауының алдын алу үшін не жасау керек; айыптыға қатысты және жасалған қылмыстық әрекеттің келеңсіз әлеуметтік салдарларын болдырмау мақсатында заң шегінде қандай нақты шараларды қабылдаған жөн екендігін түсінуге мүмкіндік береді.
Заң қылмыстың өзінің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамаларымен бірге зерттелуін талап етеді. Анықтама, алдын ала тергеу жүргізгенде және істі сотта қарағанда дәлелдеуге жататын мән-жайлар ішінде қылмыстың сылтауы, айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар (жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататындардан басқа), сондай-ақ қылмыс жасаудың себептері мен жағдайлары сияқтылар да бар.
§2. Қылмыстық іс-қимылдың тетігі
Қылмыстық іс-қимылдың тетігін қарастырғанда адам үшін сыртқы орта мен оның жеке басының қасиеті өзара әрекеттесе отырып қылмыс жасауға сылтаудың (мотивация) туындауын, ол туралы шешім қабылдауды, қабылданған шешімді орындауды, одан кейінгі мінез-құлықтың сипатын анықтайтындығы ескеріледі.
Бұл схеманы мына мысалмен көрсетуге болады: бақуатты адамдардан кем тұрмасам, сол үшін материалдық молшылыққа кенелсем деген сылтау қалыптасады. Сонан соң адам мына шешімдердің біреуін қабылдайды: молшылыққа жетудің заңды жолын таңдау (заң факультетін бітіру, шетел тілін үйрену және айлығы көп жұмысқа тұру), не қылмыстық жолға тұру (ұрлау, қорқытып алу және т.б.). Бірақ бұл шешім оқталған объект жақсы қорғалатындықтан жүзеге аспай қалуы мүмкін. Қылмыс жасалған күннің өзінде де ұрлық затын пайдалануға, қылмыс ізін жасыруға және т.б. байланысты мәселелер туындайды.
Қылмыстық іс-қимыл тетігінің схемасы
Сылтау қылмыстық іс-қимыл себебінің туындау, қалыптасу процесін және оның мақсатын қамтиды. Іс-қимылдың сылтауы - әрекет жасауға іштей ұмтылыс, сыртқы орта мен нақты жағдайдың ықпалынан туындаған және асқынған мұқтаждық, мүдде, сезім анықтайтын ниет. Сылтаудан кейін белгілі бір іс-әрекеттің алдын ала көрінген және қалаулы нәтижесі ретінде мақсат қалыптасады.
Қылмыс жасау туралы шешім қабылданғанда сол ниетті жүзеге асырудан болуы мүмкін салдарлар болжамданады, нақты жағдай, өз мүмкіндігі және басқа мән-жайлар ескеріліп алдағы әрекет жоспарланады, қылмыс құралы таңдалады.
Қалыптасқан жағдайдың және бойындағы мұқтаждықтың, мүдденің, сезімнің ықпалымен адамда белгілі бір мақсат орныққаннан кейін онда біршама кідіріс болады. Әдетте, адам сол мақсатқа сәйкес бірден әрекетке көшпейді, ол мақсатын қоғамдағы моральдық, құқықтық және басқа нормалармен, қоғамның және топтың пікірімен, жақын адамдар пікірімен өлшеп көреді. Сонымен қатар ол объективтік факторларды, оның ішінде сыртқы әлеуметтік бақылаудың (объектіні күзету жүйесін немесе кәсіпорындағы есеп-қисап жағдайын және т.б.) ахуалын ескереді. Сондай-ақ қылмысқа тосқауыл қою, оны ашу және айыптыларды жазалау практикасы да ескеріледі. Қылмыстан не пайда, не зиян болатындығы салмақтанады. Мысалы, әңгіме аса ірі соманы ұрлау жайында болса, ол үшін жаза ретінде сол сомадан едәуір аз айыппұл салынатын болса, әрине ондай қылмыстан адам пайда көреді. Бұл кезеңде сол адамның санасының сипаттамасы, сондай-ақ, ол араласып жүрген немесе өзі еліктейтін адамдар мен топтардың санасы үлкен рөл атқарады. Егер төңіректегілер жалпы қылмысты айыптағанмен экономикалық қылмыстарға саусақ арасынан қарайтын болса, онда заңсыз баюға бағдар алған адам ұрлық жасауды емес, басқа қылмысты, мысалы, пара алғанды жөн көреді. Егер төңіректегілер іс-қимылдың қылмыстық түрін мүлде айыптайтын болса және сол шешім қабылдаған адамның өзі қылмыстық жазаланатын іс-әрекетке жол беруге болмайды деп санаса, онда ол қылмыс жасаудан бас тартуы не оны басқалардың күшті қысымымен немесе қалыптасқан мән-жайға байланысты жасауы мүмкін. Сонымен, шешім қабылдау сатысында адамда туындаған ниет қоғамда қалыптасқан нормалармен, пікірлермен, көзқарастармен, болуы мүмкін салдарлармен тағы бір салыстырылады. Қайта құрудың белгілі бір кезеңінде: Заң тыйым салмағанның бәріне рұқсат деген ұран болған. Бұл қылмыстық іс-қимылға тосқауыл болатын және әлеуметтік реттеуші міндетін атқарушы тек заң ғана емес, сонымен қатар моральдық нормалар, діни, этикалық қағидалар, экономикалық ережелер де екендігін елемегендік еді. Әрбір шешім қабылдарда бұлардың барлығы жиынтықта ескерілуі тиіс. Қабылданған шешім заңға, әсіресе қылмыстық заңға қайшы келе ме, бұл – қорғаныстың соңғы шебі, оны аттап өткен адам қылмыстық заңның әрекет аясына түседі.
Шешім қабылдауды кешіктірсе қылмыс жасаудан бас тартуы да мүмкін. Егер адам қылмыс жасаудан бас тартса, онда ол мақсатқа жетудің сол жағдайға жарамды басқа жолын іздестіреді және де өз мүмкіндіктерін, болса – сыбайластарының да мүмкіндіктерін ескереді. Мысалы, бойында қауһары жоқ адам немесе ақсақ мүгедек, жәбірленушінің қарсылығын жеңіп, қылмыс жасалған орыннан тез қашып кетуді қажет ететін қарақшылыққа бара қоймайды. Адамның күш-қуаты, кәсіби тәжірибесі және басқа факторлар маңызды рөл атқарады.
Қылмыстық іс-қимыл тетігінде ықшамдалған деп аталатын да сипат болуы мүмкін. Онда кідіріс актісі болмайды: адам өзінде туындаған мақсатқа сәйкес бірден әрекетке кіріседі. Шешім қабылдау және амалды таңдау табан асты болады, ол жағдайдың ықпалымен, не ол адамның сондай мән-жайларды жасайтын дағдылы іс-қимылдарының бой көтеруі нәтижесінде, сыбайластарының ықпалымен болады. Мұндай жағдайларда адамның жеке басының сипаттамалары жалаңаштанады. Іс-қимылдың сыртқы реттегіштері (мораль, заң және т.б.), егер олардың мазмұнын адам іштей игермесе, еш әсер етпейді.
Қылмыстық іс-қимылдың ықшамдалған тетігі (ойластырылмаған шешім, мақсатқа жетудің басқа жолы іздестірілмегендік), көбіне, шешім қабылдағанда ұстамдылық танытпайтын, салдарды ойламайтын адамдарда байқалады. Бұл кәмелетке толмағандарда, интеллектуалдық даму деңгейі төмен адамдарда не қызба адамдарда жиі кездеседі.
Мұндай тетік мас адамдардың қылмыстық іс-қимылдарында да кездеседі. Бұл ретте адамның сипаттамасы жалаңаштанады, ол өзін өзінде қалыптасқан барлық мұқтаждықтармен, дағдылармен, мақсаттармен қоса мүмкіндігінше толық көрсетеді.
Қылмыстық іс-қимылдың ықшамдалған тетігі, сондай-ақ, сол адам үшін күрделі, дағдылы емес, тез әрекет етуді талап ететін жағдайларда да кездеседі. Бұл ретте сылтау, шешім қабылдау және оны орындау сатылары бір-біріне сәйкес келеді.
Шешім қабылданғаннан кейін оны орындау сатысы келеді. Шешімнің іс жүзінде жүзеге асырылуы жоспарланғаннан басқаша болуы мүмкін, мысалы, сыртқы жағдай өзгергендіктен. Мысалы, жәбірленуші қатты қарсылық көрсетсе тонау қарақшылықпен тонауға ұласуы мүмкін немесе керісінше, қылмыстық пиғылды аяғына дейін жеткізуден бас тартылады.
Адамның күйі де, сыртқы орта жағдайы да қылмыстық іс-қимылдың әртүрлі кезеңінде тұрақты болып қалмайды.
Мынаны анықтау керек: а) негізінен ненің ықпалымен сылтау мен шешім пайда болды: адамның жеке басының тұрақты сипаттамасы ма, әлде күрделі, өзгеше жағдай ма? б) іс-қимылдың сол қылмыстық нұсқасын таңдау туралы не себепті шешім қабылданды; в) дәл сол қылмыстық іс-қимыл туралы шешім қабылдауға қандай мән-жай әсер етті: ол дауды шешудің сол адам үшін дағдылы тәсілінен туындаған ба, әлде, ол үшін өзгеше жағдайдан, басқа мән-жағдайлардан, атап айтқанда, бұзылған құқықты заңды жолмен тез және тиімді қорғаудың мүмкін екендігіне сенбеушіліктен, ол жолдарды білмеушіліктен және т.б. туындаған ба? г) қылмыс жасау туралы шешім тиісті формада неге іске асты, қылмысты аяғына жеткізуден бас тартудың себебі неде?
Қылмыстан кейінгі іс-қимыл кезеңінде, қылмыскер, болған оқиғаны, салдарды талдайды, қылмыстық жолмен тапқан мүлікке иелік жасайды, қылмыстың ізін жасырады, өзінің әшкереленбеуі және қылмыстық жауапқа тартылмауы үшін тиісті шара қолданады. Бұл кезеңде қылмыстық табысты жуып шаю немесе заңдастыру әрекеті жасалады.
Қылмыстан кейінгі іс-қимыл ұғымы, бұл жерде, қылмыс жасау туралы шешім орындалғаннан кейін тікелей жалғасатын және жасалған қылмыспен байланысты іс-қимылды білдіреді.
Қылмыстық әрекетті және оның салдарларын талдағанда қол жеткенді ойластырылғанмен салыстыру болады. Мұның бәрі мораль нормаларымен, құқықпен, қоғамдық пікірмен, топтың берген бағасымен қайтадан салыстырылады. Адам істеген қылмысына өкінеді (тіптен, айыбын мойындап тиісті орынға өзі барады), не әшкереленбеу үшін қорғаныс жүйесін ойластырады. Адам бұл ретте қылмыстың ізін жасыру, куәлерден арылу және т.б. (бұл әрекеттер, кейде шешім қабылданғанда жоспарланады, олар шешімді орындаудың ажырамас бөлігі болып табылады) сияқты нақты қорғануды ғана емес, психологиялық қорғаныс жүйесін және қорғану сылтауларын ойластыру жағын да қарастырады.
Сұрақ алған кезде айыпталушы кейде осы қорғану сылтауларын алға тартады, ол бірінші кезеңге тән сылтаулардан едәуір өзгеше болуы мүмкін. Кейде қорғаныс сылтауы сол адам үшін астыртын пайда болады, ал оның өзі қандай да бір орынды дәлелдерді басшылыққа алғандығына сене бастайды.
Әдебиетте психологиялық өзін-өзі қорғау тетіктерінің кешені баяндалған. Олардың ішінде айыпталушының қылмыс жағдайын, ондағы өз іс-қимылын өте субъективті түсіндіргенін бейнелейтіндер маңызды рөл атқарады. Қылмыскер өзін құрбан ретінде көрсетуі мүмкін (басқа түскен қиыншылық және т.б.). Кейде ол өзінің ниетіне және мақсатына игілікті рең береді, мұндай істейтін жалғыз мен емеспін (кім ұрламайды), қалай өмір сүрем, басқаларға қарағанда ашық кеттім (басқалар да осылай істер еді, бірақ қорқады), менің келтірген залалыма қарағанда мен тартқан зиян әлдеқайда көп, деп те айтады. Мысалы, пайдақорлық пиғылмен адамды қасақана өлтіру үшін оған қастандық жасаған сотталушы: Жәбірленуші тірі қалды, тіптен жұмысқа шықты, ал мен болсам бас бостандығымнан айырылып түрмеде әлі отырмын деген.
Қорғаныс сылтауы мен түрткі болған сылтаудың түбірлері бір: олар адамның жеке басының сипаттамасына тамыр жайған.
Криминологиялық талдауда қылмыс сыртқы орта контексінде және адам сипаттамасымен қоса зерттеледі. Қылмыскер мен жәбірленушінің арақатынасының сипатын анықтаудың маңызы зор, ол тек қылмыс жасалған жағдаймен ғана шектелмейді. Олардың арасында ұзақ уақыт дау-дамай болған жағдайлар да кездеседі.
Қылмыс құрбанының да іс-қимылы едәуір маңыздылыққа ие, соңғы жиырма жылдан аса уақыт виктимология проблемасына – қылмыстың құрбаны туралы ілімге баса назар аударылуы бекерден бекер емес15.
Криминологиялық зерттеулерге сүйенсек, көбіне, іс-қимылы қылмыскердің іс-қимылына ұқсас адамдар қылмыс құрбаны болады екен (бұрын сотталғандар, маскүнемдер және т.б.). Бұл ретте виктимдік проблемасы қылмыстық немесе азғындаған топ ішіндегі дау тұрғысынан қаралуға тиіс. Бірақ, басқа да құрбандар бар ғой: олар дұрыс адамдар, қылмыскерге тап боламын деп ойламайды, қамсыз жүреді (қылмыскерге мүлкін сеніп тапсырып кетеді, бірге қонаққа баруға келіседі және т.б.). Бұл мәселелердің бәрі жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
Қылмыстық іс-қимылды тек қылмыскер мен нақты жәбірленуші арасындағы қатынастар шегінде ғана емес, қылмыскер мен орта арасындағы ауқымды қақтығыстың қорытындысы деп те қарау керек. Кейде қылмыскермен бұрын қақтығыспаған, тіптен оны танымайтын адам да соққыға жығылуы мүмкін. Мысалы, бұрыннан бойына жинақталған ашу-ызаны қылмыскер осылай сыртқа шығарады.
Қылмысты криминологиялық талдаудың шеңбері, әдетте, қылмыстық-құқықтыққа қарағанда кең. Біріншіден, сылтау және шешім қабылдау кезеңдері қылмыстық заңда қылмысты жасауға дайындық ретінде бағаланбайтын әрекеттерді қамтуы мүмкін. Мысалы, ірі ұрлық жасауды жоспарлаған адам алдын ала қолайлы объект іздестіреді, сол жерге жұмысқа орналасады, күзет және бақылау жүйесін зерттейді. Тек біршама уақыт өткеннен кейін ғана ұрлықты жеңілдететін қосымша жағдайлар тудырады. Екіншіден, криминологиялық зерттеуде іс-әрекеттің сол айыпты үшін де, орта үшін де қандай әлеуметтік салдары болғандығы зерттеледі. Сонымен қатар, қоғамға қайшы бағдардың орнығуы, қылмыстық дағдыға үйрену, қандай да ұйымның қалыпты жұмысын бұзу, қылмыстық әрекетін жалғастыру үшін жағдай тудыру сияқты тұстар да ескеріледі.
Криминология тұрғысынан алғанда қылмыстан кейінгі іс-қимыл да қылмыстық іс-қимыл кезеңіне жатады. Ал, бұл ретте, қылмыстық іс-қимыл қылмыстық-құқықтық түсінікке қарағанда кеңірек ұғым ретінде қаралады.
Сонымен, мамандар, қылмысты қарағанда қылмыстық іс-қимыл жайында айтады. Онымен қатар қылмыстық әрекет деген басқа термин де қолданылады, ол келесі параграфта кеңірек қаралады.
3. Ұйымдасқан қылмыс және қылмыстық әрекет
Ұйымдасқан қылмыс – жоспарланған, алдын ала ойластырылған, әдейі қасақана жасалатын қылмыс. Мұндай қылмысты жеке адам да, топ та жасауы мүмкін. Шешім қабылдау кезеңінде қылмыс жасаудың жоспары ойластырылады. Егер қылмысты бірнеше адам жасайтын болса, алдын ала олардың рөлдері бөлінеді: сыбайластардың біреуі қылмыс объектісін іздестіреді, екіншісі – қылмыс құралын, қажетті керек-жарақтарды табады, үшіншісі – қылмыс орнынан тез кетіп қалу үшін және ұрлаған заттарын алып кетуге қажетті көлікпен қамтамасыз етеді, төртіншісі – қауіпсіздік жағын ойластырады, бесіншісі – қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатумен, қылмыстан түскен табысты заңдастырумен айналысады. Криминологиялық талдама жасалғанда рөлдерді бөлісу жоспарының қандай болғандығын, қылмыс жасалған кезде дәп солай болды ма, басқаша болса – не себепті өзгерді, нақты қандай әрекеттер жасалды, соны анықтау керек.
Ұйымдасқан қылмыстың өрбуінің белгілі бір қисыны бар. Оның негізінде сылтаудың өзгеруі, қылмыс кезіндегі және қылмыстан кейінгі іс-қимылдар логикасы жатады. Мысалы, ірі ұрлық жасалғанда, біріншіден – ұрлағандарды сату және оны сататындарды және алатындарды табу проблемасы туындайды; екіншіден – егер ұрлық мүлікті өткізу жолы табылса қылмыскер жаңа қылмыс жасауға және сол арқылы табыстың тұрақты көзін ашуға ұмтылады. Соңғы жағдай оны ең қатаң жазалау шаралары көзделген жаңа қылмысқа итермелейді. Бұл жағдайда ұрлаушылар ұрлықтың куәлерін немесе бақылаушы және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, кейде жорналшыларды, сондай-ақ басқа адамдарды сатып алудан немесе оларға күш көрсетіп қорқытудан тайынбайды. Осылай, ұйымдасқан қылмыс ұйымдасқан қылмыстық әрекетке ұласады.
Ұйымдасқан қылмыстық әрекет – қандай да бір субъектінің (бір адамның немесе топтың) өзара байланысты ұйымдасқан қылмыстық іс-әрекетінің жүйесі. Гректердің systema сөзі бөліктерден құралған бүтін дегенді білдіреді. Яғни, қылмыстық әрекеттегі жекелеген қылмыстар оның құрама органикалық бөліктері және әрине олардың әрқайсысы тек қылмыс қана емес, ұйымдасқан қылмыс. Кейде ұйымдасқан қылмыстық әрекеттің субъектілері кездейсоқ қылмыстық әрекеттер жасайды, ал оларды сондай әрекеттердің элементтері деп санауға болмайды (көңілді отырыс кезінде жанжал шығып қорлық көрген адам өзін қорлағанға дене жарақатын салады, мүмкін ол қылмысты өзімен бірге жасасатын сыбайласы да шығар). Бұл жерде қылмыстар жиынтығы бар, бірақ жүйе жоқ.
Жүйеде, біріншіден, бірнеше қылмыстардың өзара байланысы байқалады, екіншіден, келесі қылмыстар сылтаудың бірінші кезеңінде де, шешім қабылдағанда да, оны орындау кезеңінде де, одан кейін де туындауы мүмкін.
Қылмыстық іс-қимыл терминіне қарағанда қылмыстық әрекет термині тек белгілі бір жағдайда жасалған қылмысты ғана емес, адамның алдын ала әлеуметтік ұстанымдарды, қылмыстық пиғылды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды іздестіруін, өзін-өзі тәрбиелеу процесінде тек қылмыстық қызмет үшін маңызды қасиеттердің дамуын көрсетеді. Яғни, қылмыстық әрекетте адамның жеке басының рөлі белсенді де шешуші рөл атқарады.
Ұйымдасқан қылмыстық әрекеттің даму қисыны мынаны көрсетеді: қылмыс субъектісі бір адам емес, криминологиялық терминология бойынша атағанда – ұжымдық субъект болуы мүмкін. Мысалы, бір жоспармен әрекет жасайтын адамдар тобы үйлесті және ұйымшыл болады. Мұндай жағдайда оның әр мүшесінің әрекетін басқалары толықтырып отырады. Ұйымдасқан қылмыстың негізінде әртүрлі ұйымдасқан құрамалардың дәл осындай ұжымдық қылмысты әрекеті жатыр.
4. Қылмыстылық
§1. Қылмыскер және қылмыстылық. §2. Қылмыстылық жүйелік-құрылымдық құбылыс ретінде. §3. Ұйымдасқан қылмыстылық ұғымы. §4. Қылмыстылықті әлеуметтік құбылыс ретінде қарау
§1. Қылмыстар және қылмыстылық
Қылмыстылық ұғымы, көбіне қылмыстың көптігі туралы, олардың статистикалық жиынтығы туралы сөз болған жағдайда қолданылады16.
Бұл - қылмыстылық анықтамасын ең қарапайым да түсінікті ыңғайда беру. Шындығында, қылмыстылық көптеген қылмыстар арқылы ғана неғұрлым айқын көрініс табады. Қылмыстылықтің қылмыстың жекелеген түрлерімен салыстырғандағы ерекшелігі – оның жаппайлығында. Жаппай болған жағдайда қандай да бір құбылыстың саны статистикалық талдауға келеді, нәтижесінде белгілі бір статистикалық заңдылық анықталады.
Сондықтан да, қылмыстылық жайында тек қылмыстардың көптігі деп сөз болса, назар ол жайындағы мәліметтердің статистикалық талдамасына аударылады, қылмыстылықтің жайы, құрылымы, динамикасы зерттеледі.
Бірақ, қылмыстарды жаппай деп зерттеу олардың сол жаппайлықта көп жаңа сипаттарға ие болатындығын көрсетіп отыр. Әр түрлі қылмыстар арасында белгілі бір қатаң қатынастар байқалады. Мысалы, ашылған және тіркелген жеңіл дене жарақаты, ұрып-соғу фактілерінің, қару алып жүрумен байланысты қылмыстардың саны азайғанда адамның өмірі мен денсаулығына қарсы ауыр қылмыстар саны артады.
Қылмыстылық пен қылмыстардың уақытпен байланысын жалпының жекемен байланысы деп қабылдай бастады. Жалпы, біздің білуімізше, жекенің сипаттамасын қайталамайды. Мынадай ұқсастық бар: су тамшысында өзіне ғана тән сипаттама бар. Ал көп тамшы қосылса бұлақ, өзен, теңіз, мұхит болады. Егер мұхиттан су тамшысын алсақ, онда оны жоғары көрсетілген сипаттамаларды анықтау тұрғысында зерттейміз. Ал, мұхитта су тамшысына тән емес құбылыстар бар, ол ағады, толқиды, тасиды және т.б.
Қылмыстылықте де тура осындай жағдай. Оны тек қылмыстар көптігі деп қарағанның өзінде де, ол басқадай жаңа сипаттамалармен сипатталады.
Қылмыстардың көптігінен қылмыстық іс-қимылдың тұрақтылығын да (рецидив), ұйымдасқандықты да (қылмысты ұйымдасқан құрылымдардың жасауы), қылмыс көптігінен қоғамға келетін қауіпті де байқауға болады.
Сонымен, біріншіден, қылмыстылық бізге тек қылмыстық іс-әрекет түрінде ғана келмейді. Ол қылмыс жасаған адамдардан да көрініс табады. Қылмыстылықтің статистикалық есебі фактілер бойынша да, адамдар бойынша да, ұйымдасқан құрылымдар бойынша да жүзеге асырылады. Сонымен қатар қылмыстылықтің салдары: жәбірленушілер саны, ұрлағанның мөлшері және т.б. ескеріледі.
Екіншідан, әңгіме жай бірімен-бірі байланыста жоқ қылмыстардың көптігі жайында ғана емес, сонымен қатар олардың күрделі жүйе екендігі жайында да.
§2. Қылмыстылық жүйелік - құрылымдық құбылыс ретінде
Қандай да бір объектінің жүйелік-құрылымдық сипаты туралы мәселе сол объектінің өзі бөлігі болып табылатын неғұрлым жалпы бүтіннің өзгеруімен өзара байланыста қалай өзгеретіндігін және бүтіннің бір бөлігінің басқа бөліктің өзгеруімен қалай байланысты екендігін анықтау қажет болған жағдайда туындайды.
Бұл міндет күрделі құбылыс ретінде қылмыстың қоғаммен органикалық бірлігін зерттейтін, оның әртүрлі формаларының өзара байланысын зерттейтін криминологтар алдында да қалайда туындайды.
Қылмыстылық дегеніміз өзара байланысты элементтердің белгілі бір жүйесі, онда едәуір дербестік, оның жекелеген элементтеріне тән емес сапалы сипаттама бар. Сондықтан да қылмыстылықтің өз тарихы, даму логикасы бар17.
Криминологиялық зерттеулер қылмыстылықтің әртүрлі элементтерінің заңдылықтағы өзара байланысын ашады, оның ортаның өзгерісіне бейімделу қабілетін, тіптен ортаны өзінің тұрақтануы және дамуы үшін бейімдейтіндігін растайды. Жаңа жағдайларда оның көрініс табу формасы түрін өзгертеді, қылмыстылықтің қоғамға кері ықпалы да байқалады.
Қылмыстылық бүтіндік сипаты және басқа құбылыстардан бөлектігі мүлде айқын емес жүйелер типіне жатады. Қылмыстылық бірімен бірі байланысты емес әртүрлі қылмыстардың конгломераты деген де пікірлер бар.
Қылмыстылықтің жүйелік сипатының негіздемесі мыналарға сүйенген:
а) қылмыстылықті едәуір жалпы жүйенің – бүтіндей қоғамның элементі ретінде, сол қоғамның ерекше шағын жүйесі деп тану;
б) қылмыстылықтың белгілі бір бүтіндігін негіздеу;
в) қылмыстылықтің бірімен бірі өзара байланыстағы, барлық қылмыстылықке бүтіндей жаңа сапалы сипаттама беретін, оның жекелеген элементтерінен өзгеше нақты элементтерін бөліп алу.
Жүйеге қойылатын талаптардың бірі – осы жүйені қамтитындай кемінде бір үлкен жүйенің болуы.
Қылмыстылықке қатысты алсақ үлкен жүйе деп қоғамды санауға болады. Қылмыстылық – қоғамда болатын және онымен тығыз байланыстағы құбылыс. Оның түрлері мен элементтері тым болмаса қылмыстың тұтас, ортақ детерминанты ретіндегі қоғам арқылы өзара байланысты.
Нақты зерттеулер ұрлық, зорлау, адам өлтіру, сапасыз өнім шығару, есепті бұрмалау сияқты әр түрлі қылмыстардың аймақтық әлеуметтік ортамен детерминациясының ортақ бағытын көрсетіп отыр. Бір үлкен қалада ірі өнеркәсіптік кәсіпорын негізгі жұмыс беруші деп саналған. 70-жылдардың аяғында қысқа мерзімде өндіріс көлемін үштен бірге ұлғайту жөнінде тапсырма берілген. Ал, әлеуметтік проблемаларды шешуге қажетті қаражат кәсіпорынға бөлінбеген.
Көрсетілген өндірістік тапсырманы орындау үшін басқа аймақтардан қызметкерлер алып келу керек еді. Бірақ білікті мамандарды шақыруға ешқандай мүмкіндік болмады: оларға беретін пәтер жоқ, қажетті тұрмыстық тауарлармен қамтамасыз ету бұл жерде жолға қойылмаған, сауықтыру орындары жоқ, бар болғаны жатақханадан орын беру ғана еді. Сол себепті кәсіпорын кәсіби-техникалық және басқа оқу орындарының түлектерін шақыра бастады; үйінен қашқан, жұмыста берекесіз, маскүнем, жалқау адамдар, қысқасы одан қашқан, бұдан қашқандар келе бастады. Олар жұмысты алып кете алмады, жоғары айлық та талап етпеді. Нәтижесінде қосып жазуға тура келді, ал шығарылған өнім сапасыз болды. Қосып жазу нәтижесінде артық болып шыққан материалдық құралдар ұрланды, талан-таражға түсті. Сонымен қатар жатақханаларда маскүнемдік, төбелес, бейбастақтық кең етек алды.
Бұрын сотталғандар, көпті көргендер билік тізгінін қолдарына алды. Олар жастарды өзінше тәрбиелей бастады. Ал, айтқанына көнбеген, айдауына жүрмегендерге зорлық-зомбылық жасалды. Қалада ұрлық, әйел зорлау және басқа қылмыстар көбейді.
Кәмелетке толмағандар мен ересек адамдардың қылмыстылығын, пайдақорлық және зорлық-зомбылық қылмысты зерттеушілер қылмыстылықтың бұл түрлерін тудыратын әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық факторлардың ұқсас екендігін байқады. Бұл аталған факторлар қылмыстық іс-қимылдың бір-бірімен әртүрлі байланыстарындағы өзіндік формаларын, ықпал ету тетіктерінің бөлек екендігін анықтайды.
Қылмыстылықті ол үшін неғұрлым жалпы жүйенің (бірақ, бүтіндей қоғамнан кішілеу) бөлігі ретінде, келеңсіз әлеуметтік ауытқулар ретінде қарау керек. Бұл ауытқулар әрқилы: көлеңкелі немесе қосарланған экономика, маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б. Қылмыстылықтің келеңсіз әлеуметтік ауытқулардан айырмашылығы оның қоғам үшін аса қауіптілігінде. Мұндай бағаны мемлекет қылмыстық заңда берген.
Бұл – формальды критерий емес, қандай да бір іс-әрекетті қылмыс ретінде бағалау ойдан алынбайды, онда әлеуметтік рең бар, ол орын мен уақыттың белгілі бір жағдайларымен байланыстырылады. Қылмыстар тізбесі әртүрлі мемлекеттерде және тарихи әртүрлі кезеңдерде аса көп түрлі емес. Адамдардың өмірі мен денсаулығына, абыройы мен ар-ожданына, мемлекетте орныққан конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, қызметтік міндетті, экономикалық қызметті жүзеге асыру тәртібіне қастандық, ұрлық және меншік иесінің еркінен тыс бөтеннің мүлкін иеленудің өзге формалары, міне осы іс-әрекеттер қылмыстық заңдардың мазмұнын толықтай қамтиды. Осы қастандықтардың әрбір түрі ҚК баптарында нақтыланған. Криминологиялық зерттеулерде салыстырмалы қылмыстар массиві деп аталатындар бөлек қаралады, олар жайындағы заң нормалары өзгермеген, ал оларға қатысты статистикалық мәліметтерді салыстыруға болады. Бұл массив бар болғаны 16 бапты қамтиды, бірақ оларға 1980 жылы тіркелген барлық қылмыстардың 56%-ы, 1999 жылы - 70%-ы келіп отыр.
Қылмыстылықтің ерекшелігі туралы айтқанда оның қылмыстық жаза көзделген ең қатаң тыйымды көптеген азаматтардың айыпты бұзғандығының нәтижесі екендігін ескеру керек. Нормаларды қылмыстық заңмен қорғау оларға жаңа сапа береді. Тиісінше, бұл нормаларды бұзу да жаңа сапаға ие болады.
Қылмыстық жазалаушылықта әңгіме қылмыстық тыйымды іс-қимылдың басқа нұсқалары жол берген жағдайларда айыпты бұзу жайында ғана болады. Қылмыстық іс-қимылды түсіндіргенде мұны ұмытпау керек.
Барлық қылмыстық көріністер үшін неғұрлым ортақ сапа критерийі мынау бола алады: әлеуметтік негізі бар, сонымен қатар, қылмыстық-құқықтық тыйымды өзге келеңсіз әлеуметтік ауытқулармен салыстырғанда қоғамға қауіптіліктің ең жоғарғы сатысы болып табылатын айыпты бұзу.
Қылмыстылық теріс әлеуметтік ауытқулардың ең шыңында тұр. Криминологиялық зерттеулер көрсетіп отырғандай, қасақана ауыр қылмыс жасаған жағдайлардың 90%-нан астамында айыптының мінез-құлқында бұрындары теріс ауытқулар байқалған. Нормалардан немесе оң ауытқулардан қылмысқа бірден секіріп өту де болады, бірақ ол айрықша жағдайларда не айыпты адамның көңіл күйінің ерекше толқуы кезінде (аффект) орын алады.
Қылмыстылықтің айрықша әлеуметтік құбылыс ретінде қандай да бір бүтіндігі, жүйелілігі оларды майда құрылымдарға бөлгенде, олардың арасындағы өзара байланысты талдағанда байқалады.
Қылмыстылық белгілі бір орта типтері мен жеке адам типтерінің өзара әрекеттесуінің нәтижесі ретінде қаралатындықтан, қылмыкерліктің екі ірі құрылымшасы бөлініп алынады:
1. тұрақты, оның туындауында адамның жеке басының сипаттамасы жетекші рөл атқарады: адам кедергілерді жеңеді, қылмыс жасауға қолайлы жағдай тудырады, оларды ұтымды пайдаланады;
2. ситуациялық, оның генезисін жеке бастың сипаттамаларына қарағанда ортаның күштірек ықпалы, қылмыстық іс-қимылдың күрделі ситуациясы анықтайды.
Мұндай бөлектеу әлеуметтік ықпалдың жеке бастың сипаттамасында із қалдыратынына және ұзақ уақыт бойы адамның іс-қимыл сипатын анықтайтындығына негізделген. Ситуациялық қылмыстылық әлеуметтік жағдайлардың, ситуацияның өзгерісін тез әрі тікелей сезеді. Қылмыскердің жеке басындағы өзгерістің оның генезисіндегі рөлі шамалы, ол өзгерістер де шамалы.
Қылмыстылықтің осы түрлерінің әрқайсысында да екі құрылымша бөлініп алынады:
1. тұрақты қылмыстылықте – алдын ала қасақана (оның ішінде ұйымдасқан, кәсібилерді қоса) және өзекті-мақсатты (адамның сәті келген кезде іс-қимылдың вариантын табан асты таңдауын сипаттайтын);
2. ситуациялық қылмыстылықте – виктимдік-ситуациялық (қылмыс жасауға көрінеу қолайсыз ситуацияны және қылмыскердің сондай ситуацияны жасауға және оған түсуге кінәсін сипаттайтын) және кездейсоқ-ситуациялық (қылмыс жасаудың күрделі ситуациясы қылмыс жасаған адамның кінәсінен тыс болады, ондай жағдай ол үшін тосын, үйреншікті емес).
Алдын ала қасақана қылмыстылықте әлеуметтік жағдайларды ойластырып пайдалану, қылмыстық әрекетті жоспарлау, қажет болса – қылмыстық-құқықтық тыйымды бұзу үшін қолайлы жағдай жасау, болған өзгерістерді, оның ішінде әлеуметтік бақылаудағы, қылмыспен күрестегі өзгерістерді ұдайы ескеру байқалады.
Іс-қимылдың қылмыстық вариантын таңдауды субъект тиісті жағдайдағы өзі үшін ең тиімді қадам деп санайды. Бұл ретте келешекте түсетін пайда мен болатын шығындар мұқият есептеледі. Осы жерде жеке бастың рөлі айрықша зор.
Өзекті-мақсатты қылмыстылық өзекті мақсаттың күшті ықпалынан туындайды, мұнда мұқтаждығы, мүдделері теріс бағдар алған немесе оларды қамтамасыз ету амалдары туралы ұғымы заңға сәйкес келмейтін адамдардың белгілі бір әлеуметтік типі сол мұқтаждықтар мен мүдделерді қанағаттандыру мүмкін болатындай ситуацияға тап болады.
Жалпы, ситуациялық қылмыстың көрініс табуы негізінде сол ситуацияның өзі жатады, сол жағдайда адам белгілі бір іс-қимыл вариантын, қылмыстық вариантты таңдайды.
Егер жәбірленуші тарап іс жүзінде сол кезде қылмыс жасаушы адамның өзі болса, ал әңгіме қылмысқа қылмыспен жауап қату жайында болса, онда бұл ситуация тікелей қылмыстық болуы мүмкін. Мысалы, қылмыстық талқылау (криминальная разборка) ситуациясы осындай. Ситуацияда, сонымен қатар, жанама немесе шалғай қылмыстық сипат болуы мүмкін, онда ол қылмыстылықтің жанама салдарларын көрсетеді (қылмыстылық жайлап, жаппай үрей басқан кезде жол көрсетуді өтініп кешкісін саяжайға келген адамды қылмыскерге балап қателесіп өлтіріп қою).
Ситуацияда жалпы қолайсыз сипат та болады: маскүнемдіктің, нашақорлықтың етек алуы, жұмыссыздық, үйсіздік, жаппай өзара сыбайластық және т.б.
Виктимдік-ситуациялық қылмыстылықте ситуацияның рөлі анықтаушы болып табылады, дегенмен қылмыскерлердің кейбір жеке басы сипаттамаларының өзгеруі де бой көтеріп қалады, нәтижесінде олар проблемалық жағдайға тап болады. Мысалы, ішімдікке үйір компанияда дау-жанжал жиі болып тұрады. Ал төбелес бола қалған жағдайда кімнің жәбірленуші, кімнің айыпты болатындығы белгісіз.
Кездейсоқ-ситуациялық қылмыстылықте табан асты туындаған ситуация анықтаушы (толықтай дерлік) болып табылады, адам өзінің бұрынғы кейпімен оған дайын болмағандықтан, дауды шешудің заңды вариантын тез таба алмайды. Мысалы, рульде келе жатқан жүргізуші басқа біреулердің кінәсінен табан асты қиын жағдайға тап болады, бірден дұрыс шешім қабылдай алмағандықтан адам қағып кетеді, ол қаза болады. Әрине, адам қаққан жүргізушінің кәсіби деңгейі төмен болуы, тез пайымдауға қабілеті болмауы мүмкін. Бірақ, жеке бастың қасиеті мұндай күрделі жағдайда қалып көрмеген, адам қақпаған басқа жүргізушілердікіндей болуы мүмкін.
Бұл құрылымшаларды, былайша алғанда, қасақана деп те, абайсызда жасалған қылмыс деп те санауға болады. Шынында, соңғыда қасақаналық жоқ, бірақ, субъектінің, бұзылуы қоғамға қауіпті салдарға алып келген нормаға қатынасын ескерсек, мұнда өзекті-мақсатты қылмыстылық бар.
Жүргізілген есептерге сүйенсек, әртүрлі аймақтарда ішінара зерттелген қасақана қылмыстылықте тұрақты және ситуациялықтың қатынасы 6:1 екен. Жалпы тіркелген қылмыстар ішіндегі алдын ала қасақана қылмыстылықтің үлесі – 50-70%, кездейсоқ-ситуациялық қылмыстылықтің үлесі 0,6-дан 2%-ке дейінгі аралықта. Бұл мәліметтер тек айқындалған және тіркелген қылмыстылықке ғана қатысты алынған. Қылмыстылықтің латенттік (жасырын) бөлігінде тұрақтының, әсіресе алдын ала қасақаналықтың үлесі бұдан жоғары деп ойлауға негіз бар.
Қылмыстылықтің жүйелік-құрылымдық сипатын негіздеу үшін жекелеген құрылымшаларды (элементтерді) бөліп алумен қатар, олардың араларындағы объективтік байланыстарды да ашу керек. Объективті байланыс дегеніміз заттар мен олардың қасиеттері арасындағы қатынас, олардың біреуінің өзгеруі екіншісінің өзгеруіне алып келеді (өзара әрекеттестікте болғандықтан).
Қылмыстылықтің бөлініп алынған құрылымшаларының өзара байланысының негізі оның дамуындағы қылмыстық әрекеттің өзі болып табылады. Белгілі бір жағдайларда қылмыстылықтің бір түрі басқа түрін (түрлерін) туындатады немесе оларға ықпал етеді. Мысалы, қылмыстылықпен күресте қателік кетсе халықтың бір бөлігі оны өз бетінше түзеуге әрекеттенеді, қылмыстық формада оған қарсылық жасайды немесе оған бейімделеді. Қарсылық әрекет жасағанда кейбір қылмыскерлерді күш жұмсап жазалайды (қылмыс орнында ұсталса және т.б. жағдайларда). Бейімділік көрсеткенде парақорлармен, ұрлаушылармен қылмыстық мәмілеге келеді.
Алдын ала қасақана қылмыстық әрекет қылмыстық әрекет үшін қолайлы, өзекті-мақсатты қылмыстарды жасағанда пайдаланылатын ситуация тудырады. Бұл құрылымшалардың өзара байланысы әдебиетте жан-жақты талданған. Қоғаммен жанама байланыста болатындардан басқа, өзара тікелей байланыста болатын әр түрлі құрылымшалар да бар.
Әр түрлі құрылымшалардың, қылмыстылық элементтерінің тікелей өзара байланыстылығы, өзара әрекеттестігі ғана қылмыстылықтің біршама дербес, айрықша әлеуметтік құбылыс ретінде болатындығының, қылмыстылықтің жүйелік сапасының себепкері болады. Сондықтан да қылмыстылықтің жекелеген түрлеріне оқшау ықпал етуге талпыныс қалайда сәтсіз аяқталады.
Қылмыстылықпен күресте қылмыстылықтің сипатына сай келетін жүйелік сипат болуға тиіс. Қоғамдық тәртіпті нығайту мәселесін қолға алған кездер болды (көшелерде, алаңдарда, парктерде), бірақ көп ұзамай бұзақылық көріністер, жатақханалардағы, үй-пәтерлердегі төбелестер саны көбейіп кетті.
Қылмыстылық әлеуметтік жүйе болғандықтан, оған дәл сондай жүйенің сипаттамасы тән: мақсаттылық, ашықтық, қылмыстылықпен күресте олқылық болса өзін өзі детерминациялау және дамыту.
Қылмыстылықтегі өзгеше мақсаттылық не қоғамға қауіпті, заңға қайшы мақсаттарға қол жеткізуде (есірткі өндіру және оны тарату және т.с.с.), не, жалпы құқық тыйым салмаған мақсаттарға қоғамға қауіпті, заңға қайшы құралдармен қол жеткізуде (қорқытып талап ету жолымен баю, абройын өзін қорлаған адамды қасақана өлтіру арқылы қорғап қалу) көрініс табады.
Әлеуметтік өзара әрекеттестікте қылмыстылық қатаң жүйе ретінде емес, ашық жүйе ретінде көрінеді. Ол орта жағдайына бейімделеді, белгілі бір шекте тез өзгереді. Жалпы қылмыстылық өзін өзі басқарушы жүйе ретінде дамиды және өзі детерминделеді.
Криминологтар сақталу, өзгерген мән-жайға бейімделу; халықтың бір бөлігіне тікелей қылмысты жұқтыру жолымен қоғамға шабуыл жасау, қылмыскерлердің тікелей нандыру, еліктіру, нұсқау беру тетіктерін пайдалану есебінен қылмыстылықтің өзін өзі қайта қалпына келтіру эффектісін атап өтеді. Қылмыстылық, өзінің қоғамға қарсы тұруын қамтамасыз ететіндей ерекше қорғану жүйесін құрып алады. Мұндай жүйені ескеру, білу қылмыстылықке қарсы тиімді күрес үшін қажет.
Мынадай сұрақ туындайды: қылмыстылықте жаңа ақпараттарды қабылдауды және өзгерістерге сай бағдар алуды не қамтамасыз етеді? Зерттеулер көрсеткендей, алдын ала қасақаналық, оның ішінде кәсіби және ұйымдасқан қылмыстылық бұл жерде маңызды рөл атқарады.
Қылмыскерлердің әлеуметтік жағдайларды қылмыстық тұрғыдан мұқият зерттеуі, жай пайдалана салмай, оларға ықпал етуі дәп осылармен байланысты.
Алдын ала қасақаналық қылмыстылықтің барлық жүйесінің дамуындағы қозғаушы күш қана емес, ол өзге құрылымшаларды әр түрлі жаулап алады. Қылмыстылық үрдісін, оның өзгеруінің және қоғамға кең ауқымды ықпалының бағыттылығын, ең алдымен, алдын ала қасақана қылмыстылықтің, оның ішінде ұйымдасқан және кәсіби қылмыстылықтің сипаттамасын талдай отырып зерттеу керек.
§3.Ұйымдасқан қылмыстылық ұғымы
Ұйымдасқан қылмыстылық ұғымы ұйымдасқан қылмыс, ұйымдасқан топ, ұйымдасқан қылмыстық әрекет, ұйымдасқан қоғамдастық сияқты басқа ұғымдармен байланысты. Барлық жерде ұйым, ұйымдасқан сөздері пайдаланылады. Бұрындары ұйымдасқан қылмыс және ұйымдасқан қылмыстық әрекет жайында айтылатын. Оның субъектілері жекелеген адамдар және адамдар тобы, оның ішінде ұйымдасқан құрамалар: ұйымдасқан топтар, бандалар, қылмыстық ұйымдар мен қылмыстық қоғамдастық болуы мүмкін.
Ұйымдасқан топтар бірнеше адам қылмысты, тіптен аса ауыр қылмысты жасағанда емес, оны жасау үшін алдын ала бірігіп, соған жан-жақты дайындалғанда пайда болады: олар жоспар жасайды, барлық күш-жігерін сол жоспарға бағындырады, жоспарды жүзеге асыру барысында туындаған проблемаларды бірлесіп шешеді, нақты жағдайға қарай оған түзетулер енгізеді. Ұйымдасқан топ бір қылмысты жасау үшін де құрылуы мүмкін. Мысалы, банктен ақшаның ірі сомасын ұрлау немесе инкассатор машинесін тонау үшін. ҚК-де ұйымдасқан қылмысқа бір немесе бірнеше қылмыстарды жасау үшін алдына ала біріккен адамдардың тұрақты тобы деп анықтама берілген, ал банда – адамдарға немесе ұйымға шабуыл жасау үшін құрылатын тұрақты қарулы топ.
Қылмыстық әрекеттің ауқымын кеңейту оған неғұрлым көп әр түрлі субектілерді тартумен байланысты.
Іс жүзінде олар жеке тұлғалар да, әр түрлі қылмыстар жасауға маманданған бұрыннан келе жатқан ұйымдасқан топ та, заңды тұлғалар да, мысалы, солар арқылы қылмыстық табыс заңдастандыралған және молаятын заңды тұлғалар, болуы мүмкін. Кең ауқымды қылмыстық әрекетке қатысушы әр түрлі субъектілердің жұмысын үйлестіру қажеттігі туындайды. Саны едәуір әр түрлі қылмыстық субъектілердің күрделі, көп аспектілі ұйымдасқан қылмыстық әрекетін басқарғанда ұйымдасқан қылмыстық құрамаларды тұтас организм ретінде басқаратын арнайы құрылымдар құрылады. Бұл ретте таза атқарушы функциялармен және ҚК-нің Ерекше бөлімінде көзделген нақты қылмыстарды тікелей жасаушы құрылымдарымен қатар басқарушы функцилар мен құрылымдар (ұйымдастырушылар, жетекшілер); қылмыстық ұйымның өзіне тән мұқтаждықтарын қамтамасыз ететін функциялар, құрылымдар (талдау бөлімшелері, өзінің қауіпсіздік қызметі, қылмыстық табысты заңдастыру және т.б.) бөлініп алынады. Қылмыстық ұйымдарды құрудың негізі осындай.
Мұндай ұйымның қоғамдық қауіптілігі сонда, ол тек аса ауыр қылмыс жасап қана қоймайды (бұл тұрғыдан алғанда оның қоғамға қауіптілігі ауыр қылмыстың қоғамдық қауіптілігіндей-ақ), сонымен қатар өзін басқаратын субектілердің сылтауларына және сыртқы жағдайларға байланысты кең ұйымдасқан қылмыстық әрекетті оның әр түрлі варианттарында қамтамасыз ете алатын құрылым болып саналады. Қылмыстық әрекетті дамыту және жасыру, алынатын табысты заңдастыру және молайту, қылмыстық құраманы сол қалпында сақтап қалу логикасы итермелейтін әртүрлі қылмыстар жасайды.
Ұйымдасқан қылмыспен күрес туралы федералдық заңның жобасында қылмыстық ұйымға мынадай анықтама берілген: Қылмыстық ұйым – а) қылмыстық ұйым не оның басшылығын құру; б) ҚК-нің Ерекше бөлімінің баптарында көзделген қылмыстарды тікелей жасау; в) қылмыстық ұйым құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етудің өзге де формалары бойынша қатысушылар арасында міндет бөлінген, бірлесіп қылмыстық әрекет жасайтын адамдар, не ұйымдасқан топтар, не бандалар.
Қылмыстық ұйымдар, өздерінің қылмыстық әрекетін қорғау мақсатында мемлекеттік құрылымдармен және азаматтық қоғамның институттарымен, олардың алдына қойылған міндеттерін теріс арнаға бағыттап, өзара қатынас орнатуға әрекеттенеді. Осыдан барып мемлекеттік органдар жүйесінде және кәсіподақтар, шығармашылық одақтар, қауымдастықтар сияқты мемлекеттік емес салада сыбайлас жемқорлық кең етек алады.
Бұл жерде мынадай тұжырым жасауға болады: егер жәй қылмыстылық қоғамға, оның институттарына , оның ішінде мемлекетке қарсы әрекет ететін болса, ұйымдасқан қылмыс мемлекеттік институттарға және қоғамға сүйенуге, оларды өз мақсатында пайдалануға тырысады.
Қылмыстық әрекет заңды кәсіпкерлікпен, басқа да қоғам жол берген, тіптен қолдайтын қызметпен тығыз айқасып жатады, бұл – халықтың наразылығын тудырмай олардың қылмыстық әрекетін әшкерелеуге едәуір қиындық тудырады. Олар мұқият жасырынады, заң шығарушының алдын орағытады, олардың қателіктерін жақсы пайдаланады, қолайсыз құқықтық шешімдерден ертерек сақтанады.
Мұның бәрі, егер мемлекеттік жүйе тарапынан қателіктер болса, ұйым болып сақталып қалуға, тіптен, белгілі бір кезеңдерде мемлекетпен жекпе-жекте жеңіске жетуге көмектеседі.
Қылмыстық ұйымдардың мынадай өзіне тән сипаттары бар: ақпараттар жинау және олрды беру; құқық қорғау институттарының әрекеттерін бейтараптандыру, негізгі әлеуметтік-экономикалық қызметтерді пайдалану, ішкі құрылымдардың болуы, әрекеттерінің сырттай заңды көрінуі.
Ұйымдасқан қылмыстық құрамалар саны көбейсе олардың өзара әрекеттесуінде ықпал ету өрісін бөлісу, мемлекетке бірлесіп қарсы тұру және т.б. проблемалар туындайды.
Ұйымдасқан топтардың, бандалардың, қылмыстық ұйымдардың бұл өзара әрекеттестігін, ақпарат алмасуды, құқық қоғау жүйелерін, өзге мемлекеттік құрылымдарды және азаматтық қоғамның институттарын бейтараптандыру және пайдалану үшін, қылмыстық ұйымдардың мұқтаждықтағы функционерлеріне көмек көрсетуде күш жігердің біріктірілуі қамтамасыз ететін қылмыстық қауымдастықтар пайда болады.
Қылмыстық қауымдастықтың құрылу негізінде бірлескен ұйымдасқан қылмыстық әрекет негізінде құрылатын қылмыстық ұйымдарға қарағанда басқа сипат бар.
Қылмыстық қауымдастықта өзара қарым-қатынасты қылмыстық ұйымдар мен оның құрылымшасы болып табылатын қылмыстық топтар жасамайды, осы құрамалардың өкілдері немесе тіптен, өзінше жұмыс істейтін кәсіби қылмыскерлер жасайды.
Қылмыстық қауымдастық, ол – басқа қылмыстық құрамалар үшін жоғары тұрған саты емес, ол өзінше үйлестіруші орган, кәсіби қылмыскерлер үшін онда қылмыстық кәсіподақтар кейпі, ал, елдегі саяси процестерге ықпал ете бастаса – партия кейпі бар.
Қазақстанда қазіргі кезде бірнеше қылмыстық қауымдастық бар, олар бірімен бірі қиянкесті соғыс жүргізуде (өртеп, өлтіріп кетеді, көпе-көрінеу атысады және т.б.), немесе өзара мәмілеге келеді.
Қылмыстық қауымдастық термині қылмыстық құқықта басқа мәнде қолданылады. Жаңа ҚК-де қылмыстық қауымдастыққа мүшелері бірлесіп қылмыс жасайтын ұйымдасқан қылмыстық топтың бір түрі деп түсініктеме берілген: Қылмысты қылмыстық қауымдастық жасаған деп танылады, егер оны ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау үшін құрылған ұйымдасқан топ (ұйым) жасаған болса. Бұл – қылмыстық заңның криминалдық шындықты дәл көрсете алмауының мысалы. Ұйымдасқан қылмыспен күрес туралы федералдық заңның жобасында мынадай анықтама берілген: Қылмыстық қауымдастық – ұйымдастырушылардың, немесе басшылардың, немесе қылмыстық ұйымдардың басқа мүшелерінің, немесе ұйымдасқан топтардың, немесе бандалардың, немесе тиісті құрамалардың, немесе адамдардың қылмыстық әрекетін үйлестіру, қолдау, дамыту жөніндегі шараларды бірлесіп дайындайтын не іске асыратын адамдардың немесе қылмыстық әрекетпен айналысатын адамдарға, ұйымдасқан топтарға, бандаларға, қылмыстық ұйымдарға қолайлы жағдай тудыратын, сондай-ақ көрсетілген мақсатта ауыр қылмыстар жасауды ұйымдастыратын адамдардың бірлестігі.
Қылмыстық қауымдастық қылмыстық ұйымға толықтай айналуы немесе оның кейбір сипаттарын иемденуі мүмкін.
Ұйымдасқан қылмыстылық – кең ауқымда қылмыстық әрекеті бар және ондай әрекет үшін қолайлы жағдай жасалған, осы құрамаларға, олардың әрекетіне және сыртқы өзара әрекеттестіктеріне қызмет етуде басқарушылық және басқа функциялары бар өз құрылымдарын да, мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғамның институттарын да пайдаланатын ұйымдасқан қылмыстық қызметтің күрделі жүйесі.
Жүйе ұғымы ұйымдасқан құрамалардың жай көптігін ғана білдірмейді, сонымен қатар олардың органикалық бүтіндігін, олардың арасындағы әр сипаттағы тұрақты өзара байланыстың, оның дамуы, қылмыстық табыстың заңдастырылуы және молаюы үшін неғұрлым қолайлы жағдайдың бар екендігін де көрсетеді.
Ұйымдасқан қылмыстылық өзінің экономикасы, әлеуметтік және рухани саласы бар, өзінің басқару, қауіпсіздік, жас ұрпақты қалыптастыру жүйесі, юстициясы, өзінің ішкі және сыртқы саясаты бар балама қоғам. Ол, шын мәнінде, мемлекет, азаматтық қоғамның билеуші институттары, дін ресми таныған және қолдаған жүйеде орын тепкен балама болғандықтан, іс жүзінде, жалпы адам қоғамы құрылымдарының бірі болып табылады, тиісінше, ресми қоғам дегенмен өзара әрекеттеседі. Олардың арасында нақты да қатаң шекара жоқ: ұйымдасқан қылмыстылық өзінің заңдастырылған тұлғалары арқылы әр түрлі заңды қатынастар жасайды; өз қатарына тарту, өз қатарын толықтыру мақсатында халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарының мұқтаждығымен және мүддесімен санасады; қылмыстық әрекеттің тұрақты және белсенді мүшелерімен кей кездері немесе бір-ақ рет қарым-қатынас жасайтындар да болады;
Мұндай жағдайларда әр түрлі жеке және заңды тұлғалар көзжұмбайлық жасайды, олар бір сүйкімді адамдарға қызмет көрсеттік деп ойлайды, бұл адамдардың қылмыстық құрылымдарда тұратындығын немесе оларға байланысты екендігін білмейді.
§4. Қылмыстылықты әлеуметтік құбылыс ретінде қарау
Сонымен, қылмыстылық – біршама дербес, тұтас, қоғамға едәуір қауіпті құбылыс. Ол қоғамның әр түрлі салаларына, әр түрлі қоғамдық қатынастарға тараған. Бұл тұрғыдан алғанда ол әлеуметтік сөзінің кең мағынасындағы әлеуметтік құбылыс (қоғам – социум).
Мынаны ұмытпау керек: қылмыстылық – қоғам ағзасындағы жат дене емес, ол оның сипаттамаларының, ондағы бар қатынастардың өзінше өзгеруінің нәтижесі, тірі ағзадағы рак ісігі сияқты оның қайта пайда болуы.
Ракпен ауырған бауырды алып тастау – адамды өмірден айыру. Қылмыстылық қанша етек жайса да қоғам адамдардың өмірлік маңызы бар мүдделерін қамтамасыз етуге тиіс.
Қылмыстылық қоғамда болады, қоғам оны тудырады. Бұл тезис клиникалық криминология өкілдерінің пікірін өзгерте алмайды. Егер адамның туа біткен немесе бойына кейін біткен қасиеті оның іс-қимылын қылмыстық деп кесіп көрсетсе, ол есі дұрыс деп танылмайды. Қылмыс дегеніміз – белгілі бір жасқа жеткен, өз әрекетінің мәнін ұғынатын және оған басшылық ете алатын есі дұрыс субъектінің айыпты іс-әрекеті.
Қылмыстылық – жай әлеуметтік қана емес, әлеуметтік-психологиялық құбылыс, себебі ол адамдардан және олардың іс-қимылынан, әрекетінен тысқарыда болмайды. Ол адамдардың жалпы қоғамға қауіпті іс-қимылын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар қылмыстық-құқықтық тыйымды бұзу лажсыздық емес, ал ситуация шешімнің басқа варианттарына жол беретін жағдайлардағы айыпты іс-қимылды да көрсетеді.
Қылмыстылықтің әлеуметтік мәні қандай? Мұндай сұраққа Ф.Энгельс өзінің Жұмысшы табының Англиядағы жағдайы деген кітабында жауап берген. Ол әр түрлі қылмыстардың объективтік ұқсастығын бөліп алған, сонан соң қылмыстылықтің теориялық ұғымын қалыптастырған: Мұнда ұрлық жайында, полицияға шабуыл жайында, ата-анасы тастап кеткен некесіз балаға алимент төлеуге әкесін мәжбүрлеу жайында, күйеуін әйелінің уландырғаны жайында жариялайды. Осы тектес оқиғаларды ағылшынның барлық газеттері хабарлайды. Англияда әлеуметтік соғыс жаппай жүріп жатыр. Әркім өзі үшін және өзі үшін басқалардың бәрімен күресуде, ал басқаларға зиян келтіру керек пе, оны ол тек менмендік тұрғыдан шешеді: қай жағы өзіне тиімді. Бір сөзбен айтқанда, әркім басқаның бәрін жау көреді, жолында тұрғанды қағып кеткісі келеді, немесе өз мақсаттарында пайдаланады.
Сонымен, әрбір қылмыстың объективтік ұқсастығы – не пайдалы деген менмендік есеппен әркімнің қалған басқаларға қарсы күресі. Мұндай көріністердің көптігі туралы мәліметтер негізінде Ф.Энгельс әлеуметтік соғыс жайында сөз етеді. Ал, әлеуметтік соғыстың бұл түрін ол бөліп алады, оны тәртіпті сыйламаудың ең соңғы көрінісі деп атай отырып, оның негізінде таза менмендік есеп жатқандығын көрсетеді.
Бірінші нышан (тәртіпті сыйламаудың ең соңғы көрінісі) қылмыстылықті теріс ауытқушы іс-қимылдың өзге формаларынан, екіншісі (таза менменшіл есеп) – қылмыстылықті, идеалы халықтың әлеуметтік өмір жағдайын жақсарту болып табылатын революциялық күрестен бөлектейді.
Тәртіпті бұлай жаппай өте сыйламау, қоғамда таза менмендік есеппен және еш нәрсенің алдында тоқтамайтын сипатпен қалыптасады. Ал, бұл процестің қоғамда қалай жүретіндігі, ол – қылмыстылықтің себептері туралы мәселеге жатады.
Сонымен, қылмыстылық қоғамның жемісі болып табылады, ол оның әр түрлі салаларына және қоғамдық қатынастарға тарайды. Сонымен қатар онда біршама дербес, бүтіндей құбылыс ретінде дамудың өзіне тән ерекше сипаттамалары мен заңдылықтары бар.
5. Қылмыстылықті зерделеу
§1. Қылмыстылықті зерделеудегі мақсат. §2. Қылмыстылықті зерделеудегі тану және бағалау. §3. Қылмыстылық туралы ақпарат көздері және оның көрсеткіштері. §4. Қылмыстылық коэффициенттері және оның құрылымы. §5. Қылмыстылықті қозғалыста зерделеу. §6. Қылмыстылықті әлеуметтік контексте зерделеу. §7. Қылмыстылықтің сыртқы және ішкі сипаттамаларын зерделеу. §8. Қылмыстылықтің латенттігін зерделеу.
§1. Қылмыстылықті зерделеудегі мақсат
Қылмыстылықті криминологиялық зерделегенде мыналар айқындалады:
қылмыстылықтің жағдайы мен үрдісін бағалау, онымен күрестің бағытын анықтау мақсатында оның орын мен уақыттың нақты жағдайларында жалпы таралуы және қоғамға қауіптілігі;
нақты алдын алу шараларын дайындау мақсатында қылмыстылықтің туындауы мен орын алып тұруының ерекшелігін көрсететін әлеуметтік сипаттамалар (сылтау, әлеуметтік бағыттылық, әлеуметтік-топтық, әлеуметтік-сапалық, әлеуметтік-аумақтық көп таралғандығы);
құқық қорғау қызметін жетілдіру, қылмыстар рецидивінің және ұйымдасқан қылмыстың асқынуының алдын алу мақсатында қылмыстылықтің өзіндік, ішкі сипаттамалары (тұрақтылық, белсенділік, ұйымшылдық).
Статистикада қылмыстылық түгелдей, тіптен қылмыстардың барлығы бірдей көрсетіле бермейді. Оның жасырын, жабық, яғни латенттік бөлігі болады. Латынша tatens (latentis) – жасырын, сырттай көрінбейді дегенді білдіреді. Қылмыстылықтің латентті бөлігі немесе латенттік қылмыстылық деп қылмыстардың статистикада көрсетілмеген бөлігін айтады.
Зерделеудің басты міндеттерінің бірі – статистикалық қылмыстылықті емес, іс жүзіндегі нақты қылмыстылықті айқындау.
Қылмыстылықті талдау оның нақты сапалық және сандық сипаттамаларын айқындауға бағындырылуы тиіс. Бұл әдістер кешенін қолдануды керек етеді. Талдау барысында қылмыстылық пен оның өзгеруінің криминологияда айқындалып қойған және әдебиетте баяндалған заңдылықтары ескеріледі. Бұл қылмыстылықтің нақты жағдайлардағы ерекшеліктерін дәлірек бағалауға, оның әр түрлі құрылымдық элементтерінің жаңа үрдістері мен өзіндік ара қатынастарын уақтылы айқындауға мүмкіндік береді.
§2. Қылмыстылықті зерделеудегі тану және бағалау
Қылмыстылықті зерделеу - талдау, тану мен бағалаудың біртұтас екендігін көрсетеді. Тану процесінде зерттеуші қылмыстылық туралы нақты мәліметтер алады, оны суретке түсіреді десе де болады. Әрине, әңгіме көрсеткіштер жүйесінде көрініс тапқан ерекше фотография жайында (қылмыстар саны, айқындалған қылмыстар саны және т.б.).
Қылмыстылықті бағалау дегеніміз жаңа деректерді бұрынғы біліммен, түсінікпен, болжаммен салыстыру. Мысалы, тіркелген қылмыстылықтің азаюын оның латенттігі көтерілген жоқ па деген тұрғыдан бағалау керек. Қылмыстылықті талдау мақсаты мен тиісінше бағалау мақсаты елеулі болып табылады. Бағалау негізінде бұрынғы түсініктердің дұрыстығы жайында тұжырым жасалынады, қылмыстылықпен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарына түзетулер енгізіледі.
Егер әңгіме қылмыстылықтің алдын алудың тиімділігін көтеру туралы болса, онда оның әлеуметтік ортада қылмыстылықтің туындау ерекшеліктерін көрсететін сипаттамалары бірінші кезекте талданады. Сонымен қатар, қылмыстық әрекеттің көбірек таралған әдістері туралы мәліметтер қылмыстарды ашу жөніндегі қызметті жетілдіру процесінде ерекше маңызға ие болады.
Жалпы тану мен бағалауды абстракцияда ғана ажыратуға болады. Қылмыстылықке бағаны оның фотографиясын алдын ала алмай, яғни танымай беруге болмайды, ал мақсатсыз, ешқандай болжам болмай оны тану іс жүзінде мүмкін емес. Қылмыстылық оның салдарымен бірге талданады. Оның ішінде мыналар назарға алынады:
қылмыстың құрбандарының саны;
айырылып қалған пайданы қосқандағы материалдық залалдың мөлшері;
әр түрлі әлеуметтік топтарға қылмыстың таралуы (олардың ішіндегі қылмыс жасаушы және жасаған адамдардың үлестік салмағы);
халықтың белгілі бір бөлігінің әлеуметтік қараусыз қалуы (әр түрлі көріністегі нашақорлықтың, жезөкшеліктің, қадағалаусыздықтың, панасыздықтың, оның ішінде қылмыскер отбасынан шыққан балалардың, сондай-ақ өзгедей келеңсіз әлеуметтік ауытқулардың кең таралуы; олармен қылмыстылық өзара байланысты);
өмір тірлігінің әр түрлі салаларына қылмыстың таралуы (мысалы, реформа кезеңінде Қазақстанда капиталдың 55%-ы экономикада және дауыс беретін акциялардың 80%-ы қылмыстық кланның қолына өткен. Бизнесмендердің өздерінің мәліметтері бойынша кәсіпкерлердің 30%-дан 50%-ға дейіні тікелей қылмыстық құрамаларға жұмыс істейді екен).
мемлекеттік құрылымдарға және азаматтық қоғамның институттарына, құқыққа криминалдық ықпалдың дәрежесі, оларды қылмыстық әрекет мүддесіне пайдалану (мысалы, Ростов облысының көптеген қылмыстық топтары құқық қорғау органдарының әртүрлі рангадағы қызметкерлерінің панасында әрекет еткен; қылмыстық орта жетекшілерінің биліктің жоғарғы эшелонына ену әрекеттері де табыссыз болмайды).
қоғамның өркениетті, құқықпен қорғалатын құндылық-нормативтік жүйесін шайқалту, қылмыстық идеология мен психологияны тарату;
қылмыстылықке қарсы тұруда халықтың белсенділігін төмендету және оған жеке, заңды тұлғалардың белгілі бір мөлшерінің бейімделуі.
Әдебиетте істің жайын бағалаудың әмбебап критерийі ретінде өзінше бір ортақ сандық көрсеткіш енгізуге нешеқайтара әрекет жасалынды. Авторлар бұл әр түрлі аймақтардағы және әр кезеңдердегі қылмыстылықті салыстырып бағалағанда өте қажет болады деп санайды.
Бірақ, қылмыстық жағдайы едәуір дұрыстау аймақтарда да қылмыстылықпен күресті ары қарай жетілдіру керек екенін, ал қылмыстылық – күрделі, көпқырлы құбылыс екендігін ескерсек, ол жайындағы мәліметтерді орташалау қажет емес, қылмыстылықтің сандық және сапалық ерекшеліктеріне назар аудару керек.
Зерттеулер көрсеткендей, мысалы, бірқатар аймақтардағы тіркелген қылмыстар санының біршама дұрыстау жалпы көрсеткіштерінің тасасында өте жоғары экономикалық қылмыстар көрінбей қалған. Ал, басқа аймақтармен салыстырғанда маскүнемдікпен байланысты қылмыстылық төмен болған. Соның есебінен бұл аймақта, басқалармен салыстырғанда, жалпы жағдай дұрыстау болып көрінген.
Қылмыстылықті талдаудың ақтық мақсаты – оның негізгі бағыттарын бөліп алу, қандай да бір акциялардың мақсаттарын нақ көрсету, оларды қамтамасыз етудің бағдаламаларын жасау, алдын алу және құқық қорғау қызметін жетілдіру негізінде онымен күресті жандандыру болып табылады. Тиісінше, қылмыстылықті зерделеуде де көп аспектілі сипат бар.
Қылмыстылықті бағалау мен құқық қорғау органдарының қылмыстылықпен күресін бағалауды теңдестіруге болмайды. Қылмыстылықтің жайы мен өзгеруін құқық қорғау органдарына байланысты емес жалпы әлеуметтік жағдайлар анықтайды.
Сондықтан да, қылмыстылықтің өсуін онымен күресетін құқық қорғау органдары қызметінің нашарлағандығы деп бірден кесіп айтуға болмайды. Тиісінше, қылмыстылықтің азаюы тек қана құқық қорғау органдарының жеңісі емес.
Криминалдық ситуацияның өзгеру себептерін әрқашан да терең талдап тұру керек. Сонымен қатар, қылмыстылықтің сипаттамасын прокуратура органдарының, соттың, ішкі істер және басқа құқық қорғау органдарының жұмысына талдау жасағанда есепке алу керек. Осы органдардың жұмысы қылмыстылықке қалайда әсер етеді. Мысалы, ашылмаған қылмыс деген не? Бұл – қылмыскердің бостандықта жүруі және де, көбіне, жаңа қылмыстарды жасауы.
Қылмыстылықті зерделегенде неғұрлым кең таралған сипаттамаларды ғана, әр түрлі аймақтардағы және әр түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің қылмыскерлігіндегі ұқсастықты ғана тауып қоймау керек, айырмашылық пен ерекшеліктерді де ескеру керек.
Сонымен қатар жеке дара қайталанбайтындыққа да назар аударып, оның қалай пайда болғанын айқындау қажет. Қайталанбайтын мән-жайдың кездейсоқ ағымының кездейсоқ нәтижесі болуы мүмкін, онда, қылмыстылықке жаппай құбылыс ретінде талдау жасағанда, оған көңіл аудармаса да болады. Бірақ, басқадай да болуы мүмкін: бұл қайталанбайтын және кездейсоқ қандай да бір жаңа туындап келе жатқан үрдіс болуы мүмкін.
Егер зерттеу кезеңінде аймақта сылтауы, қастандық жасаған объектісі, қылмыстық әрекеттің тәсілі бойынша әдеттегідей емес бір қылмыс жасалғанның өзінде оны мұқият талдау керек. Бұл қылмыстылықте бой көтерген жаңа құбылысты дер кезінде байқап, оған тосқауыл қою шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
Олай болмаған жағдайда бұл өзгерістер біртіндеп айқын көрініс таба бастайды, оған қарсы тұру қиынға түседі. 70-80-жылдар аралығында криминологтар нақты зерттеулер жүргізіп, елде ұйымдасқан қылмыстың етек алып келе жатқандығы жайында ескертті. Олар жоғары ұйымдасқан қылмыстық құраманы және криминалдық жаңа мамандықты – мемлекеттік құрылымдар пайдаланылған кең ауқымды ұйымдасқан қылмыстық әрекетті байқады. Бірақ бұған кейбір мемлекеттік қызметкерлер мән бермеді, ал кейбіреулері қорыққанға қос көрінеді деді. Ешқандай алдын алу шаралары алынбады. Содан барып елде ұйымдасқан қылмыс лаулап өсе бастады, криминологтардың дәлелі дұрысқа шықты.
Қылмыстылықті талдауда перспективалық сипат болуға тиіс. Басқаша айтқанда, қылмыстылықтің өткен шағын көрсетумен қатар оның алдағы жағдайы да болжамдануы керек. Ол болжам қылмыстылықпен күреске бағдарлама жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен, талдау жұмысының мақсатты бағыттылығын қамтамасыз етудің, сол мақсатты дұрыс анықтаудың, бір емес бірнеше болжамдар жасаудың, бұл талдамаға белгілі бір бағдарламалық сипат берудің және жаңа, кейде тосын, бағдарланбайтын мәліметтер алуға дайын тұрудың, оларды мұқият бағалаудың маңызы зор.
§3. Қылмыстылық туралы ақпарат көздері және оның көрсеткіштері
Қылмыстылық туралы ақпарат көздері:
а) статистикалық есептер:
- ІІМ-нің, прокуратураның, басқа да құқық қорғау органдарының, оның ішінде: тіркелген қылмыстар туралы; қылмыс жасаған адамдар туралы, ҚК-нің барлық баптары тұрғысынан алғанда тіркелген қылмыстар мен айқындалған қылмыскерлер туралы деректер бар ІІМ-нің №1г формасы, ІІМ-нің № 1а, № 3, №5 формалары, сондай-ақ басқа формалар;
- соттар мен әділет органдарының, оның ішінде: соттардың жұмыстары туралы есеп; қылмыстық жауапқа тартылғандардың саны және қылмыстық-жазалау шаралары туралы есеп; сотталғандардың құрамы, қылмыс жасау орны туралы есеп; кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасағандар туралы есеп, қажет болған жағдайда – сот статистикасының басқа да формалары;
б) бастапқы есепке алудың статистикалық карточкалары;
в) әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-демографиялық және басқа статистика көрсеткіштері. Мысалы, қылмыстылықтің коэффициентін шығару үшін халықтың, оның ішінде әр түрлі жастағылардың саны туралы деректер керек болады;
г) өзге құқық бұзушылықтар, маскүнемдік, нашақорлық және т.б. туралы мәліметтер. Олар Мемлекеттік статистиканың да, ведомстволық статистиканың да материалдарында болады.
д) қылмыстық істерді, қылмыстар туралы материалдар мен арыздарды жинақтап қорыту материалдары;
е) қылмыстылықке және онымен күреске байланысты қоғамдық психологияны, құқықтық сананы, қоғамдық пікірді зерделеудің нәтижелері;
ж) сотталғандармен, бақылау тобындағы адамдармен, халықтың әр түрлі әлеуметтік тобының өкілдерімен жүргізілген сауалнаманың нәтижелері;
з) криминологтардың байқауларының нәтижелері;
и) егер жүргізілген болса – сараптама нәтижелері.
Қылмыстылықке есеп жүргізу оның нақты көріністерін: жасалған қылмыс фактілерін; сол қылмыстарды жасаған адамдарды; қылмыстардың құрбандарын және қылмыстардан келген материалдық залалдың сомасын; ұйымдасқан қылмыстық құрамаларды тіркеуге негізделеді. Бірақ қазіргі статистика бұл мәліметтерді толық көрсетпейді.
Криминологияның міндеттерінің бірі – есеп жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныс беру. Криминологтар қылмыстардың барлық түрі бойынша біртұтас мәліметтер банкін құру туралы мәселе көтерді. Олар алғашқы есеп карточкалары негізінде құрылуы тиіс. Қазір бұл карточкалардағы мәліметтер аймақтарда ғана өңделеді, республика көлемінде мәліметтердің біртұтас банкі жоқ. Субъектілер орталыққа өздері толтырған статистикалық формаларды жібереді. Мұндай формаларды толтыру кезеңінде, аймақ басқалардан нашар көрінбесін деген оймен, ақпараттар толық қамтылмай қалуы мүмкін.
§4. Қылмыстылықтің коэффициенттері және оның құрылымы
Қылмыстылықті зерделеген кезде абсолюттік мәліметтермен қатар салыстырмалы мәліметтер: коэффициенттер, үлестік салмақ немесе үлестер де пайдаланылады.
Қылмыстылықтің таралу себебіне талдама жасағанда:
а) қылмыстылық деңгейі (тіркелген қылмыстар мен айқындалған қылмыскерлердің абсолюттік саны); б) оның қылмыстылық коэффициентімен көрсетілген қарқындылығы анықталады.
Коэффициенттер қылмыстылық туралы мәліметтерді халық жайындағы мәліметтермен салыстыру жолымен шығарылады.
Егер тіркелген қылмыстар саны туралы мәліметтер салыстырылса коэффициент Кф деп (факторлар бойынша коэффициент), айқындалған қылмыскерлер санына қатысты коэффициент Ка деп ( адамдар бойынша коэффициент), сотталғандар саны бойынша көрсеткіште Кс деп (сотталғандар бойынша коэффициент) белгіленеді.
Әр түрлі мемлекеттерде, мемлекеттің әр түрлі аймақтарында, сондай-ақ әр түрлі уақыттық кезеңдерде, әр түрлі әлеуметтік топтардың өкілдерінде қылмыстылық осы коэффициенттер бойынша салыстырылады.
Қылмыстылық коэффициентін есептеу формуласы:
Кф = Қылмыстар фактісінің саны × 100 000
халықтың саны
Бұл жерде есеп 100 000 адамға жасалынған, бірақ 10 000 адамға да, қажет болған жағдайда 1000 адамға да жасауға болады.
Қылмыстылық коэффициенті не барлық халыққа, не қылмыстық жауаптылық жасындағы халыққа есептелуі мүмкін. Егер есеп барлық халыққа жасалса, онда коэффициент халықтың қылмыстылықтен шеккен іс жүзіндегі жәбірін ғана көрсетеді (100 мың адамға қанша тіркелген қылмыстан келеді).
Ал, жас сәбилер де жәбірленуші болуы мүмкін. 14 жастағы және одан үлкен адамдарға жасалған коэффициент қылмыстық жауаптылық жасындағы халықтың криминалдық белсенділігін – оның қылмыстық іс-қимылға қаншалықты ықпал ететіндігін көрсетеді. Барлық халыққа есептелген коэффициент дәл емес деп саналады.
Қылмыстылықтің жекелеген түрлерін немесе жекелеген қылмыстарды зерделегенде олардың жалпы қылмыстылықтегі үлестік салмағы немесе үлесі есептен шығарылады. Жекелеген қылмыстар санының үлестік салмағы тиісті түрдегі қылмыстардың жалпы санынан да шығарылуы мүмкін. Мысалы, қасақана адам өлтірудің адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстардың да жалпы санындағы үлестік салмағы.
Үлестік салмақты жалпы сомаға не барлық тіркелген қылмыстарға, не белгілі бір түрдегі қылмыстарға қатысты пайыз арқылы көрсетеді.
Қылмыстылықтің құрылымы жайында сөз болғанда қылмыстылықтің әр түрлі көріністерінің үлестік салмақтарының ара қатынастары алынады. Қылмыстылықтің бүл түрлері зерттеушінің бастапқы позициясына және талдаудың міндеттеріне байланысты әр түрлі негіздер бойынша ( айыптың формалары, қылмыс субъектілерінің сипаттамалары және т.б.) бөлініп алынады. Қылмыстылықтің құрылымы кестеде немесе диаграммада көрініс табады.
§5. Қылмыстылықті қозғалыста зерделеу
Қылмыстылық қозғалыста зеределенеді. Талдамалардың мынадай түрлері болады:
а) ағымдағы – қылмыстылық туралы бір жылдық мәліметтерді алдыңғы жылдардағы мәліметтермен салыстыру;
б) жүйелі түрде – қылмыстылық жылдарға жіктеліп талданады, бұл ретте белгілі бір кезеңдер (бес жылдық, он жылдық) немесе қоғам дамуының белгілі бір кезеңдеріне – қайта құруға, реформаға және т.б. сәйкес келетін кезеңдер бөлініп алынады;
в) егер ондай қажеттілік болса – қылмыстылықтің маусымдық тұрақсыздығы. Ол, мысалы, курорттық орындарда, туристік орталықтарда керек болады.
Қылмыстылық қозғалыста зерделенгенде өсу қарқыны есептеп шығарылады. Бұл – қылмыстылық азайған жағдайда да қолданылатын жалпы термин. Егер, мысалы, қылмыстар саны 10%- ға азайса, пайызды көрсеткен цифр алдына минус (-) таңбасын қояды.
Өсу қарқыны пайызбен беріледі, ол тіркелген қылмыстар санының немесе басқаның базалықпен салыстырғанда қанша пайызға өскендігін немесе азайғандығын көрсетеді.
Мынадай амалдар пайдаланылады:
а) динамиканың (қозғалыстың) базистік көрсеткіштерін пайдалану, мұнда бірнеше жыл бойы көрсеткіштер тұрақты базиспен – талдаудың алғашқы кезеңіндегі көрсеткіштермен - талданып отырған кезеңнің алғашқы жылымен салыстырылады.
Бұл жағдайда: ...жылғы өсу, %деп көрсетіледі;
б) динамиканың тізбекті көрсеткіштерін пайдалану, мұнда әрбір жылдың көрсеткіштері алдыңғы жылмен салыстырылады. Бұл жағдайда Өткен жылға қарағанда өсу... % деп көрсетіледі.
Қылмыстылықтің әр түрлі көрсеткіштерінің өзгеруі талданады. Бұл кестеден көріп отырғанымыздай, 1986-1996 жылдары тіркелген қылмыстар саны екі есеге көбейген, қылмыс нәтижесінде қаза тапқан адамдар саны 2,4 есе ұлғайған, айқындалған қылмыскерлер саны 43% –ға, сотталғандар саны тек 39%-ға көбейген. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады: мемлекеттің қылмыстылықке қарсы қолданып отырған іс-шараларының тиімділігі төмен. Бұл болжам қосымша тексеруді қажет етеді.
1997 жылы тіркелген барлық қылмыстар туралы абсолюттік мәліметтер өткен жылдардағы мәліметтермен салыстыруға келмейді, себебі Қазақстанда жаңа Қылмыстық Кодекс күшіне енді және тікелей қарама-қарсы процестер болды: іс-әрекеттердің едәуір саны қылмысқа жатқызылды және қылмыстар қатарынан алынып тасталды.
Келтіріліп отырған кесте – талдама басталып отырған бірінші кесте.
1-кесте
Жылдар
Тіркелген қылмыстар
саны
Жылдар
Тіркелген қылмыстар
саны
1990
148053
1997
165401
1991
173858
1998
142100
1992
200873
1999
139431
1993
206006
2000
150790
1994
201796
2001
152168
1995
183913
2002
135151
1996
183977
2003
118485
2-кесте
Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының құрылымы және құрылымының соңғы 14 жылдағы өзгерісі
Жылдар
Бандитизм
Қарақшылық
Тонау
Қорқытып алушылық
Барлық пайдақорлық-зорлық қылмыстар
саны
үлесі, проц.
саны
үлесі, проц.
саны
үлесі, проц.
саны
Үлесі,проц
1990
1
0
1321
13,2
8343
83,7
295
2,9
9960
1991
1
0
1422
12,2
9828
84,6
365
3,1
11616
1992
2
0
2304
14,8
13238
85,4
340
2,1
15884
1993
6
0
2335
13,6
13872
80,9
919
5,3
17132
1994
2
0
2146
13,9
11919
77,6
1289
8,3
15356
1995
16
0,1
2087
16,2
9486
73,7
1274
9,9
12863
1996
23
0,1
2509
19,7
8912
70,2
1249
9,8
12693
1997
53
0,4
2910
22,8
8909
69,8
880
6,9
12752
1998
28
0,2
2952
22,2
9467
71,2
838
6,3
13285
1999
58
0,4
2687
20,1
9269
69,3
1344
10
13358
2000
54
0,4
2478
19,4
8875
69,4
1365
10,6
12772
2001
32
0,2
2670
20,7
9039
70
1154
8,9
12895
2002
17
0,1
2471
20,8
8267
69,7
1101
9,2
11856
2003
17
0,1
2279
21,05
7449
68,83
1077
9,95
10822
Барлы-ғы
310
0,16
32571
17,7
136873
74,77
13490
7,33
183244
3 -кесте
Ресейдегі қылмыстылықтің 1986-1996 жылдарғы негізгі көрсеткіштері (статистика мәліметтері бойынша)
Жылдар
Тіркелген қылмыстар
саны
Қылмыс жасаған адамдардың айқындалған саны
Сотталғандар саны
Қылмыс нәтижесінде қаза болған адамдар саны
1986
1 338 424
1 128 439
797 286
27 482
1991
2 173 074
956 258
593 823
44 365
1992
2 760 652
1 148 962
661 392
213 590
1993
2 799 614
1 262 556
792 410
75 365
1994
2 632 708
1 441 568
924 574
75 034
1995
2 755 669
1 598 501
1 035 000
75 510
1996
2 625 081
1 618 394
1 111 097
65 368
1997
2 397 311
1 372 161
1 013 431
62 598
§6. Қылмыстылықті әлеуметтік контексте зерделеу
Қылмыстылықті көп қилы әлеуметтік құбылыстардың ішінен тек белгілі бір шекте, криминологиялық зерттеудің әдістемелік амалдарының бірі ретінде бөліп алуға болады. Ол маңызды, бірақ шектеулі білім береді.
Қылмыстылықті зерделеудің басқа аспектісі – аймақтың экононмикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени сипаттамалары координаттарындағы талдамасы, оның ішінде қылмыстық емес сипаттағы құқық бұзушылықпен және өзге келеңсіз әлеуметтік ауытқулармен байланысты.
Тиісінше, қылмыстық, сот статистикасының мәліметтері көптеген басқадай статистикалық және өзге деректермен, оның ішінде әлеуметтік бақылаудың, құқық қорғау органдары қызметінің жайы туралы мәліметтермен салыстырылады.
Криминалдық зерттеулерде аймақтың әлеуметтік сипаттамасы халық және қоныстардың типі туралы мәліметтерді талдау арқылы анықталады.
Халықты мынадай топтарға бөлуге болады:
а) жынысы бойынша, себебі адамдардың әр түрлі әлеуметтік функциялары және тиісінше олардың әлеуметтік жағдайлары мен іс-қимылдарының ерекшеліктері жынысқа байланысты (мысалы, әйелдер еркектерге қарағанда зорлық-зомбылық қылмыстарына сирек барады, сондықтан да тұрғындары, негізінен, әйелдерден тұратын мекендерде зорлық көрсету қылмыстары аз болады);
б) жасы бойынша (14-15 жас, 16-17 жас, 18-24 жас, 30-49 жас, 50 жас және одан жоғары), себебі әр жасқа қылмыстық іс-қимылдың өз формалары тән (кәмелетке толмағандар, көбіне, ұрлық, тонау, қарақшылық, әйел зорлау, бұзақылық, яғни жалпы қылмыстық іс-әрекеттерді, ал 50 жастан асқандар, негізінен, экономикалық, лауазымдық қылмыстар жасайды);
в) ұлты бойынша. Орыс жазушысы Тендряковтың бейнелеп айтқанындай, ұлт дегеніміз – іс-қимылдың стереотипі.
Шындығында, әрбір ұлтта және ұлыста өз салт-дәстүрлері болады. Тиісті ұлттың адамдары қылмыс жасағанда, егер олар сол салт-дәстүрлер шеңберінде қалыптасқан болса, олардың қылықтарын жақындары аса қатты кінәламайды, орталарынан қуып шықпайды. Жастайынан қалыптасқан дағды, мақсат байқалып тұрады. Қылмыстық іс-қимылдың формалары, сонымен қатар, қандай да бір ұлттық ортада кең таралған, бірақ қылмыстық емес сипаттағы теріс құбылыстармен де байланысты. Маскүнемдік кең таралған жерде зорлық-зомбылық қылмыстары, ішімдік сатып алуға қажетті қаражатты табан асты табу үшін ситуациялық пайдакүнемдік қылмыстар жиі жасалады.
г) діни нанымы бойынша. Мұсылмандардың спирттік ішімдіктерді пайдаланбауында криминалдық тұрғыдан оң салдар бар. Ал, мұндай аймақтарда ішімдіктің кесірінен жасалған қылмыстар аз болады. Бірақ оларда қылмыстық зардабы айтарлықтай ауыр болып табылатын есірткі қолдану көп тараған. Соңғы кездері құқық қорғау органдарының назарын тоталитарлық секталар өзіне аударып жүр, оларда адамдардың құқықтары мен бостандығын бұзу фактілері жиі кездеседі.
д) отбасының жағдайы бойынша (некеде тұратын адамдар саны, отбасы саны, ажырасқандар және т.б.). Негізінен жастар тұратын қоныстарда кәмелетке толмағандарға, жастарға тән қылмыстар жиі жасалынады. Бұл баяндалғандармен кәмелетке толмағандардың саны да, оның ішінде толық емес отбасыларында тұратындар да, тек ата-анасының отбасында немесе үш буын ұрпақ – ата-әже, ата-ана және балалар бар отбасында тұратындар саны да байланысты. Соңғыларында балалардың жүріс-тұрысына бақылау бар.
Қоныстар типтерін талдағанда мыналарды бөліп алуға болады: а) қала және ауылдық мекендер; б) халықтың санына қарай қалалар былайынша бөлінеді: қалалық типтегі елді-мекен (10 мыңға дейін), шағын (10-50 мың), орта (50-100 мың), ірі ( 100-500 мың), өте ірі (500 мың-1 млн), айрықша ірі ( 1 млн-нан аса) қалалар. Ауылдық елді-мекен, тиісінше – шағын, орта және үлкен болып бөлінеді; в) әкімшіліктік критерий бойынша (астана, облыс, аудан орталықтары және т.б.); г) уақыт және даму қарқыны бойынша (жаңа қала, тез дамушы ескі қала, біртіндеп дамушы қала), себебі онда, мысалы, көші-қон процестері, отбасыларының және басқаларының қалыптасуы әр түрлі қарқынмен дамиды; д) функционалдық нышандары бойынша (көпфункционалдық астана қалалар, Федерация субъектілерінің көпфункционалды орталықтары, өнеркәсіп, көлік орталықтары, сауықтыру, ғылыми-эксперименттік орталықтар, порт-қалалар, сондай-ақ кәсіпорындарының, ұйымдарының моно-, поли- құрылымдарымен сипатталатын және аралас типтегі қалалар). Кәсіпорындары мен ұйымдары моноқұрылымды мекендерде (шахтерлер, мұнайшылар т.б.) халықтың құрамы мен олардың тұрмыс жағдайы біртекті болады. Сондықтан ондағы қылмыс та біртекті. Ал, аралас типті мекендерде немесе ұйымдарының, кәсіпорындарының құрылымы көп тармақты қоныстарда қылмыстар өз формалары жағынан әр түрлі болады.
Ауылды жерлердегі елді мекендер де функциялық нышандары бойынша бөлінеді.
Ірі және айрықша ірі қалаларда білікті педагог-кадрлар, мәдени қызметкерлер және басқа мамандық адамдары шоғырланған, онымен қатар, ол жерлерде қоғамға жат, қылмыстық өмір салтын құрып жүрген адамдарды айқындау қиынға түседі, ақшаны көп керек ететін әзәзіл орындар да жеткілікті.
Аумақтың көлемінің де, халықтың тығыздығының да, оның қалай орналасқандығының да маңызы зор. Мысалы, егер халық негізінен шағын аумақта тұрып, ал кейбір елді мекендер шалғайда орналасса, оларға әлеуметтік бақылау жасау, қылмыстық факторларға уақтылы шара қолдану қиындық тудырады. Мұндай жерлерде бұзақылық әрекеттер, адам денсаулығына қарсы қылмыстар, көбіне, жасырын қалады. Сонымен қатар, тұрғындары бірін-бірі танитын елді мекендерде тонау, қарақшылық деген болмайды, біреудің мүлкін ұрлау сирек кездеседі.
Әлеуметтік-экономикалық сипаттама. Қылмыстылықті зерделегенде мынадай кезеңдерді алуға болады: а) меншік формалары мен ұйымдық-құқықтық формалары әр түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың ара-қатынасы; б) әр түрлі мамандандырылған кәсіпорындар мен ұйымдардың ара-қатынастары (өндіретін, өңдейтін және т.б. өнеркәсіптер, негізінен, тиісті мәліметтерді салыстыру үшін қылмыстық статистикада көрініс тапқан салалар бөлініп алынады); в) халықтың әлеуметтік-кәсіби құрамы (өнеркәсіптің, көліктің, мәдениеттің, ғылымның және т.б. қызметкерлері); г) халықтың мөлшері мен көздері ескерілген табысы бойынша және мөлшері мен сипаты ескерілген шығыны бойынша құрылымы (бала тәрбиесіне, мүгедектерге, кәсіпкерлікті инвестициялау, маскүнемдік және т.б.); баспанасыз адамдардың және тұрақты табысы жоқ адамдардың, оның ішінде жұмыссыз адамдардың болуы; д) аймақтың еңбек ресурстарын қалыптастырудағы және оларды пайдаланудағы ерекшеліктер: өздерінің адамдары, маусымдық мердігер бригадалар, ары-бері теңселген көші-қон, бұл жағдайларда қаланың кәсіпорындарында қала маңында немесе қалаға жақындау елді мекендерде тұратын адамдар істейді; өзге де көші-қон ағымдары (кімнің есебінен?); ашық және жасырын жұмыссыздық; е) адамдардың өздерінің өмір сүруі және өсіп-өнуі үшін ең қажет мұқтаждықтарын қамтамасыз ету; ж) халықтың табысына, жұмыс түріне, басқа сипаттамаларына сәйкес келетін өзге мұқтаждықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету.
Аймақта орналасқан кәсіпорындардың сипаты қылмыстылықтің сипатына әсер етеді.
Егер халықтың арасында баспанасыздардың, жұмыссыздардың және басқадай тұрақты табыс көзі жоқ адамдардың үлесі жоғары болса, онда меншікке қарсы қылмыстың да, оның өсуінің де мүмкіндігі жоғары.
Әлеуметтік-саяси сипаттама:
а) халықтың әр түрлі топтарының саяси мүдделерінде қатты айырмашылық бар ма, ол қалай шешімін табады ( аса байлар мен кедей топтар арасындағы қайшылық жаппай тәртіпсіздік, мүлікті қорқытып тартып алу, үй жайларын өртеу формасында болуы мүмкін);
б) аймақта қандай саяси партиялар мен қозғалыстар жұмыс істейді, олар бірімен-бірі қалай әрекеттеседі;
в) билікті құрылымдар әр түрлі саяси мүдделерді қанағаттандыруды қалай қамтамасыз етеді;
г) билікті құрылымдар қалай қалыптасады (азаматтардың сайлау құқығын қылмыстық бұзу бола ма және т.б.);
д) Федералдық органдардың, Федерация субъектілері органдарының және өзін-өзі басқару органдарының және т.б. қатынастары қалай тұрғызылған. Бұл мән-жайлар тек мемлекеттік қылмыстардың ғана емес, лаңкестік актілердің, басқалардың да жасалуын анықтайды. Қарулы қақтығыс болып ұлтаралық қатынас шиеленіскенде көптеген адам қаза табады, жарақаттанады, әйелдер қорланады, үйлер тоналады, басқа да қоғамға қауіпті көріністер орын алады. Мұндай жағдайларда қылмыстылықтің жасырындық сипаты жоғары болады, басқа дағдылы жағдайларға қарағанда, яғни қылмыс мұндай жаппай сипат алмаған кездегімен салыстырғанда қылмыстардың ең ауырлары ғана тіркеледі.
Егемендену процесінің, оның салдарларының да маңызы зор. Кейбір субъектілер егемендік алғаннан кейін қылмыстылық туралы мәліметтер беруді тоқтатқан, ол жалпы жағдайды бағалауда едәуір қиындық тудырады.
Әлеуметтік-мәдени сипаттама бәрінен бұрын мынадай мәліметтерді қамтиды:
а) мәдениет және спорт мекемелерінің саны, құрылымы, олардың қызметінің сипаты және халықты қамыту дәрежесі туралы;
б) жалпы білім беруді және кәсіби дайындықты қамтамасыз ететін мекемелер туралы;
в) халықтың мұқтаждықтары мен мүдделерінің ерекшеліктері туралы;
г) салттары, дәстүрлері, мінез-құлықтың стереотиптері проблемалық және даулы жағдайларды шешудің қалыптасқан тәсілдері туралы (қанға қан және т.б.).
Мәдениет, спорт мекемелерінің қызметі, мысалы, бос уақытты өткізудің сипатына әсер етеді, мұның көбіне жастар үшін маңызы зор, ол жастардың дем алу кезіндегі қылмыстық іс-қимылына едәуір әсерін тигізеді (мысалы, казино, ойын-автоматтарына ақша табу мақсатында ұрлыққа бару, т.б.).
Қылмыстардың білім деңгейі қылмыстың сипатынан гөрі, оның формасын анықтайды. Жоғары білімді қылмыскерлер ашық формадағы қылмыстарға (ұрлау, тонау) сирек барады, олар көбіне экономикалық немесе лауазымдық қылмыстар жасауға немесе басқаларды бәсекелеске және т.б. қарсы жалпықылмыстық әрекетке арандатуға бейім болады.
Әлеуметтік-құқықтық сиппаттама жоғарыда көрсетілген сипаттамалармен өзара тығыз байланыста, тіптен айқасып жатыр, бірақ криминолог үшін айрықша маңыздылығы ескеріліп оны өзінше бөлек қарағанды жөн көрдік.
Әңгіме мыналар жайында:
а) қылмыстылықпен күресуге тиісті мемлекеттік органдардың, қоғамдық және басқа мемлекеттік емес органдардың саны мен құрылымы туралы (оның ішінде, жеке күзет және детективтік қызметтер, ведомстволық қауіпсіздік қызметі).
Мұндай құқық қорғау органдарының өткізу кабілетінің маңызы бар, олар заңда белгіленген тәртіпте қылмыстылық туралы ақпараттың қандай көлемін өңдей алады. Мысалы, қылмыстық іздестірудің оперативтік қызметкерлерінің, тергеушілердің саны едәуір көбейсе тіркелген жалпы қылмыстардың саны да өседі. Қылмыстық статистика дегеніміз қылмыстар туралы арыздар мен хабарлардың статистикасы емес, оларды тексерудің және қылмыс фактісін растаудың нәтижесі, қылмыстық іс қозғау туралы қаулыда, не қылмыстық істі ақтамайтын негізде қозғау туралы қаулыда, не қылмыстық істі сол негіздерде қысқарту туралы қаулыда қылмыстық құрамның бар екендігін көрсететін статистика. Кейде, белгілі бір түрдегі тіркелген қылмыстардың бірдей цифрлары құқық қорғау органдарының тиісті қылмыстарды айқындаудағы, оларды ашудағы және алдын ала тергеу жүргізудегі бірдей мүмкіндіктерімен (жылдан жылға) байланысты;
б) қылмыстылықпен күресті құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы, құқықтың тиісті нормаларын қолдану практикасы туралы.
Қылмыстылықтің статистикалық көрінісіне қылмыстық заңнаманың өзгеруі едәуір әсер етеді және тіркелген қылмыстар санының өсуі кейбір іс-әрекеттерді қылмысқа жатқызудың, ал азаюы – қылмыс қатарынан шығарудың нәтижесі болуы мүмкін, бұл жағдайды анықтау керек.
Сонымен қатар, заң нормаларын қолдану саясатына да назар аудару керек. Мысалы, Қылмыстық кодекс толық көлемде қолданылып, бірақ, бұқаралық ақпарат құралдарында бірқатар экономикалық қылмыскерлерді, ірі алып-сатарларды қылмыстық жауапқа тарту төңірегінде айқай-шу болған кездер есімізде. Бірқатар жорналшылар, публицистер, саясаткерлер оларды алтын бастылар, елді сақтап қалатын талантты адамдар деп санады. Дегенмен, бұрын аталып өткендей, қылмыстылықтің әлеуметтік сипаттамаларының бір ерекшелігі – оның аса менмендік сипатта көрініс табуында. Бұл тұрғыдан алғанда жоғарыдағы пікірлерді не білместік, не белгілі бір мүддені қорғаушылық деп айтуға болады. Практика көрсеткендей, сол қылмыскерлердің ішінен Отанды құтқарушылар табылмады;
в) қылмыстық сипаты жоқ құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ өзге де теріс әлеуметтік ауытқулар туралы. Мысалы, маскүнемдіктің етек алуы, ішімдік саудасы туралы заңнаманы бұзу - алкогольдік криминалдық бизнеспен байланысты болуы мүмкін, мұндай жағдай есірткіге де қатысты;
г) халықтың құқықтық мәдениетінің жайы мен қылмыстылықке және онымен күреске қатысты қоғамдық пікір туралы, оның ішінде халықтың қылмыстылықпен күреске көңіл аудару практикасы туралы.
Егер халықтың құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықта болғысы келмесе, онда ол болып жатқан қылмыстық фактілер жайында, айрықша жағдайларда болмаса, айтпайды, қылмыстың жасырын қалу деңгейі жоғары болады. Қылмыстың сипатына жекелеген қылмыстар жайындағы қоғамдық пікірдің өзгеруі де, олармен күрестің нәтижелілігі де, қылмыскерлердің өш алуынан жәбірленушілер мен куәлердің қорғалу жағдайы да, басқа мән-жайлар да әсерін тигізеді.
§7. Қылмыстылықтің сыртқы және ішкі сипаттамаларын зерделеу
Қылмыстылықтің сыртқы сипаттамасын зерделеу оның көп таралғандығын талдаудан басталады. Бұл ретте мына жағдайлар анықталады: а) қылмыстылықтің деңгейі (тіркелген қылмыстар және қылмыс жасап анықталған адамдар туралы абсолюттік мәліметтер); б) қылмыстылықтің қарқындылығы (халықтың белгілі бір санына есептелген коэффициенттер).
Қылмыстылықтің жалпы кең таралғандығы бір жылда тіркелген қылмыстардың жалпы саны немесе айқындалған қылмыстылықтердің жалпы саны бойынша анықталады.
Қылмыстылықтің сылтаулық сипаттамасы әр түрлі сылтауларды бөліп алу және осы сылтаулар бойынша жасалып тіркелген қылмыстардың, тиісті адамдардың санын айқындау жолымен анықталады.
Қылмыстылықке статистикалық талдама жасағанда қылмыстылықтің мына түрлерін бөліп алу кең таралған: а) қасақана, оның ішінде саяси, зорлық, пайдакүнемдік қылмыстар; б) абайсызда жасалған қылмыстар.
Саяси қылмыстар әдебиетте бұл мемлекеттің және биліктің конституциялық негіздеріне қастандық ойлаумен байланысты идеялық-саяси сылтау деп көрсетілген.
Зорлық қылмыстарына жасалған кезде зорлық мақсатқа жетудің жай құралы ғана емес, сылтаулатудың элементі болып табылатын қылмыстар жатқызылады. Мысалы, қарақшылықпен тонау пайдакүнемдік қылмыс деп танылады.
Пайдакүнемдік қылмыстылықті криминологтар жалпы қылмыстық және экономикалық немесе шаруашылық-пайдакүнемдік деп жіктейді. Бұл олардың өзара айырмашылықтары бар екендігімен байланысты. Методика анализа преступности кітабында аталып өткендей, жалпықылмыстық пайдакүнемдік қылмыстарға бөтеннің мүлкін тікелей заңсыз иемдену үшін, яғни пайдакүнемдік сылтаулармен жасалатын, сол мүлік есебінен негізсіз баюды мақсат тұтқан іс-әрекеттер жатады, бұл ретте шаруашылық байланыстары, экономикалық қатынастар бұзылмайды, қызмет бабы пайдаланылмайды. Ал, экономикалық, немесе шаруашылық-пайдакүнемдік қылмыстар жасалғанда басқару, шаруашылық жүргізу, материалдық ресурстарды өндіру және бөлу принциптері бұзылады, қызмет бабы теріс пайдаланылады. Экономикалық қылмыстылықке мынадай да анықтама беріледі: экнономикалық қылмыстылықті өздерінің кәсіби қызметі процесінде, сол қызметпен байланысты және тұтынушылардың, серіктестердің, бәсекелестердің және мемлекеттің меншігіне және басқа мүдделеріне, сондай-ақ шаруашылықтың әр түрлі салаларында экономиканы басқару тәртібіне қамтандық жасайтын адамдардың экономика саласында жасайтын пайдакүнемдік қылмыстарының жиынтығы ретінде қарау керек.
Қылмыстық істерді зерделеу процесінде сылтаулар жан-жақты жіктеледі.
Қылмыстылықтің әлеуметтік бағыттылығы қылмыстық қастандық жасау объектісі бойынша анықталады. Қылмыстылықті бұл негіз бойынша жан-жақты топтастыру ҚК-де берілген. ҚР ҚК-сі қылмыстардың 18 түрін бөліп алады. Криминологиялық талдауда блоктарды ірілендіруге және қылмыстылықтің мына түрлерін бөліп алуға болады:
1) мемлекеттік;
2) адамға, оның құқығына, бостандығына, меншігіне қарсы;
3) қоғамдық мүдделерге қарсы;
4) әскери.
Қылмыстардың тіркелген фактілерін талдау бірінші кезекке қойылған. Ол арқылы нақты жағдайларда кімдердің мүддесі көбірек зардап шеккендігін, қандай объектілердің қорғалуын күшейту керек екендігін пайымдауға болады.
Қылмыстылықтің әлеуметтік бағыттылығын талдағанда алғашқы есеп карточкаларындағы, қылмыстық істердегі мәліметтер бойынша одан ары бөлшектеп топтастыруға болады.
Қылмыстылықтің әлеуметтік-аумақтық кең таралғандығын зерделеу, көбіне, аймақтарды әкімшілік белгілері бойынша бөлу арқылы жүзеге асырылады. Олардың ішінде – қалалардағы, аудандардағы және т.б. қылмыстылықтің сипаттамалары жүйелі түрде талданады. Бірақ, жоғарыда көрсетілген басқа критерийлерді де пайдалануға болады.
Қылмыстардың салыстыруға келетін массивін, яғни аймақтардың жағдайларына қарай олардың әрқайсысында жасалуы мүмкін қылмыстарды бөліп алу сияқты тәсілдердің де елеулі маңыздылығы бар. Кейде бұл салыстырмалы массивке неғұрлым дәстүрлі және кең таралған іс-әрекеттер де кіреді.
Қылмыстылықтің әлеуметтік-топтық таралуы қылмыстылықке халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары мен қабаттарының өкілдерін тартумен сипаттталады, ол қылмыскерлер және олардың қылмыстық іс-қимылдарының ерекшеліктері туралы мәліметтер талданғанда анықталады. Әдетте, қылмыстылықтің әлеуметтік-топтық таралуын талдағанда қылмыстардың салыстырмалы массивін бөліп алу тәсілі де пайдаланылады.
Қылмыстылықтің қоғамға қауіптілік дәрежесі әр түрлі жағдаймен зерделенеді. Ең қарапайымы – ауырлығы әр түрлі дәрежедегі тіркелген қылмыстардың ара-қатынасын айқындау: а) шамалы ауырлықтағы, б) орташа ауырлықтағы, в) ауыр, г) айрықша ауыр.
Егер айрықша ауыр және ауыр қылмыстардың үлестік салмағы артса, онда қылмыстылықтің қоғамға қауіптілігі артты деп болжам жасау керек. Ол одан кейін тексеріледі. Бұл ретте қандай қылмыстардың ауырға немесе басқаға жататындығы туралы заң нормаларының өзгеруіне байланысты әр түрлі ауырлықтағы қылмыстардың ара-қатынасында өзгерістердің болған-болмағандығы анықталады. Немесе басқа болжам тексеріледі: қылмыстылық өскендіктен негізінен ауыр қылмыстар тексеріледі, ал басқалары тергеушілердің қолы тимегендіктен кейде тіркелмей қалады.
Әдістер кешенін пайдаланып кринологиялық зерттеулер жүргізгенде қылмыстылықтің қоғамға қауіптілігі бірқатар параметрлер, оның қылмыстық салдары бойынша бағаланады, ол жайында бұрындары айтылған.
Қылмыстылықтің ішкі сипаттамаларына талдама жасалғанда оның тұрақтылығы, белсенділігі, ұйымшылдығы бөлініп алынады.
Қылмыстылықтің тұрақтылығының неғұрлым айқын көрсеткіші болып қылмыстардың криминологиялық рецидиві саналады.
Бұл рецидивтің жай қайталаудан айырмашылығы сонда, жаңа қылмыс алғашқы ашылғаннан, кінәлі адам анықталғаннан және оған заңда көзделген шара қолданылғаннан кейін жасалынады.
Мәселе сонда – адамға құқықтық шаралар қолданылып қойған, ал қылмыстық іс-қимыл тағы да қайталанады. Тереңірек талдау жүргізсек ол қайталанған қылмыстың кездейсоқ және тек өте күрделі жағдайларда жасалғанын көреміз. Бірақ ондай фактілер жиі кездеспейді.
Қылмыстылықтің белсенділігі мынадан көрініс табады:
біріншіден, қылмыскерлер әшкереленгенге дейін бірнеше қылмыс жасап үлгереді. ІІМ-нің №2 статистикалық формасы соңғы кезге дейін бұл мән-жайды айқындауға мүмкіндік беріп келді. Қазір оны алғашқы есеп карточкалары, қылмыстық істер, сотталғандарға және оған жақын адамдарға сұрақ қою арқылы анықтау керек;
екіншіден, қылмыскерлер қылмыс жасау үшін қолайлы жағдайларды жай пайдаланып қана қоймайды, сонымен қатар кедергілерді оңай жеңеді, өзінің криминалдық іс-қимылдары жағдайды әдейі қолайлы етеді. Бұл ретте кәсіби криминалдық тәжірибе де, дағды да қолданылады.
Қылмыстылықтің белсенділігі криминалдық кәсібилікпен тығыз байланысты. А.И.Гуров оның мынадай жақтарын бөліп алады:
тұрақты айналысу, қылмыскерлерде сол қылмыстық әрекеттермен айналысу үшін қажетті белгілі бір білімдер мен дағдылардың болуы;
бұл адамдардың белгілі бір криминалдық мамандануы, негізінен біртекті қылмыстар жасауы;
қылмыстық әрекет бұл адамдар үшін – негізгі, кейде бірден-бір табыс көзі;
бейәлеуметтік ортамен байланыс18.
Криминалдық кәсібилік қылмыстарды бүркеу тәсілдерін игеруді қамтитындықтан, тиісті дағдыларды меңгерген қылмыскерлер әшкереленгенге дейін бірнеше қылмыстарды, көпэпизодты қылмыстарды жасап үлгереді. Мұндай қылмыстар көбіне ашылмайды, кәсіби қылмыскерлер рецидивистер қатарына ілінбейді.
Көрсетілген бұл белгілердің біразын статистикалық мәліметтерді талдағанда, ал толығырақ – алғашқы есеп карточкаларын, қылмыстық істерді және қылмыс туралы материалдарды талдағанда, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, сотталғандарды сұрау арқылы анықтауға болады.
Ұйымдасқан қылмыстылық – ұйымдасқан қылмыстарда және ұйымдасқан қылмыстық құрамаларда көрініс табатын күрделі құбылыс. Ұйымдасқан қылмыстылықті, бірінші кезекте, топтасқан қылмыстарды, бандитизм фактілерін айқындау негізінде зерделейді. Бірақ әңгіме қылмыс жасаудың топтасқандық сипатында ғана емес, оның жоспарланатынында, алдын ала оған дайындықта және қасақана жасалуында. Қылмыстылықтің ұйымдасқандығы мен ұйымдасқан қылмыстылық терминдерін ажырата білу керек. Қылмыстылықтің қаралып отырған сипаттамасы оны айқындау үшін зерттеудің әр түрлі әдістерін қолдануды, оның ішінде қылмыстық істерді, сотталғандардан, куәлерден, жәбірленушілерден, басқа адмдардан алған жауаптарды мұқият зерделеуді қажет етеді.
§8. Қылмыстылықтің латенттігін зерделеу
Қылмыстылықте өте жоғары латенттік бар. Тіптен, адам өлтіру болған кейбір жағдайларда ол адам өзін-өзі өлтірді деп көрсетіліп, қылмыстың ізі жойылып, мұқият бүркемеленеді. Егер қылмысты ұйымдасқан және кәсіби топ жасаса, онда латенттік деңгейі жоғары болады.
Криминологтар мынадай тұжырымға келіп отыр: қанша латентті болғанымен жалпықылмыстық қылмыстар статистикада толығырақ көрсетіледі. Ал, экономикалық қылмыстылық 1-5% шамасында ғана көрсетіледі, одан оның қандай үрдісте екендігін анықтау мүмкін емес. Бірақ егер, мысалы, айрықша ірі мөлшерде ұрлаудың тіркелген саны, аса қауіпті контробанда фактілерінің саны артса – бұл мұндай фактілердің көп екендігін көрсетеді. Алтын түйіршігін қанша іздегенмен табылмайды, егер ол сол іздеген жерде жоқ болса.
Басқа қылмыстарға қарағанда ауыр қылмыс қалайда байқалады, себебі оның ізін жасыру қиын. Мысалы, жай дене жарақатын салумен салыстырғанда адам өлтіруде латенттік аз. Аса құнды заттың ұрланғаны ұсақ ұрлыққа қарағанда тез байқалады.
Қылмыстылықтің латенттік бөлігі жасырын және жасырылған қылмыстарды қамтиды.
Қылмыстылықтің жасырын бөлігі, жасалған бірақ ол жайында құқық қорғау органдары мен сот білмейтін қылмыстар мен олардың әр түрлі жиынтығынан құралады. Бұл әр түрлі себептерден болады: жәбірленуші қалтасынан ақшасын ұрлап кеткенін хабарламайды, бақылаушы органдар өздері ашқан заң бұзушылыққа қатысты материалдарды полиция, прокуратура органдарына бермейді.
Қылмыстылықтің жасырылған бөлігі құқық қорғау органдарына белгілі болған, бірақ қандай да бір себептермен қылмыстылық туралы статистикаға кірмей қалған қылмыстар мен олардың жиынтығын қамтиды. Оған мұндай қылмыстар туралы арыздарды іс жүзінде қарамау да, іс-әрекетке қылмыс емес деп дұрыс баға бермеу де, іс жүргізу шешімін дұрыс жасамау, оның ішінде Қылмыстық іс жүргізу кодексінің бабына қате сілтеме жасау да, қылмыстылықті алғашқы есепке алу карточкаларын ресімдеу де, статистика құрастырудағы қателіктер де, тіптен ЭЕМ-ның қателесуі де кіреді. Кейбір қылмыстарды есепке алу принциптеріндегі қателіктер де әсер етеді.
Тиісті қылмыстылықтің латенттігі ескеріліп оның қаншалықты кең таралғандығын білуге мүмкіндік беретіндей бірқатар әдістемелер бар.
Біріншіден, бұл бірқатар статистикалық мәліметтердің салыстырмалы талдамасы. Мысалы, адам өлтіру мен әр түрлі ауырлықтағы дене жарақатының санын салыстыру. Сот-медицина сараптамасы бюросының мәліметтеріне қарағанда, әр түрлі аймақтарда онжылдықтар бойы әрбір ауыр дене жарақатына екі немесе одан көп ауырлығы аздау дене жарақаты және 13-тен 22-дейін жеңіл дене жарақаты келеді екен. Ал, ауыр дене жарақатын алған адамдар саны зорлық-зомбылықпен өлтіргендік белгісі бар немесе басқадай өлтірген адамдар санынан әрқашанда асып түседі.
Сонымен қатар, алғашқы есепке алу карточкаларын, қылмыстық істерді, қылмыстар туралы арыздарды талдағанда қызғаныштан, дау-жанжалдан және т.б. болған адам өлтірудің санын дәл сондай себептермен болған дене жарақаты санымен өзара байланыстырып талдаған жөн.
Тиісінше, ұрып-соғу, дене жарақатын алу туралы арыздар мен хабарларға шара қолданыстың уақтылы және заңды болғандығына баға беру керек.
Жоғарыда аталған талдама меншікке қарсы қылмыстарды, атап айтқанда бірқатар ірі және басқа да ұрлықтарды зерделегенде де қолданылады.
Сонымен қатар, статистикалық мәліметтерді талдағанда прокурорлық және ведомстволық тексерулердің материалдары ескеріледі. Тиісті тексерулерден кейін есепке алынған былтырғы жылғы қылмыстар биылғы тіркелген қылмыстардың қанша пайызын құрағаны анықталады.
Екіншіден, латентті айқындау мақсатында қылмыстық статистиканың, азаматтық-құқықтық деликттер, әкімшілік және тәртіптік құқық бұзушылық статистикасының мәліметтері салыстырылады. Бұған құқық қорғау, сот, бақылаушы және басқадай органдардың материалдары да қамтылып талданады.
Үшіншіден, қылмыстық статистиканың мәліметтері қылмыстар туралы арыздармен, шағымдармен, хабарлармен, оның ішінде тек құқық органдарына ғана емес, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына, басқа ұйымдарға жіберілгендерімен салыстырылады.
Төртіншіден, арнайы анкета бойынша халықтан алынған жауаппен де салыстыру жүргізіледі.
Сауалнаманың мәліметтерін қылмыстық статистика мәліметтерімен тікелей салыстыруға болмайды, себебі халықпен жүргізілген сұрақ-жауапта жәбірленушілер саны ашылады, ал қылмыстық статистиканың негізгі мәліметтері жасалған қылмыстар мен қылмыскерлерге ғана қатысты болады. Бір қылмыстан жәбір шеккендер бірнеше адам болуы тиіс. Сонымен қатар, азаматтар, өздеріне қатысты жасалған іс-әрекетті құқықтық тұрғыдан дұрыс бағаламауы мүмкін.
Шет елдерде эксперимент сияқты әдіс те қолданылады19.
Сондай-ақ, қамтылған бақылауды жүзеге асырған да пайдалы. Зерттеу кезінде криминологтар қалаларда ұдайы дүкендерге, кафелерге, ресторандарға барып, клиенттерді алдау фактісінің қаншалықты кең таралғандығын зерделеген. Алданғандардың іс-қимылын байқаған, олардың шағымдарына және клиент құқығын бұзудың басқадай факторларына сол ұйым басшылығының қандай шара қолданғандығын зерттеген.
Соттылық, ашылмаған қылмыстылық, айқындалған латенттік қылмыстар туралы мәліметтерді жай жинақтап қоса салуға болмайды.
Біріншіден, фактілер мен адамдарды бірге қосуға болмайды. Ашылмаған қылмыстар фактілер бойынша тіркеледі, ал сот статистикасы адамдарды есептейді. Кейде былай айтылады: екі миллионнан аса қылмыс тіркелді, ал сотталғандар саны бір миллиондай ғана адам. Яғни, бір миллионнан аса қылмыс ашылмаған ба? Бірақ, бір адам бірнеше қылмыс жасауы мүмкін ғой.
Екіншіден, қылмыстық статистика қылмыстар мен қылмыскерлерді іс-әрекетті заңдық саралау тұрғысында есепке алады. Қандай да бір іс-әрекеттің латенттік фактісін анықтау - ол туралы мәліметтерді қосымша өңдеуді және заңда көзделген тәртіпте оны саралауды талап етеді.
Қылмыстылықтің латенттігіне жасалған талдаудан кейін заңдылықтың нақты бұзылу фактілерін анықтау жөнінде үлкен мақсатты жұмыс жүргізіледі.
6. Қазақстандағы қылмыстылықтің жалпы сипаттамасы
§1. Қазақстанда қылмыстылықтің жалпы таралуы және қылмыстылықтің өзге сыртқы сипаттамалары. §2. Қылмыстылықтің ішкі сипаттамаларының өзгеруі.
§1. Қазақстанда қылмыстылықтің жалпы таралуы және қылмыстылықтің өзге сыртқы сипаттамалары
Қылмыстылықтің кең таралғандығының жалпы көрсеткіштеріне оның деңгейін (тіркелген қылмыстар мен айқындалған қылмыскерлердің абсолюттік саны), сондай-ақ өсу қарқынын (қылмыстылықтің коэффициенттерін) жатқызуға болады.
Е.Қайыржановтың тұжырымдауынша қылмыстылықтің ахуалын анықтау үшін оның сандық көрсеткіштерін қолдану керек.20
Қылмыстылықтің динамикасында, қазіргі күні әр түрлі болып саналатын төрт тарихи кезеңге төрт үрдістің сай келгендігі байқалады.
1. 60-жылдардың ортасынан 80-жылдардың бірінші жартысына дейін (1966-1985ж.) қылмыстылық ұдайы өсіп отырды, әр бесжылдықта орташа коэффициенттің өсімі екі есеге жуық болды. (1-кестені қара).
Тіркеу тәртібіне талап көтерілгендіктен 1983 жылы тіркелген қылмыстар саны күрт көбейіп кетті. Жалпы, цифрларға қарасақ, қоғамда дағдарыстың ұлғаюына қарай қылмыстың да етек алғанын көруге болады.
2. Қайта құру кезеңінде қайшылықты процестер болды: 1986-1987 жылдары маскүнемдікке байланысты қылмыстар саны ситуацияға байланысты азайғанымен, олардың пайдакүнемдікке қатысты жағы көбейді, 1988-жылдан барлық қылмыстылық тез қарқынмен көбейе бастады.
4-кесте
Қазақстандағы қылмыстар саны мен оның динамикасы
Жылдар
Қылмыс-тылық-тың деңгейі
1990 жылмен салыстырғанда
Алдыңғы жылдар-мен салыстырғанда
1990
148053
-
-
1991
173858
+17,4%
+17,4%
1992
200873
+35,6%
+15,5%
1993
206006
+39,1%
+2,5%
1994
201796
+36,2%
-2%
1995
183913
+24,2%
-8,8%
1996
183977
+24,2%
+0,03%
1997
165401
+11,7%
-10%
1998
142100
-4%
-14%
1999
139431
-5,8%
-1,87%
2000
150790
+1,8%
+8,14%
2001
152168
+2,7%
+0,91%
2002
135151
-8,7%
-11,18%
2003
118 485
-19,9%
-12,3%
5-кесте
Жалпы қылмыстылықтағы пайдақорлық-зорлық қылмыстарының үлес салмағының өзгеруі
Жылдар
ҚР барлық қылмыстар саны
Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының саны
Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының үлес салмағы (%)
1990
148053
9664
6,5
1991
173858
11616
6,6
1992
200873
15542
7,7
1993
206006
17126
8,3
1994
201796
15354
7,6
1995
183913
12863
7
1996
183977
12693
6,9
1997
165401
12752
7,7
1998
142100
13285
9,3
1999
139431
13358
9,5
2000
150790
12772
8,4
2001
152168
12895
8,5
2002
135151
11856
8,8
2003
118485
10822
9,1
Қылмыстылықтің 1989 жылғы едәуір өсуі 1988-1989 жылдардың аяғында бұрыннан ашылмай келе жатқан қылмыстарды толығырақ қамтудың нәтижесі еді. Бірақ, бұрынғы тіркеу саясаты қолданылған 1990 жылы да тіркелген қылмыстардың өсу қарқыны жоғары болды. Қоғамның қылмысқа бой алдыруы мемлекет бақылауынан шыға бастады.
3.Реформа кезеңі (1991-1993 ж.) тіркелген қылмыстар санының шұғыл ұлғаюымен және халықтың қылмыстық әрекеттерге белсенді кірісуімен басталды. Сонымен қатар, бұл кезде қылмыстылықтің құрылымдық өзгерісі, ондағы ұйымшылдықтың күшеюі, қоғамға аса қауіпті іс-қимылдар формаларының өзгеруі байқалды. Бұл мән-жайлар, сондай-ақ қылмыстық заңнамадағы едәуір өзгерістер 1994 және 1996 жылдардағы тіркелген қылмыстар санының азаюына себеп болды (1-кестеге қара).
1995-1997 жылдары қылмыстылықтің кейбір түрлеріне, атап айтқанда, көшедегі, тұрмыстағы түрлеріне белсенді шабуылдың оң нәтижелері байқалды. Дегенмен, ұйымдасқан қылмыс, әсіресе экономикалық саладағы қылмыс, сыбайлас жемқорлық, терроризм түбірін тереңге жібере бастады.
4. Жалпы, реформа жылдары қылмыстылық коэффициенті екі есе өсті. Қылмыстылық әрекеттерге халықтың барлық топтары тартыла бастады. Өндіріс құлдыраған, тұрмыс нашарлаған, жұмыссыздық пен баспанасыздық етек алған, еңбекақы, зейнетақы және жәрдемақы уақтылы берілмеген жағдайда қылмыстық іс-қимыл көптеген адамдар үшін тұрмыстық мәселелерді шешудің бірден-бір тәсіліне айналды.
1970 жылдан бастап тіркелген қылмыстар санына қарағанда айқындалған қылмыскерлер саны баяу өсті.
Қылмыскерлер саны мен қылмыстар саны арасындағы айырмашылықтың болуы заңды да, себебі кейде бір қылмысты – қылмысты топ жасайды, ал бір адам әшкереленгенше бірнеше қылмыс жасап үлгереді. Қылмыстың бәрі бірдей ашыла бермейді. Ал, бұл екі көрсеткіш арасындағы барған сайын ұлғайып келе жатқан айырмашылық қылмыстылықтің сапалық сипаттамалары мен онымен күрестің жайын мұқият талдауды керек етеді.
Мұның барлығы мемлекеттің қоғамдағы қылмыстылыққа қарсы белсенді күресе бастағандығын көрсететін сияқты. Бірақ, тереңірек талдаудың нәтижелері басқадай көрсетіп отыр.
Қазақстанда реформа кезеңінде қылмыстылық коэффициенті алдағы кезеңнің коэффициентінен екі есе асып түсті, қылмыстардың абсолюттік саны да екі есе өсті. (1-,2-кестелерді қараңыз). Сонымен қылмыстылықтің өсу қарқыны халықтың өсу қарқынынан асып түскен (3-кесте).
Қылмыстық заңға енгізілген өзгерістер, оның ішінде кейбір іс-қимылдарды қылмысқа жатқызу немесе жатқызбау қылмыстылықтің статистикалық көрінісіне әсер етеді. Сондықтан да, талдама жасағанда салыстыруға болатын қылмыстар массиві дегенді бөліп алу керек, оны қысқаша салыстыруға болатын массив деп атаймыз.
Ол бірқатар кең таралған қылмыстарды қамтиды, олардың нормалары бұл іс-қимылдарды тіркеудің нәтижелеріне ықпал ететін дәрежеде өзгермей ұзақ уақыт тұрады. Мұндай массив Қазақстанда 1990 жылға дейін ғана салыстыруға болатындай еді. Ал, 1980 жыл мен 1990 жыл аралығында ол 2,2 есе өсті. Салыстыруға болатын массивтің қылмыстары (олар 4-кестеде көрсетілген 16 болды) тіркелген қылмыстылықтің үрдісін одан әрі анықтай берді. Сонымен, қылмыстылықтің нақтылай өскендігін көрдік.
Қазақстанның жаңа Қылмыстық кодексін күшіне енгізу өзара салыстыру мүмкіндігін бағалау үшін біртекті қылмыстар нормаларының диспозицияларын мұқият талдауды талап етеді.
Тіркелген адам өлтірудің, басқа да жалпы сипаттағы қылмыстардың саны маскүнемдікке қарсы компания кезінде, әсіресе 1986-1987 жылдары едәуір төмендеді. Криминологиялық зерттеулердің мәліметтері бойынша бұл маскүнемдікпен байланысты ситуациялық криминалдық іс-қимылдар есебінен болған еді (5-кесте).
Республикалық сот-медициналық сараптама орталығының мәліметтері зорлық-зомбылық жасап өлтіру фактілерінің де, ауыр дене жарақатын салу фактілерінің де саны азайғандығын растады.
Қайта құру маскүнемдікке қарсы компаниядан басталды, ол оның соңы экономикалық қылмыстылықпен күресті бәсеңдетуге алып келді, себебі ол кезеңде көлеңкелі және криминалдық капиталды, нарықтық экономикаға көшудің резерві ретінде, қоғам игілігіне пайдалануға болады деген пікір қалыптасты, тіптен нарыққа көшу кезінде экономикалық қылмыстылықпен күреске мораторий жариялау жөнінде ұсыныс болды. Бұл кезеңде құқық қорғау органдарының экономикалық қылмыстылықпен, парақорлықпен күресі бәсеңдеді, ал заңнама 1991 жылға дейін бұрынғы қалпында қалды. Қылмыстық саясаттың айқындалмауы, экономикалық қылмыстылықті заңмен қудалаудың ревизиялық, бақылаулық,сараптық базасының әлсіреуі оның латенттігінің артуына әкеп соқты. Ал қылмыстық саясат тек қана қоғамдық-саяси қатынастарды, қылмыстылықтің ахуалын және онымен күрес жүргізу практикасын зерттеу нәтижесінде ғана қалыптасады21. Жаңа бақылау жүйесінің кейбір құрылымдары ғана құрылған еді.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің белсенділігі төмендеді, себебі-экономикалық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің соттағы перспективасы айқын емес еді.
Криминологиялық мәліметтер бойынша бұрындар да экономикалық қылмыстылық, немесе бұрын шаруашылық-пайдақорлық деп аталатын қылмыстар статистикада бірінші кезекте көрсетілмейтін, ал 80-жылдардың аяғында оларды ашуға онша құлшыныс болмады, болса да жалтақтық басым болды.
Біріншіден, ондай іс-әрекеттер жайында құқық қорғау органдарына жүгінгендер саны азайған. 1991 жылғы сауалнамаға қатынасқан азаматтардың басым көпшілігі қылмыскерлермен өздерінің есеп ажырататындығын, жолдас-жораларымен немесе ақы төлеп қарым қайтаратындықтарын айтқан.
Екіншіден, құқық қорғау органдарына медициналық және басқа мекемелерден жасалған қылмыстар жайында мәліметтер сирек түсе бастаған.
Осы көрсетілген қылмыстардан өзі немесе өзінің отбасы жәбір шекті деп санап, кінәлілерден өзі өш алған адамдар саны да көбейді.
6-кесте
Қарақшылық қылмысының динамикасы
Жылдар
Жылдар бойынша деңгейі
Алдындағы жылмен салыстырған-да (жалғаспалы әдіс)
1990 ж. көрсеткішпен салыстырған-да
(%)
Соңғы 10 жылдық (1993-2002) орташа көрсеткішімен (2524) салыстырғанда (%)
1990
1321
-
-
-47,6
1991
1422
+7,6
+7,6
-43,6
1992
2304
+62
+74,4
-8,7
1993
2335
+1,3
+76,7
-7,4
1994
2146
-8
+62,4
-14,9
1995
2087
-2,7
+57,9
-17,3
1996
2509
+20,2
+89,9
-0,5
1997
2910
+15,9
+120,2
+15,2
1998
2952
+1,4
+123,4
+16,9
1999
2687
-8,9
+103,4
+6,4
2000
2478
-7,7
+87,5
-1,8
2001
2670
+7,7
+102
+5,7
2002
2471
-7,4
+87
-2
2003
2279
-7,7
+72,5
-9,7
7-кесте
Тонау қылмысының динамикасы
Жылдар
Жылдар бойынша деңгейі
Алдындағы жылмен салыстырған-да (жалғаспалы әдіс)
1990 ж. көрсеткішпен салыстырған-да (%)
Соңғы 10 жылдағы (1993-2002) орташа көрсеткішпен (9801) салыстырғанда (%)
1990
8343
-
-
-14,8
1991
9828
+17,7
+17,7
+0,2
1992
13238
+34,6
+58,6
+35
1993
13872
+4,7
+66
+41,5
1994
11919
-14
+43
+21,6
1995
9486
-20,4
+14
-3,2
1996
8912
-6
+6,8
-9
1997
8909
-0,03
+6,7
-9,1
1998
9467
+6,2
+13,4
-3,4
1999
9269
-2
+11
-5,4
2000
8875
-4,2
+6,3
-9,4
2001
9039
+1,8
+8,3
-7,7
2002
8267
-8,5
-0,9
-15,6
2003
7449
-9,8
-10,7
-23,9
Соңғы 14 жылдағы қорқытып алушылықтың динамикасы төмендегідей
8-кесте
Қорқытып алушылық қылмысының динамикасы
Жылдар
Жыл-дар бойын-ша деңгейі
Алдындағы жылмен салыстыр-ғанда (жалғаспа-лы әдіс)
1991 ж. көрсеткіш-пен салыстыр-ғанда (%)
Соңғы 10 жылдық (1993-2002) орташа көрсеткіш-пен (1201) салыстыр-ғанда (%)
1990
295
-
-19,7
-75,4
1991
365
+23,7
-
-69,6
1992
340
-6,8
-6,8
-71,6
1993
919
+170
+151
-23,4
1994
1289
+40
+253
+7,3
1995
1274
-1
+249
+6
1996
1249
-2
+242
+3,9
1997
880
-5,5
+223
-1,7
1998
838
-3,5
+211
-5,2
1999
1344
+18
+268
+11,9
2000
1365
+1,5
+273
+13,6
2001
1154
-15,4
+216
-3,9
2002
1101
-4,5
+201
-8,3
2003
1077
-2,1
+195
-10,3
9-кесте
Бандитизм қылмысының динамикасы
Жылдар
Жылдар бойынша деңгейі
Алдындағы жылмен салыстырғанда (жалғаспалы әдіс)
1995 ж. көрсеткіш-пен салыстыр-ғанда (%)
Соңғы 10 жылдық (1993-2002) орташа көрсеткіш-пен (29) салыстыр-ғанда (%)
1990
1
-
-93
-96
1991
1
-
-93
-96
1992
2
+100
-87
-93
1993
6
+200
-62
-79
1994
2
-66
-87
-93
1995
16
+700
-
-44
1996
23
+44
+44
-20
1997
53
+130
+231
+82
1998
28
-47
+75
-3,4
1999
58
+107
+262
+100
2000
54
-7
+237
+86
2001
32
-40,7
+100
+10
2002
17
-46,8
+6
-41
2003
17
0
+6
-41
10-кесте
1980-1997 жылдары Ресейде неғұрлым көп таралған, салыстыруға болатын жалпы
сипаттағы қылмыстардың тіркелген санының динамикасы
Жылдар
Қастандықпен
қасақана өлтіру
Қасақана ауыр дене
жарақатын салу*
Қастандықпен
әйел зорлау
Кәнігі және айрықша
Кәнігі бұзақылық
Ұрлық
Тонау
Қарақ-шылық
Ала-яқтық
1980
13 965
32 945
13 374
112 462
274 091
34563
8892
12692
1981
14 013
31 996
13 456
90 944
291 585
34559
8276
14534
1982
14 009
31 445
13 177
110 943
299 170
34554
7990
14776
1983
13 939
33 714
14 529
125 991
417 732
49197
9642
20558
1984
13 418
32 763
14 447
121 849
441 993
49500
8986
16120
1985
12 160
28 381
12 894
112 219
464 141
42794
8264
18746
1986
9 437
21 185
12 165
93 962
380 582
31441
6018
19343
1987
9 199
20 100
10 902
69 242
364 511
30441
5656
15751
1988
10 572
26 639
11 560
61 363
478 913
43822
8118
13302
1989
13 543
36 872
14 597
83 376
764 170
75209
14519
15160
1990
15 566
40 962
15 009
90 350
911 321
83188
16475
19804
1991
16 235
41 312
14 073
59 650
1 235 414
101900
18253
19925
1992
23 006
53 873
13 579
94 133
1637 940
164800
30138
23473
1993
29 213
66 902
14 427
113 195
1 561 843
184143
39705
54042
1994
32 286
67 706
13 956
125 149
1 314 788
148546
37904
66687
1995
31 703
61 734
12 515
123 230
1 367 866
140597
37651
67301
1996
29 859
53 417
10 888
114 529
1 206 342
121283
33978
74539
1997
29 719
46 131
-**
-**
1 053 890
112049
34317
77757
1998
29 551
45 170
1 143 364
122366
38513
76738
*1997 – қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру
** Мәліметтер салыстырғанға келмейді
11-кесте
1985-1990 жылдары Ресейде қылмыстылықтің жекелеген көрсеткіштерінің өзгеруі
Өсу қарқыны (1984 жылға %-бен), саны
Ж ы л д а р
1985
1986
1987
1988
1989
1990
Мас күйінде қылмыс жасап айқындалған адам
-9
-30
-38
-37,5
-29
-23
Қастандықпен қасақана адам өлтіру
-9
-30
-31
-21
+0,9
+16
Қасақана ауыр дене жарақатын салу
-13
-35
-39
-19
+13
+64
Иелену, жұмсап қою, қызмет бабын теріс пайдалану жолымен ұрлау
+9
+15
+15,2
+4
-5
-16
Алыпсатарлық
+14
+24
+33
+43
+39
+57
Неғұрлым көп таралған жалпы сипаттағы қылмыстар статистикада бірінші кезекте көрініс тапқан, бірақ соңғы жылдары олардың да латенттігі арта бастады. Тіптен адам өлтірудің өзі латенттігі жоғары қылмысқа айналды.
Аймақтарда сот-медициналық сараптама бюросының мәліметтері бойынша өлім себебі анықталмаған мәйіттер саны күрт өсті. Мысалы, 1990-1994 жылы ол Мәскеуде 776-дан 2966-ға дейін көбейді және өлтіргендік нышаны бар мәйіттердің 1994 жылғы санынан асты (ол 2863 еді). Сонымен қатар Қазақстанда 1990-1995 жылдары танылмаған мәйіттер бойынша белгісіз азаматтардың кім екендігін анықтау жөніндегі істер саны көбейді және хабар-ошарсыз кеткен, іздестіру жарияланған және табылмаған адамдар саны артты: 1990 жылы олар 813 еді, 1995 жылы 44649-ға жетті.
Сол жылы ашылған жаңа істер саны 2837-ден 21855-ке дейін ұлғайды. Бұл мәліметтер Шешенстандағы әскери қақтығыстардың құрбандары есепке алынбай берілген, ал ресми деректерге қарағанда бұл қақтығыста қаза болғандар саны 80 мыңнан асқан (1996 жылғы қыркүйек). 1990-1995 жылдары хабар-ошарсыз кетіп табылмағандар саны 13214-тен 22708 адамға дейін артқан.
Қылмыстылық туралы статистикалық мәліметтерге сол қылмыстылықке қарсы қолданылатын іс-шаралардың азайғандығы да елеулі әсер етті. Қылмыстылықтің қоғамға жаппай жайылуы құқық қорғау органдарының қылмыстар жөніндегі барлық ақпаратты заңда белгіленген тәртіпте өңдеп шығару мүмкіндігін төмендетті. Ең ауыр қылмыстар, ақиқатқа айналған немесе қоғамға әйгілі болған қылмыстар қалай да көрсетілетін болды. Ашылмаған және тергеуі ұзаққа созылып кеткен қылмыстар саны көбейді. Келе-келе қызметкерлер осындай режимде жұмыс істеуге дағдыланды, өз шешімін таппаған арыздардың үлестік салмағы артты. Ал азаматтар, мұндай жағдайларда, мемлекеттік құқық қорғау органдарына сенімін жоғалта бастады. Ведомстволық қауіпсіздік қызметінің, жеке күзет және детектив қызметінің, өзінше ерекшелігі бар төрелік соттардың даңқы жайыла бастады. Бірақ жеке және заңды тұлғалардың барлығы бірдей ондай қызметті пайдалана алмады. Тіптен жазасыз қалатын қылмыскерлер саны көбейе бастады, олар өздерінің қылмыстық белсенділігін арттырды.
Меншікті, билікті қайта бөлісумен байланысты көптеген қылмыстардың тіркелуі жиіледі. Олардың көпшілігі Қазақстанда реформа жылдары ғана пайда болды. Олар – адам ұрлау, адамды аманатқа алу, кәмелетке толмағандарды сату және т.б. ( 6-кесте).
Былай деп айтуға болады: Қазақстан нарыққа қарай тез аяқ басқан сайын қылмыстылықтің деңгейі экономикасы нарықтық немесе аралас елдерге тән деңгейге жақындай бастады.
Қылмыстылықтің сапалық сипаттамасы өзгерді: ол қоғамға неғұрлым қауіпті, аспаптық зомбылық жиі қолданылатын негізінен пайдакүнемдік; құқықтық тәртіпті мүлде сыйламайтындығын, қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздік мүдделерін елелмейтіндігін ашық көрсететін қылмыстарға айналды.
Қылмыстылықтің қоғамға қауіптілігін анықтағанда, алдымен, ауырлық дәрежесі әр түрлі тіркелген қылмыстық іс-әрекеттердің жалпы санындағы оның үлестік салмағы анықталады.
1986-1992 жылдары қылмыстылықтің өсуі, негізінен, орташа ауырлықтағы қылмыстар есебінен болды, ауыр қылмыстардың үлестік салмағы біршама өсті, маңыздылығы шамалы іс -әрекеттер азайды. Ауыр және қоғамға әйгілі болған қылмыстарға ғана ден қойылып, мәліметтердің ішінара ғана өңделгендігі көрініп тұр. Ескеретін бір жағдай – 1994 жылдың 1-шілдесінен заң шағарушы ауыр қылмыстар шеңберін өзгертті, сондықтан да ол сол кезден бастап одан арғы жылдардың мәліметтерімен тікелей салыстыруға келмейді. Бірақ 1986-1993 жылдары ауыр қылмыстардың үлестік салмағы 14,6-дан 18,4%-ға дейін өсті, ал олардың тіркелген саны 2,6 есе артты. Маңыздылығы шамалы қылмыстарға келетін болсақ, бұл кезеңде олардың үлестік салмағы 21,3-тен 9,4%-ға, абсолюттік саны – 7,7%-ға кеміді.
Мынадай пікір бар: қылмыстылықте қарулану, ұйымдасу, кәсібилік артқан сайын, жасалған қылмыстардың салдары да ауыр бола бастады. Бірақ, әр уақытта олай емес.
1986-1992 жылдары притон ұстау және жеңгетайлық фактілерінің тіркелген саны 5 есе, порнографиялық заттар дайындап сату 7 есе азайды, зорлық-зомбылықты, қатыгездікті уағыздайтын шығармалар дайындап сату фатілерін тіркеу тоқталды. Мұның бәрі кең етек алған еді, бұл іс-әрекеттердің қауіптілік үрдісі 1993-1996 жылдарғы статистикада байқалды.
Қылмыстылықтің қоғамға қауіптілігіндегі өзгерістерге баға бергенде оның салдарын, әсіресе адам өліміне алып келетін жағын елемеуге болмайды.
Материалдық залал жөніндегі мәліметтерді 1991 жылдан кейін инфляцияға байланысты салыстыру мүмкін болмай қалды.
Бірақ 1986-1991 жылдары Ресейде мемлекеттік және қоғамдық мүлікті ұрлаудан келген тіркелген залал 60,5-тен 160,5 млн рубльге дейін өсті. Пайдакүнемдік қылмыс жасаған адамдардан алынған мүліктерге қарағанда олар қаражатты валютаға, алтынға, асыл тастарға, жылжымайтын мүлікке айналдырған: 1993 жылы қылмыскерлерден 1 196 525 АҚШ доллары, 1995 жылы – 4 443 097 АҚШ доллары; тиісінше алтын – 36,7 және 105,7 кг; түрлі-түсті металдар – 457 123 және 552 796 кг; радиоактивтік материалдар – 0 және 137 г; есірткі және қатты әсер ететін заттар – 64,5 және 161,1 кг алынған. Бұл амал олардың инфляция жағдайында одан әрі баюына, ақшаларын жуып-шаюына, мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жағдайында Қазақстанның ұлттық байлығын иеленіп қалуға мүмкіндік тудырды. Бұрындары бұл ұрлықтың үштен бірі, ал 90-жылдардың ортасына қарай жартысына жуығы сыбайлас жемқор мемлекеттік қызметкерлерге жұмсалды. Қылмыскерлер біртіндеп билікке қол жеткізе бастады.
Құқық қорғау органдарының әр түрлі деңгейде қылмыстылықпен күресіп жүрген қызметкерлерінің айтуына қарағанда, қылмыстық орта өздерінің саяси салаға өтіп кеткен лидерлеріне қолдау көрсетеді екен; олар билік және басқару органдарымен сыбайластыққа кірген, бұрындары пайдакүнемдік қылмыстар үшін сотталғандар шетел капиталымен бірлескен кәсіпорындарға, банкілерге, биржаларға орналасуға ұмтылатын көрінеді. Ұлтаралық дауларды шешпекші болған сылтаумен қылмыстың жасалатындығын, қоғамдағы рухани құлдырасты, порнографияның кең етек алғандығын айтпай кетуге болмайды.
Қылмыстық орта жан-жақты қарулана бастады. 1989-1993 жылдары атылатын қару қолданып жасалған қылмыстар саны 6,2 есе (3550-ден 22116-ға дейін), атылатын қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды ұрлаудың тіркелген фактілері 2,5 есе (тиісінше 594 және 1496); соларды және басқа да қаруларды сақтаудың, иемденудің, дайындаудың және сатудың айқындалған фактілері 2,8 есе (20477 және 58318) өсті. 1993 жылы бұл үрдіс біраз баяулады, тиісінше – 1336 ұрлық, заңсыз сақтау, иелену, дайындау және сатудың 57454 фактісі тіркелді.
Кейде қылмыскерлер қолында қазіргі күнгі жетілген, тек шетелдердің (Израиль, АҚШ және басқаларының) арнайы бөлімшелерінде ғана болатын қарулар болды.
1989-1995 жылдары аса қауіпті болып саналатын қылмыстар саны күрт өсті. Мысалы, 1985 жылдың өзінде ғана 707919 жалған АҚШ доллары және құны 37470 АҚШ доллары тұратын жалған неміс маркасы алынған.
Қылмыстылықтің сылтаулық сипаттамасы. Тіркелген жалпы қылмыстар арасында пайдакүнемдік қылмыстардың үлестік салмағы тез өсе бастады. Бұл ретте күш және психикалық қысым көрсетіліп жасалған, меншік иемденумен байланысты қылмыстар көбейді.
1986-1993 жылдары пайдакүнемдік қылмыстардың үлестік салмағы біршама азайды, бірақ олардың ішінде күш қолданып немесе үрей тудырып жасаған қылмыстар саны көбейді (51-ден 76%-ға дейін) (7-кестені қараңыз).
Пайдакүнемдік қылмыстардың үлестік салмағының артқандығын салыстыруға болатын массивтің құрылымын талдағанда да айқын көруге болады (8-кестені қараңыз).
Қоғамда пайдакүнемдік те, зорлық көрсететін де қылмыстар етек алуда. Ал зорлық көрсету көбіне пайдакүнемдік мақсатқа жету үшін қолданылды. Сонымен қатар ол адамдар, топтар, ұлттар арасындағы, корпоративтік дауларды шешуде де кең қолданылды.
12-кесте
Жалпы қылмыстылықтағы пайдақорлық-зорлық қылмыстарының үлес салмағының өзгеруі
Жылдар
ҚР барлық қылмыстар саны
Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының саны
Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының үлес салмағы (%)
1990
148053
9664
6,5
1991
173858
11616
6,6
1992
200873
15542
7,7
1993
206006
17126
8,3
1994
201796
15354
7,6
1995
183913
12863
7
1996
183977
12693
6,9
1997
165401
12752
7,7
1998
142100
13285
9,3
1999
139431
13358
9,5
2000
150790
12772
8,4
2001
152168
12895
8,5
2002
135151
11856
8,8
2003
118485
10822
9,1
Егер қайта құрудың алғашқы кезеңіндегі қылмыстылықте ішімдікті немесе оған қажетті қаражатты тез табу сылтауымен байланысты қылмыстылық азая бастаса, ол реформа кезеңінде қайта көбейді. Аса қажеттілік, керекті азық-түлік, киім-кешек табу үшін, төңіректегі адамдарға тән тұрмыс деңгейіне жету сылтаумен мүліктік қылмыстар көп жасала бастады. Жаңа да сылтаулар табылды: алдыдағы нарықтық қатынастар мен ақша үстемдігінде келісті өмір сүру үшін кез келген жолмен алғашқы капитал жинап алу.
Қылмыстылықтің мүлік есебінен өсуін қоғамдық құрылыс ауысқан және нарықтық қатынастар дамыған кездегі заңды құбылыс деп қарауға болады.
Қылмыстылықтің әлеуметтік бағыттылығында да – қылмыстық озбырлықтың әр түрлі объектілерінің ара қатынасында да өзгерістер болды. 9-кестеде әр түрлі объектілерге қол сұғатын қылмыстар фактісі туралы мәліметтер келтірілген. Жалпы бұл цифрлар қылмыстылықтің кейбір түрлерінің статистикалық өзгерісін дәл көрсеткеннен гөрі олардың латенттігінің өскендігін көрсетеді.
Тіркелген қылмыстарды алғанның өзінде елдегі тәртіпті сыйламаушылық айқын көрініп тұр: басқару тәртібіне, сот қазылығына, қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар саны көбейді. Шаруашылық қылмыстарға қарсы жаңа саясат қалыптасты, ол статистикада көрініс тапты.
Бұрынғыдай, барлық тіркелген қылмыстардың 60%-ы меншікке қарсы қылмыстарға келеді. Одан кейінгі орында адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыс тұр.
Қылмыстылықтің әлеуметтік-аумақтық таралысы жөнінде қысқаша мынаны айтуға болады: 1) 1986-1989 жылдары қылмыстылық негізінен қалалар мен қала типтес елді мекендерде өсті. Бұл ретте қаладағы қылмыстылықтің жалпы үлестік салмағы Қазақстан халқындағы қала халқының үлестік салмағынан төмен еді. 1986 жылы ол үлестік салмақ қала қылмыскерлігінде 68%, қала халқында – 73% болды.
Тиісінше, қаладағы қылмыстылықтің үлестік салмағы (100 мың қала халқына 858) ауылдағыға қарағанда (100 мың ауыл халқына 1120) төмен. 2) 1990-1996 жылдары ауылды жерлердегі қылмыстылықтің өсу қарқыны қаланыкінен асып түсті, тиісінше, оның жалпы қылмыстылықтегі үлестік салмағы артты. Көші-қон процесінің үдеуіне байланысты оның коэффициентінің өскен-өспегендігін анықтау қиын. 3) Қаладағы қылмыстылық республикалық, аймақтық, облыстық орталықтардың проблемасына айналды. 4) 1997 жылы барлық халықтың 100 мыңына есептегенде қылмыстар фактісі бойынша коэффициенттің Федерация субъектілерінде 7 еседен аса, 1990 жылмен салыстырғанда 6 есеге жуық айырмасы болған.
Аймақтық қылмыстылықтің криминологиялық зерттеулеріне қарасақ, жалпы тіркелген мәліметтер, негізінен, жалпы сипаттағы қылмыстылықтің кең таралғандығын көрсетеді.
Қылмыстылықтің төмен жалпы коэффициенттері тасасында кейбір аймақтарда экономикалық қылмыстардың, соңғы кездері – экологиялық, мемлекеттік қылмыстардың жоғары латенттігі жатыр. Әсіресе, әскери қақтығыстар жағдайында, мысалы, Шешенстанда.
Қылмыстылықтің әлеуметтік-топтық кең таралуы. Қылмыстылықтің өсуі, негізінен, есейген жастағы адамдар тобы есебінен болады. 1990 жылы айқындалған қылмыскерлер арасындағы кәмелетке толмағандардың үлестік салмағы 25%, 19-29 жастағылардікі – 38%, 30 және одан үлкен жастағыдардікі – 37%, ал бұл көрсеткіш 1997 жылы тиісінше – 12,41 және 47%, 1986 жылы – 20,5, 41,4 және 38,1% болды.
Айқындалған қылмыскерлер арасындағы әйелдердің үлестік салмағы артты: 1997 жылы ол 13,6%, 1990 жылы – 6,9%, ал 1986 жылы – 9,4% болған.
Қылмыстық статистика тіркелген қылмыстылықтің халықтың азғындау және қылмысқа бой алдыру процесімен, баспанасыздықпен және жұмыссыздықпен тікелей байланыста екендігін көрсетіп отыр (10-кесте). Айқындалған қылмыскерлер арасында бұрын сотталғандар, тұрақты табыс көзі жоқтар, жұмыссыздар басым.
Ішімдікке мас күйде қылмыс жасағандардың үлестік салмағы біршама азайған, бірақ есірткі қолданып жасалған қылмыстар саны артқан. Бұлар барлық айқындалған қылмыстардың 0,8%-ын құрағанмен, олар барлық тіркелген қылмыстардың 0,9%-ын жасаған.
§ 2. Қылмыстылықтің ішкі сипаттамасының өзгеруі
Қылмыстылықтің тұрақтылық сияқты сипаттамасын алатын болсақ, қайтара жасалған қылмыстылықтің талдамасы 1986 жыл мен 1995 жыл аралығында бұрын қылмыстық іс-әрекет жасап тиісті жаза қолданылған адамдардың қайтара қылмыс жасап ашылған қылмыстарының саны 80%-ға өскенін көрсетіп отыр.
Тоқсаныншы жылдардың ортасына дейінгі қылмыстылықтің өсуінде халықтың жаңа топтарының қылмыстық әрекеттерге белсене кірісуінің рөлі зор болды. 1995-1997 жылдары қайталама қылмыс бұрынғыдан бетер жандана бастады.
Айқындалған қылмыскерлер арасында бұрын қылмыс жасағандар: 1995 жылы – 354661 адам немесе 22%, 1996 жылы тиісінше 367 780 немесе 22,7%, 1997 жылы – 397 026 адам немесе 28,9% болды.
Бұрындары қылмыс жасап 1997 жылы айқындалған адамдардың 9346-сы (2,4%-ы) аса қауіпті рецидивист деп танылған, 50763 адам (12,8 %) бұрын қылмыстық жауаптылыққа үш және одан көп рет (көп қайтара криминалдық рецидив) тартылған, 73636 адам (18,8%) осы тектес қылмысты жасаған (криминалдық кәсібилікті дәлелдейтін арнайы рецидив), 142,604 адам (35,9%) соңғы қылмысын топпен жасаған, 252 579 адам (63,6%) ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған.
Криминологиялық зерттеулер көрсетіп отырғандай, халықтың арасында қылмыс жасаған адамдардың көбеюі, жалпы сипаттағы қылмыстардың, кейінірек экономикалық қылмыстардың теріс бағыттағы үрдісінің даму мүмкіндігін арттырады, себебі қылмыстық тәжірибесі бар адамдар жасы ұлғайған сайын айқын, жалпы сипаттағы қылмыстар жасаудан латенттігі жоғары экономикалық қылмыс жасауға көшеді. Бұл ретте олар өздерінің криминалдық капиталын заңдастырады және молайтады.
Мәскеу облысының бірінші сатыдағы соты 1985 және 1991 жылдары қараған неғұрлым ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істерді зерделегенде жасалуы үшін алдын ала жағдай дайындалған қылмыстық іс-қимылдардың қасақаналық сипаты 1985 жылы 33% жағдайларда, 1991 жылы 50% жағдайларда байқалған. Криминалдық кәсібилік тиісінше 7 және 10% жағдайларда, әркімнің рөлдері белгіленіп қылмысты топта жасау – 12 және 22 % жағдайларда болған. Бұл айқындалған адамдардың көбісі әшкереленгенге дейін екі және одан да көп қылмыстар жасап үлгерген. 1989 жылы мұндайлар 22112, 1993 жылы – 31857 адам болған.
Жасалуы арнайы қылмыстық дағдының болуын талап ететін бірқатар қылмыстар туралы статистикалық мәліметтерде қылмыстық кәсібилік көріністер санының артқандығын көреміз. Бұл, мысалы, алаяқтық. 1991 жылы 19925 алаяқтық фактісі, 1996 жылы 74624, 1997 жылы 77757 фактісі тіркелген. Бұрын қылмыс жасаған адамдар, негізінен, біртекті қылмыстар жасаған.
Қылмыстылықтің ұйымдасқандығы Қазақстанда реформа жылдарында кең етек алды, ол ұйымдасқан қылмыстардан да, ұйымдасқан қылмыстық құрамалардан да көрініс тапты (11-кесте).
Кең ауқымды қылмыстық әрекетке, қылмыстық табысты заңдастыруға және молайтуға ұмтылған ұйымдасқан қылмыстық құрамалардың шеңбері кеңейді. 1997 жылы 1994 жылға қарағанда, 1,5 есе көп қылмыстық ұйымдасқан құрамалар айқындалды, оларға қатысушылардың айқындалған саны 1,7 есе көбейді.
13-кесте
Топ болып жасалған пайдақорлық-зорлық қылмыстарының (тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық) деңгейі мен құрылымының өзгерісі
Жылдар
Топ болып жасалған барлыққылмыстардың саны
Топ болып жасалған тонау, қарақшылық және қорқытып алушылық қылмыстарының саны
Үлес салмағы (%)
1961
6634
1254
18,9
1966
7091
1276
18,0
1971
8413
1455
17,3
1976
8641
1642
19,0
1981
9012
1523
16,9
1986
9404
1552
16,5
1991
15812
2340
14,8
1996
20518
2544
12,4
14-кесте
1991-1997 жылдары Ресейде айқындалған ұйымдасқан қылмыстық құрамалар туралы мәліметтер
1994ж.
1995ж.
1996ж.
1997ж.
Ұйымдасқан қылмыстық құрамалар айқындалды
8 059
8 222
12 684
12 500
Ұйымдасқан құрамаларға қатысушылар анықталды
35 348
32 068
59 389
60 000
Ұйымдасқан топтармен қатар көбіне қылмыстық ұйымдар мен қылмыстық қауымдастықтар да әрекет ете бастады. С.В.Ванюшкиннің айтуына қарағанда 1993-1997 жылдары Ресейде заңдағы ұрылар - қылмыстық орта лидерлерінің саны 1200-ден 1500-ға дейін, ал ұйымдасқан құрамалар арасындағы даулы жағдайлар (есеп айырысу, дауды шешу, т.б) 4 есе (144-тен 600-ге дейін) өскен.
Алдын ала ойластырылған, жоспарланған, қасақана жасалатын қылмыстар саны артты, тапсырыспен адам өлтіру көбейді. Ол жайында нақты мәліметтер жоқ, себебі олардың көбісі ашылмай қалады, сондықтан адамды тапсырыспен өлтірді деген болжам ғана жасалады.
Кесіп айтатын болсақ: 1995 жылы 560, 1996 жылы 570, 1997 жылы 600 адам тапсырыспен өлтірілген. Тиісінше 60,70 және 132 өлтіріс ашылған.
1993-1997 жылдары адамдардың қылмыстық топтар құрамында жасаған қылмыстарының саны 7,2 %-ға өскен; қылмыстық топ құрамында қылмыс жасап сотталғандар саны 9,7 есе артқан.
Ұйымдасқан қылмыстылық экономиканың әр түрлі саласында белсенділік танытуда, ол нарко-, порно-, алкобизнес және басқаларды бақылауды өз қолына алды. 1995 жылы жекешелендіру барысында жасалған 1 мыңнан аса қылмыстың жолы кесілді. Жекешелендіру туралы заңның бұзылуына байланысты Мәскеудің бір өзінде мемлекетке 100 млрд. доллар зиян келген.
Соңғы кездері ұйымдасқан қылмыскерлер интеллектуалдық қызметтің нәтижелерін иемденуге бар күшін салып бағуда.
Компьютер бағдарламаларын, аудио-, видеожазбаларды, кітап өнімдерін ұрлау, отандық және шетелдік сарапшылардың бағалауынша, шамамен 2 млрд. доллар табыс әкеледі екен.
Ұйымдасқан, кәсіби қылмыстық әрекетке, нарко-порно- және басқа криминалдық бизнестің дамуына тән өзге де қылмыстар барған сайын көп тіркелуде (12-кесте).
Айқындалған ұйымдасқан қылмыстық топтар арасынан халықаралық байланыста тұрғандар саны 1991 жылмен салыстырғанда 1995 жылы 5 есе өскен. Олардың қолында өте ірі капитал шоғырланған. Криминалдық және көлеңкелі капитал иелері қызметтің белгілі бір саласын монополиялап қана қойған жоқ, олар өзара меншік бөлісе бастады, ол өте ауыр қылмыстарға алып келді, заңнама өзгергенде криминалдық мүдделерді тікелей жақтағандар болды.
Терроризм, ұлтаралық дау және т.б. деп бағаланған көптеген криминалдық құбылыстардың негізінде ірі криминалдық капиталдың қозғалысы, оларды қайта бөлу әрекеттері жатыр.
Криминалдық топтар жақсы қарулана бастады. 1993-1997 жылдары қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар қолданылып жасалған тіркелген қылмыстар саны екі есе артты (19 157-ден 39 300-ге дейін).
Есірткімен байланысты тіркелген қылмыстар саны 1996 жылмен салыстырғанда 1997 жылы екі есе өсті. Жүздеген млрд. рубльдің есірткі заттары алынды, Қазақстанның әр түрлі аймақтарында оларды өндіретін және сататын қауіпті топтар әшкереленді.
Ұйымдасқан қылмыстылық қоғамдық өмірдің элементіне және көптеген азаматтардың өмір мақсатына айналды. Ресейдің 4 қаласында (Мәскеу, Воронеж, Волгоград, Владивосток) 1998 жылы азаматтарға мынадай сұрақ берілді: Сіз немесе жақындарыңыз ұйымдасқан қылмыс проблемасын сезінесіз бе?. Барлық сұралған кәсіпкерлердің 30%-ы, Мәскеуліктердің 14%-ы ұйымдасқан қылмыстың жәбірленушісі немесе куәсі болғандығын, тиісінше 22 және 11%-ының қылмыс жасайтын ұйымдасқан топты білетіндігін, 40 және 21%-ының ұйымдасқан топқа кіретін адамдарды білетіндігін, 12 және 5%-ының ондай топтардың әрекетін байқайтындығын айтқан.
Кәсіпкерлердің 8%-ы ондай топтардың қызметіне жүгінетінін, 9%-ы отбасы мүшесінің немесе танысының әжептеуір ақша алып олармен бірлесіп әрекет жасап жүргендігін көрсеткен. Барлық сұралғандардың тиісінше 4 және 5%-ы осындай жауап берген. Сұралған кәсіпкерлердің 77%-ы және басқа сұралғандардың 69%-ы қылмыстың құрбаны болудан қорқады. Кәсіпкерлер, негізінен, өлтіріп кетуден, адам ұрлаудан, мүлік қиратудан, ал жай адамдар – ұрлықтан, қарақшылықтан, алаяқтықтан, бұзақылықтан қорқады.
1998 жылы жасалған сауалнамаға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың 30%-ы - ұйымдасқан қылмыстық топтар өзара ынтымақтасуда деп, ал 14%-ы – олардың арасындағы қақтығыс ұлғаюда деп жауап берген; ондай ортаның лидерлері мемлекет пен қоғамның жоғары сатысына енуде (58%), отандық заңды бизнеске кіріп, онымен ашық айналысуда (55%), шетелге кетуде (15%), өздерімен бірге отбасын, балаларын алып кетуде (18%) деп көрсеткен. Жауап алынған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің 45%-ы криминалдық әрекеттен түскен табысты оның лидерлері мен ірі коррупционерлер қоғам өмірінің саяси саласына енуге жұмсайды деген пікірде.
Ұйымдасқан қылмыстылықтің қоғам өмірінің саяси саласына енуінің құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне белгілі фактілері мыналардан көрініс табады: мемлекеттік органдарға сайланғанда өз кандидатын ұсыну (52%), өз кандидаты болмаса да, кейін өз мүддесін қорғауға пайдалану үшін оған қаржылай және басқадай қолдау жасау (33%), ұйымдасқан қылмыстық орта лидерлерінің мемлекеттік басқару органдарына өздерінің тікелей өтіп кетуі (37%), сайлау комиссиясының мүшелерін сатып алу (11%), өзге мемлекеттік қызметкерлерді сатып алу (23%), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы саясатқа ықпал ету (22%), қоғамдық ұйымдар мен қорлар құрып, солар арқылы ықпал жасау (18%), бұрыннан бар сондай ұйымдар мен қорларға бақылау орнату (15%), оқу орындарында өз адамдарын даярлау арқылы саясатқа ықпал жасау (11%), ұнамайтын саяси қызметкерлерге үрей туғызу (8%) және ондай қызметкерлердің көзін жою (4%).
Қылмыстық істердің материалдарына және басқа да құжаттарға қарасақ, ұйымдасқан қылмыстылықтің жаңа сатыға көтерілгендігін көреміз: егер ол бұрындары ұнамайтын мемлекеттік және саяси қызметкерлерді сатып алу, қорқыту, беделін түсіру, көзін жою арқылы мемлекеттік және қоғамдық институттарға сүйенсе, қазір олардың өздері тиісті лауазымдар мен орындарға өтуге талпыныс жасауда. Бұл үрдісті тапсырыспен адам өлтіру фактілері жанама дәлелдеп отыр.
Мемлекеттік және өзге органдарды өзіне бағындырудың құрамы болып табылатын сыбайлас жемқорлықтың басқа бәсекелесі пайда болды: ұйымдасқан қылмыстық әлемнің лидерлері мен белсенді қайраткерлері ортаға делдал салмай-ақ саясатты өз қолдарына алуға ұмтылып отыр. Мұнымен олар өздеріне және өз жақындарына тек криминалдық және экономикалық қана емес, заңды әлеуметтік мәртебе алып бермекші.
Бұдан сыбайлас жемқорлық проблемасы маңыздылығын жоғалтады деп ойламау керек. Біріншіден, ол криминалдық функционерлер үшін әлі маңыздылығын жоғалтқан жоқ, екіншіден, ол жаңа жағдайға да үйлесімін табады.
Егер криминалдық лидер жоғарғы ресми қызметке отырса ол өз командасына ұйымдасқан қылмыстық құрамалардың аса тәртіпті мүшелерін жинақтайды және олардың басқа біреуге қызмет еткеніне жол бермейді. Ал мұндай жағдай шенеуніктердің сыбайлас жемқорлығы тұрғанда әруақытта болады.
Лауазымды адамдарды сатып алудың дәстүрлі формаларымен қоса басқа да тәсілдер бар: материалдық емес игілік, балаларының оқу ақысын төлеу, жоғарғы оқу орнына түсіру, шенеунік атынан кітап жазу немесе басқа да шығарма жасау, коммерциялық құрылымға жұмысқа кіргізіп қою, акция беру.
Криминалдық жағдайға 1996 жылы берілген баға мынадай болды:
1) 80-90 жылдардың басында ұйымдасқан қылмыстың саясаттану процесі ғана байқалды, ал 1994-1995 жылдары ол әр түрлі тетіктер пайдаланып мемлекеттік билік органдарын (заң шығарушы, атқарушы, сот), олардың шешімдерін және ол шешімдердің жүзеге асырылуын бақылай бастады, яғни мемлекеттік тетік криминалданды. Көлеңкелі экономиканың жорықсыз етек алуымен қатар көлеңкелі саясат, көлеңкелі юстиция пайда болды, дами бастады. Әділ сотқа қарсы аса қауіпті қылмыстар саны едәуір көбейді;
2) заңды және қылмысты кәсіпкерліктің, заңды және қылмысты құрылымдардың өзара тығыз араласуы, заңды және қылмысты капиталдардың өзара араласуы болды. Нәтижесінде адал кәсіпкер зәбір шекті: оны тиімді қолдаудың мемлекеттік жүйесі құрылмады; ірі криминалдық капитал иелерімен оның бәсекелесуге шамасы жоқ; кәсіпкерлікпен айналысқысы келген адам мемлекеттен үмітін үзіп өзіне шатыр іздейді, содан кейін өз ісін ашады. Кәсіпкерлердің 30-дан астам шығыны өз басының, отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кетеді. Олар жеке детективтер мен күзетшілердің қызметіне жүгінеді, жеке меншіктегі қауіпсіздік қызметін құрады. Мұндай шығындардың орнын толтыру үшін олар мүмкіндік болса кеден төлемінен, салықтан, басқа да төлемдерден жалтаруға тырысады. Қазақстанда тоқсаныншы жылдары кәсіпкерлікпен айналысу көптеген қылмыстармен байланыста болды: пара беру, төлемдерден жалтару, кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірген адамдардан күш жұмсап өш алу;
3) ұйымдасқан қылмыстылық әлеуметтік өмірдің елеулі факторына айналды, өсіп келе жатқан ұрпақтың едәуір бөлігін ірі жұмыс берушілер өзінше тәрбиелей бастады. Бірақ оған онша мән берілмеді, себебі елді жұмыссыздық жайлаған еді, ал еңбекақы, зейнетақы және жәрдемақы уақтылы берілмеді, оның үстіне олар мардымсыз еді;
4) ол қымбат тұратын қызмет көрсетудің, әр саласындағы (құрылыс, өнер, сән, т.б.) кең ауқымды акциялардың негізгі тұтынушылары және ынталандырушыларына айналды, яғни прогресті жылжытушы іспетті болды, бірақ өзіне қажетті салада және аспектіде жасады. Сондықтан да ол қоғамдық қатынастарды дамытудың біржақты, қорексіз факторына айналды;
5) ұйымдасқан қылмыстылық, сонымен қатар, халықты кедейлендірудің өте күшті факторы болды: халық игілігін ойсырата иемденген қылмыстық топтар оны шетелге шығарып алып кетті, отандық өндіріске инвестиция жасамады, нәтижесінде қарапайым халық екіқайтара зардап шекті. Мысалы, Халықаралық валюта қорының 10,2 млрд. доллары мөлшерінде берген несиесіне байланысты Қазақстан газ бен мұнайға экспорттық баж салығынан бас тартты, ал Қазақстаннан жылына 15-20 млрд доллар шетелге шығарылып тұрған, оның 50%-дайы контрабандалық жолмен;
6) ұйымдасқан қылмыстылық өзінің қарулы құрамалары бар және мемлекеттіктерді пайдалануға түрткі болатын қарулы күшке айналды;
7) ол кең ауқымды қақтығыстардың, терроризм акцияларының арандатушылары және қатысушылары болып табылады, себебі олар әлемнің әр тұсында орналасқан ұлан-ғайыр байлықтарды қорғамақшы;
8) алко-, нарко-, порнобизнес, балалар саудасы дамығандықтан, тегін медициналық жүйе күйрегендіктен, көптеген ақылы қызметтер жартылай криминалдық немесе тікелей криминалдық сипат алғандықтан, болашақ ұрпаққа зияндық келеді. Ол ұлттың санасын, оның озық дәстүрлерін және т.б. бүлдіретін мәдениетке қолдау көрсетеді, қаржыландырады. Қарулы қақтығыстарда ең алдымен дені сау жастар қаза табады.
Ұйымдасқан қылмыстылық халықаралық байланыстар орнатып, халықаралық аренаға шығып қана қойған жоқ, ол аяғына нық тұрып, жалпыхалықаралық қылмыстық әрекеттің элементіне айналды, әлемде болып жатқан құбылыстарға, халықаралық саясатқа ықпал етіп отыр.
1997-1998 жылдардың мәліметтері көрсеткендей реформаға ұшыраған Қазақстан қоғамында, біріншіден, мына құрылымшалар айқынырақ көріне бастады: 1) құқыққа, заңға, биліктің конституциялық органдарына бағдар алған орта (легалистикалық немесе ресми); 2) іс-қимылдың заңға қайшы нормаларына және ұйымдасқан қылмыстылықтің лидерлеріне – криминалдық билікке тұрақты бағдар алған криминалдық орта; 3) ситуацияға және шешілетін проблеманың сипатына қарай іс-қимылдың тіке қарама-қайшы нормаларына және әр түрлі лидерлерге бағдар алған маргиналдық орта.
Ұйымдасқан қылмыстылық өзінше балама қоғам болып табылады, оның өзінің экономикалық, әлеуметтік және рухани салалары, өзінің басқару, қауіпсіздік, жастарды қалыптастыру, сот жүйелері, өзінің сыртқы және ішкі саясаты бар. Бірақ ол қоғамның заңға бағдар алған, өз мәселелерін заң шеңберінде шешетін бөлігіне қатысты ғана балама болып табылады. Ал, біртұтас қоғам шегінде бұл қарама-қарсы бағдар алған екі бөлік ұдайы өзара әрекеттестікте болады, әр кезеңде әрқайсысы жеңіске жетіп отырады.
Екіншіден, бұл өзара әрекеттестікте криминалдық орта неғұрлым басымдау белсенділік танытады, ол ауыр салдарларға әкеп соғады. Бұл орта халықтың әр түрлі топтарының криминалдануы есебінен ұлғаяды, заңды қоғамның шекарасын тарылтады, оның материалдық құндылықтарын тартып алады, экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани негіздерді шайқалтады, сондай-ақ криминалдық лидерлер мемлекеттік-билікті және ресми қоғамдық құрылымдарға тікелей өтеді, қылмыстық табысты кедергісіз жуыпп-шаю, заңды және криминалдық кәсіпкерліктің өзара айқасуы нәтижесінде нық орнығады. Сонымен қатар, Конституцияға, құқыққа бағдар алған адамдар бұрынғы әлеуметтік мәртебесінен айырыла бастады, өзінің құқықтары мен мүдделерін заңнан тыс жолдармен қамтамасыз етуге мәжбүр болды, мысалы, лауазымды адамдармен және өзге қызметкерлермен қылмыстық қатынасқа барады, қылмысқа қылмыспен жауап береді, өзінің қорғансыздығын ұғынып қылмыстық сот ісін жүргізуде өз міндеттерін орындамайды және т.б. Қылмыстылық жайлаған кезде азаматтар, көбіне, не қылмыскерлермен ынтымақтастықта болады, не оларға жаны ашиды, олардың әрекетіне дағдыланады, не мемлекеттік органдардың көмегінсіз олардан қорғанады, тіптен жаза қолданады.
Ресми құқық қорғау қызметінің тиімділігі төмендеген кезде жеке және заңды тұлғалардың заңнан тыс, өз тарапынан шара қолдану практикасы қалыптасады: 1) нақты қылмыскерлерді сол жерде жазалайды, тіптен қылмысқа барады; 2) қылмысқа қарсы шара қолданудың және материалдық, өзге де залалдардың орнын толтырудың заңға негізделмеген дәстүрлері мен стандарттарын қалыптастырады; 3) көлеңкелі, оның ішінде криминалдық юстиция жүйесін құрады.
Сонымен қатар, қылмыстылықте, басқа да құбылыстар болады: маскүнемдікпен, нашақорлықпен байланысты қылмыстар саны артады, кәмелетке толмағандар қылмыскерлігі көбейеді. Мұндағы жаңалық сол – бұрынғы дәстүрлі болып саналған процестер көбіне алко-, наркобизнеске тәуелді бола бастады, кәмелетке толмағандар қылмыстық әрекеттерге көптеп тартылды, олар - жұмыссыздар, бағдарын жоғалтқан жастар ұйымдасқан қылмыстылықтің сарбаздарына айналды.
Ұйымдасқан қылмыстылық барлық қылмыстылық үшін қуатты жүйе құрушы факторға айналды.
Ұйымдасқан қылмыстылық өзінің халықаралық байланысын дамытып және әрекет ету аясын жақындастырып, сонда-ақ радиоактивтік және басқа да қауіпті заттарды қолдану үрейін тудырып терроризмге жиі жүгінуде, ол өзіндік өмір сүру режимі бар жекелеген мемлекетке және қоғамға емес, барлық мәдениеті мен басқа құндылықтарын қоса алғандағы әлемдік өркениетке қауіп төндіруде. Сол себепті трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес проблемасы бірінші кезекте тұр.
6. Қылмыстылықтың детерминациясы және себептілігі
§1. Қылмыстылықтің себептерін зерделеудің маңызы. §2. Қылмыстылық детерминациясы ұғымы және оның процестері. §3. Кринологиядағы себептілік ұғымы. §4. Себептілікті әлеуметтік орта мен жеке бастың өзара әрекеттестігі ретінде қарау. §5. Қылмыстылық себептері мен жағдайларының диалектикасы. §6 Шектеулі детерминизм шегінде зерделеу.
§1. Қылмыстылық себептерін зерделеудің маңызы
Қылмыстылықті зерделеу кезеңі мен қылмыстылықпен күресуді ұйымдастыру кезеңі арасында қылмыстылықтің детерминациясы мен себептілігін айқындау кезеңі міндетті түрде болады.
Қылмыстылықті түр-түрімен, оның нақты жағдайларда пайда болуын жан-жақты түсіндіріп беретін қандай да бір жалпы, негізгі, басты себептер жоқ22. Барлық уақыт пен халықтардың қылмыскерлігінің ортақ кейпі де жоқ. Қандай да бір себептердің әмбебап каталогын жасау да мүмкін емес.
Қылмыскерлiктiң себептерiне баса мән бермеу немесе ол жайында аса қолданбау соңғы уақытқа дейiн кеңестiк криминологияда да орын алды. Кейбiр ғалымдар зорлыққа себеп: әртүрлi сипаттағы дүниеқорлық, буржуазиялық меншiкқұмарлық психология деп санады.23
Криминологиялық әдебиетте неғұрлым көп таралған, қылмыстылықті туындататын әдеттегі мән-жайлар туралы мәліметтер келтіріледі. Бірақ өзінің әр түрлі көрінісінде және үйлесімінде бұл мән-жайлар қылмыстылықтің саналуан түрін туындатуы, оның сапалық және сандық сипаттамаларын әр түрлі анықтауы мүмкін. Сондықтан да әр түрлі аймақтадағы адамдардың нақты өмір тірлігінің жағдайын, сол жағдайлардың өзгеруін, сондай-ақ қылмыстылықтің соған дейінгі күйін әр уақытта талдау керек.
Қандай да бір мән-жайдың қылмыстық іс-қимылмен байланысын жай көрсету ғана емес, сол байланыстың сипатын айқындаудың да маңызы зор, мысалы: өзінің қандай нақты көріністерінде, қандай өзге факторлармен жиынтығында және қандай ситуацияларда қандай мән-жай қылмыстық іс-қимыл тудырады. Міне, осы ғана орын мен уақыттың нақты жағдайларын ескеріп алдын алу шараларын мақсатты даярлауға мүмкіндік береді.
§ 2. Қылмыстылық детерминациясы ұғымы және оның процестері
Детерминация – дерминант, детерминдеу сөздерінен туынды ұғым. Латынның determinare сөзі анықтау дегенді білдіреді. Детерминация - белгілеу, анықтау процесі. Бұл жерде әзірге өзара байланыстың әр қилы түрлері бөлініп алынбайды. Детеримнанттар, немесе мән-жайлар, факторлар туралы себептер мен жағдайлар үшін біріктіруші терминдер ретінде айтады.
Қылмыстылықтің детерминация процесі байланыстардың әр түрлі формаларының күрделі өзара әрекеттесуі болып табылады: ол күйдің және өзгелердің тек себептік қана емес, сонымен қатар функционалдық, статистикалық байланыстары. Олардың саны отыздан асады.
Функционалдық тәуелділік объективтік сәйкестікті, өмір сүрудегі параллелизмді және үшінші факторға тәуелді болуы мүмкін екі фактордың өзгергіштігін көрсетеді. Мысалы, аймақта жұмыссыздықтың көбеюі қажетті мұқтаждықты қанағаттандыру үшін ұрлау санының өсуіне және сатып алушылық сұранымның төмендеуіне алып келеді. Сатып алушылық сұранысының төмендеуі мен ұрлықтың көбеюі өзара себептік емес функционалдық байланыста болады: бұл екі құбылыс та жұмыссыздықтың туындылары.
Статистикалық байланыста бір фактордың таралу сипатының өзгеруі екінші фактордың өзгеруіне тәуелді болады, мысалы, халықтың санының артуына қарай қылмыс санының көбеюі.
Статистикалық байланыстағы жеке жағдай – корреляциялық тәуелділік. Факторлардың, құбылыстардың орташа мәні негізге алынады. Егер бір құбылыстың таралуы екінші құбылыстың таралуына тіке пропорционал болса корреляцияда оң сипат, ал теріс пропорционал болса – теріс сипат болады. Корреляция коэффициентінің мәні 0-ден 1-ге дейін болады, ол 1-ге жақын болған сайын құбылыстар арысындағы байланыс та күшті болады.
Бірқатар аймақтарды зерттегенде жалпы қылмыстылық пен кәмелетке толмағандар қылмыскерлігінің ( К= 0,838), сондай-ақ жалпы қылмыстылық пен жұмыс істемеген және оқымаған адам қылмыскерлігінің ( К= 0,665) коэффициенттерінің үлкен екендігі айқындалды. Басқа аймақтарда бұл коэффициенттер едәуір төмен – 0,475. Ол дегеніміз – бұл жердегі қылмыстылықтің жұмыс істемеген және оқымаған адамдардың қылмыскерлігіне тәуелді емес екендігін білдіреді.
Корреляциялық тәуелділік іздеудің нақты саласын анықтайды, ол себептік байланысты растайды. Бірақ бұл байланыстың тетігін арнайы зерттеу керек. Жалпы қылмыстылықтің, кәмелетке толмағандар қылмыскерлігінің және жұмыс істемегендер мен оқымағандар қылмыскерлігінің арасындағы жоғары корреляциялық коэффициент аймақтың кәмелетке жетпеген жастарының бір бөлігінің, оның ішінде қылмыс жасайтындардың белгілі бір тірлікпен айналыспайтындығын көрсетеді. Ал, мұндай жағдай неге болады, ол сол кәмелетке толмағандардың немесе жұмыссыздардың өз позицияларына байланысты ма, мұның бәрі қылмыстылықпен қалай байланысты – бұлар терең талдауды керек ететін мәселелер.
Күйлер байланысының сипаты сонда – белгілі бір құбылыстың белгілі бір жағдайдағы сол кездегі күйі сол құбылыстың басқа кездегі күйін қалайда анықтайды. Мысалы, кәмелетке толмағандар саны басым қаладағы қылмыстылық, егер онымен күрестің тиімділігі төмен болса, бара-бара рецидивтік қылмыстылықтің өріс алуына әкелуі мүмкін.
Қылмыстылықтің қандай да бір басқа құбылыспен немесе процеспен өзара байланыстық фактісін айқындауды жеткілікті деп санауға болмайды. Одан кейін өзара байланыстың сипатын анықтап тұру керек.
Диалектикалық детерминизм тұжырымдамасында әмбебап өзара әрекеттестік принципі негізге алынатын принциптердің бірі болып табылады. Өзара әрекеттестікке сілтеме жасай салу еш нәрсе де бермейді. Оның тараптарын, оны жүзеге асыру процесін талдау, сондай-ақ өзара әрекеттесудің тараптары қалай өзгеретіндігіне баға беру керек.
Себептілік - әмбебап өзара әрекеттестік формаларының бірі ретінде, детерминацияның генетикалық байланысын ғана білдіретін түрлерінің бірі ретінде қаралады. Себепке түсініктеме бергенде қандай мән-жайлардың ықпалынан қылмыстылық болатындығы анықталады, ал ауқымды детерминистикалық көзқараста қылмыстылық жай ғана болмайды, қандай да бір сипаттама мен белгілі бір формаларда болатындығы анықталады.
Нақты қылмыстың себептерi - ол қылмыс жасауы үшiн субъектiнiң ынтасын қоздыратын пәрмендi күштер.24
Кең детерминдік тұрғыдан алғанда қылмыстылық қандай да бір факторлардың біржақты ықпалының емес, күрделі, көпқырлы детерминацияның, оның ішінде өзін-өзі детерминдеуінің нәтижесі ретінде саналады.
Қылмыстылықті қоғамның детерминдеуінің жалпы тетігін, оның өзін өзі детерминдеуін және оны тудырған қоғамға қарсы ықпалды схема жүзінде былай беруге болады:
1) қарама-қайшылығы, проблемалары бар қоғам, егер әлеуметтік басқаруда қателіктер кетсе қылмыстық емес сипаттағы теріс әлеуметтік ауытқулар тудырады;
2) күрес жеткіліксіз болған жағдайда бұл әлеуметтік ауытқулар, басқа әлеуметтік факторлармен өзара әрекеттесе отырып, қылмыстылықке, оның дамуына себепкер болады;
3) қылмыстылықпен тиімсіз күрес оның жаңа күйіне – Қылмыстылық – 1 -ге алып келеді, нәтижесінде бұл қылмыстар ауырырақ сипаттамаларға ие болады, оларда ұйымдасқандық және кәсібилік сипат күшейеді. Мысалы, ұйымдасқан қылмыстық әрекеттің бір түрі – порно-, нарко-, алкобизнес;
4) қоғамдағы келеңсіз әлеуметтік ауытқулар күшейеді. Халықтың белгілі бір бөлігі есірткіге, ішімдікке, жезөкшелікке тартылады, бұл әрекеттерді жан рахаты деп дәріптейтін жарнамалар көбейеді. Мұндай жағдайларда көптеген келеңсіз әлеуметтік ауытқулар күш алады, олар жаңа сипаттамаға ие болады;
5) мұның бәрі қоғамның сипаттамасына ықпалын тигізеді. Мысалы, ірі криминалдық байлықтың иелері өз табыстарымен көзге түсе бастаған кезде олар сол қаражатты өздерінің қажеттігіне жарата бастайды. Екінші жағынан сол криминалдық табыстың иелеріне ашық қарсы шығатын адамдар да көбейе бастайды, олар қастандық жасап мүлікті жоюы, немесе бәлендей бір күш жұмсап оған қарсы әрекетке баруы мүмкін. Қоғам мұндай жағдайларда жаңа сипаттама алады және қылмыстылық кең таралған Қоғам – 1 күйіне көшеді.
Ары қарай бұл процесс әр түрлі нұсқаларда жалғасын табады.
Қылмыстылық детерминациясын зерделегенде әлеуметтік детерминизмнің ерекшелігін есепке алу керек. Оның басты айрықшылығы сонда – қоғамдағы барлық байланыстар адамдар арасындағы қатынастар, яғни мақсатты байланыстар түрінде көрініс табады, сондықтан криминологияда адамға қатысты сыртқы орта мен адамдардың өзара әрекеттестігіне баса назар аудару керек.
§3. Криминологиядағы себептілік ұғымы
Орыс тілінде келтіру (причинять) сөзі бірдемені өндіру мағынасында қолданылды. Себептілік - бұл заттар мен құбылыстар байланыстарының бір түрі, бұл - өндіруші, немесе басқаша айтқанда генетикалық байланыс, яғни қандай да бір құбылыстың, процестің туындау фактісін анықтаушы байланыс. Себептілік туралы айтқанда себеп және салдар, себептік-салдарлық байланыстар, себептік тізбектер, себептік кешендер және басқа да санаттар пайдаланылады.
Себептік байланыстардың айрықша ерекшелігі мынада: біріншіден, себеп әрекетке апарады, одан салдар туындайды. Себептен әрекет туындауы үшін қандай да бір жағдайлар болуы тиіс, бірақ бұл жағдайлар өздігінен салдар әкелмейді.
Қылмысты көзімен көргендердің енжарлығы – қылмыс нәтижесінің ойдағыдай болуының жағдайы, бірақ қылмыстың себебі емес.
Себептің әрекет ету аймағы, ол, бәрінен бұрын, сылтаурату және шешім қабылдау кезеңдері. Нақты тәсілді таңдау (қорқытып талап ету немесе алаяқтық), қылмыстық қастандық жасаудың нақты объектісін таңдау және іс-әрекеттің өзге де бірқатар сипаттамалары едәуір шамада жағдайлармен анықталады (әр түрлі объектілердің күзетілу жағдайы, криминалдық дағдының бар-жоғы және т.б.).
Екіншіден, себептер мен салдарда уақыт бойынша кезектілік бар. Себеп уақыт бойынша әрқашанда салдардан бұрын келеді, бірақ ол уақыт аралығы кейде мүлде аз болуы мүмкін. Сондықтан да қылмыстылықтің әлеуметтік салдарларын оның себебі және оның өзгеруінің себебі деп қабылдамау керек.
Үшіншіден, салдар сол себептің себебі бола алмайды. Мысалы, қылмыстылықтің жаңа күйі қоғамның жаңа күйін тудырады, ал қоғамның мұндай жаңа күйі өз кезегінде, бұрынғы қылмыстылықті емес, жаңа сипаттамасы бар басқа қылмыстылықті тудырады. Төртіншіден, себеп пен салдардың бірмағыналы қатынасы бар: бірдей себептің бірдей жағдайдағы әрекеті бірдей салдар әкеледі.
Бесіншіден, себепті салдармен біріктіруге болмайды. Салдар себепті қайталамайды. Ол – объектінің қайта құрылуының, өзгеруінің нәтижесі. Егер, мысалы, мекемеде іс-қағаздарын жүргізу нашар болса, кадрлар бетімен кетсе және олардың біліктілігі төмен болса, онда бұл мекемеде парақорлық жаппай сипат алғанға дейінгі жағдай осындай болған деп санау керек. Жағдайдың нашарлауына парақорлар өз үлесін қосқан, олар жоғары білікті және тәртіпті қызметкерлерді жұмысқа алмаған немесе жұмыста ұстап қалмаған.
Криминологтардың жұмыстарына жасалған талдама оларда себептілікті түсінудің төрт тәсілі бар екендігін көрсетеді. Оның әрқайсысы өзіндік рөл атқарады және олар криминологияның дамуының белгілі бір кезеңдеріне тән. Әр түрлі авторлардың әр түрлі кезеңдердегі жұмыстарын оқи отырып осыны ескеру керек.
Бірінші тәсіл кондиционалистік, немесе жағдай деп аталады. Латынның conditio сөзі - жағдай, талап дегенді білдіреді. Сол салдар үшін қажетті және жеткілікті жағдайды немесе салдар орын алған мән-жайлардың жиынтығын себеп деп ұғыну керек. Әңгіме бұл жерде себептер мен жағдайлар жайында емес, мән-жайлар мен факторлар жайында.
Көптеген криминологтардың еңбектерінде қылмыстылықке ықпал ететін көптеген факторлар көрсетілген. Г.М.Миньковский олардың санын бірнеше жүзеге апарады. Және де, талданып отырған жиынтыққа қарай толықтай себеп және ерекше себеп болып бөлінеді.
Бұл, іс жүзінде, факторлық немесе конфакторлық деп аталатын тәсіл, бұл ретте сипаты жағынан әр түрлі әлеуметтік құбылыстар жайында сөз болады.
Көпфакторлы тәсілде ежелгі тарих бар. Ол әр түрлі факторлардың қылмыстылықпен өзара байланыс тетігін талдауды керек етпейді, яғни ол үшін факторлар мен құбылыстардың өзара себептік, функционалдық немесе өзгедей байланыста болғандығының маңыздылығы жоқ.
Осындай тетікті ескерудің қажеттігін ұғынғанның нәтижесінде дәстүрлі тәсіл деген пайда болды: қылмыстың, қылмыстылықтің себебі сыртқы күш көрсетілетін ықпал болып табылады. Криминологияда мұндай ықпал тек қара күш жұмсау емес, әр варианттағы психикалық қысым деп те ұғынылады. Нақты қылмыстың немесе қылмыстың жекелеген түрлерінің себептерін талдағанда, көбіне, дәстүрлі тәсілге кезігеміз.
Ол ғылыми түсініктемеге ғана емес, күнделікті жай қатынастарға да тән. Мысалы, ата-аналар балалары жайында мынадай сөздерді жиі айтады: балам жақсы, оны қылмысқа итермелеген жолдастары, немесе төбелесті бастаған жәбірленушінің өзі. Бұл тәсіл қылмыстылықті әлеуметтік құбылыс ретінде талдағанда қолданылады. Мысалы, жәбірленушінің виктимдігі қылмыстылықтің себептерінің бірі ретінде қаралады. Бұрын аталып өткендей, виктимология – жәбірленуші туралы ілім. Неміс ғалымдарының жүргізген зерттеулері бойынша кісі өлтіру оқиғалары бойынша қылмыскер мен жәбірленушінің арасында субъектілік-объектілік қатынастар 80%-нде, ал денсаулыққа зиян келтіру мен зорлау қылмыстары бойынша 70%-нде тән болған. Ал қарақшылық жасау әрекеттері бойынша мұншалықты жоғары көрсеткіш тән емес, әдетте олардың жәбірленушісі бейтаныс адамдар болады25.
Дәстүрлік тәсілді криминологияда қолдану таза түрінде байқалған жоқ, себебі ол сыртқы ықпал қайдан болады деген сұраққа жауап берген жоқ. Бұл тәсілдің құндылығын эксперимент жүргізгенде байқауға болады дейді философтар.
Үшінші тәсіл – дәстүрлік-диалектикалық. Бұған сәйкес осы салдарды туындататындардың барлығы себеп болып саналады. Мұндай тәсіл көптеген авторлардың жұмысында кездеседі.
Дәстүрлік-диалектикалық тәсілмен қылмыстылықтің тікелей немесе жақын себептері ұғымы байланысты.
Бірқатар авторлар оны субъективтік кезбен – қоғамдық психологиямен, адамның жеке басының сипаттамасымен байланыстырды. Осыған байланысты проф. И.С.Ной қылмыс жасаушы адамның генетикалық ерекшеліктерін ескеру керек деп жазды.
Факторлардың себептік ықпалының реттілігі сөз болады, олар адамға қатысты сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Адам сипаттамаларының дербес рөлі атап көрсетіледі: барлық сыртқы ықпалды адам қабылдайды, олар жайындағы ақпартты өзінде қалыптасқан қасиет арқылы өңдейді. Адамның белсенді мақсатты қызметке ерекше қабілеттігі ескеріледі. Объективтік және субъективтік факторлар бөліп алынады, олардың ықпалы жүйелі және біржақты деп түсіндіріледі: адамдардың материалдық тұрмыстық жағдайы қоғамдық сананы анықтайды, ал ол өз кезегінде қылмыстылықті анықтайды. Қоғамдық психологияны немесе жеке адамның санасын қылмыстылықтің тікелей, жақын себептері деп санау осыдан барып туындайды.
Басқа сөзбен айтқанда, қылмыстылықтің себептілік схемасын осы қаралған үш тәсілдің шеңберінде былайша көрсетуге болады:
Кондиционалистік немесе жағдайлық тәсіл схемасы
Соңғы тәсілдің артықшылығы бар, бірақ ол қылмыстық іс-қимыл ситуациясында сыртқы жағдайдың да, адамның жеке сипаттамасының да бір уақытта көрініс табатынын есепке алмайды. Басқа сөзбен айтқанда қылмыстық іс-қимылға адамдардың санасында бұрыннан орын алып, сонда өзінің ізін қалдырған сыртқы орта ғана емес, сол криминалдық іс-қимыл жағдайында, адам үшін тосыннан, дайындық жоқта пайда болып әрекет жасай бастаған жаңа орта да ықпал етеді.
Төртінші тәсіл – интеракционистік, немесе өзара әрекеттестік тұрғыдан. Қылмыстық іс-қимылдар мен қылмыстылықтің себебі, ол – әлеуметтік орта мен адамның жеке басы арасындағы өзара әркеттестік.
Криминолог адам, қоғам сияқты өзін өзі басқаратын жүйелермен айналысады. Өзін өзі басқару процестерінде, іс жүзінде, сыртқы фактордың ықпалы салдардың материалдық себептерінің ішкі қасиеттері арқылы жай өзгеріп қана қоймайды, жоспарлы және бағытты бақыланады, өзін өзі басқаратын жүйенің ішкі заңдарына сәйкес өзгереді, ішкі туындататын бастаумен үйлеседі.
Ішкі де, сыртқы да себептер бір уақытта туындататын да, әрекет ететін де болып табылады.
§4. Себептілікті әлеуметтік орта мен жеке бастың өзара әрекеттестігі ретінде қарау
Жалпы, әмбебап өзара әрекеттестік, ол - әр түрлі жұп заттардың, құбылыстардың жиынтығы. Жұп өзара әрекеттестік себеп деп қаралады, ал осы өзара әрекеттестіктер нәтижесінде заттардың, құбылыстардың өзгеруі – салдар болады.
Өзара әрекеттестік белсенді және енжар тараптардың екібірлігімен, олардың бірін-бірі толықтыра алатындығымен сипатталады. Бұл ретте мыналар жіктеліп алынады: 1) сыртқы және ішкінің өзара әрекеттестігі: әлеуметтік орта мен жеке адамның; 2) ішкі өзара әрекеттестік, яғни сол жағдайда: а) адамдардың экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани өмір жағдайларының өзара әрекеттестігі немесе б) сол адамдардың әр түрлі сипаттамаларының өзара әрекеттестігі (мұқтаждықтарының, мүдделерінің, құндық бағдарларының, мақсаттарының және т.б.). Атап айтқанда дәл осылар генетикалық тұрғыдан қылмыскерді қалыптастырады.
Әлеуметтік орта мен жеке адамның, әсіресе белгілі бір жағдайлардағы (схемадағы рамка) өзара әрекеттестігі ғана жеке немесе жаппай қылмыстық іс-қимылдың себептілік процесін (туындауын) білдіреді. Мұндай өзара әрекеттестік жаңа күйге алып келеді: әлеуметтік орта қылмыстылықті қамтиды, ал адам қылмыскерге айналады.
Бұл себептік өзара әрекеттестікте мыналар бөлініп алынады:
а) оған қатысатын екі тараптың - әлеуметтік орта мен жеке адамның сипаттамалары;
б) өзара әрекеттестік процесінің өзі, оның қалай жүретіндігі және қандай екендігі (қоғамдық тәртіп нашар қорғалған, қаржы бақылауы жеткіліксіз жағдайда, немесе құқық қорғау және бақылаушы органдардың жұмысы жақсы жағдайларда, немесе криминалдық құрамалар іскерлерінің тарапынан тиімдірек бақылау жағдайында бақылаусыз өзара әрекеттестік).
Кең ұғымда алғанда қоғамдағы, мемлекеттегі әлеуметтік бақылаудың, оның ішінде бақылау және құқық қорғау қызметтерінің күйі криминология тұрғысынан маңызды болып табылады.
Өзара әрекеттесу тараптарын сипаттайтын мәліметтерді бірімен бірі қатар тұрған деп емес, орын мен уақыттың нақты жағдайларында, бір процестің шеңберінде біріне бірі өзара ықпал етушілер деп есепке алу керек. Бұл ретте жетекші тарап - әлеуметтік орта ерекшеленеді.
Өзара әрекеттесу шеңберінде жеке қылмыстық іс-қимылдың, қылмыстылықтің, оның жекелеген түрлерінің себептерін талдау жүреді.
Қылмыстылықтің себептерін зерделегенде жалпы әлеуметтік орта мен халықтың, оның ішінде көп таралған жеке адамдардың әр түрлі типтерінің өзара әрекеттестігі талданады.
Мысалы, криминологтар, аймақтағы қылмыстылықтің етек алғандығын талдағанда адамдардың өмір тұрмысын ғана емес, халықтың сипаттамасын да анықтайды: ондағы маскүнемдікпен айналысатын, есірткі қолданатын, немесе тұрақты табыс көзі жоқ адамдардың үлестік салмағын анықтайды.
Соңында бір-екі мән-жайды айта кету керек.
Біріншісі – криминологиядағы себептілікті ұғынудың интеракционистік тәсілі интеракционистік теория деп аталатыннан өзгеше, бұл соңғы адамның қылмыстық іс-қимылына оның бұрынғы қылмыстық іс-қимылын айқындау фактісінің, оған қылмыскер деп жаман ат тағудың ықпал ету кезін ғана қарайды. Яғни, кейбір шетелдік авторлардың айтуынша, адамға қандай да бір ат тағылса, ол біртіндеп оған сәйкестене бастайды.
Бұл мәселе адамның арғы қарайғы іс-қимылына оның қылмыс жасаған фактісінің ықпал етуі тұрғысынан алғанда маңызды.
Екінші мән-жайдың мазмұны мынадай: қылмыстылықтің әр түрлі мән-жайлардың өзара әрекеттестігімен байланысының ежелгі тарихы бар. Мұндағы жаңалық сол – себептер жалпы өзара әрекеттестік-детерминация шеңберінде жеке қарастырыла бастады. Бұл ретте тәсіл тек теория жүзінде негізделіп қана қойған жоқ, сонымен қатар қылмыстылықтің және оның себептерінің өзгерулерін, қылмыстылықтің және оның себептерінің аумақтық айрықшылықтарын нақты криминологиялық зерттеулер бір ізділікпен қолданылды.
Интеракционистік тәсіл схемасы
Достарыңызбен бөлісу: |