Криминология


§1. Қылмыскер және қылмыскердің жеке басы



бет7/7
Дата26.01.2023
өлшемі168,78 Kb.
#166476
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz 13906 (1)


§1. Қылмыскер және қылмыскердің жеке басы
Қай ғылыми мектепке жатқанымен бір де бір криминолог қылмыс жасаған адаммен байланысты проблемаларды айналып өте алмайды. Қылмыс жасаған адамды қысқаша қылмыскер деп аталық. Қылмыскер ұғымын пайдаланғанда біз адамның бойында қандай да бір ерекше криминалдық сипаттамалардың бар екендігін емес, оның қылмыс жасағандық фактісін ескереміз. Бұл ұғымды басқа бір қылмысты адам ұғымынан ажырата білу керек, бұл соңғыны туа қылмыскер туралы идеяны жақтаушылар пайдаланады.
Адам ұғымына оның бойындағы екі жақтың: әлеуметтік және биологиялық жақтардың ажырамас бірлігі кіреді. Жеке бас ұғымы оған тән әлеуметтік белгілерді ғана білдіреді. Жеке бас – адамның әлеуметтік бейнесі, қоғамда өмір сүріп және дамып, оның кім болғандығын көрсетеді. Қылмыскердің жеке басы ұғымын пайдаланғанда қылмыс жасаған адамның әлеуметтік кейпі ғана ескеріледі. Бар болғаны сол.
Қылмыстылықтің әлеуметтік детерминациясының үш қатар тетігі бар: біріншіден, жеке басты белгілі бір әлеуметтік қалыптастыру жолымен; екіншіден, оған құқыққа қарсы не қарама-қайшы сипаттағы міндеттеулер беру арқылы; үшіншіден, жеке басты іс-қимылдың қылмыстық вариантын таңдауға мәжбүрлайтін және оны жеңілдететін ситуацияда қалдыру арқылы.
Қылмыскердің жеке басында тек оған ғана тән кейіп бар ма, қылмыскер қылмыскер еместен өзгеше ме – бұл басқа мәселе, оған жауап бергенде өзге ұғымдар пайдаланылады. Қылмыскердің жеке басындағы биологиялық және әлеуметтік жақтардың ара қатынасы туралы айтыс тікелей практикаға келіп тіреледі. Биологиялық факторға басымдық беретін авторлар қылмыскерді зерделегенде психиатрдың, психологтың басты рөлі туралы, биотехникалық амалдар мен тестілерді қолдану туралы тұжырым жасайды. Әлеуметтік фактор шешуші деп санайтындар іс-қимылды түзеудің әлеуметтік бағдарламалары жайында жазады. Қазіргі кезде тек биологиялық факторларға ғана мән беретін көзқарастар мүлде айтылмайды, дегенмен бірқатар генетиктер мен криминологтар генетиканың соңғы жетістіктеріне назар аударуға және адамдардың іс-қимылына генетикалық аномалиялардың әсерін есептен шығармауға шақырады26.
С.Я.Булатов зерттеушілердің психологиялық ұғымдарды әлеуметтендіруге ұмтыла отырып, аталған ұғымдарды биологияландырып жіберу қателігіне ұрынбауға шақырған болатын.27
Ал, қылмыстық іс-қимылды биологияландыруға үзілді-кесілді қарсы тұрған пікірлер әрқашан да болды. ХХ ғасырдың басында А.А.Пионтковский былай деп жазды: өзгермелі әлеуметтік құбылысты - қылмысты адамның бойындағы, тіптен қылмыстық адамның бойындағы тұрақты қасиет деп санауға болмайды28.
Қандай болса, сол қалпында адам қылмыс жасайды. Әрине, жеке бас қалыптасқанда адамның сұлу немесе сұрсыз болып туғандығының маңызы бар. Осы факторларға қарай оның араласатын әр түрлі ортасы, әр түрлі өмір жолы болады. Біреулер қызуқанды, біреулер әрбір әрекетін ойластырып жасайды. Әлсіз адам жаппай төбелеске кірмейді, ал интеллектуалдық даму деңгейі төмен адамдардың арасынан өз ісіне шебер алаяқты кездестірмейсің.
Адамның биологиялық та, әлеуметтік те ерекшеліктері, сөзсіз, қылмыстылық детерминациясына қатысады. Сондықтан да қылмыстық сот ісін жүргізгенде сот-психологиялық, сот-медициналық, сот-психиатриялық және өзге де сараптамалар жүргізіледі, қылмыстылық оның детерминациясы және себептілік зерделенгенде пәнаралық және кешенді зерттеулер жүзеге асырылады.
Қылмыскерлердің әр түрлі сипаттамаларын ескерумен қатар, қылмыскерлерді, яғни белгілі бір жасқа жеткен, есі дұрыс адамдар мен заң бойынша қылмыс субъектісі болып табылатын адамдарды ажырату да керек. Соңғыларды криминология зерделемейді.

15-кесте
Соңғы 14 жылдағы пайдақорлық-зорлық қылмыстарды жасаған тұлғалар саны

Жыл-дар

Бандитизм

Ќараќшылыќ

Тонау


Ќорќытып алушылыќ

Барлы-ѓы


саны
‰лесі (%)
саны
‰лесі (%)
саны
‰лесі (%)
саны
‰лесі (%)

1990
2


0
1275
27,8
3316
72,2
228
0
4821
1991
4
0,07
1321
24,5
3815
70,9
243
4,5
5383
1992
8
0
1621
26,4
4502
73,5
350
0
6481
1993
16
0,2
1928
24,6
5282
67,5
598
7,6
7824
1994
5
0,06
1892
25
4884
64,5
784
10,4
7565
1995
93
1,3
1793
25,6
4173
59,5
946
13,5
7005
1996
100
1,5
1908
29,5
3619
56,1
822
12,7
6449
1997
83
0
1965
34
3203
55,4
610
10,5
5861
1998
73
1
2219
31,2
4072
57,3
735
10,3
7099
1999
73
0,9
2245
29,4
4476
58,7
831
10,8
7625
2000
42
0,5
2406
29,5
4800
59
881
10,8
8129
2001
35
0,4
2560
30,1
5029
59,3
854
10,0
8474
2002
-
0,2
1954
30,6
4471
59
632
9,9
7057
2003
-
0,1
1641
26,5
4075
63,8
573
9,3
6289
Барлы-ѓы
534
0,61
26729
28,2
59717
61,6
9087
9,5
96067

Криминологқа басқа мамандардың іс-қимылдың туа біткен бағдарламасының бар екендігі және оның әсерінен қоғамға қауіпті іс-әрекет жасалатындығы туралы тұжырымдарына дау айтудың керегі жоқ. Оған адамның өз іс-әрекетінің нақты сипатын және қоғамға қауіптілігін ұғына алғандығын не оны басқара алғандығын, немесе оның іс-қимылы тек биологиялық ерекшеліктермен ғана басқарылғандығын білу керек. Соңғы жағдайда ол криминологтардың назар аударатын объектісі болудан қалады, себебі ол қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қылмыскер емес. Әлі талай жаңалықтар ашылады, оларды бұл өзінше әлеммен - адаммен айналысатындар ескеруі тиіс. Бірақ криминологтың жоғарыда аталған көзқарасында тұрақтылық сипат бар. Криминолог қылмыстық іс-қимылдан басқа да варианттар бар жағдайда әрекет еткен адамның қылмыстық іс-қимылға, іс-әрекетке бару себептерін айқындауы тиіс.


Топ болып жасалѓан пайдаќорлыќ-зорлыќ ќылмыстарды жасаушы т±лѓалардыњ топ болып тонауды 91,5%-і - ер адамдар болса, 8,5%-і- єйелдер; топ болып жасаѓан ќараќшылыќты - 98,4-ерлер болса, 1,6%-і єйелдер; топ болып ќорќытып алушылыќты - 99,6%-і - ерлер, 0,4%-і єйелдер болѓан. Демек, топ болып пайдаќорлыќ - зорлыќ ќылмыс жасаушылардыњ басым бµлігі ерлер болса, ерлермен бірлескен топта сотталѓан єйелдер, кµбіне, ќылмыс жасаушыларѓа кµмектескен, не ќылмыс жасауѓа арандатушы болѓан, кейде µздері де ќылмысќа тікелей ќатысќан. Тіптен топ басќарѓан єйелдер де кездеседі.
Єйел басќарѓан топтыњ ќылмысы, єдетте, алдын ала м±ќият дайындалады. Мысалы, 1998 жылѓы 20 маусымда Оњт‰стік Ќазаќстан облысыныњ аумаѓында Айви шаѓын кєсіпорныныњ тµрт ќызметкері ±сталѓан, ол топты єйел басќарѓан29.
Іс-қимылдың неге криминалдық вариантын таңдады деген сұрақ жалпы детерминацияны емес, нақты себептілікті талдауды керек етеді. Оған жауап беру үшін қылмыскерлердің әлеуметтік сипаттамалары – қылмыскерлердің жеке басы зерттеледі.

§2. Қылмыскерді криминологиялық зерделеудің объектісі


және заты ретінде қарау
Криминологиялық зерделеудің объектілері мыналар: 1) қылмыс жасаушы жекелеген адамдар (мысалы, оларды монографиялық зерттегенде); 2) қылмыскерлердің әр түрлі контингенттері: кәмелетке толмағандар, рецидивистер, т.б. 3) қылмыскерлердің әр түрлі криминологиялық типтері.
Бақылау тобы әдісін қолдану және қылмыскерлер сипаттамасының онымен бірдей жағдайда өмір сүріп, әрекет етуші нақты адамдардан айырмашылығын айқындау үшін, қылмыскерлермен қатар, қылмыс жасамайтын адамдар да зерделенеді.
Психологиялық белгілерді айқындау маман-психологтардың міндеті, олардан арнайы білім талап етіледі, ал психофизиологиялық белгілерді медиктер мен биологтар айқындайды. Қылмысқа жақын себептік тізбектер мен кешендерді талдағанда социологиялық, әлеуметтік-психологиялық және этико-құқықтық зерттеулермен шектелуге болады.
Қылмыскерлердің жеке басын криминологтар екі аспектіде бір уақытта зерделейді: бір жағынан, әлеуметтік байланыстар мен әсерлердің объектісі ретінде, екінші жағынан – мақсатты бағыты бар, өзгертетін белсенді әрекетке қабілетті субъект ретінде. Мынадай жеке бастық сипаттамалар криминологиялық зерделеу заттары болып табылады: 1) объективтік, немесе әлеуметтік позициялар мен рөлдер; жеке бастың әрекеті; 2) субъективтік: мұқтаждық-сылтаулық өріс; сананың құндылық-нормативтік сипаттамасы.

§3. Қылмыскердің әлеуметтік ұстанымын, рөлдерін


және әрекетін зерделеу
Криминологиялық зерттеулер әлеуметтік позициялар мен жеке бастың рөлдерінің ерекшеліктерін, оның әлеуметтік-рөлдік аясын бекітеді.
Криминологияда рөлдің нормативтік ұғымына сүйенген жөн. Әлеуметтік позиция дегеніміз әлеуметтік жүйедегі өзінше бөлек қатынастар түйіні. Адам бір уақытта бірнеше әлеуметтік позиция ұстанады. Отбасының өзінде ғана ол – ұл (қыз), әке (шеше), аға (әпке), немере. Әрбір әлеуметтік ұстанымға субъектілердің үш тобы жарыса жасаған рөлдер сценарийі сәйкес келеді: 1) мемлекет жасаған және ресми міндеттеулер (заңдар, заңға тәуелді актілер) жүйесінде көрініс тапқан; 2) қоғам жасаған және көпшілік қабылдаған және қоғамдық пікір қолдаған іс-қимыл нормалары: моральдық, эстетикалық, діни және басқа нормалар формасында; 3) биресми құрылымдар (отбасы, бірге демалатын топтар, әріптестер тобы) жасаған және тосылатын іс-қимылдың жазылмаған ережесі, оның әлеуметтік формасында. Субъектілердің соңғы тобына өз іс-қимыл нормаларымен және әлеуметтік тосу формасымен қылмыстық құрамалар да кіреді.
Әр адам үшін әлеуметтік ұстанымның маңыздылығы, өзінен тосылатын нормалар тарайтын субектінің маңыздылығы аса қажет. Әрбір рөлдің орындалу жағдайын бағалаудың да елеуі маңыздылығы бар.
Рөлді орындау, егер ол ұзаққа созылатын болса, адамда қандай да бір із қалдырады, бір касиет дамып, ал екінші бір қасиет жойылып кетуі мүмкін. Мысалы, мынадай жағдай байқалған: егер кәмелетке толмағанның қалыптасуы, негізінен, биресми демалу топтарының арасында жүзеге асырылса, онда оның бойында биресми ара қатынастар үшін маңызды қасиеттер дамиды: ол адамдармен тез сөз табысады, олардың көңіл-күйін қабағынан біліп тұрады және т.б.. Сонымен қатар оларда еңбек ұжымында бағаланатын қасиеттер: тәртіп, кәсіби шеберлік және басқалар төмен болады.
Криминолог мыналарды ажырата білуі тиіс: 1) осы ұстанымға сәйкес келетін нормативтік міндеттеулердің жиынтығы ретіндегі рөлді; 2) адамның өзінен не талап ететіндігін түсінуі ретіндегі рөлді және нені орындағысы келетіндігін; 3) орын мен уақыттың нақты жағдайларында рөлдің іс жүзінде орындалуын. Соңғы жағдайда ол әлеуметтік жағдайларға, сондай-ақ жеке бастың қалыптасып қойған сипаттамаларына байланысты.
Мына әлеуметтік-рөлдік ситуациялар қылмыстық іс-қимылмен заңды байланыста болады:
1) мемлекеттің, үлкен қоғамның нормаларымен танысуға, өзін құқық және мораль талаптарына сай алып жүруге мүмкіндік беретін позицияларды адам ұстанбайды (азғындаған топтар арасында жүреді, олардың өз ұғымы бар және арадағы дауды қара күшпен ғана шешеді);
2) адам қарама қайшы талаптармен, іс-қимыл нормаларымен байланысты позицияларды бірдей ұстанады, яғни әлеуметтік ұстанымдар мен рөлдердің қақтығысы орын алады (құқықтық міндеттеулер қылмыстардың түгелдей есепке алынуын талап етеді, ал басшылық әйгілі болған қылмыстардың есепке кірмеуін талап етеді);
3) адам құқыққа қарсы, қылмыстық іс-қимыл жасауға тікелей итермелейтін позиция ұстанады (қылмыстық құраманың мүшесі);
4) рөлдер мен позициялардың сабақтастығы жоқ, нәтижесінде тиісті әлеуметтік позицияның құқықтық нормаларын сақтауға адамның дайын еместігі байқалады (бұл еңбекті қорғау ережесінің бұзылуына алып келеді және т.б.);
5) адам бір әлеуметтік позицияны ұстанады, ал екіншісіне бағдар алады. Мынадай мысал келтірелік: шамалы ғана айлығы бар тергеуші қолы жүріп тұрған кәсіпкерлермен жақсы қатынаста болады, олар мұны сыйлайды, ал тергеушінің де олар сияқты сәнді өмір сүргісі келеді. Егер сол кәсіпкерлер тергеушіге әжептәуір сыйақыға бір өтінішті орында деп жүгінсе, онда тергеуші өзі үшін өзекті екі мәселені шешеді: бұл адамдармен достығын сақтап қалады және қолы майланады. Бірақ ол табыс – пара алу және қызмет бабын теріс пайдалану;
6) орындалып жатқан және алдыда тосылатын рөлдер қақтығысы. Адамның қылмыстық іс-қимылы, бұл ретте, орындалып жатқан рөлдерге қайшы келуі, бірақ референттік рөлдер тұрғысынан қисынды болуы мүмкін (нақты бар мен алда тосылатынның, қазіргі мен келешектегінің қақтығысы).
Әлеуметтік-рөлдік тәсіл адамның белсенділігін жоққа шығармайды, бірақ бұл белсенділікке әлеуметтік шек қояды. Адамның ұстанымы әлеуметтік рөлдерді таңдауға және оның ойластырылып орындалуына ықпал етеді. Кәмелетке толмағандар мен бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқандар үшін бұл таңдау едәуір шектелген.
Рөлдердің объективтік қақтығысында олардың мазмұны шындығында қарама-қайшы болады, ал субъективтік қақтығыста адам оларды қарама-қайшы деп қабылдайды, бірақ оларды үйлестіре алмайды.
Динамикалық аспектіде мыналар кездеседі: 1) белгілі бір өзара әрекеттестікте қылмыстық іс-қимыл тудыратын әлеуметтік позициялар мен рөлдердің тікелей сабақтастығы; 2) мораль нормаларына ғана қарама-қайшылықта болған әлеуметтік рөлдердің жаңа жағдайларда заң нормаларына қайшы болғандығынан мазмұнының едәуір теріс сипат алуы; 3) бұрын белгілі бір әлеуметтік позицияның немесе рөлдің өзінде болуы немесе болмауы нәтижесінде адамның қалыпты қалыптасу және қалыпты өмір тірлігі процесінің қиындауы. Мысалы, зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, бұрын толық емес немесе басқадай ақаулы отбасында өскен көптеген адамдар, кейін өзі жақсы отбасын құрғанмен бұрынғы ата-ана стандартынан шыға алмаған: жұбайына қол жұмсау, дөрекілік және т.б. орын алған. Бір жағдайларда бұл қылмыстық іс-қимылға итермелейді немесе отбасы бүлінеді, кейде ондай адам азғындық жолға түсіп ішіп кетеді, жұмысынан айырылады, ішімдік табамын деп ұрлыққа не басқадай қылмысқа барады.
Әлеуметтік позициялар мен рөлдердің деформациясын жалпы сипаттағы және экономикалық қылмыстар жасаушы адамдарға қатысты алатын болсақ, оларда өзара айырмашылық бар. Біріншілерінде оның сипаты айқын және дөрекі болып келеді.
Қылмыс жасаушы адамдардың әрекетін талдағанда мыналар ескеріледі:
1) адамның іс жүзіндегі іс-қимылы рөлдің мазмұнына сай келмейді;
2) адамның жеке басы, оның позициялары мен рөлдерінің көпқырлылығына қарамастан, белгілі бір бүтіндік береді, әрекет еткенде дәл осы бүтіндікте, әр түрлі әлеуметтік позициялар мен рөлдердің субъективтік интеграциясында көрініс табады;
3) әрекет адамға кері ықпал етеді, бұл жерде іс-қимылды құптаудың немесе құптамаудың, адам санасында оның өзінің немесе нәтижесінің сақталып қалуының маңыздылығы бар. Бұл тұрғыдан алғанда қылмыскерлердің кейбіреулерінің жазасыз қалу проблемасында, қылмыстық әрекет нәтижесінде тапқан мен жоғалтқан арасындағы теңдестікте криминологиялық маңыз бар. Кейде олар материалдық сұранымды көп жылдар бойы қамтамасыз етуге жетерліктей, қылмыстық жолмен тапқан байлығынан айырылғанша бас бостандығынан айыру орындарында отырып келгенді жөн көреді.
Әрекет, бұл - әрекеттердің белгілі бір жүйесі, іс-қимылдар жүйесі. Ол материалдық-практикалық та, интеллектуалдық-рухани да операцияларды, яғни мый жұмысын да қамтиды.
Адамның жеке басының әрекетін криминологиялық талдағанда мыналар анықталады:
1) қылмыстық іс-әрекет оқшауланған акті ме, әлде белгілі бір іс-қимылдар жүйесіндегі тізбектің буыны ма;
2) қылмыстық іс-қимыл нормадан қылмысқа секіру ме, әлде қоғамға қарсы іс-қимылдың біртіндеп дамуының нәтижесі ме. Мына фактілер анықталады: а) белгілі бір жақтағы және жағдайдағы жай адамның әлеуметтік ұстанымына сәйкес келетін талаптарды бұзу (кәмелетке толмағанның мектепті ерте тастап кетуі, балаларына көмек көрсетуден бас тарту және т.б.); б) биморальдық, бірақ құқыққа қайшы келмейтін әрекеттер (маскүнемдік, жезөкшелік және т.б.); в) қылмыстық емес сипаттағы құқыққа қарсы әрекеттер (тәртіптік, әкімшілік жолмен жазаланатын, азаматтық-құқықтық деликттер), қылмыстар;
3) қылмыс қай салада жасалынады.
Криминалдық зерттеулерге сүйенсек, ауыр қылмыс, көп жағдайларда қалыпты іс-қимылдан қоғамға қауіпті әрекетке бірден секіріп түсудің емес, келеңсіз іс-қимылдың біртіндеп дамуының және қоғамға қауіптілігінің артуы нәтижесінде жасалады екен. Ішінара зерттеулердің мәліметтеріне қарасақ, қасақана адам өлтіргендердің 80%-нан астамы бұрын қылмыс жасағандар немесе неше қайтара басқадай құқық бұзғандар екен.
Қылмыс жасаған әрекеттер аясын, өзара әрекеттестіктерді талдағанда өзара әрекеттестіктің белгілі бір типтерінің қаншалықты кең таралғандығы, қандай да бір (қандай?) сипаттама алған адамның оған қатысуы қаншалықты жиі криминалдық нәтиже беретіндігі де айқындалады. Осыған негізделіп қылмыстылықтің қалай дамитындығына болжам жасалады, тиісті адамдар тарапынан қылмысқа тосқауыл қою жөнінде ұсыныс жасалынады.
Адамның жеке басының әрекеттерінің жүйесін және жалпылай оның әрекетін зерделеу оның іс-қимылындағы қандай да бір стереотиптерді, қандай да бір мән-жайларда оның дағдысына айналған әрекет тәсілдерін айқындауға мүмкіндік береді. Бұл адамдардың өздері үшін үйреншікті емес жағдайлардағы іс-қимылын немесе олардың қылмысты ырықсыз жасағандығын түсіндіреді.

§4. Адамның мұқтаждық-сылтаулық өрісін және санасының құндылық-нормативтік сипаттамаларын зерделеу



Мұқтаждық – адамның ойлау және іс-қимыл белсенділігінің көзі, ол оның табиғи қасиеттерін де көрсетеді (тағамға, киімге, ұйқыға және т.б. мұқтаждық), кейде олар әлеуметтік рең алады немесе оларда қоғамда қалыптасқан таза әлеуметтік сипаттамалар болады.
Мұқтаждықтың бұл жүйесінде адамның өзін өзі аяққа тұрғызуға, өзін көрсетуге, білімге және шығармашылық қызметке ұмтылуын есептен шығаруға болмайды, себебі олар қылмыстық іс-қимылда жиі көрініс табады.
Мүдделер немесе мұқтаждықтың эмоционалдық бояуы, көбіне, адамның құндылық бағдарлар жүйесіне, оның санасының өзге де мазмұндық сипаттамаларына байланысты.
Адамның жеке басының сылтаулық өрісі дегеніміз оның өмір бойы қалыптасып дамыған сылтауларының жиынтығы. Кейбір авторлар сылтаулар мен мақсаттардың жиынтығы туралы айтуға болады дейді.
Қылмыстық іс-қимылдар мен қылмыстылықтің негізінде жатқан мына негізгі сылтаулар бөлініп алынады:
1) қоғамдық-саяси: мемлекет пен қоғамды басқару тетігі, сол басқаруға қатысу, оған ықпал ету және т.б.;
2) әлеуметтік-экономикалық: а) абсолюттік, яғни өмір үшін ең қажетті мұқтаждықтарды қанағаттандыру; б) халықтың әлеуметтік-экономикалық дифференциясынан және адамдардың өз жағдайын төңірегіндегілердің жағдайымен салыстырудан туындайтын салыстырмалы мұқтаждықтарды қанағаттандыру; в) сол адамның өзі не басқа адам бағдар алған өз идеалына - бәлендей материалдық стандартқа (аса байлыққа) немесе әлеуметтік стандартқа (қоғамның жоғарғы табына өту) қол жеткізу;
3) зорлық-эгоистік (күш көрсету немесе психологиялық тұрғыдан агрессивтік): а) өзін таныту идеясын абсолюттендіру, бар мұқтаждықтар мен мүдделерді кез келген формада іске асыру; б) нақты ситуацияларда сол адам үшін мүмкін болатын формада өзін көрсету (тәрбиесіз, мәдениетсіз адам өзіне жасаған ескертуге балағатпен жауап береді); адам төзгісіз жағдайдағы бұйығы адамның адам төзгісіз жолмен өзін көрсетуі осыған жатады;
4) ұшқалақ-жауапсыз: а) өз іс-әрекетінің іс-қимыл нормаларына, заңға бара-бар болуына мұқтаждық пен мүдделілік жоқ; б) ондай бара-барлықты кейде ғана сақтау (қатаң сыртқы бақылау жағдайында, не бағыныштылықта емес билікті адамдармен араласқанда және т.б.)86.
Қылмыстық іс-қимылда және қылмыстылықте көрсетілген сылтаулар әр түрлі үйлестікте көрініс табады. Қылмыскерлердің жекелеген топтарында (кәмелетке толмағандар, әйелдер және т.б.) не ситуациялардың әр түрлі типтерінде криминалдық сылтауламалардың өзіндік ерекшеліктері байқалады.
Құндылық бағдарлар – адамның, ол үшін аса маңызды болып табылатын объектілерді көрсететін оның жеке басының тереңде жатқан сипаттамасы. Әдетте, құндылық бағдарлар иерархиясы жайында айтады, бұл жағдайда адам бір құндылықты басқалардан артық санайды. Бағдардың тұрақтылығының да, оның өсу қарқынының да маңыздылығы зор.
Қылмыскерлердің құндылық бағдар жүйесінде жеке даралық не кландық-эгоистік бағдарлар басты орын алады. Мұндай жағдайларда жеке материалдық молшылық, өзін ең жоғарғы сатыда көрсету, ол үшін ең қолайлы жағдай тудыру немесе жалаң кландық, топтық эгоистік мүдде бірінші орынға қойылады.
Бақылау топтарымен салыстырғанда қылмыскерлер өздерінің бағдар-құралдарының ішінде жеке басының оң қасиеттеріне (қабілетіне, еңбекқорлығына, мақсатқа, ұмтылуына және т.б.) артықшылық бермейді, олар материалдық қолдау көрстеуге, керек адамдармен арадағы байланысқа, қалауын тапсақ қар жанады деген қағидаға жүгінеді. Содан барып олар мемлекеттік қызметкерлерді, емтихан алушыларды сатып алуға ынта қояды, біреулерден қорқытып талап етеді және т.б..
Мораль, өнегелік санаттарының да, олардың туындысы болып табылатын жақсылық, жамандық, парасаттық және жауыздық, берілгендік және опасыздық, адамгершілік және қатыгездік сияқты ұғымдардың да криминологиялық маңыздылығы бар.
Қылмыскерлерде мыналар бекіп қалған: а) өнегелік санадағы елеулі кемістіктер, мысалы, криминалдық және биморальдық ортада қалыптасқан жасөспірім, шындығында, іс-қимылдың өнегелік нормаларының жұртшылық қолдайтын жүйесімен таныс емес, ол кім кінәлі – соны ұру керек, өзің бірдемені алып қалмасаң, саған ешкім қол ұшын бермейді деп санайды; б) жалпы қоғамда қабылданған мораль нормаларымен, әр түрлі топтардың мораль нормаларымен, қосарланған моральмен арадағы өнегелік қақтығысқа әкелетін қателік. Қоғамдағы моральдың біртекті еместігін, оның әлеуметтік топтарға, сословиелерге бөлінетінін естен шығармау керек. Ал, халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарының моралі мен қылмыстылық арасындағы өзара байланыстарды айқындаудың да бұл тұрғыдан алғанда криминологиялық маңызы бар.
Қылмыскерлерді зерттеген барлық жағдайларда да мынандай сұрақ туындайды: мұқтаждығы, мүдделері, құндылық бағдарлары, өнегелік ұғымдары бұрмаланған адамды заң, оның ішінде қатаң санкциялары бар қылмыстық заң неге тоқтатпаған. Бұл сұрақтың жауабы адамның құқықтық санасына талдау жасауды керек етеді.
Көптеген қылмыскерлердің құқықтық санасы ерекше, ол бақылау тобындағылардың құқықтық санасынан едәуір өзгеше.
Егер қылмыскерлердің жалпы заңға қатынасы жайында айтсақ, қылмыскерлердің айқын, нақты позиция ұстанатындығын көреміз. Негізінен олар заңның болуы керек екендігін мойындайды, заң қорғайтын көптеген жағдайлардың әділдігін және ізгілікті екендігін ұғынады. Бірақ қылмыскерлер заңның жасампаздық рөлін, оның әлеуметтік реттегіш ретіндегі функциясын, бақылау тобындағы адамдарға қарағанда сирек айтады, қоғам құрылысының мемлекеттік-құқықтық принциптері жайында, заңның әлеуметтік рөлі, құқықтық әр түрлі салаларының нормалары жайында жақсы хабардар емес (мемлекеттік, лауазымдық, экономикалық қылмыскерлерден басқалары). Құқық бұзушылардың басқа азаматтарға қарағанда қылмыстық заңды жетік білетіндігі туралы пікір қате: біріншіден, бірінші қылмыс жасап, ол ашылғанға дейінгі олардың құқықтық хабардарлығы басқа адамдардыкінен артық емес; екіншіден, олардың қылмыс жасағанға дейін және одан кейін алған білімі кездейсоқ және жүйесіз, ол білім өздері алған тәжірибемен немесе араласып жүрген адамдардың тәжірибесімен шектелген. Қылмыстық заң, бұл жағдайда, құқықтық білімге аса мұқтаж адамдар үшін тиісті сақтандыру рөлін атқара алмайды.
Бақылау тобындағы адамдарға қарағанда қылмыскерлер санкциялардың тежеушілік рөліне көп мән береді.
Сотталғандар заңда көзделген санкцияларды жұмсарту керек деп әрдайым санамайды. Себебі, сотталғандардың өздері жәбір шеккен іс-әрекеттер де жазаланады ғой. Бұл ретте сотталғандардың әр түрлі санаттарының атап айтқанда қандай қылмысты қатаң, қайсысын жеңіл жазалау керектігі жөніндегі түсініктері әр түрлі болып келеді. Пайдакүнемдік және зорлық қылмыстарды жасаушы адамдардың құқықтық талаптары өзіндік ерекше.
Көптеген рецидивистердің, әсіресе бас бостандығынан айыру орындарында ұзақ отырғандардың құқықтық көзқарастарының бұрмаланғаны соншалық, олар өз көзқарастарының заңда көрініс тапқан, көпшілік мойындаған көзқарастан қаншалықты өзгеше екендігін ұғынбайды. Олардың қалыптасқан пікірлерінің табиғилығына келеңсіз әрі тұйық микроорта себепкер болып отыр. Сондықтан да олар небір ұнамсыз, жөнсіз сөздерді денесіне татуировка арқылы жазып алып, оны көрсетіп жүргенге ұялмайды.
Қылмыскерлер қоғамдық және топтық психологияда кең таралған пікірлерді едәуір шамада қайта елестетеді. Ал, қылмыс жасаушы адамдардың бұл көзқарастарды қылмыстық іс-қимылға айналдыру мүмкіндігі басқа азаматтарға қарағанда едәуір жоғары, себебі көзқарастардың, мақсаттардың, бағдарлардың тиісті деформациялары олардың ортасында: а) кең таралған; б) тереңірек сипат бар нанымға айналады, сол бағыттағы іс-қимылға дайын тұру, іс-қимыл дағдылары, кейбір жағдайларда, бақылау тобында мүлде байқалмайтын дәрежеде көрініс табады; в) құндылық бағдарлардың, өнегелік, құқықтық және басқадай көзқарастар мен мақсаттардың өзара байланысты деформацияларының кешенін көрсетеді. Мұндай деформациялары бар субъектілер өздері сияқты, қоғам моралі мен заңнан туындайтын тіке қарама-қарсы позициялар ұстанған адамдармен араласып, проблемалық және қақтығысты ситуацияларда жиі қалады.

§5. Қылмыскерлерді топтастыру


Қылмыстылықпен күрес әр адамның жеке дара қайталанбас сипатына қарай бағдар алмайды, бұл жерде қылмыскерлер контингентінің біртекті еместігі ескерілуі тиіс. Бұл проблема оларды топтамаларға және типтерге бөлу арқылы шешімін табады.
Топтама деп статистикалық жиынтықты белгілі бір топтарға, сипаттарға бөлуді айтады, мұнда бір немесе бірнеше белгілердің статистикалық кең таралғандығы сияқты критерийлер пайдаланылады. Бұл ретте өз сипаттамалары кешенінде адамның жеке басы емес, қылмыскерлер контингенті зерделенеді. Қандай да бір белгілердің олардың арасында статистикалық кең таралғандығы айқындалады. Мыналарға негізделген топтамалар кең таралған: 1) демографиялық мәліметтерге (жынысы, жасы, т.б.); 2) кейбір әлеуметтік-экономикалық критерийлерге: білімі; айналысатын жұмысы; тұрғылықты тұратын орнының және айналысатын жұмысының бар-жоқтығы (бомждар, лажсыз босқындар және т.б.); 3) азаматтығына (Қазақстан азаматы, шет ел азаматы, азаматтығы жоқ); 4) адамның қылмыс жасаған кездегі жағдайына. Бұл жерде мыналардың маңыздылығы бар: біріншіден, адамның ішімдікке, есірткіге мас күйде болуы, екіншіден, адамның қылмыс жасағанда топта және қандай топта болғандығы, үшіншіден, бас бостандығынан айыру орынында болуы және т.б.; 5) қылмыстық іс-қимылының сипатына: қасақана немесе абайсызда, зорлық, мүліктік (пайдакүнемдік); алғашқы және қайталап және т.б.
Мұндай қарапайым, белгілерінің біреуі ғана ескерілетіндерден басқа бір уақытта екі және одан көп белгілері бар күрделі топтамалар да пайдаланылады. Топтастыру жеке бастың үштен көп сипаттамалары пайдаланылатын көп өлшемді болғанда математикалық әдістер қолданылады.
Типология дегеніміз – қылмыскерлердің әр түрлі контингенттерінің неғұрлым тереңірек сипаттамалары. Ол қылмыстық іс-қимылмен себептік байланыстағы елеулі белгілерге негізделеді. Типология жиынтықты белгілер-көрініс табу және белгілер-себептер негізінде топқа бөлінудің мазмұндық сипатымен тығыз байланысты. Типология негізіне соңғылар міндетті түрде жатады, кейде олар белгілер - көрініс табумен бірге келеді.
Бір типтің шегінде белгілер-көрініс табулар мен белгілер-себептер біртекті болуға тиіс, олар криминологиялық зерттеулер барысында айқындалған белгілі бір динамикалық заңдылықтарды, детерминациялық жүйелерді көрсетуі тиіс. Мысалы, белгілер-себептер адамның жеке басының қалыптасу ерекшеліктерін және әрекеттерін көрсетеді.
Жеке бастың сипаттамалар кешені бойынша көптеген қылмыскерлердің өзін тиянақты, заңды ұстап жүрген азаматтардан өзгеше екендігін криминологиялық зерттеулер анықтап отыр.
ХІХ ғасырдың аяғында әр түрлі авторлар қылмыскерлердің жеке басының төрт типін бөліп алып, оларды әр түрлі атаған, ал іс жүзінде олардың қылмыстық іс-қимылдарының әлеуметтік ортамен өзара әрекеттестіктегі тиянақтылығы мен дербестігін ескерген. Мынадай жіктеулер кездеседі: 1) кінәлі, тиянақсыз, ситуациялық, кездейсоқ; 2) кәсіптенгендер, әдеттегі қылмыскерлер, бірінші мен екінші арасындағы аралық топ, кездейсоқтар; 3) глобальдық, парциалдық, жарым-жартылай қылмысқа бой алдырған, қылмыс алдындағы, қылмысты белгілі бір ситуацияда жасайтын. Бұл типтер кейде үш топқа, кейде бес топқа бөлінеді30, бірақ типология негізі сақталады, ол – қылмыстық іс-қимылдың әр түрлі ситуациялардағы тиянақтылық дәрежесі. Сондықтан да болар, зерттеушілердің ары қарайғы қылмыстық іс-қимылға жасаған болжамдары бұрынғы сотталғандарға ретроспективтік талдау жүргізгенде 70%-дан асатын жағдайларда дәл келген.
Қылмыскерлердің жеке басының өзіндік, мазмұндық сипаттамаларын іздестіру зерттеулердің екі тобын анықтады: 1) қылмыскерлер контингентін өздерін заң шеңберінде ұстайтын адамдар контингентімен қандай да бір белгілер немесе олардың кешені бойынша салыстыру; 2) қылмыскерлердің басын монографиялық зерттеу, сипаттамалар кешенін айқындау және бейнелерді тану әдісін пайдалана отырып қылмыскерлердің әрқайсысын бақылау тобындағы әр адаммен бірдей белгілер кешені бойынша салыстыру. Бұл нақты қылмыскерлер типологиясына жақындауға мүмкіндік береді.
Типология жиі кездесетіндерді ғана емес, адамның жеке басының әлеуметтік дамуының заңды нәтижелері болып табылатындарды да есепке алады. Әлеуметтік типті конструкциялағанда екі жағдайды сақтау керек: 1) жеке бастың сипаттамалары олардың әлеуметтік жағдайлармен байланыстылығында көрсетіледі; 2) бұл сипаттамалардың құрылысы ойдан шығарылмайды, ол адамның жеке басының әлеуметтік ортасының ерекшеліктерін, қылмыс жасаған адамдар контингентінің ерекшеліктерін зерттеудің нәтижесі болып табылады; 3) субъективтік сипаттамалар адамның жеке басының нақты әрекетімен бірге бағаланады.
Криминологиялық зерттеулердің дамуы қылмыскерлер типологиясының критерийлері мен процестерінің нақты жіктелуін талап етеді, ол әр түрлі авторлардың, көзқарастардың сабақтастығын сақтай отырып, бұл процедураны қайта жасай алуы үшін керек.
Типологияға дейін зерттелген қылмыскерлер мына критерийлер бойынша топтастырылды: 1) қылмыс алдындағы іс-қимылының сипаты; 2) микроортаның сипаты; қылмыстық іс-қимылдың қылмысқа дейінгімен байланысы. Үш негізгі топтар бойынша бөлінген адамдар арасындағы байланыс анықталды. Типология жасағанда бұл өзара байланыстың әрбір зерттелген адамға қатысты маңызы бар. Криминогендік деформациясы бар микрортада қалыптасқан барлық адамдардың ішінде 84%-ын ЭЕМ қылмыс жасамаған адамдардан бөлек, мақсаттарын сипаттайтын белгілер кешені бойынша таныған, 91%-ы қылмыс жасағанға дейін өздерін құқыққа қарсы және биморальды ұстаған; 84 %-ының соңғы ауыр қылмысы оған дейінгі жүріс-тұрысының қисынды жалғасы болған. Дұрыс микроортада зерттелгендердің 5,4%-ы ғана болған. Олардың барлықтарының қылмыстарында, жеке бастық сипаттама тұрғысынан алғанда, бұлардың кінәсінсіз туындаған қақтығыстық ситуацияға байланысты кездейсоқтық сипат болған. Бұл адамдардың ешқайсысы бұрындары құқық нормаларының бұзылуына және биморальдық теріс әрекеттерге жол бермеген.
Бірінші кезеңнен кейін 10 жыл өткен соңғы зерттеудің екінші кезеңінде бақылау тобынан бөлек танылған адамдардың 60%-ы қылмыс жасаған немесе азғындаған адамдар қатарынан табылды, ал үшінші кезеңде, яғни бірінші кезеңнен кейін 20 жыл өткен соң ол 38 % болды. Бұл кезге дейін бірінші кезеңде зерттелгендердің біршамасы маскүнемдікке салынып, криминалдық қақтығыстарда өлді, біршамасының ізі өшті, кейбіреулері қылмыстық іс-қимылдың формасын неғұрлым латенттікке өзгертті (оның ішінде экономикалық қылмыстық әрекетпен байланыстыларға).

§6. Қылмыскердің жеке басын әлеуметтік тип ретінде қарау


Қылмыскерлерді, олардың жеке басының сипаттамалары бойынша топтастырудың қорытындысы жеке бастың өзіндік ерекше әлеуметтік типін бөліп алу болды. Бұл әлеуметтік тип криминогендік жеке бастың типі деп аталды.
Қылмыс жасаушы адамдардың барлығы осы типке жатқызылуы мүмкін. Бұл жағдайда, оларға, өздерінің жеке басының сипаттамалары бойынша, өзін әрқашан дұрыс ұстап жүрген адамдардан іс жүзінде айырмашылығы жоқ, кездейсоқ қылмыскерлер деп анықтама беріледі. Мұндай қылмыскерлер сирек кездеседі.
Криминогендік жеке бастың әлеуметтік типі жеке бас сипаттамаларының белгілі бір бүтіндігін білдіреді. Оған мыналар тән:
жеке бастың айналасындағылардың құқыққа қарсы және биморальдық күшті іс-қимылдары жағдайында қалыптасуы (отбасы, жолдастары);
бұрындары – биморальдық іс-әрекеттер мен әр түрлі құқық бұзушылық жүйесі ықпал етудің заңда белгіленген шараларын қабылдағаннан кейін де қайталануын қоймаған;
қоғам мен мемлекеттің құндылық-нормативтік жүйесінен алшақтау;
өз іс-қимылын теріс бағалағанға көну, өзін-өзі қорғаудың әлеуметтік-психологиялық тетіктерін пайдалану;
қылмыс жасау ситуациясындағы белсенділік және әдетте, дәлелді сыртқы себептерсіз қылмыс жасау.
Криминогендік адамдар өкілдерінің ішінде тип тармақтарына (подтип) бөлінеді: дәйекті-криминогендік, ситуациялық-криминогендік, ситуациялық.
Әлеуметтік ситуация мен адамның жеке басының өзара әрекеттестігінің сипаты осы көрсетілген тип тармақтарын бөліп алудың критерийі болып табылады. Мұндай өзара әрекеттестіктегі негізгі тарап - ситуация не адам.
Дәйекті-криминогендік тип тармағы мораль және құқық нормалары ұдайы бұзылатын микроортада қалыптасады, қылмыс іс-қимылдың дағдылы мәнерінен туындайды және оған субъектінің тұрақты қоғамға қарсы көзқарасы, әлеуметтік мақсаты, бағдары себепші болады. Әдетте, мұндай адамдар қылмыс жасауға болатын ситуация жасауда белсенділік танытады. Бұл типтің өкілдері нақты ортаны өз мүдделеріне қарай өзгерте алады, олардың қылмыстық іс-қимылы біршама дербес және белсенді болып келеді.
Ситуациялық-криминогендік тип тармақшасы мораль нормаларын бұзумен және қылмыстық сипатта емес құқық бұзушылық жасаумен, қоғамға жарамды әлеуметтік рөлдерді дұрыс орындамаумен сипатталады; қарама-қайшы микроортада қалыптасады және әрекет етеді; қылмыс едәуір шамада оны жасаудың қолайсыз әлеуметтік-экономикалық, өнегелік және құқықтық ситуациясына байланысты (қылмыстық құрамда болу, басқа адамдармен қақтығыс, т.б.). Бұл жерде адамның жеке басының сипаттамасы мен әлеуметтік орта сипаттамасы арасындағы өзара әрекеттестік шешуші болып табылады. Мұндай адамды қылмыстылықке оның микроортасы, соған дейінгі өмір салты алып келеді, ал қылмыстық ситуация оның заңды жалғасы болып саналады.
Ситуациялық тип тармағы: мұндай адамның санасы мен іс-қимылындағы, оның микроортасындағы өнегесіздік элементтері, егер бола қалған күннің өзінде, шамалы ғана болады. Әлеуметтік орта мен адамның жеке басының күрделі ситуацияда, оның ішінде адамның оған даярлықсыздығы жағдайында өзара дұрыс әрекеттеспеуі де едәуір маңызды рөл атқарады. Бұл тип тармағының өкілдері қылмысты сол адамның кінәсінен туындамаған, ол үшін дағдылы емес ситуацияда жасайды.
Сонымен қатар, мұндай адам (кездейсоқ қылмыскерге қарағанда) бұл ситуацияларда өзінің және басқа адамның құқыққа қарсы, тіптен қылмыстық іс-қимылын ақтай алады. Себебі ол дауларды шешудің заңды және өнегелі тәсілдерін білмейді.
Бұрынғы кәмелетке толмаған қылмыскерлерге 10-20 жылдан кейін жүргізілген криминологиялық зерттеулер көрсетіп отырғандай, дәйекті-криминогендік тип тармағы өкілдерінің 72%-ы 10 жылдан кейін рецидивистер санатына, қалғандары – азғындаған адамдар (маскүнемдер, жезөкшелер) қатарына қосылған. Жұбайы, ата-анасы, әкесі немесе шешесі тарапынан жасалған қатаң бақылау нәтижесінде қылмысқа бармағандар енжар түзелген, ал өз ықтиярымен құқық бұзуға бармағандар – тез түзелген адамдар қатарына жатады. Соңғылар, әдетте, кездейсоқ қылмыскер болғандар.
Адамға, ол криминалдық типке жатады деп жасалған диагностика, оған санкция қолдануға, оның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге негіз бола алмайды. Ол үшін тек нақты іс-қимыл керек. Қолданылатын құқықтық шаралар сипаты іс-әрекет сипатына қатаң сәйкес келуі тиіс: тәртіптік құқық бұзушылық үшін құқықтық санкция және т.б. Бірақ әлгіндей диагностика бұл адамдарды қылмыстылықке арнайы тосқауыл қойғанда дербес объект ретінде бөліп алуға негіз болады, мысалы - тұрмысын жайғастырып, жұмысқа тұруы үшін оларға әлеуметтік көмек көрсету үшін; олардың балаларға қылмыстық ықпалын дер кезінде тыю үшін; олардың құқық бұзған фактісін толықтай анықтап тиісті шара қолдану үшін.

қолдау көрсетудің материалдық базасының жұпынылығы да себеп болып отыр.


Нарықтық экономикаға көшудің нәтижесінде жұмыссыздар саны көбейді, халықтың тұрмыстық ахуалы әртүрлі деңгей алды, т.б.
Қоғамның әртүрлі топтары арасындағы алшақтықтың өсіп бара жатқанына назар аудармасқа болмайды. 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Адам және заң телехабары бай адамдар мен кедейлердің табысы жайында мәліметтер келтірген. Мысалы, 1997 жылы Ресейдегі бай адамдардың табысы кедейлердікінен 26 есе, АҚШ-та 11 есе, Қытайда 5 есе көп болған.
Жекешелендірудің және мемлекет меншігінен алудың 1992-1995 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы сауда, қоғамдық тамақтандыру, дайындау мекемелерінің 49,5% негізгі қорының, тұрмыстық қызмет көрсету және коммуналдық шаруашылықтың - 63,7% , өнеркәсіптің - 13,8%, ауыл шаруашылығының - 9,9%, құрылыстың - 32,8% негізгі қорының жекешелендірілуін көздеген болатын. Барлығы 12 мың тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорны жекешелеуге тиіс болатын. Әрине, мұндай шараның нәтижесінде көптеген адам меншік иесіне айналады. Әлеуметтік детерминанттың мазмұнын, бәрінен бұрын, қоғамдағы қайшылықтар және оларды шешудің қаншалықты тиімді екендігін анықтайды, -деп В.Н. Кудрявцев дұрыс айтады. Соңғы кездердің бір ерекшелігі - тұрмысы өте нашарлаған адамдар саны күннен күнге көбейіп барады, олар тегін тұрақ-жайға, бала-бақшасына, жұмысқа, т.б. құқығын жоғалтуда. Бақуатты адамдардың біразының өтпелі кезеңде сауда жасап байығандығын олар көріп отыр.
Сол байығандардың едәуір бөлігі бұрын заң аттаған адамдар екенін жастар біледі. Сондықтан олар заңды бұзбай мәселе шешілмейді деген тұжырым жасайды. Материалдық тапшылық пен қажеттілік ерекше құбылыс емес, бұл фактор кейбір жағдайларда пайдақорлық-зорлық сипаттағы қылмыстарды жасауға итермелеуі мүмкін31.
Жекелеген қылмыстар туралы мәліметтерді пайдалана отырып қылмыстылықтің себептерін айқындау екі жолмен жүзеге асырылады.
Біріншіден, жекелеген қылмыстардың себептерін айқындау,олар туралы мәліметтерді, себептік байланыстарды терең талдау және аймақтық, жалпы мемлекттік масштабтағы әлеуметтік құбылыстарға макро-, микроорта деңгейінде шыға отырып қорытып талдау арқылы жүргізіледі.
Бұл схеманы ары қарай да жалғастыруға болады. Жеке дара факторлардан орташа деңгейдегі әлеуметтік-мемлекеттік ортаны сипаттайтын мән-жайларды да бірге бақылағанның пайдасы бар. Бұл қылмыстық іс-қимылға тосқауыл болатын процестер мен құбылыстарды дамытуға көмектеседі.
Сол аймаққа, сол әлеуметтік топқа тән қылмыстық іс-қимыл, не қылмыстылық түрі айқындалады және алыста жатқан әлеуметтік байланыстар мен байланыстылыққа көз жүгірте отырып қылмыстық іс-қимылды тудыратын себептер мен жағдайлардың кешені зерделенеді. Бұл ретте мыналар маңызды болып табылады.

Пара алушылықтың себептік кешенінің ықтимал схемасы:

(Шарты – кадр жұмысының, бақылаудың жеткіліксіздігі)

.


Мұндай салыстыруда: а) ұқсастық; б) жеке даралық, қайталанбастық табылады. Ұқсастықты талдау негізінде қылмыстардың әр түрлі топтарының себептеріндегі ортақтық туралы ұғым қалыптсады.
2.Сонымен бір уақытта неғұрлым ірілеу топтарға және жинақтап қорытуға көше отырып қылмыстардың өздері топтастырылады.
Қылмыстылықтің қандай да бір сол түрі, тіптен жеке дара қылмыстық іс-қимылдың себептерінің сипаттамалары бірдей болған күннің өзінде, әлеуметтік-топтық, әлеуметтік-аймақтық ортаның және неғұрлым жоғары деңгейдегі ортаның әр түрлі сипаттамаларымен бейнеленуі мүмкін. Мысалы, өңшең кәмелетке толмағандардың аса мұқтаждығының арғы жағында етек алған жұмыссыздық, сол асыраушысы жұмыссыз қалған отбасыларын қайыршылықта қалдырмау үшін берілуі тиіс жәрдемақының уақтылы берілмеуі тұр, ал басқа жеткіншектерге қатысты алатын болсақ - әжептәуір табыс тауып тұрса да олардың ата-аналарының ішімдікке салынуына әлеуметтік шара қолданудағы кемшіліктер тұр. Сондықтан да қылмыстық іс-қимылдардың әр түрлі типтеріне тән себептік тізбекті алдын ала, оның үстіне қатаң анықтау мүмкін емес. Олар әр түрлі аймақтарда әр түрлі және уақыт өткен сайын өзгеріп тұрады.
Жекелеген қылмыстардың, қылмыстық іс-қимыл типтерінің және қылмыстылық түрлерінің себептеріндегі ұқсастықты айқындаумен қатар жеке дараны, қайталанбайтынды да талдау қажет. Ол көп таралған мән-жайлардың өзгеше жиынтығы және онда кездейсоқ сипат болуы мүмкін. Ал ол жеке дара, қайталанбас артында жаңа себептік кешендер, жаңа әлеуметтік құбылыстар мен процестер байқалуы, жаңа туып келе жатқан үрдістер көрінуі мүмкін.
Екіншіден, қылмыстық іс-қимылдағы типтікті жеке дара деңгейде де, қылмыстылық түрлерінде де бөліп алу жолы, оны монографиялық зерделеу, сонан соң себептік байланыстарды терең бақылай отырып әлеуметтік-топтық, аймақтық және әлеуметтік ортаның неғұрлым жоғары деңгейіне шығу үшін пайдаланылады. Бұл жол практикада, мысалы, әңгіме өзара байланысты қылмыстық іс-әрекеттер жүйесі жайында болса, таңдалып алынады. Өзара байланыста барлық қылмыстар, шегінде сол қылмыстар жасалынатын қызмет талданады. Бұл жағдайда себептік тізбектер емес, бірдей элементтер әр түрлі өзара әрекеттестікте жиі көрініс тапқан себептік кешендер бой көтереді.
Бұл тәсілді жиі кездесетін типтік қылмыстық іс-қимылды (мысалы, жұмыссыз жас адамның қорқытып талап етуі), немесе кримналдық әрекеттері бар типтік ұйымдасқан қылмыстық құрамаларды жіктегенде қолданған жөн.

9. Қылмыстылықты ылдын алу

§1. Қылмыстылықпен күрес ұғымы және оның мазмұны. §2.Қылмыстылықпен күрестің жалпы ұйымдастырылуы. §3.Қылмыстылықтің алдын алу. §4.Құқық қорғау қызметінің криминологиялық аспектілері. §5. Қылмыстылықпен күрестің міндеті және негізге аларлық бастаулары.

§1. Қылмыстылықпен күрес ұғымы және оның мазмұны


Қылмыстылықен күрес дегеніміз жүйелік-құрылымдық қызмет, ол үш жүйенің жиынтығынан тұрады: 1) күресті жалпы ұйымдастыру; 2) қылмыстылықтен сақтандыру; 3) құқық қорғау қызметі. Бұл әлеуметтік басқару салаларының бірі және мыналарға ықпал етеді: а) қылмыс және қылмыстылық тудыратын себептер мен жағдайларға; б) қылмыстылықтің өз бетімен детерминациялануынан сақтандыру және оны тыю мақсатында оның өзіне.
Қылмыстылықпен күрес термині құқықтық және басқа ресми құжаттарда, сондай-ақ ғылыми еңбектерде кеңінен қолданылады.
Қылмыстылықпен кесімді күрес жүргізудің маңызы Қазақстан Республикасында құқықтық тәртіп орнатуда ғана емес, сонымен қатар тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда да зор. Соңғы жылдары тек қана жеке адамдардың өміріне, бостандығана, мүлкіне т.б. құндылықтарына қол сүғу қылмыстарының саны ғана өскен жоқ, сонымен қоса қазіргі күні ұйымлдасқан қылмыстылық, жемқорлық, тапсырыспен кісі өлтіру т.б. сияқты жаңа қылмыс түрлері пайда болды32.
Біріккен Ұлттар Ұйымы қылмыстылықпен күрес және құқық бұзушылардың күтімі жөнінде Конгресс өткізіп тұрады. Сонымен қатар бірқатар жұмыстарда бақылау, қарсы әрекет, кейде - қылмыстылықпен соғыс сияқты ұғымдарды пайдалану керек деген ұсыныстар бар. Бірақ бұл терминдер қаралып отырған мәселенің мәнін толықтай аша алмайды.
Күрес, ол дегеніміз біріне-бірі үстемдік етуді мақсат тұтқан қарама қарсы мүдделердің, топтардың, пікірлердің белсенді қақтығысы. Бұл - әр уақытта қандай да бір мақсатты көздейтін қызмет. Заң қорғайтындармен бітіспес қайшылықта болатын мүдделер, құндылықтар, мақсаттар қылмыстылықтен өз көрінісін табады. Мұндай жағдайдағы мақсат - бәрінен бұрын қылмыстылықтің детерминация және себептілік процесіне, оның өзіне ықпал ете отырып қылмыстық заңның жаппай бұзылуына жол бермеу ,ал ол бұзыла қалған жағдайда – айыптылардың қылмыстық іс-қимылдан бас тартуына қол жеткізу және қылмыстылықті тыю үшін айыпкерлерге мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану. Мемлекет те, қоғам да ешқандай ымыраға жол бермейді. Сонымен, Қылмыстылықпен күрес дегеніміз - қоғамның қылмыстылықпен белсенді қақтығысы.
Бақылау деген сөз біреуді, бірдемені тексеруді, біреуді бірдемені байқауды білдіреді.
Бұл ұғымды криминологияда пайдалану әлі күнге дейін көңілге қонарлықтай болған жоқ, себебі әңгіме бұл жерде қылмыстылықті байқау жайында емес.
Қарсы әрекет басқа әрекетті жою, бірдемеге қарама қарсы жүру, оған кедергі келтіру дегенді білдіреді. Ал, біріншіден, тек мемлекет қылмыстылықке кедергі келтірмейді, қайта қылмыстылық мемлекетке, қоғамға кедергі келтіреді. Екіншіден, күрделі себептік-салдарлық кешені бар, оның ішінде қылмыстық заңның бұзылуына жол бермеуді, ол бұзыла қалғанда - айыптыға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдануды қарастыратын әлеуметтік құбылыс ретіндегі, қылмыстылықке ықпал ету шараларының барлық жиынтығын қамтымайды.
Ықпал ету, бұл - бірдемеге қол жеткізу мақсатында біреуге немесе бірдемеге бағытталған біржақты әрекет. Қылмыстылықпен күрес - екі қарама-қарсы тараптың өзара әрекеттестігінің айрықша түрі.
Қылмыстылықпен күрес терминін қолданғанда қоғамның өнегелік, құқықтық негіздері мен қылмыстылық арасындағы бітіспес қарама қайшылыққа ғана бола назар аударылатын сияқты. Егер бұл соғысты өмір үшін емес, өлім үшін соғыспен теңдестіретін болсақ, онда ол соңғының шеңберіне сыйыспайды. Қылмыстылықпен күрестегі басты мақсат – оның алдын алу, адамды қылмыс жасаудан сақтандыру, ал егер оның қылмыстық әрекеті айқындалса – ондай әрекеттің сылтауы мен себептерін білу, оған қолданылатын қылмыстық жазаны басқа шарамен алмастыру мүмкіндігін қарастыру, қажетті әлеуметтік көмек көрсету.
Соғыс жөніндегі дәстүрлі ұғымға бұл сәйкес келмейді, себебі нағыз соғыста бір жақ екінші жақты кез келген құралмен жоюға, қалайда оның шабуылын не қарсылығын жаныштауға тырысады. Соғыстың жариялануы дегеніміз, армияға тойтарыс беретін жақтың қажетті қорғаныс қабілеті болуын көздейді. Қылмыстылықпен күреске қатысты алатын болсақ мұндай ұқсастықта үлкен қауіп жатыр: қылмыскер ұсталған жерде-ақ жазасын алар еді, оған заңсыз мәжбүрлеу әрекеттері қолданылар еді, ал одан қоғамға қауіпті салдарлар туындауы сөзсіз.
Сондықтан армияны қылмыстылықпен күрес субъектілерінің қатарынан, мүмкін болса, шығарып тастау керек. Армия сыртқы жауларды жеңу үшін керек, ал мемлекетке оны өз азаматтарына қатысты қолдануға болмайды.
Екінші жағынан, қылмыс жасайтындармен келісімге келуге бола ма? Тәжірибеге сүйенсек, оларды тек өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінсе, ары қарай қылмыс жасаудан бас тартса ғана жазадан босатуға және оларға көмектесуге болады. Жаңа қылмыс жасалғанда мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қатайып, өлім жазасы немесе өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Әңгіме тұрақты кәсіби қылмыскерлер, ұйымдасқан қылмыстық құрамалардың басшылары, олардың белсенді қатысушылары жайында болса - кейбір шаралардың тиімділігі төмен болады.
Қоғам, қаншалықты мейірбанды, адамгершілікті болса да, қылмыстық іс-қимылға, әсіресе жоғарыда аталған адамдардың қылмыстық әрекетіне жайбарақат қарап отыра алмайды, қайта оларға қатысты мемлекеттік мәжбүрлеудің ең қатаң шараларын қолдануы тиіс. Өйтпеген жағдайда көптеген адамдардың өмірін, ар-ожданын, тыныштығын, денсаулығын, мал-мүлкін құрбан етеді. Азаматтардың өздері де өз азаматтарын қылмыстылықтің құрбаны еткен мемлекетке төзе қоймас. Қылмыстылық пен саясат өзара тығыз байланысты.
Кейбір авторлар ұстамдылық керек, қылмыстылықпен күресті соғыс жағдайына дейін жеткізудің қажеті жоқ дейді, олар уақыт өзгере келе бүгінгі қылмыскер мен жәбірленуші ертең орындарын алмастыруы мүмкін, ал шоқпардың екінші басы бүгінгі шоқпар ұстап тұрғанның басына тиіп қалуы ғажап емес дегенді айтады. Бұл – аса криминологиялық пессимизм теориясы. Өкінішке орай, біздің елдің тарихы, саяси режимі тұрақты емес басқа елдердің тарихы солай деп айтуға әжептәуір негіз берді. Әрине, өмір болған соң қорқынышсыз болмайды, бірақ, күндердің күні сол қылмыстың құрбаны болып кетпейміз бе? Олай болмас үшін мемлекеттегі саяси және құқықтық режимнің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдап, оларды жүзеге асыру керек, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың сенімді жүйесі жасалып, оның тиімділігін көтеретін заңнамалар шығару қажет.
Кез келген өркениетті қоғам қылмыстылықке қарсы тұрады, олай болмаған жағдайда ол өз өркениеттігін сақтай алмайды. Ал бұл қарсы тұрушылық қылмыс жасаған адамға қатысты да, жәбірленушіге қатысты да заң шеңберінде жүзеге асырылуға, онда өркениеттік форма болуға тиіс.
Сонымен, қылмыстылықпен күресті толық көлемде жүргізу керек.

§2. Қылмыстылықпен күрестің жалпы ұйымдастырылуы


Қылмыстылықпен күресті жалпы ұйымдастыруға мыналар жатады:
1. Ақпараттық-талдау қызметі. 2. Криминологиялық болжаулау. 3. Қылмыстылықпен күрес стратегиясын анықтау. 4. Қылмыстылықпен күреске бағдарлама жасау. 5. Қылмыстылықпен күрес саласында заң шығарушылық. 6. Қылмыстылықпен күрес бағдарламасын жүзеге асыру, оған түзету енгізу және қылмыстылықпен күрес жөніндегі қызметті үйлестіру. 7. Қылмыстылықпен күресті ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және дамыту.
1.Ақпараттық-талдау қызметі – бұл көрініс тапқан қылмыстылықті тіркеу, ол көріністерді, олардың себептілігін және детерминациясын, қылмыстылықпен күрестің өткен кезеңдегі нәтижелерін зерделеу және тиісті мәліметтерді бағалау жөніндегі қызмет.
Ол: қылмыстылықті, статистикалық есептерді есепке алу жүйелерін құру; қылмыстылықпен күрес жүргізуші органдардың ағымдағы талдаушылық қызметін; криминологиялық зерттеулерді дамыту, алынатын деректердің теориялық қорытпаларын пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
2.Криминологиялық болжаулау – қылмыстылықтің болашақ жайына және қандай да бір басқарушылық шешімдердің криминологиялық маңыздылығы бар өзге салдарларына баға беру.
Болжаулау қылмыстылықтің заңдылықтарын, оның детерминациясын, себептілігін білуге, қылмыспен күрестің әр түрлі шараларына әсерлік заңдылықтарына негізделген.
Бұл функцияның іске асырылуы қылмыстылықтің оперативтік талдамасы мен оның заңдылықтарын зерттеудегі үйлесімділікті қажет етеді. Сондықтан да арнаулы криминологиялық қызмет құру керек.
Болжаулаудың екінші тарауда сөз болған әдістері кең пайдаланылады. Маман-криминологтардың қылмыстылықтің өзгеру болашағын ұжымдық талқылауы және тұжырымдарын баяндауы айрықша тәсіл болып табылады. Мұндай қылмыстылық проблемалары талқыланатын форумдар да болады. Проблемаларды жан-жақты талқылау үшін басқа мамандардың да шақырылуы мүмкін.
3. Қылмыстылықпен күрес стратегиясын анықтау. Криминологиялық ситуацияны (қылмыстылықті, оның себептілігін, детерминациясын және онымен күрестің жайын), криминологиялық болжамды және мамандардың қылмыстылықпен ары қарай күрес жөніндегі ұсыныстарын бағалау негізінде оның стратегиясы анықталады. Бұл - мемлекетті қылмыстылықпен күресті ұйымдастыратын негізгі субъект жасайды.
Стратегия дегеніміз – қылмыстылықпен күрес жүргізудің өнері сияқты, ол бұл күресте жеңіскер болу үшін негізгі соққыны қай бағытта жасау керектігін анықтайды.
Сақтандыру шараларының – қылмыстылықтің себептері мен жағдайларына ықпал етудің басымдылығы стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Тек сол ғана қылмыстық іс-қимылдың жаппай өріс алуына тосқауыл бола алады.
Кез келген жүйелік-құрылымдық құбылыстардағы сияқты қылмыстылықте де ядро болады, соған берілген соққы оң нәтиже беруге тиіс. Зерттеулерге сүйенсек, кәмелетке толмағандардың қылмыскерлігі, ұйымдасқан және кәсіби қылмыстылық сондай ядролық жағдайда екен. Олар бірімен бірі жиі қабаттасып келеді және қылмыстың басқа түрлерімен де өзара тығыз байланыста. Кәмелетке толмағандардың қылмыскерлігі барлық қылмыстылықтің сақталуының және дамуының қайнар көзі болып табылады.
Ал ұйымдасқан қылмыс неғұрлым ауырлау қылмыстардың жасалуын, тұрақты қылмыстық әрекетті және қылмыстылықтің қоғамға қарсы бағытталған ықпалын анықтайды.
Ұйымдасқан қылмыстың дамуына кәсіби қылмыстылық едәуір үлесін қосуда.
Стратегия – жалпы қылмыстылықпен күресті ғана емес, оның жекелеген түрлерімен күрес жүргізу өнері (олардың қылмыстылықтің жалпы жүйесіндегі орны ескеріліп).
Криминолог пен қылмыстылықпен күрес жүргізуші мемлекеттік қызметкердің өнері сонда, олар қаражат тапшылығына қарамай жақсы идеяларды өмірге алып келіп, олардан нақты оң нәтижелер алуға тиіс.
Стратегия шеңберінде қылмыстылықпен күрестің тактикасы жасалады, онда нақты мақсаттар және сол жағдайларда оларға қол жеткізудің оңтайлы әдістері анықталады. Тактика – стратегияның бір бөлігі. Мәселенің тактикалық шешімі әрқашанда кадрлардың жетіспейтіндігін, материалдық тапшылықты, қылмыстылықпен күреске қаржының аз бөлінетінін ескеріп, нақты жағдайға тиісінше бағдар алуды талап етеді. Бірақ, қанша бере аласыңдар, сол бергендеріңді қайда жаратуын өзіміз білеміз деген ұстаныммен де келісуге болмайды. Тактикалық шешімдердің криминологиялық тұрғыдан негізделген есептері болуға тиіс, олар кейін, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу үшін тиісінше түзетіліп тұрады.
Жекелеген операцияларды жүргізуде де өнер керек.
Стратегия мен тактика қылмыстылықпен күрес Бағдарламасында іске асырылады.
3. Қылмыстылықпен күреске бағдарлама жасау.
Ол: ұзақ мерзімді (қылмыстылықпен күрес стратегиясын толықтай қамтиды), орташа мерзімді (әдетте, 2 жылға) және қысқа мерзімді (тоқсанға, жартыжылдыққа) болып бөлінеді.
Бағдарлама жасау (бұрын – жоспарлау) қоғамның, мемлекеттің экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуына бағдарлама жасаумен байланыстырылады.
Мұнымен қатар қылмыстылықпен күрестің жекелеген бағдарламалары жасалып қабылданады. Және де қылмыстылықтің жекелеген көріністерімен күрес бағдарламалары да болады.
Бағдарлама жасауда мақсаттық сипат болуға тиіс, яғни алдымен нақты мақсаттар баяндалады, одан соң – оларға қол жеткізу жолдары анықталады, орындаушылар, мерзімдері және оларды ресурстық қамтамасыз етудің сипаты көрсетіледі (кадрлар, қаржы қаражаты, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және т.б.).
Қылмыстылықтен сақтандыруға ғана қатысты бағдарламаларға (немесе бағдарлама бөлімдеріне) қарағанда қылмыстылықпен күрес бағдарламалары, мысалы, ақпараттық-талдама қызметін жетілдіру, жаңа заңдарды немесе жаңа құқықтық нормаларды толықтай және ретімен қолдану сияқты мақсаттарға қол жеткізуді көздейді. Егер анықтаушылар мен тергеушілердің санын, уақытша ұстау изоляторларындағы орындарды көбейту керек болса – ондай шаралар бағдарламада көрініс табады.
4. Қылмыстылықпен күрес саласындағы заң шығарушылық.
Қылмыстылықпен күреске бағдарлама жасау заң шығарушылық жұмысымен тығыз байланысты. Егер қолданыстағы заң елдегі кримналдық және криминогендік ситуацияның жаңа сипаттамаларымен күресті қамтамасыз ете алмаса, онда қолданыстағы заңдарды өзгерту немесе жаңа құқықтық актілер жасау жөнінде тыңғылықты әрі мақсатты жұмыс жүргізу керек.
Қандай жағдай болса да, егер бұрыңғы құқықтық амалдар өзін тауысса, олардың шегінде қылмыстылықпен күреске бағдарлама жасау аңғырттық болар еді, ал оған жол беруге болмайды.
Бұл айтылғандармен іс-әрекетті қылмысқа жатқызу немесе жатқызбау, заңның криминологиялық келісімділігі туралы мәселе тығыз байланысты. Академик В.Н.Кудрявцев былай деп жазады: қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді криминалдау процесі бірнеше сатыны қамтиды: қоғамға қауіпті болып табылатын іс-әрекеттердің кейбір түрлерінің елде кең таралғандығы туралы ақпарат алу және оны бағалау; олардың туындай себептерін, негізгі белгілерін және әлеуметтік салдарларын зерделеу; онымен күрестің болашағын анықтау; және де, егер, қажет деп шешім қабылданса, жаңа қылмыстық-құқықтық норма – жаңа заң жобасын жасау.
Іс-әрекетті қылмыстық жазаланатындар қатарынан шығару кең таралған екі жағдайда орын алады. Біріншіден, егер іс-әрекет қоғамға едәуір қауіпті болудан қалса. Екіншіден, қылмыстар қатарынан шығару басқа жағдайға байланысты болады: ол өте көп таралады, ал барлық кінәлілерге қылмыстық-құқықтық шаралар қолдануға нақты мүмкіндік болмайды. Бұл жағдайда, мысалы, қылмыстық жазаның орнына әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Мемлекеттік және қоғамдық мүлікті аз мөлшерде ұрлауға қатысты сондай жағдай болды. Үшінші жағдай да бар: заң саясатына қылмыстық ортаның белсенділері қысым жасайды, нәтижесінде, олардың арасында көп таралған іс-әрекет қылмыстық жазаланатындар қатарынан шығып қалады. Бұл – мемлекеттік билік органдарының қылмыстанғандығының айғағы.
Қылмыстылықпен күресті құқықтық реттеу проблемалары әдебиетте, оның ішінде криминологиялық әдебиетте кеңінен талқылануда.
Бұл жолда Қазақстан Республикасы Президентінің Қылмыстылықпен күресті күшейтудің қосымша шаралары туралы Жарлығы басты маңызға ие33.
6. Қылмыстылықпен күрес бағдарламасын іске асыру, оған түзету енгізу және қылмыстылықпен күрес жөніндегі қызметті үйлестіру.
Қылмыстылықпен күрес бағдарламасын іске асыруды тікелей қамтамасыз етуде көп аспектілі сипат бар. Ол – басқарушылық қызметті, бақылауды, кадрлар іріктеуді, оларды даярлауды, оңтайлы орналастыруды, олардың біліктілігін көтеру жұмысын ұйымдастыруды, жаңа криминологиялық және ауқымды әлеуметтік шындықтарды ескеріп оларды қайта даярлауды, жаңа техника жасауды, қылмыстылықпен күрестің ресурстық қамтамасыз етілуін, қабылданатын шаралардың тиімділігін талдауды және бағдарламаларға түзету енгізуді қамтиды.
Орындалуы кезінде бағдарламаға түзету енгізу қажеттігі тосын әлеуметтік өзгерістер жағдайында туындайды.
Сонымен қатар, бағдарламаны орындау барысында нақтылау енгізілуі мүмкін. Жалпы оның тұрақтылығы керек – бағдарламада бастан жақсы ойластырылғандық және ғылыми негізделгендік сипат болуға тиіс.
Шаралардың тиімділігін бағалауға қатысты алатын болсақ, ол: а) қылмыстылықпен күрес жөніндегі қызмет тетігінің тиімділігі, б) қылмыстылықпен күрестің әлеуметтік тиімділігі болып бөлінеді. Бірінші жағдайда, мысалы, қанша конференция өткізілгендігі, қанша құқықтық нормалар қабылданғандығы, қанша адамның өз біліктілігін көтергендігі, қылмыстардың ашылу жайы, яғни қылмыстылықпен күрес тетігінің өзі қалай жұмыс істейтіндігі бағаланады.
Екінші жағдайда, мұндай тетіктің жұмыс қорытындысы қандай: қылмыстылықтің және оның қоғамға қауіптілігінің деңгейі төмендеді ме, бағдарламада алға қойылған мақсатқа қол жетті ме.
Қылмыстылықпен күрес субъектілерінің саны өте көп болғандықтан бұл күресті үйлестірудің де қажеттілігі туып отыр. Бұған мемлекет, азаматтық қоғамның институттары (қоғамдық ұйымдар, қорлар, т.б.), барлық жеке және заңды тұлғалар қатысады. Тек осы елдің азаматтары ғана емес, осында тұратын азаматтығы жоқ адамдар, шетелдіктер де қатысады. Бұл күреске іс жүзінде барлық халық әр түрлі формада қатысады. Мысалы, куәгер, айғақ ретінде.
Құқық қорғау органдарының қылмыстылықпен күрес жөніндегі қызметін Бас прокуратура және оған бағынышты прокурорлар үйлестіреді. Қылмыстылықтің аса қауіпті көріністерімен күрес Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шегінде жүргізіледі.
Атқарушы билік органдарының қылмыстылықпен күрес жөніндегі қызметін аймақтық үйлестіру де бар. Ол, біріншіден, мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың өкілеттіктерін бөлу және құзыреттерін есепке алу; екіншіден, ортақ міндетті орындауға қатысты әрекеттерді келісу. Бұл жерде әрбір субъект өз ісімен айналысуы керек, бірін бірі алмастыруға, қайталауға және қосарласып істеуге жол берілмейді.
7. Қылмыстылықпен күресті ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және дамыту. Бұл жерде әңгіме ғылыми-зерттеу мекемелерінің жүйесін дамыту және ғылыми кадрларды даярлау, зерттеу әдістемелерін жетілдіру жайында, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерін практикаға енгізу жайында болып отыр. Криминологиялықпен қатар пәнаралық және кешенді зерттеулерді дамытудың да маңызы зор, ол жайында 2- тарауда айтылған.
Ғылыми зерттеулерді практикаға енгізу – екіжақты процесс, ол криминологиялық зерттеулердің нәтижесіне, ғылыми ұсыныстардың сапасына да, практикалық қызметкерлердің оларды қабылдауға және қолдануға даярлығына, қабілеттілігіне де байланысты. Ал, тағы да бір маңызды буын бар, ол – ғылыми және практикалық қызметкерлердің ғылыми ұсыныстарды оларды қолданудың нақты жағдайларына байланыстыруы, аяғына жеткізуі. Бұл - өндірістегі тәуекелді технологиялық процесс кезеңі. Криминологиялық ұсыныстарға қатысты да осындай жағдай қалыптасады.

§3. Қылмыстылықтің алдын алу


Қылмыстылықтің алдын алу дегеніміз, бұл – мемлекеттің, қоғамның, жеке және заңды тұлғалардың қылмыстылықке жаңа адамдардың тартылуына, жаңа қылмыстық іс-әрекеттердің жасалуына, қоғамдық қатынастардың ары қарай криминалдануына жол бермеу мақсатында қылмыстылықтің детерминация және себептілік процесіне мақсатты ықпал етуі.
Біз бұрындары қылмыстылық дегеніміз - күрделі әлеуметтік құбылыс, сондықтан да оныњ себептерін ең тиімді қылмыстық саясат та жоя алмайды деп санағанбыз. Қылмыстық заң жүйесі қандай да бір қылмыстың алдын алу мақсатында қылмыскерге, сондай-ақ азаматқа ықпал жасай алады, жасауға тиіс те. Әңгіме - сол ықпалдың неге таратындығында, қаншалықты және қандай әдістермен жасалатындығында.
Бұл мәселелерде маңызды саяси-әлеуметтік және идеологиялық мазмұн бар. Қылмыстық саясат құралдары қылмыстылықтың субъективтік және бірқатар жақындау объективтік себептеріне жєне оларға мүмкіндік тудыратын жағдайларға ғана ықпал жасай алады.
И.П. Портновтың пікірінше, таза түрде қылмыстың алдын алу дегеніміз - криминогендік факторларды жою және қылмысқа дейінгі кезеңде адамның мінез-құлқын түзету арқылы қылмыстың жасалуына жол бермеу.
Ал, Г.А. Аванесовтың ойынша, қылмыстың алдын алу мақсатында ықпал жасалынатын объект өте күрделі құбылыс, оған жеке адам, адамдар тобы, оларды қоршаған орта (оның ішінде тікелей қоршаған орта) және әр түрлі заттар - факторлар, себептер мен жағдайлар, мән-жайлар, т.б. жатады.
Алдын алу объектілері жайында сөз қозғағанда, тіптен, нақты кәсіпорын, аудан, қала, қандай да бір аймақ жайында айтуға болады.
Жоғарыда айтылғандарѓа сүйене отырып, қылмыстылықтың алдын алуға анықтама берсек, ол - қылмыстылықтың себептерін және оған мүмкіндік тудыратын жағдайларды анықтау және жою мақсатында мемлекеттік, қоғамдық және басқа ұйымдардың жүргізетін, өзара байланыстағы әр түрлі шараларының жиынтығы34.
Әңгіме әр түрлі субъектілерден тарайтын көп деңгейлі шаралар жүйесі жайында болып отыр.
Қылмыстылықтің алдын алу термині даусыз деп саналмайды, себебі орын алған бар нәрсенің алдын алу мүмкін емес. Ал қылмыстылық, ол – бар нәрсе. Бұл тұрғыдан алғанда оған дау айтуға болады, бірақ ол ғылыми айналымға кіріп кеткендіктен қалыптасқан ұғымды өзгертіп жатқанның қажеті болмас. Мұндағы басты мақсат – қылмыстылықтің себептілігі мен детерминациясына баса көңіл аудару, адамдарды қылмысқа жібермеу.
Бұл терминмен қатар сақтандыру термині де қолданылады. Кейбір авторлар бұл екі ұғымды синонимдер дейді, кейбіреулері олардың арасында айырмашылық бар дейді. Сақтандыру туралы, көбіне, нақты қылмыстардың жолын кесуге қатысты айтады, бұл ретте қылмыстың ойластырылуы, оны жасауға дайындалу фактісін дер кезінде ашу және ол фактіге шара қолдану жайында сөз болады. Бұл тұрғыдан алғанда сақтандыру жоғарыда көрсетілген классикалық мәндегі қылмыстылықтің алдын алу мен құқық қорғау қызметінің ортасындағы көпір іспетті, тіптен соңғысына жақын тұрған сияқты.
Қылмыстылықтің алдын алу жүйесінде үш түр бөлініп алынады: жалпы, арнаулы және жеке дара алдын алу. Бұлай бөлуге алдын алу қызметінің ауқымы негіз болған.
Қылмыстылықтің жалпы алдын алу дегеніміз – қылмыстылықтің барлық халыққа немесе оның топтарына ықпал ететін, жалпы экономикалық, әлеуметтік және өзге критерийлер бойынша бөлініп алынатын және бұл ретте ондай әлеуметтік топтардың іс жүзінде барлық өкілдеріне қылмыстық іс-қимыл мүмкіндігін жасайтын детерминация және себептілік процестерін жою жөніндегі шаралар жүйесі. Жалпы алдын алуға қатысты алатын болсақ, әңгіме бұл жерде - халықтың басым көпшілігінің қайыршылыққа ұшырау, ал ат төбеліндей адамдардың тікелей қылмыстық іс-әрекеттер жасап байып кету процесін тыйып тастау жайында; адал кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау және қылмыстық жолмен түскен табысты заңдастыру (жуып-шаю) әрекетіне қарсы қатаң шара қолдану жайында болып отыр. Бұл аса мұқтаждықтан немесе қолы жүріп тұрғандар қатарына қосылсам ба деп криминалдық әрекетке ниеттенушілерге тосқауыл болады.
Мысалға мынандай жалпы алдын алу-шаралары жүзеге асу керек:
1. ¦тымды экономика, меншік нысаныныњ кµпт‰рлілігі, адамдардыњ іскерлік белсенділігі мен ынтасын кµтерудіњ негізінде нарыќтыќ ќатынастарды ќалыптастыру.
2. Жас адамдардыњ єлеуметтік, экономикалыќ жєне басќадай жаѓдайларын жаќсартуѓа, олардың µз бетімен ењбекке жєне ќоѓамдыќ-саяси µмірге араласуы ‰шін мемлекеттік жастар саясатын ќаржымен, зањмен ќамтамасыз етуге шаралар ќарастырып, оны ж‰зеге асыру.
3. Оќу орындарында Мемлекет жєне ќ±ќыќ негіздері жєне Ќ±ќыќтану пєндерін оќытудыњ сапасын жаќсарту. Оќылатын саѓат санын 60-ќа дейін кµбейтіп, курс аяѓында емтихан алуды ќарастыру.
4. Пайдаќорлыќ-зорлыќ ќылмыстарыныњ алдын алуды жалпы ќоѓамдыќ дењгейде ќарастырѓанда Ќазаќстан ‰шін µзекті проблема - адамдарды ж±мысќа орналастыру мєселесін шешу ќажет. Нарыќтыќ ќатынастарѓа кµшу ж±мыссыздар саныныњ кµбеюіне єкеліп соќты. Сондыќтан да Ењбек туралы Зањныњ негізінде Ќазаќстан халќын ењбекпен ќамтамасыз етудіњ 2004-2010 жылдарѓа арналѓан Мемлекеттік баѓдарламасын жасау керек. Б±л баѓдарлама халыќты ењбекпен ќамтамасыз етудіњ облыстыќ, ќалалыќ жєне аудандыќ баѓдарламалары негізінде ж‰зеге асырылуы тиіс. Ол ‰шін єр т‰рлі мемлекеттік органдардыњ, ж±мыс берушілердіњ жєне ќоѓамдыќ ±йымдардыњ µзара тыѓыз байланыста болуы шарт. Мемлекеттік баѓдарлама 4 бµлімнен т±руѓа тиіс: а) кµрсетілген кезењде республиканыњ ењбек рыногында ќалыптасќан жаѓдай; б) ењбек рыногын болжау; в) ењбекпен ќамтамасыз ету, ж±мыссыздар санын азайту жєне ж±мыссыздарѓа єлеуметтік ќолдау кµрсету шаралары; г) 2004-2010 жылдардаѓы ењбекпен ќамтамасыз ету ќоры.
5. Республиканыњ ірі ќалаларында ќ±ќыќ б±зушылыќтан алдын алудыњ кешенді шаралары жасалуѓа, онда ќаланыњ экономикалыќ, єлеуметтік, географиялыќ жєне басќа ерекшеліктері ескерілуге тиіс. М±ндай шаралар ќаланы єлеуметтік дамытудыњ 2005 жылѓа арналѓан жоспарына кіруі керек. Онда ќылмыстылыќпен күрестіњ негізгі проблемаларын жан-жаќты ќамтитын наќты шаралар жєне к‰рестіњ озыќ тєжірибелері кµрініс табады. Ќ±ќыќтыќ тєртіпті ќорѓау шаралары тар маѓынада емес (халыќ жасаќшыларын ќ±ру, маск‰немдермен к‰рес, жатаќханаларда тєртіп орнату, т.б. ), оларды кењ єлеуметтік ауќымда ж‰зеге асыру ќарастырылады, мысалы, халыќтыњ кµші-ќонын реттеу, ќоѓамѓа кµндіктіру процесін басќару, ќаланыњ инфраќ±рылымын дамытуѓа белсенді ќатысу, халыќты ќоѓамдыќ тєртіпті ќорѓауѓа ж±мылдыру, т.б.
6. Зањды жалпыѓа бірдей оќытуды жєне зањѓа тєрбиелеуді ±йымдастыру. Кєсіпорындардыњ, мекемелердіњ, ±йымдардыњ, оќитын жастардыњ жєне басќа да азаматтардыњ ќ±ќыќтыќ оќу ж‰йесін ќ±ру.
Халыќ арасында зањды жан-жаќты насихаттау, атап айтќанда, жасалѓан ќылмыс ‰шін жазаланбай ќалу м‰мкін еместігіне кµз жеткізу, адамды ќастерлеуге, оныњ жеке басын сыйлауѓа баулу, зањды, ќоѓамдыќ тєртіпті б±зуѓа болмайтындыѓын санаѓа жеткізу. Б±л т±рѓыдан алѓанда б±ќаралыќ аќпарат ќ±ралдарыныњ рµлі зор.
7. Ќ±ќыќ б±зушылыќтыњ алдын алудыњ єлеуметтік базасын ныѓайту. Єлеуметтік-экономикалыќ шаралар арќылы кµпбалалы отбасыларын, зейнеткерлерді, халыќтыњ нашар т±ратын топтарын мемлекеттік ќамќорлыќќа алу. Ењ аз табысты жєне к‰н кµріс ‰шін ќажетті азыќ-т‰лік мµлшерін ауыќ-ауыќ ќайта ќарау. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін, ата-анасыныњ ќамќорынсыз ќалѓан, жетім ќалѓан балаларѓа, ќарттарѓа арналѓан ‰йлерді кµбейту.
8. Азаматтардыњ єлеуметтік-ќ±ќыќтыќ белсенділігін арттыру. Ќ±ќыќ тєртібін саќтауѓа азаматтарды тартудыњ жања нысандарын табу. Жєбірленушілерді, куєлерді ќорѓауды зањ бойынша реттеу. Зањдылыќты ныѓайту ісінде белсенділік танытќан адамдарѓа єлеуметтік ќолдау жасау.
9. Бас бостандыѓынан айыру орындарынан босанѓан адамдардыњ єлеуметтік аќталуына кµмектесу. Оларды ж±мысќа орналастыру ж‰йесін ќ±ру. Сотталѓан адамдардыњ ќажетті ж±мысшы мамандыѓын игеру ‰шін жаза µтейтін колониялардыњ ж±мысын жаќсарту жєне жетілдіру. Єлеуметтік аќтау орталыќтарыныњ, бас бостандыѓынан айыру орындарынан босанып келген адамдарды ќоѓамѓа кµндіктірудіњ басќа да нысандарыныњ ќызметін ±йымдастыруѓа кµмектесу, оларѓа ќолдау жасау35.
Жалпы алдын алу шеңберінде жеткіншек ұрпақтың оңтайлы тәндік, рухани және өнегелік дамуы, қандай да бір психо-физикалық ерекшеліктері бар адамдарды (сараң, зағип және т.б.) тиімді әлеуметтендіру мәселесі шешіледі.
Қылмыстылықтің жалпы алдын алу қоғам өмірінің әлеуметтік те, экономикалық та, саяси да, рухани да саласын сауықтыру жөніндегі шараларды қамтиды. Қылмыстылықпен күрес қоғамның барлық саясатының: мемлекеттік те, әр түрлі мемлекеттік емес құрылымдар мен азаматтық қоғамның институттарының қызметінің де ажырамас бөлігі болуға тиіс.
Қоғам өмірінің әр түрлі салаларының өзара әрекеттестік факторларын ескеру керек. Егер экономикадағы немесе әлеуемттік өмірдегі қандай да бір теріс құбылысты тез жою мүмкін болса, оның саяси немесе рухани өмірдің белгілі бір факторларымен өзара әрекеттестігін қамтамасыз етіп, оны біршама бейтараптандыруға болады.
Жалпы алдын алу шараларын криминологтар емес, басқа мамандар (экономистер, социологтар, саясаттанушылар, әлеуметтік психологтар, басқару мамандары және т.б.) ойластырады.
Қылмыстылықтің жалпы алдын алудағы криминологтың рөлі мыналарға тіреледі:
Біріншіден, қылмыстылықтің себептілігі және детермианциясы жайындағы белгілі бір кезеңнің ақпаратын береді, атап айтқанда, қандай өзара әрекеттестіктердің қандай мән-жайларда қылмыстылық ретінде қабылданатынын және криминогендік деп бағалануы мүмкін екендігін көрсетеді.
Бұл ақпаратты одан кейін экономистер, социологтар және басқа мамандар өңдейді, ол қайта құру бағдарламаларын, елдің экономикалық, әлеуметтік және басқадай дамуының мақсатты бағдарламаларын жасау процесінде қоғамдық қатынастарды жетілдіру үшін бағдар болады. Криминолог ауа райын болжап, оның қандай болатынын білетін, бірақ азаматтарға плащ кию немесе қол шатыр алу керектігін айтып жатпайтын метеоролог сияқты, дейді проф. А.Д.Берензов. Криминолог, зерттеулерге сүйеніп, неден аулақ болу, неменеге жол бермеу керектігін ғана көрсетеді. Бұл да аз емес. Оңтайлы экономикалық және басқа шешімдерді іздестіру белгілі бір шектерде жүзеге асырылады.
Екіншіден, криминолог, қоғамды дамытудың және сауықтырудың әр түрлі бағдарламаларын жасауда консультант ретінде тартылады. Мысалы, қоғамдағы бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралардың жалпы алдын алушылықтағы нәтижелілігін немесе балаларға көмек көрсету бағдарламаларын алдын ала бағалау үшін, немесе қылмыстылықпен күресті жетілдіру жөніндегі арнайы ұсыныстар қаншалықты толық ескерілгендігін бағалау үшін тартылады.
Үшіншіден, криминолог, мүдделі ұйымдардың тапсыруы бойынша әлеуметтік-экономикалық және басқадай қайта құру бағдарламаларының жобаларына, заң жобаларына криминалогиялық сараптама жүргізеді. Бұл ретте ол қылмыстылықтің себептік кешеніне, айта келе оның өзіне қандай да бір заңды, жекешелендіру бағдарламасын қабылдау қандай әсер келтіреді, немесе қылмыстылықпен күрес жүйесіне, яғни қылмыстылықке ішкі әскерлер бөлімшелерінің санын ұлғайту, кейбір құқық қорғау органдарын қайта ұйымдастыру қандай әсер етеді деген сұрақтарға жауап береді.
¤лім жазасымен ќорќытќан к‰нде де ќылмыстылыќты жењу м‰мкін емес, деген С.В. Максимовпен келіспеуге болмайды. Жаза ќанша ќатањ болѓанмен, ќылмыстылыќтыњ т‰біріне балта шабуѓа ќоѓам ќаншалыќты ±мтылѓанмен кєнігі ќылмыскерлерден арылу м‰мкін емес. Жазамен ќорќыту да, жазалау да ќылмыстылыќты жоя алмайды дейді И.Э. Звечаровский. Жазадан кµп талап етуге болмайды, неге есептелсе ол соны ѓана береді, яѓни ол адамды µнегелі етіп ќайта жарата алмайды, тек ќылмыстыќ єрекетті тежейтін ќ±рал ѓана болуы м‰мкін -деп д±рыс айтады И.И. Карпец. Б±л пікірді М.А. Ибрагимов те ќ±птайды36. Осыѓан ќарамастан зањ шыѓарушы ауырлататын жєне ерекше ауырлататын мєн-жайларда жасалѓан пайдаќорлыќ-зорлыќ ќылмыстары ‰шін ±заќ мерзімге бас бостандыѓынан айыратын санкцияларды саќтауѓа, тіптен олардыњ санын кµбейтуге бет алып отыр, б±л жаѓдай соттардыњ ќ±ќыќтыќ санасына ќатты єсер етуде.
Жаза тағайындау да қылмыстылықтың жалпы алдын алу шараларының бірі.
18 - кесте - К‰ш кµрсетіп тонау, ќорќытып алушылыќ жєне ќараќшылыќ ‰шін жаза таѓайындау практикасы
Сот таѓайындаѓан жаза
Ќылмыс түрі
Төменгі шектен төмен (%)
Санкцияның төменгі шегіне жақын (%)
Орташа деңгейден төмен (%)
Санкцияның жоғарғы шегіне жақын (%)
Барлығы (%)
Күш көрсетіп тонау
6,5
59
7,5
37
100
Ќараќшылыќ
3,5
51
15
30,5
100
Қорқытып алушылық
2
61
13,5
23,5
100
Бандитизм
-
14,5
17,1
67,4
100
Пайда табу мақсатымен адам өлтіру
-
8,4
21,3
71,3
100

Таѓайындалѓан жазалардыњ ширегінен артыѓы санкциялардыњ орта мµлшерінен жоѓары болуы, ал бандитизм мен пайда кµру ‰шін адам µлтіруде оныњ 60% асуы б±л ќылмыстардыњ ќоѓамѓа ќауіпті екендігін жєне олармен к‰ресте ќатањ жаза ќолдану керектігін растайды37.


Құжаттардың криминологиялық сараптамасы деп маман-криминологтардың заңдардың, өзге де нормотивтік құқықтық актілердің жобаларын олардың қылмыстылықке, оның детерминациясы, себептілігі процестеріне, сондай-ақ қылмыстылықпен күрестің жайына ықпал ету мүмкіндігі тұрғысынан зерттеуін айтады.
Маман-криминолог, ол - арнайы криминологиялық білімі бар, криминология мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер, профессор атағы бар немесе криминологиялық зерттеулермен, криминологияны оқытумен айналысатын және маман-криминологтардың қатысуымен тиісті қызметке аттестатталған адам.
Криминологиялық сараптама жүргізу бір немесе бірнеше маман-криминологке немесе ғылыми-зерттеу мекемесінің не жоғары оқу орнының криминологиялық бөлімшесіне, егер ондай бар болса – криминологиялық қызмет бөлімшелерінің қызметкерлеріне, немесе криминологтардың заңды тіркелген кәсіби ұйымына жүктеледі. Өз қорытындысын тиісті сілтемемен негіздеу үшін маман-криминологтар, қажетті жағдайларда, басқа мамандардың консультацияларын алады және олардың тұжырымдарын пайдаланады.
Егер криминолог өзінің алдына қойылған мәселелерді кеңірек зерттеу және заң жобаларына және басқа нормативтік құқықтық актілерге жан-жақты баға беру керек деген қорытындыға келсе, ол тапсырыс беруші алдына зерттеу шеңберін кеңейту және басқа мамандар шақырып кешенді сараптама жүргізу туралы мәселе қояды.
Нақты сарапшыны таңдағанда оның криминологиялық мамандануы, біліктілігі, тиісті жобаға немесе қолданыстағы нормативтік заң актісіне жеке мүдделі еместігі, дұрыс және кәсіби зерттеулер жүргізуге қабілеттілігі ескеріледі.
Мұндай криминологиялық сараптамаға заңдардың, ҚР Президенті жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулыларының, ҚР Жоғары Сот Пленумы, нормативтік сипаттағы басқа да құжаттардың жобалары, сондай-ақ, егер өзгерту немесе бұзу жөнінде мәселе көтерілсе - заңды күшіне енген жоғарыда аталған нормативтік актілер жіберіледі.
Қылмыстылықпен күреске және осы күрестің жүйесіне тікелей қатысы бар заңдардың және өзге құқықтық нормативтік актілердің жобаларын қарағанда және қабылдағанда криминологиялық сараптама міндетті түрде жүргізіледі.
Криминологиялық сараптама мына шешімдер: 1) әлеуметтік қайта ұйымдастыру және басқа бағдарламалардың даярлануы және қабылдануы үшін жауапты лауазымды адамның немесе органның, немесе заңнамалық бастама туралы шешім немесе басқа номативтік құқықтық актінің жобасын енгізу бастамасы; 2) қайта ұйымдастыру жобасын, заң жобасын немесе өзге нормативтік құқықтық акт жобасын құраушы органның, лауазымды адамның, сондай-ақ оны қабылдауға заң уәкілеттік берген адамның шешімі бойынша тағайындалады.
Сараптама тағайындау туралы шешімде жазбаша сипат болады, онда сарапшы алдына қойылған мәселелер, криминологиялық сараптама объектісі, оны жүргізудің мерзімдері мен жағдайы, оны жүргізуге және сарапшыларға кететін қаражаттың мөлшері көрсетіледі.
Тиісті шешімді алған маман-криминолог немесе ұйым осы шешімді шығарған лауазымды адамға немесе органға шешімді сөзсіз орындауға қабылдағаны туралы, не жазбаша хабарламада көрсетіп, шешімді қосымша шарттар сақталғанда орындауға қабылдайтындығы туралы, не ондай шешімнің сылтаулары көрсетіліп өзінің сараптама жүргізуі мүмкін еместігі туралы, не басқа сараптама, оның ішінде кешенді сараптама жүргізу керектігі туралы хабарлауға міндетті.
Қосымша шартты криминологиялық сараптама жүргізу туралы шешім қабылдаған орган немесе лауазымды адам, қажетті болған жағдайда маман-криминологты қатыстырып, қарайды, содан кейін ол маман, не қосымша шарттың қабылданып, сараптама жүргізу жөніндегі тапсырманың күшінде қалғандығын, не қосымша шарттан бас тартылып, криминологиялық сараптамаға қатысты басқа шешім қабылданғанын хабарлайды.
Тиісті құжаттарға криминологиялық сараптама жүргізу туралы тапсырма алу фактісі екі жақ қол қойған шартпен рәсімделеді. Бұл шарттан туындаған дауларды оған қол қойған тараптардың біреуінің талабы бойынша сот қарайды.
Қылмыстылықтің арнайы алдын алу дегеніміз – қылмыстылық детерминациясы мен себептілігінің жекелеген әлеуметтік топтарға қатысты процестерге, қылмыстылықтің жасалу ықтималдығы жоғары әрекет салалары мен обектілерге ықпал етудің жүйесі. Қылмыскерлер үшін айрықша тартымды, олар шоғырланатын, ұйымдасып әрекет ететін нысандарға баса көңіл аударылады.
Әдебиетте басқадай да анықтама бар: қылмыстылықтің арнайы алдын алуды криминологиялық білімдер мен дағдыларды қылмыстылық-құқықтық нормаларды сақтау мақсатында адамдардың іс-қимылдарын реттеу үшін пайдаланатын мақсатты процесс деп анықтауға болады. Мұндай көзқарас криминологияның қайта туындауының алғашқы кезеңдерінде орын алды, ал кейін қылмыстылықтің жалпы және арнайы алдын алу туралы түсінік қылмыстылықтің себептілігі мен детерминациясы процестерін әр түрлі деңгейлерде: неғұрлым жалпы деңгейде – макро-, микро ортада, әлеуметтік-мемлекеттік ортада (жалпы алдын алу) және орта деңгейдегі ортада (арнайы алдын алу) жоюмен толығырақ сәйкестене бастады38.
Криминологиялық зерттеулерге сүйеніп қылмыстылықтің арнайы алдын алғанда жоғары криминогендік және жоғары виктимдік әлеуметтік топтар, әрекет салалары және объектілер бөлініп алынады. Біріншілерге, мысалы, сәтсіз отбасыларынан шыққан кәмелетке толмағандар; тұрақты табыс көзі жоқ адамдар; халықтың кедейшіліктен де төмен тұрған топтары жатады. Жоғары виктимдіктерге – мол байлықтың иелері және құндылықтар сақталатын объектілер, әрекет саласынан – ақша және валюта айналымымен байланыстылар, объектілерден – көші-қон тасқыны мол аймақтар және т.б. жатады.
Виктимология саласындағы мамандар рөлдік виктимдікті бөліп алады, олар: а) адамның кемшілігімен және ол орындайтын рөлдің күрделілігімен байланысты; б) әрекеттің күрделілігінен, ол адам тап болған ситуациядан туындайтын рөлдер.
Жеке бастың виктимдігі дегеніміз қылмысқа құрбан болу ықтималдығын көтеретін жеке бастың сипаттамасы.
Мысалы, кәмелетке толмағандар қылмыскерлігінің, немесе алтын өндіру және өңдеу саласындағы қылмыстылықтің, немесе тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы қылмыстылықтің алдын алу бағдарламасы жасалады. Қылмыстылықтің детерминациясы мен себептілігінің жалпы процестерімен қатар тек кәмелетке толмағандарға, алтын өндіру және өңдеуге, тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарына қатысты арнайы процестерді бөліп ала отырып тиісті қылмыстылықті арнайы зерттеу оларға криминологиялық негіз бола алады. Ал, тиісті себептік кешендер мен детерминациялық өзара әрекеттестіктер бұл жағдайларда әр түрлі болып келеді. Қоғамды түгелдей жетілдірмей-ақ белгілі бір топтың немесе объектінің криминогендік және виктимдік потенциалын, шындығында, шектеулі мөлшерде төмендетуге болады. Мұның өзі де жаман нәтиже емес.
Осы жолдар авторының жүргізген зерттеулері бойынша жәбірленушілердің виктимдік мінез-құлқы туралы негізгі қорытындылары төмендегідей.
Айыпталушымен таныс емес жәбірленушілердің 42,2%-і қарақшылық шабуыл кезінде өлген.
Жәбірленушілердің 87%-і ер адамдар, 13%-і әйелдер болған. Қарақшылықта - 17, күш қоладынып тонауда-2, пайдақорлықпен кісі өлтіруде-10,4 пайызында жәбірленуші жұбайы не бірге тұрушысы болса, сотталушыға туыс болып келетін жәбірленушілер қарақшылықта - 18,1, қорқытып алушылықта - 27,7, күш қолануп тонауды - 3, пайдақорлықпен кісі өлтіруде- 9,5 пайызды құрайы. Ал таныстары мен көршілерінің жәбірленушіге қарсы қылмыс жасауы қарақшылықта - 22,6, қорқытып алушылықта - 32,9, күш қолданып тонауды - 45,5, пайдақорлықпен кісі өлтіруде - 12,2 пайызды құрайды, қалған жағдайлардың бәрінде таныс еместер оларға қатысты қылмыс жасаған.
Жәбірленушілердің жасына байланысты да көрініс те әр қилы: қорқытып алушылық пен қарақшылыққа ұшырайтындардың жасы көбіне 31-50 жас аралығында болса, күш қолданып тонауға ұшырайтындардың жасы - 31-40 жаста, бандитизм мен пайдақорлықпен кісі өлтіру кездерінде барлық жас аралықтарына байланысты бірдей пропорцияда.
Шабуылға ұшырағандардың 7% мас күйінде болған.
Пайдақорлық зорлық қылмыстардан зардап шегушілердің виктимдік мінез-құлқы әр қилы болуы мүмкін. Жәбірленушінің бейтарап мінез-құлқы - бұл жәбірленушінің виктимологиялық қауіпті жағдайдың тууына қалай да болса әсер етпейтін, сондай-ақ қарсылық көрсетпеумен байланысты емес мінез-құлық түрі. Жәбірленушінің жағымды мінез-құлқы - бұл жәбірленушінің виктимологиялық қауіпті жағдайдың тууына себепкер бомайтын, жағдай туғызбайтын, сондай-ақ жағдайға қарай абай, мұқият болуы және қылмыскер(лер)ге қарсылық көрсететін мінез-құлқы. Жәбірленушінің жағымсыз мінез-құлқы - бұл жәбірленушінің виктимологиялық қауіпті жағдайдың тууына себепкер болатын әрекеті не әрекетсіздігі:
-адам мас күйінде адамсыз жерлерде ұйықтап қалып, тонау мен қарақшылықтың жәбірленушісіне айналатын жағдай;
-ол күйінде, әлбетте, қылмыскерлерге қарсылық көрсете алмайды; адам мас күйінде қылмыскердің басқа жерге шығу туралы ұсынысына келісіп, діттеген жердегі кінәлінің сыбайластарына ұрынатын жағдай;
-көп адамға қарсылық көрсете алмайды;
-адам өзіне жаңа таныстарды белсенді түрде іздеп, оларды өз үйіне шақырып, спирт ішімдіктерін ішіп, қылмыс жәбірленушісіне айналады;
-әрине, мас күйінде қарсылық көрсете алмайды;
-адам есік қағып тұрған адамның кім екендігін анықтамай немесе оның айтқан өтірігіне иланып, есік ашып, сол жерде шабуылға ұшырайтын жағдай;
-қылмыскерге сенгендігінен қаражат туралы ақпараттарды айтып немесе ақша тұрған жерлерді көрсететін жағдай;
-адам өзін бай етіп көрсетіп, бай адам есебінде әсер қалдырып, қылмыскерлердің назарын аударып алатын жағдай;
-адам қарақшыға не тонаушыға қарсылық көрсете алатын мүмкіндігі бола тұра қорқақтық танытып, қылмыскерлерге орай туғызатын жағдай39.

Қылмыстылықтің жекелеген түрлерінің ерекшеліктерін көрсететін криминологиялық жұмыстарда онымен күрестің ерекшеліктері де көрсетілген.


Қылмыстылықтің арнайы алдын алуда криминолог белсенді рөл атқарады: біріншіден, ол зерттеулердің мақсатты арнайы бағдарламаларын жасау үшін база болып табылатын нәтижелерін ұсынады, екіншіден, тиісті субъектілердің, объектілердің, қызмет саласының криминогендігін және виктимдігін төмендетудің нақты бағыттарын ұсынады; үшіншіден, осы бағыттарды іске асыру шараларының жүйесін жасауға қатысады. Олардың мақсатты арнайы бағдарламалар жобаларына криминологиялық сараптама жүргізуі жайында айтуға болар еді, егер мұндай бағдарламалар криминологтың қатысуынсыз жасалған болса. Ал, мұндай бағдарламалар әрқашанда криминологтың тікелей қатысуымен жасалады.
Жеке дара алдын алу, бұл – қылмыстық іс-қимылдың себептері мен жағдайларын жеке дара деңгейде, жекелеген адамдарға қатысты жою.
Жеке дара алдын алу: а) адамның ортасына, б) адамның, бәрінен бұрын оның жеке басының сипаттамасына, в) сол адамның ортамен өзара әрекеттестік процесіне ықпал етуді қамтиды.
Адамның ортасын сауықтыру – оның өмір салтын сауықтырудың, криминалдық контактілерді болдырмаудың, қылмыстылықтің құрбаны болу қаупінен сақтандырудың, ықтимал конфликтік ситуациялардың алдын алудың маңызды құралы.
Субъектінің жеке бастық және басқа сипаттамаларының оң өзгерісі оның әр түрлі жағдайларда ұдайы заңды іс-қимыл жасауына, келеңсіз контактілер мен іс-әрекеттер іздеуден бас тартуына көмектеседі. Адамның ортамен өзара әрекеттесу процесіне түзету енгізу дегеніміз оны оң әрекеттер, оң әлеуметтік байланыстар жүйесіне кіргізуді білдіреді (жұмысқа тұру, оң сипаттағы спорт командасына кіру, т.б.). Немесе, егер заң көтерсе, ондай адамның келеңсіз байланыстарына, түнгі уақытта үйден тыс жерлерде болуына жол бермеу жөнінде шара қабылдау және т.б.
Қылмыстық іс-қимылдың жеке дара алдын алу әдістеріне адамға қажетті әлеуметтік көмек көрсету, онымен тәрбие жұмысын жүргізу, заң негізінде және шегінде ғана мәжбүрлеуді қолдану жатады.
Өзіне қатысты осындай алдын алу шаралары жүзеге асырылатын нақты адамды таңдағанда мына мән-жайлар ескеріледі:
1) Адамдардың іс-қимылдарының сипаттамалары: а) қылмыстарды жасауы. Алдын алу объектілері, әрқашанда: қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеген адамдар, қылмыстық жауапкершіліктен ақталмайтын негіздер бойынша босатылған адамдар, өздеріне қатысты тәрбиелік ықпалдың мәжбүрлеу шаралары қолданылған кәмелетке толмағандар және т.б.; б) адамның қылмыстық іс-қимылымен заңды байланыстағы құқыққа қарсы басқа іс-әрекеттерді жасауы; в) адамның аса биморальдық іс-әрекеттер жасауы (ішімдікке салынуы, есірткі қолдануы, т.б.); г) адамның жасқа, басқа да әлеуметтік позицияларға, рөлдерге айқын сәйкес келмейтін және де қылмыстық іс-қимылдармен байланыста болуы заңды іс-қимылдары. Жеткіншектердің жезөкшелігі, олардың темекіге, ішімдікке құштарлығы, оқуды ерте тастап кетуі, мысалы, олар темекі, ішімдік, сәнді киім алу, достарын сыйлау үшін ересектерден жасырын ақша іздеуге мәжбүр болады, келешекте адал қызмет етіп өздерін толық қамтамасыз ету мүмкіндігінен айырылады. Шағын ғана жалақымен отырған қызметкерлердің қымбат шетелдік туристік сапарға шығуы, өте қымбат киім, машина алуы оған баса назар аударуға негіз болады. Егер бұл борыштың нәтижесі болса, онда мұндай қызметкерлерге заң шегінде ықпал ету – оның сыбайластық іс-қимылының алдын алудың маңызды кезеңі.
2) Адамдардың әлеуметтік ортасының сипаттамасы. а) қылмыс жасалатын; б) қылмыстық іс-қимылмен заңды байланыстағы өзге құқық бұзушылықтар жасалатын; в) аса биморальдық іс-әрекеттерге жол берілетін, заң негізінде жатқандарға қайшы келетін идеялар, көзқарастар, құндылықтар жүйесі уағыздалатын және өзін қылмыстық іс-қимылда көрсететін (теріс сипаттағы топтарда, заңсыз секталарда); г) әлеуметтік позициялардың, рөлдердің және құндылықтардың қатты қақтығыстары бар ортада тікелей жүрген немесе оның ықпалын сезіп жүрген немесе оған бағдар алған адамдар тиісінше бөлініп алынады. Мысалы, соңғы жағдайда мәжбүрлі мигранттардың мүлде басқа жағдайда тұрған, өзге әлеуметтік позиция ұстанған және бейімделудің аса үлкен қиындықтарын басынан кешіруші бірқатар топтарын бөліп алуға болады. Мұндай адамдар қылмысқа оп-оңай құрбан да, қатысушы да болып кетеді.
Қылмыстылықтің алдын алуда мынадай кезеңдер бар: 1) ертерек алдын алу; 2) тікелей алдын алу; 3) қылмыстылықтің өзінше детерминациясының алдын алу. Тиісті шараларды қылмыстық іс-қимылдың уақытына қатысты қабылдау уақыты оларды бөлектеудің критерийі болады.
Қылмыстылықтің ертерек алдын алу – қылмыстылықтің детерминация, себептілік процестерін, олар келеңсіз әлеуметтік ауытқулар тудырғанға дейін жою, бейтараптандыру, ал ол ауытқулар қылмыстық іс-қимылдың алдында қалайда болады. Бұл – туындайтын проблемаларды, қайшылықтарды дер кезінде айқындау және тиімді шешу. Мысалы, фермер шаруашылығын дамыту ірі ұжымшар өндірісіне қарағанда басқа техниканы, өнімді өткізудің арнайы жүйесін, өз қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін талап етеді. Бұл проблемалардың шешілмеуі көптеген келеңсіз экономкиалық және басқа құбылыстар тудыруы мүмкін. Кейде қылмыстылықтің ертерек алдын алу жалпы алдын алумен теңдестіріледі. Дегенмен, оларды бөліп қараған жөн.
Қылмыстылықтің тікелей алдын алу – қылмыстылықтің детерминация, себептілік процестерін келеңсіз әлеуметтік ауытқулардың қылмысқа ұласу кезеңінде жою, бейтараптандыру. Мысалы, бұл – көлеңкелі экономиканың қоңыр сеторына ықпал ету, ал қара сектор, ол – экономикалық қылмысқа жатады. Тікелей тауар алмасу, экономикалық қызметті тіркеусіз жүзеге асыру салық төлеуден тікелей жалтару болып табылады, кейде ол адам өліміне алып келетін арнайы ережелерді бұзумен де байланысты.
Қылмыстылықтің өзіндік детерминациясының алдын алу, бұл – қылмыстылықтің өзі тудыратын, кәсіптенген және ұйымдасқан қылмыскерлер мақсатты реттеп отыратын оның детерминация және себептілік процестерін жою, бейтараптандыру, ол дегеніміз, бір жағынан, қылмыстық әлемнің тіршілік етуінің экономикалық, идеологиялық және ұйымдық негіздерін жою, қылмыстық жолмен тапқан мүліктерді дер кезінде тәркілеу, қылмыстық идеологияны, психологияны уағыздауға, жаңа адамдарды қылмыстық әрекетке тікелей тартуға жол бермеу, екінші жағынан, жазасын өтеген адамдардың өздерінің өмір сүруі үшін заңды қаражат иемденуіне мүмкіндік беру, олардың оң талпынысын қолдау, оларға қылмыскер деген жаман ат тақпау және т.б. Мұның бәрі қылмыстардың рецидивіне, ұйымдасқан және кәсіби қылмыстылықтің шоғырлануына тойтарыс болады.
Қылмыстылықтің алдын алу субъектілері көп және неше түрлі. Қылмыстылықтің жалпы алдын алу, бұл - мемлекеттің және қоғамның азаматтық институттарының қызметі. Қылмыстылықтің арнайы алдын алуды мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдар, заңды тұлғалар мен азаматтар жүзеге асырады. Олардың өкілеттіліктерін құқықтық актілер анықтайды.
Қылмыстылықтің мамандандырылған және мамандандырылмаған да субъектілері бар. Соңғылар қатарына қылмыстылықтің алдын алу функцилары өздері үшін бірден бір және негізгі болып табылмайтындар жатады. Бұл, мысалы: ҚР Президенті, Федералдық деңгейдегі және субъектілер деңгейіндегі заң шығарушы және атқарушы билік органдары, жергілікті өзін өзі басқару органдары, оның ішінде Экономика министрлігі, Білім министрлігі, Меммүлік комитеті, Қорғаныс министрлігі және басқалар.
Мемлекеттік салық қызметінің, Мемстандарттың, Мемсауда инспекциясының, Бағаларды бақылау жөніндегі Мемлекеттік инспекцияның, Валюта және Экспорттық бақылау жөніндегі федералдық қызметтің, санэпидқадағалаудың, орман және балық қорғаудың, аудиторлық ұйымдардың және басқа да мемлекеттік бақылау органдарының қылмыстылықтің арнайы және тікелей алдын алудағы рөлі зор.
Азаматтық қоғамның әр түрлі институттарының: саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың және т.б. рөлдері де айрықша.
Қылмыстылықтің алдан алудың мамандандырылған субъектілеріне мұндай алдын алулар олар үшін бірден бір немесе негізгі функция болып табылатын мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, заңды тұлғалар мен азаматтар жатады. Бұлар –прокуратура, ішкі істер органдары, федералдық қауіпсіздік қызметі, кеден және салық полициясы органдары және т.б. Қылмыстылықтің алдын алуға сот та қатысады, ол қылмыстың жасалуына мүмкіндік тудырған себептер мен жағдайларды анықтайды, қылмыстық-іс жүргізу заңына сүйеніп сол себептерді айқындайды.
А.И.Алексеев қылмыстылықтің алдын алудың мамандындырылған субъектілеріне мемлекеттік емес мына құрылымдарды жатқызады: тәртіп қызметінің қоғамдық пункттері, жолдастық соттар, ерікті халық дружиналары (халық отрядтары), кәсіпорындардың маскүнемдікпен күрес жөніндегі комиссиялары, еңбек ұжымдарын сақтандыру кеңестері, прокурорлардың, тергеушілердің қоғамдық көмекшілері, милицияның штаттан тыс қызметкерлері және басқалар. Айта кететін бір жағдай, кейбір көрсетілген құрамалар (мысалы, сақтандыру кеңестері) өз жұмысын тоқтатты, кейбірлерінің қызметі (ЕХД) бұрынғыдай емес, аясы тарылды, көбісі жаңа мазмұн алды, басқаша ұйымдастырылуда.
Мамандандырылған мемлекеттік емес субъектілер қатарына, сонымен бірге, ведомстволық және жеке қауіпсіздік қызметі, жеке күзетпен және детективтік қызметпен айналысатын субъектілер жатқызылуы мүмкін.

§4. Құқық қорғау қызметінің криминологиялық аспектілері



Қылмыстылықпен күрес саласындағы құқық қорғау қызметі дегеніміз, бұл – мемлекет арнайы өкілеттік берген субъектілердің қылмыс жасаған адамдарға, осындай шараларды қолданудың заңда белгіленген тәртібін сақтай отырып, заңда көзделген шараларды қабылдау жолымен жүзеге асыратын қызметі.
Бұл құқық қорғау қызметінің екі жағы бар: 1) жазалаушы - қылмысты айқындау, тойтару, ашу, қылмыс жасаған адамға қылмыстық шара қолданып оны жазалау немесе заң негізінде оны алмастыратын шара қолдану; 2) құқықты қалпына келтіруші - қылмыс нәтижесінде бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру, зиянды өтеу жөніндегі қызмет.
Құқық қорғау қызметі қылмыстылықке қатысты көптеген формаларда жүзеге асырылады, олар: жедел-іздестіру, қылмыстық іс жүргізушілік, қылмыстық-атқарушылық қызмет. Құқықты қалпына келтіру қызметі азаматтық сот ісін жүргізу шегінде, кейде тәртіптік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу шегінде де жүзеге асырылады. Сонымен қатар, қылмыстылықпен күреске арнайы қызметтер деп аталатындар – контрбарлау, барлау қызметтері де қатысады. Олардың қызметі арнайы заңмен реттеледі.
Ең бастысы – құқық қорғау қызметінің осы формалары өзара үйлескен, өзгеріп тұратын криминалдық және криминогендік жағдайға сәйкес болуы тиіс. Бұл жерде де криминологиялық зерттеулердің маңызы зор.
Криминолог қылмыстық құқық, қылмыстық процесс, жедел-іздестіру, контрбарлау және басқа қызметтер бойынша маманды алмастыра алмайды және алмастыруға тиіс емес. Бірақ ол, біріншіден, бұл мамандарды қылмыстылықтегі жаңа құбылыстар, оның себептілігі мен детерминациясы туралы, қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу және өзге заңнамалардың қылмыспен күрестегі тиімділігі туралы дер кезінде хабардар етуге міндетті.
Екіншіден, криминолог, зерттеу негізінде құқық қорғау қызметін қылмыстылықпен күрестегі біріңғай жүйе ретінде құрудың және жетілдірудің негізге аларлық бастаулары туралы ұсыныс бере алады. Ол заңнаманың тиісті саясын жетілдіруге қатысады. Бұл, әсіресе, мүлде жаңа институттар, тәсілдер құрғанда, ал тиісті мамандар олардың қажет екенін де байымдап үлгере алмаған жағдайда маңызды болып табылады. Нормада, тиісті құқықтық шешімдерді, криминологтардың қатысуы және консультациясы болғанмен, тиісті мамандар қабылдауы көзделген.
Үшіншіден, криминолог тиісті заң жобаларына криминологиялық сараптама жүргізеді.
Құқық қорғау органдары құқық қорғау қызметінің субъектісі болып табылады. Дәстүр бойынша оған тек мемлекеттік органдар: прокуратура, ішкі істер, федералдық қауіпсіздік қызмет, кеден, салық полициясы органдары, соттар (бұл біршама даулы), бірқатар басқа органдар жатқызылған. Мысалы, әділет органдары, нотариат, адвокатура. Ал, іс жүзінде ведомстволық қауіпсіздік қызметінде жұмыс істейтін, жеке күзетпен және детективтік қызметпен айналысатын, жалпы адамдар саны 150 мыңдай мемлекеттік емес қуатты құқық қорғау қызметі пайда болды.
Қоғамдық құқық қорғау органдарының қатарына ерікті халық дружиналарын да жатқызуға болады, оларға мемлекет қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі өзінің бірқатар өкілеттігі берілген.
Құқық қорғау қызметі мен құқық қорғау органдарының қызметі ұғымдарын шатастыруға болмайды, себебі соңғының мазмұны кең: құқықтық қорғау органдарына қылмыстылықтің алдын алудан, онымен күресті жалпы ұйымдастырудан туындайтын функциялар да жүктеледі.

§5. Қылмыстылықпен күрестің міндеті және негізге аларлық бастауы



Адамзат еш уақытта қылмыссыз және қылмыстылықсіз болған емес, ал жақын арада олардан арылады деп ойлау ағаттық болар.
Әңгіме - олардың ауқымында және қоғамға қарсы келуінде. Адамзат тарихы көрсетіп отырғандай, егер қылмыстылықпен күрес нашар болса немесе мүлде болмаса, қылмыстылық кең етек алып, қоғам түгелдей қылмыстанып кетеді екен.
Қылмыстылықпен күрес бұл қоғамға қауіпті құбылысты тізгіндеуге, адамның жеке басының менмендік есебі мен басқа субъектілердің, қоғамның мүдделері арасындағы теңдестікті сақтап тұруға мүмкіндік береді; мұқтаждықтар мен мүдделерді қанағаттандырудың қоғам үшін неғұрлым қауіпті тәсілдеріне жол бермейді.
Қылмыстылықпен күрестің ең маңызды негізге аларлық бастаулары деп мыналарды санауға болады:
1. Алдын алу қызметінің құқық қорғау қызметінен басымдылығы, ал алдын алу қызметінде – мұқтаждарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шаралардың заңда көзделген шектеулерден басымдылығы.
2. Қылмыстылықті айқындау, ашу және айыпты адамдарға қатысты заңда көзделген шараларды қолдану.
3. Азаматтардың құқықтары мен бостандығын шектейтін шараларды тек заңның бұзылғандық фактісі бойынша және заңда көзделген жағдайларда ғана қолдану. Қылмыстық іс-қимылға ниетті, оның болу ықтималдығын ғана негізге алып мұндай сипаттағы алдын ала ықпал ету әрекетіне жол берілмейді.
4. Күресті жалпы қоғам болып, жалпы халық болып жүзеге асыру. Мұнда мемлекеттің рөлі ерекше, себебі мәжбүрлеу құралдары мен институттары мемлекеттің қолында. Қылмыстылықпен күрестің бағытын да мемлекет анықтайды. Бірақ, мемлекеттің талпынысы азаматтық қоғамның барлық институттарының, заңды және жеке тұлғаларының талпынысымен өзара байланыста ғана ойдағыдай жеміс беруі мүмкін. Мұны әлемнің барлық криминологтары мойындаған, ол БҰҰ-ның бірқатар қарарларында бекімін тапқан.
5. Қылмыстылықпен күресті заңдылық режимінде, тек мемлекеттің Конституциясы, оған қайшы келмейтін басқа заңдар мен заңға тәуелді актілер шегінде, халықаралық-құқықтық нормаларды сақтай отырып жүзеге асыру. ҚР Контитуциясына сәйкес, ҚР Конститутциясында заңдық күш бар, ол тікелей әрекет етеді және ҚР барлық аумағында қолданылады. ҚР қолданылатын заңдар мен басқа құқықтық актілер ҚР Конституциясына қайшы келуге тиіс емес... Халықаралық құқықтың жалпы мойындалған принциптері мен номалары және ҚР халықаралық шарттары оның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Егер ҚР халықаралық шарттарында заңда көзделгеннен өзгеше ереже белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Адамдардың құқықтары мен бостандығын реттеу және қорғау; қауіпсіздік; сот құрылысы; прокуратура; қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізушілік және қылмыстық-атқарушылық заңнама; рақымшылық және кешіру; федералдық мемлекеттік қызмет ҚР басқаруында болады. Ал, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын қорғау, заңдылықты, құқық тәртібін, қоғамдық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстылықпен күресте едәуір маңыздылығы бар бірқатар мәселелер Ресей Федерациясы мен оның субъектісінің басқаруында болады. Қылмыстылықпен күреске қатысатын органдардың халықтың бақылауында болуы. ҚР Конституциясына сәйкес биліктің бірден бір көзі оның көпұлтты халқы болып табылады, сол сияқты: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну негізінде жүзеге асырылады. Биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот органдары өзінше дербес. Өзекті мәселелердің бірі – халықтың сот органдарының, басқа да құқық қорғау органдарының қызметіне бақылау жасауының тиімді тетігін ойластыру.
6. Қылмыстылықпен күресті кешенді жүзеге асыру: бір кезеңдерде қылмыстылықтің алдын алу шараларымен ғана, басқа кезеңдерде құқық қорғау, әсіресе жазалау шараларымен ғана әуестенуге жол бермеу.
7. Барлық жеке және заңды тұлғалардың заң алдында теңдігін қамтамасыз ету.
8. Қылмыстық қудалауды үнемдеу және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды қолдану, және де - өлім жазасы сияқты айрықша жазаны, басқадай шешім қылмыстың жаңа құрбандарына және басқа елеулі зиянға алып келетін жағдайда ғана қолдану.
9. Жаңа ғылыми және ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалану, қылмыскерлердің алдында жүру.
10. Қылмыстылықпен күрестегі халықаралық ынтымақтастық және екі жақты ынтымақтастық.
Тек Біріккен Ұлттар Ұйымы шегінде ғана мыналар жұмыс істейді: БҰҰ-ның әділет және қылмыстылық саласындағы зерттеулер мәселесі бойынша аймақтық институты – UNICRI; Қылмыстылықтің алдын алу жөніндегі Хельсинки институты - HEUNI; БҰҰ-ның Азия және Қиыр Шығыс елдерінде қылмыстылықтің алдын алу және құқық бұзушылықпен күрес жөніндегі институты - UNAFEI; БҰҰ-ның Латын Америкасының елдерінде қылмыстылықтің алдын алу және балалар қылмысымен күрес жөніндегі институты - ILANUD; БҰҰ-ның қылмыстылықтің алдын алу және құқық бұзушылықпен күрес жөніндегі Африка аймақтық институты - UNAFRI. Қылмыстылықпен күрес проблемалары және құқық бұзушыларға үндеу жөніндегі Халықаралық конгрестер, семинарлар, симпозиумдер жиі өткізіліп тұрады.

10. Қылмыстылықтің жекелеген түрлерінің криминологиялық сипаттамасы

§1. Қылмыстылықтің жекелеген түрін бөліп алудың және оларды зерделеудің маңызы. §2. Қылмыстылықтің сылтаулама негізінде бөлініп алынған жекелеген түрлерінің ерекшеліктері. §3. Қылмыстылықтің адамның жеке басын сипаттайтын демографиялық белгілер негізінде бөлініп алынған жекеленген түрлерінің ерекшеліктері. §4. Объектілердің сипаттамалары және қылмыстық қастандықтың тәсілдері негізінде бөлінетін қылмыстылық түрлерінің ерекшеліктері. §5. Ұйымдасқан қылмыстылық, оның рецидивтік және кәсіби қылмыстылықпен өзара байланысы

§1. Қылмыстылықтің жекелеген түрін бөліп алудың және оларды зерделеудің маңызы



Криминологияда 70-жылдардың аяғынан бастап Ерекше бөлім бой көтере бастады. Бұл қылмыстық құқық жөніндегі мамандар үшін үйреншікті тәсілдерді өзінше қалпына келтіру еді, себебі қазақстандық криминологтар қылмыстық құқықтан шыққан болатын. Ал, Жалпы және Ерекше бөлімдер бөлектенді, мұнда өзінше мән бар еді. Ерекше бөлімде криминологияның барлық жалпытеориялық проблемалары қылмыстылықтің жекелеген түрлеріне байланыстырылып қаралады, әдетте, нақты қылмыстылық белгілі бір мемлекетке және тарихи кезеңге байланыстырылады. Бұл қылмыстылықтің арнайы алдын алу шараларын қабылдауға негіз болады.
Адам өлтіру, әйел зорлау, ұрлық көптеген криминологиялық параметрлер бойынша парақорлықтан, алаяқтықтан, абайсызда жасалған қылмыстардан және басқалардан өзгеше. Қылмыстылықтің жекелеген түрлерінің криминологиялық маңыздылыққа ие ерекшеліктерін ескермеу – онымен күресте мақсатты және нақты тәсілдерді қамтамасыз етпеу деген сөз.
Сонымен қатар, адам өлтірудің немесе алаяқтықтың өзі де біртекті болмайды. Тиісінше, мұндай әр түрлі қылмыстармен күрес шаралары да біртекті болуға тиіс емес.
Қылмыстылықтің жекелеген түрлері әр түрлі негіздер бойынша бөлектенеді.
Белгілер-көріністер деп аталатындардан шығатын қылмыстық іс-қимылдардың мына топтамалары кең таралған:
1. Қылмыстық-құқықтық сипаттамаларға негізделгендер: адам өлтіру (оның ішінде қасақана және абайламай), мүлікті жою және бүлдіру (оның ішінде қасақана және абайсызда) және т.б.
2. Қылмыс субъектісін сипаттайтын белгілерге негізделген. Олар: жыныс (ерлер немесе әйелдер қылмыскерлігі), жас (кәмелетке толмағандар, жастар, ересек адамдар қылмыскерлігі); әлеуметтік жағдай (кәсіпкерлердің, қызметкерлердің, оқушылардың және басқалардың қылмыскерлігі); өзіндік әлеуметтік позиция (рецидивистер қылмыскерлігі, бас бостандығынан айыруды өтеп жатқандар қылмыскерлігі – пенитенциарлық және т.б.) және басқалар.
3. Тіршілік қызметінің қылмыс жасалатын өрісінің (саяси, экономикалық, әскери және т.б.) немесе қызметтің неғұрлым нақты саласының ерекшелігін сипаттайтын белгілерге негізделген.
4. Қылмыстық іс-қимыл сылтауларын талдаудан шығатын: пайдакүнемдік, зорлық және т.б.
Қайта-қайта жаңа критерийлер таба отырып қылмыстылықтің түрлерін шексіз бөлшектеуге болады.
Ал, мынадай сұрақ туындайды: жаңа түрлерді бөліп алу не береді, қылмыстылық заңдылығын айқындауға, онымен күреске көмектесе ме? Бұл жерде зерттеуші бөлініп алынған түрлерді салыстыруы, сондай-ақ олардың қылмыстылықтің жалпы құрылымындағы орнын түсінуі керек.
Басқа жағынан, олардың барлығы біртұтас өте күрделі құбылыстың көріністері екенін түсінбей, олардың өзара байланысы мен өзара әрекеттестігін анықтамай, негізінен детерминацияның бір жүйесінің, бір себептілік кешенінің барлық қоғам деңгейінде туындау фактісін елемейтін болсақ қылмыстылықтің әр түрлі көріністерін (адам өлтіру, парақорлық және т.б.) методологиялық және теориялық сауатты талдау мүмкін емес.
Қылмыстылықтің жекелеген түрлерін өзінше бөлек-бөлек қарағанда қылмыстылықтің күрделі, жүйелік-құрылымдық әлеуеметтік құбылыс ретінде бүтіндігін, оның әрбір түрлерінің диалектикалық өзара байланыстары мен өзара әрекеттестігін әрқашанда есте сақтау керек.
Дәл осы жүйелік-құрылымдық тәсіл қылмыстылықтің көрініс сипаттамасын реттеуге және оның өзіндік детерминологиясының нақты тетіктерін ашуға мүмкіндік береді.
Криминология бойынша оқулықтарда және монографияларда қылмыстылықтің түрлерінің криминологиялық сипаттамасы қаралады. Олардың кейбіреулері жиі кездеседі және олар жалпы қылмыстылықке елеулі ықпал етеді. Ал, кейбіреулері, аса көп таралмаса да, не қоғамға аса қауіпті, не едәуір ерекшеліктерге ие.
Қылмыстылықтің жекелеген түрлерінің детерминациясы мен себептілігі, айта келгенде, мемлекет, қоғам деңгейінде олар үшін ортақ құбылыстармен және процестермен анықталатынын ескеру керек. Бұл процестер мен құбылыстар өздерінің әр түрлі әрекеттестігінде қылмыстылықтің санқилы түрлерін тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, қылмыстылықтің бірнеше түрлері үшін ерекше факторлар, сондай-ақ белгілі бір нақты түр үшін ғана ерекше фактор болуы мүмкін.
Тиісінше, қылмыстылықтің санқилы түрлерімен күресті жалпы және ерекше шаралар кешеніне сүйеніп жүргізу, олардың оңтайлы жиынтығын табу қажет.
Криминология жөніндегі оқулықтарда қылмыстылықтің көптеген түрі жан-жақты қаралады. Бұл қысқаша курста қылмыстылықтің, бөлініп алынуы іс жүзінде өзін қажетті деп көрсеткен, айырмашылығы елеулі криминалдық көріністерге ықпалды мақсатты түрде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін түрлерінің ғана ерекшеліктері көрсетіледі.
Қылмыстылықтің басқа түрлерімен дәстүрлі оқулықтар арқылы-ақ оңай танысуға болады.

§2. Қылмыстылықтің сылтаулама негізінде бөлініп алынған жекелеген түрлерінің ерекшеліктері



Сылтаулама негізінде қылмыстарды және оларды жасаушы адамдарды топтастыру типологиялық топтамаға жақындайды. Қасақана және абайсыздағы қылмыстарды бөліп алу назар аударарлық.
Белгілер-себептерден шығатын қылмыстар: материалдық аса мұқтаждықтан, маскүнемдіктен шығатын қылмыстар топтамасы да типологияға жақын. Қасақана қылмыста бәрінен бұрын пайдакүнемдік және зорлық қылмыстар бөлініп алынады.
Пайдакүнемдік қылмыстылықте оның неғұрлым көп таралған мына түрлері, олардың туындылары бөлініп алынады:
а) адамның жалпы азғындауы – маскүнемдік, наркомания, токсикомания, арамтамақтық, бұлардың нәтижесінде адамда, бір жағынан, бұрмаланған мұқтаждық туындайды, екінші жағынан – оны қанағаттандырудағы қиындық болады, себебі ол біліктілігін жоғалтқан, онда заңды табыс көзі жоқ және т.б.;
б) мол байлыққа кенелуді аңсау, мұның нәтижесінде адам қылмыстың аса қауіпті түрлерін жасауы мүмкін: ұрлық жасайды, шаруашылықтық, лауазымдық қылмыстар, бандитизм және басқа іс-әрекеттер жасайды;
в) төзгілікті өмір деңгейін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайдағы аса мұқтаждық;
г) контрагенттерге заңсыз сыйақы беру және сөйтіп, ақшаны, құндылықтарды берудің және алудың заңға негізделмеген тәртібін пайдалану, салықтар мен өзге төлемдерді төлемеу негізінде кейде мүлде заңды міндеттерді шешуді көздейтін көлеңкелі экономикалық және басқа қатынастар;
д) иесіздік, мүлікті есепке алудың, бақылаудың және күзетудің нашарлығы, құқық қорғау қызметіндегі олқылықтар, бұлардың нәтижесінде мүліктік қылмыс жасауға болатындық және жазасыз қалуға болатындық сенім ұялайды;
е) бюрократизм, ведомстволық, рушылдық, мұның нәтижесінде қайткен күнде де сырт көріністі әдемілеп, мемлекеттік мүліктің талан-таражға түскендігін, басқа қылмыстар болғандығын жасыруға тырысады;
ж) экономиканы басқарудағы қателіктер, нәтижесінде инфляция өседі, халықтың тұрмысы нашарлайды, жекешелендіру процесіне байланысты пайдакүнемдік қылмыстар саны көбейеді;
з) қоғамды басқарудың демократиялық принциптерінің бұзылуы, жариялылықтың, халықтың билікті органдарға бақылау жасауының батымды тетігінің болмауы, нәтижесінде мемлекеттік аппаратты өзінің жеке не кландық мүддесіне пайдакүнемдікпен пайдалану орын алады.
Зорлықты қасақана қылмыстылық, әдетте, өзара байланысты ықпалдан туындайды:
а) халықтың маскүнемдікке салынуы, жыныстық бетімен кету, азғындаған адамдардың, ұйымдасқан қылмыстық құрамалардың ерекше топтарының туындауы, олардың арасында күш қолданған қақтығыстар жиі болып тұрады, ондай қақтығыстар басқа субъектілермен де болады, күш қолдануды – дауды шешудің құралы ретінде дәріптеп жеткіншек ұрпаққа теріс ықпал ету;
б) бұрмаланған көзқарастар, зиянды салттар, дәстүрлер, дағдылар, мысалы, күш қолданып дауды шешу (өш алу, т.б.), әйелдерге қатысты дөрекілік (әйелді ұрып-соғу және т.б.);
в) бюрократизм, жариялылықтың жоқтығы, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметінде орын алған кемшіліктер, нәтижесінде өзара қатынасты анықтау күш жұмсауға дейін барады;
г) халықтың әлеуметтік енжарлығы, мемлекеттік және қоғамдық институттардың шиеленіскен отбасы-тұрмыс проблемаларын шешуде нашар көмек көрсетуі, нәтижесінде ол отбасы қақтығыстары күш көрсетуге дейін, тіптен адам өліміне дейін барады;
д) субъектінің өзін-өзі көрсетуге ұмтылысы және күш көрсетуді нақты жағдайлардағы ең тиімді құрал деп санауы;
е) әлеуметтік бақылаудағы, оның ішінде қоғамдық тәртіпті қорғаудағы кемшіліктер.
Адамның әр түрлі типтерімен әр түрлі жиынтықта және өзара байланыстылықта бұл мән-жайлар қылмыстық іс-қимылдың әр түрлі түрлерін, тіптен зорлық немесе пайдақорлық типтерін тудырады.
Қасақана және абайсызда жасалған қылмыстар талдамасы жеңілтектік нәтижесінде жасалған (бұрын менмендік) абайсыз іс-әрекет қасақана қылмыстарға ұқсас детерминация желісін береді екен.
Абайсызда қылмыс жасаушы қылмыскерлердің жеке басын екі типке бөлуге болады. Олар: мінез-құлқында менмендік басым болатындар және жеңілтектік басым болатындар.40
Қылмысты абайсызда жасау көбіне мыналармен байланысты:
а) іс-қимылдың арнаулы ережелерін зерделеуге және оларды қолданудың дағдыларын алуға жеңілтектікпен жауапсыз қараумен;
б) әлеуметтік позияциялар мен рөлдердің қажетті сабақтастығының болмауымен, мамандарды, лауазымды адамдарды, қандай да бір қызметтің қатысушыларын нашар кәсіби даярлаумен;
в) ведомстволық, мансап, даңқ жолында арнайы ережелерді жақтауды құрбандық етіп басымдылықтар жүйесін бұрмалаумен;
г) ережелерді орындауды қиындататын жағдайларда қалумен (орта талаптарының қайшылығы, жұмыстан шаршағандық, т.б.).
Бұдан біз осы бөлініп алынған барлық жағдайларда қылмыстылықпен күрес бағытының қаншалық әр түрлі екендігін көреміз.

§3. Қылмыстылықтің адамның жеке басын сипаттайтын демографиялық белгілер негізінде бөлініп алынған жекеленген түрлерінің ерекшеліктері



Қылмыскердің сипаттамасы қылмыстық іс-қимылдың детерминациясы мен себептілігінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, олар әр түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің қылмыстылықтерінің ерекшеліктерін анықтайды. Бұл ретте топтар әрқашанда жас және жыныс сияқты демографиялық белгілер негізінде бөлініп алынады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыскерлігінде айрықша ерекшелік бар. Бұл қылмыстылықтің негізгі себептерінің әрекет ету саласы – адамның жеке басының қалыптасуы және оның өмір тіршілігінің аясы. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жолға тұруының типтік тетігі: баланы тәрбиелегісі келмейтін, тәрбиелей алмайтын отбасында болу; оқу орындарында жолы болмау, педагогтармен немесе бірге оқитындармен арадағы қақтығыс; қолы бос уақытында, демалу кездерінде азғындаған немесе қылмыскер адамдармен араласу.
Ортамен өзара әрекеттестікте кәмелетке толмағандардың белсенділігі және дербестігі шектелген: олар өздеріне ата-ана, тәрбиеші таңдап ала алмайды, көбісінде өмір сүру үшін қажетті қаражат жоқ. Ата-анасымен немесе тәрбиешімен арада қатты қақтығыс болып қалғанда бала бірден-бір көңілді жұбататын орта деп өзінің бірге серуендейтіндерінің ортасына барады. Қылмыстылықте жастық ерекшеліктер адамның жеке басының қалыптасуы және өмір тірлігі үшін жағымсыз ортада өзін-өзі айқын көрсетеді. Біріншіден, ол ержеткендіктен көрініс табады, өзі үшін елеулі болып табылатын топқа, адамдарға ол өзін мен де сендердеймін деп көрсетсе, басқа субъектілермен араласқанда мен – тұлғамын деп көрсетеді. Екіншіден, өтіп бара жатқан балалықпен және оның қалдықтарымен байланысты сылтаулар, балалық анархизм деп аталатын санаға ұялайды: табан асты жақсы заттар иемдену, машинада серуендеу, біреуге ақыңды жібермеу, т.б. Үшіншіден, жеткіншектер қылмыскерлігінде олардың ересектерге тәуелділігінен туындайтын сылтаулар бар, бұл ретте олар өз мүдделерін, құқықтарын заңды тәсілдермен қамтамасыз ете алмайды. Осыдан барып қарны тойып тамақ ішпеген бала дәмді тағамдар (конфеттер, т.б.) ұрлайды, үйден кетіп қалады, материалдық аса қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұрлыққа барады, қаңғыбастыққа салынады.
Мәселе бұл жерде адамның жасы сияқты биологиялық факторда емес, мұндай балалардың әлеуметтік дамуында және олар басынан өткізіп жатқан жағдайларда. Өсе келе ересек адамдарға тән позициялар ұстанса, кәмелетке толмағандар қылмыскерлігінің ерекшелігі және оның детерминациясы біртіндеп өз айрықшылығын жоғалтады.
Кәмелетке толмағандар, көбіне, жалпы сипаттағы қылмыстарды жасайды. Ол түсінікті де, себебі олар экономикалық, саяси және өзге ерекше салалардағы қылмыстарға бара алмайды. Олардың криминалдық іс-қимылдарының сипаты көбіне көзге көрініп тұратындықтан, олардың қылмыскерлігінің латенттігі ересек адамдардікіне қарағанда төмен болады. Сондықтан да олардың тіркелген қылмыскерлігінің коэффициенттері жоғары.
Кәмелетке толмағандардың қылмыскерлігімен күресте оның алдын алуға, ал, оның ішінде – кәмелетке толмағандарға әлеуметтік көмек көрсетуге баса назар аударылады. Олардың өздері өз жағдайларын өзгерте алмайды (азғындаған отбасындағы балалар және т.б.), ал олардың жеке басының деформациясы әзірге ересек адамдардыкіндей едәуір болмайды.
Әйелдер қылмыскерлігінің негізгі ерекшелігіне, әдебиетте аталып өткендей, әйелдің қоғамдағы әлеуметтік позициясы мен рөлдерінің ерекшеліктері, сондай-ақ оның іс-қимылының негізгі сылтауларының туындысы жатады.
Әйелдер қылмыскерлігінің деңгейі мен үдемелік қарқыны (тіркелген қылмыстардың абсолюттік саны мен коэффициенттері) ерлердікіне қарағанда едәуір төмен. Бұл, негізінен, әйелдердің көптеген қылмыстарға тікелей емес, жанама қатысатындығының нәтижесінде болады. Бұл қылмыстар – ерлерде сирек кездесетін арандатушылық, қылмыстық жолмен табылғанды сату, пайдалану және т.б.
Әйелдерге қылмыстылықтің басқа құрылымы тән, атап айтқанда, оларда пайдакүнемдік қылмыстар басым, оның ішінде – иемдену, жаратып қою не қызмет бабын теріс пайдалану; алаяқтық, тұтынушыларды алдау.
Әйелдердің зорлық қылмыстарының бір түрі – жаңа туған сәбиді өлтіру. Адамды басқадай өлтірулер, әдетте отбасы-тұрмыстық жағдайларда, қызғаныштан, ашынасынан айырылып қалмау мақсатта жасалады. Оларда көбіне күйеулері, ашынасы, жақын туыстары, тіптен балалар құрбан болады.
Әйелдерге тән әлеуметтік позициялар мен рөлдерді жоғалта бастағанына, аса азғындағандықтан (маскүнемдік, нашақорлық) немесе қартайғандықтан ерлердің өмір салтына жақындай бастағанына қарай әйелдер ерлердікіне ұқсас зорлық және басқа әрекеттер жасайды, тіптен әйел зорлағанға қатысады.
В.А.Серебрякованың айтуына қарағанда айқындалған қылмыскер-еркектермен салыстырғанда қылмыскер-әйелдер арасында егде жастағы адамдар көп екен. Тиісінше, қылмыстылық әрекет, көбіне, не кәсіптік міндеттерді орындаумен, не отбасындағы дау-дамаймен байланысты болады.
Отбасындағы материалдық тапшылықтың салмағы алдымен әйелге түседі, себебі ол, еркекке қарағанда, балаларға, қарияларға қамқорлық жасап, оларды киіндіріп-тамақтандыру міндетін өз мойнына алады. Сондықтан да кедейлік жағдай, әсіресе, әйелдердің қабырғасына батады.
Әйелдер қылмыскерлігінде олардың тіптен заңмен берілген аспектіде ерлермен тең еместігі фактісімен байланысты себептер бар. Бұл әйелдердің еңбек құқығына жасалған қастандық фактісіне мән бермеу, жұмыс берушілердің сексуалдық байланысқа тартуы және т.б.
Әйелдер қылмыскерлігінің алдын алу жалпы және арнайы деңгейде жүзеге асырылады. Әйелдер өмірінің барлық салаларын жалпы жақсартуға, қоғамдағы моральдық климатты жетілдіруге бағытталған, әйелдердің нақты жағдайын өзгерту жөніндегі шаралар база ретінде алынады. Заңдылықты нығайту, әйелдердің өндірістегі, отбасындағы құқықтарын қорғаудың ұтымды жүйесін қамтамасыз ету жөніндегі шараларға; өндірістегі, отбасындағы, тұрмыстағы жағдайларды сауықтыруға; білім, мамандық, әлеуметтік мәртебе алу үшін ерлермен бірдей бастапқы мүмкіндік жасауға баса көңіл аудару керек.
Жазасын өтеп жатқан немесе өтеп келген әйелдерге әлеуметтік көмек көрсету жағына арнайы назар керек, себебі олардың, еркектерге қарағанда, отбасы жиі ыдырайды, кейін қай жерге бас сұғарын білмейді.
Басқа әлеуметтік-демографиялық топтар арасынан криминологтар елеулі ерекшеліктері бар адамдар ретінде мигранттарды бөліп алады.
Мигранттар қылмыскерлігін және оның детерминациясын талдағанда, олардың қазіргі тұрып жатқан ортадан басқа ортада қалыптасқан адамдар екендігін ескеру керек. Тиісінше, олардың бір жағдайларда заңды қалыптасқан және сол жағдайлардың іс-қимыл стандарттарына сәйкес келген жеке бастық сипаттамалары кейде жаңа проблемаларды шешуде жарамсыз болып қалады. Мигранттардың қылмыскерлігінде олардың бұрыңғы ортада, жаңа ортада қалыптасуының және өмір тірлігінің, жаңа жағдайға бейімделу процесінің ерекшеліктері байқалады.
Миграция адамдардың уақытша немесе тұрақты аумақтық орын ауыстыруымен байланысты. Оның мынадай түрлері бар: 1) тұрақты – адамдар жаңа қонысына тұрақты қоныстанады; 2) маусымдық – мысалы, ауыл шаруашылық жұмыстарымен байланысты және т.б. 3) ары-бері – адамдар күніге үйінен жұмыс орнына және керісінше жүріп тұрады; 4) эпизодтық – тұрағын қысқа уақытқа бір рет өзгертумен байланысты (іссапар, туристік сапар және т.б.).
Криминологиялық зерделеуде адамдардың бұл әр түрлі санаттарын айқындау және бәрінен бұрын бөлектеу керек: 1) осы елдің азаматы; 2) басқа мемлекеттің азаматы және қол астындағы; 3) қос азаматтығы бар адамдар; 4) азаматтығы жоқ адамдар.
Сонымен қатар, мигранттарды топтастыру олардың орын ауыстыру себептеріне қарай да жүргізіледі. Бұл жерде босқындар, лажсыз қоныс аударғандар бөлек санатқа жатқызылады, олар тосыннан қоныс аударғандықтан және мал-мүлкінен толықтай немесе жарым-жартылай айырылып қалғандықтан өте қиын әлеуметтік-экономикалық жағдайда қалады. Әлеуметтік-демографиялық топтармен қатар әрқашанда әлеуметтік-экономикалық, өзге критерийлер бойынша да топтар бөлініп алынады. Олардың ішінде: жұмысшылар, қызметкерлер, әр түрлі негіздермен ауыл шаруашылығымен айналысатын адамдар, кәсіпкерлер, тұрақты табыс көзі жоқ адамдар, оның ішінде белгіленген тәртіпте тіркелген жұмыссыздар, сондай-ақ тұрақты орны және жұмысы жоқ адамдар.

§4. Объектілердің сипаттамалары және қылмыстық қастандықтың тәсілдері негізінде бөлінетін қылмыстылық түрлерінің ерекшеліктері



Бұл жерде қылмыстылықтің мемлекеттік, жалпықылмыстық, экономикалық, әскери сияқты түрлері жайында сөз болады. Соңғы кездері оларға сыбайлас жемқорлық және экологиялық қылмыстар да қосылды. Бұл жіктеулер біртұтас мінсіз критерийлерге негізделмеген, дегенмен ол қылмыстылықтің осы бөлініп алынған түрлерінің сипаттамалары мен детерминациясының ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Олар, мысалы, әр түрлі құқық қорғау органдарының немесе қандай да бір құқық қорғау органдары бөлімшелерінің (мысалы, ІІМ-де қылмыстық іздестіру немесе экономикалық қылмыстармен күрес бөлімшелерінің) құзыретін бөлгенде назарға алынады.
Қылмыстылықтің осы түрлерін бөліп алу, кейде, өмірдің әр түрлі саласындағы қылмыстылық сияқты критерийлер негізінде бөліп алуды көрсетеді. Бірақ ол онша дұрыс емес, себебі мұндай жағдайда әңгіме әлеуметтік саладағы, экономикалық саладағы, өмірдің саяси және рухани салаларындағы қылмыстылық жайында болар еді. Мұндай бөлектеуде ескеретін бір жағдай: экономикалық салада тек экономикалық қылмыстар ғана емес, зорлық қылмыстары да жасалады, ол жайында әлі айтылады. Мысалы, зорлық - экономикалық дауларды шешкенде қолданылады. Немесе, жалпықылмыстық пайдакүнемдік іс-әрекеттер де жасалынады (алаяқтық және т.б.).
Қылмыстылықтің түрлерін параграфтың тақырыбында көрсетілген негіздер бойынша бөліп алу қатаң және ғылыми негізделген болып көрінбейді, дегенмен бұл дәстүрге кірген, сондықтан онымен санасу керек.
Бұл түрлерді іс жүзінде бөліп қарау кейде жалпы, кейде керісінше, егжей-тегжейлі болады. Соңғы кездері мына блоктарды бөліп алуға және талдауға баса назар аударыла бастады: а) жалпы сипаттағы қылмыстылық – қылмыскер қылмысты барлық салада жасайды, бірақ олардағы ерекше мәртебені және ерекше әлеуметтік байланыстарды пайдаланбайды; б) экономикалық қылмыстылық – оған қылмыскерлердің экономика, шаруашылық саласындағы экономикалық қатынастарды, байланыстарды, әлеуметтік позицияларды пайдалануы тән; в) сыбайлас жемқорлық қылмыскерлігі - өзінің мемлекеттік органдардағы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы немесе әр түрлі заңды тұлғалардағы қызметкер мәртебесін пайдаланушы субъектілердің сатқындығымен, оларды сатып алумен байланысты; г) мемлекеттік қылмыстылық – оның субъектілері ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздікті және елде конституциялық тәртіпті қамтамасыз ету саласында қылмыс жасайды; д) әскери қылмыстылық немесе әскери қызметшілердің қылмыскерлігі. Соңғы кездері экономикалық қылмыстылық те бөлініп алына бастады.
Жалпы сипаттағы қылмыстылық, әдетте, кәмелетке толмағандар мен жастардың қылмыскерлігімен, адамның ертерек азғындауымен және қылмыстануымен, сондай-ақ маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен, әлеуметтік орнықсыздығымен тығыз байланысты. Онымен күрес бағыты осылармен анықталады.
Экономикалық қылмыстылық, бұл - ойластырылған, жоспарланған пайдакүнемдік криминалдық әрекеттің көрініс табуы, мұны көпшілік жағдайда экономикалық, шаруашылық қызметінің субъектілері ұжымдық негізде және әр түрлі субъектілердің тиісті қызметіндегі жағдайларды, олардың арасындағы байланыстарды пайдалана отырып іске асырады. Ол көлеңкелі экономикамен тығыз байланысты, оның қара секторын құрады, сондай-ақ ол сыбайлас жемқорлықпен де байланыста болады. Соңғыға қатысты алатын болсақ – көптеген экономикалық қылмыскерлер мемлекеттік және басқа органдардың қызметін өз мүддесі үшін өзгертуге, мемлекеттің экономикалық саясатын өз қалауынша белгілеуге тырысуда.
ҚР ҚК-нің Экономика саласындағы қылмыстар тарауында криминологиялық тұрғыдан алынған жалпықылмыстық та (ұрлық, тонау, алаяқтық және т.б.), әдеттегі экономикалық та (заңсыз кәсіпкерлік, тауар белгісін заңсыз пайдалану және т.б.), тіптен сыбайлас жемқорлық та (әр түрлі жарыстар, конкурстар ұйымдастырушыларды және оған қатысушыларды сатып алу) іс-әрекеттер қарастырылған. Экономикалық қылмыстылықтің ерекше түріне салық және кеден қылмыстары да жатады, олармен күресті тиісінше салық полициясы және кеден органдары жүргізеді. Кейде бұл түрлер егжей-тегжейлі зерттеу үшін де бөлініп алынады.
Экономикалық қылмыстылықтің себептілігін және детерминациясын талдағанда ол үшін ерекше болып келетін мына тұстарға назар аудару керек: а) материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге; б) есеп жүргізу мен бақылаудың жайына; в) нақты экономикалық, шаруашылық қатынастардың заңда белгіленетін сипатына; г) адамның жеке басы сипаттамасының сол экономикалық салада, шаруашылық байланыстарда ұстанатын әлеуметтік позициясына сәйкес екендігіне.
Сыбайлас жемқорлық қылмыскерлігі – бұл сыбайлас жемқорлық сияқты әлеуметтік құбылыстың бір бөлігі ғана. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік және өзге қызметкерлердің сатылу және сатып алынуымен және осы негізде өзінің жеке не тар топтық, корпоративтік мүддеде ресми қызметтік өкілеттігін, онымен байланысты беделі мен мүмкіндіктерін пайдакүнемдік мақсатта пайдалануымен сипатталады.
Сыбайлас жемқорлық тетігі дегеніміз, ол: а) екіжақты мәміле, мұнда мемлекеттік және өзге қызметтегі адам өзінің қызметтегі беделіне және онымен байланысты мүмкіндіктеріне негізделген қызметтік өкілеттіктері мен көмегін жеке және заңды тұлғаларға, топтарға (оның ішінде ұймдасқан қылмыстық құрамаларға) жасырын сатады, ал сатып алушы мемлекеттік немесе өзге құрылымдарды өз мақсаттарында: баю, артықшылықты заңды ресімдеу, заңда көзделген жауаптылықтан, әлеуметтік бақылаудан және т.б. құтылу үшін пайдалануға мүмкіндік алады; б) қызметкерлердің пара, қосымша сыйақы талап етуі; в) күшті психологиялық ықпал жасай отырып қызметкерлерді ынта білдіріп, белсене сатып алу. Соңғы ұйымдасқан қылмыстылықке тән.
Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстар мыналарды қамтиды: а) материалдық және өзге игіліктерді және артықшылықтарды беру, алу түрінде жасалынатын құқық бұзушылықтар; б) сыбайлас жемқорлық үшін жағдай тудыратын және оны қамтамасыз ететін құқық бұзушылық (қызметтік өкілеттікті қызмет мүддесіне қарсы пайдалану, билікті асыру және т.б.). Мұндай құқық бұзушылықтарда әр түрлі сипат бар, олар – қылмыстық-құқықтық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және тәртіптік болуы мүмкін.
Міне, сондықтан да кейде сыбайлас жемқорлықпен және қылмыстылықпен күрес деген сөз тіркесі қолданылады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың барлығы бірдей қылмыс еместігін, қылмыстық жазаланбайтындығын көрсетеді. Дегенмен бұл онша дұрыс емес. Одан да бұл құбылыстардың арақатынасын бірін-бірі жарым-жартылай жабатын дөңгелектер сияқты түсінген жөн.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қатары лауазымдық қылмыстылықпен сәйкес келмейді, мысалы салақтық ол қатарға кірмейді. Қызмет бойынша қылмыстылықке де ол толықтай сәйкес келмейді. Мұның қатарына мемлекеттік билікке, мемлекеттік және өзге қызметке қарсы көптеген қылмыстарды жатқызуға болады, сондай-ақ, лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану, лауазымдық өкілеттікті асыру, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, қызметтік жалғандық, кінәсізді әдейі қылмыстық жауапқа тарту, қылмыстық жауаптылықтан заңсыз босату, коммерциялық және басқа ұйымдардағы қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар және бірқатар басқа қылмыстар сыбайлас жемқорлықпен байланыста бола алады. Бұл іс-әрекеттер қатары қылмыстық істерді, парақорлық туралы материалдарды, коммерциялық жалғандықты, коммерциялық қызметке заңсыз қатысуды зерделегенде анықталады, ал соңғының талдамасы статистикалық мәліметтерден басталады. Сыбайлас жемқорлықтың себептілігі мен детерминациясын талдағанда мәселенің үш жағы ескеріледі: 1) қызметтік ортаның сипаттамалары; 2) қызметкерлердің сипаттамалары; 3) олардың өзара әрекеттестігінің жағдайлары мен процестері, қызмет саласындағы әлеуметтік бақылаудың жайы.
Мемлекеттік қылмыстылықке мемлекеттік және қоғамдық құрылысына қастандық жасаушы қылмыстардың жиынтығы деп анықтама берілген. Бұл, бәрінен бұрын, мемлекеттің конституциялық негіздері мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар, бірақ мұның қатарына саяси терроризм деп аталатын фактілер мен жаппай тәртіпсіздіктің кейбір түрлері жатқызылуы мүмкін. Әрине бүлар лажсыздан аштық жариялау емес, негізінде мақсатты сепаратизм, мемлекетті бөлшектеу және т.б. жатқан қылмыстар.
Қылмыстылықтің бұл түрінің сылтауламасын және оны қалыптастырған құбылыстарды талдағанда тек саяси, идеологиялық ұғымдар ғана емес, пайдакүнемдік те, жауапкершіліктен құтылумен байланысты басқа да қылмыстар да, мемлекеттің нақты өкілдеріне, қызметкерлеріне өкпе де байқалады. Сонымен қатар, қылмыстылықтің тек осы түрінде сыртқы деп аталатын ерекше фактор, атап айтқанда шетелдік барлау қызметінің мақсатты әрекеттері көрініс табады. Қылмыстылықтің осы түрлерімен күрес, бұл: а) сыртқы дұшпанмен; б) өз азаматтарының және сол мемлекеттің аумағында тұрып жатқан басқа адамдардың тиісті қылмыстық іс-қимылымен күрес. Бұл екі жағдайдағы әрекеттердің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, әшкереленген өз қылмыскерлерінің бәрі осында қалады, сондықтан адамның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, заң шегінде оған қатысты қолданылатын тәрбиелеу шараларының маңызы зор. Мемлекеттік қылмыстылықтің себептік кешенінде: адамға сырттан ақпараттық- идеологиялық ықпал ету; адамның қалыптасқан өз өміріне қанағаттанбауы; мемлекеттің ресми жүргізіп отырған саясатына толықтай немесе оның кейбір тұстарына келіспеу; басқару органдарына өкпе, кейбір кемшіліктерді басқаша түсіну және қате талқылау; басқа да факторлар орын алады.
Әскери қылмыстылық, С.М.Иншаковтың анықтамасы бойынша, әскери қызметшілер жасаған қылмыстардың жүйесін қамтиды, олар: 1) жалпы қылмыстар, яғни оған қатысты қылмыстық заңда арнайы субъект - әскери қызметшілер көзделмеген; 2) тек әскери – бұл қылмыста арнайы субъект - әскери қызметшілер және объект - әскери құқық тәртібі болады. Тек әскери қылмыстарға бағыныштылық тәртібіне қарсы, әскери қызмет атқару тәртібіне қарсы, әскери техниканы пайдалану, әскери кезекшілікті, күзет, шекара және басқа арнайы қызметтер тәртібіне қарсы қылмыстар, сондай-ақ әскери лауазымдық қылмыстар жатады.
Әскери қылмыстылық құрылымында әскерлердің түрлеріне қарай блоктар бөлініп алынады: Қорғаныс министрлігінің әскерлеріндегі, ІІМ-нің ішкі әскерлеріндегі, шекара және басқа әскерлердегі қылмыстар. Қорғаныс министрлігінде әскери қылмыстылықті қарулы күштердің (құрғақтағы әскерлер, флот) және әскерлердің түрлері бойынша талдайды.
Бұл қылмыстылықтің детерминациясы мен себептілігін талдағанда қызмет өтеу жағдайына, оның ішінде тұрмыстық жағдайға, әскери ұжымның сипатына, басшылыққа назар аударады. Айыптының әскерде болу ұзақтығының да маңыздылығы бар, себебі көбіне мұның артында қылмыстылықтің жалпы себептері мен жағдайлары тұрады.
Экологиялық қылмыстылықті талдағанда оны қоршаған табиғи орта мен адам денсаулығына, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға зиян келтіретін қылмыстар жиынтығы деп санап, оның ҚК-де экологияға бағдар алған отыздай бапты қамтитынын еске алған жөн (балық аулаумен және судан өндіретін кәсіппен заңсыз айналысу; су тышқандарын заңсыз аулау; балық қорларын сақтау ережелерін бұза отырып сумен сал жіберу және қопарыс жұмыстарын жүргізу; заңсыз аң аулау; жерді өз бетімен басып алу; су қоймалары мен ауаны ластау; адамдар денсаулығы үшін және теңіздегі тірі ресурстар үшін зиянды заттармен теңізді ластау және т.б.).
Қылмыстылықтің бұл түрі экономикалық және ұйымдасқан қылмыстылықпен тығыз өзара байланысты. Тиісінше олардың детерминация және себептілік желілері ортақ болады. Материалдық мұқтаждық сылтауымен жасалған экономикалық қылмыстар да болады. Экономикалық қылмыстылықтің алдын алудың барлық жағдайында қоршаған табиғи орта мен адам денсаулығын қорғаудың арнайы шаралары, сондай-ақ мамандандырылған бақылау жүйелері қажет. Олардың күйін криминологиялық талдауда айқындау керек.

§5. Ұйымдасқан қылмыстылық, оның рецидивтік және кәсіби қылмыстылықпен өзара байланысы



Ұйымдасқан қылмыс жаһанға түгел таралған, барлық құқық қорғау органдары өз құзыреті шегінде онымен күресуде. Төртінші тарауда оған анықтама берілген.
Қылмыстылықтің бұл түрінің өзін-өзі детерминациялауы маңызды рөл атқарады. Ұйымдасқан қылмыс рецидивтік (қылмысы әшкереленіп, тиісті жаза қолданылғаннан кейін адамның қылмысты қайта жасауы), сондай-ақ кәсіби қылмыстылықпен тығыз байланысты, ал оларға мына сипаттар тән: а) кәсіп түріндегі қылмыстық әрекет; б) адамдардың негізінен біртекті қылмыстар жасауы; в) тиісті субъектілерде қылмысты әрекетте пайдаланылатын арнайы криминалдық дағдының болуы.
Топтасқан қылмыстың қауіптілігі, сонымен қатар, оның рецидивпен берік байналаныстылығында41. Көп жағдайларда мұндай топтарды ұйымдастырушылар немесе олардың жетекшілері бұрын сотталған адамдар. Ал жалпы қатысқандардың 44%-і бұрын сотталғандар (кейбіреуі неше қайтара). Олардың көпшілігінде тұрақты мекен-жай болмаған, пайдалы еңбекпен айналыспаған. Олар жасы толмағандарды қылмысқа тарта бастаған.
Бұл айтылғандар топтасып қылмыс жасауға қатысатын субъектілердің тұлғасы қоғамға қауіпті болып келеді, сондықтан да оларға қатысты ауырлау жаза қолдану керек деп тұжырым жасатады.
Сонымен қатар, талдау нәтижесіне қарағанда, сот-тергеу органдары пайдақорлық-зорлық қылмысқа қатысқан адамдарды түгел анықтауда, олардың әрқайсысының рөлі мен кінәсін анаықтауда заңда қарастырылған шараларды әрқашан толық қолдана бермейді42.
Көптеген кәсіби қылмыскерлер жауапкершіліктен өте шебер жалтарып кетеді, сондықтан олар рецидивистер болып саналмайды. Сонымен қатар көптеген рецидивистер кәсіби қылмыскерлер болып табылады. Соңғылар өздерінің ортақ мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында әрқашанда ұйымдасқан бірлестікке ұмтылды. Олар бірлесіп ықпал ететін өрісті бөлісу, криминалдық ортаның дәстүрін сақтау, әшкереленіп жазасын өтеп жатқандарға қолдау көрсету үшін ортақ қор құру, дау-дамайларды реттеу және т.б. мәселелерді шешеді.
Ұйымдасқан қылмыстылық кәсіби қылмыстылықсіз мүмкін емес деп айтуға болады. Барлық кәсіби қылмыскерлер іс жүзінде ұйымдасқан құрамаларға қатысады деуге болады. Ұйымдасқан топтарға және қылмыстық ұйымдарға қатыспай, өз бетінше дара қылмыс жасаған күнде де ол қылмыстық қауымдастықтармен арақатынаста болады. Сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстылық кәсіби қылмыскерлермен, сондай-ақ криминалдық тұрғыдан кәсіптенген де емес, рецидист те емес көптеген адамдармен қарым-қатынас жасап тұрады.
Бұл қылмыстық құрамаларға қатысушылардың әр санатын өзінше бөлектеп қарауды талап етеді.
Мына жағдайларды ескеру керек: а) ұйымдасқан қылмыстық құрамалардың лидерлері әрқашанда құқық қорғау органдарының алдына шығып кетуге тырысады; б) қылмыстық әрекет үшін қолайлы жағдайды әдейі жасайды және кеңітеді; в) алғашында қылмыстылықпен күресті жалпы ұйымдастыру деңгейінде әрекет ете отырып қылмыстылықпен күреске кедергі келтіреді, ұтымды заңдарды және күресудің батымды бағдарламаларын қабылдауға тосқауыл жасайды.
Ұйымдасқан қылмыстылықтің бар екендігі және оның етек алғандығы жайында тұжырымды криминологтар жан-жақты зерттеулер негізінде 80-жылдардың басында жасады. 70-жылдардың аяғында қылмыс жасаған, не, қалайда онымен байланысты, оған тәуелділікке түскен адамдар көлеңкелі экономиканы түгелдей өз бақылауына алды. Ал айқындалған қылмыскерлерде отандық ақшалар емес, көбіне валюталар, алтын, платина, асыл тастар табылатын. Олар тиімсіз жұмыс істейтін социалистік шаруашылық тетігін майлау керек екендігі және заңсыз экономикалық қызметті іс жүзінде заңдастыру қажет екендігі туралы пікір тарата бастады. Аса ірі мөлшердегі ұрлықтары, қиянаты үшін сотталғандар жарамсыз ресми экономиканың құрбандары, қайта құрудың көш бастарлары, нағыз талантты әрі ынталы шаруашылық басшысы – экспериментаторлар, алтын бастылар, оларсыз ел экономикасы құлдырап кететін адамдар деп жарияланды.
1988-1995 жылдарындағы қорқытып алушылық туралы істер бойынша сот практикасын жинақтап қорыту Қазақстан Республикасында қорқытып алушылық үшін барлық сотталғандардың 40-41%-і қылмысты топтасып жасағанын көрсетті. Бұл қылмысты ең көп топтасып жасаушылар: 1999 жылы Алматы қаласында - 44%, 1999 жылы Қарағанды облысында - 43, 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында - 46,5, 2000 жылы Қызылорда облысында - 51,5, 2002 жылы Алматы облысында - 52,5% болды43.
Қайта құрудың аяқ кезінде қылмыстық капиталдың иелері оны біршама заңдастырып молайтты, қоғамда беделі артып, елдегі экономикалық және саяси өзгерістерге ықпал ете бастады. Нарыққа өту кезеңінде экономикалық қылмыстылықпен күреске мораторий енгізу жөнінде 1990-жылы ұсыныс енгізілді, ол біртіндеп іске аса бастады. 1994-жылы ақпанда 1993-жылғы қазан оқиғаларына қатысушылар үшін жасалған саяси рақымшылықтың қарымтасы ретінде КСРО-да 1991-жылдың желтоқсанына дейін экономикалық қылмыс жасағандарға рақымшылық ету жөнінде ұсыныс жасалды, ол іске асырылды. Экономикалық қылмыстылықте түгелдей ұйымдасқандық сипат болды, ол қайта құрудың бастапқы кезінде жалпы сипаттағы қылмыстармен араласып кетті. 1991-жылдың басынан бастап Қылмыстық кодексте шаруашылық қылмыстарының қатары сиреді, ал қылмыс қатарынан шығарылған іс-әрекеттер бәрібір қоғамға қауіптілік төндіріп тұрды.
Криминологиялық зерттеулер көрсеткендей экономикалық қылмыстық әрекеттердің негізгі ұйымдастырушылары және қылмыстық капиталдың иелері лауазымды адамдар емес, сол ұрлыққа ынта білдіргендер және оның идеологтары болған. Олар, әдетте, ресми құрылымда онша биік дәрежеде емес, не тіптен бөтен адамдар болған. Лауазымды адамдарды сатып алуға 80-жылдардың басында ұрлық дүниенің үштен біріндейі ғана жұмсалған. Ал, 80-жылдары құқық қорғау органдары негізгі соққыны ұйымдасқан экономикалық қылмыстылықтің нағыз ұйымдастырушыларына, лауазымды адамдарды сатып алушыларға емес, ұйымдасқан жемқорлықтағы лауазымды адамдарға бағыттаған.
Экономикалық қылмыскерлер мен олардың капиталдары, бұл Қазақстандағы әлеуметтік ситуацияны крминалдық тип бойынша дамытудың, ұйымдасқан қылмыстылықтің етек алуы және оған өркениетті, ұтымды қарсы тұруға заң негізінде қарсы әрекет жасаудың бірінші көзі. Екінші көзі – мемлекет және партия номенклатурасының сыбайлас жемқорлыққа бой алдырған өкілдері. Үшінші көзі – кәсіби жалпы сипаттағы қылмыстылық. Олардың табыстары экономикадағы әлеуметтік бақылау жүйесі әлсіреген сайын және елде аса бақуатты адамдар саны көбейген сайын өсті. Мысалы, көлеңкелі экономиканың өкілдеріне, экономикалық және лауазымдық қылмыскерлерге қатысты алаяқтық, қорқытып талап ету бұрыннан да бар болатын, ал олар құқық қорғау органдарына мұндай актілер жайында айтпағанды жөн көретін. Екінші жағынан, экономикалық қылмыскерлер өздерінің ұрлық іздерін жасыру үшін өрт болды немесе ұрлық жасалды деген пікір қалдыру, куәлердің зәресін алу, жалған құжаттар жасау және т.б. мақсатында қылмыстық ортаның көмегіне жүгінді. Бас бостандығынан айыру орындарында, әсіресе 70-80-жылдары экономикалық және лауазымдық қылмыстылықпен күрес жанданғаннан кейін жалпы сипаттағы және экономикалық, лауазымдық қылмыстар арасындағы одақ нығайды. Ол елде жаңа криминалдық ситуацияның және ұйымдасқан қылмыстылықтің жаңа сипаттамаларының пайда болуына ықпал жасады.
Халық қайта құруды да, реформаны да құптады. Қоғамдағы дағдарысты жағдай ешкімге құпия емес еді, сондықтан елдің мұндай позициясын түсінуге болады. Бірақ, көлеңкелі және қылмыстық экономикалық әрекет жөніндегі идеалистік-романтикалық ұғым, сондай-ақ криминалдық мүддені тікелей қорғаштау Қазақстандағы нақты өзгеріс процестерінің жемісі еді.
Нарыққа көшу бағдарламасының авторлары 1990-жылы былай деп жазды: Көлеңкелі экономиканың ауқымы осы Бағдарлама контексінде ерекше маңызды болып табылады, себебі нарыққа көшу логикасы көлеңкелі капиталдың халық игілігі үшін пайдаланылуын көздейді. Бұл реформаны ресурстық қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі.
Бірақ капиталдарды, негізінен, көлеңкелі экономиканың криминалдық секторында тек өз басының мүдделеріне жаратуды көздеген және одан да көп ақша жасауды армандаған, өздеріне тән іс-қимыл стереотипі, құндылық бағдары бар адамдар табады.
Олар өз капиталын өндіріске салмайды, мүмкін болса шетелге аударады, немесе үлкен табыс әкелетін және жақсы сақталатын салаларға орналастырады.
Мамандар дұрыс болжам жасады: біріншіден, меншікті иелену және қайта бөлу үшін криминалдық шайқас өршіді, екіншіден, капитал тек жеке мақсатта ғана пайдаланылды. Солай болды да: капиталдар бұрынғы мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді, басқа да байыған азаматтардың, шетелге кеткен азаматтардың мүліктерін иемденіп қалу үшін пайдаланылды. Ал, меншік қайда болса, билік сонда. Билік ешқашанда меншіктен бөлек болмайды.
Жағдай бұдан да бетер нашарлауы мүмкін, себебі криминалдық капитал молаюда және ол өзіне бақылау жасауға және оларды заңды иелеріне қайтаруға жан ұшырап қарсылық көрсетуде. Қылмыстық табысты заңдастырумен күресті көптеген ел жүргізіп келеді, ал Қазақстандағы сыбыйлас жемқорлықпен, қылмыстық табыстарды жуып-шаюмен күресті күшейту жөнінде әңгіме ғана бар.
Мұның барлығы: біріншіден, қылмыстылықпен күрестің жалпы ұйымдастырылуын жетілдірудің (мысалы, тек заң жобаларын ғана емес, әлеуметтік-экономикалық қайта құру жобаларын да криминологиялық сараптау), екіншіден, ұйымдасқан қылмыстылықпен күресте жалпы алдын алудың, себебі онда қоғамды мүлде бүлдіретіндей қабілет бар, үшіншіден, күшті арнайы алдын алу бағдарламаларын енгізудің, төртінші, жоғары білікті, арынды құқық қорғау қызметін қамтамасыз етудің қажеттігін көрсетеді. Әрине, заң шегінде.
Қоғамды, мемлекетті түбірімен жалпы сауықтырмайынша арнайы заңдар қабылдау істің жайын өзгерте алмайды. Дегенмен,ондай заңдарды қабылдау да қажет. Заңдарда бастапқы ұғымдар анықталады және ұйымдасқан қылмыстылықпен өзара байланыста болып келе жатқан аса қауіпті құбылыстарға кешенді шабуыл жасаудың құқықтық негізі қаланады. Сондықтан да салалық заңнама ұйымдасқан қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, терроризммен, қылмыстық табысты заңдастырумен (жуып-шаюмен) күрес туралы кешенді заңдармен толықтырылуы керек.
Ұйымдасқан қылмыстылықпен күрестің жүйесін құру қажет. Күрес субъектісі, сөзсіз, барлық қоғам: мемлекет, азаматтық қоғамның мемлекеттік емес институттары, заңды және жеке тұлғалар болуы тиіс. Бұл ретте, заңға сүйене отырып, құқық қорғау органдарының ұйымдық-кадр мәселесі шешілген, мамандандырылған бөлімшелерін құру керек. Ұйыдасқан топтармен күресті прокуратураның, ішкі істер, қауыпсіздік, кеден, салық полициясы органдарының, басқа құқық қорғау органдарының барлық оперативтік бөлімшелері; қылмыстық ұйымдармен және қылмыстық бірлестіктермен - мұндай органдардың мамандырылған бөлімшелері жүргізуге тиіс. Бұл, біріншіден, жоғары кәсіби тәсілді, екіншіден, іс-шараның заң шегіндегі қажетті құпиялылығын, үшіншіден, мамандандырылған прокурорлардың, сондай-ақ ұйымдасқан құрамалардың қылмыстық әрекеті туралы істерді қараушы судьялардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Ұйымдасқан қылмыстылықпен күрестің басты объектілері: а) ұйымдасқан қылмыстық құрамалар; б) мұндай құрамалар жүйесі; в) олардың экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани негіздері; г) көптүрлі сыртқы байланыстары және мұндай байланыстарды қолдауға және дамытуға қатысушы, не оған өзгедей мүдделі сырқы субъектілер.
Экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани сипаттағы шараларды біртіндеп, ешқандай төтеншесіз, кешенді, мұқият ойластырып қолдану керек. Төтенше шаралар қылмыстық құрамалардың қатардағы мүшелерін және олардың әрекеттерін қалайда қамтиды, ал басшылары әліптің аяғын күтіп шет елде немесе басқа бір ыңғайлы жерде жүреді, жағдайды ол кейін өз пайдасына айналдыруы да мүмкін.
Мұндай ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес қоғам мүшелерінің экономикалық, өзге де мүдделері мен құқықтарын қалайда қозғайды. Бұл жерде әрқашанда адамның және азаматтың құқығы, әр түрлі құқықтар мен мүдделердің, әр түрлі субъект құқықтарының бәсекелестік, құндылықтардың иерархиясын анықтау, басымдылықтар таңдау, сол құқықтардың шегі және шектеудің негіздері проблемалары туындайды. Жақсы жері сол – мұндай шектеулер үшін құқықтық негіз бар. Шет елдік тәжірибе де бұл тұрғыда жақсы бағдар бола алады.
Күрестің басты бағыты – ұйымдасқан қылмыстық құраманың өзін және де оның әрекетін, қайта тууының экономикалық, ұйымдық және басқа негіздерін жою. Бұл тұрғыдан алғанда мына шаралар аса маңызды болып табылады: а) ұйымдасқан қылмыстық құрамалардың лидерлерін әшкерелеу және заңда көзделген жауаптылыққа тарту; б) қылмыстық табыстар мен капиталдардың қозғалыс және пайдаланыс жолдарын жабу, олардың заңдастырылуына және молаюына жол бермеу; в) ұйымдасқан қылмыстық құрамалардың қатардағы мүшелеріне өзінше жекелей қарау және олар ұйымдасқан қылмыстық әрекеттің бетін ашуға еркімен көмектессе оларға тиісті әлеуметтік көмек көрсету, жұмыстық-тұрмыстық мәселелерін, басқа да мұқтаждықтарын шешуге жәрдем ету; г) ұйымдасқан қылмыстық құрылымдарды әшкерелеуге қатысқандардың, куәлердің, қылмыстық іс жүргізу әрекетінің басқа да қатысуышларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; д) сыбайлас жемқорлықпен, терроризммен күрес туралы батымды шараларды бірге қабылдау; е) ұйымдасқан құрылымдардың қылмыстарынан зиян шеккендердің залалын өтеуді қамтамасыз ететін тиімді шаралар қабылдау. Ұйымдасқан қылмыстық әрекеттің жаңа түрі пайда болған сайын Қылмыстық кодекске түзетулер енгізу керек. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін, оның ішінде АҚШ-та, Италияда және басқа бірқатар елдерде кеңінен қолданылып жүрген жедел-іздестіру шаралары мен қылмыстық табысты заңдастырудың (жуып-шаюдың) алдын алу жөніндегі шараларды қылмыстық сот ісін жүргізуге енгізу процедурасын қарастыру керек.
Қылмыстық табысты заңдастырумен және молайтумен күрестің кешенді шаралары, қылмыстық-құқықтық шаралармен қатар, өзінде арнайы-алдын алу сипаты бар және қылмыстық табыстармен заңсыз операцияларды дер кезінде айқындауға, тыюға бірден мүмкіндік беретін қаржылық және өзге де бақылау шараларын қамтуы тиіс.
Жедел-іздестіру, қылмыстық-іс жүргізу және өзге сипаттағы арнайы шараларды енгізу сезіктілердің, айыпталушылардың, басқа адамдардың заңда көзделген құқықтары мен заңды мүдделерін сот тәртібінде не прокурорға жүгіну жолымен қорғаудың бірқатар кепілдіктерімен қалайда үйлесуі керек. Ұйымдасқан қылмыстылықпен күресетін мамандандырылған органдардың сезіктілерге, айыпталушыларға, куәлерге күш қолдануды, психикалық қысым жасауды, басқа да заң бұзушылықты пайдалануына жол бермеу жөніндегі шаралардың да маңызы артуда. Сонымен қатар, заңға сүйене отырып қылмыстарды ашудың және тергеудің өзін ақтайтын жаңа тәсілдерін қылмыстық-іс жүргізу қызметіне енгізу керек.
Заңдылықтың бұзылуына жол бермеудің кепілдігі, ол прокурорлық қадағалау режимін немесе сот бақылауын қатайту ғана емес, ұйымдасқан қылмыстылықпен күресетін мамандандырылған органдардың әр түрлі бағыныштылығы және есеп берушілігі, бұл жағдай олардың біріне бірі және бақылаушы бір органға тәуелсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Нәтижесінде осы органдардың өздеріндегі сыбайлас жемқорлықты, басқадай қылмыстарды ашуға және оларға тосқауыл қоюға мүмкіндік ашылады, өзара бақылаудың нәтижелілігі артады. Ұйымдасқан қылмыстылықпен күрестің мүддесін ойластырсақ, қылмыстарды ашатын және сезіктілер мен айыпталушыларды қамауда ұстайтын органдарды біріктіруге болмайды, себебі қылмысты қалайда ашу мақсатында қамауда отырған адамдардан заңсыз көрсетулер алу тәсілі қолданылуы мүмкін. Екінші жағынан ондай адамдардың ұйымдасқан қылмыстық құрылымдармен байланысты тергеушілердің, басқа да қызметкерлердің қылмыстық әрекетіне ұшырауы ғажап емес. Ұйымдасқан қылмыскерлер үшін арнайы оқшауланған орынның болуы өзін өзі ақтайды. Ұйымдасқан қылмыстық құрылымдарға қатысы бар адамдардың ерекше назарда болуы, мұқият оқшаулануы, керексіз куәлерден арылу мақсатында олардың көзін жою әрекетінен қорғалуы тиіс.

Семинар сабақ жоспары

Бірінші тақырып: Криминологияның түсінігі, әдісі және жүйесі
Криминологияның түсінігі. Криминологияның пәні. Криминология ғылымының пәні.
Қылмыстылық. Қылмыстылық себептері. Қылмыс жасаған адам-қылмыскер тұлғасы. Қылмыстылықты алдын алу. Қылмыстың құрбаны.Виктимология. Криминология курсының жүйесі. Криминологияның Ерекше бөлімін криминологиялық. топтастыру. Заң ғылымдары жүйесіндегі криминалогияның орны. Криминалогия және қылмыстық құқық, қылмыстық-атқару, қылмыстық іс жүргізу құқығы, прокурорлық қадағалау. Криминологияның әлеуметтанумен, психиологиямен, педагогикамен, статистикамен және өзге де қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен арақатынасы.
Криминалогиялық әдістеме, әдіс және негізгі ұғымдар. Криминмологиялық ақпарат жинаудың әдістері: бақылау, сауал, құжаттарды талдау, эксперимент. Анкеталық әдіс және анкеталардың түрлері. Қылмыстық істерді оқу. Криминологиялық зерттеу бағдарламаларының түсінігі. құрылысы. Криминологиялық зерттеудің бағдарламасының құрылысы.

Екінші тақырып: Қылмыстылықтың түсінігі, белгілері және оның даму тенденциялары


Қылмыстылықтың түсінігі және оның белгілері. Қылмыстылық негізгі сапалық-сандық көрсеткіштері:жағдайы (деңгейі), қылмыстылықтың құрылымы, қылмыстылықтың динамикасы (қозғалысы). Латентті (жасырын) қылмыстылықтың түсінігі және оның түрлері .Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтың сипаттамасы Қазіргі кезеңдегі қылмыстылықтың жағдайы, құрылымы және қозғалысына тән белгілер.

Үшінші тақырып: Қылмыстылықтың себептері


Криминологиядағы қылмыстылықтың себептері мен жағдайларының түсінігі. Қылмыстылықтық себептері мен жағдайларын топтастыру. Экономикалық қатынас және қылмыстылық. Әлеуметтік қатынас және қылмыстылық. Саяси мүдделер және қылмыстылық. Қоғамның қылмыстық саясатты ізгілендірудегі жағдайы және қылмыстылық. Қылмыстың жасалуына мүмкіндік туғызатын жағдайлар, факторлар ұғымы .

Төртінші тақырып: Қылмыскердің тұлғасы


Криминологиядағы қылмыскердің тұлғасының түсінігі, оны оқып-үйренудің мәні және міндеттері. Қылмыскердің тұлғасындағы биологиялық және әлеуметтік белгілердің арақатынасы .Қылмыскер тұлғасын оқшауландыратын белгілер. Қылмыскер тұлғасының құрылысы (демографиялық –жыныстық, жасы, ұлты), әлеуметтік ролі - (кәсібі, азаматтық, отбасылық т.б.жағдайлары), құқылық - (сотталғандық атауының болуы, қылмыстың қауіптілігі, аса қауіпті қайталану), ізгілік – психиологиялық - (қылмыстық құқықтық тыйым салынғандарды сақтауға, дінге көзқарасы және т.б.), басқадай мәнді біртектес топтық қасиеттері және қатынастары.

Бесінші тақырып: Қылмыстылықты алдын алу


Қылмыстылықты алдын алу түсінігі. Қылмыстылықтан сақтандыру теориясы, пайда болуы, пәні және құрылымы. Қылмыстылықпен күрес шараларының жүйелері. Қылмыстылықтан сақтандыру субьектілерінің жүйелері. Қылмыстылықпен күрес бағдарламасының түрлері .Сақтандыру шараларын топтастыру. Қылмыстылыққа қарсы күрестегі экономикалық, саяси, құқықтық, психиологиялық шаралар. Қылмыстылықпен күрестегі ұйымдастырушылық-құқықтық және техникалық шаралар. Қылмыстылыққа қарсы күресудегі криминологиялық болжам және жоспарлау. Криминологиялық болжамның және жоспардың түрлері.

Алтыншы тақырып: Ұйымдасқан қылмыстылық және сыбайлас жемқорлық


Ұйымдасқан қылмыстылықтың түсінігі. Ұйымдасқан қылмыстылықтың жағдайы, құрылымы және динамикасы. Ұйымдасқан қылмыстылық құрылымдардың түрлері – (жай ұйымдасқан топ, ұйымдасқан қылмыстық топ, қылмыстық қауымдастық.Ұйымдасқан қылмыстылықтың қоғамға қауіптілігі, оның тенденциясы және өрістеу болжамы. Қылмыстық қауымдастыққа қатысушылар тұлғасының криминологиялық сипаттамасы. Ұйымдасқан қылмыстылықтан сақтандыру шаралары.
Сыбайлас жемқорлық ұғымы. Қазіргі күндегі жағдайы, детерминанттары, қылмыскер тұлғасының белгілері, күрес бағытындағы заңнаманы күшейту, жетілдіру аспектілері.

Жетінші тақырып: Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы ның криминологиялық сипаттамасы.


Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы, оның жағдайы, құрылымы және динамикасы. Кәмелетке толмаған қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерінің криминологиялық сипаттамасы. Кәмелетке толмағандардың қылмысының себептері мен жағдайлары. Кәмелетке толмағандардың қылмысын алдын алу мен сақтандырудың, сондай-ақ профилактикасының негізгі нысандары мен әдістері.

Сегізінші тақырып: Әйелдердің қылмыстылығы


Әйелдер қылмыстылығының түсінігі және жалпы сипаттамасы. Әйелдер қылмыстылығының жағдайы, құрылысы және динамикасы. Әйелдер қылмыстылығының тенденциясы. Әйелдер қылмыстылығының сақтандыру шаралары.

Тоғызыншы тақырып: Экономика саласындағы қылмыстылық


Қазақстан Республикасы бойынша экономика саласындағы қылмыстылыққа криминологиялық сипаттама. Экономика саласындағы қылмыстардың түрлері және оның жағдайы, құрылысы және динамикасы. Экономика саласындағы қылмыс істегендердің криминологиялық сипаттамасы. Экономика саласындағы қылмыстардың себептері мен жағдайлары. Экономика саласындағы қылмыстардан сақтандыру.

Оныншы тақырып: Пайдакүнемдік-зорлық қылмыстылығы және оның криминологиялық сипаттамасы


Пайдакүнемдік-зорлық қылмыстылығының түсінігі және жалпы сипаттамасы.
Пайдакүнемдік-зорлық қылмыстарының: қарақшылықтың, бандитизмнің, бұзақылықтың жағдайы, құрылымы, динамикасы. Пайдакүнемдік-зорлық қылмыстарын жасайтын адамдардың криминологиялық сипаттамасы. Зорлық қылмыстарының және бұзақылықтың себептері мен жағдайлары. Зорлық қылмыстары мен бұзақылықтан сақтандыру.

ӘДЕБИЕТТЕР

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет