Криминология


§ 5. Қылмыстылықтің себептері мен жағдайларының диалектикасы



бет6/7
Дата26.01.2023
өлшемі168,78 Kb.
#166476
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz 13906 (1)


§ 5. Қылмыстылықтің себептері мен жағдайларының диалектикасы
Бір құбылыстарды себеп деп, басқа біреулерін жағдай деп санауда салыстырмалық сипат бар.
Құбылыс өзара әрекеттестіктің бірінде себеп болуы, екіншісінде жағдай болуы мүмкін.
Кейбір мән-жайларды, тіптен өте теріс болса да, қылмыстың себебі деп айта салуға болмайды. Оның жеке адамдардың әр түрлі типтерімен өзара әрекеттестігі мүлде қарама-қарсы нәтижелер беруі мүмкін. Егер қылмыстық іс-қимылды мүлде ұнатпайтын адам объектінің нашар күзетілетінін байқаса ол күзеттің дұрыс болуына ат салысады. Ал, қалайда баюға бағдар алған адам үшін күзеттің нашарлығы криминалдық іс-қимылға барудың себебі болады.
Дегенмен, басқа жағдайларға қарағанда адамдарды қылмысқа жиірек апаратын мән-жайларды бөліп алайық. Мұндай мән-жайларды криминогендік деп атайды, оларда қылмыстық әрекетке баруға мүмкіндік мол. Заңды іс-қимылға итермелейтін, қылмыс жасауды қиындататын мән-жайларды антикриминогендік деп атайды. Оларды осылай бағалаудың өзі де салыстырмалы. Мысалы, антикриминогендік факторлардың қатарында, әдетте, жұмыссыздықтың жоқтығын атайды. Көптеген зерттеушілердің тұжырымына сүйенсек, жұмыссыздық, жұмыс бастылыққа қарағанда, қылмыстылықпен жиірек байланысты. Бұдан, толықтай жұмыс бастылықты антикриминогенді деп айтуға бола ма? Егер салақ жұмыскер өз жұмысын қастерлемесе, кадр тапшылығы кезінде кәсіпорын әкімшілігімен қырғиқабақта болса, нәтижесінде сапасыз тауар шығарылса, қосып жазу орын алса, басқа да шаруашылық қылмыстары жасалса – оны не дейміз?
Себеп жағдайлармен өзара әрекеттестікте ғана себепке айналады. Парақорлыққа бағдар алған тұтыну жүйесі, құндылық бағдары, мақсаты бар адам болғанмен қызметкерлердің әрбір әрекеті жіті бақыланса ғана қылмыстық іс қимыл да, тиісінше оның себептері де болмайды.
Сонымен қатар, объектілер күзетінің нашарлығы ол объектіге көз тігіп жүрген адамдар болмаса немесе сол адамдарға ұрлаған мүлікті сату, қылмыс ізін жасыру және т.б. жөнінде басқа субъектілер тарапынан көмек болмаса, өздігімен қылмыстық іс-қимылды тудыра алмайды.
Басқа сөзбен айтқанда, жеке алынған фактор: ситуация немесе адам сипаттамасы өздігінен қанша теріс болса да, оларды қылмыстық іс-қимылдың, қылмыстылықтің себебі деп бағалауға негіз бола алмайды. Бұл жерде тек қылмыстың формальдық мүмкіндігі ғана бар, яғни қылмыстың болу-болмау мүмкіндіктері бірдей.
Бірмағыналы детерминизм концепциясы туғанынан қылмыскер, қандай да бір адамның қауіпті күйі, сондай-ақ криминологиядағы қылмыскердің жеке басын зерделеуден мүлде бас тартатын, зерделеуді сыртқы орта факторларымен ғана шектейтін тұрпайы-социологиялық тәсіл теорияларының әр түрлі варианттарының негізі болып табылады. Ол диалектикалық детерминизмді ұғынудағы формальдық мүмкіндікті мойындамайды. Нақты мүмкіндік, яғни формальды мүмкіндікке қарағандағы жоғарғы деңгей, белгілі бір салдарлардың болуы - мүмкіндіктерді міндетті түрде жүзеге асырумен байланыстырылады. Осы негіздерде, мысалы, құқық бұзуға бейімділігі бар адамдарды алдын ала қамауда ұстау жөнінде нақты жобалар жасалады. Ал, бейімділік пен құқық бұзушылық жасау екі бөлек құбылыс. Алдын алу және құқық қорғау шараларын қолданудың негіздерін ажырату керек.
Қылмыстылық себептерінің интеракционистік концепциясы нақты өмірден күрделі емес. Ал теорияда ситуацияны оңайлату практикада бекерден-бекер күш пен құрал жұмсауға алып келеді.
Сондықтан да, жоғарыда көрсетілген себептік кешендерді, әр түрлі өзара әрекеттерді жіктеу үшін себептер мен жағдайлардың шегін ажырату қажеттігі туындайды.
Сонымен, криминология қылмыстылықтің диалектикалық детерминациясын себептіліктен бөліп алып зерделейді.

§ 6. Шектеулі детерминизм шегінде зерделеу


Криминологияның жан-жақты ғылым еместігі, ал криминологтың өмірдің барлық көп қырлы құбылыстарын толық зерттей алатын әмбебап маман еместігі жайында бұрындары айтылған болатын. Ол экономисті, саясат танушыны, социологты, психологты және басқа мамандарды алмастыра алмайды. Басқа сөзбен айтқанда, оның құзырының шегі бар. Ол қандай?
Криминолог қылмыстылықтің детерминациясы мен себептілігін жарым-жартылай детерминизм шеңберінде зерттейді. Яғни, детерминант философиялық мағынада әдейі толық емес және салыстырмалы толықтыққа ғана, яғни тиісті ғылымның заты мен әдісіне ғана қатысты ашылатын жағдайда зерттейді.
Криминолог қылмыстардың нашар ашылу себептерін, жедел-іздестіру қызметіндегі олқылықтарды терең зерттемейді. Тиісті ақпараттарды ол басқа мамандарға хабарлап, олардың тереңірек зерттеуі жөнінде мәселе көтереді.
Тек криминолог қана барлық себептік кешендер, қылмыстылықті тікелей детерминдейтін басқа да өзара байланыстар жөнінде дереу ақпарат алады. Ол қылмыстылықтен асып, тереңірек байланыстарға өткен сайын басқа мамандардың көмегіне көбірек жүгінуге немесе эстафетаны оларға беруге тиіс.
Криминолог зерттеуді шектеулі детерминизм шеңберінде жүргізіп отырғандығын мойындауы тиіс. Бұл ретте ол себептік-салдарлық байланыстардың жүзеге асырылуы әр түрлі жағдайларда болатындығын мойындау керек.
Мыналарды ескерген жөн:
Біршама оқшаулау жағдайды, ол барлық локальдық өзара әрекеттестік (мысалы, жеке адам мен микроорта) неғұрлым ауқымды әлеуметтік өзара әрекеттестіктің элементі екендігін білдіреді және оның заңына бағынады;
Ішкі біртекті емес жағдайды, бұл ретте өзара әрекеттесу элементтері бірдей емес, олардың біреуі белсенді рөл атқарады және анықтаушы болып табылады (әлеуметтік орта), ал басқасы – туынды (адамның жеке басы);
Ішкі ұйымдастыру және тұрақтылық жағдайды, бұл ретте криминологиялық тұрғыдан маңызы бар өзара әрекеттестіктер әр түрлі дәрежеде болады, ал қылмыс өзін бірқатар өзге мән-жайларға байланысты едәуір шамада көрсете алатын процестің нәтижесі бола алады;
Орта жағдайын, ол әлеуметтік орта мен адамның жеке басының нақты өзара әрекеттестігін қоғамның белгілі бір даму деңгейімен байланыстыруды және әр түрлі типтегі ортаның, оның ішінде, статистика бойынша қылмыстық іс-қимылды көбірек беретін ортаның қоғамда туындау тетігін көруді талап етеді;
Мөлшер жағдайын, бұл ретте нақты туғызу жағдайы белгілі бір сапалық мөлшерге жеткеннен кейін ғана сондай болады, мысалы, Ф.Энгельс атап өткендей, азғындаудың қылмыстық іс-қимылға айналу процесіне қатысты алсақ;
Детерминацияның толықтық жағдайын, ол әр түрлі жұптың өзара әрекеттестігін оқшау қарау мүмкіндігін дұрыс бағалауды, сондай-ақ детерминацияның қандай да бағытын (саяси немесе экономикалық) бөліп қарауды талап етеді.
Криминолог өзінде бар материалдың толықтығын әрқашан дұрыс бағалауға және тиісінше: а) қылмыстылықпен күресте бірден ескерілуі мүмкін; б) басқа мамандардың тиісті ақпаратты тереңірек зерделеуі үшін оларға алдымен берілетін тұжырымдамаларды жіктеп бөлуге міндетті.
Кейде криминологтардан бірмағыналы тұжырымдар мен табанасты ұсыныстар күтеді. Егер криминолог осы үміттердің жетегінде кетсе, ол тапсырыс берушілерге сапалы ұсыныстар бере алмайды. Бірақ криминологсыз қылмыстық іс-қимыл мен қылмыстылықті тікелей детерминдейтін өзара байланыстардың барлық жиынтығын бірден айқындау және жұмысқа тағы да қандай мамандар тарту керектігін анықтау мүмкін емес.

7. Қылмыскер тұлғасы


§1. Қылмыскер және қылмыскердің жеке басы. §2. Қылмыскерді криминологиялық зерделеудің объектісі және заты ретінде қарастыру. §3. Қылмыскердің әлеуметтік ұстанымын, рөлдерін және әрекетін зерделеу.§4. Адамның мұқтаждық-сылтаулық өрісін және санасының құндылық-нормативтік сипаттамаларын зерделеу. §5. Қылмыскерлерді топтастыру. §6. Қылмыскердің жеке басын әлеуметтік тип ретінде қарау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет