Курсы: 1 Оқу семестрі: 1,2 Шымкент 2013



бет3/11
Дата15.09.2017
өлшемі2,11 Mb.
#32822
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Наймандар ұлысы. XII ғ. керейттер мен меркіттер қосылған Наймандар ұлыс Орталық Азияға ірі мемлекеттік құрылым болады. Ал наймандардың шығу тегі мен ертедегі тарихы туралы мәселе өте қүрделі, қиын мәселе. Олардың этникалық құрамы аралас болуы да ықтимал, бірақ ғылыми әдебиеттегі ең жаңа мәліметтер олар түрік тілдес болды дегенді дәйектейді. Ғалымдар «найман» терминінің мәні моңғол тілі тұрғысынан алғанда ашылды, ол ұлысқа енген тайпалар санына қарап, «сегіз» деген сөз деп болжам жасайды. Көне түрік жазуларында айтылатын «сегіз-оғыздардың» зерттеушілер наймандармен теңдестіреді. VIII ғ. оғыздар тайпаларының бірлестігі Орхон өзенінен бастап, жоғары Ертіске дейінгі жерді алып жатқан. Кейінірек наймандар да сол араны жайлаған.

Наймандардың батыс жағында - Ертіс бойын мекендеген қаңлылар мен қыпшақтар, солтүстігінде - Енисей қырғыздары, шығысында - Шығыс Моңғолияда көшіп-қонып жүрген керейттер ал оңтүстік жағында - Орталық Азияның басқа да көптеген халықтары мен тайпалары сияқты, қидандарға тәуелді вассал болған ұйғырлар, көрші-қолаңы ретінде, қарым-қатынас жасап тұрған. Наймандар өздерін қоршаған көшпелі және отырықшы-егінші этностармен, әсіресе қаңлылармен өте тығыз этникалық-саяси және мәдени байланыста болған. Қаңлылар мен қыпшақтардың кейбір жеке топтары наймандардың жеріне келіп қоныстанады.

Бейбіт қарым-қатынастар Керейттер ұлысына біріккен қуатты да құдіретті тайпалармен арадағы жауығу кезеңдерімен алмасып отырған 1125 ж. Қидан мемлекеті қирағаннан кейін оның орталық Азиядағы ойрандалған орнында бір қатар мемлекеттік бірлестіктер құрылады, олардың арасына жетекшілік рөлі керейт хандарының қолына көшеді.

Қыпшақ хандығы (XI ғ. басы - 1219 ж.)

«Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 ж. ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде аталады. Мұсылман деректеріне қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің жылнамалық жағынан VIII ғ. жататын, түрік тайпаларының тізімінде көрсетіледі.

656 ж. Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары қимақтардың басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмытылған талабы VIII ғ. соңында олардың қимақ федерациясынан бөлініп, олардан әрі, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды. IX -X ғғ. қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі. Қыпшақтар қимақ қағанатына саяси тәуелді болды, конфедерацияға, сосын Қимақ қағанаты құрамына кіреді.

XI ғ. басында Қимақ қағанаты тарағаннан кейін, кимек, қыпшақ және куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлеріне де әскери-саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарына белсенді қимыл-әрекеттерге кірісіп, Орта Азия және Оңтүстік Шығыс Еуропа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі.

Ертістен Днестерге дейінгі бүкіл аридтік зонаны алып жатқан Дешті Қыпшақтың тарихи-жағрафиялық облысын шартты түрде Еділ бойы аса үлкен этникалық-территориялық бірлікке бөлуге болар еді: басында Тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және ел-бөрілі руының хан әулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты.

Қыпшақ ақсүйектері Шығыс Дешті қыпшақ тайпаларының қоныстық-өрістік жерін едәуір кеңейтуге себепші болған және Сырдария бойындағы Оғыздар мемлекетімен, Орта Азиядағы Салжықтар, Хорезмшахтар және Қарахандар әулеттерімен соғысқа және соқтығыстарға әкеліп жеткізген ХІ ғ. бірінші жартысындағы буырқанған дауылды оқиғалар қыпшақтар мемлекетін құрудың объективті себебіне айналды.

Қыпшақ этникалық қауымының қазақ территориясында құрылуы күрделі де ұзақ процесс болған, оның дамуы жолынан үш кезең айқын көрінеді.

IX ғ. орта кезінде Дешті-Қыпшақтағы ыдыраушылықтың көзі болып келген қыпшақ пен құман тайпаларының көптеген топтары көшіп кеткеннен кейін, Қыпшақ хандығының саяси тірегі едәуір күшейіп, нығая түседі.



Қазақстан аумағындағы ҮІ-ХІІ ғасырлардағы мәдениет пен шаруашылық

Ерте орта ғасырда Қазақстан жерін мекендеген халықтар негізінен түркі тілдес халықтар. Түркі тілдес халықтар мен қатар Қазақстан жерінде басқа тілдік топтар да өмір сүрді. Сонымен қатар Қазақстан жерінде Иран (соғды) тілдес, Сирия тілдес, Араб тілдес халықтар өмір сүрді. VI ғасырлардан бастап түркі тілдес тайпалардың өз жазулары болды. Бұл жазу ғалымдардың пікірінше соғды жазуына ұқсас. Көне түрік жазуларының ескерткіштері Моңғолия жерінен табылды.

VI - X ғасырларда Қазақстанда соғды жазуы мен тілі кең қолданылган. Бұл жазу Тараз, Баласағұн, Испиджаб, қалаларында кең тараған. Оңтүстік Сібір, Алтай Қазақстан жерін ежелгі түрік тайпалары мекендеген. Олар түрік тілінде сөйлеп, көне түрік жазуымен жазған. Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрған. Түріктердің әліпбиі өздерінің ру-тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Көне түріктердің негізгі жазуы «руна» жазуы деп аталған. Ал аса бағалы тарихи ескерткіш болып саналатын руна жазуы бар құлпытасты XIX ғасырда Солтүстік Моңғолиядағы Орхон өзенінің маңынан Н.М. Ядринцев тапқан. Құлыптастағы жазуды түріктанушы В.В.Радлов пен дат ғалымы В.Томсон оқыған.

Бұл жазу «Орхон Енесей тас жазуы» деп аталады. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жазулары. Бұлар нағыз тарихи дастандар. Мұнда түрік қағанатының құрылуы мен дәуірлеуі, ақырында күйреуі жайында айтылады. Дастандағы тарихи суреттер әдебиет көркемдік тәсілдермен өрнектелген.

VIII - IX ғасырларға жататын әдеби шығармалар «Қорқыт ата» кітабы мен «Оғызнама» дастаны. Бұл шығармалар алғаш VIII ғасырда ауызша айтылып, ел ішіне кең таралса, тек XI ғасырдан бастап қағазға түсе бастаған. «Қорқыт ата» кітабы 12 жылдың қосындысынан тұрады. Бұл шығарма аты атаққа айналған ақын, Қорқытқа байланысты. Қорқыт есімі түрік тілдес халықтар арасында кеңінен мәлім. Қорқыт күмбезі Қызылорда облысы Қармақшы ауданында тұрғызылған.

Ал, «Оғызнама» біздің дәуіріміздің II ғасырындағы тарихи оқиғаларға байланысты туған бұл әдеби шығарма VI ғасырда парсы тіліне, IX ғасырда араб тіліне аударылған. «Оғызнаманың» ескі нұсқасын XIII ғасырда толық жазған - Әбілғазы хан. Шығарманың идеясы ерлікті, бірлікті уағыздайды. Мазмұны қазақ халқының эпос жырларымен ұштасып жатады. Сонымен ерте орта ғасырда түрік тіліндегі ауыз әдебиетінің әртүрлі жанрларының (мақал-мәтел, жоқтау, тағы басқалар) дамуына байланысты әдеби тіл мен жазба әдебиетінің дамығандығын көруге болады.

X ғасырдан бері қарай Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең тарай бастады. Сайрам, Отырар, Түркістан тағы басқа қалаларда діни медреселер салынып, ғылым-білімге кең жол ашылды. Әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 ж.ж) Отырар қаласында туған. Осы қалада қыпшақ тілінде білім алған. Араб тілін Исфахан, Бағдат, Дамск, (Шам) қалаларында игерген. Ол дүние жүзінде Аристотель сынды ғұламалармен теңдес ойшыл ретінде танылды.

Шығыстың аса көрнекті ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби өз шығармаларында араб, парсы грек, үнді, түрік мәдениеттерін талдап, жақындастыра білді. Мұны «Үлкен музыка кітабы» атты еңбегінен де байқауға болады. Сайып келгенде, әл-Фараби «Қайырлы қала тұрғындарының кітабы», «Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы», «Өлең, сөз және шешендік туралы», «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат», «Логика», тағы басқалар еңбектері -ғылым тарихында өзіндік орны бар дүниелер. Білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазған. Ол 80 жасында Шам шаһарында қайтыс болады.



Қожа Ахмет Яссауи (1103 -1167 жж.). Сайрам қаласында туған. Әкесі Ибраһим атақты ғұлама адам болған. Шешесі - Мұса шайқының қызы Айша. (бір деректерде - Қарашаш). Алғаш әкесінен оқып сауатын ашып, кейіннен ислам дінінің шариғат-қағидаларын үйренген. Бала кезінен Ясы қаласын мекен етеді. Бұхара қаласында Юсуф Хамидалидан білім алып, Яссыға оралады. Мұнда ол сопылық ілімнің насихатшысына айналады. Арыстан бабты пір тұтады. Қожа Ахмет Ясауидан қалған мұра оның «Даналық кітабы», «Диуан - и хикмет» болып табылады. Кітап түрік тілінде араб әліпбимен жазылған. Бұл еңбекте адамды даналыққа, ақылдыққа, кіші пейілділікке, имандылыққа шақырады. Ахмет Ясауидің жолын қуған Шәкірттерінің бірі-ел ішінде Хакім ата аталған Сүлеймен Бақырғани.

Жүсіп Баласағұн (1021 -1075жж.)- Ғұлама Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында туған. Толық аты Жүсіп Хас Хажип Баласағұни. Білімді Фараб (Отырар), Қашғар, Бұхара қалаларынан алады. Араб, парсы тілдерінде еркін сөйлеген. Өзінің атақты философиялық-диалектологиялык «Құтты білік» дастаны Қарахан әулетінен шыққан Тағаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хажип (Сарай министірі) атағы берілді. Ол өзінің атақты «Құтты білік» - XI ғасырға дейінгі түрік тілді халықтардың қоғамдық ой-санасында орын алған, терең мазмұнды ғылыми еңбек. Поэманы 1896 ж. К.Керимов өзбек тіліне аударады. 1971 ж. Н.Гребнев «Бақытты болу ғылымы» деген атпен еркін аударма жасады. Ал 1983 ж. С.Н.Иванов «Блогадная знанение» деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды.1986 ж. Бұл дастанды ақын А.Егеубаев қазақ тіліне аударды. «Құтты білік» поэмасы түрік тіліндегі энциклопедиялық шығарма болып табылады.

Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген. Жүсіптің ақын ретінде де, ғалым ретінде де атын шығарған еңбегі «Құтты білік», «Құтадығу білік» атты дидактикалық поэмасы. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069 -1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашғар қаласында аяқтаған.

Ал түрік тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын белгілі ғұлама Махмұд Қашғари зерттеді.

Махмұд Қашғаридың (1030 -1090жж.) шын аты Махмұд Хусейн ибн Мұхаммед Қашғари. Әкесі Қашғар қаласында туған. Махмұд алғаш Қашғар қаласында, кейіннен Орта Азия мен Иранның ірі қалаларында білім алды. Араб тілін жетік білген. Махмұд Қашғари үш кітаптан тұратын «Түркі тілдерінің сөздігі» («Диуани лұғат ат - түрік») атты мәңгі өшпес мұра қалдырды. Бұл кітап түрік дәуірінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы. Бұл кітапта бүгінгі ғалымдар сол кездегі түріктердің мекен жайларының аты -жөні, олардың тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұматтар алады. Бұл еңбекте тарихшылардың назарын өзіне аударған шығармадағы дүние жүзінің түрікше картасы. Кітапта 400 мақал-мәтел бар. М.Қашғари оны 1072-1074 жылдары Халиф Әл-Мұқтадиға арнап құрастырған.

Майқы би (Майқы Мәнұлы) XII ғ. соңы -XIII ғ. орта шенінде өмір сүрген. Майқы би атақты би, суырып салма ақын болған. Әкесі Мән. Майқы жастайынан ақсақ болды. Сондықтан да болар Майқы атанғаны және оның 18 атасының да есімі Майқы болған. Шыңғысханның замандасы әрі кеңесшісі. Ел оны әулие деп те атаған, себебі, ол адам тағдыры мен оқиғаларды болжай білген. «Түгел сөздің түбі бір, тұп атасы Майқы би» деген нақыл бар. Майқы би ұзақ өмір сүріп, 120 жасында қайтыс болды.

Орта ғасырларда әкімшілік, сауда-экономикалық орталық болған көптеген қала Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қалыптасты. Орта ғасыр қалаларының бірнеше бөліктері болған. Олар мыналар: Шахристан, Рабад, Цитадель. Шахристан қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы. Ал Рабад қаланың қолөнершілер тұратын бөлігі. Ал Цитадель болса, қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер.

VІ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі ірі қалалар: Тараз, Отырар, Сауран, Құлан, Суяб, Мерке, Үзкент, Сығанақ, Испиджаб, Иасы (Түркістан), Баласағұн тағы басқалар. Ал, сәулет өнері орта ғасырдағы түріктер дәуірінде жақсы өркендеген. Қалаларда, қоныстарда архитектуралық құрылыстар, мешіттер көптеп салынған. Сәулет өнерінің өркендеуіне Х-ХІІ ғасырларда ислам дінінің енуіне байланысты бірнеше кесенелер тұрғызылды. Мысалы Бабаша хатун кесенесі, бұл кесене Х-ХІ ғасырларда салынған аса қадірлі сәулет өнерінің туындысы. Кесене Тараз қаласының маңында орналасқан. Ал, Айша бибі кесенесі ХІ-ХІІ ғасырларда тұрғызылған. Кесене Тараз қаласына жақын жерде орналасқан. Бұл кесене -Қарахан мемлекетінің сәулет өнерінің туындысы. Қарахан кесенесі сол дәуірдің үлкен сәулет өнерінің туындысы. Ол Тараз қаласының маңында орналасқан.

Ал, Сырлытам кесенесі ХІ-ХІІ ғасырларда салынған сәулет өнерінің туындысы. Кесене Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Тараз, Отырар, Баласағұн қалаларындағы моншалар да ірі сәулет өнеріне жатады. Мысалы, Отырар моншасы- XI ғасырда салынған ірі ескерткіш.



4) Иллюстрациялы материалдар: карта

5) Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. А. Т. І. 1996ж.

2. Қазақстан тарихы. Очерктер. А. 1993ж.

3. Қазақстан көне тарихы. А. 1993ж.

4. Қазақстан қысқаша тарихы. А. 1994ж.

5. Х. Маданов Ч. Мусин. Ұлы дала тарихы. А. 1991ж.

6. Ә. Дәулетхан. Түркеш қағанатының құрылуы. Қазақ терихы журнал. №1,6-13б. 2001ж.

7. Ә. Дәулетхан Түркештердің этникалық құрамы және орналасу жағдайы. Қазақ тарихы. Журнал. 18-24 бет. 2001ж.

8. К. Салғараұлы. Мәңгілік ел (Түрік қағанаты құрылғанына-140ж.). Ана тілі. 1997ж. 20 наурыз

9. Ә. Дербісалиев. Қазақ даласының жұлдыздары. А. 1995ж.

10.Қ. Байпақов, А. Нұржанов. Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстан А. 1992ж.

6) Қорытынды сұрақтары:

1. Ірі қағанаттардың әлсіреумен құлауының негізгі себептері қандай?

2. Түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қарахан, қыпшақ мемлекеттеріндегі саяси тарихының жалпы белгілері қандай?

3. Түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қарахан, қыпшақ мемлекеттеріндегі

қоғамдық құрылысы мен шаруашылығына жалпы сипаттама беріңіз?

4. Түркі мемлекеттердегі тайпалардың этникалық жақындылығы қандай?

5. Батыс Түрік, Түркеш, Қарлұқ қағанаттарының, оғыз, қимақ, қарахан, қыпшақ мемлекеттерінің құлауының негізгі себептері атаңыз?

1) Тақырып №4. Қазақстан монғол жаулаушылығы кезеңінде және ортағасырлық мемлекеттер (XIII-XV ғғ).

2) Мақсаты: Қазақстан территориясын моңғолдардың жаулап алуының салдары мен себептерін ашып көрсету, монғол кезеңінен кейін пайда болған мемлекеттерге сипаттама беру, олардың бұрын болған мемлекеттерден айырмашылық ерешеліктерін көрсету.

3) Дәріс тезистері

XIII ғ. басында Моңғол мемлекеті құрылды. Оның негізін салушы Темучин (1155-1227ж..) Онон өзенінің бастауында 1206 жылдың көктемінде өткен Моңғолдардың жоғарғы билеушісі Темучин- Шыңғыс хан деп жарияланды.

Шыңғыс хан (моңғолша: Чингис Хан; өз аты-моңғолша; Тэмүджин)-Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есүхей батырдың отбасында туған.

Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183-1204жж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын-Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян ханға дейін-талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды. Осы жеңістері және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асыруы нәтижесінде Тэмуджин дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен 1206 жылы барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, «Шыңғыс хан» (түркі тілдеріндегі «теңіз» деген сөзден шыққан деп есептеледі) лауазымын алды.

XIII ғ. басында Моңғол мемлекетінің құрылуы Орталық және Орта Азия Қазақстан мен Шығыс Еуропа халықтары мен мемлекеттерінің тарихи тағдырына орасан зор ықпал жасады. Моңғол жаушылығы Евразия аймағын мекен еткен халықтар мен тайпалардың қалыптасқан қарым - қатынасы мен өзара байланысын бұзды және олардың этникалық-саяси, шаруашылық-мәдени дамуының жүрісін өзгертіп жіберді,

XII г. орта шенінде Моңғол тайпалары Моңғол Алтайы мен Ертістің жоғарғы жағынан наймандар мен қыпшақтарды ығыстырып, түркі тілді топтарға сіңісіп, түріктерден материалдық мәдениеттің көптеген элементтерін, шаруашылық пен тұрмыстық түрлерін, көпшіліктің әдет- ғұрпын, мал тұқымдарын ала отырып, Орхон мен Керулен бойларынан батысқа қарай жылжыды. Сол уақыттан бастап, түріктер мен монғалдардың, кейінгі уақытка дейін сақталған, қоныстарының шекарасы анықталып қалыптасады. Моңғолдар жайлаған территория солтүстікте Байкалдан, Ертіс пені Енисейдің жоғарғы бойынан оңтүстікке Гоби шөліне дейін кең көсіліп жатады.



Жошы ұлысы, Алтын Орда және Ақ Орда тарихы.

Қазақстан аумағы үш монғол ұлысының құрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына қарады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.

1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс князьдіктері талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшақ (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі аясында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер қарады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдіктері бағынышты тәуелділікте болды. Орыс князьдері Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды.

Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпақтары — хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т. б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды.

Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына бір-бірінен қоғамдық-экономикалық даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары — ең көбі қыпшақтар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т. б. болды. Отырықшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т. б. кірді. Мұнда монғолдар азшылық болды. XIII ғ. аяғы мен XIV ғасырда монғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орданын халқы «татарлар» деген атау алды.

Алтын Орданың қоғамдық құрылысы. Алтын Орда мемлекетінің құрылысы толығымен Шыңғыс хан енгізген мемлекет үлгісін қайталады. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Маңызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы — құрылтай шақырылды. Армияны және өзге мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды бешербек басқарды. Қаржы, алым-салық мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталық аткарушы орган — диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты ұлыстардан алым-салық, сыбаға жинау міндетін атқаратын даругтер, баскақтар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, баьадурлер түмендерді, мындық, жүздіктерді басқаратын әскербасылары болып сайланды.

Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін ұлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге — оң және сол қанатқа, негізінен екі мемлекетке бөліну процесі жүргізілді. Оң қанат (ұлыстың) басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына кірді.

Батый мен Орда Еженнің ұлыстары өз ішінде тағы да кіші ұлыстарға бөлініп, олардың басында Жошының өзге ұлдары отырды.

Ұлысты (үлесті жер) билеуге өкімет басындағы әулет мүшелерінің барлығы құқықты болды. Ал өзге монғол ақсүйектеріне үлесті жер ханға еткен еңбегіне карай бөлініп берілді. Біртіндеп ақсүйектер құқығы арта түсіп, олар қарамағындағы жерді ұрпағына мұра етіп қалдыра алатын дәрежеге жетті. Екінші жағынан Алтын Ордада көшпелілердің ру-тайпалық ұйымдары да сақталды.



Алтын Орданын гүлденуі мен кұлдырауы. Алғашында Алтын Орда Монғолиядағы ұлы ханға тәуелді болды. Алайда 1260 ж. Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырап кетті.. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256 — 1266 жж.) тұсында-ақ тәуелсіздікке қол жеткізген. Одан кейінгі Мөңке хан (1266 — 1280 жж.) өз атынан теңге шығара бастады.

Алтын Орданың тарихы ішкі қайшылықтарына қоса, орыс князьдіктерімен, Ирандағы Кұлағу ханның әулетімен, Ақ Орданын және Хорезмнін билеушілерімен үздіксіз соғыстарға толы болды. Алтын Орданың XIV ғ. алғашқы жартысында, әсіресе Өзбекхан (1312 — 1342 жж.) мен одан кейінгі Жәнібек ханның (1342 — 1357 жж.) тұсында құдіреттілігі арта түсті. Ханның дара үстемдігі орнап, құрылтай шақыру аяқсыз қалды, билік бір адамның қолына жинақталды.

1312 ж. Өзбек хан исламді Алтын Ордадағы мемлекеттік дін деп жариялады. Далалық түркі-монғолдық мәдениет Еділ бойы (бұлғарлар) және Орта Азия (Хорезм) мұсылмандық салт-дәстүрлерінің әсерімен исламді қабылдай бастады.

XIV ғ. екінші жартысында Алтын Орда алауыздықтан әлсірей бастады. 1357 жылдан 1380 жылға дейін таққа 20-дан астам хандар отырып, бірін-бірі өлтіріп, орнын тартып алып жатты. 1380 ж. Алтын Орданың билеушісі, түменбасы Мамай Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен Куликово даласында тас-талқан боп жеңілді. Жошы ұрпағы Тоқтамыс хан осы жағдайды пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382 ж. Мәскеуді өртеп жіберді, Мәуереннахр мен Закавказьеге бірнеше рет жорық жасады. Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір Алтын Ордаға қайта-қайта шабуыл жасап, халқын қырып, байлығын тонап, енді қайта көтеріле алмастай етіп тұралатты.

XV ғ. ортасына карай бірнеше үлкен ұлыстар өз алдына хан сайлап, Алтын Орда біржола қүлады. Бұл ұлыстардың ең ірісі XV ғ. 30-жылдары Еділ мен Днепрдің аралығында құрылған Ақ Орда болды. 20 — 60-жылдары Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары бөлініп шықты.

1251 ж. Үгедей ұлысы жойылды. Жері Мөңке ханның (Шыңғыс ханның кіші ұлы Төленің баласы) жақтастарына таратылып берді. Шағатай ұлысында да билік қолдан-қолға өтті. Әсіресе Мөңке өлгеннен кейін феодалдар тартысы күшейе түсті. 1260 ж. Арығ-Бұғы мен Кұбылай екеуі де өздерін ұлы хан деп жариялады. Үздіксіз шайқастардан жергілікті қалалар мен егіс алқаптары зардап шегіп, тозуға айналды. Рашид ад-Диннің айтуынша, XIII ғ. 60-жылдарында «Арығ-Бұғының тағылық әрекеттерінен іле алқабында аштық болып, қаншама халык қырылып калған».

1269 ж. ұлт ханнан тәуелсіз Хайду мемлекетінің құрылуы жергілікті халықтан шыққан феодал билеушілердің бас көтере бастағанынын куәсі еді. Осы жылы Талас бойында шақырылған құрылтайда олар отырықшы-егінші аудандарды құрып кетуден қорғау әрекеттерін жасады.

Алайда Шыңғыс әулетінің арасындағы толассыз талас-тартыс пен Хайдудың ұлы хан армиясымен ұзаққа созылған соғысы кұрылтай шешімін жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.

Хайду ізбасарлары арасында басталған өзара тартыстар XV ғ. алғашқы жартысында Жетісудың экономикалық құлдырауын шегіне жеткізді. Махмуд ибн Уәли Хайду ұлдары мен Шағатайдың шөбересі Доба арасындағы қақтығыстар туралы былай деп жазды: «Біздің аталарымыз өзара соғысып жатқан кезде көптеген адамдар жазықсыз қырылды, аудандар қаңырап калды, иелігіндегі жерлер сағымға айналды, егістік қурап қалды... қалалар мен құрылыстар адамдар жылы орнын тастап, кезбе кайыршыға айналды».

Монғолдар келгенге дейін дамудың жоғарғы сатысында тұрған Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы — Баласағұн, Тараз, Алмалық, Алмату, Қаялық, Ілебалық, Екі оғыз, т. б. үлкенді-кішілі қала мен елді мекендер жер бетінен жоғалып кетті.

Моңғол хандарының арасында жергілікті ел басшыларына арқа сүйей отырып, отырықшы-егінші және қалалық мәдениет негізіндегі бір орталықтан басқарылатын билік жүйесін жақтаушылар да болды. Олардын ең көрнектісі жоғарыда айтылған Добаның ұлы Кебек хан (1318—1326 жж.) еді. Ол көшпелі тұрмыстан қол үзіп, Жетісудан Мәуереннахрға барып қоныстанды, ақша және әкімшілік реформасын жүргізді, Орта Азиядағы қираған қалалардың қалпына келтіріліп, жаңадан қала салынуына ықпал жасады. Оның қамқорлығы арқасында Шағатай ұлысындағы Онтүстік Қазақстандық қалалар қалпына келтірілді. XV ғ. ортасында Хайду мемлекетінен Моғолстан бөлініп шықты.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет