4) Иллюстрациялы материалдар: карта
5) Әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы. Т.3 А., 2002
2. Аничков И. Жанқожа Нұрмұхамедұлы А.1991.
3. Вяткин М.П Бактыр Сырым .М.ЛІ1947.
4. Кенесары жэне Сыздық сұлтандары А.1992.
5. Бекмаханов Е.Б.Қазақстан XIX ғ 20 - 40 жылдарында А. 1994.
6. Қасымбаев Ж. Кенесары хан А.19І93.
6) Қорытынды сұрақтары:
1. Кіші жүз қазақтарының С.Датұлы басқарған көтерілісінің себептері неде?
2. И.Тайманұлы және М.Өтемісұлы басқарған көтерілістің себептері неде?
3. 1837-1847 жылдардағы Қенесары хан басқарған көтерілістің себептері неде?
4. Қазақстанның Ресейге қосылуының салдары қандай?
1) Тақырып №8. XIXғ екінші жартысы және XX ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік — экономикалық және саяси дамуы.
2) Мақсаты: Қазақстанда әкімшілік реформалардың енгізілуінің себептерін ашып көрсету. ХІХ және ХХ ғғ басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайын және оның ерекшеліктерін көрсету.
3) Дәріс тезистері
Ұлы жүз Россия қоластына Кіші жүз бен Орта жүзден кейін өтті. Йткені XIX ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі Орта және Кіші жүздердің Оңтүстіқ аймақтары Хиуа және Қоқан хандықтардың иелегінде болды. Бұл өңірдегі халықтарды Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары қыспаққа алуды көбейтті. Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары Каспий теңізі жағалауларынан Жетісуға дейінгі жерлерге шабуылдап отырды. Әсіресе Хиуа ханы Мұхаммед–Рахымның 1812, 1816, 1820 жылдардағы шабуылдары жойқын болды. 1820 жылы Хиуа ханы 2000-ға жуық қазақ ауылын аяусыз қырып жойды.
1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре басқарған қазақ шаруаларының қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып, Түркістан, Шимкент, Әулисата, Сайран өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шығып көтеріліс қатыгездікпен жаншылды.
Оңтүстік Қазақстан, Жетісу өңіріндегі халықтардың Россия мемлекетімен сауда экономикалық қатынастары барған сайын кеңейе түсті. Осындай себептердің бәрі Ұлы жүз халықтарының Россия империясына қосылуын тездетті. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы басқарған 66 мың адамнан тұратын жалайыр руы Россия империясының құрамына қосылды 1825 жылы Ұлы жүз жерінде Россия империясының Алатау, Қапал, Лепсі сияқты әскери бекіністері салынды. 1825 жылы 50 мың халқы бар үйсін болысы Россия мемлекетінің құрамына қосылды. 1847 жылы Іле және Лепсі өзендері маңындағы қазақтар мен қырғыздар Россия билігін мойындайды. 1848 жылы 10 қантарда Жетісудағы қазақтарды билеу үшін Россия патшалығы бұл өңірге жаңа лауазымды (пристав) бекітеді. Приставтың резиденциясы қапалда (1847 жылы салынды) болды.
1851 жылы 7 шілдеде подполковник Карбышев отряды Қоқан хандығының басты тірегі Таушубек бекінісін қантөгіссіз басып алады.
1853 жылы – Ақмешіт қаласының Россияның қоластына қаратылуы орыс әскерлерінің Іле бойымен жылжуына жол ашты. Осы кезден бастан Ақмешіт бекінісі Перовск деп аталды. 1853 жылы 2 сәуірде Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың тапсыруы бойынша Көксу және Іле аралығында Іле бекеті салынды.
1854 жылы көктемде пристав М.Д. Перемышельский отряды Алматы деген жерде Верный бекінісінің негізін қалады. Сол жылы Верный бекінісіне 470 солдат қоныс тепті, ал 1855 осы бекінісіне Сібірден 500-ге жуық отбасы қоныстанды. Верный бекінісің салынуы 1855 жылы қырғыздың Бұғы руының Россия билігін мойындауын тездетті. 1855 жылы Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды.
1856 жылы Верныйда Орталық Россия губернияларынан, Воронежден келген қоныстаушылардың саңы бұынғыдан да арта түсті. 1857 жылы Верныйда су диірмені, 1858 жылы сыра заводы ашылды.
XIX ғасырдың екінші жартасында Верный қаласында П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Н.М.Пржевальский, Ш.Уәлиханов сияқты ірі ғалымдар бір аз уақыт тұрған.
Верный бекінісінің салынуы XIX ғ. 50-жылдарында Қазақ елінің Оңтүстіқ аудандады мен қырғыз жерінің Россияға қосылуын тездетті.
Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы.
Патша үкіметі Оңтүстіқ Қазақстан өңірінен Қоқан хандығын ығыстырып, өз бақылауына алу үшін әскери қимылдарын көбірек ұйымдастыра бастады.
1859 жылы Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Россияның тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қырқүйекте Пішпекті алды. 1860 жылы 27 қазанда Ұзынағаш түбінде Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский басқарған орыс отряды қоқан әскерін жеңеді. Бұл шайқаста 400-ге жуық Қоқан сарбазы қаза табады, ал орыстар – 2 адамнан айрылды.
1863 жылы Қоңырат 4 мыңға жуық, бестаңбалы руынын 5 мыңға жуық шаңырағы Россия билігін мойындайды.
1864 жылы қөктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша әскері Шу алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алса, осы жылы 22 қыркүйекте Черняев төбы Шымкентті алады, ал Ташкентті шілде айында 1865 жылы үш күндік шайқастан кейін алды.
1866 жылы Бухар хандығын орыс әскерлері жаулап, 1867 жылы хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді, ал 1868 жылы Қоқан хандығына тәуелді болған қазақ жерлері Россия құрамына еніп, Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. 1873 жылы Хиуа хандығының орыс әскерінен жеңілуі Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті.
Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылған қазақ елінің Россия құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Россия империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері түгелдей Россия отарына айналды.
Патша – өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең – кезеңімен іске асырды.
Оның алғашқысы – 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, қазақ елін өзіне жағынып бағынышты болған хандар арқылы басқарды.
Патша өкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Россиядан жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды.
Отарлаудың осы әскери - әкімшілік кезеңінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды.
Бұдан кейін (үшінші кезең) отарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тәсілдерінің бірі – отарлаушы елдің ішкі қуат көзі – этникалық тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды.
Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.
XIX ғасырдың 60-жылдары қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласы екі облысқа бөлу жоспарланды. Бүл усыныс қабылданбады.
1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды.
1865 жылы 5 маусымда II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б.
1886 – 1891 жж. реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер.
1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкенде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті.
1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды.
Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана - 5, Самарканд - 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді.
Өлке шеңберінде генерал – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- –губернатор құзырында болды.
Сот құрылысы. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі - әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді.
Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын.
Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды.
Патша өкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы оған ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әр турлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1844 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сомға жетті.
Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.
Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты және Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы
Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі қоныстандыру саясаты болды. Помещиктер мен империалистік буржуазияның мүдделеріне сай келген қоныс аудару мәселесіне патша өкіметі XIX ғ. екінші жартысынан бастап қатты назар аударды. Өйткені, Россияда басыбайлықтың (крепостниктік) жойылуы және әлеуметтік-әкімшілік жөніндегі реформалар аграрлық мәселені толық шешкен жоқ, Россияның орталық аудандарында шаруалардың толқулары тоқмады. Осындай жағдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшін бірқатар шаралар қолданды. Қоңыс аудары саясаты сол шаралардың бірі еді. Сібірді, Қазақстанның солтустік, батыс, орталық және оңтустік шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Россиядан шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.
Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Россиядан шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың бірінші әскери-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бекітілді. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер беріліді. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзімге алым-салықтан, рекруттық (әскери міндет) міндеткерліктен босатылды. Мұқтаж отбасыларына «керек-жарақтар алу үшін» ақшалай (100 сом) көмек берілді.
1883 жылы Жетісу облысының Дала генерал-губернаторлығына қарауына байланысты жергілікті әкімшілік «Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дунгендерді орналыстыру» туралы ереже шығарды. Жаңа документ 1885 жылы 1 мамырда бекітілді. Бұрынғыларымен салыстырғанда жаңа «Ережелерде» қоңыстанушыларға берілетін артық- шылықтар біраз қысқартылды: енді жер улесі әр адам басына 10 десятина болып белгіленді, қоныстанушылар салықтар мен міндеткерліктерден үш жылға ғана босатылды, ал одан кейінгі үш жылдықта оларды жартылай өтейтін болды.
Патша өкіметі 1889 жылғы 13 шілдеде «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» туралы арнаулы ереже бекітті. Бұл ережеде жерді бекітіп берудің тияқты мөлшері белгіленген жоқ, жергілікті өкімет орындарына оның өз қалауынша белгілеуге ерік берілді. «Ережеде» ішкі істер және мемлекеттік мүліктер министрлері алдын ала рұқсат еткен жағдайда ғана қоныс аударуға болатыны көзделді. Қоныс аударатын басты аймақтар – Жетісу, Ақмола, Семей, Тобыл, Томск губерниялары ңақтылы белгіленді.
Сонымен, «Село тұрғандары мен мещандардың өз еркімен қоныс аударуы туралы» 1889 жылғы ереже Россияның орталық губернияларынан Қазақстанға қоныс аудару қозғалысын ішінара ашып берді және самодержавиенің жалпы аграрлық саясатының мәнді жақтарының бірі болды.
Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі-Сібір темір жол комитеті болды (1892 ж. құрылды). Елдің шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін, шаруалардың қоныс аударуы кең өріс алды. Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Төрғай облыстарында жұргізілді.
Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартып алынып, 10940 халқы бар 24 жаңа селолар пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина егістік жер тартып алынды. 1884-1891 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкеліп қоныстандыру Сырдария облысын, Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерін кеңінен қамтыды.
Қоныс аударушылар Россияның Европалық бөлігінен ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді. Мәселен, 1900 жылғы халық санағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында (Ақмола, Орал, Төрғай, Семей, Жетісу) ғана 3463598 адам болса, оның ішінде европалық Россиядан келгендер 247 мыңдай адам, Сібірден – 42119, Орта Азиядан – 23530, Польшадан – 1191, Кавказдан – 1672, Финляндиядан – 72, басқа жерлерден 3557 адам келді. Сөйтіп, 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10,5 процентін қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды.
Сөйтіп, патша самодержавиесінің Қазақстан территориясын отарлауға бағытталған және дамып келе жатқан Россия капитализмнің мүдделерін бейнелеген аграрлық саясаты XIX ғасырдың екінші жартасында осылайша жүзеге асырылды.
Тау – кен өндірісі.
XIX ғасырдың екінші жартасында Европа мемлекеттерінде дамыған капиталистік қатынас Россияға әсер етпей қоймады. Осымен байланысты Россияның капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Россияның орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де товар айналысының өсуін шапшаңдатты. Өлкеде үстем болған натуралды шаруашылық біржіндеп ыдырай бастады.
Бұл кезде Қазақстан экономикасында натуралды шаруашылықтың көлемі қысқарды, өлке өнеркәсіп товарларын өткізу рыногы және бағалы ауыл шаруашылығы шикізатының қайнар қөзі ретікде капиталистік Россияға барынша тәуелді болып шықты.
XIX ғасырдың ортасы – қазақ жеріне капиталистік қатынастардың тарала бастауының көріністері айқын байқалды:
- Отырықшы мал шаруашылығы мен екіншіліктің дамуы.
- Жеке меншік жерді иеленудің кең таралуы.
- Жылқы санының азайып, ірі қара малдың көбеюі.
XIX ғасырдың 60 жылдарынан россиялық кәсіпкерлер қаражаттарын қазба байлықтары мол қазақ аймақтарында өндіріс салуға жұмсады.
Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығыс, Орталық Қазақстанда ашылды. 300-400 жұмысшылары бар ірі өнеркәсіп өрындары - Спасск мыс қорыту заводы (1857 ж.), Успен кеніші, Қарағанды көмір алабы, Екібастұз, Риддер кәсіпшілігі.
1898 жыл – Семей облысының Павлодар уезінде Воскресенск Кен - өнеркәсіп қоғамы құрылды.
Кен кәсіпшілігінің орталығы – Қарқаралы уезі.
Химия өнеркәсібінің бастамасы – Шымкент сантонин заводы (1822 ж.)
Алтын өнеркәсібіндегі жұмысшы әйелдер саны – 1873 жылы 12%, ал 1893 жылы 17% болды. Қазақстанның кен орындарында балалар еңбегі XIX ғ. 90 жылдырыңда кеңінен пайдаланылды.
Темір жол.
1893-1895 жылдары Сібір темір жолы (ұзындығы 3138 км) салынды. Оның 178 шақырымы қазақ жерін басып өтті.
1893-1897 жылдар – Рязань – Орал темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы қазақ өлкесінің батысы арқылы өтті.
1899-1905 жылдар – Орынбор – Ташкент темір жолы (ұз.1656 км) салынды. 1905 ж. қаңтарда іске қосылды.
Сауда.
XIX ғасырдың II жартысында капиталистік қатынастардың дамуына байланысты Қазақстанда сауда дамый бастады. Шаруашылықтың типіне сәйкес Қазақстанда сауданың негізгі үш түрі: көшпелі аудандарда – тасымалды сауда, шаруашылық типі жартылай отырықшы аудандарда – жәрменке саудасы, отырықшы шаруашылықтары басым аудандарда – тұрақты сауда (магазиндер, қоймалар, дүкендер) болды.
Қазақстанда тасымал сауда неғурлым кеңінен тарады. Тасымал саудасы, әсіресе алыс ауылдарда ашықтан-ашық тонау сипатында болды.
Россия саудагерлері Қазақстанға сауданың жаңа түрін – жәрмеңкелік сауданы енгізіді. Халқы сирек, ұшы-қиырсыз жері бар, қатынас жолы дамымаған, халқының дені көшпелі өлкенде жәрмеңкелер ірі сауданың қолайлы түрі болды. Қазақстандағы туңғыш жәрменке 1832 жылы Бөкей ордасында хан ордасы жанынан ашылды. Кейіннен (1855 ж.) Семейде екі қалалық жәрмеңкелер ашылды. Ақмола облысы Тайыншакөл, Константиновск, Петровск (Атбасарда) және 50-ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Семей облысы), Қарқара (Жетісу), Әулиеата (Сырдария облысы), Ойыл, Темір (Орал облысы) жәрмеңкелер жұмыс істеді.
Жәрмеңкелер товар – рынок қатынастарын дамытуға жәрдемдесті, мал шаруашылығының товарлығын арттыруға ынта туғызды. Жәрмеңкелер қазақ шаруашылығың капиталистік экономикасы мен байланысын нығайтты. Натуралды шаруашылықтың ыдырауын тездетті.
XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы).
Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.
1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды.
Өндіріс орындары және жұмысшылар.
1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті.
XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті.
Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды.
Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді.
XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды.
Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді.
XX ғ.басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Столыпиннің аграрлық реформасы.
XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды.
1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі.
Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.
Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.
Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%).
XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған.
Қала..халқының..көбеюі..жолдары:
1.Қоныстанушылардың..көптеп..келуі.
2.Жатақтар..санының..артуы.
3.Ішкі..демографиялық..өсім.
4.Сауда қатынасының дамуы.
Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді.
Қоныс аудару. Столыпиннің аграрлық реформасы.
1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды.
1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді.
Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.
Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді.
Облыстардағы..қазақтардың..улесі:
Ақмола..облысы..–..36,6%
Семей..облысы..-..73%
Жетісу..облысы..–..60,5%
Сырдария..облысы..–..63,3%
Төрғай..облысы..–..58,7%
Орал облысы – 56,9%
Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |