Курсы: 1 Оқу семестрі: 1,2 Шымкент 2013


) Иллюстрациялы материалдар



бет9/11
Дата15.09.2017
өлшемі2,11 Mb.
#32822
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

4) Иллюстрациялы материалдар: карта

5) Әдебиеттер:

1. Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне. Алма-Ата, 1958

2. Балакаев Т.Б., Алдажуманов К.С. Қазақстан еңбекшiлерi – майданға. Алматы,1985

3. Қозыбаев М.К. Казахстан-арсенал фронта. Алма-Ата, 1970

4. Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза 1941-1945 г.г. Сб. документов и материалов. Алма-Ата,1975

5. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы 1994ж

6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы 2005ж.

7. Қазақстан тарихы 5 томдық 5-ші том. Алматы 2001ж.



6) Қорытынды сұрақтары:

1. Фашистік Германияның жоспарында Қазақстан қандай орын алған?

2. Қазақстан экономикасын әскери бағытқа ауыстыру процесі қалай жүргізілді?

3. Қазақстандықтар қандай майдандарда ерлік көрсетті?

4. Азат етілген облыстарға Қазақстан қандай көмек көрсетті?

5. Ұлы Отан соғысында кеңес халқының жеңісінің маңызы неде?



1) Тақырып№12. Қазақстан «Хрущев декадасы» және кеңестік экономикалық, әлеуметтік-саяси жүйенің дағдарысының күшеюі жылдарында (1954-1985жж.)

2) Мақсаты: соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірге, Сталиннің жеке басына табынушылыққа, 1946-1960 жж. республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуында тепе-теңдіктің болмауына сипаттама беру. 1970-80 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының тенденцияларын, қазақстандық қоғамның барлық саласында тоқыраулық көріністердің белен алуын көрсету.

3)Дәріс тезистері

Республикадағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық–саяси ситуация. Экономиканы бейбіт өмірге лайық қайта құру басталды. Еліміздің экономикасы ауыл шаруашылығын реформалау қолға алынды. КПСС ХХ съезі –Сталиннің жеке басқа табынуын айыптады. Экономиканы басқаруды реформалау халық шаруашылығын территориялық өндірістік басқару принципі енгізілді.

Тың және тыңайған жерлерді игеру экономиканы экстенцифтендіру бағытының жалғасы болды. «Тың және тыңайған жерді игеру» елімізге экологиялық зардаптарын тигізді. Өнеркәсіп пен транспорттың дамуы күрт өсті қала құрылысын құрастыру өндірісімен жаңа қалалардың қалыптасуы өріс алды. Қоғамдық саяси өмірдегі «жылымық» пайда болды. Әміршіл -әкімшіл жүйелердің кемшіліктері көбейді. «Дамусыз өсу»-экономиканы басты сипатын болды. Елімізде тапшылық мәселесі өсті.

Соғыстан кейін интеллегенцияны кудалау қайта басталып, «Бекмахановтың ісі» деген науқан ұйымдастырылды. Соғыс жылдарында ол белгілі тарихшылар А.П. Кучкин, А.М. Панкратова, Б.Д. Греков., Н.М. Дружининдермен бірге Қазақстан тарихын жазуға қатысты. 1947 жылы «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40-шы жылдарында» атты кітабын жариялады. Осыдан соң болған ұлтшыл деген айып тағылып, 1952 жылы 2 желтоқсанда 25 жылға сотталды. Ғалымдар А. Жұбанов, Қ. Жұмағалиев, Б. Сүлейменов, Қ. Сәтпаев жазушылар М.Әуезов, Ю. Домбровский қудалауға ұшырады.

Тіптен қазақ халқының ұлттық эпосы да айыпталып, «Қобылданды», «Ер Сайын», «Шора батыр», «Ер Едіге» сияқты тарихи жырларға тиым салынды. Ақын-жазушылардың творчествосына идеологиялық бақылау күшейтілді.

1949ж. 29 тамызында Семей полигонында ең алғашқы ядролық заряд жарылды. 1964 жылға дейін атмосферада 113 жарылыс жасалып, 1964 жылдан кейін сынай жер астында өткізіле бастады. Барлығы 143 жарылыс жасалды. Бұл жарылыстар Қазақстанға орасан зор экологиялық зардаптар алып келді.

1954 жылы Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. Тек 1954-1955жж. Екі жылдың ішінде ғана республикада 18 млн. гектар тың жерлер игерілді. Осының нәтижесінде астық өндіру артып, ол жыл басына шаққанда 2 мың га. жетті.

Сонымен қатар тың игерудің жағымсыз жақтары да болды. 1960 жылға дейін Қазақстанда 9 млн. га жер жел эррозиясына ұшырап, құнарсызданды. 1954-1962жж. аралығында Қазақстанға Одақтың Еуропалық бөлігінен 2 млн. жуық адам көшіп келді. Республикада қазақтардың үлес салмағы 30 процент қана болып, қазақ тілінің сақталуына қатер төнді.

Тоқырау кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогресске қабілетсіз, қарабайыр (экстентивті) әдіспен жұмыс істеді. Соның өзінде халық шаруашылығының дамуында кейбір келелі көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, осы жылдарда өндіріс және ғылыми өндірістер құрылымдарының саны 28-ден 162 дейін, оның ішінде кәсіпорындар 97-ден 610 дейін өсті. Энегетикада электр энергиясын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975ж. республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан электр қуатымен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Минерал тыңайтқыштар шығару 1,8 есе, сары фосфор өндіру 2,5 есе артты. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12 процентке жетті. Республиканың машина жасау саласы машиналардың, механизмдердің, приборлар мен жабдықтардың 2 мыңнан астам түрлерін жасап шығарды. Республикада мұнай өндіру бесжылдықта 1,8 есе, ал газ өндіру 2,5 есе артты. Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылы 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар қатарға қосылды; өндірістің жаңа салалары пайда болды; өнімнің 700-ден астам түрін шығару, оның ішінде 150 жаңа түрін шығару елімізде тұңғыш рет игерілді. Өнеркәсіп өнімі 18,3 процент артып, 22 миллиард сомға жуық болды; астық өндіру мұның алдындағы бесжылдықпен салыстырғанда 27 процент, ал астық дайындау 33 процент артты. Әсіресе, 1979 жылы үлкен табыстарға қол жетті. Сол жылы Республика 1 млрд. 262 млн. Пұт немесе 20 миллионнан астам тонна астықты мемлекет қоймасына құйды. Дегенмен, бұл жылдарда бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен республика экономикасы қалыпты да қарқынды дами алған жоқ. Өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекелеген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады. Өндірісті жоспарлауда кемшіліктерге жол берілді, жаңа өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Жоспарлық, технологиялық және еңбек тәртібін бұзушыларға жол берілді, ғылым мен техникалық жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді.

Осы жылдарда мәдениет саласының материалдық техникалық негізін нығайтуда біраз жұмыстар жүргізілді. Республикада мәдени объектілердің құрылысы жаңа типтік жоба бойынша, мектеп пен мәдениетің мекемелерінің алдына өмірдің өзі қойған жаңа талаптар ескеріле отырып жүргізілді. Алматыда Қазақ политехникалық, Энергетика институттары, Халық шаруашылығы институты жақсы жабдықталған жаңа үйлерге көшті. Республика астанасында Университет қалашығының құрылысы жүргізілді. Тоғызыншы және оныншы басжылдық жылдарында жаңа баспалар құрылды. Бұлар –«Қайнар», Қазақ Совет Энциклопедиясы, жастарға арналған «Жалын», «Өнер» баспалары. Республикада жылма-жыл қазақ, орыс, ұйғыр, неміс, корей тілдерінде 30 миллиондай дана таралыммен 2 мыңға жуық кітап шығып тұрды. Бір жолғы таралымы 5 миллион данамен 415 газет, ондаған журнал шығарылды. 1970ж. қарсы телевизия республиканың барлық облыстарына дерлік енді. Телевизия бағдарламаның тәуліктік орташа көлемі 270 сағатқа дейін артты. Қазақстанда телевизияның 15 программалық орталығы және осынша студиясы, сондай-ақ телевизия бағдарламасын таратып және қабылдап алып қайта тарататын тарату жүйелері істеді. 4 республикалық және 19 облыстық бағдарламалар арқылы радио хабарлары қазақ, орыс, ұйғыр, корей тілдерінде жүргізілді.

1977 ж. республикада жоғары оқу орындарының саны 50-ге, ал арнаулы оқу орындарының саны 220-ға жетті. Жоғары оқу орындары мен техникумдарда 500 мыңдай студент оқыды. Республика халқының әрбір 10 мың адамына 160 студенттен келді. Бірақ экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің басқа жақтарына да салқының тигізбей қоймады. Келеңсіз процестер әлеуметтік саланы мықтап шарпыды. Әлеуметтік — мәдени саланы дамытуға қаржы бөлудің "қалдықтық принципі" қалыптасты.

Тоқырау жылдары деп айдар тағылған кезеңде барлық жерлердегі сияқты Қазақстанда да ел бақару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа, бұрмалаушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдык ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Республиканың басшы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жерлердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның дәстүрлерімен санаспады. Мұндай жағдай 1986 ж. желтоқсан айында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаев жолдасты орнынан алынған кезде айрықша көзге түсті. Пленум мәжілісі 18-ақ минутқа созылды. Осы уақытта

Д.А. Қонаевты орнынан алып, оның орнына Мәскеуден жіберілген Г.В. Колбин сайланды. Мұның өзі қайта құрумен, демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразалылығын туғызды. Пленум өткеннен кейінгі екінші күні орталық Партия Комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндегін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар т.б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында "Әр халықтың өз ұлттық көсемі болуы керек" деген ұрандар болды. Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы өкілдерінен де болуы мүмкіндігі айтылды. Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшылары соның ішінде Г.В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдаумен арам пиғылды тұғызды. Үрейленген партия басшылығы Мәскеудің мақұлдауымен Алматыға басқа жерлерден арнайы әскер бөлімдері шақырылды. Қалада қақтығыстар басталып, жастар қатты зардап шекті. Олардың барлығы ұлтшыл деп айыпталды.

1987 ж. 14 наурызда өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес партия ұйымдарын тазалау басталды. Жергілікті кадрларды қуғынғы салған Г.В. Колбин Орталық Партия Комитеті бюро мүшелерінің пікірлерімен санаспады, олардың талаптарын, қабылдамады, мәселелерді көп жағдайда өз еркімен шешті. 1989 ж. Г.В. Колбин басқа жұмысқа ауысып, Мәскеуге кетті. Оның орнына 1989 ж. шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.

Қайта құру арқасында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта дамуы, тілі, мемлекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты.

Тарихымызда 1970-1980 жылдар тоқырау кезеңі деген атаумен белгілі. Сәл алдын 20-жылдан кейін коммунистік қоғам құруды уәде еткен партия басшылығы 1977 ж. Конституцияда кемелденген социализм қоғамын жариялады. Кеңес Одағының барлық территориясында ұлттық проблемалар елде қылмыс, коррупция күшейіп кетті. Ел бұрынғы басқару жүйесімен келісе алмады. 1985ж. елде қайта құру басталды. Демократияның алғашқы қарлығаштары қазақ жастары болды. Тарихымызда 1986 ж. желтоқсан оқиғасы қазақтардың өзін-өзі басқаруға, тәуелсіздікке ұмтылуындай баға алады.



4) Иллюстрациялы материалдар: презентация, карта

5) Әдебиеттер:

1. Қазақ ССР тарихы. Алматы 1978 ж.

2. Қазақстан тарихы. (очерктер) Алматы, 1994 ж.

3. Күзембайұлы А. Қазақстан тарихы. Алматы, 1993 ж.

4. Кунаев Д.А. О моем времени. Алматы, 1991 г,

5. Назарбаев Н.А. Без первых и левых. Москва, 1991 г.

6. Қозыбаев М.К. История и современность. Алматы, 1991 г.

6) Қорытынды сұрақтары:

1. ХХ ғ. 50-60 жж. республиканың қоғамдық-саяси өмірі қандай ірі оқиғалармен сипатталды?

2. Экониканы бейбіт өмірге қайта құру қалай жүргізілді?

3. Ауыл шаруашылығын көтеруде қандай әрекеттер жасалынды?

4. Тың және тыңайған жерлерді игерудегі қателіктер мен артықшылықтардың көрінісі неде?

5. Н.С. Хрущевтің реформасының жартылылығының көріністері неде болды?

6. Ауыл шарушылығын дамуында қандай дағдарыстық көріністер пайда болды?

7. Кеңес қоғамынының барлық буынында тоқыраулық көріністер неден пайда болды?

8. 1970-80 жылдардағы мәдениет пен білімнің дамуындағы тенденциялар қандай?
1) Тақырып№13. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау.

2) Мақсаты: 1985-1991 жылдардағы қоғамның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне объективті тарихи сараптама беру. «Қайта құру» саясатының негізгі этаптарына, Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына және КСРО-ның құлауының себептеріне.

3)Дәріс тезистері

1991 жылы сәуір-мамыр айларында Новоогоровте (КСРО президенттің резиденциясы) М.С. Горбачев тоғыз одақтас республикалардың басшыларымен келісім жүргізді. Бұл келісімде жаңа одақтық шарт туралы мәселе көтерілді. Келесімге қатысушылардың барлығы жаңарған Одақ жөніндегі шартты қолдады. Шартта Егеменді (Суверенді) Мемлекеттердің Одағын құру көзделді. Сонымен қатар, өкімет органдарын және басқару қүрылымын, жана Конституцияны қабылдау, сайлау жүйесін өзгерту белгіленді. Шартқа қол қою мерзімі 20 тамыз 1991 жыл белгіленді.

Жаңа одақтық шарттың жобасын жариялау және талқылау қоғамда жікке бөлінушілікті тереңдетті М.С. Горбачевті жақтаушылар бұл құжатта қарама-қарсылықтың деңгейін төмендету және елде азамат соғысының болуы қауіпінен құтқару мүмкіндігін көрді. Бір топ ғалымдар бұл шартқа қарсы шықты.

Жаңа шартқа қарсыластар КСРО-да қалыптасқан халық шаруашылығының кешенін ыдыратып елде экономиқалық дағдарысты тереңдетеді, деп сескенді. Жаңа шартқа қол қоюға бірнеше күн қалғанда, оппозициялық күш реформалық саясатқа қарсы шығып, мемлекеттің (КСРО) ыдырауын тоқтатуға әрекет жасады.

1991 жылы 19 тамызда КСРО үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.С. Горбачевтің денсаулығына байлынысты қызыметінен босатып, оның орнына вице – президент Г.И. Янаевтың тағайындалғаны туралы мәлімдеме жасады.

Мемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрылды. ТЖМК-ның басында КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, премьер-министр В.С. Павлов, КСРО қорғаныс министрі Д.Т. Язов және оның орынбасары О.Д.Бакланов, КСРО МХҚ-тің төрағасы В.А.Крючков, ішкі істері министрі Б.К. Пуго сияқты жоғарғы биліктегілер тұрды. ТЖМК-ның мақсаты КСРО-дағы ауыр экономиқалық және саяси жағдайды пайдаланып, билікті қолдарына алу. КСРО Жоғарғы Қеңесінің төрағасы А.Лукьяновтың қолы қойылған ТЖМК қолдау көрсетуге шақырған «Кеңес халқына үндеу» жарияланды.

КСРО Президентінің міндетін атқарушы Г. Янаев еліміздегі тетенше жағдайдың 6-ай мерзімге созылатынын және БҰҰ-на және мемлекеттермен үкімет басшыларына түсінікпен қарау туралы мәлімдеме жасады.ТЖМК-ның бірінші қаулысы бойынша барлық қоғамдық-саяси қозғалыстардың қызметіне тыйым салынды. Бұл әрекет - мемлекеттік төнкіріс. Қырымда дем алып жатқан КСРО Президенті М.С. Горбачев бұл оқиғадан бейхабар болды.

ТЖМК-ның әрекетіне әлем жұртшылығының көзқарасы әртурлі болды.

Қырғызстан, Украина өз территорияларында жаңа үкіметтің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Әскерлердің бір бөлігі халық жағына шықты. АҚШ Президенті Д.Буш КСРО-ғы Конституциялық басқаруды қалпына келтіру бағытындағы РКФСР Президенті Б.Н.Ельциннің әрекеттерін қолдады. Европа экономиқалық Кеңесінің өкілдері М.С. Горбачевтің қайтып оралуын талап етті, талап орындалмаған жағдайда КСРО-ға берілетін көмекті тоқтататындығын мәлімдеді.

Ирак және Қытай үкіметтері ТЖМК-ның құрылуын жақтады. Москвадағы тамыз төңкерісіне Қазақстан халқының көзқарасы әр түрлі болды. «Желтоқсан», «Азат» қозғалыстары сияқты көпшілік қоғамдық саяси ұйымдар ТЖМК-ны айыптады.

1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. ТЖМК халықтан қолдау таппады.

1991 жылы 21 тамызда М.С.Горбачев Москваға келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді. 1991 жылы тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық келісімшарт жасалмады. Новоогорев келісімі сәтсіздікке ұшырады. Тамыз төңкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті. Осыдан кейін Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жөнінде», «Семей ядролық сынақ өткізу полигонын жабу туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономиқалық дербестігін қамтамасыз ету туралы» т.б. жарлықтар шығарды.

Мемлекеттік төнкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты.

1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партиясын тарату туралы шешім шықты. Осылай Қазақстан Коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына Қазақстан Социалистік партиясы құрылды.

Елдегі болып жатқан саяси процестер жастар ұйымына да әсер етіп, комсомол ұйымының беделі құлдырай бастады. 1991 жылы қазан айында болған Қазақстан комсомолының XVIII съезі шешімімен Қазақстан комсомолы тарады. Енді оның орнына қазақстан Жастар Одағы құрылды. Комсомолдан кейін Қазақстан пионер ұйымы да тарады. Республика Кәсіподағы көптеген ұсақ ұйымдарға бөлінді.

ІІ. Қазақстанның тәуелсіздік алуы бұрынғы Кеңес құрамында қалыптасқан ахуал-қоғамдық жүйенің күйреуінің, Кеңестер Одағының ыдырау салдары нәтижесінде іске асты. КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі - ондағы орын алған экономикалық күрделі мәселелер, экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің әлсіздігі еді. Оның үстіне, Ұлы Отан соғысынан кейін Кеңестер Одағы халық шаруашылығын аяғына дейін қалпына келтірмей жатып, өзінен экономикалық потенциалы (мүмкіндіктері) екі есе және одан да артық Америка Құрама Штаттарымен әскери, әскери-техникалық, стратегиялық бағытта тай-таласқа түскенін айту қажет. Осының нәтижесінде Одақ ішінде жалпы өнім, ұлттық табыс, еңбек өнімділігі артпады, оның көрсеткіштері бойынша КСРО АҚШ-тан жыл өткен сайын артта қалып отырды. Соған қарамастан, жылдар бойы әскери-стратегиялық тепе-теңдікті, әсіресе 1949 жылы құрылған АҚШ бастаған НАТО және КСРО бастаған Варшава шарты /1955 жж./ арасындағы әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін тыраштанды. Екі жүйенің /капиталистік және социалистік/ теке тіресі кеңінен етек алған, 1950 жылмен 1990 жылдың арасындары қырық жылда, әскери шығын 20 триллион доллара жеткен. Ал сексенінші жылдардың аяғында соғыс өнеркәсібі мен әскери-өндірістік комплекспен байланысты өндірісте планетаның 60-80 миллион тұрғыны жұмыс жасап, шикізаттың негізгі түрлерінің 5 проценті соғыс мақсатына жұмсалған. Әрине, мұндай зор шығындар экономиканы да орасан зор зардаптарға ұшыратты.

Бұрынғы кеңестік экономикалық кешеннің құрылымы тым күйкі тартып, негізінен шикізат өндірушілік пен әскери-өнеркәсіп кешеніне қызмет етуге бағытталды. Кеңестер одағында әскери-өнеркәсіп кешеніне тоғыз министрлік қызмет етті. Олардың қажеттілігі кедергісіз қанағаттандырылып отырды. Бұлар ұлттық жалпы өнімнің едәуір бөлігін шығарды. Ол статистикалық есепте халық шаруашылығы өніміне қосылғанымен, шын мәнінде, халық шаруашылығы мойнына асылған масылдық еді. Осыған қарамастан Кеңестер Одағының әскери техникасы бәсекелес елдердікімен салыстырғанда әлдеқайда артта қалды. Мұндай артта қалушылықтың зардабы таяу Шығыстағы, Ауғанстандағы, Африка елдеріндегі майдан далаларында әлденше рет тойтарыс алып, соққы жегенінен айқын көрінген еді.

КСРО-ның экономикасының артта қалуы 1970 жылдан басталған тоқырау кезеңінде, халық шаруашылығы жоспарларының орындалмауынан өз көрінісін тапты. Экономиканың артта қалуы, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында өріс алды. 1965 жылдан кейін ауыл шаруашылығына 1 триллион сомға жуық қаржы жұмсалды, бірақ бұл ақша тиімсіз пайдаланылды, нәтижесінде соңғы /1990 ж. дейін/ 25 жылда КСРО-да тек ауыл шаруашылығындағы қордың қайырмасы /АҚШ-пен салыстырғанда/ үш есе төмендеді, бір американдық фермер бес колхозшының өндірген өнімін өндірді, ауыл шаруашылығында 80 проценттен астам адам қол еңбегімен айналысты.

Жалпы бүкіл Одақ бойынша 1970-1985 жылдары тоқырау кезеңінде экономиканың басты көрсеткіштері өспеді, қайта төмендеп кетті. Егер ұлттық табыстың өсу қарқыны сегізінші бесжылдықта - 41 пайыз болса, тоғызыншы бесжылдықта - 28 пайыз, оныншы бесжылдықта - 21 пайыз, он бірінші бесжылдықта - 17 пайыз болып кемiдi. Ал еңбек өнімділігінің артуы сегізінші бесжылдықта - 37 пайыз, тоғызыншы бесжылдықта - 25 пайызға, оныншы бесжылдықта - 17 пайызға азайды. Сөйтіп, жыл өткен сайын төмендеп отырды. Жалпы КСРО-ның өмір сүрген соңғы 18 жыл ішінде 1972-1990 жж. жоспарлар 13 рет орындалмаған-ды.

КСРО экономикасының артта қалуы Қазақстанға да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Біз соңғы кезге дейін Қазақстан Одақ құрамындағы ірі индустриялық аграрлы республика болды деп мақтанышпен айтып келдік. Оған негіз бар еді. Кезінде республика жалпы қоғамдық өнім шығаруда РСФСР мен Украинадан соңғы үшінші өнеркәсіп өнімін өндіруде Белоруссиядан кейінгі төртінші орынға шықты. Қазақстан үлесіне мемлекетке өткізілетін астықтың 20 пайызы, әрбір төртінші тонна қой еті, әрбір бесінші тонна жүн, тапсырылатын қаракөл елтірісінің үштен бір бөлігі тиді.

Бірақ, бұл мүмкіндіктер, ашығын айтсақ, соңғы кезге дейін жете пайдаланылмады. Оның әр түрлі себептері бар еді. Біріншіден, республика халық шаруашылығының құрылымы бір жақты дамып, оның аса маңызды салалары кейін қалып қойды. Ауыр өнеркәсіптен энергетика, түсті және қара металлургия, мұнай-газ және химия өнеркәсібі басым дамыды. Оның есесіне жаңадан өңдеп шығару өнеркәсібінің салалары, әсіресе, машина жасау және халыққа қажетті тауарларды шығару салалары артта қалды. Мәселен, машина жасау республика жалпы өнеркәсіп өнімінің 17,1 пайызын ғана қамтыды, ал Одақ бойынша бұл көрсеткіш 27,4 пайыз едi. Қазақстанда қазiргi кезеңдегі талапқа сай құрал-жабдық жасау, радиотехника, автомобиль, жеңіл және тамақ өнеркәсібі үшін қажетті машиналарды жасау салалары жетіспеді.

Екіншіден, республикаға халық тұтынатын тауарлардың 60 пайызға жуығы сырттан әкелінді, ал іште өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің, соның ішінде астықтың, мақтаның, терінің тең жартысы, жүннің 70 пайызы басқа жерлерде өңделді. Мұндай жағдай тек ауыл шаруашылығында ғана емес, сол секілді өнеркәсіпте де орын алды. Мәселен, Торғай облысында алюминий жасау үшін қажетті шикізат боксит өндіріліп, ол Павлодарға жөнелтіліп, онда өнделіп глиноземге айналдырылды, ал глинозем алюминий шығару үшін Сібір кәсіпорындарына жіберілді. Атырау, Маңғыстау облыстарында шығарылған мұнай Орал қаласынан 200 шақырым қашықтықтағы Орынбор облысының жеріне айдалып, онда қайтадан өңделді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында балықтың аса қымбат түрлері ұсталып, қара уылдырық алынса, оны дайындап өңдеу, консервілеу Астрахань қаласында іске асырылды. Одақтың әмірімен Қазақстан шет елдерге бір миллиард сомға дейін алтын қорына тең бағалы өиімдер шығарып келсе де, одан республика қазынасына бір тиын да түспеді.

Үшіншіден, Республикадан сыртқа тауарлар барынша арзан бағамен шығарылып, ал шеттен тек қымбат, дайын тауарлар әкелінді. Сөйтіп, тек 1988 жылдың өзінде республикадан сыртқа шығарылған тауар 6,7 миллиард сом болса, сырттан алынған тауар - 13,8 миллиард сомға жетті, нәтижесінде аса бай Қазақстан өне бойы басқа республикаларға қарыздар, экономикалық жағынан тәуелді болып келді.

Төртіншіден, Қазақстанның экономикасының дамуы көп жылдар бойы тек қарабайыр жолмен, яғни өнімнің көлемін, жалпы санын арттыру арқылы ғана іске асырылды. Өндірістік күштің өсуі, оны тиімді пайдалану дәрежесінен артта қалды. Көптеген кәсіпорындардың, соның ішінде жаңадан салынып, іске қосылғандардың экономикалық күші жете пайдаланылмады.

Бесіншіден, аграрлық секторда дакылдардың түсімі, малдан алынатын өнім әр шаруашылықта әр түрлі дәрежеде-тін. 1987 жылы республикадағы совхоздардың үштен бірі, колхоздардың бестен бірі экономикалық жағынан тиімсіз шарушылықтар болды. Суармалы егістің түсімі де басқа жерлермен салыстырғанда төмен еді.

Жоғарыда айтылған кемшіліктер мен қайшылықтардың салдарынан 70-ші жылдардан бастап 80-ші жылдардың аяғына дейін Қазақстандағы жан басына шаққандағы ұлттық табыстың көлемі Одақпен салыстырғанда 12 пайызға төмендеді. Осыған қарамастан, соңғы кезге дейін Қазақстандағы жағдайды мадақтап, әсірелеп көрсету, даңғазалық орын алды. Оған жылдық есеп бергендегі қосып жазу, өндірілген өнімді және жалпы бағалық көрсеткіштерді негізсіз көбейтіп көрсетудің елеулі әсері тиді.

Кеңестер Одағының құлауының саяси себептері туралы айтқанда, ондағы саяси-идеологиялық бірлік пен біртұтастық сол сексенінші жылдардың соңы мен тоқсаныншы жылдардың басында-ақ көзден ғайып болғанын ерекше атап көрсеткен жөн. Бұл кезде бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде бұрын болмаған ұлт толқулары күшейді. Ең қауіптісі - олар таза ұлттық сипат ала бастады. Сумгаиттегі, Таулы Карабахтағы, Вильнюстегі, Ферғанадағы оқиғалар ұлттық мәселелерді шешудің ешқандай бағыт-бағдары жоқтығын анықтады. Кеңестік кезеңде қабылданған мәлімдемелер, тұжырнамалар, бағдарламалар ұлтаралық қатынастар мен оны шешудің жолдарын нақты көрсетіп бере алмады. Ел басында отырған басшылар ұлт мәселесінің байыбына терең түсінбеді, оның теориялық базасы жасалмады. Ақыр соңында ұлтаралық қайшылықтар тартысқа, ал тартыс қантөгіске әкеліп тіреді. Бұған мысал ретiнде Қазақстанда болған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын айтуға болады.

Сондықтан бірқатар ұлт республикалары Одақтан бөлініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы жөніндегі талаптарын қойды. Міне, осының нәтижесінде 1988 жылдың қараша - 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары өздерінің егемендігі туралы алғашқы қүжаттарын қабылдады. Сөйтіп, олар КСРО құрамынан шығып, жеке тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989-1990 жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады. Сөйтіп, 74 жыл бойы өмір сүрген республикалар Одағының ыдырады. Ыдырау қалай болды?

1991 жылғы 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республикаларының басшылары Минск қаласында /Беловеж кездесуі/ кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, Орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, бққара халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген барлық мемлекеттердің, жаңа достық Одағын - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын /ТМД/ құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді және оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді - деп көрсетті.

Алайда, бұл шешім әуелгі кезде басқа республикалар тарапынан қарсы көзқарастар туғызды. Өйткені заң бойынша Одаққа кірген Қазақстан, Орта Азия, Закавказье республикаларының келісімінсіз бұл үш республика егемендік туралы күрделі мәселені жеке дара шешуге тиіс емес еді. Міне, осымен байланысты 1991 жылдың 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті. Онда тәуелсіз мемлекеттердің Достастығына тек барлық республикалардың тең құқықтық негізінде құрылушылық жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы айырықша атап көрсетілді.

1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскiдегi айтылған жалпы принциптік мәселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан құрылған Достастық мемлекет басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар құрылды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу көзделінді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бұл Тәуелсіз мемелекеттердің барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды және оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Тәуелсіз мемлекеттердің Достастығы /ТМД/ осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің әрдайым орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті.

Қазақстан соңғы кезге дейін Кеңес Одағын сақтап қалу үшін күресті. Бірақ республиканың бұл ниетіне Одақта болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістер қарсы тұрды. Сондықтан Қазақстанда өзінің тәуелсіздігін жариялау шараларына кірісті. Атап айтқанда, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Сөйтіп, бар әлемге Қазақстанның егемендігін жариялады. Тәуелсіздік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді. Осы кезден бастап Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзiнде орталыққа қарсы оппозицияға айналды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен, Украинамен, Ресеймен және баска республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды.

1990 жылғы желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан республикаларының жетекшілері өзара төрт жақты шарт жасау жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша олар өздерінің Одақтық шартқа қарсы қоятын талаптарының бар екендігін ашып айтты. Республикалар бұрынғы федерацияның орнына, енді конфедерация түріндегі одаққа бірігу жөнінде талап қойды. Ол бойынша Орталықтың шешуіне сыртқы саясат, халықаралық мәселелер, сыртқы сауда, мемлекеттік банк және финанс, елдегі қорғаныс мәселелерін шешуді қалдырып, қалған мәселелердің барлығын жергілікті жерлерде шешу дұрыс деп есептелінді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет