Латын емтихан жауаптары Жазудың пайда болуы мен даму тарихы бойынша хронологиялық карта жасаңыз


Ескі қыпшақ жазулы ескерткіштер тілі. «Т кестесі» стратегиясы арқылы сипаттаңыз



бет31/42
Дата26.01.2023
өлшемі2,56 Mb.
#166496
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
Байланысты:
Латын эмтихан жауабы дайын (копия) (копия)
презентация ин.язык, социолгия отбасы, Гистология. Өсімдік ұлпасы, 100 бизнес жоба
9. Ескі қыпшақ жазулы ескерткіштер тілі. «Т кестесі» стратегиясы арқылы сипаттаңыз.

Махмұт Қашғаридің еңбектеріндегі ескі қыпшақ жазулы ескерткіштер

профессор Ә.Құрышжанұлы зерттеулерінің нәтижесі



М.Қашқари түркі тілдерінің лексикалық ұқсастықтарын айта отырып, олардың дыбысталу жүйесіндегі кейбір айырмашылықтарды ашып көрсетті. Қыпшақ тілінің мынадай басты фонетикалық ерекшеліктерін назарға ұсынды:
й дыбысының орнына дж(ж) дыбысын қолданады: йанджу емес
джанджу (шуда).
ш дыбысының орнына с дыбысын айту: 
талыс, қысыр.
д дыбысының орнына т дыбысын қолдану: дәуә емес тәуә (түйе),
бүгде емес бүкте (қанжар).
д дыбысының орнына й дыбысын қолдану: қадық емес қайық.
ғ дыбысының айтылмай түсіп қалуы: чумғақ емес чумуқ (шымшық торғай, қара торғай), тамғақ емес тамақ.
Демек, ХІ ғасырдың ортасында қолданылған қыпшақ тілінің фонетикалық негізгі көрсеткіші – дж(ж)с, т, й дыбыстарының қолданылуы мен ғ(г) дыбысының айтылмай түсіп қалуы болып отыр.
Осы фонетикалық ерекшеліктер бүгінгі қазақ тілінің бойында сақталған.

Белгілі түрколог ескі қыпшақ жазба ескерткіштері қатарына түркілердің ұлы өзендерінің бірі - Ертістен Еуропаға дейінгі ұланғайыр аймақты мекендеген қыпшақ ру-тайпалары мен сол тайпалық одақтарға біріккен басқа да түркі халықтарының тілінде ХІ-ХҮІ ғасырларда жазылған шығармаларды жатқызады. Зерттеуші ескі қыпшақ жазба ескерткіштерін соларда қолданылған әліпбилерінің жазба нұсқаларына қарай 4 түрге бөледі:
1) ескі араб жазулы қыпшақ жазба ескерткіштері;
2) ескі армян жазулы қыпшақ жазба ескерткіштері;
3) ескі орыс жазулы қыпшақ жазба ескерткіштері;
4) ескі латын готикалық әліпбиімен жазылған қыпшақ жазба ескерткіштері. Осы топтаудың ішінде ескі орыс жазулы қыпшақ жазба ескерткіштеріне қатысты зерттеулер жүргізген түркологтар жоқтың қасы екендігін атап өткен орынды деп ойлаймыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет