Түзулер шоғы.Үш түзудің бір нүктеде қиылысуы.
Бір нүктеден өтетін жазықтықтағы түзулер жиынын түзулер шоғы дейді.Егер шоқ бір нүктемен берілсе, онда оны берілген бір нүктеден өтетін түзудің
А(х-х1)+В(у-у1)=0
теңдеуі арқылы анықтауға болады.Мұндағы А және В коэффициенттерін табу үшін қосымша шарттар беріледі(берілген бір нүктеден өтетін түзудің теңдеуін қараңыз). Ал кейде түзулер шоғы екі түзумен беріліу мүмкін. Егер берілген екі түзу қиылысатын болса, онда қиылысатын түзулер шоғы шығады, ал берілген екі түзу параллель болса, онда параллель түзулер шоғы шығады.
А1х+В1у+С1=0 және А2х+В2у+С2=0
түзулерімен анықталған шоқты
А1х+В1у+С1+q(А2х+В2у+С2)=0
теңдеуімен өрнектейді.Мұнда q-дің әр түрлі мәндеріне шоққа кіретін әр түрлі түзулер сәйкес болады.
Егер А1х+В1у+С1=0, А2х+В2у+С2=0 , A3x+B3y+C3=0 түзулері берілсе, онда олардың бір нүктеде қиылысу шарты
А1 В1 С1 А2 В2 С2 =0
А3 В3 С3 теңдігімен анықталады.