В2 витаминін (рибофлавин) алу- 20 ғ 30 жылдарына дейін В2 витамині табиғи шикізаттан алып келген, бірақ оның шығымы төмен болғандықтан адам қажеттілігін толық өтей алмайтын еді. 1935 ж. Рибофлавиннің белсенді продуценті- Eremothecium ashbyii саңырауқұлағы табылды, ол 1 т. Қоректік ортада 25 кг дейін витамин түзетіндігі анықталды. В2 витаминінің шектен тыс синтезін жабайы штаммдарға витамин синтезін қайтымды басытқылау процесін бұзатын мутагендермен әсер ету арқылы, культуралды орта құрамын өзгерту арқылы индуцирлеуге болады. В2 витамині продуценттерінің өсіру ортасына күрделі органикалық қосылыстарды –соя ұны, жүгері экстрактісі, сахароза, кальций карбонаты, натрий хлориді, калий гидрофосфаты, витаминдер, техникалық май қосады. Саіырауқұлақтар орта құрамының өзгеруіне және инфекцияңа өте сезімтал, сондықтан ортаны ферментерге енгізер алдында стерильдеп, антибиотиктермен антисептиктер қосады. Егіс материалы ретінде Е. ashbyii споралары пайдаланылады. Сұйық культура ферментерге беріліп, ферментация 3 тәулікке созылады. Процес аяқталған соң культуралды сұйықтық вакуумде концентрлеп, кептіреді.1983 жылы рибофлавин синтезін реттейтін оперондар саны көбейтілген рекомбинантты Bacillus subtilis шатммы алынды. Ол штамм Е. ashbyii салыстырғанда синтезделетін рибофлавин мөлшерін 40 сағатта 3 есе артық бере алады.