Лекция 1 Тақырыбы: «Математиканы оқыту әдістемесі»


Формативті (қалыптастырушы) бағалау



бет11/12
Дата07.07.2023
өлшемі57,92 Kb.
#179347
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Лекция 1-3 МОӘ-1

Формативті (қалыптастырушы) бағалау– оқушының білім алуын үнемі бақылап отыратын мақсатқа бағытталған үзіліссіз процесс. Формативті бағалау «формальды емес» (көбінесе белгі қоймай) бағалау болады. Ол бағалау критерилеріне сәйкестікке негізделіп, кері бойланысты ұстанады. Егер нәтиженің бағасы анықталған қажеттіліктерді ескеріп, оқу процесін жақсартуға қолданылса, онда бағалау формативті болады.
Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты - оқу процесі арысында оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулер енгізу болып табылады. Түзетулер енгізу білім алу нәтижесін жақсарту үшін мұғалімнің немесе оның оқушылармен бірігіп жаңа мәселелерді ұсынуы.
Формативті бағалау мұғалімге оқушылардың оқуда мақсатқа жету процесін қадағалап отыруға мүмкіндік береді және оқу процесіне дер кезінде өзгертулер мен түзетулер енгізуге, ал оқушыға өзінің білім алуында жоғары дәрежедегі жауапкершілікті сезінуге көмектеседі.
Суммативті (қорытынды) бағалау белгілі бір уақыт аралығында тақырыпты, тарауды оқып болғаннан кейін оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған. Суммативті бағалау көптеген тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша жүргізіледі. Тексеру жұмыстарына қойылған бағалар қорытынды бағаны анықтауға негіз болады.
Суммативті (қорытынды) бағалаудың мақсаты - белгілі бір уақыт аралығында оқушының меңгерген білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау және алынған нәтижелердің стандарт талабына сай болуын анықтау.
Диагностикалық бағалау – оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау. Диагностикалық бағалау әдетте оқу жылының басында немесе бір тақырыпты, тарауды оқытудың алғашқы сабағында жүргізіледі.
Бағалаудың бұл түрі оқушыға да, мұғалімге де қазіргі жағдай мен талаптар туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Диагностикалық бағалаудың қажеттілігі мыналар арқылы анықталады:
а) оқушылардың даярлық деңгейінің әр түрлілігі;
б) оқыту мазмұнын тізбектей қалыптастыру;
в) оқушының білім алу процесі мен оқытуда «таяу арадағы даму аймағына» сәйкес талаптар мен мүмкіндіктерінкөре білу қажеттілігі.
Диагностикалық бағалаудың мақсаты пән бойынша тақырыпты немесе тарауды оқуды бастарда оқытудың мақсатына қатысты оқушының алатын орны туралы ақпарат алу болып табылады. Диагностикалық бағалау мұғалімге оқушының сұранысы бойынша оқу жоспарын өзгертуге немесе алдағы уақытта оқып- үйренуде туындайтын қиындықтарды жеңуді болжауға көмектеседі.
Диагностикалық бағалаудың бірінші буыны – оқушының бір тақырыпты, курсты оқығанға дейінгі жинақтаған білім қорына немесе дағдысы мен құзіреттілігінің деңгейіне сүйеніп, оның білім алу деңгейін алдын ала сараптау (алдын-ала тест алу). Бұл жұмыс мұғалімге жаңа тақырыптың қай бөлігінде оқушыға қиындық туындайтынын анықтауға және бұл қиындықтарды болдырмау қадамдарын жоспарлауға көмектеседі.
3. «Сандар нумерациясы» мазмұндық-әдістемелік желі материаддарын оқыту технологиясы. Желінің негізгі нысандары: сан және цифр; санның есептік және реттік сипаттамасы, ондық санау жүйесі, бір танбалы сандар, ондықтар, екі, үш және көп таңбалы сандар. Концентрлер бойынша сандарды оқыту және сандарды оқу, жазу, салыстыру мен жіктеу (разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде) құзыреттіліктерін қалыптастыру технологиясы.
Сандар нумерациясын оқыту әдістемесінің өзіндік ерекшелігі тақырып біртіндеп кеңейеді және төмендегідей ретпен даму арқылы қарастырылады: он көлеміндегі-нөл саны-жүз көлеміндегі сандар, мың көлеміндегі сандар-миллион көлеміндегі сандар.
10 көлеміндегі сандарды нөмірлеуді оқытуда сандарды шығарып алу және оларды цифрдың көмегімен жазу, қосу және азайту амалдарымен таныстыру теріс емес бүтін сандар нумерациясын оқытудығы алғашқы кезеңі болып табылады. Алғашқы ондық сандарын оқыту. Сан және цифр ұғымын анықтау. Оқытудың міндеттері:
1. Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру: санды әртүрлі тәсілмен шығарып алу, 10 көлеміндегі сандардың атауын және сол сандарды цифрлармен белгілеу, меңгерту, цифрларды жазу біліктерін қалыптастыру.
2.1-ден 10-ға дейінгі (және керісінше) сандар ретін еркін меңгеру, игеру. Сандар қатарындағы 0 санының орнын білу.
3. Сандарды салыстыру және оның нәтижелерін >,<, = таңбаларымен белгілей алу біліктерін қалыптастыру және теңдік пен теңсіздік ұғымдарын қалыптастыру.
4. 10 көлеміндегі сандар құрамының барлық жағдайларын берік игеру.
5. «Бір және екі таңбалы сан» ұғымдарын ,бірдің және нөлдің қасиеттерін меңгерту.
Математиканың бастауыш курсында қарастырылатын өзекті мәселенің бірі – арифметикалық амалдар.
«Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы. Желінің негізгі нысандары: амалдардың мән-мағынасы; математикалық символика; арифметикалық амалдардың компоненттері мен нәтижелері; өзара кері амалдар; қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері; көбейтудің үлестірімділік қасиеті; 0 мен 1-дің қасиеттері. Амалдарды және олардың қасиеттерін кезеңдер бойынша оқыту, математикалық терминдерді, символдарды қолдана алу құзыреттіліктерін қалыптастыру және есептеу тәсілдерінің негіздері бойынша білімдерін қолдану технологиясы.
«Есептеу тәсілдері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы. Желінің негізгі нысандары: «ерекше» (нөл және бірмен байланысты), кестелік және кестеден тыс жағдайлардағы ауызша есептеу тәсілдері; арифметикалық амалдар алгоритмі. Сандарға амалдар қолдану тәсілдерін кезеңдер бойынша оқыту және есептеулер орындау құзыреттіліктерін қалыптастыру технологиясы.
Әрбір арифметикалық амал, басқа да математикалық ұғымдар сияқты жиындарға қолданылатын амалдарды орындау процесінде нақтылы негізге сүйеніп айқындалады. Сонда:
- қосу – ортақ элементтері жоқ жиындарды біріктіру;
- азайту – жиынның бір бөлігін (ішкі жиынды) айырып алу;
- көбейту – элементтерінің саны бірдей жиындарды біріктіру;
- бөлу – жиынды саны бірдей қиылыспайтын жиындарға айыру ретінде анықталуы мүмкін.
Бұл балалардың тәжірибесі негізінде қалыптасқан білімнің көрнекі негізін салуға мүмкіндік береді. Сондықтан да қосу амалын оқып – үйрену заттардың әр түрлері топтарын біріктірумен, ал азайту – заттардың тобынан қандай да бір белгісіне қарай біраз заттарды алып тастаумен байланысты орындалатын практикалық жұмыс болып табылады. Сонда заттардың тобымен жүргізілетін нақты іс - әрекеттермен санау қатар жүргізіледі. Мұндай жаттығуларды орындау қосу және азайту амалдарын оқып – үйренуге дайындайды, яғни олардың мән – мағынасын ашуға негіз қалайды да, әрі қарай мәтінді жай есептерді шығару барысында жалғасады.
Математиканы оқытудың негізгі мақсаттарының бірі-бастауыш сыныпта мұғалімнен балаларда ауызша және жазбаша есептеулердің берік дағдысын қалыптастыру, оқушыларды натурал сандар мен амалдар орындай білуге және сол амалдарды қарапайым шамаларға қолдануға үйрету. Оқушылардың бастауыш буынды бітіруіне қарай бірдей дәрежедегі математикалық дайындықтан өтуін қамтамасыз ететін есептеулер жүргізу іскерліктері мен дағдыларының минимум деңгейі бағдарламада анықталған.
Есептеулер жүргізу дегеніміз – оқып үйренген нысандар мен ауызша немесе жазбаша амалдар орындау. Ауызша есептеулерде қосу (азайту) мен көбейту (бөлу) кестелері, амалдардың «ерекше» және кестеден тыс жағдайлары жайындағы білімдер, ал жазбаша орындалғанда амал алгаритомдері қолданылады. Бұлардың бәрі–есептеуге машықтандырудың құрамды бөліктері.
«Шамалар және оларды өлшеу» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы. Желінің негізгі нысандары: ұзындық, масса, сыйымдылық, уақыт, аудан, көлем; шамалардың өлшем бірліктері мен арақатынасы; сан шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде, шамалар мәніне амалдар қолдану; шаманың үлесі және оларды салыстыру; шамалардың өзара байланысы және тәуелділік. Шамалар мен оларды өлшеуді кезеңдер бойынша оқыту және қарапайым шамалар мен олардың бірліктері жайлы түсініктерді пайдалану құзыреттіліктерін қалыптастыру, шамалардың мәндеріне (қысқаша шамаларға) амалдар қолдану технологиясы.
Шама бізді қоршаған дүниенің ( заттар , құбылыстар, т.б) жалпыланған қасиетін көрсететін математикадағы ең маңызды ұғым. Шамаларды оқыту оны өлшеумен тығыз байланысты. Шамаларды оқыту арифметикалық амалдарды және сандарды оқытумен тығыз байланысты жүргізіледі. Шаманың өзіндік ерекшелігін ескеріп және практикалық іс –әрекеттерге сүйене отырып , шама жайында түсінік беру мына ретпен жүзеге асырылады :
- Нақты шама туралы оқушының түсінік деңгейі анықталады және сәйкес ұғым мен термин енгізіледі ;
- Біртекті шамалар салыстырылады ( сезіну , көз мөлшерімен , беттестіру , еркін алынған шартты өлшеуіштер көмегімен және т.б арқылы ) ;
- Шаманың негізгі өлшеу бірлігі таңдалып алынады да , онымен таныстырылады және өлшеу құрал-жабдықтары көрсетіледі;
- Негізгі өлшеу бірлігінің көмегімен шаманы өлшеу процесі көрсетіледі ;
- Шаманы өлшеудің жаңа бірлігі енгізіледі және оның өмірдегі мұқтаждықтан туындап отырғандығына көз жеткізіледі , өлшеу бірліктерін түрлендіреді , яғни олардың бірінен екіншісіне көшеді және әр түрлі өлшеу бірліктерінің ара қатынасы тағайындалады ;
- Өлшеудің бір атау бірлігімен өрнектелген шамадан осы текті шаманың басқадай атау бірлігіне көшуге жаттықтырылады ;
- Бірдей немесе әр түрлі атау бірліктерімен өрнектелген шамаларды қосу мен азайту және шаманы санға көбейту мен бөлу қарастырылады.
4.«Сандар мен өлшемдер» бойынша пәндік құзыреттіліктерді сипаттайтын негізгі талаптарға төмендегілерді жатқызуға болады:
- әдістемелік ғылымның нысанын, пәнін, міндеттері мен зерттеу әдістерін біледі;
- кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың теориясы мен тәжірибесінің даму тенденциялары мен бағыттары жайлы түсініктері бар;
- бастауыш мектеп курсын құрайтын негізгі ұғымдар мен әрекет тәсілдерінің, әсіресе пәнді оқытып-үйрету барысында кіші мектеп жасындағы оқушылардың меңгеруі тиіс білім, білік және дағдылардың (сондай-ақ олардың арасындағы байланыстың) мазмұнын біледі;
- бастауыш сыныптар математикасы мазмұнының нақты мәселелерін оқытып-үйрету барысында оқушылардың іс-әрекетін басқаруға мүмкіндік беретін оқытудың әдістемелік тәсілдері мен технологияларын біледі;
- бастауыш сыныптарға арналған математика курсының мазмұнын бағдарлай алу сияқты кәсіби біліктерді қамтитын қолданыстағы мектеп бағдарламалары бойынша жұмыс жасауға болашақ мұғалімнің дайындығын сипаттайтын сабақты жоспарлау, өткізу және талдаумен байланысты дидактикалық біліктермен қаруланған;
- математика оқулықтарымен жұмыс істеу барысында өзіндік бағыт-бағдары бар және ондағы тапсырмаларды тиімді пайдалана алады;
- кіші жастағы мектеп оқушыларының ерекшеліктерін ескере отырып, нақты мәселені шешу үшін әр түрлі дербес әдістемелік тәсілдерді тиімді пайдалана алады;
- оқытудың әр түрлі кезеңдерінде оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін (әдістер, құралдар, формалар) тандай және негіздей біледі; пәндік білім, білік және дағдыларды меңгеру барысында бастауыш сынып оқушылары алдында кездесетін қиыншылықтарды алдын-ала көре біледі;
- қойылған мақсат пен міндеттерді қол жеткізілген нәтижелермен салыстырады, олардың сәйкестігін оқушыларды байқау, олармен әңгімелесу, оқушылардың математикалық білім, білік және дағдыларды игеру деңгейін бақылау мен диагностикалау жұмыстарының нәтижелері негізінде бағалайды және осы бағалауды ескере отырып, әрі қарай оқытуды жоспарлайды;
- бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі бойынша курс және дипломдық жұмыстар орындауға және өзінің болашақтағы әдістемелік қызметіне қажетті зерттеу жұмысын жүргізе біледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет