Императив пен манипуляцияның ұқсастығы екеуінің мақсаты бірдейлігінде: яғни, қатынас серігінің ой мен бойын билу, бақылау. Айырмасы: манипуляциялық стильде шынайы мақсат жариялан – байды, жасырылады не ауыстырылады.
Алдап – арбау ортақтасуының қоғамдағы ресми орны – бизнес, сауда – саттық, іскерлік, насихат, оқыту болып табылады.
Оқыту барысында (тәрбиелеуде емес!) сабақты қызықты өткізу, оқушының назары мен ынтасын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады.
Арбаушылық барысында қатынас серігі жеке тұлға ретінде емес, тек манипуляторға керек қасиеттердің иесі ретінде қарастырылады. Мысалы, манипулятор мейірімді адамның мейрімін, әлсіздің әлсіздігін өз мақсатында пайдалануға тырысады. Арбаушы өз арбаушылығының құрбаны болып қалады. Өзін өзі бір тұтас тұлға ретінде емес, кейбір рөлдердің орындаушысы ретінде қабылдап жалған ниеттер мен мақсаттарға бас ұрады. Манипуляторды сипаттайтын қасиеттер: өтірік, зерігу, сезімдердің қарапайымдылығы, өзін қадағалау, өзіне де, басқаға да сенбеушілік.
Диалог ортақтасуы. Бұл – тең құқықтық субъектілердің арақатынасы, ортақтасу мақсаты - өзін-өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Жоғарыда аталған арақатынастардан негізгі айырмашылығы – эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтуризмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу. Бұл ортақтасу үрдісінде екі дауыс, екі пікір естіледі, бұл субъект- субъект қатынасы.
Диалог ортақтасуының ережелері:
1. Сұхпаттасушының және өзінің көкейкесті күйін ескеру, “осы жерде – осы сәтте” қағидасын басшылыққа алып арақатынас жүргізу, дәл осы кездегі сезімдерін, тілектерін, психологиялық халдерін назарға алу.
Ортақтасу серігінің тұлғасына баға бермеу, алдын – ала оның ниеттеріне сену, біріне – бірі сенімділік білдіру.
Сер ікті өзіне тең, өзіндік пікірі мен шешімі бар тұлға деп қабылдау.
Шешілмеген мәселе мен сұрақтар ортақтасу мазмұны болуы керек (ортақтасу мазмұнын мәселелендіру).
Сұхбат адамның өз атынан жүргізілуі керек, біреудің пікіріне сілтемей, өзінің сезімдері мен тілектерін білдіруі қажет.(персоналандыру).
Диалог ортақтасуы қатысушылардың өзара түсінушілігін тереңдетіп, бірінің жан байлығын бірі көбейтуге, әрқайсысы өз - өзінің ашылуына жағдай жасайды. Осы типтегі ортақтасуды іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және қатысушылардың ішкі дайындығы керек. Оқушылармен қалай сөйлесу керек? Олардың сұрақтарына қалай жауап қайтару керек?
Біріншіден, шыдамдылықпен сұрақты соңына дейін тыңдау. Көбінесе, адамдар сұрағы анық қой деп, сұхбаттасушыны тоқтата салып жауапқа кіріседі. Сұрақты дұрыс түсінуде кішкентай ғана күмән пайда болса, қайталап анықтап алған жөн болар (“Кешір мен онша түсінбей тұрмын”, ”Мен дұрыс түсінсем...”). Кейінгіге қалдырмай (“бұл келесі сабақтың тақырыбы”) міндетті түрде шәкіртке жауап беру керек.
Екіншіден, жауап сұрақтан неғұрлым кең болып, қойылған мәселені жаңа қырынан көрсетуі тиіс. Маңызы бар сұрақ қойып тұрған шәкіртті ренжітпеу үшін асығыс жауап беруге де болмайды.
Үшіншіден, оқушылар кейде сұрақты дәлме – дәл жауап алу үшін ғана қоймайды. Сұрақты өзінің ойлау қабілетін, білім деңгейін көрсету үшін де қояды. Мұғалімнен көмек күткен баланың сенімін ақтап, ашық әңгімеге жадай жасау қажет.
Ортақтасу - өте күрделі феномен. Оның әртүрлілігі көптеген функцияларына тәуелді, ал көп қызметтілігі (многофункциональность) жеке адам мен қоғам өміріндегі орны мен мағынасына байланысты.
Ортақтасудың ішкі құрылымы да өте күрделі, он шартты түрде үш жата бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жанжақты талдау үшін үшке бөлеміз. Естен шығармайтын жайт: тіршілікте арақатынас – біркелкі, бұзылмайтын прогцесс.
Комуникация – арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үрдісі.
Интеракция - тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.
Перцепция - адамдардың бірін бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құралатын белгілі тұлғааралық қатынастар.
Ортақтасудың құрылымы
Ортақтасу
Коммуникация Перцепция Интеракция
6– тақырып
Таным процестері.
Қарастырылатын мәселелер:
Түйсіну процесі туралы жалпы түсінік.
Қабылдау туралы жалпы түсінік.
Ес туралы жалпы түсінік.
Ойлау туралы жалпы түсінік.
Сөйлеу туралы жалпы түсінік.
Қиял туралы жалпы түсінік.
Түйсіну процесі деп - қоршаушы өмірдегі заттар мен қүбылыстардың түйсіну мүшеміздің біреуіне әсер ете отыра, онда талдаудан өтіп, әрқайсысынан тарайтын нерв талшықтары арқылы ми клеткаларында алғашқы із ретінде қалыптасу жолын айтамыз.
Түйсік арқылы заттардың түсін иісін, дәмін, қатты-жүмсақтығын, кедір-бүдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ, түйсік денеде болып жатқан түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікте орналасуын жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады.Ол білім атаулының алғашқы көзі.
Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады. Адамда да жануарларда да түйсіну процесі оларды қоршаушы өмірмен байланыстырушы негізгі процесс болып табылады. Адамдар мен жануарлардың арасында түйсіну процесі жағынан айырмашылықтар болады.
Мысалы, кейбір түйсіну мүшеміз тікелей сезе алмайтын заттың не құбылыстық көріністерді ғылым мен техниканың даму сатысына байланысты жетілдіріп отыруы. Көз көре алмайтын болса, оны микроскоп арқылы алыстағыны көре алмайтын болса, радиотелескоп арқылы көре бастайды. Ал кейде түйсіну мүшеміздің кейбір жағынан жануарлар бізден артықшылықтарын байқатады.Мысалы, иіс түйсіну мүшесі жағынан.
Түйсіктердің физиологиялық негіздері. Түйсік заттың сезім мүшелеріне әсер еткен кезінде ғана пайда болады.
Сезім мүшелері дененің шет аймақтары мен ішкі мүшелерімізде орналасқан.Сезгіш нервтердің үштары әр сезім мүшесінің басты бөлігі болып табылады.Ол рецептор деп аталады. Көз, құлақ тәрізді сезім мүшелері ондаған рецепторлық үштықты біріктіреді. Тітіркендіргіштердің рецепторға әсер етуі сезгіш нерв арқылы үлкен ми сыңары қыртысының белгілі бір бөліміне баратын нервтік импульстің пайда болуына әкеледі. Түйсіктердің физиологиялық негізін жан-жақты дәлелдеген И.П.Павлов болды. Оның нерв қызметі туралы ілімі түйсіктерінің пайда болуын анализатор деп аталатын анатомиялық-физиологиялық нерв аппараттарының жүмысына байланысты түсіндіріледі. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар.Олар үш бөліктен күралады:
І.Сезім мүшесі (рецептор).
2.Миға баратын нерв талшықтары.
3. Мидағы түрлі нерв орталықтары.
Бұл анализаторлар бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінің жүмысын екіншісі басқаруға да қабілетті.
Түйсіктердің негізгі заңдылықтарына жататындар:
Сезгіштік пен талдырық.
Адаптация.
Сенсибилизация.
Синестезия.
Түйсіктердің өзара байланысы.
Бір ізді образдар.
Сезгіштік деп - адамның түйсіне алу қабілетін айтамыз. Сезгіштікті: 1) абсолюттік , 2) айырма деп екіге бөлінеді.
Абсолюттік сезгіштік деп -сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Мысалы, біреу алақанындағы бір мм квадрат аумаққа түсетін салмақты үш граммнан бастап сезетін болса, екінші біреу алты граммннан бастап сезеді.Бұдан соңғы адамның түйсік табалдырығы екі есе артық та, абсолюттік сезгіштігі екі есе кем екендігі көрінеді.
Егер тітіркендірудің шамасы табалдырықтан төмен жатса, онда түйсік пайда болмайды. Мысалы, адам денесіне қонған шаңды сезе алмайды, қүлақ әлсіз дыбыстарды естімейді.
Айырма сезгіштік деп - сезім мүшелерінің тітіркендіргіштерінің арасындағы болмашы айырмашылықтарды түйсіне алуын айтады. Мысалы, егер алақанға 100 гр. салмақ салып , оған тағы 1 гр. қосса салмақтың арқаны білінбейді.Оны айыра білу үшін 3-4 гр. керек.
Адаптация(лат. икемделу).
Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргештерге біртіндеп бейімделуін айтамыз. Көру, тері иіс түйсіктері де адаптація болады. Иіс түйсігінде адаптація түрліше көрінеді.
Мысалы: камфараның иісі 1-2 м сезілмейтін болса, горшица мен нашатир спиртінің иісіне адаптациялау тез барады.
Сенсибилизация (лат. сезгіш).
Сезгіштіктің тек артуын көрсететін құбылыс болып табылады. Мысалы: қызыл түс басқа түстерді (ақ, қара, т.б.) жақсы ажыратуға көмектеседі. Түнгі ұшуға дайн кезінде ұшқыштардың көздеріне 20-30 м бойына қызыл көзілдірік киетіндігі сондықтан.
Түйсіктердің өзара байланысы – бұл қарама-қарсылық (контраст) құбылысы. Мысалы: дәм түйсігі көру түйсігін арттырады, тұз ерітіндісін ішкен соң, қарасудың өзі тәтті сияқты болып көрінеді.
Синестезия (грек қосарласқан)
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуіне ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына жағдайц жасайды. Мысалы: біреудің сөзінен екінші біреу түрлі дәмдер мен түстерді сезінуі.
Бір ізді образдар.
Тітіркендіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образ дар деп. атайды. Бұлар көру, есіту, иіс, дәм, дактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. Мысалы: адам 2-3 сек. Бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейін көзін жұмса жарықтың ізін айқын көре алады. Бір ізді образдардың бұл түрі он бір ізді образдар деп. аталады.
Қолымызға екі парақ ақ қағаз Альп, бірін ақ күйінде қалдырып екеуінің ортасына шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырып, осы қызыл қығызға көз алмай 20-30сек. Арап отырып, көзімізді сәл ақ қағазға аударсақ, оның бетінен көгілдір түсті көруге болады. Бұл теріс бір ізді образдар деп. аталады.
Түйсіктердің түрлерін үлкен үш топқа бөледі.
Сырқы дүниедегі заттар мен қүбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары
дененің бетінде, не оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализатордың рецепторларын экстероцептор деп атайды. Бүған көру, есіту, дәм, иіс, тері түйсіктері жатады.
Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін түйсіктерге түрлі органикалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын интероцептор деп атайды.
Дене мүшелерінің қозғалысы мен бір қалыпты орналасуын қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер хабарлап отырады. Бұл проприоцептор деп аталады.
Көру түйсіктері.
Көру түйсігіне негізінен адамның көзі жатады.Адамның көзі негізгі 4 түрлі көрінісін ажыратады:
Заттың қалпын .
Заттың кеңістіктегі орны, түсі.
Жарықтың қуаты.
Бұның бәрін көздегі 2 аппарат ажыратады:
Колба (шақша)
Таяқша
Есіту туйсіктері.
Еспу мүшесін тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелістері - дыбыс толқындары.Ауа бөлшектерінің тербелістері тербелудің жиілігі, амплитудасы (құлашы) және тербелудің түріне қарай ажыратылады. Осыған орай есіту түйсіктерінің үш жағы болады. Олар:
дыбыстың жоғарлығы. Яғни
дыбыстың қаттылығы. Яғни
тембрі. Яғни
а) бұл тербелу жиілілігінің сәулеленуі.
ә) бұл тербелу амплитудасының сәулеленуі.
б) бұл тербеліс түрінің сәулеленуі.
Біздің құлағымыз бір секунд ішінде 16 тербелістен немесе герцтен 22 мың герц (1 секунда өтетін ауаның толқыны )
Ішіндегі дыбыс толқындарын сезе алады. Жиілігі бұдан асатын (толқындарды ) тербелістерді құлақ шала алмайды. Өйткені, бұлар өте жіңішке, ультрадыбыстар, 16 герцтен төменгі дыбыстарды да құлақ шала алмайды. Дыбыстардың мұндай түрін инфрадыбыстар деп атайды. Дыбыстар музыкалық (ән, музыка аспаптарынан шығатын дыбыстар) және шулар (сан алуан, сықыр - тықыр, тарсыл - гүрсіл т. б) болып бөлінеді. Есіту мүшесі -қүлақ 3 бөлімнен тұрады:
сыртқы
ортаңғы
ішкі қүлақтан түрады.
Иіс түйсіктері.
Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі химиялық заттардың әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш клеткалары бар. Иіс түйсіктерінің түрлері көп (хош иіс, сасық иіс, өткір иіс т.б). Иіс түйсіктері адамның түрмыс салтына, қызмет бабына қарай да ерекше дамып отырады.
Иісті жақсы сезу соқыр, мылқау, керең адамдарда ерекше жетілген. Түрлі иістердің табиғатын зерттейтін ғылым саласы олтфактроника деп аталады. Иіс түйсіктері адамның көңіл күйіне жалпы психикасына жағымды не жағымсыз әсер қалдыру мүмкін.
Дәм туйсіктері
Дәмді ажырататын мүше - тіліміздегі дәм бүршіктері. Дәмді тәтті, ащы, түзды, қышқыл деп төртке бөледі. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған 4 түрін түрліше сезеді. Мәселен, тәтті дәмді - тілдің үшы, ащыны - тілдің түбі, қышқылды - тілдің екі жақ шеті, түзды - тілдің үшы мен екі шеті жақсы сезеді. Егер дәмі бар затты тілдің арасына салса адам көпке дейін оның дәміін ажырата алмайды, өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды.
Тері түйсіктері.
Тері түйсігінің рецепторы - денедегі терінің өн бойына орналасқан. Тері түйсігі, сондай-ақ тілдің, мүрынның кілегей қабықтарында да мол. Тері түйсітерінің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: тактиль (сүйкеніс), қысым, дуыл түйсіктері, емпература (жылыны, салқынды білдіретін түйсіктер) және ауырғанды білдіретін түйсіктер, тері түйсігі рецепторларының есебі жоқ. Тек ауырғанды білдіретін нүктелердің өзі ғана денемізде 900 мыңнан асып жатады. Терінің алаптарында сезгіштік бірдей емес. Мәселен, денеге заттың тигенін тілдің, саусақтың ұшы, арқа тұс тез сезеді. Бір жеріміздің ауырғанын жақсы сезетін: арқа мен бет терілері, ал нашар сезетін: саусақ ұштары мен алақан. Дененің киім жауып тұратын жерлері де ыстық пе суықты өте сезгіш келеді.
Сипай сезу түйсіктері.
Адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алатын түйсіктерінің бірі -сипай сезу (осязание) түйсігі. Мұның 2 түрі бар. Біріншісі - пассив сипай сезу. Бұған тері түйсігі түгелдей кіреді, Екіншісі - актив сипай сезу. Актив сипай сезу тері және қозғалыс түйсіктерінің үштасып келуінен көрінеді. Актив сипай сезу түйсігінің рецепторы адамның қолында (саусақ, алақан) орналаскан.
Органикалык түйсіктер.
Түйсіктердің екінші тобына - органикалық түйсіктер жатады. Бұлардың рецепторлары ішкі мүшелердің қабаттарына (өңеш, қарын, ішек, тамыр, өкпе, жүрек т.б.) орналасқан. Ашыққанда, шөлдегенде не сусын қанғанда, жүрек айнығанда, іш ауырғанда және т.б. осындай жағдайларда болатын сезінулер органикалық түйсіктерге жатады. Адам тоқ, дені сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бүл түрін байқай бермейді.
Кинестезиялык түйсіктер.
Кинестезиялық түйсіктер дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді. Кинестезиялық түйсіктерді кейде қозғалыс түйсігі деп те атайды. Онын рецепторлары - ет, тарамыс, сіңірлердегі жүйкелерінің үштары,
Тең басу түйсіктері.
Мүндай түйсіктерді статикалық түйсіктері деп те атайды. Статикалық түйсіктердің рецепторлары ішкі қүлақтағы вестибулярлық аппаратта орналасқан. Статикалық түйсік - бастың қозғалысын, бастың кеңістіктегі алып түрған орнын, яғни адамның тең басуын бейнелейді.
Вибрациялык түйсіктер.
Вибрациялық түйсіктер қозғалған дененің ауаны толқыуын бүкіл өн бойымызбен сезінген кезде пайда болады. Негзгі анализаторлары (түйсіну мүшелері) сау адамдар көбінесе өздерінде бүл түйсіктердің болуын байқамайды.
Қабылдау.
Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен кұбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б. қасиеттері жатады. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мүнда біздің аналозаторымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т.б. осындай қасиеттері, бір мезгілде әсер етеді де, миымызда түтас зат күйінде бейне пайда болады. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сырқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бүлардың бәрін бірдей дүрыс қабылдай алмайды немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды.Адамның сыртқы дүниенің заттары мен қүбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау. Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.
Қабылдау ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша нерв байланыстары жатады. Мүны И.П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы заттың түрі, түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның түлғасын тануға мүмкіндік береді.
Сөйтіп қабылдау-түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализатордың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен киноны көру екі анализатордың /көру, есту/ өзара байланысып жүмыс істеуінен болады.
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
Қабылдаудың түтастығы. Қабылдаудың обьектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден түрғанымен , біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.
Қабылдаудың мағыналылығы. Бұл ерекшелік те қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығын жақсы көрсетеді. Ол обьектілердің мазмүнын жақсылап түсінбейінше, белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша, ол толық қабылданбайды. Қабылдауда обьектінің аты сөзбен /екінші сигнал жүйесі/ берілсе, қандай нәрсе болса да, оңай және тез қабылданады. Мәселен, өзіміз түсінбейтін тілде сөйлеген сөздерді мүлде үқпайтын болсақ, азын-аулақ хабарымыз бар тілді шала -шарпы қабылдаймыз. Адам ана тіліндегі сөздерге жақсы толык түсінетіндіктен ғана оларды толық қабылдай алады.
Заттар мен қүбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым түрі, тану. Нәрсені танымайынша, оны аңғарып қабылдау қиын. Тану жалпылай және даралап тану болып 2-ге бөлінеді. Жалпылай тану дегеніміз -талғаусыз қалай- болса солай тану. Жалпылай тануда адам нәрселердің өздеріне тән қасиеттерін біле бермейді. Обьектілерді даралап тану арқылы ғана оларды анық, толық қабылдауға мүмкіндік туады. Мәселен, көпшілік арасынан таныс адамды бірден.тану, көп киімнің ішінен өз пальтоңды бірден тану оп-оңай.
Қабылдаудың таңдамалылығы.
Толып жатқан обьектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз қабылдаудың таңдамалалығы делінеді.
Мысалы, кітап оқығанда ондағы бірер сөз қате жазылған болса, да байқамай оқып кете береміз. Егер кітапта "университет" деген сөз "унверситет" деп қате жазылса, да біз оны "университет " деп дүрыс оқимыз. Кітап оқығанда оның мазмүнына ерекше көңіл бөлетіндіктен мүндай қателер көзге түспей қалады. Ал жеке сөздерге, жеке әріптерге шүқшия көз салған жағдайда текстің мазмүны үғылмай, күңгірт қалып қоятын кездері болады. Қабылдауда зечін аударып, талғаудың зор маңызы бар. Мүндай жағдайда обьек-нің назар аударылған белгілерін, касиеттерін, керек жақтарын ғана қабылдаймыз. Біздің назар аударатынымыздың ішіндегі ең бастылары қазіргі істеп жатқан әрекетімізге қяжет қызықтыратын , қажететімізге жарайтын нәрселер болып табылады. Қабылдаудың таңдамалылығы әр түрлі обьективтік және субьективтік себептерге де байланысты болып келеді.
Қабылдаудың тұрақтылығы.
Қабылдаудың тұрақтылығы деп-сырткы жағдайдың өзгеруіне қарамастан заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып, қабылдануын айтады: мәселен, біздің алдымыздағы телеграф бағаналарының бір бірінен қашықтығы көздің тор қабығында бірдей сәулеленбейді. Сонда да біз олардың шамасын бір-біріне тең деп қабылдаймыз. Өткені, олардың шындықтағы қалпы осындай. Осы заңдылықты түсіндіретін мысалдар толып жатыр.
Мәселен, ақ қағаз жасыл лампочканың жарығы түссе де, қызыл лампочканың жарығы түссе де бәрі бір ақ болып қабылдана береді. Жарықтың түрлі әсерінен көмір де бірде қара, бірде сүрғылт болып қабылданады.Мүның бәрі көру анализаторында түрлене бейнеленеді. Осы заңдылық түрмыста, еңбек процесінде түрлі заттарды тез, оңай тануға мүмкіндік береді. Қабылдаудың түрақтылығы адамның өткен тәжірибесіне де байланысты.
Бейнені түрақты түрге келтіруге, оны сол қалпында сақтауға мүмкіндік туғызатын ең жоғарғы психикалық функция -сөз. Әрбір заттың түсінігі сөзбен байланысты, сөз ғана затты бір түрақты түрде енгізеді.
Иллюзиялық қабылдау.
Әрқашан да қабылданатын затқа, н/е қүбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бүрмалап, теріс қабылдайтын кездер де болады.
Түрлі себептерге байланысты шындықтағы обьектілерді қате
қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзия сан алуан себептерге байланысты пайда болады. Мысалы, шай қүйылған стаканға салынған қасықтың "сынған" құсап тұруы физикалық қасиеттермен түсіндірілсе, кейбір нәрсе жөніндеп жаңсақ пікірлер адамның әр түрлі ерекшеліктеріне байланысты. ('Көзге қозу процесінің жайылуы, көздің затқа бейімделуі, қозғалысы , қабылданатын затқа көздің төсілмеуі т.б Илльюзиялардың табиғаты ғылымда әлі де толық зерттелмеген. Иллюзиялардың түрлері өте көп.
Соның ішінде көру қабылдауында иллюзиялар жиі кездеседі. Бұл көбінесе заттардың кеңістікте орналасуы жағдайын адамның жөнді білмеуінен туады. Көру иллюзияларына: контраст, перспектива, қашықтық, заттың жоғары жағын артық бағалау, түзу кесіндінің -ығысу иллюзиясы т.б. жатады. Мәселен перспектива иллюзиясын алайық. Айталық үш бағананың биіктігі бірдей дейік. Ал қабылдау кезінде олардың ең әрідегісі бәрінен үлкен сияқты болып көрінеді. Мұның себебі-нәрсе алыстаған сайын оның бейнесі кішірейе беретіндіктен, нәрсе өзінен кішкентай нәрсенің қасында түрса үлкейіп , үлкен нәрсемен қатар түрса, кішірейіп көрінеді. Осы мысалдағы ортадағы дөңгелектер, шынында өзара тең, бірақ көзге әр түрлі болып көрінеді. Өйткені бірі- үлкен дөңгелектердің, екіншісі-кішкентай дөңгелектердің қоршауында түр. Тәжірибе арқылы тексеріп көру-қабылдаудың дүрыстығының бірден бір өлшемі. Мәселен, стакандағы шайдан қасықты алып, оның сынбағандығын байқау - осындай тәжірибенің қарапайым түрі. Иллюзияның заңдылықтарын дүрыс түсінудің тәжірибелік мәні зор. Мәселен, иллюзиялар архитектура мен бейнелеу өнерінде, әскери маскировкада, баспахана әріптерін жасауда, сахна безендіруде жиі қолданылады. Иллюзияларды адамның нерв жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардың жалған теріс бейнелері-галлюцинациялардан ажырату қажет. Мүндай науқасқа үшыраған адамның үғыну қабілеті кемиді де, есі кіресілі-шығасылы болады.
Мәселен, оған ешкім дауыстамаса да ол бір дауыс естігендей денесінде қайдағы бір жоқ жорғалап жүргендей көрінеді. Бүл көбінесе шизофрения, инфекция ауруларының негізін де пайда болып, отырады. Бүл аурулардан психатр-дәрігерлердің көмегімен айығуға болады. Ми қабығында қозу процесі тежелумен алмаспай бір орнында түрып, қалған кезде осындай галлюцианалық бейнелер пайда болады.
Апперцспция / латынша қабылдауға қосымша/
Қабылдаудың адамның жалпы психикалық түрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмүнына байланыстылығын апперцепция дейміз. Апперцепция түрақы және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүние танымына байланысты болып отырады. Мысалы, түбір деген сөзді әр адам түрліше қабылдауы мүмкін. Апперцепциянын мол болуы
бейімділікке байланысты. Білім адамның ойын тереңдетіп, оның мазмұнын кеңітіп қана қоймайды дүниені жан_жағынан терең түсіне білуге жағдай туғызады. Адам есейген сайын оның білімі тәжірибесі молая түседі, дүниетанымы қадьщтдь Бүл апперцепцияның өзгеруіне әсер етеді. Әр түрлі иллюзиялардың негізінде адам жаңсақ пікірде болады, мүны уақытша апперцепция дейді. Апперцепцияның уақытша түріне А.С. Пушкиннің "Вурдалак" деген өлеңі жақсы мысал бола алады. Осы өлеңде Ваня деген қорқақ бала түнде зират арқылы жүріп бара жатады. Ол қорыққаннан қара терге түседі, Сүйек кеміріп жатқан итті қабырдан шыққан өлікке балайды. Өйткені оның өзі осындай кереметтердің болатындығына сенетін.
Байқау дегеніміз белгілі мақсат пен обьектіні әдейілеп қабылдау. Қабылдау үшін оны көру жеткіліксіз, оған белгілі көзқарас бойынша баға берілу қажет. Бір нәрсені мүқият байқау үшін біраз уақыт бойына жүйелі түрде бір обьектіні бөліп алып қадалаған дүрыс. Бүл, байқаудың негізгі шарттарының бірі. Байқау үшін белсенді ой жүгірту, арнайы зейін қою, байқау нәтижесін сөзбен айтып отыру ерекше маңыз алады. Байқағыштық кез-келген уақытта көзге ілінбейтін, ілінсе де оған көбінесе мән берілмейтін нәрселерге ерекше зейін қоюшылық
Байқағыштық жаңа фактілерді білуге күмарлықты, олардың егжей-текжейін білуді, адамның әрдайым қабылдауға даярлығын тілейді. Байқағыштык қасиет-адамның өмір сүрген ортасына, алған т,әлім-тәрбиесіне, мамандығына, айналысқан кәсібіне де байланысты. Байкағыштық-өмірдің әр саласы үшін өте қажетті қасиет
Достарыңызбен бөлісу: |