Лекция: 18 сағат Практикалық (семинар) сабақтары: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат: 45 Сынақ: Емтихан


Нақты топ – адамдардың бір – бір імен өзара қарым – қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмыла кіріскен адамдардың өмір сүріп тұрған бірлестігі



бет5/15
Дата23.10.2016
өлшемі3,21 Mb.
#19
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Нақты топадамдардың бір – бір імен өзара қарым – қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмыла кіріскен адамдардың өмір сүріп тұрған бірлестігі.


Нақты топ қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді болуы жәнеадамдардың саны аз не көп болып келуі мүмкін.

Формалды топ – бұйрық жарлықпен кестесі,устав т.б. ресми құжаттар негізінде құрылады. Мыс: жоғарғы оқу орындарындағы студенттер тобы , мұғалімдер мен қызметшілер т.б.

Бұл топ арасында психологиялық жақындық (ұнату, сыйласу, достасу) болады. Керісінше (ұнатпау, сыйламау, менсінбеу,жауласу) да болуы мүмкін.



Формалды емес топ – ұнату, көзқарас бірдейлігі, сенім жақындығы, жеке адамдардың білгірлігін, беделін тану сияқты психологиялық мотив тер бірлігі негізінде туады.

Мыс: бірлесіп балық аулау, аңшылық құру. Бұл топтарды бірін-біріұнату бауыр басу нығайта түседі. Бұл қасиеттер жоғалса топ сөзсіз ыдырайды.

Референт тобы – қиялдағы топты айт. Мысалы:адам бір топтың мүшесі бола отырып 2-ші топты қастерлеп, жеткіншек қадір тұтады. Мыс: жеткіншек жағдайда класс оқушыларына тек ересектердің тобына мүше болуға тырысады, қызығады. Егер бұған қолы жетпесе онда, ересектердің мінез құлқына еліктеуі.

Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы – ұжым. Ұжым – ол қоғамға пайдалы, ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжым – қоғамға пайдалы қызмет көрсете алатын, ортақ мақсат үшін жұмыла еңбек ететін, өте ұйымшыл, ынтымақты, психологиялық тұрғыдан құрыштай берік адамдар тобы.

Жеке адам ұжымнан бөлек болмайды. Ол ұжымның басқа мүшелерімен байланыста болады. Жеке адам ұжым арқылы басқа ұжым мен және қоғаммен байланыста болады. Ұжым – қоғамның бір бөлігі болғандықтан – ол сол қоғамның саяси, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін, идеяларын бойына дарытады. Сондықтанда жеке адам да бұл идеяларды қабылдап, өз ісінде және мінез – құлқында он басшылыққа алады. Жеке адам материялдық дүниемен қарым – қатынас жасай отырып, белгілі бір тәжірибе алып, сол тәжірибенің негізінде өз мінез – құлқын, қадір – қасиетін қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге қоғамдық тәжірибені де өз бойына жинақтайды.

Жеке адам мен ұжым арасындағы қарым – қатынас алуан түрлі болып келеді, соның ішінде ерекше көрінетін мынандай екі жағын (бар) бөліп алуға болады.



  1. Ұжымның жеке адамға ықпалы.

  2. Жеке адамның ұжымға ықпалы.

Ал ұжымның жеке адамға ықпалына келетін болсақ, ұжым жеке адамды тәрбиелеп жан – жақты дамытып шығаруға қабілетті. Ұжым жеке адамды қалыптастырып қана қоймайды, ол сондай ақ жеке адамды қайта тәрбиелеуге, оның сенімін моральдық көзқарасын, мінезін өзгертуге де қабілетті.

Ұжымның ықпалымен қайта тәрбиелеу жеке адамның өзін - өзі байта тәрбиелеуінен әлде қайда тез, әрі жеңіл болады.
2). Жеке адамның ұжымға ықпалына келсек; оның жеке басының қасиеттері көбірек әсер етюді. (ақылы, мінезі, қабілеті т.б.).

Адам неғұрлым рухани бай болса, солғұрлым оның беделі де ұжымда жоғары болады. Ал жеке адам өзін ұжымнан жоғары қоюға және әсіресе қарсы келуге тырысса, оның ұжымда ықпалы төмендейді.

Топтағы, ұжымдағы әрбір адам екі түрлі: 1) Іскерлік

2) Жеке


қатынаста болады. Оның 1-сі топтың бүкіл құрамымен бірге документке түсірілу.

2-сі ұнату, жақсы көру, достық жолдастық, жек көру, жауласу, т.б. себептер негізінде пайда болды. Жеке адамдардың бір – бір імен қатынасын зерттеген кезде бақылау, экспримент, әртүрлі әңгімелесу әдістері пайдаланылады.

Мұндай әдістердің бірі – таңдау әдісі. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған американ психологы Дж. Марено.

Таңдау әдісін – шағын топтардың мүшелері бір – бірін өте жақсы білгенде ғана пайдалануға болады. Яғни таңдау әдісі арқылы жеке адамның іскерлік жағын және жеке басының қадыр – қасиетін яғни топтағы алатын беделін сонымен бірге бастапқы топтың бар – жоғын, шағын топтардың ыдырау және пайда болу себептерін анықтауға болады.

Таңдау әдісін жүргізу барысында сұрақтар беріп, жауабы да ескеріледі. Қойылатын сұрақтар таңдау критерийлері деп. аталады.

Ол 2-ге бөлінеді



  1. Күшті

  2. Осал

Сол сияқты шағын топтағы адамдардың қарым – қатынасын зерттеу үшін әлеуметтік өлшем әдісті де ұсынған болатын. Бұл әдіс бойынша ұстаздар мен тәрбиешілер, шағым ұжымдардың жетекшілері, өндірістік – кәсіптік мекемелердегі топтардың басшылары қарамағындағылардың өзара қарым – қатынасын анықтай алады. Бұл тәсілдің негізгі өлшемі (критерий) әр түрлі, басты мақсаты – топ ішіндегілердің тілегі мен мүддесін анықтау топтардағы адамдардың қатынасын:

1) Матрица – кесте

2) Социограмма

3) Графикалық кестелер арқылы анықтауға болады.


1. ортақтасу –қарым-қатынасы психологияның негізгі ұғымы. Ортақтасусыз жеке адамның тұлғалық қалыптасу үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Ортақтасу адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.

Ортақтасу моделі

Субъект-1 Субъект-2

Ортақтасу формалары


2. Тікелей ортақтасу – табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) Құралдар көмегімен жасалынатын толық психолдогиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл – адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.

3. Жанама ортақтасу – қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялық контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сөйлеу т. с. с адами ортақтасуды күрделендіріп жібереді.

4. Тұлғааралық ортақтасу – екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық ортақтасудың белгілері:

қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірге күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.

5. Бұқаралық ортақтасу – бейтаныс адамдардың тікелей немесе жанама (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болатын) контактары.

Мысалы: стадионда, театрда, шеру-бұқаралық тікелей ортақтасу, телемарафон, радиохабар - жанамаортақтасу, вагонда-бұқаралық тікелей не жанама болса, купеде-тұлғааралық.

6.Персонааралық ортақтасу - ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттарды (чемпиондар, ғарышкерлер, президент тер).

7. Рөлдік ортақтасу- белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың психологиялық контакттары, мысалы оқушы-оқытушы, әке-бала, сатушы-алушы, көрші-көрші, дәрігер-ауру, бастық-бағынушы. Әрбір адам әр сәтте әртүрлі рөлдерді орындайды, сол рөлдерде байланысты қоғамда өз орын табады. Сол рөлдерде орындағанда адамның өзгешеліктері назарға алынбайды, тек әлеуметтік рөлге қажетті іс-әрекеттері маңызды болып саналады. Әрине, әлеуметтік рөл адамның мінез-құлқының егжей-тегжейін анықтамайды. Адам өз рөлін, басқалардың рөлдерін қалай түсінеді? Ол рөлдерге қандай қатынаста болады? Адамдар өз рөлдерін орындаған сәттерінде қайталанбас өзіндік өрнек пен таңба енгізіледі.

Ортақтасу барысында адамдар өзі және басқалар үшін өзіндік психологиялық ерекшеліктерді ашады, көсеттеді, түсінеді. Адамның психологиялық қасиеттері ортақтасу нәтижесінде пайда болады, дамиды, өзгереді. Басқалармен арақатынас жасағанда адам қоғамдық ережелерді, нұсқалары, білім мен іс-әрекет тәсілдерін, жалпы әлеуметтік тәжірибені өзі бойына сіңіреді. Ортақтасу нәтижесінде адам жеке тұлға болып қалыптасады.

Ортақтасу – адамның психикалық дамуының және мінезінің алғы шарттары, негізі.

Сонымен, ортақтасу үрдісінде басқалардан өзгешілігі қалыптасады, адам тек қана --- ортақтасу арқылы адам болады (джунглиде өсіп адам болған Маугли-қияли оқиға, ертегі);



  • ортақтасу үрдісінде өзге үшін, өз үшін адамның психологиялық қасиеттері ашылады (ғашық болған адам өзін-өзі жаңа қырынан танып біледі);

  • ортақтасу үрдісінде жеке адам жалпы адамдық тәжірибені меңгереді 1 Байланыстыру- прагматикалық қызметі. Ортақтасу бұл жерде кез-келген бірлескен іс-әрекет барысында адамдардың бірігуінің шарте болып табылады. Вавилон мұнарасы туралы аңызда адамдар бірін-бірі түсінбеу салдарына құрылысты бітіре алмағандығы жөніндегі оқиға тегін емес.

2. Қалыптастыру, дамыту қызметі. Бұл жерде ара-қатынас адамның психикалық бейнесінің қалыптасуы мен өзгеруінің алғы шарты болып танылады. Кішкентай баланың даму барысында оның мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге көз қарастары үлкен адамдар мен жасаған арақатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы қарым-қатынас нәтижелері ішкі психикалық құбылыстарға және баланың өзіндік сыртқы қимылдарына айналады. Мысалы, “Зита-Гита” үнді кинофильмінде егіз қыздар әртүрлі ореада өскендіктен мінездері бір-біріне ұқсамайды. Сыртқы қарым-қатынассыз балалар ой өрісі өспейді. Балалар үйінде өскен жас өспірімдердің ой өрістері өздерінің ата-аналарының бауырында өскен құрбыларынан едәуір төмен болады. Олардың бүкіл өмірлері туған – туысқан дарымен, жақсы көрген адамдарымен ортақтасуда өтсе, психологиялық қасиеттері адами сапаға жақынырақ болары анық. Бірақ осыған байланысты еске алатын бір жайт: бала үлкендердің барлық насихаттарын, ойларын, көзқарастарын өз бойына тікелей құйып алатын ыдыс емес! Баламен ересек адамның арақатынасына тек үлкеннен кішіге өтетін білім, біліктілік, дағдылар емес, бұл-неғұрлым күрделі өзара ықпалдау, өзара өзгеру, бірін-бірі байту құбылысы. Бала басқаның тәжірибесін өз ішкі дүниесіне белсенді түрде тезден өткізіп қабылдайды.

  1. Растау қызметі. Басқалармен жасаған ортақтасу барысында адам өзін-өзі танып білуге, бекітуге, өзінің бар екендігін дәлелдеуге мүмкіндік алады. Адам өзінің бар екендігін, өз тұлғасының құндылығын басқа адамдар арқылы біледі. Адам үшін ауыр жазаның бірі-жападан жалғыз қалу, ешкіммен араласпау, басқалардың назарынан тыс қалу. “Сен жамансың”, “Сенікі дұрыс емес”, деп адамды жаман бағалаудың өзінде оны қабылдап, бар екенін растап тұрудың белгісі бар. Ал қабылдамаудың, барлығын растамаудың белгілері “Сен бұл жерде жоқсың”, “Сен өмір сүрмейсің”. Осы әдісті А.Макаренко өз коммунасында жиі қолданатын еді, көп психикалық аурулардың, мысалы, шизофренияның себепшісі. Нәресте, сәби әке-шешесіне “сен жақсы”, “сен біз үшін барсың” деген дәлелдерді естімесе, оның санасында қалған іздер эндогендік психозға жол ашады. Күнделікті тіршілік адами арақатынасқа, “растау терапиясына” толы: Танысу мен сәлемдесу рәсімдері, құттықтау мен ізет көрсету, т.б. Осының барлығы әр адамның бар екендігін растайтын дәлел екендігі сөзсіз.

  2. Тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіректеу қызметі. Басқаларды қабылдау, олармен, сан қилы қатынастар тұлғалықтан іскерлікке дейін жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап, бір імен-бірі не жағымды симпатия , ұнату, не жағымсыз (антипатия, ұнатпау ) эмоциялық қарым-қатынас орнатады. Заманауи адамдардың әлеуметтік байланыстары тек эмоциялық қатынастар мен шектелмесе де, эмоциялық қатынастар іскерлік, ұжымдық, рөлдік қарым-қатынастарға өз әсерін тигізеді.

  3. Тұлғаішіндік қызмет. Адам өз-өзімен іштей, не дауыстап сөйлесіп диалог арқылы арақатынас жасайды. Тұлғаішіндік ортақтасуда адам ойлауының әмбебап тәсілдері болады. Л.С.Выготский жазғандай, жеке қалғанда да адам ортақтасудың қызметін сақтап қалады.

Сонымен, біз ортақтасудың түрлерін, қызметтерін қарастырдық. Қарым-қатынас психологиясында көбірек зерттелінген дәстүрлі мәселе-тұлғааралық тікелей ортақтасу.

Мақсатына қарай қарым-қатынас психологиясы тұлғааралық ортақтасудың үш түрін ажыратады: императив (бұйрық), манипуляция (айла), диалог (қос үн, қоссөз, қос тіл).



Императивтік немесе әміршіл ортақтасу - өз ортақтасу серігінің тәртібі мен іс- әрекетіне бақылау жасау мақсатындағы әсер етудің авторитарлық, директивтік формасы. ортақтасу партнері тек әсер етудің нысанасы, пассив ретінде қарастырылады. Императивтің ерекшелігі, партнерды бағындыру жөніндегі негізгі мақсатының жасырынбай айқын көрініп тұратындығында. Әсер етудің құралдары ретінде бұйрық, талап, әмір, тиым салу, нұсқау пайдаланылады (Отыр! Тұр! Әкел!). сонымен, әміршіл ортақтасу - басқаны өзіне қажетті белгілі әрекетке күштеп бағдарлау. Қоғамдық қарым-қатынастарда иперативтік ортақтасудың өз орны бар. Мысалы, әскери қатынастар, төтенше жағдайлардағы бастық-қызметкер қатынастары, қиын-қыстау, злізала, операция кезіндегі қатынастар. осындай салаларда императивтік ортақтасуды пайдалану нәтижелі әрі қолайлы.

Сонымен қатар мұндай ортақтақтасуды мүлде қолдануға болмайтын салалар да баршылық. Ең алдымен ортақтасудың бұл түрін достар және жұбайлар арасында, ата-ана мен бала арасында, тәрбие мен педагогка саласында пайдалану ыңғайсыз әрі нәтижесіз. Бұйрық, тим көмегімен ұстаздармен ата-аналар балаға өз сөзін өткізе алады. Бірақ ол сөздерді бала тек сырттай қабылдап орындайды. бала өз еркімен қабылдамаған соң, оның құлағына құйған үлкендердің ережелері, қағидалары, қоғамдық нормалары санасының тез жойылып кететін мазмұны болмақ. Бұйрық түрінде берілген тілектер баланың ішкі құндылығы болаалмайды.



Маникуляция, алдап - арбау ортақтасу – жиі кездесетін тұлғааралық ортақтасу түрі, ортақтасу партнерін өзінің жасырын ниетіне бағындыруды көздеген іс - әрекет. Өз мақсатына жету үшін манипулятор ортақтасу партнерін нысана ретінде қарастырады.

Манипуляциялық ортақтасубасқаны өз мақсатын жасырып өзіне қажетті іс - әрекетке баулу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет