Лекция: 18 сағат Практикалық (семинар) сабақтары: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат: 45 Сынақ: Емтихан


“Психология” пәні бойынша 050108 “Дене тәрбиесі және спорт”, 050301”Заңтану”



бет3/15
Дата23.10.2016
өлшемі3,21 Mb.
#19
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Психология” пәні бойынша 050108 “Дене тәрбиесі және спорт”, 050301”Заңтану”


мамандықтарының студенттері үшін

Лекцияның қысқаша курсы

Жетісай 2005


Лекция сабақтарының жоспары


  1. тақырып.


Жантану ғылымы және оның міндеттері мен маңызы
Қарастырылатын мәселелер:
1. Жантанудың ғылым ретіндегі анықтамасы.

2. Жан құбылыстарын ғылыми тұрғыдан түсіну.

3. Жан қуаттарының топтастырылуы.

4.Жанды зерттеу әдістері.

5.Жантану ғылымының салалары мен тармақтары

6. Жантануды оқып – үйренудің маңызы.


Психология - психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б) көпшілігімізге өз тәжірибиемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі – “псюхе” (жан), екінші – “логос” (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді.

Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көз қарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша адамзат тәннен тәуелсіз “жан” болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының ,сезімінің, еркінің) иесі де себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуынада алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.

Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде

яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірімен байланысын дұрыс ажырата-алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететіні, мәнгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың натижесі еді.

Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б) аралас дамып келді.

ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылысьарын (түйсік, ес, ойлау, қиял, т.б) тәжіребие жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибиелік ғылым ретінде дамыды. Ғылымның осы саласына экспериментті тұнғыш енгізген неміс ғұламасы В. Вундт болды.

Психикалық әрекетті ғалымдар бейнелеу теориясы негізінде түсіндіреді.

Осы қисынның іргетасы Әл-Фараби еңбектерінде алғаш сөз болған. Әл-Фараби “Философиялық трактактар”. Алматы ғылым 1973, 301-бет. Бұл теория бойынша сыртқы дүние біздің сезімде, мида, түйсік, қабылдау, елестеу, ой-сезім түрінде бейнеленеді. Бұлардың бәрін бір сөзбен адамның санасы немесе психикасы деп атайды.

Неорганикалық материяның (өлі табиғат) өзінде де түрлі нәрселер сәулеленеді. Мәселен, заттың айнадағы сәулесінен біз оның суретін көреміз, ал егер затты алып кетсек оның суретінің де айна бетінен жоғалып кететіні мәлім. Психикалық бейне де осы іспеттес яғни сыртқы орта әсер етпейінше мида еш қандай психикалық құбылыс пайда болмайды. Айна бетіндегі бейнеде адам миындағы бейнеде “бейнелену” деген бір сөзбен аталғанымен бұл екеуінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Айна бетіндегі сәуле “жансыз” сәуле болып табылады. Ал адам миындағы пайда болатын бейнелеу процесінің айна бетіндегі сәуледен бір ерекшелігі соңғы бейне өте күрделі, ол жүйке процестерінің жұмысынан туады. Мидағы бейненің екінші бір ерекшелігі – сөздің жәрдемімен бейнеленуі. Бейнеленудің осы бір түрі ұзақ уақыттық тарихи дамудың нәтижесінде адамдардың еңбек ету қызметінің негізінде пайда болған.

Айналадағы заттар мен құбылыстардың адам миында бейнеленуі жануарлардан бөлек, өзгеше жолмен, белсенді түрде сөздің көмегімен жүзеге асады. Адам қоғамдық-әлеуметтік өмірдің жемісі болғандықтан, оның бейнеленуі ұғым, пікір, ой қорытындысы түрінде көрінеді. Ол белсенді әрекеттену негізінде, әртүрлі объектілермен қатынас жасап, өзі солардың бейнеленуіне мүмкіндік туғызады. Бейнелену – заттың миға әсер етуінен ғана болатын бір жақты процесс емес, субъект (адам) пен объектінің (сыртқы орта) өзара байланысының нәтижесі. Адам сыртқы ортаның тигізген әсерін, шама-шарқынша өңдеп, саналы түрде бейнелейді. Бейнелену ми қабаты жықпылдарында адамның жас мөлшері, білім, дағды, икемі, тәжірибесіне орай түрлі деңгейде көрініп отырады. Ғылыми түсінік бойынша, психика, сана зат емес, оны көруге де, суретін түсіріп алуға да болмайды. Сана - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Ол материалдық бейне емес, идеалдық бейне. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз көшірмесі емес, адамның басында, жүйке жүйесінде жасалып жататын шындықтың күрделі бейнесі.

Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарға жіктеуіміз керек. Мұны жан қуаттарының топтастырылуы деп атайды. Бұл топтастыру бойынша, психика бір-бірімен тығыз байланысты үш топқа бөлінеді. Олардың бірі психикалық процестер деп аталса, екіншілері психикалық қалып, үшіншілері психикалық қасиеттер деп аталынады. Жан қуаттарының кейбірі (түйсік, қабылдау, елестеу, т. б) сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тікелей танып білуде, енді біреулері (ойлау, қиял т.б) бұлардың арасындағы күрделі байланыстарды, дәнекерлі қатынастарды, өзгерістерді тереңдей бойлап білуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүние мен (объективтік шындықпен) үздіксіз қатынастағы белсенді байланысында оның сезім, ерік процестері шешуші қызмет атқарады.

Психикалық кейіп (немесе қалып) адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т. б) тұрақты компоненттері. Жан қуаттарының осы екінші тобы ғылымда әлі де болса толық зерттелінбеген.

Психикалық қасиеттер – бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүние танымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында адамның өскен ортасымен қатар, оның кейбір таптық, ұлттық, жас өзгешілік, мамандық ерекшеліктері де бірсыдырғы орын алады.

Психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Бұлардың түрлері көп. Аспанда жұлдыздар жымыңдап, бір өшіп, бір жанып тұр. Оқтын-оқтын самал желдің ақырын ғана толқып өскен лебі денеге тиеді, шөп сыбдыры баяу ғана құлаққа шалынады, жас жусанның исі мұрын жарып тұр, кейде әлсін - әлі құрбақа бақылдайды. Осындайларды адам түйсік, қабылдау деп аталатын процестері арқылы сезінеді. Түйсікте сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының толып жатқан жеке саналары сәулеленетін болса, қабылдауда олар тұтастай, біріккен сапаларымен бейнеленеді.

Адамның психологиялық ерекшеліктерін білу үшін, осы ғылымның зерттеу әдістерімен танысуымыз керек. Әр ғылымның өзіндік ерекшелігіне қарай дербес зерттеу әдісі болады, осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады. Егер ғылымда өзіне тән әдіс, яғни зерттеу әдістері болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалады. Басқа да ғылымдар тәрізді психология ғылымының да өзіне тән әдістері бар. Бұл әдістер осы ғылымның көп жылғы даму жолында түрлі тексерулерден өтіп, сұрыпталу арқылы қалыптасқвн. Психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс - әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да, бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі.

Жантануда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістер бар. Олардың бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы қосалқы әдіс деп аталынады. Осындай негізгі әдістердің біріне байқау әдісі жатады.

Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау, әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай–ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (бет құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез – құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады. Сондай – ақ адамның ерік күшін, сезім ерекшеліктерін, темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелінетін обьектіні суретке түсіру үшін – фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшін магнитофон т.б. пайдаланылады.

Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:



  1. Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелуін қамтамасыз ету;

  2. Зерттелетін обьектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау обьектісі ретінде сабаққа нашар студентті алатын болсақ, мақсатымыз – оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін білу;

  3. Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелушінің сөз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқиятталдау жасау; басты фактілерді іріктеп алу – осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.


Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда тәжірибе лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет