Адамдардың барлығы біркелкі қабылдай бермейді. Мұнда топ, адамға тән типтік өзгешіліктер де болады. Кейбір адамдар қабылдау кезінде заттың өзіне. Жеке түрқына, сырт көрінісіне көңіл аударуға бейім болады, олар көргенін баяндауды ғана мақсат етеді. Енді біреулер сол заттың мән мағынасына көз жібереді, қабылдағанын жан-жақты түсіндіріп, беруді қажетсінеді. Осы айтылғанға орай бірінші топтағы адамдарды қабылдаудың баяндауышы типіне, ал екіншілерін түсіндіруші типке жатқызуға болады. Қабылдау саласында адамдар обьек-к және субьек-к типтер болып та бөлінеді. Бірінші типтің өкілдері заттар мен қүбылыстарды дәл, айқын ешбір қоспасыз сол қалпында қабылдайды, өз жанынан еш нәрсе қоспайды. Ал субьективтік типтегі адамдардың қабылдауында долбарлау қиялдап жаңа образдар қосу жағы басым болады. Мүндайда қабылданатын заттан гөрі адамның сезім күйлері ерекше әсер ететін болады. Субьективтік типті кейде қабылдаудың эмоциялық типі деп те атайды. Қабылдау синтезді, анализдік типтер де кездеседі. Қабылдаудың өмірге өте икемді типі-анализдік синтездік тип. Қабылдау саласындағы типтік еріктер бұл айтылғандармен ғана шектелмейді. Сондай-ақ бүлардың қай-қайсысы болмасын түрақты өзгермеуі қажет емес, түрмыс дағды -әдет, іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұны, адамдардың жас және дара ерекшеліктері т.б. белгілі жағдайларда қабылдау саласындағы типтік ерекше қабылдау саласындағы типтік ерекшеліктерді өзгеріске түсіріп отырады.
Ес процесі.
Ес- деп, қоршаушы өмірдегі заттар мен қүбылыстардың мида алғашқы із ретінде калыптаса бастап белгілі бір уақыт ішінде сақтала отыра . кезінде қайтадан жаңғыртылуын айтамыз.
Ес-деп, коршаушы өмірдегі заттар мен күбылыстардың адам миында сакгалып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, үмытылуын бейнелейтін процесс.
Ес-күрделі психикалық процестерге жатады. Ес- есте қалдыру,қайта жаңғырту, тану, үмыту секілді процестерден түрады. Естің физиологиялык; негіздерін бір кезде И.П. Павловтың жүйке жүйесінің пластикалық қасиеть түралы ілімімен түсіндіретін. Жүйке жүйесінің пластикалылығы дегеніміз- түрлі козулардан қалған осерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уакытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда мида жасальтуы онда бүрынғы байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігін жөнінде ғылымда әлі нақтылы деректер жоқ.
Мысалы; ес күбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың тобы оны мидағы электор қүбылыстарымен байланыстырса енді бір зерттеушілер есті мидың нейрохимиясына қарай түсіндіргісі келеді бакыпың өкілдері мидың кейбір клеткаларын (нейрондарын) бір сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклейнді қышқылдар комплексінің табылуын) естің бүкілі ми массасынан алатын орнын әлі анықтай алмай келеді.
Бір нәрсені есте сақтау- оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің
негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды.
Егер бүрын бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетсек, не ойласақ, бүлардың арасында байланыс пайда болады. Кейін обектінін біреуін гана елестетсек миымызда калған бөлігін -тудыруға себеп болады. Ассоциациялык принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы Аристотель ассоциацияларды тек тікелей елестетумен байланыстырып психикалық әрекеттің калған түрлерін түсіндіруге бүл принципті колданбады.
Ғылымда түңғыш рет ассоциация ілімін шартты рефлекс теориясымен
дәлелдеген, осы негізде көптеген психикалық процестердің табиғатын түсінуге болатындығын көрсеткен үлы орыс ғалымы И.П.Павлов болды. И.П.Павлов психологияда ассоциациялар деп аталатын қүбылыс ми қабығында екі қозу процесінің қабаттасып келуі себепті паида болып, сан рет қайталаудың нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар екенін түсіндірді. “Ұлы ғалым бүл туралы былай деп жазды " Уақытша нервтік байланыс жануарлар дүниесінде
де , біздің өзімізде де байқалатын жан-жақты физиологиялық қүбылыс . Сонымен катар ол түрлі әрекеттерден, әсерлерден күрылса да немесе әріп, сөз, әлде ойдан құрылса да психикалық қүбылыс болып табылады, оны психологтар ассоциация деп атайды." Ассоциациялардың Аристотел заманынан белгілі үш түрі бар. Олар:
1. Іргелестік, аралас
2. Ұқсастық,
3. Қарама-қарсылық ассоциациялар.
Естің түрлері.
Ес адамның әр-алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып , тіршілікте маңызды қызмет атқаратын болғандықтан , оның түрлерімен көріністері де әрқилы. Естің бөлінуі адамның түрлі әрекет ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіліп , олар есте қалдыру , кайта жаңғырту процестерімен тығыз үштасады. Мысалы, адамда есту есі мен көру. есі психикалық касиеттер ретінде көрінеді . Іс-әрекет сипаттарына орай, ес мынадай үш түрге негізделіп бөлінеді:
Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс,
эмоциялық сезімдік, бейнелі көрнекілік және сөздік-мағыналық
(логикалык).
Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз ес..
Адамды материалдарды қанша уақытқа дейін есте сақтай
алатындығына карай: қысқа және үзақ мерзімді ( түпкілікті), сондай-ақ оперативті ес.
Естің кейбір түрлері арнайы аспап-мнемометр арқылы өлшенеді.
Қысқа мерзімдік және үзақ мерзімдік ес.
Елестер дегеніміз- қазіргі сәтте сезім мүшелеріне эсер етпейтін заттар мен құбылыстар бейнесінің мида пайда болуы. Елестердің физиологиялық негізгі үлкен ми сыңарларының қыртысында бұрынғы қозулардан қалған іздер болып табылады . Елестер -бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу мен жалпылаудың нәтижесі. Қабылдаусыз елестер құрастырылмас еді, өйткені соқыр болып туылғандардың түрлі түс пен бояулар жөнінде , ал тумысынан саңыраулардың есту елестері болмайды.
Елестер: 1. Жалпы 2. Дара болып бөлінеді.
Арнаулы бір затты қабылдауға негізделген елее дара болады .
Өйткені ол дара затты бейнелендіреді.
Бірнеше ұқсас заттарды жалпылап бейнелейтін елес жалпы
болады . Бұлардан басқа елестерді оларға негід болатын
қабылдау түрлеріне қарай айырады. Елестерді көру ( адам, зат,
пейзаж),
Есту (музыкалық әуенді елестету ), Иіс ( эфир иісін елестету ), Дәм ( лимонның дәмін елестету ), Сипап сезу-қозғалыс (секірген кездегі дене қалпын елестету), елестері деген түрлерге бөлінеді. Елестер адамның қызметі процес інде қалыптасады, сондықтан мамандыққа байланысты елестің белгілі бір түрі, айталық, суретшіде -көру, композиторда-есту , спортшы мен бишіде -қимыл, химикте -иіс, т.б. жетілген.
Ес процестері.
Ее өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады. Бұлардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту.ұмыту және тану.
Қайта жаңғырту.
қайта жаңғырту -бұрын қабылдағандарды қалпына келтіру процесі. қайта жаңғырту еріксіз және арнайы қайта жаңғырту деп. екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына мақсат қоймаиды . Мұны іс-әрекеттің барысы туғызып отырады. Арнайы қайта жаңғыртуда мақсат қоюмен , ерік күшін жұмсаумен арнаулы әдіс-тәсілдер қолданумен жүзеге асады.
Тану (қайта жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде көрінеді. Мыс: біреу бір нәрсені қиналмай, тез және
Толық таниды, екінші біреу мұны мүлде тани алмайтын болады, үшінші біреу шала таниды, ал төртінші біреу қате таниды. Обектіні дұрыс тану үшін адамның көзі төселіп үйренген болуы, өмір тәжірибесі мол, бақылағыш болуы шарт.
Үмыту және оның түрлері.
Үмыту процесі - есте қалдыру процесі не қарама-қарсы процесс, өмірге қажет емес нәрселерді үмытып отыру адамның рухани дамуына көп көмегін тигізеді. Егерде адам қабылдаған нәрсенің барлығын есінде сақтай беретін болса, онда кез келген үсақ түйектер мидың бір қалыпты жүмысын қиындатар еді. Ұмыту түрліше жағдайларда көрінуі мүмкін. Бірде ұмыту обектіні әдейілеп еске түсіруге не танула мүмкіншіліктің жоқтығынан пайда болса, енді бірде обектіні қате тану,не әдейілеп еске түсіре алмаудан болады. Материалды оқыған бойда он бір ден жаңғырту кейде қиынға түсіп, мазмүны толық берілмей қалатын кездері болады. Бірақ, бүлар екі үш күннен кейін тым тәуір байта жаңғыртылуы мүмкін. Осындай кеншігіп еске түсіруді психолгияда реминисцанция қүбылысы деп. Атайды. Кешігіп еске түсіру көбінесе мектепке дейінгі балалар мен төменгі класс оқушыларында жиі кездеседі. Өйткені олар көлемі алкен, күрделі материалдарды бір ден толық айтып баруге шамалары келмейді де, ойларына келген жерлерін айта бермейді.
Ес саласындаға дара айырмашылықтар.
Ес дәрежесі бірдей адамды табу қиын. Біреу өлеңді жылдам жаттаса, екінші біреу санды жақсы жаттайды, үшінші біреу үмытшақ, төртінші біреу көргенін есінде ұстағыш келеді, т.б. адамдар сон дай-ақ есінің дәлдігі жөнінен бір-бірінен ажыратылады. Естің дәлдігі- ешбір жаңылмай, ойдың тәртібін бүзбай, мағыналы түрде айта білу қабілеті.
Есі дәл адамдар материалды игеріп алудың жылдамдығы жөнінде де Алдана қарай салмайды. Жүрт бүларды зейінді, зерек адам дейді. Ал басқа біреулер, керісінше байта - байта оқыса да есіне түсіре алмай әуре болады. Адамдар еске қалдырудың үзақ қысқалығымен де ажыратылады. Мүны кейде естің беріктігі деп. Те атайды. Мысалы: бір нәрсені жаттап алса, оны үзақ бойына үмытпайтын болады. Екінші біреу он тез үмытады. Естің жақсы сапаларының бірі даярлығы. Естің қорынан кез келген уақытта қажет нәрсені миына токи алатын,есінің өресі кең адамдар да болады. Біреулер көзбен көргенді, енді біреулер қүлағымен естігенді жақсы қалдырады.
Ойлау.
Ойлау — деп, сыртқы дуние заттары мен қубылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама турде сөз арқылы бейнелейді.
Сыртқы дүниені толық тану үшін туйсікпен қабылдау сезім жеткіліксіз. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы біле аламыз. Сондықтан түйсік қабылдау, сезім, ойлаумен тығыз байланыста болады.
Түйсік пен қабылдау дүние танудың 1-ші баспалдагы болгандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды.
Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді, осы сезімдік мағлұматтардыц негізінде белгілі болады.
Ойлау процесініц қамтитын көлемі өте кең. Ойлау-күрделі, психикалық процесс
Ойлау-сөйлеу сияқты, тек еңбек әрекетінің негізінде пайда болған. Адамның ойы ылғида сөз арқылы беріледі.
Ойлау мен сөйлеу бір екен деп тагыда ойлауга болмайды.
Ой-сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, Сөз-ойды басқа адамдарга жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнелеуінің арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды. Ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланады.
Ойлаудың физиологиялык, негіздері И.П.Павловтың 1 және 2 сигнал жуйесі жөніндегі іліміне байланысты тусіндірілді. Ойлау-ми қабығының күрделі формадағы анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі мунда 2-ші сигнал жуйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші роль атқарады.
Ой тәсілдері:
Талдау (анализ)
Tonmay (синтез)
Абстракция
Нақтылау
Жалпылау
Жүйелеу
Салыстыру
Ойлау формалары: 3-ке бөлінеді.
Үғым.
Пікір.
Ой қорытындылары.
1. Үғым дегеніміз — заттар мен құбылыстар туралы ой.
Дара және жалпы болып бөлінеді.
2. Пікір — ол бір зат туралы мақұлдау немесе оны бекерге
шыгару.
3. Ой қорытындылары дегеніміз — бірнеше пікірлерден
жаңа бір пікір шыгару тәсілі. Бұлардың з турі бар:
дедукция
индукция
аналогия
Дедукция — Ойлау жуйесі жалпыдан жекеге қарай жүретін ой
кррытындысы,
Индукция — Ойлау жуйесі жекеден жалпыға қарай жүретін ой
қорытындысы.
Аналогия - уқсастық бойынша ой қорытындысын жасау.
Халық ерте замандардың өзінде-ақ ақыл- ойдың кеңдігін ерекше қастерлеген.
Мыс: "Ой ойласаң тек ойла, тең ойласаң кең ойла " деген мақалда қандай нәрсе болмасын мәселені барлық жағынан қамти ойлау керектігін айтқан.
Ойдың ұшқырлығы. Кейбір адамдар мәселенің барлық жағын көре алады, тез шеше алады, сергек белсенді келеді. Мүндай адамдар орынсыз, асып -саспайды, жағдаймен санасады.
Ойдың асығыстық турі — мүндай адамдар онша ой жұмысымен айналыспады, "ауырдың үстімен, жеңілдің астымен " жүреді.
Кейбіреулер өз бетімен ешнәрсе айта алмайды, басқа кісіге сүйеніп, ойсыз өмір кешеді. Ұлы ақын Абай мүндай адамның психологиясын тамаша көрсеткен:
"Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкілшіл кердең наданның
Көп айтса көнді
Жұрт айтса болды
Әдеті надан адамның "
Басқалардан көмек күтпей, мәселені өз бетімен шешу — адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Жеке адамның білім көлемі, өмір тәжірибесі, оның айналасындагылар жүйке жуйесінің типтік ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, жас ерекшеліктері т.б. ақыл ойдың дара ерекшеліктерінің қалыптасуына себеп болатын факторлардың бір тобы
Сөйлеу
Адам өзінің қажеттігін өтеу үшін басқа біреулермен пікірлеседі, ой бөліседі. Адам баласының сана сезімінің дамуына дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.
Сөйлеудің пайда болуының нәтижесінде адам организм! анотомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін мән — мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды.
Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Сөйлеудің қалыптасуы адамның психикалық дамуындағы алғашқы (революция) төңкеріс болды. Сөйлеу белгілері жоғары жүйке жүйесін, қызметін жетілдіреді, соның
нәтижесінде жануарларда болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады.
Тіл де, ойлау сияқты, еңбек нәтижесінде туды. Тіл, тек адамға тән психикалық процесс.
Сөйлеу деп - адамдардың тіл арқылы бір - бірімен қарам -қатынас жасау процесін айтамыз. Яғни тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді айтамыз. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Немесе ол коздеген мақсатына жете алмайды. Қазақтың ғүлама ғалымы Жүсіп Баласағүн "Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз" -деп тауып айтқан. М.Жүмабаевтың айтқан сөзі "Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт:
Сөйлеудің мазмүндылығы
Сөйлеудің мәнерлілігі
Сөйлеудің мазмүндылығы - дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы.
Сөйлеудің мәнерлілігі — дегеніміз адамның сөйлеу кезінде эмоциялық қалпын біддіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы."
Мысал2. "Сөйлеу", "тіл", "қарым - қатынас" үғымдарының мән — мағынасы жақын болғанымен, ғылыми түрғыдан бүлар бір - бірінен ажыратылады. Қарым - қатынас адам іс - әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс тіршіліктің негізгі арқауы. Адам тек сөйлеу арқылы ғана қарым - қатынас жасамайды, ол айналасындағылармен түрлі ым — ишара (жест), белгі, таңба арқылы да бір — біріне ақпарат бере алады. Тіпті қас қағу, иекпен иық қозғалту, басты шайқау т.б. осы секілді атрибуттар да қарым қатынастық қызмет атқарады.
Халқымыз "Ымға түсінбеген дымға түсінбейді"деп өте тауып айтқан. Тіпті күлу мен күлімсіреудің де, жылау мен жыламсыраудың да қарым қатынастық қызмет атқаратыны да белгілі.
Сөйлесу қарым қатынастың негізгі түрі. Мүның неше түрлі нүсқалары болады. Мыс, қызмет бабы жоғары адаммен сөйлесу рәсімі бір түрлі болса, отбасында, құрбы - қүрдастармен сөйлескендегісі басқа формада болады. "Тіл" үғымының да ауқымы кең, ол көбінесе қоғамдық ғылымдарда (тарих, социология, этика, педагогика т.б.) жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қүбылыс. Тіл арқылы әр қоғамның ғасырлар бойы жинақтаған рухани мүрасы үрпақтан үрпаққа жеткізіліп отырьыады. Ал, сөз сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі. Ол жас балада, ересек адамдарда, не қарт адамдарда, әртүрлі мамандық иелерінде сөз саптаулары түрліше көрінеді. Сөйлесу - табиғи яғни пікір алысуға байланысты қажеттілік. Осы қажеттілікті өтеуде сөйлеудің, пікірлесудің маңызы ерекше. Сөйлеудің адам өмірі үшін маңызы ерекше екендігін мына аңыз әңгімеден көруге болады. "мысал келтіру."
Сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді;
Сыртқы және ішкі сөйлеу
Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болып
Ауызша сөйлеу диалогты және монологты болып монологты сөйлеудің өзі 3 — ке бөлінеді:
Ауызша әңгіме
Баяндама жасау
Сөз сөйлеу
Диалогты сөз дегеніміз — екі не бірнеше адамның тілдесуі.
Диалогтық сөйлеу — сөйлесудің ең қарапайым, ең байырғы түрі.
Монологтық сөйлеу дегеніміз — бір адамның сөзі яғни
баяндамашының лектородың сөздері. Монолог сөздерге тән кейбір
психологиялық ерекшеліктер мынадай:
Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес қүрылады, бүл
алдын - ала даярлықты тілейді.
Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар
қойылады.
Монолог сөз мәнерлі, адамга эсер ететін моменттерді
(сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді.
Монологтың байырғы алғашқы түрі алғашқы әңгіме. Ауызша әңгімеде сөйлеуші өзінің корген білгендерін не естігенін яғни көңіліне түйген жайттарды бүдан бейхабар тындаушыларға суреттей айтып береді. Халықтың ертегілері мен аңыз әңгімелерін айтушы жыраулар
Баяндама жасау дегеніміз — белгілі бір қүжаттарға негізделіп жасалады яғни белгілі бір мәселе тоңірегіндегі сарапталған ауызша хабар. Мыс, оқу жылының қорытындысы туралы мектеп директорының баяндамасы, жүргізілген ғылыми эксперименттің нәтижелері туралы баяндама.
Радио, теледидар сияқты көпшілік коммуникация қүралының дамуы монологты сөйлеудің анағүрлым қиын формасы -микрофон және теледидар камерасы алдында сөз сойлеуді туғызды. Сабақ беру практикасында мүғалім монологты сөйлеудің барлық формаларын пайдаланады.
Жазбаша сөз сөйлеу — ауызша сөз сойлеудн кейін пайда болды. Адамзат мәдениеті дамуының алғашқы кездерінің өзінде - ақ адамдар белгілі бір оқиғалар туралы деректерді үзақ мерзімге сақтау қажеттігін сезіне бастаған. Жазбаша сөз сөйлеудің алғашқы қадамы сурет арқылы берілген. Жазу — сызу дамуының бүл кезеңін — идеографиялық сөз сөйлеу деп атаған. Идеографиялық сөз сөйлеу — айтайын деген ойды толық жеткізе алмайды. Кейінірек иероглифтік жазу пайда болды. Бүл да айтайын деген ойды толық жеткізе алмайды.
Қазір біз пайдаланып жүрген жазу көп кейінірек туған. Оны ойлап табушы ежелгі финикийлер деседі. Ол алфабетикалық
жазу деп аталады. Ол графаме мен (әріппен), фонема мен (сөйленген сөздің дыбысы) белгіленеді.
Іштей сөйлеу адамның өзімен - өзі сөйлесуі. Іштей сөйлеу адамдармен қарым - қатынас жасауға арналмайды. Іштей сөйлеудің негізгі белгісі оның дауыстап айтылмауында, оны айналадағылар естімейді. Іштей сөйлеу - ішкі күбірлеуден және іштей сөйлеуден түрады. Іштей сөйлеу мен сыртқы сөйлеудің айырмашылығы бар, іштей сөйлеу тым қысқа келеді. Ішкі сөйлеу сыртқы сөйлеу негізінде қалыптасады. Сыртқы сөйлеуді ішкі сөйлеуге айналдыру — интериоризация деп аталады. Іштей сөйлеудің сыртқы сөйлеуге алмасуы экстериоризация деп аталады.
Сөйлеудің физиологиялық негізін И.В.Павлов жан — жақты дәлелдеген. Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік — синтездік қызметінің нәтижесі. Сөйлеудің физиологиялық негізі 2 - ші сигналдық жүйенің қызметін қүрайды. Мида 1 және 2 сигнал жүйелері болатындығы өткен лекциядан белгілі. 1 — сигналдық жүйе адамдарға да жануарларға да тән. 2 — ші сигналдық жүйемен тікелей байланысты жүмыс істейді. 2 -сигнал жүйесінің жүмысына егерде зақым келсе, адамның сөйлеуі мән — мағынасыз болады. Мысалы, Француз ғалымы Брока. Егер ми сыңарларының сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын дәржеге жетеді. Мүндай қүбылыстарды психология афазия деп атайды. Мүның 3 — түрі бар.
Сөйлеу органдары толық сақталғанымен, қиналып сөйлейді,
тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығару қиынға соғады.
Адам өзі сөйлей алғанымен, басқа біреудің айтқанына
түсінбейді.
Мидың бір жеріне қан қүйылу, оның тамырларының
тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, ісуі т.б. мүның емін
логопед дәрігерлер жасап отырады.
Қиял.
Біз бүрын қабылдаған заттар мен қүбылыстардың образдарына сүйене отырып, бүрын көрмеген жерлерімізді санамызда бейнелей аламыз.
Мысалы: Өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы (Африка, Австралия, Индия т.б.) кітаптар оқығанда, әңгіме тыңдағанда бізге түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бүл қиял процесінің жемісі болып саналады.
Адамның өмір.төжрибесі, білімі мол болса, ол адамның қиялы да солғүрлым айқын және толық болады, ал бүл айтылғандар жеткіліксіз болса, қиялдың өте солғын болатындығы байқалады.
Қиял дегеніміз - қоршаушы өмірдегі заттар мен қүбылыстардың, әр түрлі адамның алына қойған мақсатына сәйкес, өңделе отыра, жаңа бейнелердің жасалыну жолдарын айтамыз.
Қиял дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңғыртып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін тек адамға ғана тән психикалық процесс.
Адамның тарихи дамуында не істеп не қоймасын барлығы қиял жүзінде басталады.
Сондықтан қиял дегенде адамның өмірі мен және еңбек әрекетімен тығыз байланысы бар, кебінесее адамның өз жеке басына қарай бағытталған ойлаудың түрін қиял дейміз.
Қиял процесінің адам әрекетінің қай саласында болмасын маңызы зор.
Жалпы қиял деген жаңа бейнені жасау болып келеді. Қиялдың негізінде іс жүзіндегі немесе теориялық түрғыдағы жаңалықтар ашылады.
Қиял процесі тек адамға төн қасиет болып саналады, сондықтан жануарлардың ешқайсысында қиял кездеспейді. Қиял толығымен ойлау процесінің негізінде жасалынатын болғандықтан адамның білім көлемі мен тығыз байланысты болып келеді.
Қиял маңызы - бізді қоршаған объективтік шындық. Тіпті (қиялдың) фантазияның өзі өмірде бар нәрселерден құрастырылып жасалынады.
Мысалы: автобус пен трамвайдың кейбір тетіктерін біріктіру арқылы тралейбус ойлап тапқан.
Қиялдың шындықпен байланысты болып келуі адамға қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болды. Халық "Қыран жетпеген жерге қиял жетеді" - деп бекер айтпаған.
Бір кезде талантты орыс ғалымы К.Э.Циалковский космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне түңғыш рет жол салған Ю.Гагарин мен басқа кеңес косманавттарының ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.
Қиялдың физиологиялық негіздері.
Қиялға оңашаланып алынған орталықтар емес, мидың үлкен жарты шарларының қабығы түтаспай негіз бола алады.
Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап өңдеу процесінде 2 - сигнал жүйесі шешуші роль атқарады. Қиял 2 сигнал системасының жүмысымен тығыз байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |