Лекция: 18 сағат Практикалық (семинар) сабақтары: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат: 45 Сынақ: Емтихан


Лабораториялық тәжірибе ХІХ ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт (1832 – 1920) психологияны тәжірибелік жолме



бет4/15
Дата23.10.2016
өлшемі3,21 Mb.
#19
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Лабораториялық тәжірибе ХІХ ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт (1832 – 1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды,


тұңғыш рет лаборатория ашты (1879). Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды.

Лабораторияда жүргізілген эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайларға байланысты болады:



  1. Байқалатын обьекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс;

  2. Тәжірибе түрінде лайықты жұмыс жағдайын жасау (жазып отыру, инструкциялар т.б. жазу – сызу құралдарымен қамтамасыз ету).

  3. Тәжірибені күнілгері белгіленген жоспар бойынша, арнаулы әдістемеге сай жүргізу.

  4. Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық жағынан дербес талдау жасау.

  5. Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және ішінара қорытындылар шығара отырып, тәжірибе жүргізуде ашылған кейбір ғылым деректерді (егер зерттеу жұмысы мектеп жағдайында жүргізілген болса) оқу – тәрбие процесінің сапасын жақсарту үшін пайдаланса, бұл тәжірибенің негізгі мақсатының орындалғаны болып табылады.

Табиғи экспериме Тәжірибенің екінші бір түрі - табиғи эксперимент деп аталынады. Табиғи экспериментті психологияға тұңғыш енгізген және оны өзінің зерттеулерінде көп пайдаланған көрнекті орыс психологы А. Ф. Лазурский ( 1974 - 1917) болды. Бұл әдістің байқау әдісінен айырмашылығы, мұнда тәжірибе жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады.

Сауалнама әдісі бойынша кісі күні бұрын арнаулы парақтарға жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша жауап қайтарылады. Осы әдіспен әртүрлі топтың, ұжымның, оның жеке өкілдерінің психологиялық ерекшеліктері

(талап – тілегі , мақсат – мүддесі, талғам – мұраты, қызығуы, бейімділігі

т.б.) ажыратылады. Мыс: адамның қандай кітапты ерекше құмартып оқитындығын, оның сүйікті жазушылары мен әртіс, әншілерпінің кімдер екендігін аңғаруға болады. Анкеттегі сұрақтар ықшам, зерттеушілерге түсінікті, қарапайым тілмен тұжырымдалып, жалпы саны 5 – 8 ден аспауы тиіс.


Әңгімелесу әдісі - психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас жәнге дара ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды, зерттелінушіге күдік тудырмау мақсатында әңгіме көбіне жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше мән беріледі. Зерттелінушінің берген жауабы жазылып алынып, кейіннен мұқият талданады да, соған орай тиісті қорытынды жасалады.

Тест әдісі - балалардың білімі мен икемділігі , бейімділігі, жалпы ақыл – ойының даму дәрежесін т.б. анықтауға болады. Тест арқылы бала өз жасына қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезінен ауытқушылық

(жоғары, төмен бар ма?) деген сұраққа жауап алынады.

Тапсырма жас мөлшері біркелкі балаларға бірдей беріледі де (200 – дей) мұндағы жауаптардың орта есебі ( барлық бала бойынша ортақ балл) шығарылады. Осы орта есеп жас мөлшерлік норма белгілеу тестті стандарттау деп аталады. Мұндай тестке кейін ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Баланың ақыл – ойының даму дәрежесін анықтауға арналған тесттерді интеллектік тесттер дейді.

Қазіргі кезде психология ғылымы көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған, өрісі кең ғылыми пән.



  1. Тәлім-тәрбие (педагогикалық) психологиясы.

Бұл пәннің зерттейтіні-адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар. Оқушының ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеру мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеу мәселелерін қарастырады.

Сөйтіп олардың даралық ерекшеліктерімен санасып балалардың бір қалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған балалармен талім – тәрбие жұмысын жүргізу әдіс-тәсілдерінің психологиясын зерттейді.

Тәлім-тәрбие психологиясының екі тармағы бар:


  1. Оқыту психологиясы.

  2. Тәрбие психологиясы.

Оқыту психологиясы – дидактиканың психологиялық негіздерін, оқытумен білім берудің жекелеген әдістерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастырудың жолдарын қарастырады.

Тәрбие психологиясы – гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді зерттейді.

  1. Жас кезеңдерінің психологиясы.

Әр түрлі жас кезеңіндегі психикалық процестердің табиғи негізі мен азаматтық қасиеттерін, психологиялық салаларын зерттейді. Оның тармақтары:

  1. Балалар психологиясы

  2. Жеткіншек психологиясы

  3. Жастар психологиясы

  4. Ересектер психологиясы

  5. Қарттар психологиясы


3. Арнаулы психология

Бұл адам дамуының бір қалыпты даму жолынан ауытқуын, ми зақымы ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістерін және осы саладағы әр түлі аурулардың себептерін қарастырады.

Оның біршеше тармақтары бар:


  1. Олигофренопсихология

  2. Сурдопсихология

  3. Тифлопсихология

  4. Патопсихология

Олигофренопсихология–ми зақымы ауруымен туған адамдар психологиясының дамуын қарастырады.

Сурдопсихология – нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.

Патопсихология – туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейді, грек тілінде ”пато” зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді.

4. Еңбек психологиясы

Адамның іс-әрекеті түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Әртүрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын өндірістік, кәсіптік жағдайыдың адамға тигізетін әсерінің, құрал-аспаптардың құрылысы мен орналасуын қарастырылады.

Оның тармақтары:


  1. Инженерлік психология

  2. Авиациялық психология

3. Ғарышкер психологиясы. Инженерлік – психология негізінен автоматталған жүйелерді басқару мен әртүрлі операторлардың жұмысын зерттейді.

Авиациялық психология – ұшқыштарды оқыту мен ұшу кезінде орындалатын істердің жай-жапсарын, жалпы адам психикасының әуе кеңістігінде бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрлар даярлап шығару мақсаттарын көздейді.

Ғарышкерлік психологиясы - адамның салмақсыздық пен әуе кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу кезіндегі қиыншылық жағдайдағы психологиясын, адамның көңіл-күйімен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.

5. Медициналық психология.

Дәрігерлер мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді. Оның тармақтары:

А) Нейропсихология

Ә) Психофармакалогия

Б) Психотерапия

В) Психопрофилактика және гигиена.

Нейропсихология-психикалық құбылыстар мен жоғары жүйке құрылысының физиологиясын және олардың қатынасын зерттейді.

Психофармакалогия-дәрі–дәрмектердің адам психологиясына әсері мен күшін қарастырады.

Психотерапия- ауру адамға психикалық әдіс-айла және емдік тәсілдер қолдану мәселелерін қарастырады.

Психопрофилактика және гигиена-адамның денсаулығы мен оны нығайту шараларын жүзеге асыру жағын, оның әдіс-тәсілдерін анықтау жағын қарастырады.



  1. Әскери психология.

Азаматты ел-жұрты мен отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгерлердің мінез-құлқы, бастықтармен бағынушылардың арасындағы қарым-қатынастар, үгіт – насихат жұмыстарын жүргізу, дұшпанға деген өшпенділік сезімдерінің оянып, оған қарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістері зерттеледі.

  1. Әлеуметтік психология

Адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Қазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынандай үш түрлі мәселе қамтылады:

А) Үлкен (ірі) топтардағы психологиялық әлеуметтік жағдайлар.

Мұның құрамында жалпы бұқаралық байланыстар : радио, теледидар, баспасөз т.б кіреді. Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы әр түрлі хабарлар беріп, көпшілікке тән талғамдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі.



Ә) Кіші (шағын) топтардағы психологиялық жағдайлар.

Топтардағы адам бірігуі, олардың өзара қарым-қатынасының сыры мен хал-жағдайы, топ ішіндегі жетекшілігінің алатын орны, әртүрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар корпорациялар, ұжымдар, ресми және бейресми топтар арасындағы қатынастар, сол топтардың шеңбері, бірігуінің себептері, мақсат мүдделері, шоғырлану деңгейлері зерттеледі.

Б) Қоғамдағы адамның қасиеті мен әлеуметтік-психологиялық орны.

Әлеутеттік психологиялық зерттеудің объектісі-азамат. Олардың жоғарыда аталған топтарда қандай рөл атқаратын және оларға бейімделу ерекшеліктері де зерттеледі. Сонымен қатар азаматтың өзін-өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығымен бағыт-бағдарын, табандылығы мен көнбістігн, ұжымшылдығы мен мен-мендігін, тұрақтылығымен болжам паздығын зерттеуге де мән береді.



  1. Спорт психологиясы.

Спорт жетекшілерімен бағынушылардың арасындағы қарым-қатынас, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін психологиялық даярлығын т. б зерттейді.

9. Сауда психологиясы –қазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси-экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді. Сонымен қатар, әсіресе, жарнамалардың психологиялық ықпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері, сатып алушылардың мұқтаждығы, оларға қызмет етудің факторлары қарастырыла

10. Ғылыми-шығармашылық психологиясы - соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі өзіндік ерекшеліктері белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т. б сипаттары зерттеледі.

11. Көркем-өнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психологиясы. Бұл сала бойынша қарастырылатын мәселелер әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары зерттеледі.

12. Салыстырмалы психология.

Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады.



13.Заң психологиясы. Хұқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибие жүзінде қолданудың мәселелерін зерттейді. Бұл саланың үш тармағы бар олар:

1) Сот психологиясы, 2)Қылмыс психологиясы, 3) Еңбек пен түзету психологиясы.


2-тақырып:
Жантанудың даму тарихы туралы мәліметтер.
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Психологияның философия мен жаратылыстану ғылымдары қойнауынан бөлініп шығуы.

  2. Ежелгі психология

  3. Орта ғасырдағы жан туралы ілім

  4. ХVІІІ ғасырдағы психологиядағы эмперизм мен ассоцианизм. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы психологиясы.

5. Жантанудың дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы.

6.Кеңестік психологияның дамуы

7.Қазақстанда психология ғылымының даму жолы.

Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білуімен бірге, өз денесінің ішкі дүниесінің, ақыл-ойы мен іс-әрекетінің тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде, адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына қарай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлект құрылды. Қоғамда адамдардың әр-қилы наным сенімдерге негізделген көз-қарастары пайда болды. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға негізделіп қана қойған жоқ, адамның жан дүниесі жайлы табиғи – ғылыми көз қарастардың тууына себепші болды.

Ертедегі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грецияда адамның тәні мен жанының сырын білуге ден қойылды. Адам тіршілігінің негізі – қан айналуына ерекше мән берілді.

Ертедегі Қытай медицинасында (ХІІІ ғ) денені басқарушы жүрек қызметі деп санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Ол адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психологиялық қызметінде реттеп отырады. Мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасады.

Ежелгі Үндістан дәрігерлері, “адамның психологиялық әрекетінің негізгі органы – жүрек оның атқаратын қызметі біртіндеп миға ауысады”- деген тұжырым жасады.

Б.ғ.д.VІ ғасырда Үндістанда адамның жан дүниесі жайындағы діни нанымдарға негізделген Джайнизм мен буддизм бағыттары кеңінен тарады. Бұдан кейінгі кездерде Үндістанға философиялық мектептер жан туралы түсініктерді метофизикалық- әдептік мақсаттарды дәріптеуге пайдаланылады. Бұл бағыт келесі дәуірімізде түрлі жолға түсіп, жан дүниесінің сырын адамның даралық ерекшеліктеріне орай түрліше түсіндіреді.

Ерте дәуірдегі Қытай елдеріне кеңінен таралған философиялық - діни ой -пікір әйгілі ғұлама Конфуцийдің есімімен байланысты.

Онын іргесін өзі қалаған мектебі Конфуцияндық деп аталады. Конфуцийдің пікірінше “адамның білімі мен психологиялық сапалары – туа берілетін қасиет. Адам жаратылысынан қайрымды болып туады, бірақ оны жолдан тайдырып бұзатын-сыртқы орта. Сондықтан ол, адамның өз бойындағы сырттан әсер еткен зиянды қасиеттерден арылу үшін, адам өзі ішкі жан дүниесіне үңіліп ақыл-ойын дамыта түскені дұрыс” – дейді. Адамның тәнімен психикалық тіршілігінде қан айналу процесінің ерекше маңызды қызмет атқаратындығы туралы пайымдаулар келесі дәуірлерде Вавилон, Мысыр, Қытай мен Үндістанда, Ежелгі Шығыс елдерінде жалғасты.

2. Ежелгі психология.

Сонау ерте замандардан бері адамдардың әлеуметтік өмірі олардың күнделікті сан-алуан іс-әрекеттерінен, бір-бірімен қарым-қатынасынан, олардың жан дүниесінің сырын мінез –құлық сипаттарынан өзара белгілі болған. Осындай ұғым түсініктерде адамның жаны тәні мен бірге болды деп саналған. Ежелгі Грек жұртының ғұламалары. Гераклит (Б.з.д VІ ғ ), Демокрит ол сол табиғат заңына ынғайланбауда деген пікірді қолдады. Демокрит психиканы (жанды) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады. Сонымен, жан туралы ілім- психологияны адам тәнінің қызыметі деген бірынғай материалистік түсінікті тудырды.

Сол заманның ғұлама ойшылы Платон (б.з.д.427-347ж.ж) жан мәңгілік нәрсе, ол өлмейді, өшпейді деген қорытынды жасады. Ол психиканы түсіндіруде идеалистік бағытты жақтады. Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж) психологиялық ой-пікірді табиғи негізге сүйеніп, биология мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі зерттеп, “жан туралы” – деген еңбек жазды. Ол психиканы тән мен бірге өмір сүретінін айта келіп, психикалық әрекеттердің басым көпшілігін материалистік тұрғыдан шешті. Сонымен, Гераклит пен Демокриттің Платон мен Аристотельдің жан жайындағы көз қарастары психологиялық ілімнің келешектегі дамуына ғылыми негіз болып қаланады. Жан жүйесі жайындағы ертедегі ілім көптеген ойшылдар мен ғұламалардың шығармаларында өзіндік орнын тапты.

Ежелгі Римнің көрнекті ойшылдары Лукреций (б.з.д. І ғ.), Гален (б.з.д. ІІ ғ.) психологияның жан дүниесінің сырымен байланысты табиғи негіздерін іздестірді. Ал грек ойшылы Сократ (б.з.д. 470-399ж.ж)”өзіңді өзің тани біл” деген ұлағатты пікірін адамның жан дүниесімен, сырымен ұштастырды.



3.Орта ғасырдағы жан туралы ілім.

Ерте дүниеден бері қалыптасқан адам психикасы жайындағы ілім мистикалық және діни көзқарастар ықпалына көшті. ”Жан екі түрлі сипатта өмір сүреді” – деп уағыздалды. Жан жайындағы аристотельдік ілім өмірден шеттетілді. Алайда VІІ-ХІІ ғасырларда араб тілді Шығыс елдерінде философиялық ой-пікірлер өркен жайып, ғылыми зерттеулер және адамның жан дүниесі жайындағы ілім жанданып жаңа сипатқа ие болды. Араб тілді Шығыс елдеріндегі мәдениетпен ғылымның орта ғасырда Еуропа мен басқа елдерге тарап, кең қанат жайып, жалпы адам баласы мәдениетінің өркендеуіне әсер етті.

VІІ-ғасырда Халифат мемлекеті құрылып, араб тілі мемлекеттік тілге айналды. Жаратылыстану, медицина, математика мен адамтану ғылымдары өркен жайып ежелгі дүние ғұламалары Платон мен Аристотель, Гален мен Архимедтің еңбектері араб тіліне аударылды. Сөйтіп бұл еңбектер барлық елдерге (Азия, Үндістан, Пириней) түбегіне дейін ғалым-ғұламалардың ашқан жаңалықтары, ой-пікірлері жаңа сипат алып, Әбу Насыр Әл – Фараби (870-950 ж.ж), Әбу Али Ибн Сина (980-1037), Ибн Рошид (1126-1198 ж.ж) сияқты орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқылы адамның жан дүниесі жайындағы ілім өркендеді. Иранның ғалымы Закария Рази (865-925 ж.ж), өз еңбектерінде адам жан жүйесі жайлы ғылыми жетістіктеріне сүйеніп, түрлі зерттеулер жүргізді. Әбу Насыр Әл-Фараби “Әлемнің екінші ұстазы” атанған данышпан ғалым.

Оның бірнеше еңбектері бар.



  1. Ізгі қала тұрғындары.

  2. Азамазаттық саясат.

  3. Мемлекеттік қайраткерлердің өнегелі сөздері т.б.

Аристотельдің “Жан туралы еңбегі бар. Ұлы ойшыл Әл-Фараби психология ғылымы туралы айтқан бір пікірінде “Дүние материядан құралады, ол жойылып кетпейді, бір түрден екінші бір түрге көшіп өзгере береді, жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды” - деген ғылыми пайым жасайды.

4.XVIIIғасырдағы психологиядағы эмпиризм мен ассоцианизм.

ХІХ – ғасырдың бірінші жартысындағы психология.

XVIII- ғасырда психология ғылымында айтарлықтай өрлеу байқалып, физик И.Ньютон мен физиолог ғалым А. Галлердің зерттеулері оның негізі болып саналады. Жүйке жүйесі мен бұлшық ет қызметінің физиологиясы организм тіршілігінің негізі туралы ілімді жетілдіруге әсер етіп, оның мәнін арттырады.

Ойланудың дамуына ақыл-парасат шешуші рөл атқарады дейтін бұрынғы көзқарас енді тәжірибелік зерттеулерге сүйенетін болды. Психиканы осы тұрғыдан қарастыруда әрқилы бағыт ұстаушылар жіктеле бастады. Олардың бірі жан дүниесін зерттеу адамның ішкі сырын түсінуге бағытталуы қажет деп санаса, ал енді бірі психиканы тани білудегі тәжірибенің жаратылыстану ғылымдарын зерттейтін тәжірибеден ешқандай айырмашылығы болмауы тиіс деген пікірді қалады. Осы бағытты қолданушылардың өздері бірнеше топқа бөлініп, түрлі көзқарасты ұстанды. Солардың ішінде Швейцария зерттеушісі А. Галлердің бағдары психиканың пайда болуында жүйкелік процестер бірінші, ал түрлі ой мен идеялардың өзара байланысты түрде туындауы екінші, кезектегі құбылыс дейтін көзқарасты қуаттай түсті.

Мұның бәрі психологиядағы эмпиристік бағыттың көріністері.



Ассоциативтік психология

Психология тарихында ассоциацияны жалпы категориялық ұғым деңгейіне тұңғыш рет көтеріп, оны дәріптеуші ағылшын дәрігері Гартли (1705-1757 ж.ж). Ол психикалық процестердің бәрі ассоциацияға сүйенеді деп түсіндірді. Гартлидің “Адамды бақылау” деген кітабы ассоциацияның кеңінен тарап, өзекті ілім болып қалыптасуының бастамасы болды. Осы еңбегінде ол көптеген психикалық процестерді жүйке жүйесінің тербелісімен ұштастыра баяндап, адамның санасыз әрекеттерін материалистік тұрғыдан түсіндіруге күш салды.

Соның нәтижесінде Гартли адамның саналы әрекетінің жемісі болып табылатын ақыл-ой, ерік-жігер қасиеттерін де анықтайды. Бұл зерттеулер – санасыз әрекеттің сырын түсіндіретін алғашқы материалистік ілімнің шыңы деуге болады.

XІХ – ғасырдың бірінші жартысы – психиканың даму тарихындағы елеулі кезең болды. Бұл кезеңде ассоциациялық бұрынғы тұжырым материалистік тұрғыдан нығая түсті. Т..Браун, Джеймс Милль, Дж.Ст.Милль сияқты зерттеушілер қолдады.

ХІХ ғасырдың ортасындағы психикалық іс-әрекет философиялық ілім жүйелеріне негізделіп психологияның өзіндік сипаты, зерттеу объектілері мен оның әдіс тәсілдері айқындалды. Психологияның ХІХ ғасыр ортасында дербес ғылыми пәнге айналуының табиғи-ғылыми негізі-физика мен химия, физиология мен биология, дарвинизм мен рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психофизиологиясы мен психифизикалық зерттеулердің нәтижелері.

ХІХ ғасырдың ортасында психологияның дербес және тәжірибелік пән болып қалыптасуы нәтижесінде адамның жан дүниесінің сырын әр тарапты зерттеу қызу жүргізіле бастады. Психологияның мұндай талаптары жаңа салалары мен тармақтарының өркен жайып дамуына қолайлы жағдай тудырды. Психологияның дамуындағы осы кезеңде әртүрлі бағыт-бағдар мен түрлі ағымдағы мектептерде тарих сақынасына келіп бұл пәннің әртүрлі мәселелерін әрқили көз-қарастар тұрғысынан қарастырды. Олардың негізгілері мыналар:



  1. Құрылым психологиясы. Негізін қалаған Э. Титченер, көрнекті өкіл В. Вундт

мақсаты сананың құрылымын тәжірибелік тұрғыдан іздестіру

  1. Вюрцбург мектебі Батыс Европада АҚШ-та кеңінен тарады. Бұл мектептің негізі Германияда қаланды. Мақсаты Психикалық процестерді тәжірибелік зерттеу арқылы талдау. Көрнекті өкілдері К.Марбе, А.Майер, Г. Уотт, А. Мессер, К. Бюлер.

  2. Американдық психологиядағы функционализм ағымы.

Негізгі мақсаты-психолгия ғылымының жетістіктерін тәжірибеде қолдана отырып адамның мінез-құлқын зерттеу.

Көрнекті өкілі Р. Вудвортс.



Бихевиоризм - XХ ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық бағыт. Ол адамдардың құлқын жете қарастырды да сананы негізгі зерттеу объектісі деп санамайды. Бихевиоризмнің іргесін қалаушы Эдвар Терндайк (1874-1949). Гештальт психологиясы – Германиядағы психологиялық мектеп. Оның негізін қалаған Макс Вертгеймер (1880-1943ж.ж). “Гештальт” немісше – түр, тұрпат, форма, құрылым – деген мағына береді. Бұл мектептің мақсаты-жеке психикалық процестердің құрылымын тәжірибе жүзінде зерттеу.

Фрейдизм- Бұл –Австрия ғалымы З.Фрейд (1856-1939 ж.ж) есімімен аталатын бағыт. Зерттеу Ілімі психоанализ деп аталады. Фрейд “Жеке адам құрылымындағы санасыз әрекеттерге назар аударды және оны зерттеу объектісіне айналдырады ол адам өз мінез құлықтарының туу себебін түсіндіре алмайды. Оларды санамен аңғаруға болмайды. Бұлардың нақты себептері ғана түс көру, сандырақтау, ырықсыз қозғалыс сияқты құбылыстарды зерттеу арқылы анықтауға болады”-деді. Фрейдистер теориясының мәні мынада: ол жеке адамды оның қалыптасуының әлеуметтік жағдайларынан толық бөліп алу, санасыздықты биологиялық негізді алға қою. Фрейдизм жеке адам психологиясындағы ең реакцияшыл бағыттардың бірі. Санадағы әлеуметтік фактордың ролін жоққа шығара отырып, ол мұнысымен буржуазиялық қоғамдағы билеуші таптардың былығымен қылмысын ақтайды. ХІХ-ғасырдың ортасынан бастау альп ХХ ғасырдың басында өрістеген психология пінінің ілгері дамуына неміс психологтары көп үлес қосты.

4.Кеңестік психологияның дамуы

Ресейдегі 1917 ж қазан төнкерісіне дейінгі психологиялық ой-пікірлерді жинақтап топтастыратын болсақ, Батыс елдері мен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Ресейде психологиялық ой-пікірлер негізінен 2 бағытта өрістейді:



  1. Бостандық жолындағы жалпы халықтық қозғалыстағы сана - сезімінің даму

  2. Ресми идеология. И.М.Сеченовтің “бас миының рефлексі” деген еңбегі Ресейдегі психология ғылымының дамуы үшін жаратылыстық - ғылыми негіз болды, сөйтіп материалистік психологиялық ой-пікірлердің дамуына күшті ықпал етті. Сонымен қатар қазан төңкерісіне дейінгі Ресейде Г.И.Челпановтың, кеңестік кезінде В.М. Бехтеревтің, И.П. Павловтың зерттеулері, Н.Е. Введенский мен А.АУхтомскийдің рефлекске байланысты ашқан жаналықтары психологияның табиғи-ғылыми негізін одан әрі өрістетуге жол ашты.

Кеңестік дәуірде психология ғылымының негізін қалауға П.П. Блонский, К.Н. Корнилов, Б.М. Теплов т.б. айтарлықтай үлес қосты. Психика дамуын әлеуметтік тарихи тұрғысынан зерттеп, көптеген еңбек жазған Л.С. Выготский және іс-әрекет психологиясы мәселелерін зерттеген С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев т.б.

Қоғамның тарихи дамуының мұқтаждығының экономика мен идеологиялық мәдениеттің өрістеуіне сәйкес кеңестік дәуірде психологияның көптеген салалары мен тармақтары дамып жетіліп жеке-жеке ғылыми пәнге айналды.



Психологияның дағдарысы

Дүниеге жаңа ғана келген ғылым алғашқы кезде әлжуаз сәби сияқты болды. ХХ ғаысрдың басына таман психологияның дағдарысы айқын аңғарыла басталды. Ол зерттеу нәтижесінде алынған эксперименттік материалдармен сол матеріал негізінде сана құбылыстьарына қарама-қайшылықтар көрінді.

Соның салдарынан көптеген теріс пікірлер пайда болды. кейіннен неміс психологтарының көптеген үлес қосуының негізінде адам психологиясының тарихи мәніне маңыз берді.

7. Қазақстандағы психология ғылымының даму жолы

Адамның жан дүниесі жөніндегі пайымдаулар мен ой-пікірлер Қазақстанда өте ерте кезден бастау альп ХV-ХІХ ғ.ғ. Қазақ халқы ғұламаларының ағартушы демократтардың туындыларында айтарлықтай көрініс берді. Ал одан бұрынғы дәуірлерде ақын жыраулардың өлең толғауларында, билердің шешендік сөздерімен халықтық нықылдары ел намысын найзаның ұшымен білектің күшімен қорғаған батырлардың отаншылдық істерінде адам жан дүниесіне жұмбақтарына терең үңіліп болашақ ұрпаққа тағлым берерлік мол рухани қазына жатқандығы қазіргі кезде зерттеліп бір жүйеге келтірілді. Аса көрнекті ғалым Ш. Уалихановтың шығармаларында халықтың рухы оның таным түсініктерімен тығыз ұштастырылады. И. Алтынсарин еңбектері этникалық және балалар психологиясының қыр-сырына толы деуге болады. Сонымен қатар А. Құнанбаев, С. Торайғыров, Ш.Құдайбердиев еңбектерінде, шығармаларында психологиялық ой- толғаулар менен пайымдаулар көптеп кездеседі.Ж. Аймауытовтың “Психология” оқулығы мен” Жан жүйесі және өнер таңдауы” – деген туындысы психология пәні бойынша таза ана тілінде жазылған бірден-бір алғашқы еңбек. 1920-1930 жылдары А.Байтұрсынов , Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, А. Темірбеков, Ә.Сытдықов т.б. психолог мамандардың ғылыми зерттеулер жүргізген мәселелері белгілі. Қорыта айтқанда Қазақстанда психология ғылымы сан-салаға тарамдалып, кең жайылып өркендеп келе жатқан ғылыми пәндер қатарына жатады.


3-тақырып
Жан мен тән . Психика және сана
Қарастырылатын мәселелер:
1. Жүйке жүйесі туралы жалпы түсінік.

2. Жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты.

3. Негізгі жүйке процестері.

4. Психиканың пайда болуы және даму туралы жалпы түсінік.

5 Адам санасының пайда болу тарихы.

6. Адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлі.

7.Сананың қалыптасуындағы сөзбен қарым – қатынастың рөлі.

Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келген тітіркендіргіштерге жауап қайтарылады.

Жүйке жүйесі нейрон – деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардардың екі түрлі тармағы болады олардың бірі ұзын тармақты нейрит (оксан), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп келіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Жүйке орталықтарына орталық перифериялық (шеткі) вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өн бойына орналасқан.

Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми жатады.

Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысы төменгісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек болады. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлігі – жұлын (жуандығы 1 см) омыртқа қуысының ішінде орналасқан, оның ұзындығы орта есеппен 45 см-ге дейін жетеді. Жұлынның ішкі жағында сұр зат орналасқан мұның көлденең кесіндісі көбелектің пішініне ұқсас болып келеді.

Жұлыннан жан – жаққа 31 жұп жүйке талшықтары тарайды.

Жұлын біздің қарапайым қозғалыстарымыздың (аяқ – қолды бүгу, керіп – созу т.б.). жұмысын басқаратын орталық болып табылады.

Мыс: Жаңа туған нәрестенің емуге әрекеттенуі. Бұл жұлынның шартсыз рефлекстері, олар организмдерге туысынан тән.

Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамдай.

Мұндағы сопақша, аралық және ортаңғы ми – бәрі қосылып келіп ми бағанасын құрайды.

Сопақша ми – жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру, шайнау, жұтыну т.б. сияқты түрлі реакцияларымыз сопақша мидың қызметі.

Сопақша мидың сырт жағында, ағаш жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, жүріс – тұрысын басқарып отырады.



Орталық мида – құлақ пен көзден баратын тітіркендіргіштерді, скелет еттерінің қалпын реттейтін жүйке орталығы бар.

Аралық ми – көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланысады.

Ми сыңарлары – екі бөліктен (оң және сол жақ) тұрады. Ми сыңарларының салмағы мидың жалпы салмағының 80% тең.

Мұның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы – деп аталады. Ол қалыңдығы 3-4мм бірнеше қабаттардан тұрады.

Ми қабығы 4бөлімге бөлінеді . Олар: Маңдай, самай, төбе, желке. Ми қабығы бірыңғай тұтас мүше, ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген анализаторлық ядросынан тұрады. Мида көру, есту, тері, иіс, дәм, қозғалыс т.б. анализаторлық жүйке орталықтары бар.

Мыс: Мидың желке бөлігінде көру зонасы, самай бөлігінде есіту, төбе бөлігінде қозғалыс орталықтары орналасқан. Осындай орталықтардың саны 200-ге жуық.

Жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты.

Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады.

Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ренэ Декарт.

Рефлекс – латын сөзі қазақша –”бейнелеу” деген мағынаны білдіреді.

Рефлекс сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы.

Жануар мен адамдарға туысынан көптеген рефлекстер беріледі.



Мыс: жарық түскенде көздің сығыраюы т.б.

Шартсыз рефлекстердің жүйке жүйесі арқылы жасалу жолын рефлекс доғасы деп. атайды . Рефлекс доғасының бөліктері.



  1. рецептор / сезім мүшесі.

  2. өткізгіш жүйке мен қозу процесі пайда болатын орталық жүйке жүйесінің тиісті бөлімі және орталықтан жұмыс аппаратына келетін (сілекей шығаратын бездер, бұлшық еттер) жүйкелер.

Рефлекс туралы ғылыми тұрғыдан дәлелдеген орыс физиологы И.М. Сеченов болды. Ол өзінің “Ми рефлекстері” – деген еңбегінде психикалық құбылыстардың табиғатын рефлекс тұрғысынан түсіндірді.

И.М.Сеченов пен И.П.Павлов мидың барлық рефлекстік қызметі екі жүйкелік процестен – қозу мен тежелуден тұратындығын анықтап берді.

Қозу - әр түрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде жүйке жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күйі болса, тежелу, керісінше, жүйке жүйесін тыныштандыратын процесс болып табылады.

И.П. Павлов шартты рефлекстердің табиғатын зерттеу үстінде тежелулердің бірнеше түрін анықтады. Ол ең алдымен тежелуді сыртқы – шартсыз(яғни, туғаннан пайда болатын) және ішкі – шартты(өмірде жасалып отыратын) деп екі үлкен топқа бөлді. Сыртқы тежелудің өзі бірнеше топқа бөлінеді. Соның бірі – жай тежелу.

Мидың шаршаған кезінде пайда болып, оны аппаттан сақтап қалатын тежелудің осындай түрін кейде қорғаныс тежелуі деп те атайды. Ішкі тежелудің де бірнеше түрі бар. Солардың бірі сөне тежелу. Ішкі тежелудің бір түрі – ажырату (дифференциалық) тежелуі. Бұл организмнің түрлі заттар мен құбылыстардың арасындағы ұқсастықтарды айыра білу қабілетін көрсетеді. Ішкі тежелу сондай ақ кешігу, ұйқы тежелуі болып та тармақталады.

И.П. Павлов ми қабығының негізгі жұмысы анализдік( талдау) және синтездік (жинақтау) қызметтен тұратындығын және бұл миды зерттеудің басты принциптерінің бірі екендігін көрсетіп береді. Мидың анализдік қызметі түрлі тітіркендіргіштердің жеке бөліктерін айыруда, осы жеке тітіркендіргіштерге шартты рефлекстер жасауда көрініп отырады. Ал мидың синтездік қызметі жеке тітіркендіргіштерді біріктіруден, яғни ми қабығында уақытша байланыстардың жасалуынан көрінеді.

Екінші сигнал жүйесі жануарлар дүниесінде болмайды. Жануарларда бірен – саран дыбыс реакциялары бар, бірақ бұл дыбыстарда ешқандай мағына жоқ, ол жай биологиялық қажеттің хабары ретінде шығып отырады. Сөйтіп, жануарлар тіршілігі үшін бірінші сигнал жүйесі бірден – бір жүйе болып табылады. Екінші сигнал жүйесі адамдарға ғана тән. Бірақ адамдар мен жануарлардың сигнал жүйелерінің арасында сапалық айырмашылық бар. Егер адамдардың бірінші сигнал жүйесінің жүйкелік байланыстары қоғамдық қатынастарды бейнелейтін болса, жануарлар дүниесінде бұл биологиялық сипатта болады.

И.П. Павлов адамдардың сигнал жүйелері бір – бірімен үнемі тығыз байланысты, екінші сигнал жүйесі адамның тарихи даму процесінде туған және бұл бірінші сигнал қызметін реттеп, бақылап отырады деп тұжырымдады.

Белгілі тітіркендіргіштерді бірқалыпты ұзақ уақыт қайталай берсе, ми қабығында қозу мен тежелудің тұрақты, бір ізге салынған жүйелері пайда болады. Соның нәтижесінде рефлекстердің бекіген жүйесін қайта жаңғыртып отыру, көп күш жұмсалуды қажет етпейді де. Мәселен, егер итте күрделі тітіркендіргіштердің жиынтығынан бірнеше рефлекстер туғызылса,(қоңырау, жа – рық, метроном т.б.) және олар белгілі тәртіп бойынша жеткілікті түрде қайталанса, кейін осы тітіркендіргіштердің біреуімен ғана әсер етсе болды, ит бұрынғы жауап рефлексінің бүкіл жүйесін өзгертпей, түгелімен қайта жаңғыртып шығады. Осы секілді үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге организмнің төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесінің жасалуын И.П. Павлов динамикалық стереотип деп атаған.

Сыртқы ортаның мида бейнелеуін психика дейміз. Психика дегеніміз-өзінің даму сатысында жоғарғы дәрежеге жеткен материяның сипаты.

Материяның 10 000 000 (млн.) жылдарға созылған революциялық дамуының нәтижесінде органикалық материя яғни тіршілік пайда болады.

Психика органикалық материяны барлығында бірдей бола бермейді, ол өсімдіктер дүниесінде жоқ, тіпті тірі организмдердің төменгі формаларынан да оны табу қиын.

Психика тек жоғарғы жанды материяның ғана қасиеті.

Тірі материяның төменгі түрлеріне тітіркенушілік (сыртқы әсерлерге жауап бере алушылық), ал оның жоғарғы түрлеріне – сезгіштік (заттардың қасиеттерін бейнелей алу) қасиет тән.



Сезгіштік – психиканың ең бастапқы белгісі. Бұл организмнің сыртқы ортаны түйсіне алу қабілеті. Түйсік орталық жүйке жүйесі бар барлық жануарларда және адамдарда кездесетін қарапайым психикалық құбылыс. Психикалық әрекеттің даму жүйке жүйесінің дамуы мен шарттас. Ал жүйке жүйесі құрылысының күрделене түсуі психиканың күрделене түсуіне, оның жоғарғы формуласының пайда болуына жадай туғызады.

Жануарлар психикасының негізгі түрлері.



  1. Инстинктер (санасыз ұмтылу)

  2. Жануарлардың дағдысы.

  3. Жануарлардың интеллекті (ақыл, ой).

1) Инстинкт – көбінесе дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда, кездесетін мінез – құлықтың қарапайым нәсілдік формасы.

Мұны қазақша “соқыр сезім ” дейді.

Жануарларда болатын инстинкт организмнің белгілі тіршілік жағдайына, өскен ортасына әбден көніккенін көрсететін мінез – құлықтың түрі.

Мыс: араның омартасы, құстың ұясы.

Осы мысалға қарап құстарда, жәндіктерде сананың саңлауы бар деуге болмайды. Өйткені инстинктер тұқым қуалау жолымен бері леді.

Жануарлардың инстинктісі көбінесе олардың тамақтану, қорғану және тұқым қалдыру биологиялық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға ғана жұмсалады.

Жануарлардың биологиялық мұқтаждарына қарай инстинктердің де тамақтану , қорғану және тұқым қалдыру түрлері болады.

Мыс: Тамақтану сезамі оларда ерте пайда болады. Олар туысымен-ақ анасының бауырына жабысып еме бастайды. Құстардың балапандары жұмыртқадан шыға салысымен-ақ дәнді шоқып жүгіріп-жүріп тамақтана бастайды. Тұқым қалдыру яғни, көбею инстинтісі басқаларға қарағанда кеш дамиды.

Жануарлардың дағдысы.

Дағды-жануарлар қылығының күрделі формасы, психикалық әрекеттерінің жоғары сатысы. Ол инстинкттер сияқты ұрпақтан-ұрпаққа нәсіл арқылы көшіп отырмай, жануарлардың тіршілігі үшін күресуінде жүре-бара пайда болады.

Жануарларда дағдылану болмаса, жалғыз инстинкт әрекеттері мен өмір сүре алмайды. Кейбір зерттеулерге қарағанда, даму процесінің төменгі процесінде тұрған жәндіктерді де дағдылар пайда болатын көрінеді.

Турненнің тәжірибесінде қоңызды, араны үйреткен. Жоғарғы сатыда тұрған жануарларда дағды тезірек пайда болады.

Америка психологы Э.Торндайк көп тәжірибелер жүргізгені (маймылдарға, атжалмандарға, мысық, ит т.б.) белгілі.

Жануарлардың ақылы

Даму сатысының жоғарғы басқышында тұрған жануарлардың әрекеттерінде соқыр сезім мен дағдылану қылықтары мен бірге саңылау әрекеттерінің бастапқы белгілерінің бар екенін байқауға болады.

Зерттеулер көбінесе маймылдарға жасалған.

Р.Меркс

В.Келер неміс психологы.



Э.Торндайк. Америка психологы.

Нағыз ақыл адамда ғана болады, жануарларда ол жоқ, ақыл пайда болу үшін ерекше жағдайлар керек. Маймылдардың адамға айналу процес інде олардың тәнінде бірнеше түрлі өзгерістер, сапалар пайда болған. Ол өзгерістер қоғамдық жағдайда ғана еңбек ету нәтижесінен туған. Ақыл-еңбектің жемісі. Еңбек жоқ жерде-ақылда жоқ. Ф.Энгельс (“маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің рөлі”)-деген еңбегінде адам тәрізді маймылдың қалайша бірте-бірте адамға айналғандығын, оның тәнінде қандай әлеуметтік өзгерістердің болғандығын көрсетті. Еңбектің арқасында бүкіл организм, дыбыс шығаратын органдар т.б. өзгерістерге ұшырайды.

Бұлардың барлығы адамда тіл мен ақылдың, сонымен бірге сананың пайда болуына себепші болады. Бірақ саналы әрекеттердің, ақыл мен тілдің пайда болу үшін жалғыз ғана биологиялық негіздер болғанмен, адам еңбек әйтпесе қоғамдасып жүрмесе, оларда саналы әрекет те болмас еді.

Сондықтан сана- еңбектің жемісі.

Маркспен Энгельс – адам санасы еңбек ету процесінде “пайда болған, адамның еңбек етуі, еңбек құралдарын жасап, оны пайдалануы, оның санасының дамуына зор ықпал жасады“ - дейді.

Еңбек үстінде бірімен-бірі қарым-қатынасқа түсіп, сөйлескісі келген, оларда сөйлесу мұқтаждығы туған.

Бұл мұқтаждық адамдарда тіл мен сана арқылы пайда болады.

Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі – ойлай білетін адамның дүниеге келуі.

Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, санасының қалыптасуымен дамуының негізгі факторы болып табылады.

Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді.

Адам еңбектің көмегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен бірге өзі де өзгеріп дами берді.

Қоғамдық сипат алған еңбек адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара көмегін талап етті, дыбыстық белгілер енді еңбекке бастап қойған жоқ, еңбекті жүзеге асырушы дәрежесіне көтерілді.

Сөйлеудің қалыптасуы адамдардың психикалық дамуындағы алғашқы төңкеріс болды.

Сөйлеу белгілері жоғарғы жүйке қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын 2-ші сигналдық жүйе қалыптасты.

Сөйлеу таным деңгейін жаңа сатыға көтереді, және ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғарғы сатыдағы жануарлардың дерексіз ойлауын жетілдіреді. Ал дерексіз ойлау дегеніміз - сананың өзегі.

Сөйлеу, сөз-біздің саналық болмысымыздың формасы - қарым қатынас деңгейін шеңберін кеңейте түседі.

Қарым-қатынас процесі арқылы адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу де сана мен адамдардың өзіндік сана-сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады.

Қарым-қатынас жасау қоғамдық өмір факторы.

Адамның бүкіл рухани дүниесі оның өзге адаммен қарым-қатынасында ғана пайда болады.

Ал қарым-қатынас процесінде адамдардың тек жеке басының ғана емес, (адамдардың) қоғамдық санасы да қалыптасады.


4-тақырып
Іс-әрекет және жеке тұлғаның өзара байланысы мәселелері.

Қарастырылатын мәселелер:



1. Іс- әрекет және жеке тұлға туралы жалпы түсінік.

2. Жеке тұлғаны зерттеудің мақсат -міндеттері

3. Қажеттіліктер, қызығулар туралы түсінік.

4. Дүниетаным, сенім және мұрат туралы түсінік.

5.Іс-әрекеттің мақсаты мен мотивтері (түрткілері)

6.Іс-әрекет түрлері.
Әрбір адам – ересек болсын, жаңа туған сәби болсын – индивид биологиялық жеке адам. Адам сүт қоректілер класына жататынбиологиялық тіршілік иесі, басқа жануарлардан айырмашылығы адамда сана бар яғни ол сыртқы ортаның мәнін де, өз жаратылысында танып біледі және парасатты түрде, ойланып әрекет жасайды.

Адам белгілі бір қоғам мүшесі ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды – көпті тәжірибесі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам етеді.

Мыс: жаңа туған сәбиді толық адам – деп атауға болады, бірақ, жеке адам деуге болмайды, өйткені оның өмірден алған тәжірибесі, білімі және белгілі бір іс әрекетті меңгере алмайды, оларда әле жоқ.

Жеке адамның ерекшелігі дүниетанымынан, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам тарихи - әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі бір қоғамда, ұжымда) ғана қалыптасады.

Басқа адаммен қарым – қатынас жасау жүйесінде жеке адамның психикасының, өмірінің мазмұны тереңдеп, әлеуметтік қатынастардың шеңбері кеңіп, өсіп отырады. Жеке адаммен оның дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Жеке адамның негізгі белгісі – оның дара өзгешелігі. Ал дара өзгешеліктің өзі ең алдымен оның іс - әрекетінен көрінеді. Яғни негізгі іс – әрекет үстінде жеке адамның дара өзгешеліктері : мысалы; қызығу, мінез – құлық темпераменті, қабілет дарындылығы дамып жетіледі. Дүниеде өзіндік белгілері жағынан бір – біріне ұқсас екі адам болмайды.Адам өмірдің сыртқы жағдайының ықпалымен қалыптасады. Мысалы, екі бала бірдей жағдайда тәрбиеленседе олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болады. Мұның себебі, балалардың табиғаты сапалары әр түрлі. Сөйтіп адамдардың қалыптасуына әлеуметтік факторлармен қатар биологиялық факторлар да ықпал етеді. Бұл факторларды бір – біріне қарама – қарсы қоюға, олардың бір – біріне байланысты емес деп санауға болмайды.

Жеке адамның белсенділігінде қоршаған ортаға ықпал жасау қабілетінде айырмашылық болады. Бұл белсенділіктің шығар көзі:



  1. Адамның қанағаттандырылуы керекті мұқтаждықтар.

  2. Көңіл аударуы керек ететін сыртқы дүние ықпалдары.

Қажеттіліктер дегеніміз - өмір мен дамудың белгілі бір жағдайында адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері. Өмір сүру үшін адамдар: тамаққа, киімге т.б. толып жатқан қажеттерін қанағаттандыруы тиіс. Қажеттіліктер адам бойындағы белсенділіктерді оятады. Адам қажеттіліктері әртүрлі болып келеді. Оларды:

  1. Материалдық (тамаққа, киімге, мекен – жайға т.б.)

  2. Рухани – (білімге, өнерге, эстетикалық ләззаттағы т.б. ) қажеттілік тек адамға тән қасиет. Эстетикалық ләззаттану қажеттілігі адам өмірінде ерекше орын алады. Соның арқасында адам өз тұрмысын, демалысын өзінің өмірін мәнді етуге құлшынады.

  3. Қоғамдық қажеттіліктер – еңбекке, адамдармен қарым – қатынасқа, қоғамдық іс - әрекетке деген қажеттіліктер. Еңбекке деген қажеттіліктер – біздің еліміздің азаматтар үшін негізгі қажеттілікке айналып отыр. Адам еңбек етпей отыра алмайды. Өмірдің бірінші қажеттілігіне айналған еңбек - адамға үлкен бақыт пен қуаныш сыйлайды.

Қызығулар – қажеттіліктер негізінде пайда болады. Қызығулар - шындықтағы заттармен құбылыстарды белсенділікпен танып білуге бағытталған адамның тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі.

Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі – қызығудың обьектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі – “Бұл не? ” деген рефлекс. Мыс : біреу футболға қызықса ол адам ылғи футбол ойынына баратынын, футбол жөнінде кітаптар оқып отыратынын көреміз, біреумен әңгімелессе осы тақырыпта сөз қозғайтынын білеміз. Сөйтіп, адамның қызығуы, бір нәрсепе аса зейін қойып, оған құмартып, соны үнемі ойлап отыруынан көрініп отырады. Мыс: бейбір балалар кішкентайынан автомобильге, тракторға жалпы техникаға әуесқой келеді. Мұндай баланың есіл дерті машина болып уақытының көбісін соның айналасында өткізеді, олардың маркасын жақсы айыратын болады. Кейіннен осы балалар мектеп қабырғасында физика пәнінен , қол еңбегі сияқты пәндердіә жақсы меңгеріп, өзі жасынан жақсы көретін техника саласында нәтижелі жұмыс істелді.

Қызығулар:

1). Материалдық

2). Рухани

3). Қоғамдық

4). Эстетикалық

5). Спорттық т.б.

Материалдық – тамаққа, киімге, тұрғын үйге т.б.

Рухани – физикаға. химияға, математикаға, оқуға, ғылымға, психологияға т.б.

Қоғамдық – қоғамдық жұмысқа, ұйымдастырушылық іс-әрекетке.

Бұлардан басқа тікелей және жанама жаттығулар болады. Тікелей қызығу дегеніміз – таным, білім алу, еңбекке және шығармашылық процесіне қызығу.

Жанама қызығу дегеніміз – қызмет бабында және қоғамдық жағдайда белгілі бір дәрежеге ие болуға, ғылыми атаққа т.б. қызығулар.


  1. Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі – адамның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным - адамның табиғат туралы, қоғамдық өмір туралы білімінің жүйесі. Дүниетаным мен сенім қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі құстың қос қанатындай, адамның ең асыл қасиеттері болып табылады.

Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетанымда, тұрақты мінез – құлықты болмайды. Сенімі қалыптаспаған адам шындықтың жай – жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай білуге шамасы жете бермейді. Сенім дегеніміз-адамның өмірде өзі ұстанатын принциптері мен мұраттарына негізделген нанымы. Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің бірі-мұрат. Бұл – адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып қастерлеуі.

Мұрат – адамның алдына қойылған ең асыл, ең ардақты мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады өзін тәрбиелеуге кіріседі.

Адамның белгілі бір мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталған белсенді қылықтары Іс-әрекет деп. аталады. Жануарлар іс-әрекеті жөнінде бұл ұғымды қолдануға болмайды. Адамның іс-әрекетінің жануарлар іс-әркетінен айырмашылығы әрі артықшылығы. Мысалы: жануарлар табиғатқа бейімделген яғни табиғаттағы дайн өнімді пайдаланылады. Ал адам іс-әрекет үстінде өзінің қажеттілігін мұқтаждығын қанағаттандыру үшін табиғаттағы, қоршаған ортадағы дүниені өзіне бейімдеп қайта құрады.

Жеке Адам өзінің іс-әрекетінің нәтижесін тек өзі үшін ғана емес, қоғам үшінде басқа адамның мүддесі үшінде өндіреді. Қазіргі кездегі адамдардың іс-әрекеті көпшілік жағдайда ұжымда жүргізіледі, яғни алға қойылған мақсат көпшіліктің күш жұмсауымен орындалады. Адамның іс-әрекеті өзінің алдына қойған мақсатымен сипатталады. Егер, мақсат болмаса іс-әрекетте болмайды. Тек адамның еркінен тыс кездейсоқ қимылдар болуы мүмкін. Кейде адам алдына мақсат қоймай бір іс-әрекеттерді жасайтын кезі болды. Мысалы: қызбалықпен жөнсіз іс-әрекетке ұрысып, соңынан өзі ыңғайсыз жағдайда сезінеді.

Қажеттілік пен мұқтаждықтың негізінде, адамда іс-әрекеттің мотивтері пайда болады яғни мұқтаждықты қанағаттандыру үшін адамның ішкі қозғаушы және алға итермелеуші күші, себебі.

Ал мақсат дегеніміз адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға ұмтылуы. Іс-әрекет процес інде адамның алдында, тек бір ғана мақсат тұрманды, бір-бірімен байланысқан мақсаттың бүтін бір жүйесі тұрады. Жеке адамның іс-әрекетінің қайсысын болсада психо-физиологиялық процестердің күрделі құрылымдарынан тұрады. Оның қарапайым элементі – қозғалыс. Адамның жасайтын жеке қозғалыстарының бірігуін іс-әрекет деп. атайды.

Бір мақсатқа біріккен, бағытталған қимыл-қозғалыстың жиынтығын ғана іс-әрекет деп. танула болады. Іс-әрекеттің қай түрін алмасада белгілі бір құрамды бөліктерден яғни компоненттерден тұрады.

Мұндай құрылым :



    1. мақсатты қоя білу

    2. жұмысты жоспарлау.

    3. оның неғұрылым тиімді әдістерін іріктеп алу

    4. Іс-әрекетті орындау

    5. Іс-әрекеттің нәтижесін тексеру

    6. жіберген қателерді тексеру

    7. қорытынды жасау

Жеке адамға тән іс-әрекеттің түрі санаулы, олар:

а) ойын іс-әрекеті

ә) оқу іс-әрекеті

б) еңбек іс-әрекеті

1). Ойын іс-әрекеті.

Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады.

Мысалы: кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қтанынас жасайды. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, оның мунда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А. С. Макаренко өте жақсы көрсетті.

“Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса-балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды, ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады”.

Баланың жасы өсуімен қатар ойнайтын ойынының мазмұны да өзгеріп отыратыны, белгілі.

Мысалы: 1 ж.асар бөбектердің ойыны манипуляциялық сипатта болса балалар бақшасындағы балалар сюжеттік ойын мен ойнайды.

Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар, айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді.

Балалардың қиялын, ойлауын сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелермен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар.

Сондықтан ата-аналар мен тәрбиешілер бұл ойындарды белгілі талапқа сәйкес ұйымдастырып отырулары қажет. Балалардың ойынына үлкендер тарапынан жетекшілік болмайынша, олардың әрекеттік мазмұны өзінің негізгі мақсатына жете қоймайды.

Мысалы: бала әкесіне еліктеп, түрлі заттарды шегелеуді үлкен дәреже көреді. Баланың мұндай тілегін қолдау керек. Осындай ойын арқылы бала еңбек дағдысына үйрене бастайды. Бұл өзінше “ойын” болып саналғанмен, баланың барлық күш-жігерін, зейінін өзіне аударып отыр.

Мектепке түскеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе басталады.

Мысалы: тұрмыстық ойындарды, көбірек ойнайтын болса, енді қоғамдық саяси- мәні бар, еңбек процесінің сан алуан жақтарын көрсететін сюжет тік ойындарды ойнауға ауысады.



Оқу әрекеті. Оқу- іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде мегеру.

ІV. Мектеп жасындағылардың негізгі әрекеті – оқу

Оқу арқылы қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге, оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым- білім жүйелерін меңгереді. Оқу материалдары бала психикасына зор талап қояды. Ұғыну бірнеше кезеңдерден тұрады.

І- кезеңі (таныстыру кезеңі).

ІІ – кезеңінде, бала ойындағысын тәжірибеде орындап көреді.

ІІІ – кезеңінде, ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды.

ІV-кезеңінде, бала ұғынған нәрсесін ойына ұстап тұрады.

V- кезеңінде, балада зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын мегеру арқылы бала шындықтағы заттардың байланыс қатынастарын ажыратады, бір нәрсені екіншісі мен салыстыра алуға, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын көре білуге үйренеді. Мұндағы себеппен нәтиженің заңды байланысына түсінеді.. Нәрседе себеппен қатар нәтиже де болатындығына баланың түсініп, көзінің жетуі ұғыну деп. аталады

Баланың білім меңгеруі, мұғалімнің сабақ оқытуы екеуі де “инемен құдық қазғандай” қиын нәрсе. Мысалы: мұғалім балаға бұрыннан таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, онда ақыл-ой керенаулығын, рухани жиренушілікті туғызуы мүмкін. Сондықтан ұстаз-педагогтар әр уақытта оқушының рухани тілектерін үнемі қанағатттандырып, оның табиғатты, өмірді адамдар еңбегін білуге құштарлығын дамытуы қажет.

Мектеп оқушыларының оқуға саналы қатынасуын тәрбиелеп, дамытуда мұғалімдер ұжымының алатын орны ерекше.

Еңбек іс-әрекеті

Адам психикасын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын әрекеттің бірі- еңбек.

Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты.

Жеке адам қайда-да қоғамнан ұжымнан, тыс жеке еңбек етіп, өз қажеттерін қанағаттандыра алмайды, тек қоғамның барлық мүшелерімен ынтымақтасқан еңбек ғана адамға зор қуат беріп оның түрлі қажеттерін өтеуге жарап, психикасын байытады. Еңбек үстінде кісі өзіне қоғамға қажетті материалдық игіліктерді өндірумен бірге өзіндік психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын (еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, ұқыптылық т.б.) біртіндеп қалыптастырып отырады. Еңбек

үстінде адамның өзіне-өзі қызмет ете алу қабілеті, практикалық іскерлігі, дербестігі, икем дағдысы, ынтасы мен тапқырлығы, белсенділігі шыңдала түседі.

Алғашқы да саналы орындауда қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автаматталынуын дағды деп атайды.

Мысалы:Алғаш жазып үйрене бастаған бала туралы.

Дағдылану үшін мына төмендегі белгілерді байқауға болады:



    1. Әр түрлі амалды тез орындап шапшаң қимылдау

    2. Дағды қалыптасқаннан кейін қиналып істеу жойылады жазуға төселмей тұрғандағы балада кездесетін ебедейсіздік

    3. Бір қатар жеке амалдарды біріктіріп одан (жеке) тұтас бір амал жасай алу. (бала сөздерді әріпке, буынына сөзге, сөйлемей құрауы).

    4. Көзбен бақылаудың маңызы кеміп қозғалыспен бақылаудың маңызы артады (машинистика көздің көмегіне сүйенбей, қолдың,саусақтардың қимыл қозғалысына ерекше көңіл бөлуі ).

    5. Дағдыға машықтану үшін алдын-ала қабылдай алу қабілетінің болуы.Мысалы: Машинистика тексті көшіргенде кезде, оның көзі алға жүгіріп, қолынан озып кетіп отырады..Қолы бір сөзді басқан кезде оның ойында бірер сөз әзір тұрады. Адам текстің мағынасын (да аңғара) түсінумен қатар алдағы сөздердің мағынасында аңғара алады.

Мұны психологияда дағдының антиципациясы- дейді Дағды адам әрекетінің қай қайсысында да ерекше маңыз алады. Іс-әрекетке жақсылап дағдылану рқылы адам өндіріс құралдарын, дене шынықтыру, спорт атрибуттарын, ақыл-ой жұмысын меңгеруде жақсы табыстарға жетеді.

Мектептегі оқу-тәрбие процесінің міндеті балаға тек білім беру ғана емес, сонымен қатар оны түрлі дағды әдеттерге, бір нәрсені істеп үйренуге жаттықтыру болып табылады.

Дағды бірнеше түрге топтастырылады. Олар:


    1. Мектептік (сенсорлық-тікелей қабылдау) кітап,жазу, есептеу т.б.

    2. Спорт (қозғалыс) коньки тебу, футбол ойнау, күрес т.б.

    3. Еңбек,түрлі мамандық (интелектік дағдылар) дәрігер мұғалім т.б.

Дағдыға машықтанудың жолдары. Дағдылану негізінен бірнеше бағытта жүріп отырады:

1)Бірнеше рет қайталау арқылы, дағдылануға кеткен уақыт біртіндеп азая береді.

2)Дағдыланған сайын атқаратын жұмыстың сапасы арта түседі.

3) Дағдыланған сайын әрекеттер ұшырысатын қателердің саны бірте –бірте азая

береді.

4) Дағдылануда әдепкі кедте адамның күш- жігері жұмсалатын болса, бара-бара

онысы бәсеңси береді.

Дағдыланудың жылдамдылығы бірнеше себептерге байланысты:



  1. Егер дағдыланатын әрекект қиын болса, дағдыланудың нәтижесі бір дегеннен көнілден шықпаса, онда дағды біртіндер қалыптасаыды, көп уақытқа сақталады.

  2. Адам әрекетке дағдылануда өзінің бұрынғы тәжірибесінде болған әрекеттерді қатыстырып отырса оған қызығушылық пайда болады, тезірек дағдылануы мүмкін.

  3. Оқыту, үйрету әдісі жеңіл, көрнекті әсерлі болса, адам дағдылануға тез үйренеді. Ал егер оқыту үйрету әдісі нашар болса, дағдылана алмайды.

Мысалы: Кейбір мұғалімнің балалары хат тануға тез үйреніп, есепті тез, қатесіз шығаратын болса, кейбір мұғалімнің балалары тез үйрене алмайды. Мұның себебі, үйрету әдісі көңілдегідей болмағандықтан. Сондықтан балаларды оқытып тәрбиелегенде тәлімгердің көңіл - күйі, үйрету шеберлігі жоғары деңгейде болуы керек.

4) Дағдылануға қажетті жағдайдың қоллайлы, қолайсыз болуыныңда маңызы зор. Мысалы: Оқу әдісі жақсы балалардың алдында мақсат болғанымен, егер балалардың оқитын сыныпы қараңғы, суық, оқу құралдары өте нашар, қағазы жаман болса, мұндай жағдайларды дағды тез қалыптаса қоймайды.

Дағдылардан икемділік ұғымын айыра білу қажет. Икемділік дегеніміз адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Икемділік біліммен тәжірибеге негізделеді. Кімнің білім і мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады. Икемділік – белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін практикада пайдалана алудың көнісі болып табылады. Дағды мен икемділіктен әдеттерді айыра білу керек. Әдеттер де әрекеттің автаматтанылған құрамдары. Бірақ мұның дағдыдан айырмашылығы мынада: әдетте қимыл-қозғалыстарды орындауға адам үнемі дайн болып, оны қажетсініп тұрады. Әдеттің ұнамды, пайдалы түрлерімен қатар ұнамсыз, зянды түлеріде кездеседі. Әдеттерді белгілі бір мағанасына қарай бірнеше топқа бөлуге болады, олар: адамгершілік, немесе марольдіқ (әр уақытта да шындықты айтуға әдеттену, жолдастардың алдында адал болу, уәдеде тұру б.т.) ,мәдени мінез- құлықтық (сыпайылық, үлкенге және жасы кішіге қамқорлық жасау, дұрыс сөйлеу т.б), гигиеналық (тамақ алдында қол жуу, тап тұйнақтай болып жүру т.б ), еңбек, ақыл ой әдеттері.

Атақты ағылшын драматургі В. Шекспир “Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын періште” десе, орыс педагогы К.Д.Ушинский: “жақсы әдет өсімге берген ақша, адам өмір бойы сол борыштың өсімінен азап шегеді”,-дейді.

Дағды мен әдеттің физиологиялық негіздеріне ми қабағында бекіп қалыптасқан шартты рефлекстердің жүйесі, яғни динамикалық стереотиптер жатады. Мәселен, адамның қозғалыс дағдысын (еңбек, спорт саласындағы) алатын болсақ, бұл мидың қозғалыс анализаторында жасалған уақытша жүйке байланыстарының

жүйесі. Мұнда сигнал жүйелерінің бірлескен жұмысы да қажет болып отырады. Мәселен, екніші сигнал жүйесі (ауызша нұсқау, тапсырма беру т.б) өткен тәжірибеде жинақталған, қимыл-қозғалыстардың тезірек бірігуіне жағдай туғызады, сөздік сигналдар даңдының кейбір керексіз буындарын тежеуге, ондағы қателерді түзеп отыруға мүмкіндік береді. Әдеттер де физиологиялық тұрғыдан ми қабатындағы динамикалық стереотиптің бір көрінісі. Бұлар ми сыңарларының тек оптималдық қозуы бар алаптарында ғана емес, сонымен бірге тежелуге ұшырған алаптарында да пайда болып отырады.


5-тақырып
Адамдар арасындағы өзара қарым – қатынас.
Қарастырылатын мәселелер:
1) Адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы түсінік.

  1. Ұжым және топтар туралы .

  2. Ұжым және жеке адам.

  3. Топтағы адамдардың өзара қарым – қатынас түрлері.

  4. Қарым – қатынастың мән – жайын зерттеу тәсілдері.

  5. Топ лидерінің (қызметі) функциясы.

7) Адами ортақтасудың жалпы сипаттамасы

Әрбір жеке адам өз өмірінде басқа адамдармен тікелей қарым – қатынаста болады. Бұл қарым – қатынас бір – бір імен тығыз байланысты топтарда болады. Топ – адамдардың тіршілік қажетін өтеу үшін бірлесуі, яғни адамдар бірлестігі.

Топтардың мынандай түрлері бар.


  1. Шағын топ

  2. Бастапқы топ

  3. Шартты топ

  4. Нақты топ

  5. Формалды топ

  6. Формалды емес топ

  7. Референт тобы

Біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір – бірімен қарым – қатынаста болатын, ортақ мақсатқа ұмтылатын адамдарды шағын топ дейміз. Бұл топқа кіретін адамдар бірін – бірі жақсы біледі және топтың алдында тұрған міндет болса біріне – бірі көмектеседі. Кіші топ мүшелерінің саны 2- адамнан аз болмайды және 30-40 адамнан аспайды.

Мыс: Отбасының құрамы, өнеркәсіп саласындағы өндірістік бригада, қожалық шаруашылығы, фермерлер, мектеп класы, космос кораблінің экипажы, жеке меншік ретінде құрылған өндіріс бірлестігі. Топ мүшелері кез–келген адаммен өз қалауынша қатынас жасайды. бірақ, топ мүшесі топтың барлық мүшесімен емес біреуін жақын тұтады. Біреулер өзара жиі қатынасып, олардың қарым – қатынасы жақындық сипат алады. Бұл бастауыш топ болып саналады. Мұндай топ мүшелерінің саны 2 – 7 адамдардан аспайды.

Шартты топ – Адамдардың тек қағаз жүзінде бар қауымдастығы шартты топ деп аталады.

Мыс: спорт тақырыбына жазатын журналистер, әлемнің таңдаулы футболшыларынан команда құрады, ол шартты түрде бар деп есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет