Лекция: 45 сағ. СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ



бет116/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#123479
түріЛекция
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   143
Байланысты:
Bakirov.Menedj234

Лекцияның мәтіні:
Қайшылық жағдайларын басқарудың бірнеше әдістері бар. Оларды екі категорияға бөлуге болады: құрылымдық және жеке адамдар стилі арқыды басқару әдісі.


Құрылымдық әдіс.
Қайшылықтарды құрылымдыұ әдістер арқылы шешудің төрт түрі бар.
Олар:

  1. Жұмыс талабына түсініктеме беру.

  2. Координациялық және интеграциялық механизмдер қолдану.

  3. Жалпы ұйымдық кешендік мақсаттарды орнықтыру.

  4. Марапаттау жүйелерінің қолдалынуы.

Енді осы әдістерге қысқаша тоқталып өтеміз.

  1. Жұмыс талабына түсініктемелер беру әдістері. Дисфункционалды қайшылықты болдырмаудың алдын алуының бірден – бір басқарудағы тиімді әдісі ретінде осы аталған әдіс қарастырады. Мұнда әрбір қызметкердің және бөлімшеден қандай нәтиже күтілетіні түсіндіріледі.

  2. Координациялық және интеграциялық механизмдерді қолдану

әдістері.
Өте кең механизм – команда тізбегім. Вебер және әкімшілік мектептері өкілдерінің айтуларынша, өкілеттіктер иерархиясы адамдардың қарым- қатынастарын қалыптастырады. Мысалы, егер екі немесе оданда көп бағыныштылар бір сұрақты шешу барысында көз қарастарында таластар тудырса, ортақ басшы шешім қабылдау арқылы қайшылықты болдырмауға тырысады.
3. Жалпы ұйымдық кешенді мақсаттарды орнықтыруәдістері.
Мақсаттардың тиімді түрде іс жүзінде асырылуы үшін бір немесе бірнеше қызметкерлердің сондай – ақ бөлімшелер мен топтардың күштері бірігуі қажет. Мысалы: өндірістік бөлімшедегі үш смена арасында шиеленіс пайда болса, мақсатты бір бөлімшеге ғана емес, барлық бөлімшелер алдына қоя білу керек.
4.Марапаттау жүйелерін қолдану әдістері.
Адамдардың қылықтарына, іс- әрекеттеріне марапаттау әдістері арқылы әсер ету қайшылықтарды басқару әдісі ретінде қарастырылады.
Марапаттау жалпы ұйымдық мақсатқа жеуге, оның ішінде адамдар өздерін қалай ұстауларына, әрекет жасауларына бағыт беріп отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет