Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»


Ауруханаішілік сальмонеллезді инфекция



бет35/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56
Байланысты:
лекция микроб

Ауруханаішілік сальмонеллезді инфекция

Инфекция көзі. Бактериятасымнлдаушы, кейде ауру адам.


Таралу жолдары. Көбінесе тікелей емес жанасу: ойыншықтар, төсек, т.б. бұйымдар арқылы, кейде ауа - шаңдары, тамақ арқылы таралады.
Патогенез. Әлсіреген, иммуиитеті төмен адамдарда, жас балаларда кездеседі. Қоздырғыш ауыз, тыныс жолдары арқылы организмге еніп, қарын ішек тыныс жолдарын зақымдап ауру тудырады.
Иммунитет. Тек 1 түрлі сероварға қарсы болады.
Алдын - алу шаралары. Емдеу орындарында санитарлық- гигиенаны сақтау.
Арнайы шаралар. Ауруханаішілік сальмонеллезді ауру болғанда жанасуда болған балаларға бактериофаг беріледі.
Емі. Симптоматикалық.
Микробиологиялык зертгеу.
Зерттеу мақсаты. Аурудың қоздырғышын табу, сальмонелланың сероварын анықтау.
Зерттеу материалы. 1. Қан; 2. Нәжіс; 3. Зәр; 4. Құсық.
Материалды алу әдістері.
1. Қан - 10 - 20 мл қанды тамырдан стерильді шприцпен алады.
2. Нәжіс - 3 - 5 г. нәжісті 30 % глицерині бар пробиркеге жинайды.
3. Зәр - катетермен алады.
4. Құсық - стерильді ыдысқа жинайды.
Негізгі зерттеу әдісі.
1. бактериологиялық
2. серологиялық


ПАТОГЕНДІ СПИРОХЕТАЛАР

Спирохеталар Spirochaetaceae туыстығына жатады. Олар жіңішке, иректелген микроорганизмдер (штопортәрізді) талшықтары, капсуласы, спорасы жоқ. Өте қозғалмалы. 4 түрлі қозғалыстан тұрады:


1. келу
2. иілмелі
3. толқынсияқты
4. айналмалы.
Спирохеталардың мөлшері 5 - 500 мкм ұзындығы, 0,3 - 0,75 мкм ені. Адамдарға патогенді спирохеталарға келесі тұқымдар жатады.
1. Treponema - мерез қоздырғыштары
2. Borrelia - эпидемиялык және эндемиялық қайталама сүзегі, Венсан ангинасы.
3. Leptospira - лептоспироз қоздырғыштары. Морфологиялық жағынан спирохеталар иректерінің санымен және боялуына байланысты ажыратылады. Негізгі бояу әдісі -Романовский - Гимза. Бұл әдіспен боррелиялар жақсы боялады - көк -күлгін түске, ал трепонемалар - боз - қызғылт түске. Спирохеталарды тірілей зерттейді. Спирохеталар қоздыратын ауруларды спирохетозалар деп атайды. Спирохетозалардың клиникасының ерекшелігі - циклдық ағымы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет