Тиімді сұрақтар
Тиімді сұрақтар қандай болады?
Тиімді сұрақтар Оқуды бағалау стратегияларында негізгі құрал болып табылады және оны бірқатар жауап алатындай етіп жоспарлау керек. Жақсы қойылған сұрақ оқушыны мазмұн (Кім? Не? Қашан?) мен үрдіс (Қалай? Неге?) арасында теңгерім сақталған танымдық саяхатқа шақырады.
Тиімді сұрақтарды қолдану неліктен маңызды?
Тиімді сұрақтар оқыту мен оқу үрдісінің негізгі аспектісі болып табылады, өйткені біз қоятын сұрақтар өзіміз дамытып отырған ой деңгейін анықтайды. Сұрақтарды қолданған сабақтар сұрақтары жоқ сабақтарға қарағанда нәтижелерге жету үшін әлдеқайда тиімдірек. Жақсы сұрақтар оқушылардың ойланып, оған жауап бере алуы үшін біршама уақытты талап етеді және оқушылар оқуға қаншалықты белсенді қатысса, оларды қамту деңгейі де соншалықты үлкен болады.
Сынып жағдайында жақсы құрылымдалған, ойланып қойылған сұрақтардың бірқатар артықшылықтары болады, соның ішінде:
• Оқушылар ойы белгілі бағытта болады
• Оқушыларды өз сұлбаларын белсенді құрып, ойлана білгені үшін мадақтау
• Тапсырманы шешу үрдісін құрылымдау немесе оған басшылық жасау
• Мұғалімдерге сабаққа не бере алды және одан өздеріне не алды деген мағынада оқушылардың оқуын бағалауға мүмкіндік
• Оқушылар біліміндегі қателер мен (немесе) кемшіліктерді анықтау
• Оқытуды дамыту салаларын жедел көру
• Оқушылардың тақырыпты түсінуіне мұғалімнің көмек көрсетуі
• Оқушылардың тақырыпты талқылаудағы қызығушылық уәжі мен қатысуы
• Оқушыларға талқылау арқылы оқуға мүмкіндік беру
Тиімді сұрақтарды сипаттайтын не?
Жақсы қойылған сұрақтар – мақсатты бағытталған және оқуға ықпал етеді. Мұғалімдер қай жерден қиындық шығуы мүмкін екендігін көре білуі керек, сондай-ақ оқуға ықпал ететін жетектеуші сұрақтар немесе мысалдар дайын болу керек. Мұғалімнің қате жауаптарға қатысты әрекеті оқушының сенімін жоғалтпай, ынтасын дамытуда шешуші мәнге ие. Қате жауаптар оқытудың нақты мүмкіндігі ретінде қабылдануы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |