Диалогтік оқыту арқылы демократиялық сыныптарды дамыту
Бразилиялық педагог Паулу Фрейре (Paulo Freire), әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып,басқа адамдармен диалогтік әңгімелесуге қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын әзірледі. Фрейре теориясының негізінде осы тәсілге жағымды энергияны енгізуге арналған «педагогиканың мүмкіндіктері» термині жатыр. Педагог Фрейре білім мынадай болуға тиіс деп санайды:
1. Бірлескен – интерактивті және ынтымақтастыққа дайын.
2. Сыни - өздік рефлексті және әлеуметтік рефлексті.
3. Демократияшыл – мұғалімдер мен оқушылардың бірлесіп жасауы арқылы құрылған.
4.Диалогтік – диалог шеңберінде қарастырылып, шешілетін проблемаларға жинақталған.
5.Зерттеуге бағытталған – мұғалімдер мен оқушылар тәжірибеге, қоғамға және оқу материалына байланысты проблемаларды белгілейтін зерттеушілер болады.
6.Аффективті (эмоционалды) – сезімдерді дамыту мен әлеуметтік зерттеулерге қызығушылық білдіріп,қайғыға ортақтасу.
Фрейре, мұғалімнің міндеті-оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен оқушылармен диалогқа түсу, деп санайды (2007 ред., 43-б). Осы мақұлдау жаңашыл болып табылмайды: ең алдымен Л.С.Выготский оқытуда диалогқа басты рөлді беруді ұсынған; ол енгізген «жақын маңдағы даму аймағы» түсінігі (сілтеме) мен Сократтың ұсынған «эленхос» сияқты (Abbs бойынша цитата 2003, 15-бет) түсінігі, диалогтік әңгімеге қатысушылардың біліміндегі кемістіктерді көрсететінін дәлелдейтін теорияның мағынасын анықтайды. Фрейре осы теорияны әрі қарай дамытуда, оқушы мен мұғалімнің арасындағы диалог процесінің рөлі мен қатынасын қарастыруда, осындай диалогтің мақсаттарын анықтауда көп еңбек сіңірген. Осындай типтегі диалогті бақылау кезінде Фрейренің назары ондағы үрдісі мен ол үрдістегі мұғалімге бағытталмай, негізінен оқушыларға бағытталды. Шор саясат «сыныптың тілдік қарым-қатынасы» арқылы анықталатынын еске салады. Мұғалімдер мен оқушылардың бір-бірімен сөйлесуі, ұялмай ескертулерді айтуы, өз пікірлерін қысылмай білдіріп, сөз алмасуда өздерін шынайы ашу тәсілі демократияшыл сыныптың қандай болу керектігін көрсетеді. Демократияшыл сыныпты құру белгілі бір тәуекелмен түйіндес. Тәуекел мен жауапкершілік осындай оқыту түрінің басты және аса маңызды құрылымының бірі болуы мүмкін. Бұл жағдайда, екі жақта да, мұғалімдер мен оқушыларда, олардың құқықтары және уәкілеттіктері сенімділік принциптеріне негізделіп, тең бөлінсе, оқыту процесінде үлкен проблемалар мен қатерлердің болуы ықтимал.
Оқушыларға көшбасшылыққа нақты мүмкіндіктерді ұсынуда үлкен тәуекел бар, бірақ, сонымен қатар, оның оқытуда үлкен әлеуеті де бар. Оқытудың эмоционалдық негізі проблемалар оқушылар үшін маңызды болуына әкеледі. Фрейре оқытуда қаншалықты маңызды екенін атап көрсетті. Осыған байланысты келесі міндеттер белгіленеді:
“Әр түсінік ерте ме кеш пе әрекетпен ілеседі. Адам проблеманы қабылдаған соң, оны түсініп, шешу мүмкіндігін мойындаған сәттен әрекет жасай бастайды. Осы әрекеттің сипаттамасы түсіну сипаттамасына сәйкес келеді. Сыни түсінік сыни әрекетке әкеледі …” (с.41)
Дьюи (1997) еркіндікті «ақылды бақылау мен талқылаудың көмегімен дамитын мақсат» деп анықтайды (71-б) және мұғалімдер оқушылардың ойлау еркіндігін қамтамасыз етіп, олардың ақыл-ой қабілеттерін дамытудағы басқаратын өз ролін ойнауға тиіс екенін айтады. Ол мұғалімнің міндеті тәжірбиенің нәтижесі бойынша жаңа проблемаларды қоятын, ары қарай зерттеуге арналған бақылаулар мен талқылаулардың жаңа тәсілдерін ынталандыру үшін келешегі мен шамасы бар қорытындыларды таңдауда дейді. (75-б). Дьюи тәжірибе бір қалыпта тұрақты болмауға тиіс дейді; ол үнемі өзгеріп, бұрын болғанға сүйене отырып, ары қарай өсу үшін нақты әлеуеті болуға тиіс. Ол мұғалімнің қызметі басқа кәсіптерге қарағанда, көрегендікті көбірек талап етті.
Достарыңызбен бөлісу: |