Бағаланатын дағдылар сипаттамасы
Ойлау дағдыларының топтары
|
Сипаты
|
Етістіктер
|
Білу және түсіну
|
Нақты деректерді, ақпараттар мен сипаттамаларды, есте сақтау немесе елестету, меңгерген материалды дұрыс жеткізу, болжау немесе ақпаратты жеткізу арқылы түсіну және түсіндірудегі баға қабілеттілігі.
|
атайды, назар аударады, есте сақтайды, талқылайды, анықтайды, айтады, жазады, қайталайды, көрсетеді, хабарлайды.
|
Қолдану
|
Бір мәселені нақты жаңа жағдайда шешу үшін меңгерген материалды қолданудағы баға қабілеттілігі. Білімді қолданудың таныстыру әдісі тәжірибелік жұмыстар, эксперименттер, жоба жұмыстары, мәселені шешу және жаңа және/ немесе түрлі нәтижелер жасау болып табылады.
|
қолданады, санайды, өзгертеді, таңдайды, топтастырады, аяқтайды, қорытындылайды, таныстырады, табады, жасайды, ықпал етеді, зерттейді, эксперимент жүргізеді, түсіндіреді, сахналайды, түрлендіреді, сәйкестендіреді, жоспарлайды, көрсетеді, шешеді, пайдаланады, құрайды, іске асырады.
|
Талдау, жинақтау және бағалау
|
Баға қабілеттілігі:
- ақпараттық материалдарды жеке бөліктерге бөлу, дәлелді анықтау жолымен түрлі пікірлер алу үшін ақпараттарды немесе себебін, тұжырымын меңгеру, жалпы ережелер үшін дәлелдер табу;
- жаңа мәнмәтінде бөліктерді (идея, элементтер) біріктіру, қиыстыру, мысалы хабарлама (сөз сөйлеу, баяндама оқу), әрекет жоспары, қажет мәліметті реттейтін кесте;
- осы немесе басқа материалдың маңызын бағалау (бекітілген көркем шығарма, зерттеу мәліметтері).
|
талдайды, бағалайды, топтастырады, есептейді, қабылдайды, салыстырады, байланыстырады, қарсы қояды, сынайды, талқылайды,
саралайды, ажыратады, бөледі, зерттейді, эксперимент жүргізеді, түсіндіреді, пікір білдіреді, сәйкестендіреді, тексереді.
|
топтастырады, жинақтайды, қосады, үйлестіреді, құрайды, құрады, құрастырады, жалпылайды, біріктіреді, саралайды, ұйымдастырады, жоспарлайды, ұсынады, орнатады, біріктіреді, аргумент келтіреді, негіздейді, келіседі, салыстырады.
|
дәлелдейді, таңдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, сендіреді, негіздейді, түсіндіреді, өлшейді, болжайды, алдын алады, ұсынады, пікір білдіреді, саралайды, бөліп көрсетеді, қосады, қолдайды, тексереді, бағалайды, талдайды.
|
Бағалау критерийлерін құрастыру кезінде мұғалім ойлау дағдыларының деңгейін көрсететін етістіктерді қолдануына болады.
Достарыңызбен бөлісу: |