Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты



бет111/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021

Сабақтың мақсаты: құстардың шығу тегі мен дамуын,экологиялық топтарын оқып білу.

  1. Құстардың шығу тегі мен эволюциясы.



  1. Құстардың экологиясы

Құстардың шығу тегі мен тарихи даму кезеңдері туралы көптеген көзқарастар бар.

Палеонтологиялық, эмбриологиялық және анатомиялық салыстырмалы зерттеулер құстардың ең ежелгі арғы тектері кесірткежамбасты жорғалаушылардан бастау алады. Олардың ішінде мезозой заманының триас кезеңінде тіршілік еткен псевдозухтардың бір тармағынан құстар пайда болуы мүмкін деген болжаулар жасалынған. Олар алғашында ағаш басында өрмелеп тіршілік еткен, кейіннен олар бұтақтан – бұтаққа қалықтап ұшып қонуға бейімделіп, қауырсынның жетіле түсуін қамтамасыз еткен. Оның үлкендігі сауысқандай болған.

1990 жылға дейін зоолог ғалымдар құстардың арғы тегі археоптерикс деп келді. Өйткені 1860 жылы Германия жеріндегі ізбесті жыныстардың арасынан бұдан 145-140 млн. жыл бұрын тіршілік еткен археоптерикстің тасқа айналған қауырсынының таңбасы табылған. Кейіннен археоптерикстің толық тасқа айналған қаңқа қалдықтары да табылды. Қазіргі кезге дейін археоптерикстің 7 палеонтологиялық қалдықтары табылды. "Археоптерикс" деген сөз "ежелгі ұшатын құс" дегенді білдіреді. Археоптерикстің құрылысындағы кейбір белгілері жорғалаушыларға, ал кей белгілері қазіргі құстарға ұқсас екендігі анықталды. Археоптерикстер өз алдына жеке кесірткеқұйрықты құстар класс тармағына топтастырылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет