Лекция тақырыбы: piza, timss халықаралық зерттеулері


Оқушылардың пәндік сауаттылығын дамытудағы отандық және шетелдік тәжірибелер



бет8/15
Дата20.10.2023
өлшемі0,66 Mb.
#186880
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
8-лекция
Срез 12.10.2021 КАЗ, 4 пәннен СРЕЗ Тест 8-нұсқа КАЗ, адвокатура, хаттама тәрбие 2022-1, 11-БЖБ-1
3. Оқушылардың пәндік сауаттылығын дамытудағы отандық және шетелдік тәжірибелер.
Халықаралық TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуі оқушылардың математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілеттерін бағалауға бағытталған. Яғни бұл зерттеудің мақсаты – математика мен жаратылыстануды оқыту үрдістерін дамыту үшін зерттеуге қатысушы елдерді оқушылардың білім жетістіктері туралы салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Халықаралық TIMSS зерттеуі 1995 жылы басталып, төрт жылдық кезеңмен (1995, 1999, 2003, 2007, 2011, 2015) өткізіледі.
Қазақстанда бұл зерттеуді алғаш рет 2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы» өткізеді.
Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілі – сауалнамалар жүргізу және тестілер алу. Оған бастауыш мектепті, яғни 4-сыныпты және 8-сыныпты бітірген оқушылар қатысады.
Бұл зерттеу Білім жетістіктерін бағалаудың Халықаралық Ассоциациясымен (IEA) жүзеге асырылады. Оның құрамына білім беру сапасын бағалау аймағындағы төмендегідей жетекші ұйымдар кіреді:
– Білім саласындағы тестілеу қызметі (ETS – США);
– Канада статистика орталығы (Statistics Canada);
– Білім жетістіктерін бағалаудың Халықаралық Асссоциациясының ақпараттарды өңдеу орталығы (DPC IEA – Data Processing Center IEA, Германия);
– Білім жетістіктерін бағалаудың Халықаралық Асссоциациясының хатшылығы (IEA, Нидерланды);
– Халықаралық басқарушы орталығы – Бостон колледжі (ISC – International Study Center, Boston College, США). Қазақстан TIMSS-2015 зерттеуінде көшбасшы елдердің қатарына кіріп, PISA-2015-те ілгерілік 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте Қазақстан TIMSS-2015 зерттеуінде көшбасшы елдердің қатарына кіріп, PISA-2015-те ілгерілік



Халықаралық зерттеулерде оқушыларға қазақстандық мониторинг зерттеулерiне тән типтік математикалық есептер ұсынылмайды. Бұл зерттеудегі математикалық тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешiмдерi үшiн математикалық талдауды талап ететiн, мектептiң өмiрi, қоғам, оқушының жеке өмірі, кәсiби қызметi, спорт және т.б. туралы мәлiметтер ұсынылады. Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес, әрбір тапсырма математиканың мазмұнды бөліктерінің біріне сәйкес келеді. Атап айтсақ, 4-сыныпқа арналған тапсырмалар сандар (50%), геометриялық фигуралар мен өлшеулер (35%), мәліметтерді беру (15%) бөлімдері бойынша; 8-сыныпқа – сандар (30%), алгебра (30%), геометрия (20%), мәліметтер мен болжамдар (20%) бөлімдері бойынша дайындалады.


Аталған мазмұндық бөліктерді ашып қарастырар болсақ, олар мынадай тақырыптарды қамтиды:
4-сынып. Сандар: натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; сандық көрсеткіштер және теңдеу; тізбек мен тәуелділік.
Геометриялық фигуралар мен өлшемдер: нүкте, кесінді және бұрыш; фигуралардың жазықтықта және кеңістікте белгіленуі.
Мәліметтердің берілуі: мәліметтерді үйлестіру және оқып-түсіну; мәліметтерді үйлестіру және беру.
8-сынып. Сандар: натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; бүтін сандар; қатынас, пайыз және пропорция.
Алгебра: тәуелділік; алгебралық өрнектер; теңдеу/теңсіздік және функция.
Геометрия: геометриялық өлшемдер; геометриялық фигуралар; фигуралардың орналасуы және қозғалысы. Мәліметтердің берілуі: мәліметтерді талдау; мәліметтерді үйлестіру және беру; ықтималдылықтар. Оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі осы аталған мазмұнды бөлімдерімен қатар «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейімен сипатталады. Оқушылардың математикалық құзыреттiлiгi зерттеуде «тұлғаның математикалық бiлiмдерінің, біліктілігінің, тәжірибесінің және қабілеттерінің үндесуімен» анықталады.
Халықаралық TIMSS зерттеуінде үш математикалық құзыреттiлiктiң деңгейлерi қарастырылады: білім деңгейi, қолдану деңгейі, тұжырымдау деңгейi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет