Лекция тақырыбы: piza, timss халықаралық зерттеулері


Тұлғалық-азаматтық құзыреттілік



бет4/15
Дата20.10.2023
өлшемі0,66 Mb.
#186880
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
8-лекция
Срез 12.10.2021 КАЗ, 4 пәннен СРЕЗ Тест 8-нұсқа КАЗ, адвокатура, хаттама тәрбие 2022-1, 11-БЖБ-1
Тұлғалық-азаматтық құзыреттілік оқушылардың адами қасиеттерін, патриоттық, ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімін, жалпы мәдениеттілігін, жеке әлеуетін қалыптастыруды, олардың өз құқықтары мен міндеттерін білуін, сонымен қатар, ұжымға бейімделуін қамтамасыз ететін кешенді құзыреттілік. Бұл құзыреттілік бастауыш білім беру деңгейінде төмендегідей нәтижелерден көрінеді.
Тұлғалық-азаматтық құзыреттіліктің қалыптасуы:
– өз Отанына деген мақтаныш сезімін білдіре алуынан;
– дүниежүзілік картада өз елінің орналасқан жерін білуінен;
– өз елінің жетістіктеріне қызығушылық білдіруінен;
– өз елінің әнұраны мен мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан Республикасының Конституциясына құрмет білдіруінен;
– өз халқы және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да халықтардың тіліне, мәдениетіне, тарихына құрметпен қарауынан;
– тілектестік, қайырымдылық сезімдерін білдіруінен, басқа адамдарға түсіністікпен қарауынан;
– өзінің тұлғалық оң қасиеттерінің дамуына деген ұмтылысынан;
– өзін қоғамның толық құқылы мүшесі ретінде сезінуінен, жасына сәйкес әртүрлі әлеуметтік рөлдерді орындау қабілеттілігінен;
– өз іс-әрекетіне дербестік пен жеке жауапкершілікті көрсете білуінен;
– адамның жағымды және жағымсыз қасиеттерін айыра білуінен;
– денсаулықты сақтау және өмір қауіпсіздік ережелерін білуінен;
– шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеуге ұмтылысынан;
– өнер түрлері мен нақты нысанды зерттеуге қызығушылық білдіруінен көрініс табуы тиіс.
Әлеуметтік құзыреттілік қоғам, қоғамдағы ережелер мен өзін-өзі ұстау тәсілдері туралы білімді, әлуеметтік-қоғамдық ортада болып жатқан құбылыстарды, өзгерістерді немесе жаңалықтарды түсіну, талдау, жалпылау, қорытынды шығару біліктілігін, өмірдегі түрді жағдаяттарда жеке басы мен қоршаған қоғамдық ортасына тиімділігі тұрғысынан шешім қабылдауды және соған сәйкес әрекет етуді білдіреді.
Әлеуметтік құзыреттіліктін қалыптасуы:
– ұжымдық, қоғамдық, әлеуметтік еңбек өміріне қатысу белсенділігінен;
– топ және ұжымда жұмыс істеу білігінен;
– ұжымда әртүрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруінен;
– қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынастың этикалық нормаларын сақтауынан;
– отбасы мүшелері мен қоршаған адамдарға ізгілік, қайырымдылық білдіруінен, отбасының салт-дәстүрін құрметтеуінен, отбасындағы өзіне қатысты міндеттерді орындауынан;
– болып жатқан әлеуметтік оқиғаларға қызығушылық білдіруінен көрініс табуы тиіс.
Басқарушылық құзыреттілік өз іс-әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және талдау білігін болжайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет