Лекция тақырыбы: piza, timss халықаралық зерттеулері



бет3/15
Дата20.10.2023
өлшемі0,66 Mb.
#186880
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
8-лекция
Срез 12.10.2021 КАЗ, 4 пәннен СРЕЗ Тест 8-нұсқа КАЗ, адвокатура, хаттама тәрбие 2022-1, 11-БЖБ-1
Компьютерлік сауаттылық






- компьютерде ақпарат іздеу;
- компьютерде жұмыс істеу;
- компьютерде түрлі бағдарламалар жасау

Ақпараттық сауаттылық






- іздеп табу, іріктеу;
- талдау, өңдеу, жалпылау;
- тұжырымдау, есте сақтау, жағдаятқа қарай қолдану

Коммуникативтік сауаттылық






- өзіне қарата білу;
- пікірталасқа қатыса білу, өз пікірін дәлелдей білу;
- басқаны тыңдай және түсіне білу
-сұрақ қоя білу және нақты, толық жауап бере білу

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық РІSА, TIMSS бағдарламалары шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылық жоғарыда көрсетілген үш сала – оқудағы және жазудағы сауаттылық, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша бағаланады.


Кестеден көріп отырғанымыздай, функционалдық сауаттылықтың әрбір түріне байланысты белгілі бір өлшемдердің көмегімен мектеп түлегінің өмірге дайындығын, әлеуметтік ортаға бейімделу деңгейін бағалауға болады. Бұл жерде өлшем ретінде құзыреттіліктер алынып отыр.
Қазіргі таңда функционалдық сауаттылық ұғымы білім кеңістігіндегі білімді құзіреттілікке бағыттау парадигмасына байланысты туындап отыр. Қазіргідей пәндік білімге ғана негізделіп отырған оқу үдерісінде баланың жалпы дүниетанымының қалыптасуы, өміртанымдық дағдыларының жетілдірілуі, білімнің күтілетін нәтижеге бағытталуы мектепте жүретін қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық, эстетикалық-технологиялық пәндердің жаңарған мақсат-міндеттерінен бастап оқытудың әдістемелік жүйесінің әр бөлігінің (білім мазмұны, оқыту түрлері, оқыту әдістері, білім нәтижелері) түбегейлі өзгертілу деңгейіне қатысты екені сөзсіз.
Мектептік білім беру жүйесін жаңа уақыт талабына орай жетілдіру білім беру жүйесін өзіміздің ұлттық болмысымызға, негізге алынған ұстанымдарымызға сай құруды қажет етеді. Осыған орай мектептегі берілетін білімді шынайы өмірмен ұштастырып, бастауыш мектеп бітіруші түлектерді үлкен өмірге дайындау қажеттігі туындайды. Сондықтан бастауыш мектеп оқушыларының меңгеруі тиіс білім, білік, дағдыларының жиынтығы, яғни оқытудың түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың бойында қалыптасатын құзіреттіліктер алынады.
Білім берудің нәтижесі ретіндегі құзіреттілікті ғалымдар (А.Хуторской, М.Ж.Жадрина, Н.Н.Нұрахметов, Ж.Т.Дәулетбекова) белгілі бір пәнге қатысты оқушының игерген іс-әрекет тәсілдерінің жиынтығы ретінде анықтады. Сондықтан қазіргі кезеңде Қазақстандағы білім беруде жаңа нәтижеге жетудің басым бағыттарының бірі ретінде білімділік бағыттан оқушылардың бойында құзыреттіліктерді қалыптастыру бағытына өту мәселесі қарастырылуда. Құзыреттілік – межелеген мақсаттарға жету үшін оқушының ішкі (білім, білік, дағды, құндылық, психологиялық ерекшеліктер және т.б.) және сыртқы (ақпараттық, адами, материалдық және т.б.) ресурстарды тиімді ұйымдастырудағы дайындығының қалыптасуын көздейді. Мектепте берілетін білім ендігі жерде негізгі мақсатқа жетудің құралы болуы керек деп тұжырымдалды. Дәстүрлі мектепте білім баланың білімді болуы үшін ғана беріліп, сол берілген білімнің болашақта бала өміріне қаншалықты қажет екендігі қарастырылмады. Нәтижесінде бала түсініктерді, мәліметтерді, ережелерді, заңдылықтарды, біліктіліктерді және т.б. жаттанды түрде меңгеруге мәжбүр болды, ал мұғалім сол білімді меңгертуге (педагогикалық мақсат) тиіс болды. Егер оқу нәтижесі құзыреттілік деп анықталса, онда пәнді меңгертуден күтілетін нәтижелер оқушының өмірлік дағдыларымен сабақтастырылуы қажет болып саналады.
Сонымен, функционалдық сауаттылық – адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы. Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Функционалдық сауаттылық – адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның өзгермелі әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың негізгі тетіктері бөліп көрсетіледі. Соның бірі білім беру мазмұнын (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары) жаңарту болып табылады. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олардың бастылары мыналар:
– басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);
– ақпараттық (өздігінен ақпарат көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштауы);
– коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шетел) тілдерінде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау);
– әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті);
– тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақ кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу);
– азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі);
– технологиялық (әр азаматтың өз мамандығына қарай ақпараттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты пайдалануы) [4].
Бұл құзыреттіліктер – жалпылама анықталған білім, білік, дағдылар кешені. Оларды осы күйінде алып, бастауыш мектепке көшіре салуға болмайды. Бастауыш сыныптарды бітірген түлектің бойында қалыптасуы тиіс құзыреттіліктер бастауыш мектеп жасындағы балалардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері мен педагогикалық мүмкіндіктеріне және бастауыш білім беру сатысында берілетін білімнің мазмұны мен көлеміне, оқытудың мақсат-міндеттеріне сәйкес анықталады. Оларға тұлғалық-азаматтық, әлеуметтік, коммуникативтік, басқарушылық, ақпараттық құзыреттіліктерді жатқыздық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет