Лекцияның жоспары: Өндірістік мазмұнды есептер өндіріс материалын үйренудің сапалылығын арттырудың факторларының бірі


IX сынып оқулығында берілген III тарау “Металдар, олардың табиғи қосылыстары және маңызы”



бет4/5
Дата19.12.2022
өлшемі22,55 Kb.
#163355
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
Лекцияны жоспары ндірістік мазм нды есептер ндіріс материалы

IX сынып оқулығында берілген III тарау “Металдар, олардың табиғи қосылыстары және маңызы”. Бұл тарауда әрбір тақырыпқа өндірістік мазмұндағы есептерді шығартуға болады. Мұнда металлургия, яғни металдарды өндіру, мұнайды химиялық өңдеу тақырыптары өндірістік білімді қалыптастыратын тақырыптарға жатады. Бұл тарауға арналған өндірістік мазмұндағы есептерді шығаруда оқушылар металдар туралы алған теориялық білімдерін әрі қарай практикамен ұштастыра отырып тереңдетеді. Металдардың физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы, кейбір ерекшеліктері т.б. жағдайларды қамтып есептер шығарылды. Мұның өзі балалардың қисынды ойлауын, есте сақтау, жаңғырту, қорытынды жасай білу қабілеттерін дамытады.
Бұл тарауда мынадай есептер шығарылды:
1 – мысал. Егер цемент өлшендісі болса, 20% кремний оксидінен тұратын цементті анализдегенде кремний қышқылы бөлінді, тұнба ыдыратылды және өлшенді. Ыдыратылғаннан кейінгі тұнбаның салмағын анықтаңыздар.
2 – мысал. Алюминий өндірісінде, яғни алюминий боксидтерді сілтілермен өңдеу арқылы алу (бөлінген қалдық және ерітінді H2SO– пен өңделген),бокситтердегі алюминий оксидін темірдің оксидінен (ІІІ) тазарту, алюминий мен темір гидроксидтерінің қандай қасиеттеріне негізделген?
3 – мысал. Шоқпар кен орнынан Алматы ізбес зауытының 760т 17% қосындысы бар ізбес тас әкелінді. Одан қанша өртелген ізбес алуға болады?
Химиялық өдірісті оқып, үйренудің әдістемелік мәселелері. Басқа оқу материалы тәрізді химиялық өндіріс ең алдымен сабақта өтіледі.Химияға қызығатын оқушылар үшін «Өнеркәсіптегі химия» деген факультатив ұйымдастырылады.Бұл фаукльтативтің бағдарламсы,оқу құралын және әдістемелік талдаулары жасалған.Өндірісті нақтылы оқып,үйренетін оқу жұмысын ұйымдастырудың ең тиімді түрі-топсеруен.Жергілікті өндірістерді зерттеу оқу-өнірістік сарамандықтары кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.Өндіістік материалдармен тереңірек танысуда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор.Химиялық өндірістерге арналғанполитехникалық кештер өткізіледі.Химия үйірмесінің мүшелеріжергілікті өндіріс орындарын тыңғылықты зерттейді.
Аталған оқу жұмысын ұйымдастырудың түрлерінде сөз,сөз-көрнекі,сөз-көрнекі-сарамандық әдістер қолданылады.Бастапқыда өндірістік материал суреттеме және трихи суреттеме тәсілдері арқылы баяндалады. Мұнда мұғалім кестелерді, макеттерді, фильмдерді, диафильмдерді, диапозитивтерді пайдаланып, білімді дайын күйінде хабарлайды.
Өндірістік материалдарды ойдағыдай игеругедің пәрменді құралы -өндірістік мазмұны бар есептер шығарту. Бұл есптер шикізат пен өнім арасындағы сандық қатынастарды терең аңғаруға,технологиялық процестер кезіндегі ысырапты,өнімнің шығымын,шикізаттардың қоспасын ескере білуге үйретеді.Мұның бәрі өндірістің өнімділігін есептеуге айлық және жылдық жұмысын жоспарлау үшін қажет екендігіне оқушылардың көздерін жеткізеді.
Оқу жумысын ұйымдастырудың тимді түрлерін және әдістерін жүзеге асыруга оқушыларда химиялық технологияның заңдылықтарцы жөнінде жалпы ұғым оқушылардың химиялық реакциялардың түрлері және жүру заңдылықтары туралы жалпы химиялық ұғымдарына негізделеді. Сондықтан адсорбция,гомогенді және гетерогенді реакциялар, реакциялардың жылдамдығы және оған әсер ететін жағдайлар туралы оқушылардың білімін ұдайы ескеріп, ұтымды пайдалану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет