Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ұлттық шеберлер шығармалары жайында біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Киіз басу, кілем тоқу өнерін меңгерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қолөнері туралы өз ойларын айта алады және жасап көрсете алады.
Тәрбиеші:Бапахова Р.Ж.
«Ұлттық дәстүр-асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс-әрекетіне арналған техналогиялық картасы
Тақырыбы: Саусақтардың орналасуының сыры(санамақтар өлшемдер)
Мақсаты: Саусақтардың орналасу сырларын санамақ арқылы айтып санауға үйрету.
Білімділік міндеті: Санамақтарды мағынасына қарай түсініп айта білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: Жаңылтпаштар айту арқылы баланың тілін, еске сақтау қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Ұлттық сана- сезімінің дамуына тәрбиелеу.
Қостілділік компонент:
Пальчик - пальчик где ты был,
Я с друзьями в лес ходил.
Что там делал ?
Дрова рубил, кашку варил, деток кормил!
Көрнекіліктер: Суреттер : саусақтар туралы
Іс -әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс- әрекеті
|
Баланың
іс-әрекеті
|
Мотивациалық -қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері №4
Көркем сөз:
Пальчик - пальчик где ты был,
Я с друзьями в лес ходил.
Что там делал ?
Дрова рубил, кашку варил, деток кормил!
Топқа әже келеді, әженің қасында кішкентай немересі бар.
|
Балалар қонақтарға қызыға қарады
|
Ұйымдастыру іздестіру
|
Балалар, қараңдаршы бізге қонақтар келді
Сәлеметсіз бе әже ?
Ой, балаларым –ай мына менің немерем санамақтар үйрет деп қоймаған соң осы бала бақшада балалар білетін шығар деп келдім.
Өте жақсы келдіңіз , біз бүгін саусақтар сыры туралы өткелі отырмыз
Балалар қане қандай санамақтар білеміз саусақтар туралы.
М. Олжас:
Бір дегенің – бас бармақ
Барлық істі басқармақ.
Екі дегенің – балалы үйрек
Ақ қағазға салады ирек
Үш дегенің ортан терек
Еңбек етіп болған зерек
Төрт дегенің – шылдыр шүмек
Тілі тәтті былдыр бөбек
Бес дегенің – кішкене бөбек
Үлкендерше іздене бермек
Ал, әже сіз бізге саусақтардың орналасуы туралы , өлшемдер туралы неайтар едіңіз?
Балалар, бізге өз әжеміз саусақ атауларын былай деп атаған: шеңгел. Жұмырық, жұдырық,уыс,шапалақ
Ал қазақша бес саусақ өлшемдері былай аталады:бас бармақ, сұқ саусақ, ортан саусақ , аты жоқ саусақ, шынашақ
Ал, өлшемдері былай аталады: Елі,сүйем – бұл бармақ пен сұқ саусақ арасы. Сынық сүйем- сұқ саусақтың буыны мен бүгіліп барып өлшенетін өлшем. Қарыс сүйем , бас бармақ пен ортан саусақтың аралық өлшнмі , қарыс- бас бармақ пен шынашақ арасы.,Тұтам- бес саусақпен тұтқандағы көлем білем – ортан саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буыны арасы.
Ой , әже сіз бізге көп нәрсе үйреттіңіз көп рақмет !
Ал, мына санамақты немереңізге үйртіңіз, өте жеңіл:
Бас бармағым көкем
Балаң үйрек- апам
Ортан терек- ағам
Шылдыр шүмек – мен
Титтей бөбек – сен.
Сергіту сәті :
Бас бармақ сен малға бар,
Балаң үйрек шөп шабуға бар
Ортан терек қой бағуға бар
Шылдыр шүмек су әкел кішкене бөбек ұйықтай ғой.
Ұлтық ойын :
«Хан талапай» әжемен бірге ойнау
|
-Сәлеметсіз бе, әже? Балалар санамақтарды еске түсірді
Әже балаларға өз әжелерінен
Естіген саусақтар өлшемі туралы өте жақсы түсініктер айтып берді
Балалар әженің әңгімесін мұқият тыңдады.
Әже санамақты қуана алды:
Балаларым енді немереме үйретемін, рақмет сендерге!
Үлттық ойынды жақсы ойнады.
|
Рефлексивті - түзетушілік
|
Біз не білдік?
Саусақ өлшемдері деген не?
« Санамақ тілді ұстартар»
|
Балалар санамақтарды жақсы біледі , сайсақ өлшемдерін үйренді
|
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Саусақ туралы санамақтар біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Саусақ өлшемдрі туралы түсініктерді игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Мәнерлеп оқу және сұрақтарғ толық жауап бере алады.
«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс – әрекетіне арналған технологиялық картасы
Тақырыбы: «Ұлттық дәстүрім - мақтанышым»
Мақсаты:«Сыйластық», «Ынтымақтастық» құндылықтарының мәнін ашу.
Білімділік міндеті: Ұлттық дәстүріміздің ерекшелігін түсіндіру.
Дамытушылық міндеті: Бір-біріне деген жақсы қарым-қатынастарын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Ұлттық салт – дәстүрді қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қостілділік компонент:
Возьмемся за руки, друзья,
Ведь мы – единая семья:
Татарин, русский и казах,
Литовец, немец и поляк.
За нашим праздничным столом
Мы вместе песни запоем!
Сөздік жұмыс: ұлттық дәстүр
Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер, жұмыс дәптері.
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері №11
Көркем сөз:
Возьмемся за руки, друзья,
Ведь мы – единая семья:
Татарин, русский и казах,
Литовец, немец и поляк.
За нашим праздничным столом
Мы вместе песни запоем!
|
Бірге айтады.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Әңгімелесу.
Балалар, барша адамның көптен күтетін
жыл мезгілдерінің бірі – көктем келді. Оның келгенін құстардың әндерінен, көктемгі жаңбырдан байқауға болады. Көктемде бар табиғат ерекше әдемі болып жайнап, әдемі түрге еніп бәрімізді қуантады.көктемде тамаша мерекелеріміздің бірі – Наурыз мейрамын тойлаймыз.
Наурыз - жыл басы. Нағыз біздің ұлттық дәстүрімізді насихаттайтын мереке. Наурызда ұлттық ойындар ойналады, ұлттық тағамдарымызды дайындайды.
Сергіту сәті №1
Шаңырақты құрайық,
Керегені жазайық.
Уық болып иіліп,
Киіз үйде тұрайық.
Тыныштық сәті:
Балалар, денелеріңді түзу ұстап,
бастарыңды көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмып, ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, тыныштыққа толы таза ауаны бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар болады.
Ғажайып сөздер:
Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде үйренген өнегелі сөздерді қайталайықшы.
|
Балалар мұқият тыңдайды.
Балалардың жауабы тыңдалады.
Қимылмен көрсете отырып, қайталайды.
Көздерін жұмып демалады.
Балалар сөздерді қайталайды:
Ұлттық дәстүрімізді мақтан етейік.
Наурыз мейрамы – ұлттық дәстүрімізді насихаттайтын мереке.
|
Рефлексивті-түзетушілік
|
Балалар, біз табиғатты аялауды, қастерлеуді үйрендік. Наурыз – достық, жақсылық, тазалық пен қуаныштың мерекесі екенін білдік. Сонымен бірге ұлттық дәстүріміз туралы көп мәлімет алдық.
|
Балалар тыңдайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ұлттық дәстүр туралы мәлімет алды.
Қандай түсініктерді игерді: Ұлттық тағамдар, ұлттық бұйымдар, ұлттық салт-дәстүр туралы түсініктерді меңгерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға толық жауап бере алады.
«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс – әрекетіне арналған технологиялық картасы
Тақырыбы: «Наурыз – жақсылық бастауы»
Мақсаты:«Жақсылық», «Үйлесімділік» құндылықтарының мәнін ашу.
Білімділік міндеті: Наурыз мерекесінің ерекшелігін түсіндіру.
Дамытушылық міндеті: Бір-біріне деген жақсы қарым-қатынастарын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Ұлттық салт – дәстүрді қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қостілділік компонент:
Мы здесь сегодня собрались,
Чтоб встретить праздник – Наурыз!
Улыбки, шутки, звонкий смех,
Пусть радуют сегодня всех!
Возьмемся за руки, друзья,
Ведь мы – единая семья:
Татарин, русский и казах,
Литовец, немец и поляк.
За нашим праздничным столом
Мы вместе песни запоем!
Сөздік жұмыс: үйлесімділік
Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер, жұмыс дәптері.
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері №11
Көркем сөз:
Мы здесь сегодня собрались,
Чтоб встретить праздник – Наурыз!
Улыбки, шутки, звонкий смех,
Пусть радуют сегодня всех!
Возьмемся за руки, друзья,
Ведь мы – единая семья:
Татарин, русский и казах,
Литовец, немец и поляк.
За нашим праздничным столом
Мы вместе песни запоем!
|
Бірге айтады.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Әңгімелесу.
Балалар, барша адамның көптен күтетін
жыл мезгілдерінің бірі – көктем келді. Оның келгенін құстардың әндерінен, көктемгі жаңбырдан байқауға болады. Көктемде бар табиғат ерекше әдемі болып жайнап, әдемі түрге еніп бәрімізді қуантады.көктемде тамаша мерекелеріміздің бірі – Наурыз мейрамын тойлаймыз.
Наурыз келді балалар,
Көктеді қыр жағалар.
Наурыз тойын тойлайық,
Жаңа жылда ағалар.
Бәйшешектер гүлдеді,
Қорада мал төлдеді.
Наурыз тойын тойлайық,
Қосыл, аққу көлдегі.
Наурыз мерекесінің басқа мерекелердеен айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
Сендердің отбастарың бұл мерекеге қалай дайындалады?
Наурыз - жыл басы. Бұл күні барлық
адамдар жақсы тілек тілеп, көтеріңкі көңіл-күймен құшақтасып амандасады. Бір-бірне «Ұлыс оң болсын!», «Ұлыс береке берсін!» деген сияқты тілектер айтады.
Бұл мерекеде таза көңілмен, таза ниетпен қарсы алу үшін, жыл бойы ауру –сырқаудан аман болу үшін үйдің үшін, ауланы тазалайды. Ренжіскен адамдар бір-бірімен татуласұан. Үйге келген адамдар Наурыз көжеден ауыз тиген.
Сергіту сәті №1
Шаңырақты құрайық,
Керегені жазайық.
Уық болып иіліп,
Киіз үйде тұрайық.
Тыныштық сәті.
Балалар, денелеріңді түзу ұстап,
бастарыңды көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмып, ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, тыныштыққа толы таза ауаны бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар болады.
Ғажайып сөздер.
Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде үйренген өнегелі сөздерді қайталайықшы.
|
Балалар мұқият тыңдайды.
Балалардың жауабы тыңдалады.
Қимылмен көрсете отырып, қайталайды.
Көздерін жұмып демалады.
Балалар сөздерді қайталайды:
Наурызды адамдар таза көңілмен қарсы алады.
Наурызда ренжіскен адамдар татуласады.
Наурыз – жақсылық мерекесі.
|
Рефлексивті-түзетушілік
|
Балалар, біз табиғатты аялауды, қастерлеуді үйрендік. Наурыз – достық, жақсылық, тазалық пен қуаныштың мерекесі екенін білдік.
|
Ақ көп болсын!
Жақсылық көп болсын!
|
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Наурыз мерекесі туралы мәлімет алды.
Қандай түсініктерді игерді: Наурыз мерекесінде айтылатын тілектер жайында түсініктерді меңгерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Бір-біріне кешірімдікпен қарауды үйренді.
«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс – әрекетіне арналған технологиялық картасы
Тақырыбы: Киіз үй құрылысы және жабдықтары
Мақсаты:Әрбір халықтың өзіне тән ұлттық киім түрлері болатынын, балаларғаға оны көрсету.
Білімділік міндеті: Киіз үй, ою-өрнек жайында алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық міндеті: Ою – өрнектердің түрлерін көрсету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Шаңыраққа, үлкенге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Қостілділік компонент:
В степи на джайлау
Пасутся овечки,
Там дедушка юрту
Поставил у речки.
Светла и бела,
Слово тучка она
под куполом дырка
На месте окна!
В неё синева
Поднебесная льется
Нам с дедушкой в юрте
Отлично живется.
Сөздік жұмыс: өрнекпен әшекейлеу.
Көрнекіліктер: таұырыптық суреттер, үлгілер, түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы.
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Көңілді шеңбер №8
Көркем сөз
В степи на джайлау
Пасутся овечки,
Там дедушка юрту
Поставил у речки.
Светла и бела,
Слово тучка она
под куполом дырка
На месте окна!
В неё синева
Поднебесная льется
Нам с дедушкой в юрте
Отлично живется.
Ойын мотивациясы: Ақсақалды ата қонақта.
|
Балалар шеңберде тұрып айналамен, бір-бірімен амандасады.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Балалар, қонақпен таныс болайық.
Бүгін атамыз сендердің өнерлі екендеріңді біліп, батасын берейін деп келіпті.
Әрі киіз үйдің құрылымы туралы сендерге білім бергелі келді.
Олай болса атамызды мұқият тыңдайық.
Тақтаға киіз үйдің бұйымдары бейнеленген суреттерді іледі.
Дид.ойын: «Кім дұрыс атайды?»
Балаларға киіз үйдің бөлшектерін атату.
Сергіту сәті №3
Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап»
|
Танысады
Сәлемдеседі
Тапсырманы орындауға кіріседі.
Саусақ жаттығуын жасайды.
|
Рефлексивті-түзетушілік
|
Тәрбиеші дайын болған жұмыстарын тексеріп, көрмеге қояды.
Жақсы шыққан жұмыстарға мақтау айтып оқу іс-әрекетін қорытындылайды.
|
Балалар дайын болған жұмыстарын сурет ілетін жерге алып келеді.
Балалар қонақпен қоштасады.
Бір-бірінің жұмыстарына баға береді. Қорытынды жасайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Киіз үй, оның ою-өрнектері туралы толығырақ мәлімет алды.
Қандай түсініктерді игерді: Киіз үйді әшекейлеу жолдарын меңгерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қазақтың ою-өрнектерін, олардың түрлерін жатқа біледі.
«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компоненті бойынша ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
31.12.2015ж.
Тақырыбы: «Менің шеберханамда» (қамшы өру)
Мақсаты: Балаларды қазақтың мол қолөнері үлгілерімен таныстыра отырып, қазақтың ұста, шеберлері, олардың жасап жатқан еңбегі жайында түсінік беру.
Білімділік міндеті: Әрбір халықтың өзіне тән ұлттық еңбек түрлері болады, соның ішінде қолөнері түрлері туралы алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық міндеті:Балаларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелік міндеті:Атадан қалған мұраны құрметтеуге тәрбиелеу.
Түзетушілік міндеті: Сөздерді анық айтқызып, қайталату.
Қостілділік компонент:
Умный, сильный наш народ
Далеко глядит вперед
Предание старины
Забывать мы не должны!
Сөздік жұмыс: Үлгісі көптің өрнегі көп,Өрнегі көптің ермегі көп.
Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер, ТСО, зергерлік бұйымдар, қазақтың қолөнері туралы слайд көрсету.
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Көңілді шеңбер №4
Көркем сөз:
Умный, сильный наш народ
Далеко глядит вперед
Предание старины
Забывать мы не должны!
|
Шеңберге тұрады
Балалар қайталайды.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Балаларды слайд арқылы қазақтың қолөнерімен, оның ішінде қамшы өру жұмыстарымен таныстыру.
Сұрақ-жауап.
Балалар, шебер деген кім?
Сендерге шебер, ұсталардың еңбектері ұнады ма?
Сендер алдыңғы оқу іс әрекеттерінде бұл кісілердің суреттерімен, олардың еңбегімен танысқан болатынсыңдар.
Күнделікті әртүрлі шеберханаларда да жұмыс істеп жүрміз.
Ал қазір өзіміз жұмыс істеп жатқан шеберханаларымызбен келген қонақтарды таныстырайық. Сонымен бірге еңбегімізді көрсетейік.
«Қамшы өру» шеберханасы
Шеберханада ұста, шеберлердің көмегімен жұмыстарына кіріседі. Шеберханада қызу жұмыс басталады.
Балалар, сендер өздерің жұмыс істеп жатқан шеберханаларың жайында не айта аласыңдар?
Мүмкін қолөнер туралы тақпақ, мақал-мәтел айтарсыңдар.
Әрі кішкене демалып алайық.
Жарайсыңдар. Бүгінгі бізге келген қонақтар сендердің жұмыстарыңа риза болған шығар деп ойлаймын.
|
Балалар теледидар көреді.
Балалардың жауабы.
Балалар өздері жұмыс істейтін шеберханаларына барады.
Балалар шеберхана, қазақ ұлтының қолөнері жайында білетін тақпақ, мақал-мәтелдерін айтып береді.
Шай ішетін қоюлап,
Жақсы көрем атамды.
Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көрем апамды.
Үлгісі көптің өрнегі көп,
Өрнегі көптің ермегі көп.
(Халық мәтелі)
Өнерсізден құт қашар.
(Махмұд Қашқари)
Ойсыздан оюшы шықпайды.
(Халық мәтелі)
Оюды оя алмаған ойланбаған.
(Халық мәтелі)
Шеберлікке мін жоқ.
(Халық мәтелі)
Қол өнері – кілемде,
Сөз өнері – өлеңде.
(Халық мәтелі)
Асыл қайшы пішуге сән,
Күміс қасық ішуге сән.
(Халық мәтелі)
Ою ойғанның ойы ұшқыр.
(Халық мәтелі)
Шебердің саусағы алтын.
|
Рефлексивті-түзетушілік
|
Міне, балалар, біздің бүгінгі жұмыс уақытымыз да аяқталып қалды. Қонақтармен қоштасып, тобымызға қайтайық.
|
Қорытынды жасайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қазақтың қолөнері жайында біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Қамшы өру өнерін меңгерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қолөнері туралы өз ойларын айта алады және жасап көрсете алады.
Тәрбиеші:Абдыкаримова Э.А.
«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс - әрекетіне арналған технологиялық картасы
12.11.2015ж.
Тақырыбы:«Тұрмыстық салт -дәстүр» (тоқымқағар)
Достарыңызбен бөлісу: |