«Ұлттық дәстүр асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы



бет7/9
Дата12.03.2018
өлшемі1,5 Mb.
#38558
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ұлттық тағамдарды ажырата біледі.
Қандай түсініктерді игерді : Ұлттық тағамдардың ерекшеліктерін игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға жауап бере біледі, ұлттық тағамдар турады тақпақтар біледі.

«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс - әрекетіне арналған технологиялық картасы
Тақырыбы: « Ұлттық тағамдар» (ағарған)

Мақсаты: Балаларды қазақтың сүттен жасалған ұлттық тағамдарын білуге үйрету.

Білімділік міндеті: Балаларға ағарғаннан жасалған қазақтың ұлттық тағамдарының түрлерін білуге үйрету.

Дамытушылық міндеті: Сүттен жасалған ұлттық тағамдардың қасиетін және жасалу жолдарын

білуге дағдыландыру.



Тәрбиелік міндеті: Қазақтың ұлттық тағамдарын қадірлей білуге тәрбиелеу.

Түзетушілік міндеті: Мақалды анық айтуды жаттықтыру.

Қостілділік компонент:

Я матушка Молоко!
Сколько детушек у меня ого го.
С детства пьют меня детишки,
И девчонки и мальчишки.
Я белая Сметана! 
От меня кожа румяна,
Я Кефир!
Меня пьет весь мир.
Я Творог!
Со мною вкусен и пирог.
И ватрушки все мои подружки
Кости укрепляют, здравия желают.

Пейте дети молоко, будете здоровы!



Сөздік жұмыс: Қымыз, шұбат, қатық, күбінін айраны.

Көрнекіліктер: Дастархандағы қазақтың сүттен жасалған ұлттық тағамдары.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері №2

Көркем сөз:

Я матушка Молоко!
Сколько детушек у меня ого го.
С детства пьют меня детишки,
И девчонки и мальчишки.
Я белая Сметана! 
От меня кожа румяна,
Я Кефир!
Меня пьет весь мир.
Я Творог!
Со мною вкусен и пирог.
И ватрушки все мои подружки
Кости укрепляют, здравия желают.

Қолында айраны бар әже қонаққа келеді.

Шеңбер құрады

Көркем сөзді қайталайды




Ұйымдастыру- іздестіру

Әже: - Сәлеметсіндер ме балаларым! Қазақтың сүттен жасалған ұлттық тағамдары туралы айтып беріндерші деп апайларын шақырды!

Тәрбиеші:

- Әже біздің балаларға, сүттен жасалған тағамдардың түрлерін айтып түсіндірсеніз екен!

Әже:


- Суреттерге қарандаршы, мыналар қандай тағамдар?

-Балалар, мына суреттерге қарандаршы, не көріп түрсындар?

-Бұларды біз бір сөзбен не дейміз?

Жұмбақ-жасыру:

Сылдыр сүйық, су емес,

Ішсен сусын қанады,

Ақ болсада қар емес,

шешуін кім табады?

Тәрбиеші:


  • Ал балалар, сүттен қандай ұлттық тағамдар жасалатынын білесіндер ме?

  • Ертеде, мұздатқыш болмаған, сонда оларды қазақ халқы қалай сақтаған?

  • Төрт түлік малдың сүтінен жасалған ұлттық тағамды ата?

  • Жылқы сүтінен не жасалы?

  • Түйе сүтінен не жасалады?

  • Сиыр сүтінен не жасалады?

  • Қойдын сүтінен не жасалады?

  • Ешкі сүтінен не жасалады?

Мақал-мәтел жаттайық.

«Жерге төгілген сүтті,

айранды басуға болмайды!

Дид.ойын: «Дәміне қарай ата»

Сергіту сәті:

«Шыңырақ»

Қолды алға созамыз,

Бұрыламыз әдемі,

Қолды жоғары көтеріп,

Шаншыламыз уықтай.

Бір-отырып, бір-түрып,

Жүгіреміз жалықпай.

Балалар енді, бүгінгі сабақты қорыта отырып өз қалауларың бойынша ұнатқан ұлттық сүт тағамдарын бейнелендер.


Қонақпен сәлемдеседі

-Сүт тағамдары.


-Айран, май, ірімшік, қымыз.
-Суттен жасалған тағамдар.

  • Шешуң сүт




  • Ия, қымыз, шұбат, күбінін айраны, сары май.




  • Қымызды сабада сақтаған. Жерді қазып салқын жерде ұстаған.

-Қымыз


-Шұбат

-Айран, сары май, қатық.

-Құрт, ірімшік.

-Айран, қаймақ.


Ойынды шартымен ойнады.
Сергіту сәтін дұрыс орындады.

Балалар сүт тағамдарын бейнелей алды.



Рефлксивті-түзетушілік

  • Балалар, бүгінгі оқу әрекетінде не туралы айттық?

  • Қазақтың ұлттық сүт тағамдарын білесіндер ме?

Балаларды мақтап сабақты аяқтайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді



Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ұлттық сүт тағамдарды ажырата біледі
Қандай түсініктерді игерді: Ұлттық сүт тағамдардың ерекшеліктерін игерді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға жауап бере біледі, ұлттық сүт тағамдар туралы көп біледі.

«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс - әрекетіне арналған технологиялық картасы
Тақырыбы: «Ұлттық қимылды ойындар»

Мақсаты:Балаларды қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыру.

Білімділік міндеті: Олардың атын біліп, қалай ойналатыны жайлы түсіндіру.,ұлттық ойындардың дене тәрбиесіндегі маңызы жайлы әңгімелеп , оларды ойнап білуге үйрету.

Дамытушылық міндеті: Балалардың ой өрісін дамыту, қимыл – қозғалысын дамыту..

Тәрбиелік міндеті: Ептілікке , шапшаңдыққа, ұлттық аыл мұрамызды сақтай білуге тәрбиелеу.

Түзетушілік міндеті: Анық сөйлеуді жаттықтыру.

Қостілділік компонент:

Умный, сильный наш народ

Далеко глядит вперед

Предание старины

Забывать мы не должны!

Сөздік жұмыс: Көкпар, алтыбақан.

Көрнекіліктер: Ұлттық ойындар суреттері.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері №3

Көркем сөз:

Умный, сильный наш народ

Далеко глядит вперед

Предание старины

Забывать мы не должны!


Шаттық шеңберін құрады

Қайталайды




Ұйымдастыру- іздестіру

  • Балалар, біз бүгін ұлттық ойындарымызды жалғастырамыз.

  • Өткен жолы « Қыз қуу», «Тақия тастамақ», «Теңге алу»,«Үкі» ойындарымен таныссақ, бүгін «Сақина салмақ» ойынын ойнаймыз.

  • «Сақина салмақ» ойынынының ойналу шартымен таныстырайын: бұл ойынға барлық бала қатысады.

  • Ал, кәне ойынды бастаңдар!

  • Ал , енді балалар, тағы да қандай ойын ойнаймыз?

«Алтыбақан» ойыны бұл өте ертеден келе жатқан ойын ол үшін әткеншек қажет.

Бақанға байланған жіптер арқылы екі жағына екі бала тұрып тербетіледі ол балалар ән айтып өз өнерлерін сайысқа салған.

Ал, балалар келесі ойынымыз « Тақия тастамақ» бұл ойынды топтың бар баласы ойнайды . Балалар шеңбер бойымен дөңгелене отырады, Бір бала ойынды бастайды ,ән әуенімен бала келіп, шеңберді айнала жүреді , музыка тоқтағанда , бала тақияны екі баланың ортасына тастайды , екі бала екі бағытта шеңберді айнала жүгіреді , кім бірінші тақияға жетсе сол бала жеңеді. Ал, балалар кім ойын жайлы тақпақ біледі?

Мақал-мәтел жаттайық.

«Ойында озған бала өмірде де оза біледі»



Д.ойын: «Кім дұрыс жауап береді?»

Тәрбиешінің қойған сұрағына дұрыс әрі тез жауап беруі керек.



Сергіту сәті

Бала, бала, балақай,

Басқа киді малақай.

Далаға шық ойнайық,

Қар лақтырып қоймайық.


Балалардың мұқият тыңдайды.



Рефлксивті-түзетушілік

  • Бүгінгі сабақта не туралы білдік?-Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасайды.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балаларқазақтың ұлттық ойындарын жақсы біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Ойындарды шартымен ойнауды игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Балалар сұрақтарға жауап бере біледі, өз ойларын ашық айта алады.

«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс - әрекетіне арналған технологиялық картасы

18.12.2014ж.
Тақырыбы: «Жас шеберлер» (қамшы өру, киіз басу)

Мақсаты: Балаларды қазақтың мол қолөнері үлгілерімен таныстыра отырып, қазақтың ұста, шеберлері, олардың жасап жатқан еңбегі жайында түсінік беру.

Білімділік мақсаты: Әрбір халықтың өзіне тән ұлттық еңбек түрлері болады, соның ішінде қолөнері түрлері туралы алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық мақсаты: Балаларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Атадан қалған мұраны құрметтеуге тәрбиелеу.

Түзетушілік міндеті: Тілдің грамматикалық құрылыс дағдыларын жетілдіру.

Қостілділік компонент:

Бывают руки непростые,

На вид, как все, обычные.

Их называют золотые,

Они к труду привычные.

В них дело спорится умело –

Всё могут сделать, воссоздать.

С душой берутся, ловко, смело.

Таким не свойственно скучать.
Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Көңілді шеңбер

Көркем сөз:

Бывают руки непростые,

На вид, как все, обычные.

Их называют золотые,

Они к труду привычные.

В них дело спорится умело –

Всё могут сделать, воссоздать.

С душой берутся, ловко, смело.

Таким не свойственно скучать.

Балалар қайталайды.



Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларды слайд арқылы қазақтың қолөнерімен, оның ішінде ою-өрнектермен, күмістен жасалынған зергерлік бұйымдар, қолдан тоқылған кілем, алашалар, киіз басу жұмыстарымен таныстыру.

  • Балалар, шебер деген кім?

  • Сендерге шебер, ұсталардың еңбектері ұнады ма?

  • Сендер алдыңғы оқу іс әрекеттерінде бұл кісілердің суреттерімен, олардың еңбегімен танысқан болатынсыңдар, және күнделікті әртүрлі шеберханаларда да жұмыс істеп жүрміз.

  • Ал қазір өзіміз жұмыс істеп жатқан шеберханаларымызбен келген қонақтарды таныстырайық.

  • Сонымен бірге еңбегімізді көрсетейік.

«Кілем тоқу» шеберханасы,

«Қамшы өру» шеберханасы,

«Киіз басу» шеберханасы.

Шеберханаларда ұста, шеберлердің көмегімен жұмыстарына кіріседі. Әр шеберханада қызу жұмыс басталады.



  • Балалар, сендер өздерің жұмыс істеп жатқан шеберханаларың жайында не айта аласыңдар?

  • Мүмкін қолөнер туралы тақпақ, мақал-мәтел айтарсыңдар.

  • Әрі кішкене демалып алайық.




  • Жарайсыңдар. Бүгінгі бізге келген қонақтар сендердің жұмыстарыңа риза болған шығар деп ойлаймын.

Балалар теледидар көреді.

Балалардың жауабы.

Балалар өздері жұмыс істейтін шеберханаларына барады.

Балалар шеберхана, қазақтың ұлттық қолөнері жайында білетін тақпақ, мақал-мәтелдерін айтып береді.

Шеберлікке мін жоқ.
Қол өнері – кілемде,

Сөз өнері – өлеңде.
Асыл қайшы пішуге сән,

Күміс қасық ішуге сән.
Ою ойғанның ойы ұшқыр.
Шебердің саусағы алтын.


Рефлексивті-түзетушілік

  • Міне, балалар, біздің бүгінгі жұмыс уақытымыз да аяқталып қалды. Қонақтармен қоштасып, тобымызға қайтайық.

Қорытынды жасайды.




Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қазақтың қолөнері жайында біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Қамшы өру, киіз басу, кілем тоқу өнерін меңгерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қолөнері туралы өз ойларын айта алады және жасап көрсете алады.

«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс - әрекетіне арналған технологиялық картасы

8.10.2015ж.
Тақырыбы: «Әдет пен әдеп»

Мақсаты: Балаларды достыққа, татаулыққа, бір – біріне жылы шырай білдіріп, әдептілік сақтауға, өзара жәрдемдесуге үйрету.

Білімділік міндеті: Басқаның пікірімен санасу, өтірік, еріншектік сияқты жағымсыз мінездерден сақтандыру, қыз балаға жол беру сияқты әдет- ғұрыптарды меңгерту.

Дамытушылық міндеті: Тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту.

Тәрбиелік міндеті: Адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Түзетушілік міндеті: Тілдің грамматикалық құрылыс дағдыларын жетілдіру.

Қостілділік компонент:

Послушен будь, и вежлив будь,
И уступай прохожим путь,
А старость уважай.

Младших никогда не обижай.

Сөздік жұмыс: Әдептілік, әдет

Көрнекіліктер:Мазмұнды суреттер.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері №3

Көркем сөз:

Послушен будь, и вежлив будь,
И уступай прохожим путь,
А старость уважай.

Младших никогда не обижай.

Шаттық шеңберін құрады

Қайталайды




Ұйымдастыру- іздестіру

Тәрбиеші: балалар, мына көрініске назар аударайықшы.

Сұлтан топта машинасымен ойнап отырды.



  • Олжас : - Машинанды бер ойнайын. (Рұқсатсыз машинасын алды)

  • Сұлтан: Олжас неге тартып алдың, сұрасаң беретін едім ғой. (ОлжасСұлтанның машинасын ойнап отырып сындырып алды).

  • Сұлтан машинаңды ал деп лақтырып тастады.

Тәрбиеші: Балалар, бұл көріністе кімнің қылығы дұрыс қалай ойлайсыңдар?

Тәрбиеші:

-Иә балалар сендер дұрыс айтасыңдар.

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге әдептілік жайында не істеу керектігі туралы айтып берейін. Онда мынадай тиым өсиеттерді тыңдайық.

1. Балаларға бірін-бірі балағаттауына болмайды.

2. Ер балалардың қыздарға дөрекі сөз айтуына, оларға қол жұмсауына

болмайды.

3. Бала алатын затын біреуден рұқсат сұрап ала керек, алған нәрсесін рахмет айтып уақытында қайтаруы керек.

4.Қыздардың ер баланы тебуіне болмайды.

5. Есіктітеуіпашуғаболмайды.

6. Балаларбір-бірініңбаскиімдерінлақтырыпойнауынаболмайды.

Тәрбиеші: Балалар мынадай қағидаларды күнделікті әдетке айналдырыңдар.



  1. Әдет қыл бұл ісіңді

тазалап жүр тісіңді

2. Саусағыңды сормағын

Салдыр- салақ болмағын

3. Аяқ-қолың болмай кер

Тырнағыңды алып жүр

Мақал-мәтел жаттайық.

Әдепті бала- арлы бала

Әдепсіз бала – сорлы бала.

Д.ойын: «Кім дұрыс жауап береді?»

Тәрбиешінің қойған сұрағына дұрыс әрі тез жауап беруі керек.



Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Беті қолды жуайық,

Бойымызды жазайық,

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызды табайық.



Балалардың жауабы

1 бала: Олжастың дөрекі қылығы дұрыс емес.

2 бала: Сұлтаннан рұқсатпен алуы керек еді.

Тәрбиеші: Қандай сөз айту керек еді?

3 бала: Рұқсат па, алуға болады ма деп.



Рефлксивті-түзетушілік

  • Балалар, әдет, едептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Дұрыс, балалар, әдептілік деген ол жақсы қасиет.

  • Үнемі әдепті, тәрбиелі қылықтар ғана көрсету керек.

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларға мадақтаулар айтамын.

Сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасайды.


Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Әдет, едептілік деген не екенін біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Әдепті бала- арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы бала
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға толық және дұрыс жауап беруді меңгерді.

Тәрбиеші: Бапахова Р.Ж.




«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс - әрекетіне арналған технологиялық картасы

22.10.2015ж.
Тақырыбы:Ата-ананы сыйлау, құрметтеу

Мақсаты:. Балаларға ата- ананы сыйлап, құрметтеу, отбасы, туыстық қарым-қатынастар, отбасы мүшелерінің міндеттері жайында түсінік беру

Білімділік міндеті: Отбасы мүшелерін атай білуге және олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге дағдыландыру.

Дамытушылық міндеті: Есте сақтау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Түзетушілік міндеті: Сөздерді анық, таза айтуды қалыптастыру

Қостілділік компонент:

В семейном кругу мы с вами растем 


Основа основ – родительский дом. 
В семейном кругу все корни твои
И в жизнь ты входишь из семьи. 
В семейном кругу мы жизнь создаем, 
Основа основ – родительский дом.

Сөздік жұмыс: Ата-ананы сыйлау, құрметтеу

Көрнекіліктер: суреттер

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Көңілді шеңбер №4

Көркем сөз:

В семейном кругу мы с вами растем 


Основа основ – родительский дом. 
В семейном кругу все корни твои, 
И в жизнь ты входишь из семьи. 
В семейном кругу мы жизнь создаем, 
Основа основ – родительский дом.

Тыныштық сәті:

Баяу музыка ойнап тұрады.


  • Бір сәтке көздеріңді жұмыңдар.

  • Көз алдарыңа туған үйлеріңді, отбасы мүшелерін елестетіп көріңдерші.

  • Туған үйіміз сондай ыстық.

  • Ата-аналарымыз, бауырларымыз қандай сүйкімді, көңіл күйіміз өте жақсы.

Көздеріңді ашыңдар.

Балалар тыңдап, қайталайды.




Ұйымдастыру-іздестіру

  • Балалар, мен сендерге кеше өз отбастарыңның фото суреттерін алып келіңдер дедім.

  • Алып келдіңдер ме?

  • Ендеше суреттеріңе қараңдар.

  • Бұл суретте кімдер бейнеленген?

  • Бүгін біз сендермен отбасы туралы әңгімелесеміз.

  • Отбасы екі сөзден тұрады. «от», «басы».

Сұрақ-жауап арқылы әр баладан отбасы туралы сұрап шығады.

  • Отбасы үлкен де, шағын да болуы мүмкін.

  • Ең бастысы – отбасында әрқашан тыныштық, достық, сыйластық, бір-біріне деген сүйіспеншілік пен құрмет болуы керек.

  • Сендер өз отбасыларыңа қандай тілек айтар едіңдер?

Дид. ойын. «Менің отбасым»

Балалар шеңберде тұрып допты бір-біріне лақтырып, отбасы туралы жақсы сөздер айтулары керек.



Суретпен әңгіме.

«Ынтымағы жарасқан отбасы» суретіне әңгіме құрау.



Сергіту сәті:

Біздің үйде ән тарап,

Думандатар өмірді.

Біздің үйде салтанат,

Біздің үйде көңілді.

С.р.ойын: «Отбасы»

Балалар рольдерді өзара бөлісіп отбасы болып ойнайды.



Иә, алып келдік.

Әр бала суреттен өз отбасы туралы айтып береді.

Балалар қалауы бойынша әңгімелейді.

Өз отбасыларына тілектерін айтады.
Қайталайды.


Рефлексивті-түзетушілік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды:

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар ата-ананы сыйлау, құрметтеу деген ұғымды біледі
Қандай түсініктерді игерді: Отбасы және туыстық қатынастар туралы түсінікті игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Отбасы жайында өз ойларын жеткізе алады.
Тәрбиеші: Абдыкаримова Э.А.


Каталог: uploads -> doc -> 0123
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0123 -> Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем Сабақтың мақсаты: Білімділік
0123 -> Сабақтың тақырыбы Сыни тұрғыдан ойлау арқылы баланың бойында метасананы қалыптастыру Жалпы мақсаты
0123 -> Сабақ: Мереке. Туған күн. Мектеп : Күні: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет