«Ұлттық дәстүр асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы



бет5/9
Дата12.03.2018
өлшемі1,5 Mb.
#38558
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қазақтың тұрмыстық салт – дәстүрлері жайында көп мағлұматтар алды.
Қандай түсініктерді игерді: «Бесікке салу» тойын не үшін жасайтыны туралы түсініктерді игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: «Бесікке салу» тойы жайында қысқаша өз ойларын айта алады. Сұрақтарға толық жауап бере алады. Бесік жырларын жатқа біледі.
Тәрбиеші:Абдыкаримова Э.А.

«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс - әрекетіне арналған технологиялық картасы
Тақырыбы: «Қыз бала мен ұл бала әдептілігі»

Мақсаты: Балаларды достыққа, татулыққа,бір – біріне жылы шырай білдіріп, әдептілік сақтауға, өзара жәрдемдесуге үйрету, білімдерін бекіту.

Білімділік міндеті:Қыз баланың әдептілігі, ұл баланың әдептілігі қандай болатынын түсіндіру. Басқаның пікірімен санасу, өтірік, еріншектік сияқты жағымсыз мінездерден сақтандыру, қыз балаға жол беру сияқты әдет- ғұрыптарды меңгерту.

Дамытушылық міндеті: Тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту.

Тәрбиелік міндеті: Адамгершілікке, әдептілікке, ұл бала мен қыз бала арасындағы әдептілікке одан әрі тәрбиелеу.

Қостілділік компонент:

Как жалко, что недели

Так медленно летят!

И что, родившись, дети

Не сразу говорят!

А то бы только-только

Я маму увидал,

Как тут же бы, как сразу

"Спасибо!" ей сказал.

Сөздік жұмыс: Әдепті ұрпақ

Көрнекіліктер:Мазмұнды суреттер.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері №6

Көркем сөз:

Как жалко, что недели

Так медленно летят!

И что, родившись, дети

Не сразу говорят!

А то бы только-только

Я маму увидал,

Как тут же бы, как сразу

"Спасибо!" ей сказал.


Шаттық шеңберін құрады

Қайталайды




Ұйымдастыру- іздестіру

  • Балалар, мен сендерге жаңа оқып берген өлең жолдары не туралы?

  • Дұрыс, ол адамның тәртіпті, мейірімді екенін білдіреді.

  • Үлкендерді сыйлау, құрметтеу, көмектесу біздің адамдық парызымыз.

  • Сыйластық адамдықтың ең алғашқы белгісі.

  • Сыйластық бар жерде ынтымақ, бірлік бар.

  • Адамдарды сыйласаң адамдар да саған солай жауап қайтарады.

  • Егер адамдарды сыйламайтын болсаң сені де ешкім сыйламайтын болады. Сондықтан балалар таниты, танымайтын, үлкен, кіші болсада әрқашан сыйлауға тырысыңдар.

1.Балаларға бірін-бірі балағаттауына болмайды.

2. Ер балалардың қыздарға дөрекі сөз айтуына, оларға қол жұмсауына

болмайды.

3. Бала алатын затын біреуден рұқсат сұрап ала керек, алған нәрсесін рахмет айтып уақытында қайтаруы керек.

4. Қыздардың ер баланы тебуіне болмайды.

Тәрбиеші: Балалар мынадай қағидаларды күнделікті әдетке айналдырыңдар.



Мақал-мәтел жаттайық.

Әдепті бала- арлы бала

Әдепсіз бала – сорлы бала.

Д.ойын: «Кім дұрыс жауап береді?»

Тәрбиешінің қойған сұрағына дұрыс әрі тез жауап беруі керек.



Сергіту сәті №7

Балалардыңжауабы

1 бала: Олжастыңдөрекіқылығыдұрысемес.

2 бала: Сұлтаннан рұқсатпен алуы керек еді.

Тәрбиеші: Қандай сөз айту керек еді?

3 бала: Рұқсат па, алуға болады ма деп.



Рефлксивті-түзетушілік

  • Балалар, әдет, едептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Дұрыс, балалар, әдептілік деген ол жақсы қасиет.

  • Үнемі әдепті, тәрбиелі қылықтар ғана көрсету керек.

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларға мадақтаулар айтамын.

Сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасайды.


Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қыз бала мен ұл бала әдептілігі не екенін біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Әдепті бала- арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала деген мақалдың мағынасын ұқты.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға толық және дұрыс жауап беруді меңгерді.

«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс - әрекетіне арналған технологиялық картасы
Тақырыбы: «Әдепті ұрпақ үлгісі»

Мақсаты: Балаларды достыққа, татулыққа,бір – біріне жылы шырай білдіріп, әдептілік сақтауға, өзара жәрдемдесуге үйрету, білімдерін бекіту.

Білімділік міндеті:Басқаның пікірімен санасу, өтірік, еріншектік сияқты жағымсыз мінездерден сақтандыру, қыз балаға жол беру сияқты әдет- ғұрыптарды меңгерту.

Дамытушылық міндеті: Тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту.

Тәрбиелік міндеті: Адамгершілікке, әдептілікке одан әрі тәрбиелеу.

Қостілділік компонент:

Как жалко, что недели

Так медленно летят!

И что, родившись, дети

Не сразу говорят!

А то бы только-только

Я маму увидал,

Как тут же бы, как сразу

"Спасибо!" ей сказал.

Сөздік жұмыс: Әдепті ұрпақ

Көрнекіліктер:Мазмұнды суреттер.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері №6

Көркем сөз:

Как жалко, что недели

Так медленно летят!

И что, родившись, дети

Не сразу говорят!

А то бы только-только

Я маму увидал,

Как тут же бы, как сразу

"Спасибо!" ей сказал.


Шаттық шеңберін құрады

Қайталайды




Ұйымдастыру- іздестіру

Тәрбиеші: балалар, мына көрініске назар аударайықшы.

Тәрбиеші: Балалар, бұл көріністе кімнің қылығы дұрыс қалай ойлайсыңдар?

Тәрбиеші:

-Иә балалар сендер дұрыс айтасыңдар.

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге әдептілік жайында не істеу керектігі туралы айтып берейін. Онда мынадай тиым өсиеттерді тыңдайық.

1.Балаларға бірін-бірі балағаттауына болмайды.

2. Ер балалардың қыздарға дөрекі сөз айтуына, оларға қол жұмсауына

болмайды.

3. Бала алатын затын біреуден рұқсат сұрап ала керек, алған нәрсесін рахмет айтып уақытында қайтаруы керек.

4. Қыздардың ер баланы тебуіне болмайды.

5. Есікті теуіп ашуға болмайды.

6. Балалар бір-бірінің бас киімдерін лақтырып ойнауына болмайды.

Тәрбиеші: Балалар мынадай қағидаларды күнделікті әдетке айналдырыңдар.


  1. Әдет қыл бұл ісіңді

тазалап жүр тісіңді

2. Саусағыңды сормағын

Салдыр- салақ болмағын

3. Аяқ-қолың болмай кер

Тырнағыңды алып жүр

Мақал-мәтел жаттайық.

Әдепті бала- арлы бала

Әдепсіз бала – сорлы бала.

Д.ойын: «Кім дұрыс жауап береді?»

Тәрбиешінің қойған сұрағына дұрыс әрі тез жауап беруі керек.



Сергіту сәті №7

Балалардыңжауабы

1 бала: Олжастыңдөрекіқылығыдұрысемес.

2 бала: Сұлтаннан рұқсатпен алуы керек еді.

Тәрбиеші: Қандай сөз айту керек еді?

3 бала: Рұқсат па, алуға болады ма деп.



Рефлксивті-түзетушілік

  • Балалар, әдет, едептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Дұрыс, балалар, әдептілік деген ол жақсы қасиет.

  • Үнемі әдепті, тәрбиелі қылықтар ғана көрсету керек.

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларға мадақтаулар айтамын.

Сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасайды.


Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Әдет, әедептілік деген не екенін біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Әдепті бала- арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы бала
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға толық және дұрыс жауап беруді меңгерді.

«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс - әрекетіне арналған технологиялық картасы

10.12.2015ж.

Тақырыбы:«Қазақ билерінің өсиеті»

Мақсаты:Балаларға Қазыбек бидің өсиет сөздерін түсіндіру.Ағайынмен, жолдаспен тату болуды үйрету. Қазыбек бидің кім екенін түсіндіру.

Баланың дүниетанымын жетілдіру, қазақ халқының бата тілек сөздерін үлгі етіп әдепті, сабырлы, зерделі, арлы болып өсуіне баулу.



Білімділік міндеті:Қазақ халқының бата тілек сөздерін ойларында сақтапқалуға үйрету.

Дамытушылық міндеті:Балалардың дүниетанымын жетілдіру.

Тәрбиелік міндеті: Әдепті, сабырлы, зерделі, арлы болып өсуіне тәрбиелеу.

Қостілділік компонент:

В степи на джайлау


Пасутся овечки,
Там дедушка юрту
Поставил у речки.
Светла и бела,
Слово тучка она
под куполом дырка
На месте окна!
В неё синева
Поднебесная льется
Нам с дедушкой в юрте
Отлично живется.

Сөздік жұмыс: өрнекпен әшекейлеу.

Көрнекіліктер: Қазыбек бидің портреті, бейне слайдтар

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Көңілді шеңбер №8

Көркем сөз

В степи на джайлау, пасутся овечки,


Там дедушка юрту, поставил у речки.
Светла и бела,, слово тучка она,
Под куполом дырка, на месте окна!
В неё синева, поднебесная льется
Нам с дедушкой в юрте, отлично живется.

Ойын мотивациясы: Ақсақалды аталар қонақта.

Балалар шеңберде тұрып айналамен, бір-бірімен амандасады.



Ұйымдастыру-іздестіру

Ұйымдастыру кезеңі. Жеті қазынаға не кіретінін қайталау.

  1. Сұлу әйел

  2. Жүйрік ат

  3. Ер жігіт

  4. Қыран бүркіт

  5. Берек мылтық

  6. Ит (тазы)

  7. Ақыл, білім

Тәрбиеші:

  • Дұрыс, балалар еске сақтапсындар.

  • Ал енді бүгінгі біз «Қазыбек бидің толғауларымен»танысамыз .

  • Балалар әдепке, білімге, өнерге ұмтылғанда кімдерден өнеге аласыңдар?

  • Бабаларымыздың өмірі ұрпаққа өнеге.

Қазыбек бидің кім болғанын түсіндіру.

1665 жылы Келдібекұлы Қазыбек би дүниеге келді. Ол қазақтың Тәуке хан, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет Абылай хандарының тұсында Мемлекет басқару ісіне орналасқан мемлекет және қоғам қайраткері.

Осы өнерінің арқасында бала биден , дана биге айналады, қара қылды қақ жарған

«Қаз дауысты Қазыбек би» алты алаштың ардақтысы деген атаққа ие болады.

Ол 18 жасында елші болған «Елдестірмек елшіден», «Жауластырмақ жаушыдан» деп өсиет айтқан,тұңғыш дипломат Қазыбек би толғауын мәнерлеп оқып оның мағынасын түсіндіру және жатқа үйрету.

Ақылшы болса апайың жақын.

Қимас жақын қарындасың,

Сыбайлас болса нағашың жақын.

Адал болсаң, досын жақын

Еркелейтін немерең жақын

Өз ұрпағың шөберең жақын
Алтын ұяң – Отан қымбат.

Құт береке тақтан қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат.

Мейірімді анаң қымбат

Асқар тауың әкең қымбат

Туып өскен елің қымбат

Кіндік кескен елің қымбат

Ұят пен арың қымбат.



Қимылды ойын: «Хан талапай»

Танысады
Сәлемдеседі



  • Жақсылардан, апайлардан, үлкендерден аламыз.

  • Ата- бабалардан өнеге тәрбие аламыз дедіңдер, дұрыс айтасыңдар

  • «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген халық мақалы бар.

  • Барлық кезде біз жақсылардан өнеге аламыз.

Балалар тыңдайды.



Рефлексивті-түзетушілік

Сұрақ – жауап арқылы оқу әрекетін қорытындылау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Қазақ халқының бата тілек сөздерітуралы толығырақ мәлімет алды.
Қандай түсініктерді игерді: Дүниетанымдары жетілді, қазақ халқының бата тілектерін игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға толық жауап бере біледі.

Тәрбиеші:Бапахова Р.Ж.



«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс - әрекетіне арналған технологиялық картасы
Тақырыбы:«Атамның айтар батасы»

Мақсаты:Баланың дүниетанымын жетілдіру, қазақ халқының бата тілек сөздерін үлгі етіп әдепті, сабырлы, зерделі, арлы болып өсуіне баулу. Бата-тілек айту.

Білімділік міндеті:Қазақ халқының бата тілек сөздерін ойларында сақтапқалуға үйрету.

Дамытушылық міндеті:Балалардың дүниетанымын жетілдіру.

Тәрбиелік міндеті: Әдепті, сабырлы, зерделі, арлы болып өсуіне тәрбиелеу.

Қостілділік компонент:

В степи на джайлау


Пасутся овечки,
Там дедушка юрту
Поставил у речки.
Светла и бела,
Слово тучка она
под куполом дырка
На месте окна!
В неё синева
Поднебесная льется
Нам с дедушкой в юрте
Отлично живется.

Сөздік жұмыс: өрнекпен әшекейлеу.

Көрнекіліктер: таұырыптық суреттер, үлгілер, түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Көңілді шеңбер №8

Көркем сөз

В степи на джайлау, пасутся овечки,


Там дедушка юрту, поставил у речки.
Светла и бела,, слово тучка она,
Под куполом дырка, на месте окна!
В неё синева, поднебесная льется
Нам с дедушкой в юрте, отлично живется.

Ойын мотивациясы: Ақсақалды аталар қонақта.

Балалар шеңберде тұрып айналамен, бір-бірімен амандасады.



Ұйымдастыру-іздестіру

  • Балалар, бүгін бізге ауылдың ақсақал қариялары мен әжелері келіпті. (Сәлемдесіп киіз үйге отырғызу)

  • Балалар, үлкендер балаға бата беретін болған, әр түрлі мағынада.

  • Батаның түрлерімен мына келген аталар таныстырсын.

Ата:

  • Алдымен балалар, мен сендерге мақал үйретейін.

«Батамен ел көгерер, жауынмен жер көгерер».

  • Балалар, халықтың салт- дәстүріне байланысты батаның әртүрлітүрлері бар

  • Мысалы: Шілдехана, тұсау кесер, ұл той, жас жұбайлар,бесік той.

Тәрбиеші:

  • Аталар, мына біздің үйде дүниеге сәби келген еді, соған бата берсеңіздер екен. (Келін баласын алып келеді).

Ата бата береді:

Үйіңіздің бар бөлмесін

Сәби үні кернесін

Ұр ер жетіп, қыз бойжетіп

білімге құлаш сермесін

Амзан өнер үйретіп

Дәл бассын көңіл пернесін

Қызмет істеп елі үшін

Абыройлы өрлесін

Сол беделін қорғайтын

Өмірден тапсын теңдесін

Бақытты ұзақ жыл жасап

Жаманшылық көрмесін

Өсіп, өніп өркендеп

Бар ортада төрлесін

Қысқасы ұрпақ мың жасап

Жарығыңыз сөнбесін

Әумин.


Тәрбиеші:

Ата айтқаныңыз келсін рахмет, жүз жасаңыз.



Қимылды ойын: «Тақия тастамақ»

Танысады
Сәлемдеседі

Атаның батасын тыңдайды.



Рефлексивті-түзетушілік

Сұрақ – жауап арқылы оқу әрекетін қорытындылау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Қазақ халқының бата тілек сөздерітуралы толығырақ мәлімет алды.
Қандай түсініктерді игерді: Дүниетанымдары жетілді, қазақ халқының бата тілектерін игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға толық жауап бере біледі.

«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс - әрекетіне арналған технологиялық картасы
Тақырыбы:«Санамақ. жаңылтпаш, жұмбақ»

Мақсаты:Ойлауды қажет ететін сөз ойындарына жататын жаңылтпаштарды айтқызу арқылы тілін, есіне сақтау қабілетін арттыру.

Білімділік міндеті:Санамақ. жаңылтпаш, жұмбақтуралы алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық міндеті: Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік міндеті:Салт – дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды бағалауға тәрбиелеу.

Қостілділік компонент:

Будто белый сокол, она


На перчатке ловчей была.
Несомненной красотой,
Словно утренний снег бела.

Так воспевается красота девушки в поэме «Камбар и Назым»



Сөздік жұмыс: халық ауыз әдебиеті

Көрнекіліктер: тақырыптықсуреттер, оқу құралы.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Көңілді шеңбер №15

Көркем сөз:

Здесь обычай древний

не нарушат.

В деревянный ставень постучи -

чай заварят,

валенки просушат,

теплых щей достанут из печи.


Шеңбер құрады.

Қайталайды.




Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші балаларға тақырыпты түсіндіреді.

Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін тыңдадыңдар?



Жаңылтпаш:

Асан бақша жақтан,

Ақ сабақ асқабақ әкелді.

Басқа жақтан,

Басқарақ асқабақ әкелді.

Ала – ала алашалар.



Мақал – мәтел:

Ел-елдің бәрі жаксы,


Өз елің бәрінен жаксы.

Іргесі берік елді


Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.

Жұмбақ:

Ақыл – ойдың шырағы,

Зәулім көктей шынары.

Биігінен бойлаған,

Қанбайды адам құмары.
Білімнің дәні тереді,

Балаға тәлім береді.



  • Балалар, халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?

  • Бұрынғы кезде біздің аталарымыз өмір

сүрген кезде қағаз, қалам дегендер болмаған. Сол кезде өлең, ертегі ні ауызша айтып, оны бір-бірінен естілуі бойынша жаттап алып отырған. Жазу, сызу болмаған. Өлең, мақал-мәтел, жаңылтпаш ертегі, әңгімелердің белгілі бір авторы, яғни, оларды жазған адамдар болмаған. Ауызша айтылып отырғаннан оларды кім шығарғаны белгісіз болған. Сондықтан бұрынғы кезде пайда болған өлең, тақпақтарды ауыз әдебиеті үлгілері дейміз. Ауыздан ауызға тарағандықтан ауыз әдебиеті деп аталған.

Ал қазіргі кезде сендер жаттап жүрген тақпақтарды белгілі бір ақын, жазушылар жазады.



Сергіту сәті №13

Көбелікке ұқсап ап,

Ұшайықшы бәріміз.

Оңға қарап бір ұшып,

Солға қарап бір ұшып,

Айналайық жер шарын,

1-2-3 көбелекке ұш.

Ұлттық ойын: «Оқтау тарту»

Екі бала ортаға оқтауды ұстап екі жаққа тартады. Кім бірінші тартып алса сол бала жеңіске жетеді.



Ұлттық ойын: «Қыз қуу»

Ортада қыз бала қолына ормал ұстап тұрады. Екі ұл бала екі жағынан келіп тұрады. 1,2,3 деп санағанда ұлдар айналып, жүгіріп келеді. Қай бала бірінші келіп қыз баланың қолындағы орамалды алса сол бала қыздың бетінен сүйеді.


Балалардың жауабы.


Балалар мұқият тыңдайды.


Ойынды әрі қарай жалғастырады.


Қимылмен көрсете отырып қайталайды.


Ойындарды қызығушылықпен ойнайды.



Рефлексивті-түзетушілік

Сұрақ – жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.

Оқу іс-әрекетіне белсене қатысқан балаларға мақтау айтып, қорытынды жасайды.



Балалар сұрақтарға жауап береді.
Қорытынды жасайды.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Санамақ. жаңылтпаш, жұмбақтуралы көп мәліметтер алды.
Қандай түсініктерді игерді: Халық ауыз әдебиеті деген сөздің мағынасын игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сөздік қорлары молайып, сұрақтарға толық жауап бере алады.

«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс - әрекетіне арналған технологиялық картасы

24.09.2015ж.
Тақырыбы: Тыйым сөздер, ұйқастар.

Мақсаты: Жас ұрпақтың санасына, жүрегіне туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату.

Білімділік міндеті: Тыйым сөздердің ізгілігін түсінуге үйрету.

Дамытушылық міндеті: Тыйым сөздер арқылы тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту.

Тәрбиелік міндеті: Ұлттың өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет