«Ұлттық дәстүр асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы


«Ұлттық дәстүр-асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы



бет8/9
Дата12.03.2018
өлшемі1,5 Mb.
#38558
1   2   3   4   5   6   7   8   9

«Ұлттық дәстүр-асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы

17.09.2015ж.
Тақырыбы: «Өмір көркі сыйластық»

Мақсаты: Балаларға өмір көркі сыйластық мағынасын ұғындыра отырып, көлікте, көшеде, кіші пейіл болуға баулу.

Білімділік міндеті: Сыйластық, кішіпейілділік, құрметтеу сияқты қасиеттер туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық міндеті: Қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Адамдарға сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Түзетушілік міндеті: Тілдің грамматикалық құрылыс дағдыларын жетілдіру.

Қостілділік компонент:

Если уважать себя прывычка,

Не дала корней в твоей душе,

То и уважать других обычно,

Плохо получается уже.

Сөздік жұмыс: Сыпайылықты үйде көрме, түзде көр.

Көрнекіліктер: Суреттер

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбер №2

Көркем сөз:

Если уважать себя прывычка,

Не дала корней в твоей душе,

То и уважать других обычно,

Плохо получается уже.


Балалар бір-біріне сыйластық сезімдерін көрсетіп, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

  • Балалар, бүгін біз сендермен сыйластық, сыпайылық, кішіпейіл болу, құрметтеу сияқты қасиеттер жайында әңгімелесеміз.

Әңгімелесу:

  • Үлкендерді сыйлау, құрметтеу, көмектесу біздің адамдық парызымыз. Сыйластық адамдықтың ең алғашқы белгісі. Сыйластық бар жерде ынтымақ, бірлік бар. Адамдарды сыйласаң адамдар да саған солай жауап қайтарады. Егер адамдарды сыйламайтын болсаң сені де ешкім сыйламайтын болады. Сондықтан балалар таниты, танымайтын, үлкен, кіші болсада әрқашан сыйлауға тырысыңдар.

  • Балалар сендер үлкендерді сыйлайсыңдарма?

  • Сыйлау жақсы қасиетпе немесе сыйламаған дұрыс па?

  • Адамдарды сыйламайтын бала қандай бала?

  • Біз әдепсәз бала боламызба?

Ал енді балалар мақалды жаттап көрейік:

Сыпайыны үйде көрме, түзде көр.



Сергіту сәті:

Үлкендерді сыйлайды,

Кіші қамын ойлайды,

Сүймейді жат әдетті.

Қандай бала? - әдепті.

Әдепті адам әдемі.



Дид.ойын: «Мен үлкенді сыйлаймын!»

Мақсаты: Балалардың бойында сыйластық қасиетіне сай қылықтарды дамыту.

Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.

Балалар қайталап, жаттайды.

Иә сыйлаймыз.


Сыйлау деген жақсы қасиет.
Әдепсіз,жаман бала.

Жоқ болмаймыз.


Мақалды жаттайды.

Сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.

Балалар үлкен қызығушылықпен ынталанып ойнайды.


Рефлексивті-түзетушілік

  • Балалар сендер үлкендерді сыйлайсыңдар ма?

  • Сыйлау жақсы қасиетпе немесе сыйламаған дұрыс па?

  • Адамдарды сыйламайтын бала қандай бала?

  • Біз әдепсәз бала боламызба?

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларға мадақтаулар айтамын.

Сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасайды.



Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Сыйластық, сыпайлық, әдептілік сияқты сезімдрерді біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Сыйлай білу адамдықтың ең алғашқы қасиеті екенін түсінеді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Мақал- мәтелдерді жатқа айта алады.

Тәрбиеші:Абдыкаримова Э.А.



«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс - әрекетіне арналған технологиялық картасы

10.12.2015ж.
Тақырыбы: «Туған жердің егемендігі»

Мақсаты: Қазақстанның тәуелсіз ел екенін түсіндіру. Жас ұрпақтың санасына, жүрегіне туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату.

Білімділік міндеті: Рәміздермен таныстырумен бірге әнұранды тыңдатыпі мазмұнын түсіндіру.

Дамытушылық міндеті: Тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту.

Тәрбиелік міндеті: Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Түзетушілік міндеті: Тілдің грамматикалық құрылыс дағдыларын жетілдіру.

Қостілділік компонент:

Поздравляю, что живешь

В независимой стране.

Этот праздник тем хорош,

Что свободу дал тебе.

Волен думать, выбирать,

Если в здравом ты уме,

За кого голосовать,

Чтоб в счастливой жить стране.

Сөздік жұмыс: Рәміздер, тәуелсіздік

Көрнекіліктер:Мазмұнды суреттер.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері №2

Көркем сөз:

Поздравляю, что живешь

В независимой стране.

Этот праздник тем хорош,

Что свободу дал тебе.

Волен думать, выбирать,

Если в здравом ты уме,

За кого голосовать,

Чтоб в счастливой жить стране.


Шеңбер құрады

Көркем сөзді қайталайды




Ұйымдастыру- іздестіру




  • Балалар, Біз қай елде тұрамыз?

  • Қазақстан қандай республика?

  • Еліміздің астанасы қай қала?

  • Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

  • Бүгінгі сабақты еліміздің әнұранынан бастайық.

Әнұранды айтқызады.

  • ҚР-ның мемлекеттік Рәміздері мыналар:

  • Ту, Елтаңба, Әнұран

  • Есте сақтап, жаттап алыңдар.

Тәрбиеші қысқаша рәміздер туралы түсіндіріп өтеді.

Мақал-мәтел жаттайық.

«Отан от басынан басталады.»

«Жері байдың –елі бай»

«Туған жердің жуасы да тәтті»



Д.ойын: «Кім дұрыс жауап береді?»

Тәрбиешінің қойған сұрағына дұрыс әрі тез жауап беруі керек.


Сергіту сәті: Дөңгелене тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Киіз үйді құрайық.



Қимылды ойын:«Өз үйіңді тап». Ойын музыкамен ойналады. Үш түрлі түсті шеңбер қойылады. Музыка тоқтағанда алдын-ала айтылған үйлеріне кірулері керек.

Тақпақ жаттайық:

Отан менің ата-анам,

Отан досым, бауырым.

Отан өлкем, астанам,

Отан туған ауылым.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Беті қолды жуайық,

Бойымызды жазайық,

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызды табайық.



Балалардың жауабы

  • Қазақстанда

  • Егеменді республика

  • Астана қаласы




  1. бала:

Ашық аспандай көгілдір туымыз бар.

  1. бала:

Айбынды еліміз бар, онда жалауда, елтаңбада, ортасында шаңырақ, жоғарғы жағында күн, астында қыран бүркіт.
Балалар «Елтаңбасы елімнің» әнін айтады

.


Рефлксивті-түзетушілік

  • Балалар, бүгінгі оқу әрекетіндк не туралы айттық?

  • Қазақстан қандай республика?

  • Еліміздің астанасы қай қала?

Балаларды мақтап сабақты аяқтайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді



Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Өздері тұратын Республика туралы
Қандай түсініктерді игереді: Қазақстан тәуелсіз ел дегенді түсінді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға толық және дұрыс жауап беруді меңгерді.

«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс - әрекетіне арналған технологиялық картасы

04.12.2013ж.

Тақырыбы: «Қазақ билерінің өсиеті»

Мақсаты: Балаларға Қазыбек бидің өсиет сөздерін түсіндіру. Қазыбек би бабамыздың суретімен таныстыру.

Білімділік міндеті: Ағайынмен, жолдаспен тату болуды үйрету. Жас ұрпақтың санасына, жүрегіне туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату.

Дамытушылық міндеті: Тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту.

Тәрбиелік міндеті: Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Түзетушілік міндеті: Тілдің грамматикалық құрылыс дағдыларын жетілдіру.

Қостілділік компонент:

Что пожелать моим детям?

Шагайте в ногу со своим столетьем.

Пусть все дела вам будут по плечу.

Откройте хоть по одному колодцу,

Взрастите яблонь плодоносный ряд.

Пусть люди Вас за все благодарят.

Сөздік жұмыс: Рәміздер, тәуелсіздік

Көрнекіліктер: Мазмұнды суреттер, Қазыбек бидің портреті, бейне слайдтар.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері №3

Көркем сөз:

Что пожелать моим детям?

Шагайте в ногу со своим столетьем.

Пусть все дела вам будут по плечу.

Откройте хоть по одному колодцу,

Взрастите яблонь плодоносный ряд.

Пусть люди Вас за все благодарят.


Шаттық шеңберін құрады

Қайталайды



Ұйымдастыру- іздестіру

Жеті қазынаға не кіретінін қайталау.

  • Дұрыс, балалар, естеріңе сақтапсындар.

  • Балалар, қазақтың Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би деген дана билері болған. Қазыбек би бабамыз біздің өңірден болған.

  • Бүгін біз «Қазыбек бидің толғауларымен»танысамыз .

  • Балалар, әдепке, білімге, өнерге ұмтылғанда кімдерден өнеге аласыңдар?

  • «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген халық мақалы бар.

  • Барлық кезде біз жақсылардан өнеге аламыз.

  • Бабаларымыздың өмірі ұрпаққа өнеге.

Қазыбек бидің кім болғанын түсіндіру.

  • Анасы айтқан есті сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол, ер жете келе өзі де солай сөйлеуге машықтана бастайды. Осы өнерінің арқасында бала биден , дана биге айналады, қара қылды қақ жарған «Қаз дауысты Қазыбек би» алты алаштың ардақтысы деген атаққа ие болады. Қазыбек би толғауын мәнерлеп оқып оның мағынасын түсіндіру және жатқа үйрету.

Ұят пен ар қымбат.

Тату болса ағайын жақын.

Ақылшы болса апайың жақын.

Қимас жақын қарындасың,

Сыбайлас болса нағашың жақын.

Адал болсаң, досын жақын

Еркелейтін немерең жақын

Өз ұрпағың шөберең жақын


Алтын ұяң – Отан қымбат.

Құт береке тақтан қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат.

Мейірімді анаң қымбат

Асқар тауың әкең қымбат

Туып өскен елің қымбат

Кіндік кескен елің қымбат

Ұят пен арың қымбат.



Сергіту сәті:

Дөңгелене тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Киіз үйді құрайық.


Балалардың жауабы

  1. Сұлу әйел

  2. Жүйрік ат

  3. Ер жігіт

  4. Қыран бүркіт

  5. Берек мылтық

  6. Ит (тазы)

  7. Ақыл, білім

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Сергіту жасайды.





Рефлксивті-түзетушілік

  • Балалар, бүгін біз не туралы әңгімелестік?

  • Балалар, би деп кімдерді айтамыз?

Оқу әрекетін қорытындылап, балаларды мақтап оқу әрекетін аяқтау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Өздері тұратын Республика туралы
Қандай түсініктерді игерді: Қазақстан тәуелсіз ел дегенді түсінді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға толық және дұрыс жауап беруді меңгерді.

Тәрбиеші: Жумабаева Б.К.

Тексерген: _________________


«Ұлттық дәстүр – асыл мұра» вариативтік компоненті бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

25.12.2014ж.08.01.2014ж.

Тақырыбы: «Менің шеберханамда» (құрақ құрау, киіз басу, алаша тоқу)

Мақсаты: Балаларды қазақтың мол қолөнері үлгілерімен таныстыра отырып, қазақтың ұста, шеберлері, олардың жасап жатқан еңбегі жайында түсінік беру.

Білімділік міндеті: Әрбір халықтың өзіне тән ұлттық еңбек түрлері болады, соның ішінде қолөнері түрлері туралы алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық міндеті: Балаларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Атадан қалған мұраны құрметтеуге тәрбиелеу.

Түзетушілік міндеті: Сөздерді анық айтқызып, қайталату.

Қостілділік компонент:

Бывают руки непростые,

На вид, как все, обычные.

Их называют золотые,

Они к труду привычные.

В них дело спорится умело –

Всё могут сделать6 воссоздать.

Сдушой берутся, ловко, смело.

Таким не свойственно скучать.

Сөздік жұмыс: Өнерсізден құт қашар.

Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер, ТСО, зергерлік бұйымдар, қазақтың қолөнері туралы

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Көңілді шеңбер №5

Көркем сөз:

Бывают руки непростые,

На вид, как все, обычные.

Их называют золотые,

Они к труду привычные.

В них дело спорится умело –

Всё могут сделать6 воссоздать.

Сдушой берутся, ловко, смело.

Таким не свойственно скучать.


Шеңберге тұрады.

Балалар қайталайды.



Ұйымдастыру-іздестіру

Сұрақ-жауап.

  • Балалар, шебер деген кім?

  • Сендерге шебер, ұсталардың еңбектері ұнайды ма?

  • Сендер алдыңғы оқу іс әрекеттерінде бұл кісілердің суреттерімен, олардың еңбегімен танысқан болатынсыңдар және күнделікті әртүрлі шеберханаларда да жұмыс істеп жүрміз. Ал қазір өзіміз жұмыс істеп жатқан шеберханаларымызға барайық, еңбегімізді жалғастырайық

«Алаша тоқу» шеберханасы,

«Құрақ құрау» шеберханасы,

«Киіз басу» шеберханасы.

Шеберханаларда шеберлердің көмегімен жұмыстарына кіріседі. Әр шеберханада қызу жұмыс басталады.



  • Балалар, сендер өздерің жұмыс істеп жатқан шеберханалар жайында не айта аласыңдар?

  • Мүмкін қолөнер туралы тақпақ, мақал-мәтел айтарсыңдар.

  • Әрі кішкене демалып алайық.



  • Жарайсыңдар. Бүгінгі бізге келген қонақтар сендердің жұмыстарыңа риза болған шығар деп ойлаймын.

Балалар теледидар көреді.

Балалардың жауабы.

Балалар өздері жұмыс істейтін шеберханаларына барады.


Балалар шеберхана, қазақ ұлтының қолөнері жайында білетін тақпақ, мақал-мәтелдерін айтып береді.
Ақ жаулықты әжемді

Ай-нұрына теңедім.

Әр ісінен үлгі алып

Еркін өсіп келемін.


Үлгісі көптің өрнегі көп,

Өрнегі көптің ермегі көп.

(Халық мәтелі)

Өнерсізден құт қашар.

(Махмұд Қашқари)

Ойсыздан оюшы шықпайды.

(Халық мәтелі)

Оюды оя алмаған ойланбаған.

(Халық мәтелі)

Шеберлікке мін жоқ.

(Халық мәтелі)

Қол өнері – кілемде,

Сөз өнері – өлеңде.

(Халық мәтелі)

Асыл қайшы пішуге сән,

Күміс қасық ішуге сән.

(Халық мәтелі)

Ою ойғанның ойы ұшқыр.

(Халық мәтелі)

Шебердің саусағы алтын.

Рефлексивті-түзетушілік

  • Міне, балалар, біздің бүгінгі жұмыс уақытымыз да аяқталып қалды. Қонақтармен қоштасып, тобымызға қайтайық.

Қорытынды жасайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет